Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01550 Биология в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

  • Мамандыққа кіріспе

    Пәннің мақсаты: Білім алушыларға биологияның ғылым ретінде дамыудың негізгі кезеңдерін, салалары мен құрылымдары, зерттеу әдістері және болашақ биолог мұғалімдерінің кәсіби бейнесі бойынша тұтас түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Маман ретінде қажеттілігі, бағдарлауы, биологияның ғылым ретінде дамыудың негізгі кезеңдерін, салалары мен құрылымдары. Биолог-маман моделін зерттеу әдістері, профессиограмма, психограмма, биологтың кәсіби қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қасиеттер. Тұлғаның кәсіби қалыптасу кезеңдері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Академиялық жазу негіздері

    Пәннің мақсаты: Таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, кәсіби оқылымды, академиялық жазу мен ауызша таныстыру дағдыларын меңгерту. Мазмұны: Академиялық оқылым мен жазылым дағдылары, ғылыми-кәсіби мәтіндердің тілі мен құрылымы. Конспектілеу, рефераттар пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу. Студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен арттыру. Ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру. Өз бетінше жұмыс істеу дағдылары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Құрылымдық ботаника

    Пәннің мақсаты: Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алуантүрлілігі, морфологиялық және анатомиялық құрылымының қалыптасуы мен ерекшеліктері, эволюциясы туралы түсініктер қалыптастыру. Мазмұны: Пәннің даму тарихы, зерттеу әдістері, бөлімдері. Өсімдіктер жасущасы мен ұлпаларының құрылымдык ерекшеліктері. Тұкым және өскін; Тамыр және тамыр жүйелері; Жапырақ және сабақ; Өсімдік мүшелерінің метаморфозы; Өсімдіктердің репродуктивтік биологиясының морфологиялық негіздері. Гүлдің морфологиялық алуантүрлілігі. Жемістің сипаттамасы, классификациялаудың принциптері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясы

    Пәннің мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің морфологиясы мен анатомиялық құрылысы,ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Өсімдік жасушасы мен ұлпаларының құрылым, классификациясы;өсімдік мүшелерінің морфологиялық белгілері мен анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктері. Өсімдіктердің маусымдық және жастық өзгерістері, көбеюі мен дамуы , ұрық, өскін, гүлді өсімдіктердің онтогенезі мен эволюциялық бағыттары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер систематикасы

    Пәннің мақсаты : Өсімдіктер дүниесінің биоалуантүрлілігі, систематикалық топтары, жүйесі, тіршілік формалары, экологиялық топтары. эволюциясы туралы түсініктер қалыптастыру. Мазмұны: Өсімдіктер жүйесі. Өсімдіктерді классификациялаудың теориялық және практикалық маңызы. Таксондар. Прокариоттар. Эукариоттар. Бактериялар. Вирустар. Балдырлар бөлімі. Саңырауқұлақтар бөлімі. Төменгі және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар. Қыналар , Кілегейлілер, Мүктәрізділер, Риниофиттер, Плаунтәрізділер, Қырықбуынтәрізділер, Папоротниктәрізділер бөлмдері. Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі. Қылқанжапырақтылар класы. Жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер бөлімі. Өсімдіктердің тіршілік формалары, экологиялық топтары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Зоогеография

    Пәннің мақсаты: Зоогеография саласындағы қазіргі ғылыми көзқарастар; фауналардың ареалдары мен қалыптасу механизмдері; құрлық пен мұхитты фауналық аудандастыру принциптері туралы білімдерді қалыптастыру. Мазмұны: Жануарлар әлемінің зоогеографиясы туралы ұғымдар. Ареал туралы түсінік. Түрлердің шығуы мен таралу орталықтары. Зооэндемизм. Табиғи құбылыстардың әсерінен фауналардың қалыптасу заңдылықтары, антпогендік факторлар. Жануарлар дүниесінің маусымдық миграциялық ареалдарының өзгеруінің себептері мен ерекшеліктерін талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Өсімдіктер географиясы

    Пәннің мақсаты: Өсімдіктердің таралу заңдылықтарын,ареалы, қауымдастығының құрылымы, алуантүрлілігі, жіктелуі туралы білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Өсімдіктер географиясы ғылымының қалыптасуы, зерттеу әдістері. Флора. Флора аумағының шекаралары, геоморфологиялық құрылымы. Фитоценоздар, фитоценоздардың жер бетінде орналасуы. Интрааймақтық өсімдіктер.Ареал. Тұтас ареал және дизьюнктивтік (бөлшектенген) ареал. Реликт және эндемиктер. Флористикалық аймақтар:Голарктикалық, палеоарктикалық, арктикалық, Тропикалық, Субтропикалық, Саванналар, Австралиялық, Каптық . Өсімдіктердің экологиялық ортасы мен тіршілік формалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Омыртқасыздар зоологиясы

    Пәннің мақсаты: Жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу. Мазмұны: Жануарлар әлемінің даму тарихы. Көп клеткалыларға жалпы сипаттама. Кірпікшелілер немесе инфузориялар типінің морфологиясы мен физиологиясы. Жалпақ құрттар типінің морфологиясы мен физиологиясы. Жұмыр құрттар немесе алғашқы қуысты құрттар типі жалпы сипаттама. Буылтық құрттар типінің морфологиясы мен физиологиясы. Сүліктер класы. Моллюскалар типі. Буынаяқтылар типі. Хелицералылартип тармағы. Насекомдар класы. Тікентерілер типі жалпы сипаттама.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Мақсаты: қаржылық әл-ауқатқа жету үшін маңызды болып табылатын жеке және отбасылық қаржылық ресурстарды зерттеу Мазмұны: Қаржылық жоспарлау және тұтынушылардың қауіпсіздігі. Ақшаны тиімді жұмсаудың және үнемдеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Жеке қаржылық ресурстарды қорғау және инвестициялау. Жеке қаржының рөлі мен маңызы, оның қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізудегі мүмкіндіктері. Көптеген күмәнді қаржылық ақпаратты сүзгілеу. Жауапкершілікті өз бетінше басқаруға ынталандыру және тұтынушының оңтайлы қаржылық мүмкіндіктері. Кәсіби мансап құру кезінде сауатты қаржылық шешімдер қабылдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Педагогика және киберпедагогика

    Пәннің мақсаты: Болашақ мұғалімдерді қазіргі педагогика ғылымының теориялық және әдістемелік негіздерімен, педагогикалық процесті ұйымдастыру технологиясы бойынша кәсіби құзіреттіліктермен қаруландыру, киберпедагогиканың заңдылықтары мен ғылыми принциптеріне сүйене отырып, студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде білім беру процесін жобалау мен құруға дайындығын қалыптастыру. Мазмұны: Педагогика ғылымының генезисі, біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері. Тәрбие және дидактика теориясының негіздері, қазіргі мектепті басқару мәселелері, киберпедагогиканың ғылыми принциптері мен заңдылықтары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқу үдерісін басқарудың әдіснамасы мен технологиясы, қашықтықтан

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Пәннің мақсаты: Болашақ мұғалімдерге балалар мен жасөспірімдер денесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы заманауи мәліметтер беру, оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың, олардың әртүрлі оқу іс-әрекеттерінде жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтаудың негізінде жатқан заңдылықтар туралы біліммен қаруландыру. Мазмұны: Ағзаның өсуі мен дамуы; жүйке жүйесінің дамуы;жоғары жүйке қызметінің қалыптасуы және баланың даму процесінде оның қалыптасуы; сенсорлық ; эндокриндік; тірек-қимыл аппараты; тыныс алу; ас қорыту; қан және жүрек-тамыр жүйесі. Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау, салауатты өмір салты ережелеріне қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби бағытталған шет тілі

    Пәннің мақсаты: Білім алушылардың мамандыққа қатысты мәтіндерді ағылшын тілінде оқып, аударып, кәсіптік тақырыпта қарым-қатынас орнату, ағылшын тіліндегі сөйлеудің ауызша және жазбаша түріндегі тілдік материалдарды түсіну және пайдалану. Мазмұны: Биологияны меңгеруде шет тілінің орны. Тірі ағзалардың сипаттамалары мен деңгейлері. Бактерияның құрылысы. Қарапайымдылардың тіршілік ету ерекшеліктері. Жануарлардың құрылысы мен алуантүрлілігі. Өсімдіктер әлемі. Қоршаған орта мен тірі ағзалар байланысы. Тіршіліктің эволюциялық дамуы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Зоосистематика

    Пәннің мақсаты: Жануарлар әлемінің таксондық қатарын оқып, талдау жасап таныстыру мәселелерін қалыптастыру. Жануарлар әлемінің жүйеленуін меңгерту (түр, туыс, тұқымдас, тип, әлем) ұғымдары туралы, фаунаның қазіргі кездегі систематикасын үйрету. Мазмұны: Жануарлар әлемінің систематикасын талдау. Көп клеткалылар (Metazoa). Кірпікшелілер немесе инфузориялар типі - Сiliophora. Жалпақ құрттар типі — Plаthelminthes. Жұмыр құрттар немесе алғашқы қуысты құрттар типі – Nemathelminthes немесе ashelminthes. Буылтық құрттар типі - Annelida. Сүліктер класы - Hirudinea. Моллюскалар типі - Mollusca. Буынаяқтылар типі – Arthropoda. Хелицералылар– Chelicerata. Насекомдар класы - Insесtа. Тікентерілер типі – Echinodermata.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мұхтартану

    Пәннің мақсаты: М.Әуезовтің әдеби-тарихи шығармашылығы туралы әдебиет тарихымен патриоттық және мәдени-рухани ұстаным негізінде түсінік қалыптастыру. Шығармашылық ойлауын, өзіндік зерттеу дағдысын дамыту. Мазмұны: М.Әуезовтің Семей, Ташкент, Санкт-Петербург кезеңіндегі өмірі мен шығармашылық жолы. «Шолпан», «Абай» журналдарындағы М.Әуезовтің қызметі. М. Әуезовтің публицистикасы. «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Оқыған азамат», «Көксерек» әңгімелеріне, «Еңлік-Кебек» пьесасына, «Қилы заман», «Қараш-қараш» оқиғасы» повестеріне, «Абай Құнанбаев» монографиясына, «Абай жолы» роман-эпопеясына шолу жасау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Пәннің мақсаты: Мектептегі тәрбие жұмысын жобалау, құрастыру және ұйымдастыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: Мектеп пен сыныптың тәрбие процесінің, тәрбие жұмысының, тәрбие жүйелерінің мәні мен ерекшеліктері, сынып жетекшісі жұмысының мазмұны, қызметі, мектептегі және сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау, сынып ұжымын және оқушылармен жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру, педагогикалық көмек көрсету дағдылары, қиын және дарынды балалармен жұмыс істеу дағдылары, оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтастықта жұмыс жасау әдістері, оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының мәселелері. Тәрбие жұмысының тиімділігін диагностикалау әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, тұлғаның берік адамгершілік негіздерін, азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Құқықтық нигилизмді еңсеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында білім алушылардың құқықтық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа саналы көзқарасты қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан, сыбайлас жемқорлық моралінен, этикасынан адамгершілік тұрғыдан бас тарту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды игеру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау, заңдылық, заңға құрмет идеяларын тарату. Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын түсінуге, оның көріністерінен әлеуметтік шығындарды сезінуге, өз ұстанымын дәлелді қорғай білуге, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін еңсеру жолдарын іздеуге бағытталған қызмет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ЖИ қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Абайтану

    Пәннің мақсаты: А.Құнанбайұлы арқылы «Қазақтану» жобасындағы «ұлтық кодты» сақтау мен дәріптеу. Мазмұны: ХІХ-ХХғ. Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне тарихи шолу жасау. Абайтану саласының дамуындағы ХХ-ХХІ ғасырдың абайтанушылардың еңбектері. Абайдың шығармашылығының хронологиясы. Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, этнограф, қазақ жазба әдебитінің негізін салушы. Абай - «Қарамола Ережесі» заңдар жинағының құрастырушысы, қоғамдық маңыздылығы. Абай - ойшыл, дінтанушы, философ. Абай білім және ғылым саласындағы рөлі, «Толық адамды» қалыптастыру идеясы. Абайдың аудармалары, поэмалары, «Қара сөздері», «Абай жолы» роман-эпопея. Қ.Тоқаев «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» маңыздылығы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жасанды интеллект негіздері

    Білім беру бағдарламасының мақсаты – AI-Sana бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып, жасанды интеллект құралдары мен әдістерін практикалық қолдану және білімді пайдалану саласында құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мазмұны: Жасанды интеллектке (AI) кіріспе. Практикалық дағдылар мен дағдыларды дамыту: AI құралдарын қолдану; үлкен тілдік модельдермен (LLM) жұмыс істеу; кодсыз жасанды интеллект платформаларын пайдалану; генеративті жасанды интеллект құралдары; кескінді тану; табиғи тілді өңдеу (NLP); AI көмегімен деректерді визуализациялау. Әртүрлі салаларда AI қолдану туралы түсінікке ие болу; AI-sana бағдарламасының тәсілдерін интеграциялау арқылы AI әлеуетін ашу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Омыртқалылар зоологиясы

    Пәннің мақсаты: Жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, ортаға бейімделушіліктерін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және оның табиғаттағы қорын қалыптастыру. Мазмұны: Хордалылар типі. Типтің жалпы сипаттамасы. Личинка хордалылыар немесе қабықшалылар тип тармағы. Омыртқалылар немесе басқаңқалылар Дөңгелек ауыздылар класы, жалпы сипаттама. Жақауыздылар. Балықтар. Шеміршекті балықтар класы, жалпы сипаттама . Сүйекті балықтар классы, жалпы сипаттама. Систематикасы. Қосмекендiлер класы, жалпы сипаттама. Систематикасы. Бауырымен жорғалаушылар класы, жалпы сипаттама. Систематикасы. Құстар класы. Құстарға жалпы сипаттама. Систематикасы. Сүтқоректiлер немесе аңдар класы, жалпы сипаттама. Систематикасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Биохимия

    Пәннің мақсаты: Білім алушыларда тірі организмдердің құрамына кіретін химиялық қосылыстар құрамы мен қасиеттері, метаболизмді реттеу механизмдері мен химия-биологиялық процестердің негізгі заңдылықтары туралы білім негізін қалыптастыру. Мазмұны: Пәнде тірі ағзалардағы химиялық құрам мен орын алатын биохимиялық процесстер қамтылып, ағза құрамын оның алмасу өнімдерін зерттеу, түрлі мүшелер мен ұлпалар функциясын, ағзалар тіршілігі негізінде жатқан химиялық үрдістер маңызын анықтау, ағзада энергияның босауы, жинақталуы және қолданылуы, соңғы ыдырау өнімдерінің түзілуі және бөлінуі, ағзаның ұрпақтық жандануы мен беріліс механизмдерін зерттеу қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Биология курсында ақпараттық технологияны қолдану әдістері

    Пәннің мақсаты: Биология курсында заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың әдістерін оқыта отырып шығармашылық ойлауын, өзіндік зерттеу дағдысын дамыту. Мазмұны: Биологияны оқытудың бағдарламалық-техникалық құралдары, Оқу ақпараты-биологияны оқытудың негізі, Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану принциптері, Оқыту құралдарының дидактикалық функциялары, Жалпы биологиялық білімді ақпараттандыру, Биологияны оқытудың ақпараттық ресурстары, Жүйедегі Ақпараттық технологияларды биологияны оқытуда қолдану. Оқыту іс-әрекетін Ақпараттық технологиялар құралдарымен жетілдіру, Мобильді оқу сыныбы, Сандық микроскоп, Телекоммуникациялық желілер мен серверлер, Сандық фото және бейне жабдықтар, Биологияны оқытуда Ақпараттық технологиялар құралдарын қолданудың ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жеке даму биологиясы

    Пәннің мақсаты: Курста ағзаларды жаңғырту, онтогенез арналған және филогенез, өмірлік циклдер, жеке даму кезеңдері мен процестері, биологиялық жастағы туралы білімді меңгеру. Мазмұны: Ұрық алдындағы даму гаметогенез. Сперматогенез, оогенезге жалпылама сипаттау. Бастапқы эмбриондық реттеу. Нейруляция. Гаструляция мен нейруляцияның биологиялық мағынасын ланцетниктің, амфибиялардың, сүйек балықтарының, құстардың, сүтқоректілердің, адамның ерте эмбриогенезін саралау. Бластула түрі, гаструляция кезеңі, гаструла түрі. Нейруляция Амфибиялардағы жұмыртқа жасушасының түрі, ұрықтандыру, ұсақтауды талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адам биологиясы

    Пәннің мақсаты: Адам ағзасының морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын білу және оның онтогенезі мен филогенетикалық өзгергіштігі туралы білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Адам биологиясын зерттеудің негізгі әдістері. Қозғалтқыш аппаратының пассивті бөлігі-қаңқа. Дененің белсенді қозғалтқыш аппараты-Миология. Ас қорыту жүйесінің жалпы құрылысы. Тыныс алу органдарының құрылысына жалпы сипаттама. Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылымы мен топографиясы. Жүйке құрылымы, оның маңызы. Орталық жүйке жүйесі. Үлкен жарты шарлар, олардың құрылымы. Ішкі секреция бездерінің жүйесі. Зәр шығару жүйесі. Сезім мүшелері-эстезиология.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адам анатомиясы

    Пәннің мақсаты: Макро- микроскопиялық анатомияның қазіргі заманауи жетістіктеріне, органдардың анатомиялық-топографиялық қатынастарына негізделген адамның құрылымы мен оның жүйелері туралы білімді қалыптастыру. Мазмұны: Анатомиялық зерттеу әдістері. Остеология және бұлшықеттер, сондай-ақ ішкі органдар туралы ілім-Спланхнология. Тыныс алу жүйесінің анатомиясы және топографиясы. Қан және қан тамырлары жүйесі туралы ілім. Жүректің құрылымы мен топографиясы. Орталық жүйке жүйесі, ми және оның бөлімдерінің құрылымы, топографиясы. Ішкі секреция бездері туралы ілім. Зәр шығару және сенсорлық жүйенің құрылымы мен топографиясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экожүйе және құқық

    Мақсаты: экономика, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және тіршілік қауіпсіздігі, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеу әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Мазмұны: адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара әрекеттесуінің негіздері, экожүйелер мен биосфераның өнімділігі. Ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы кәсіпкерлік қызмет, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экология және адам өмірінің қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттеу. Субъектілердің қазақстандық құқығын, міндеттері мен кепілдіктерін білу және сақтау, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу. Ғылыми зерттеу әдістерін қолдану. Жасанды интеллекттің құқықтық негіздері. Инклюзия-халықаралық заңнаманың стратегиясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биохимия

    Пәннің мақсаты: Білім алушыларда тірі организмдердің құрамына кіретін химиялық қосылыстар құрамы мен қасиеттері, метаболизмді реттеу механизмдері мен химия-биологиялық процестердің негізгі заңдылықтары туралы білім негізін қалыптастыру. Мазмұны: Пәнде тірі ағзалардағы химиялық құрам мен орын алатын биохимиялық процесстер қамтылып, ағза құрамын оның алмасу өнімдерін зерттеу, түрлі мүшелер мен ұлпалар функциясын, ағзалар тіршілігі негізінде жатқан химиялық үрдістер маңызын анықтау, ағзада энергияның босауы, жинақталуы және қолданылуы, соңғы ыдырау өнімдерінің түзілуі және бөлінуі, ағзаның ұрпақтық жандануы мен беріліс механизмдерін зерттеу қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Цитология және гистология

    Пәннің мақсаты: Жасуша және ұлпалардың құрылысы мен құрлымдары, түрлері, қызметі туралы түсініктерді қалыптастыру. Мазмұны: Клетканы зерттеудің қазіргі әдістері электронды микроскоптарды қарастыру. Жасуша органоидтарының құрылысы және қызметі жасушаның бөлінуін білу. Тері эпителийлері экзокринді бездерге сипаттама жасау. Қан ұлпалары. Эритропоэз, гранулопоэз, Борпылдақ дәнекер ұлпасы. Тығыз дәнекер ұлпасы. Шеміршек ұлпасы бұлшық ет құрылысы, гистогенезі қаңқа ұлпаларын түсіндіру. Нерв жүйесінің ұлпалары. Синапстардың құрылысы, орналасуы, қызметі, түрлеріне жалпы мағұлматтар беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы және жас ерекшелік психологияның негіздері

    Пәннің мақсаты: Адам психикасының дамуының жас ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі психикалық құбылыстар туралы білімдерді оқып-үйрену және меңгеру негізінде оқушылардың психологиялық ойлауын дамыту. Мазмұны: Психологияға кіріспе. Сана. Тұлға. Белсенділік. когнитивтік процестер. Ерік, эмоция, сезім психологиясы. Темперамент. Кейіпкер. Мүмкіндіктер. Онтогенездегі психиканың құрылымы, қызметтері, заңдылықтары, когнитивтік процестер, жағдайлар, факторлар, психиканың даму механизмдері. Даму психологиясының әдіснамалық негіздері, ұғымдары, категориялары, механизмдері, жасқа байланысты өзгерістердің сипаты. Адам психикасы дамуының әртүрлі жас кезеңдеріндегі тұлғаның жағымды дамуының ерекшеліктері, себептері мен факторлары, шарттары мен болашағы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Биология курсын иновациялық әдістермен оқыту

    Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты –мектеп биология пәнінде оқушылардың білім сапасын арттыруда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану жүйесін игерген болашақ мұғалімдерді дайындау. Мазмұны: Инновация ұғымына түсінік. Инновациялық әдістердің жіктелуі. Интербелсенді оқытудың негізі қағидалары мен мақсаттары, жіктелуі. Биология сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану. Дамыта оқыту технологиялары; деңгейлеп - саралап оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық оқыту, тірек сигналдар арқылы оқыту, проблемалы оқыту. Дамыта оқыту технологияларын биология пәнінде қолданудың маңызы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Биологияны оқыту әдістемесі мен бағалау

    Пәннің мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектептерде биологиялық пәндердің мазмұнын, әдістемелік білімін, біліктілік жүйесін және оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесін игерген болашақ мұғалімдерді дайындау. Мазмұны: Биологияны оқыту әдістемесінің дамуы ғылым мен технологиялардың жетістіктеріне байланысты әртүрлі әдістер мен материалдық базаны енгізуді қамтиды. Жасанды интеллект биологияны оқытуда оқу процесін дербестендіру, тәжірибелерді виртуалды түрде жүргізу, оқушылардың білімін бақылау және бағалауды автоматтандыру арқылы оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мектепте ғылыми -зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

    Пәннің мақсаты: Мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, зерттеу жүргізу әдістерін, алынған нәтижелерді талдап-қортындылау,мақала дайындау, баяндаманы көркемдеу жымыстарына машықтандыру. Мазмұны: Мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру пәні оқушының танымдық әрекетін бақылау мен басқару, жоспарлық өнім негізінде жұмыстың ғылыми шарттарын білу тәсілдері, жасау әдістері, құралдарының жиынтығы. Оқыту процесін тәжірибемен және жинақталған материалды өңдеу, тасымалдау және жинақтауға бейімдеу мен нәтиже жасауда ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Адам және жануарлар физиологиясы

    Пәннің мақсаты: Адам мен жануарлар ағзасының қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің жалпы заңдылықтары, мүшелердің физиологиялық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Биологиялық пәндер жүйесіндегі физиология пәні. Физиологияның зерттеу нысаны мен әдістері. Қозғыш жасушалардың түрлері, негізгі қызметі. Жолақты бұлшықет, бұлшықет құрылымы. Жүйке жүйесінің физиологиясы. Қан айналым және тыныс алу бөліп шығару, ас қорыту жүйелерінің физиологиясы. Эндокриндік жүйе. Гормонның негізгі қасиеттері. Сенсорлық жүйелердің физиологиясы. Жоғары жүйке қызметінің физиологиясы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инклюзивті білім беру

    Пәннің мақсаты: Инклюзивті білім берудің заманауи әлемдік және отандық теорияларымен таныстыру, инклюзивті білім беруді жобалау мен ұйымдастыруда болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: Инклюзивті білім берудің әлеуметтік мәні мен ерекшеліктері. Инклюзивті білім берудің заңдылықтары, принциптері мен моделдері. Жалпы білім беретін мектептрдегі инклюзивті білім беру қызметін реттейтін құқықтық құжаттар. Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың тәсілдері мен технологиялары. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті оқыту үшін психологиялық-педагогикалық қолдау және қолайлы жағдай жасау әдістері, инклюзивті білім беру ортасын құру мәселелері

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Генетика

    Пәннің мақсаты: Геннің құрылымын, тұқымқуалау-шылық пен өзгергіштік туралы заманауи әдістер жүйесіне негізделген білім мен түсініктер қалыптастыру. Мазмұны: Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің əдістері. Тұқым қуудың цитологиялық негізі, гаметогенез. Гендердің өзара əрекеттесуі. Жыныс генетикасы. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы. Өзгергіштік. Адам генетикасы. Медициналық генетика, адам қан топтарының тұқым қуалауы мен популяциялық генетика мəселелері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жас ерекшелік физологиясы және мектеп гигиенасы

    Пәннің мақсаты: Болашақ педагогикалық мамандарды өсіп, дамып келе жатқан ағзаның жас ерекшіліктері жөнінде заманауи мәліметтермен, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында біліммен қаруландыру. Мазмұны: Жас ерекшелік физологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің тарихы. Онтогенездік даму. Әрбір жас кезеңіне сипаттама. Жасты кезеңдеу. Өзгеру мезгілі,оның ерекшеліктері. Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы, маңызы, дамуы. Рефлекс нерв әрекетінің негізі. Шартты және шартсыз рефлекс. Анализаторлар (анализаторлардың ) маңызы, жалпы құрылысы. Анализаторлардың ортақ қасиеттері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Биологиялық эксперимент

    Пәннің мақсаты: Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері және мектепте оқушылармен биологиялық эксперимент, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру. Биологиялық зерттеу әдістеріне кіріспе. Ғылым ұғымы және ғылымдардың жіктелуі. Ғылым және ғылыми дүниетаным. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі түсініктері. Ғылыми - зерттеу жұмысының кезеңдері. Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдістемесі туралы түсініктер. Ғылыми зерттеудің философиялық және жалпы ғылыми әдістері. Эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу. Эксперименттік зерттеуді жоспарлаудың негізгі принциптері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Медициналық биология және генетика

    Пәннің мақсаты: Білім алушыларда ағзаның тіршілік әрекетінің медициналық-генетикалық, биологиялық негіздері туралы заманауи білімді қалыптастыру; Мазмұны: Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері, тұқым қуалайтын ақпаратты іске асыру принциптері мен механизмдері. Адамның қалыпты және патологиядағы жеке дамуының генетикалық және жасушалық негіздері. Генетикалық өзгергіштік, мутация, олардың тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуындағы рөлі. Тұқым қуалайтын ауруларды молекулалық-генетикалық талдаудың заманауи әдістері. Популяция генетикасының негіздері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физиология және өсімдіктер биохимиясы

    Пәннің мақсаты: Өсімдік ағзасындағы биохимиялық процесстер мен олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы білімдерді қалыптастыру. Мазмұны: Өсімдік ағзасының тіршілік процестерінің жүру заңдылықтары мен өсімдіктердегі зат алмасу механизмдері. Биологиялық заттардың негізгі кластарының құрылысы, қасиеттері мен өсімдік ағзасындағы жұмыс істеу механизмдері. Ақуыздардың құрылысы мен қызметі. Көмірсулардың құрылысы мен қызметі. Нуклейн қышқылдарының құрылысы мен қызметі. Липидтердің құрылысы мен қызметі. Биологиялық белсенді заттар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шағын жинақты мектепте жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты: Биолог білім беру бағдарламасында оқитын студенттердің білім мазмұнын жаратылыстану бағыты бойынша толықтыру. Мазмұны: Жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны. Зерттеу әдістері. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері. Бактериялар мен саңырауқұлақтар. Өсімдіктер патшалығы. Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі, оның пайда болуы және эволюциялық дамуы. Жануарлардың тіршілік ету ортасының сипаттамасы. Қазақстанның Қызыл кітабы. Флора мен фауна өкілдерін зерттеу әдістемесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биогеография

    Пәннің мақсаты: Қоршаған ортадағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуантүрлігін, түр, түр ерекшеліктері мен бірлестіктерінің құрлымы таралу заңдылықтарын туралы білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Биогеография тірі ағзалардың жер бетінде таралуын және олардың экологиялық жағдайларға бейімделуін зерттейді, ал оның екі негізгі саласы — организмдер географиясы және жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жалпы географиясы. Жасанды интеллект биогеографиялық деректерді өңдеу мен талдау процесін жылдамдатып, флора мен фауна таралуы туралы болжамдар жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ биогеографиялық аймақтардың құрылымын нақтылауға көмектеседі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Микробиология және вирусология

    Пәннің мақсаты: Микроорганизмдердің алуантүрлілігін, морфологиясын, физиологиясы және метаболизмінің ерекшеліктері, микроорганизмдердің қоршаған ортаны қорғау, медицина және биотехнология саласындағы практикалык рөлін айқындау. Мазмұны: Микробиолоғия дамуының қазіргі бағыттары, тендециялары. Қазақстанда дамуы. Микроорганизмдерді зерттеу әдістері. Қоректік орталар және олардың түрлері. Прокариоттардың морфологиялық алуантүрлілігі, дифференциялану типтері. Прокариоттардың ультра-құрылымы. Микроорганизмдер физиологиясы. Микроорганизмдерді бөліп алу, дақылдау әдістері. Прокариоттар классификациясы. Эукариотты микроорганизмдер морфологиясы. Микроорганизмдер метаболизмі. Тыныс алу процесі. Микроорганизмдер генетикасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жаратылыстану

    Пәннің мақсаты: жаратылыстану бағыты бойынша биологиялық білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің білім беру мазмұнын толықтыру. Мазмұны: жаратылыстану ғылымдары. Жаратылыстану ғылымдарының салалары. Басқа заттармен байланыс. Физика, Химия, Математика, Биология. Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігі. Әкімшілік-әкімшілік жүйе жағдайында экожүйелердің бұзылуы. Соңғы жылдары Қазақстан аумағында жоғалған өсімдіктер мен жануарлардың түрлері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы биология топырақтану негіздерімен

    Пәнніңм мақсаты: Қолданбалы биология мәселелерін, топырақ құнарлылығын арттыру жолдарын, ауылшаруашылық және сәндік өсімдіктерді өсіру технологиясын білу және оларды мектептің оқу- тәжірибе алаңында практикалық жұмыстарды ұйымдастыруда қолдана білуге дағдыландыру. Мазмұны: Пәннің биологиялық, химиялық және басқа ғылымдармен байланысы.Топырақтану ғылымының даму кезеңдері. Қазақстанның топырақ қоры, Топырақ құрылымының жалпы схемасы және оның морфологиялық белгілері. Жершаруашылығының негізгі заңдары. Ауылшаруашылығын химияландырудың ғылыми негіздері. Егістік дақылдар. Ауылшаруашылық дақылдарының классификациясы, жіктелуі. Оқу-тәжірибе үлескісін ұйымдастыру. Малшаруашылығы негіздері

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер физиологиясы

    Пәннің мақсаты: Өсімдік ағзасының тіршілік қызметінің негізгі заңдылықтарын білу және оларды ауылшаруашылық, мәдени өсімдіктердің өнімділігін басқаруда қолдануға үйрету. Мазмұны: Өсімдік құрылымдарының құрылысы мен қызметінің байланысы. Өсімдіктердің су режимі. Фотосинтез. Фотосинтездің жарық және қараңғылық кезеңі. Фотосинтетикалық фосфорлану. Кальвин циклы. Өсімдіктердің тыныс алуы. Анаэробты және аэробты кезеңдері. Гликолиз. Кребс циклы. Субстраттық фосфорлану. Өсімдіктердің минералдық қоректенуі. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы. Фитогормондар. Өсімдіктердің қозғалыстары. Өсімдіктердің төзімділігі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Микробиология биотехнология негіздерімен

    Мақсаты: микроорганизмдердің құрылымы, функциялары, экологиясы және олардың биотехнологиялық өнімдер мен процестерыту, қолдану мүмкіндіктері туралы терең білім беру. Микробиологияның негізгі принциптерін, микроорганизмдердің түрлерін (бактериялар, вирус, саңырауқұлақтар, протисталар) және олардың өмір сүру орталарындағы рөлі; Микроорганизмдердің метаболизм үрдістері мен генетикалық құрылымдары; Биотехнологияның анықтамасы, тарихы және даму бағыттары; Микробиология мен биотехнологияның өзара байланысы; Микроорганизмдер негізінде биотехнологиялық өнімдерді (антибиотиктер, ферменттер, вакциналар, биопластиктер) өндіру әдістері; Микробиологиялық процестерді (ферментация, биоконверсия, биоремедиация) қолдану; Ауыл шаруашылығында, медицинада, экологияда, тағам өндірісінде және өнеркәсіпте микробиология мен биотехнологияның ролі; Микробиологиялық зерттеулерде қолданылатын әдістер (культуралық, молекулярлық, биохимиялық) мен технологиялар;Деректерді талдау, эксперимент жүргізу және ғылыми зерттеулерді жоспарлау дағдылары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Педагогикалық зерттеулер

    Мақсаты әртүрлі дәлелді көздерден және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен теориялық білімді өндіру, іздеу және сыни тұрғыдан таңдау мүмкіндігін зерттеу Мазмұны. Педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздері. Әр түрлі сенімді көздерден теориялық білімді іздеу және сыни тұрғыдан таңдау, зерттеу нәтижелерін олардың педагогикалық ойлауы мен практикасын дамытуда қолдану дағдылары және зерттеуге негізделген оқыту мен білім беруді, сондай-ақ олардың үздіксіз дамуы мен кәсіби өсуін дамытуға дайын екендіктерін көрсетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арнайы пәндер практикумы

    Пәннің мақсаты: Студенттердің ғылыми-теориялық білімдерін қалыптастыру мен ЖОО-да “Биология” мамандығына арналған пәндерді оқыту әдістемесін меңгерту. Мазмұны: «Жоғары оқу орнында арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» курсының мақсаты, міндеттері. ХХ ғ.ғ. технологиялық және ақпараттық жетістіктер негізіндегі арнайы педагогиканың дамуы. Арнайы педагогиканың тәжірибесі мен теориясының қазіргі жағдайы. Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесіне кәсіби мамандарды даярлау. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың кәсіби және жеке сапалары. Арнайы педагогика мен арнайы психологияның философиялық негіздемесі. Арнайы пәндерді әдістемелік қамтамасыз ету. Арнайы пән бойынша оқу сабақтарының құрылымы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ҚР экологиялық мәселелері

    Пәннің мақсаты: ҚР экологиялық және табиғатты қорғау мәселелерін шешуге экологиялық тұрғыдан қорғау заңнамалары жайлы ұғымдарды қалыптастыру. Мазмұны: Қазақстандағы экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері. ҚР қазіргі кездегі климатының өзгеру мәселелері. Атмосфераны ластаушы заттар, Радиациялық жағдай. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен қорғау іс-шаралары. Табиғи ресурстар түрлерін тиімді қорғау шаралары. Қазақстанның демографиялық жағдайы және тұрақты даму концепциясы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Lesson Study

    Мақсаты: географияны оқытуда Lesson Study тәсілдерін пайдаланудың нәтижелілігін жоспарлау, іске асыру және талдау дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Lesson Study сыныбын зерттеуге арналған тәсілді іске асыру, осы тәсілдің кезеңдері: жоспарлау, зерттеу сабағын өткізу, оны талдау, Оқу процесінде алынған нәтижелерді ескере отырып қайта жоспарлау қарастырылады. "Зерттелетін" оқушылардың қолданылатын әдіске реакциясын, сондай-ақ оқыту әдістемесін одан әрі жетілдіру үшін алынған тәжірибені талдау мақсатында кезеңдердің сипаттамалары талқыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Биофизика

    Пәннің мақсаты: Тірі ағзалардағы биофизикалық процестердің объектілері мен ерекшеліктері,негізгі заңдары мен принциптері, биологиялық құбылыстарға биофизикалық көзқарастармен таныстыру. Мазмұны: Биожүйелердің механикалық қозғалысының кинематикалық сипаттамасы. Тірі организмдердегі энергияны сақтау және түрлендіру заңдары. Тербелмелі процестер. Акустиканың физикалық негіздері. Гемодинамика. Бұлшықеттің жиырылу теориясы. Жиырылғыш ақуыздардың сипаттамалары. Заттың мембрана арқылы тасымалдануы. Биоэлектрлік процестер. Электролиз заңдары. Оптикалық сәулелердің биологиялық әсері. Фоторецепция. Радиациялық биофизика. Экологиялық биофизика.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақстан биоресурстары

    Пәннің мақсаты: Білім алушыларды Қазақстанның биоресурстарын зерттеу, тиімді пайдалану, өсімдіктер мен жануарлардың алуантүрлілігін, зерттеу тарихының кезеңдері, шикізат алу әдістерін және қолдану жолдарымен таныстыру. Мазмұны: Биологиялық ресурстардың түсініктері. Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеу кезеңдері. Ресурстану зерттеу тәсілдері және шикізаттық өсімдіктерді игеру. Қазақстанның табиғи флорасындағы пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдалану және қорғау. Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және ресурстанулық ғылыми жұмыстарының болашағы. Қазақстанның негізгі су биоресурстары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Биологиялық экология

    Пәннің мақсаты: Биологиялық және әлеуметтік экожүйелердің тіршілік ету заңдылықтарын, мекен ету ортасын қорғау, әлемдік және жергілікті экологиялық мәселелер туралы білімді қалыптастыру. Мазмұны: Климаттық аймақтылық және экожүйелердің түрлері. Ағза, оның тіршілік ету жағдайлары. Шектеуші факторлардың ағзаларға әсері. Антропогендік факторлардың қоршаған ортаға әсері. Популяциялар, Қауымдастықтар биоэкологиясы. Экожүйелердің ұйымдасу заңдары. Экологиялық сукцессия. Экологиялық мониторинг. Биосфераның тұрақты дамуы. Өсімдіктер және жануарлар популяциясын сақтау жолдары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Биологиядағы зерттеулер, даму және инновациялар

    Курстың мақсаты: Студенттерге биологияның заманауи зерттеу әдістері мен инновациялық жетістіктері бойынша жан-жақты білім беру. Сонымен қатар, олардың бойына ғылыми ойлау, практикалық зерттеу дағдыларын сіңіру. Мазмұны: «Биологиядағы зерттеулер, даму және инновациялар» курсы биология ғылымдары саласындағы заманауи зерттеу әдістері мен инновацияларды зерттейді. Курс биотехнология, экология, генетика, цифрлық технологиялар және биоэтика мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Эволюциялық биология

    Пәннің мақсаты: Тірі организмдердің табиғи қоғамдастықтарын, жансыз табиғатпен және адаммен байланысын зерттейді. Мазмұны: Органикалық эволюция объективті процесс эволюцияны зерттеу әдістері. Тіршілік-материя қозғалысының ерекше формасы. Эволюциялық өзгеріс жер бетіндегі тіршіліктің қажетті шарты. Биохимиялық эволюцияның келесі кезеңдері. Эволюцияның дәлелдемелері және оны зерттеу әдістері. Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастарды қалыптастырудағы ғалымдардың еңбектерінің маңызы. Трансформизм мен креационизмнің, преформизм мен эпигенездің күресі. Эволюциялық биологияның қалыптасуы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Молекулалық био логия

    Пәннің мақсаты: Тірі ағзалар құрылымын молекулалық тұрғыдан түсіндіру. Мазмұны: Клеткалар мен геномдар. Жер бетіндегі клеткалардың ортақ қасиеттері. Клетканың химиялық компоненттері. Су молекуласының құрылыс ерекшеліктері. Ферменттердің метаболизмдегі маңызы. Активацияланған тасымалдаушылардың молекулалар биосинтезіндегі маңызы. НАДН және НАДФ - маңызды электрон тасымалдаушылар. Ақуыздардың пішіні, құрылымы және функциясы. ДНҚ репликациясының механизмдері. Хромосомалық ДНҚ. Геномдардың дамуы. Геномдық өзгерістердің пайда болуы. ДНҚ көшіру және түзету механизмдерінің бұзылуы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ландшафтану

    Пәннің мақсаты: Жер бедерінің климаты, рельефі, түрлі территориялық табиғат зоналары мен белдеулердің ландшафтық ерекшеліктерін мен заңдылықтары туралы түсініктер қалыптастыру. Мазмұны: Ландшафттану ілімінің даму кезеңдері, Ландшафтану компоненттері және оны түзуші факторлар, Ландшафты құрайтын морфологиялық табиғи территориялық комплекстер, Жердің ландшафтылық сферасы, Ландшафттың экологиялық аудандастырылуы, Территориялық табиғат кешендерінің шекарасы, табиғи ландшафттар, олардың құрамы мен қасиеттерін, ландшафттарды ұйымдастыру, оларды дифференциациялау факторлары туралы түсіну және білу. Адамның ландшафтқа әсер етуінің негізгі бағыттарын қарастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Молекулалық биология генетика негіздерімен

    Пәннің мақсаты: Ағзалар тіршілігінің негізгі молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктері, оларды клиникалық практикада қолдану туралы қазіргі заманға сай білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Нуклеин қышқылдарының құрамы, құрылысы мен маңызы. Генетикалық ақпараттың берілуінің негізгі жолдары. ДНҚ биосинтезі. Генетикалық рекомбинация. Анаболизм. Ақуыз биосинтезінің этаптары. Генетикалық код. Жасушаның генетикалық аппараты. Адамның кариотипі. Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және адам патологиясында көрініс беруі. Гендік, геномдық, хромосомалықмутациялар. Мутагенез. Мутагенді факторлар.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биомедицина және биоинформатика

    Мақсаты – биомедицина және биоинфарматикалық зерттеулер мен практикада биологиялық деректерді талдау, интерпретациялау және қолдану үшін заманауи компьютерлік технологиялар мен математикалық әдістерді игеру. Адам ағзасының құрылымы мен функцияларын, аурулардың механизмдерін түсіну; Генетика, ДНҚ, РНҚ, белоктар және клеткалық процестердін зерттеу арқылы генетикалық негіздерін анықтау; Иммундық жүйеі, вакциналар және инфекциялық аурулар; Аурулардың таралуын, себептерін және әсерін зерттеу, қоғамдық денсаулықты сақтау үшін профилактикалық шаралар; Биологиялық деректерді ( геномдық, протеомдық, метаболомдық деректер) өңдеу және талдау, алгоритмдер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.Биологиялық жүйелердің күрделілігін модельдеу және түсіну.Деректерді визуализациялау және интерпретациялау әдістері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Action Research

    Мақсаты: географияны оқытуда Action Research тәсілдерін пайдаланудың нәтижелілігін жоспарлау, іске асыру және талдау дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Action Research тәсілін іске асыру кезеңдері баяндалады, нақты сыныпта Action Research тәсілін жүргізу мысалдары келтіріледі. Мазмұны.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эволюциялық теория

    Пәннің мақсаты: Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен даму тарихы , эволюциялық ілімнің ғылыми түсінік қалыптастыру. Мазмұны: Эволюциялық ілімнің даму тарихы. Дарвин дәуіріне дейінгі кезеңде эволюциялық идеялардың қалыптасуы мен дамуы. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық концепциясы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Эволюцияның Синтетикалық теориясының қалыптасуы. Эволюцияның дәлелдемелері және оны зерттеу әдістері. Микроэволюция ілімі. Популяция эволюцияның элементарлы құрылымы. Эволюциялық прогресс. Антропогенез.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін ескере отырып, академиялық жазудың ғылыми зерттеу әдістерін қолданып, кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.
  • Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық білімдерін көрсету.
  • Тірі организмдердің құрылымы, морфологиясы мен қызметі бойынша теориялық ақпаратты талдау және қабылдау қабілетіне ие болу.
  • Кәсіби қызметте әртүрлі ақпараттық ресурстарды, дайын бағдарламалық-әдістемелік кешендерді, компьютерлік және мультимедиялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде мәдени, кәсіби дамуды көрсету.
  • Заманауи ғылыми-практикалық проблемаларды талдау, биологиялық салалардың перспективалық бағыттарының заманауи жетістіктерін қолдану.
  • Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша педагогикалық процесті ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.
  • Жасанды интеллект көмегімен биологиялық және географиялық объектілерді зерттеу әдістерін қолдану: бақылау, сипаттау, сәйкестендіру және жіктеу.
  • Биологияны оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи технологияларды, жасанды интеллект пен интерактивті оқыту әдістерін пайдалана отырып, оқу үдерісін жүзеге асыру.
  • Оқу процесінде зерттеу жүргізу үшін биологиялық әдістерді қолдану және практикалық мәселелерді шешу үшін далалық, статистикалық әдістерді қолдану.
  • Зерттеушілік, кәсіпкерлік және әртүрлі жағдайларда жұмыс істеу дағдыларын қолдану.
  • Жеке және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дәлелдей алу, өзінің ісін түзете білу және түрлі тәсілдерді қолдана алу. Өзін-өзі дамыту, мансаптық өсу және кәсіби табысқа жету үшін өмір бойы жеке білім беру траекториясын құру қабілеті.
Top