6B01210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс жасауға арналған кәсіби дағдылардың бәсекеге қабілетті деңгейіне ие жоғары білікті педагогтарды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 241
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Пәндер
-
Студенттерді ғылыми зерттеу жұмысына баулу әдістемесі
Мақсаты: Студенттерді ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларын қалыптастыру Мазмұны: ғылыми педагогикалық зерттеу элементтері, эмпирикалық зерттеу бағдарламаларын, нақты материалдарды жинауды; ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау және өңдеу. зерттеу нәтижелерінің ұсынылуын; алынған нәтижелерді талдау, түсіндіру және сипаттау; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу, ғылыми зерттеулердің тиімділігі, өзіндік зерттеу әдістерін таңдау және негіздеу, ғылыми зерттеу жұмысының қорытынды кезеңі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мұхтартану
Мақсаты: Мұхтартану ғылымының қалыптасу тарихын, даму бағытын студенттерге ұғындыру, М.Әуезов шығармашылығы туралы әдебиет тарихы контекстінде тарихи, әдеби түсінік қалыптастыру. Мұхтартану пәні бойынша өз бетімен ізденістер жүргізуге, өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру. Мазмұны: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы, Семей, Ташкент, Санкт-Петербург кезеңдері, М. Әуезовтің публицистикасы, жазушының «Абай», «Шолпан» журналдарындағы қызметі, «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Оқыған азамат», «Көксерек» әңгімелері, «Еңлік-Кебек» пьесасы, «Қилы заман», «Қараш-қараш» оқиғасы» повестері, «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Абай Құнанбаев» монографиясы, М.Әуезовтің Оңтүстікке жасаған ғылыми-шығармашылық сапары туралы мағлұмат алады. Жазушының шығармаларының тақырыбы мен идеясы, кейіпкерлер әлемі, көркемдік болмыс-бітімі жайлы жан-жақты танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жасанды интеллект негіздері
Мақсаты – AI-Sana бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып, жасанды интеллект құралдары мен әдістерін практикалық қолдану және білімді пайдалану саласында құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мазмұны: Жасанды интеллектке (AI) кіріспе. Практикалық дағдылар мен дағдыларды дамыту: AI құралдарын қолдану; үлкен тілдік модельдермен (LLM) жұмыс істеу; кодсыз жасанды интеллект платформаларын пайдалану; генеративті жасанды интеллект құралдары; кескінді тану; табиғи тілді өңдеу (NLP); AI көмегімен деректерді визуализациялау. Әртүрлі салаларда AI қолдану туралы түсінікке ие болу; AI-sana бағдарламасының тәсілдерін интеграциялау арқылы AI әлеуетін ашу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Табиғатпен таныстыру және экология
Мақсаты: студенттерге табиғат және экология туралы білім негіздерін және мектеп жасына дейінгі балаларға биологиялық және экологиялық білімді қалыптастыру әдістемесін меңгерту. Мазмұны: табиғатты құраушы компоненттері мен олардың экологиялық мәселелері және экология туралы білім негіздері. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеп және экологиялық білімдерін қалыптастыру. Қазіргі экологиялық мәселелері және экологиялық даму саласындағы мемлекеттік саясат, өсімдіктер, жануарлар, өлі табиғат құраушылары, құрылымы, қасиеттері, қазіргі экологиялық мәселелерді шеше алу біліктерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі
Мақсаты: болашақ мамандарды мектеп жасына дейінгі балалар музыка арқылы эстетикалық тәрбиесін ұйымдастырудың ғылыми –теориялық негіздерін және әдістемесін меңгерту Мазмұны: мектеп жасына дейінгі бабаларға музыкалық тәрбие берудің теориялық негіздері, музыкалық тәрбиенің мазмұны, мектеп жасына дейінгі бабаларға музыкалық тәрбиенің оқу-әдістемелік құжаттары, музыкалық жұмысты жоспарлау,мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті және ертеңгіліктердегі музыка, қазақ халық музыкасы баланың эстетикалық тәрбиедегі ролі, балалардың музыкалық қызметін ұйымдастыру формалары мен әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дүниетану негіздері
Мақсаты: студенттердің бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Мазмұны: дүниетану - адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесі. Адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, мемлекет, қоршаған табиғи орта жайында теориялық негіздері. Табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістері: бақылау, эксперимент, сауал. Қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі
Мақсаты: болашақ мамандарды мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбиесін ұйымдастырудың ғылыми –теориялық негіздерін және әдістемесін меңгерту Мазмұны:бейнелеу өнерінің теориясы мен түрлері, Қазақстан Республикасында бейнелеу өнерінің дамуы, мектепке дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру, бейнелеу өнерінің жанрлары, бейнелеу өнерінің балалардың эстетикалық тәрбиесіндегі ролі, мекетепке дейінгі әр түрлі топтардағы балаларға сурет салуды үйрету, әр топтағы балаларды мүсіндейге үйреті, мектепке дейінгі балаларды жапсырмаларға үйрету, әр топтағы балаларға құрастыру мен көркем еңбекке үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Абайтану
Мақсаты: А.Құнанбайұлы арқылы «Қазақтану» жобасындағы «ұлттық кодты» сақтау мен дәріптеу Мазмұны: ХІХ-ХХғ. Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне тарихи шолу жасау. Абайтану саласының дамуындағы ХХ-ХХІ ғасырдың абайтанушылардың еңбектері. Абайдың шығармашылығының хронологиясы. Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, этнограф, қазақ жазба әдебитінің негізін салушы. Абай - «Қарамола Ережесі» заңдар жинағының құрастырушысы, қоғамдық маңыздылығы. Абай - ойшыл, дінтанушы, философ. Абай білім және ғылым саласындағы рөлі, «Толық адамды» қалыптастыру идеясы. Абайдың аудармалары, поэмалары, «Қара сөздері», «Абай жолы» роман-эпопея. Қ.Тоқаев «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» маңыздылығы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми - әдістемелік қызметті ұйымдастыру
Мақсаты: студенттердің ғылыми-әдістемелік қызметін тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру Мазмұны: «Ғылым», «ғылыми білім», «ғылыми қызмет» ұғымдарының мәні, ғылыми-әдістемелік қызметтің мақсаты, ғылыми еңбектерді іздеу, талдау, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері, ғылыми мәселе мен практикалық міндеттердің байланысы, зерттеудің нысаны мен пәні бойынша ғылыми еңбектерді саралау, ғылыми еңбектер бойынша тұжырымдар және өзіндік пікір жасау, іргелі және қолданбалы зерттеулер, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, тұлғаның берік адамгершілік негіздерін, азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Құқықтық нигилизмді еңсеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында білім алушылардың құқықтық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа саналы көзқарасты қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан, сыбайлас жемқорлық моралінен, этикасынан адамгершілік тұрғыдан бас тарту.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды игеру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау, заңдылық, заңға құрмет идеяларын тарату.Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын түсінуге, оның көріністерінен әлеуметтік шығындарды сезінуге, өз ұстанымын дәлелді қорғай білуге, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін еңсеру жолдарын іздеуге бағытталған қызмет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ЖИ қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен технологиялары
Мазмұны: болашақ тәрбиешілерге мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгерту. Мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи мәселелері, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен маңызы, формалары мен әдістері, шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу теория мен технологияларының дамуы мен қалыптасуы, Қазақстан Республикасындағы балабақшаларындағы пайдаланатын бағдарламалар, заманауи стандарттар мен бағдарламалардың маңызы мен ерекшеліктері, мектепке дейінгі ұйымдардың типтері, мектепке дейінгі оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын тиімді технологиялар, заманауи технологиялардың ерекшеліктері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектепке дейінгі математика және логика
Мақсаты: болашақ тәрбиешілердің мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық білімі мен логикалық ойлауын дамытудың практикалық дағдылары жетіледі. Мазмұны: Математикалық логиканың мақсаты, міндеттері, математикалық логиканың негізгі дидактикалық ұстанымдары, мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере логикалық есептерді іріктеу талаптары, логикалық есептерді шешу жолдары, балалардың логикалық ойлауын дамыту әдіс-тәсілдері, логикалық есептер арқылы сандық ұғымдарды қалыптастыру, логикалық есептер арқылы кеңстік және өлшем ұғымдарын қалыптастыру, қызықты есептерді құрастыру, ойын есептеріін құрастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектепке дейінгі ұйымда заттық кеңістікті дамытушы ортаны ұйымдастыру
Мақсат: Мектепке дейінгі баланың іс-әрекеті мен рухани және физикалық дамуының фунционалды сипатын жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру Мазмұны: Мектепке дейінгі ұйымда заттық кеңістікті дамытушы ортаны ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері, заттық кеңістікті дамытушы ортаны ұйымдастыру қағидалары, заттық-дамытушы ортаның компонеттері, заттық-дамытушы ортаны ұйымдастырудың құқықтық-нормативті негіздері, жайлы әсерленгіш атмосфера құру, физикалық даму үшін жағдай жасау, шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау, танымдық белсенділігін арттыруға жағдай жасау, топ өміріне ата-аналар қатысу үшін жағдай жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі балалардың каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Мақсаты: мектепке дейінгі балалардың каллиграфиялық дағдысын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгереді. Мазмұны: Мектепке дейінгі балалардың каллиграфиялық дағдыларын қалыптастырудың мақсаты мен құрылымы, каллиграфиялық дағдыларды қалыптастырудың физиолиялық және гигиеналық негіздері, жазу сапасы мен оны қалыптастыру әдістері, В.В.Давыдов жазуға үйрету әдістемесі, М. Ричардсон жазуға үйрету әдістемесі, тактикалық және ритмикалық әдіс,сызықтар арасында және сызықпен жазу әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектеп жасына дейінгі математиканың практикумы
Мақсаты: болашақ тәрбиешілердің мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық білімін дамытудың практикалық дағдылары жетіледі. Мазмұны: Мектепке дейінгі ұйымдарда математиканы оқыту практикумының пәні, міндеттері, мазмұны, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлері, «Бір, аз, көп» ұғымдарымен таныстыру сабақтарын ұйымдастыру, «аз-көп» заттарды ортақ қасиетіне қараай біріктіру ұйымдастырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру, заттарды қасиетіне қарай қосу не азайту ұйымдастырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру, балаларға кеңістік пен уақытты үйрету ұйымдастырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ұзындығы мен ені, пішіні бойынша заттарды салыстыру ұйымдастырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру, заттардың көлемін салыстыру ұйымдастырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру, уақытты ажырата білу ұйымдастырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жазуға үйрету технологиясы
Мақсаты: мектепке дейінгі балалардың жазылым дағдысын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгереді. Мазмұны: «Жазуға үйрету технологиясы» оқу пәнінің мақсат, міндеттері. Жазу және оның түрлері. Қазіргі қазақ алфавиті. Мектепке дейінгі балалардың графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастырудың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Мектепке дейінгі балаларды жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері. Мектепке дейінгі балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Жазуға үйрету үшін қажетті гигеналық талаптар. Әріп кесіні үйлесіміндегі күрделілік. Әріптерді тұтастай бағдарлауға үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектепке дейінгі оқыту үдерісінде мультимедиялық құралдарды дайындау және қолдану әдістемесі
Мақсаты: Мектепке дейінгі оқыту үдерісінде мультимедиялық құралдарды қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларына ие болады. Мазмұны: қазіргі педагогика және мультимедиялық құралдар түрлері, мультимедиялық құралдарды дайындау мазмұны, мультимедиялық білім беру құралдарының атқаратын қызметі, мектепке дейінгі оқу-тәрбие үдерісіне мультимедиялық құралдарды ендіру әдіс-тәсілдері, мультимедиялық құралдарды пайдаланудың тиімділігі, мультимедиялық оқу бағдарламаларының түрлері, мультимедиялық презентацияларды құрастыру, мектепке дейінгі оқу-тәрбие үдерісінде мультимедиялық құралдарды ұйымдастырылған іс-әрекеттерде тиімді қолдану жолдарын жоспарлау
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару
Мақсаты: әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі жағдайында білім беру ұйымдарын басқару деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ететін менеджменттің заманауи теориялары мен тәжірибелері негізінде басқарушы персоналдың кәсіби дағдыларын жетілдіру және дамыту. Мазмұны. Білім беру мекемесі педагогикалық менеджмент объектісі ретінде. Білім беруді басқару функциялары. Мемлекеттік саясат. ҚР жүйесіндегі заманауи басымдықтар. Білім беру ұйымының қызметін нормативтік қамтамасыз ету. Білім беру жүйелері. Білім беру мекемесін басқару жүйесі. Білім беру жүйелеріндегі басқару тетіктері. Білім берудегі менеджмент әдістемесі. Білім берудегі менеджменттің интеграциялық әсері. Білім беру мекемесін басқару процестері. Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін білім беру процесін ұйымдастыру. Мектепке дейінгі, мектеп және жоғары білім беру жүйесіндегі басқару. Қазіргі білім беру мекемесінің имиджі: компоненттері, құру тәсілдері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі педагогика
Мақсаты: болашақ мамандарды мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен тәрбиелеуді тиімді ұйымдастыру үшін қажетті теориялық негіздермен және практикалық дағдылармен қаруландыру. Мазмұны: Балаларды туғаннан мектепке дейін тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым ретінде сипаттайды. Мектепке дейінгі педагогиканың ерекше ерекшелігін бірінші кезекте балалардың жас ерекшелігімен (мектепке дейінгі) және қоғамның осы жастағы балаларға қарым-қатынасымен анықтайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың даму, тәрбиелеу заңдылықтарын және қарапайым оқыту формаларын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі балалар психологиясы
Мақсаты: мектепке дейінгі балалардың психикасының дамуының жас ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі психикалық құбылыстар туралы білімдерді оқып-үйрену және меңгеру. Мазмұны: Мектепке дейінгі психологияға кіріспе. Сана. Тұлға. Белсенділік. когнитивтік процестер. Ерік, эмоция, сезім психологиясы. Темперамент. Кейіпкер. Мүмкіндіктер. Онтогенездегі психиканың құрылымы, қызметтері, заңдылықтары, когнитивтік процестер, жағдайлар, факторлар, психиканың даму механизмдері. Даму психологиясының әдіснамалық негіздері, ұғымдары, категориялары, механизмдері, жасқа байланысты өзгерістердің сипаты. Адам психикасы дамуының әртүрлі жас кезеңдеріндегі тұлғаның жағымды дамуының ерекшеліктері, себептері мен факторлары, шарттары мен болашағы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Дүниетанудан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі
Мақсаты: болашақ мамандардың практикалық іс-әрекетін, икемділігін дамытып, мектепке дейінгі мекемеде көрнекі оқыту құралдарын жүйелеу принциптері мен көрнекі материалдарды қолдан даярлау шеберліктерін үйрету және оны ұйымдастырылған іс-әрекеттерде қолдану әдістемесін меңгерту . Мазмұны: «Дүниетанудан дидактикалық материалдар дайындау» пәнінің педагогикалық ғылым ретінде даму тарихы. Балабақшаның материалдық базасына сипаттама. Дидактикалық материалдардың классификациясы, қолдан даярлау технологиясы. Мультимедиялық оқыту құрылғылары, Мультимедиялық оқыту құрыл ғыларына сәйкес бағдарламалар дайындау технологиясы, сурет, графика өнімдерін дайындау бағдарламалары. Балабақша маңындағы оқу-тәжірибе үлескісі, Географиялық алаң, Жасанды материалдардан көрнекіліктер даярлау әдістемесі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдарда тынығу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Мақаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда тынығу жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді. Мазмұны: Мектепке дейінгі ұйымдарда тынығу жұмыстарын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері, мәні мен стратегиясы, Мектепке дейінгі ұйымдарда тынығу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері, снитарлы-гигиеналық талаптары, Мектепке дейінгі ұйымдарда тынығу жұмыстарын ұйымдастыру талаптары, балалардың тынығуын ұйымдастыруда тәрбиешінің міндеттері, тынығу жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері, құрылымы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі
Мақсаты –болашақ мамандарды қоршаған ортамен таныстыру бойынша педагогикалық қызметтің мазмұны туралы ғылыми білімді меңгеру. Мазмұны: Қоршаған ортаны тану процестері. Тану барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, т.с, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады. Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың биологиялық, экологиялық, әлеуметтік мазмұндағы ұғымдарын кеңейту. Заттарды қолдану дағдыларын дамыту. Заттардың құрылысымен өздеріне тән белгілері арқылы білу және есте сақтауға үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Мақсаты: болашақ мамандарды мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесін ұйымдастырудың ғылыми –теориялық негіздерін және әдістемесін меңгерту Мазмұны:дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні және дамуы, дене тәрбиесінің мектепке дейінгі бала өміріндегі маңызы,мектепке дейінгі дене тәрбиесі бағдарламасы, құқықты-номативті құжаттары мен мазмұны, дене дамуының жас ерекшеліктері, мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары мен әдістері, мектепке дейінгі балалардың дене-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, қимыл-қозғалыс ойындары мен спорттық жаттығулар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Мақсаты: Қаржылық әл ауқатқа жету үшін маңызы бар жеке және отбасылық қаржылық ресурстарды басқаруды, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды дағдыларын оқыту. Мазмұны: Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны қалыптасу шарттары. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық түрлері. Кәсіпкерліктегі тәукелділік. Кәсіпкерліктегі бизнес-жоспарлау. Кәсіпкерлік келісімдерді ұйымдастыру. Кәсіпкерліктегі мәдениет және этика. Кәсіпкерлік қызметің қаржыландыру. Қаржылық сауаттылық түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.Ақша,есеп айырысу және төлемдер. Жеке қаржы: кіріс,шығыс, бюджет. Салықтар және жеке тұлғаларға салық салу. Зейнетақылар және сақтандыру. Халыққа банктік қызмет көрсету. Жеке тұлғалардың банкроттығы және қаржылық тәуекелдер. Қаржылық пирамида және жеке қаржылық қауіпсіздік.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсінік қалыптастыру теориясы мен технологиясы
Мақсаты: мектепке дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың әдістері мен технологиялары туралы түсініктерді қалыптастырады. Мазмұны: Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсінік қалыптастырудың мақсаты, тарихы және басқа ғылымдармен байланысы, монографиялық және есептік әдістердің қалыптасуы мен дамуы, мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсінік қалыптастырудың психо-педагогикалық негіздері, дидактикалық ұстанымдары, Л.В. Глаголеваның санауға үйрету әдістемесі, Е.И. Тихееваның қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі, Ф.Н. Блехердің қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі, А.М. Леушинаның қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі, мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсінік қалыптастыру технологиялары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Мақсаты: кәсіби маңызды жағдайларда қарым-қатынасты адекватты түрде құра алатын және арнайы мақсаттағы тіл нормаларын білетін маманға кәсіби бағдарланған тілдік дайындықты қамтамасыз ету. Мазмұны: Кәсіби тіл және оның құрамдас бөліктері. Кәсіби терминология ғылыми стильдің негізгі белгісі ретінде. Білім беру және кәсіптік және ғылыми және кәсіптік салалардағы ғылыми лексика және ғылыми конструкциялар. Мамандық бойынша ғылыми мәтіндерді талдау және шығару жұмысының алгоритмі. Ғылыми және кәсіби мәтіндерді шығару. Іскерлік қарым-қатынас негіздері және болашақ кәсіби қызмет шеңберіндегі құжаттама.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі
Мазмұны: болашақ тәрбиешілерге мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгерту. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесінің мақсаты, даму тарихы, мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы, сабақ құрылымы мен дидактикалық ұстанымдар, мектепке дейінгі балаларға уақытты үйрету әдіс-тәсілдері, мектепке дейінгі балаларға кеңістікті үйрету әдістер, сандар мен геометрикалық пішіндерді үйрету әдістері, мектепке дейінгі балаларға көлемді үйрету әдістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Оқу-таным әрекетін ұйымдастырy
Мақсаты: мектепке дейінгі балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгереді. Мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың заманауи мәселелері, мектеп жасына дейінгі балаларды оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың мақсаты мен маңызы, формалары мен әдістері, Қазақстан Республикасындағы балабақшаларындағы оқу-таным әрекетін ұйымдастыру жұмыстарының дидактикалық ұстанымдары, оқу-таным әрекетін ұйымдастыруда қолданылатын тиімді технологиялар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Мақсаты: кәсіби маңызды ақпаратпен алмасу құралы ретінде шет тілін қолдану дағдысын қалыптастыру Мазмұны: Уақытты, жұмыс күні, бос уақытты жоспарлау. Жаңалықтар, БАҚ. Әлеуметтік өмірлік дағдылар (күнделікті мінез-құлық, кәсіби дағдылар мен қабілеттер). Мәдени-ұлттық дәстүрлер, өлкетану, әдет-ғұрыптар мен мерекелер. Кәсіби бағытталған модуль. Ғылыми-техникалық прогресс. Әлеуметтік көмек жүйесі. Мамандықтар мен кәсіби қасиеттер, кәсіби өсу, мансап.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектепке дейінгі гигиена
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын, ерекшеліктерін игеру. Мазмұны. Балалар мен жасөспірімдер денесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, олардың қоршаған ортадағы дамуының негізгі заңдылықтары. Онтогенездік даму кезеңінен бастап баланың даму ерекшеліктері.Адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары. Жеке дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі органдар жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері. Мектепке дейінгі гигиена талаптары, Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының типтік және типтік емес заңдылықтары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Балаларды мектепалды даярлау
Мақсаты: Болашақ тәрбиешілердің 5-6 жасар баланың дене дамуы мен психологиялық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру, олардың бойындағы қарапайым білім негіздерін, іскерлік пен дағдыларын дамытудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын апеңгереді Мазмұны: Балаларды мектепалды даярлаудың мақсаты мен құрылымы, балаларды мектепке дайындау бағыттары, балаларды мектепалды даярлаудың теориялық негіздері, 5-6 жасар балаларды мектепке даярлауда ата-аналар мен тәрбиешілер қызметін ұйымдастыру, балаларды мектепке психолгиялық дайындау, балаларды әлеуметтендірудің әдістері, балалардың әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, балалардың физиологиялық және инттеллектуалды дайындығын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экожүйе және құқық
Мақсаты: Экономика, құқық, антикоррупциялық мәдениет, экология және тіршілік қауіпсіздігі, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеулер әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Мазмұны: Адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара іс-қимылының, экожүйелер мен биосфераның өнімділігінің негіздері. Ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы қоғамның кәсіпкерлік қызметі, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттеу. Қазақстандық құқықты, субъектілердің міндеттері мен кепілдіктерін білу, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуді білу және сақтау. Ғылыми зерттеулер әдістерін қолдану. Жасанды интеллекттің құқықтық негіздері. Инклюзия-халықаралық заңнаманың стратегиясы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие жұмысының әдістері мен тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: Қазіргі педагогиканың пәндік-проблемалық саласы. Тәрбие педагогикалық процестің бөлігі ретінде. Тәрбиенің мазмұны, әдістері, құралдары, формалары. Қазіргі заманғы білім беру технологиялары. Білім алушылардың оқу және оқудан тыс қызметіндегі тәрбиесі мен рухани-адамгершілік дамуы, білім алушылардың ынтымақтастығы, белсенділігі, бастамашылығы мен дербестігі, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Сауат ашу әдістемесі
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда сауат ашу пәнін оқытудың заманауи әдістерін меңгерту. Мазмұны: Сауат ашу әдістемесі пәнінің мақсаты, мектепке дейінгі ұйымдарда сауат ашу әдістемесінің тарихы, сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық негіздері, мектепке дейінгі балаларға «сөз» және «дыбыс» «буын», «жуан және жіңішке дауысты дыбыс» туралы алғашқы түсінік беру, қоршаған ортадағы дыбыстардың түрлілігін сөздер арқылы таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерін тануға үйрету, қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету, әріптер таңбасымен таныстыру, балаларға дыбыстарды қосып буын жасауға дағдыландыру, буындарды оқуда дауысты дыбыстарға сүйенуге жаттықтыру, сөздерді буынға бөліп оқу, сөздердегі буындарды, сөйлемдердегі сөздерді санауға үйрету, буындарды және жеке сөздерді оқуға жаттықтыру, сөйлем құруға дағдыландыру .
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру
Мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшелігі туралы білім, дағдысын қалыптастыру. Мазмұны. Инклюзивті білім ғылым ретінде. Инклюзивті білім берудің даму тарихы, мәселелері және даму перспективалары. Инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық және тұжырымдамалық негіздері. . Инклюзивті білім берудің әдіснамалық негіздері. Инклюзивті білім беру педагогикасы. Инклюзивті білім беру психологиясы. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау. АК жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларда балабақшадағы сәтсіздікті жеңу. Инклюзивті білім берудің педагогикалық, психологиялық және гендерлік аспектілері. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігі. Инклюзия кезінде отбасыларға жұмыс және көмек. Мектепке дейінгі, негізгі жалпы және жоғары білім беру жүйесіндегі инклюзивті технологиялар мен бағалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ойын әрекетінің теориясы мен әдістемесі
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісінде ойын әдісін қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларына ие болады. Мазмұны. Мектепке дейінгі балалардың жетекші әрекеті-ойын, мектепке дейінгі балалардың қалыптасуында ойынның ролі, ойын теориясының дамуы, ойынның тарихи-әлеуметтік маңызы, К.Гросс, Г.Спенсер, И.Хейзингалардың ойын теориясы туралы тұжырымдары, ойынның дидактикалық маңызы,ойын түрлері мен ерекшеліктері, шығармашылық, дидактикалық және ережелі ойындар, ойынға қойылатын талаптар, ойыншықтар және оның баланың дамуындағы ролі, ойыншықтарға қойылатын санитарлық талаптар, Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісінде ойын әдісін қолданудың әдіс-тәсілдері, формалары, ролдік ойындар және балалардың тілін дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Академиялық жазу
Мақсаты: білім алушының ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін коммуникативті дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: академиялық жазу пәнінің мақсаты мен міндеттері, ғылыми бағытта жазылатын жұмыстардың ерекшеліктері, академиялық мәтіннің түрлері мен құрылымы, формалары: зерттеу туралы есеп, оқу жұмысы, эссе, реферат, ғылыми мақала, ғылыми жоба. Ғылыми мәтінді жазу әдістері мен тәсілдері, Жеке ойлары мен идеяларын білдіру, Академиялық мәтінде екі жақты мәселені талдау жолдары. Мәселені шешудің жолдарын ұсыну бағытында жазылатын ғылыми жұмыстардың құрылымын білу, ғылыми мәтінде қорытынды мен ұсыныстар жасау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ағылшын тілінің практикалық курсы
Мақсаты: білім алушылардың ағылшын тілін күнделікті өмірде белсенді қолдану дағдылары мен біліктерін қалыптастыру Мазмұны: Мен және менің отбасым, менің елім, түрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынас, Астана- Қазақстан Республикасының бас қаласы,адам және оның денсаулығы, салауатты өмір салты, бос уақытты тиімді пайдалану, Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың салт-дәстүрлері, шымкент қаласының көрікті жерлері,мәдени және ұлттық мерекелер, менің университетім, болашақ мамандығым.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы пәндер практикумы
Мақсаты: психологиялық-педагогикалық пәндер саласында практикалық дағдыларды дамыту. Мазмұны: адамның психикалық іс-әрекетінің тетіктерін, тұлғаның қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін зерттеу, шығармашылық бағыттағы қолданбалы сипаттағы практикалық тапсырмаларды орындау, бақылау жұмыстары, өз бетінше жұмыс істеуге арналған жаттығулар, өзін-өзі тануға арналған жаттығулар; рөлдік ойындар, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға, психикалық денсаулықтың алдын алуға (депрессияның алдын алу және т.б.), ықпал ететін түзету жаттығулары, психологиялық ағарту
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ағылшын тілін оқытудың әдістемесі
Мақсаты: студенттерді ағылшын тілін оқыту пәнінің мәні, оның формалары мен әдістері туралы біліммен қаруландырады, сонымен қатар отандық және шетелдік ағылшын тілін оқыту әдістемесінің заманауи тұжырымдамалары мен модельдерін меңгерту. Мазмұны: Ағылшын тілін оқытудың әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы, ағылшын тілін оқытудың әдістемесінің формалары мен принциптері, ағылшын тілін оқыту әдістері мен технологиялары, ұйымдастырылған іс-әрекеттердің құрылымы және оны ұйымдастыру жолдары, күнтізбелік жоспар жасау, ағылшын тілінің фонетикасын оқыту, ағылшын тілінде сөйлеуге ұйрету, монологтық және диалогтық сөйлеуге үйрету, лексиканы оқыту, ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану, ағылшын тілін оқытуда көрнекіліктерді қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халық ауыз әдебиетін оқыту әдістемесі
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісінде халық ауыз әдебиетін оқыту әдістері мен стратегиясын меңгерту. Мазмұны: халық ауыз әдебиетінің қалыптасуы мен дамуы, халық ауыз әдебиетінің идеялық-эстетикалық құндылықтары, ауыз әдебиеті шығармаларының бала тәрбиесіндегі ролі, ауыз әдебиетінің жанрлық ерекшеліктері, түрлері, тұрмыс-салт жырлары, төрт түлік малға қатысты жырлар, патриоттық жырлар, ертегі түрлері, ертегілердің тәрбиелік мәні, жаңылтпаштар, жұмбақтар мен тақпақтардың бала тілінің дамуындағы маңызы, санамақтар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Балалар әдебиеті
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісінде балалар әдебиетін оқыту әдістері мен стратегиясын меңгерту. Мазмұны: балалар әдебиеті жалпы әдебиеттің құрамдас бөлігі, Қазақстан Республикасында балалар әдебиетінің дамуы мен қалыптасуы, балалар әдебиетінің зерттелу тарихы, балалар жазушылары мен олардың еңбектері, халық ауыз әдебиеті, балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктері, балаларға арналған ертегілер, эпикалық жырлар, аңыз әңгімелер, жұмбақтар мен жаңылтпаштардың ерекшеліктері, мақал-мәтелдердің балалардың тәрбиелеудегі маңызы, балаларға арналған әндер мен өлең жолдары,
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Lesson Study
Мақсаты: Педагогикалық зерттеу жұмыстарының теориялық негіздерін меңгерту және оларды ғылыми тұрғыда жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында студенттер білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді анықтап, ғылыми әдістер арқылы зерттеу жүргізуді үйрену .Мазмұны: Педагогикалық зерттеулердің мәні мен құрылымы, ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері, зерттеу тақырыбын таңдау және мақсат қою, зерттеудің әдістері мен әдістемелік негіздері, сандық және сапалық зерттеу тәсілдері, зерттеу жоспарын құру және деректер жинау, нәтижелерді талдау және интерпретациялау, ғылыми жоба, мақала және есеп жазу, этикалық нормалар мен академиялық адалдық, білім беру жүйесінде зерттеу нәтижелерін қолдану
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы артпедагогика
Мақсаты: студенттердің артпедагогика негіздері теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамыту Мазмұны. артпедагогиканың анықтамасы, мақсаты мен міндеттері, артпедагогика ғылымының қағидаттары, артпедагогиканың дидактикалық және эстетикалық ұстанымдары, артпедагогика әдістері, артпедагогика технологиялары, Артпедагогикадағы түрлі тәсілдер: ертегі. музыка, ойын, сурет, мектепке дейінгі жастағы балалардың көркемдік мәдениетін дамыту тәсілдері,мектепке дейінгі жастағы балалардың көркемдік әрекетін диагностикалау және жетілдіру әдістері, артпедагогика құралдарын дайындау және оны оқу-тәрбие үдерісінде қолдану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Action Research
Мақсаты: болашақ маманның кәсіптік мүдделер саласындағы ғылыми-зерттеу компонентін дамыту. Болашақ психологтардың Action Research педагогикалық тәсілдерінің теориялық негіздерін меңгеруіне және өз ғылыми зерттеулері негізінде психологияны оқыту процестерін жоспарлауға ықпал ету. Мазмұны: Қазіргі заманғы педагогтың кәсіби даму стратегиясы. Мұғалім рефлексиясының заманауи түрі. Білім берудегі ғылыми әдіс. Әрекеттегі зерттеу. Өз идеяларының нәтижелерін рефлексиялау. SMART мақсаттар. Оқытушыға өзінің педагогикалық практикасын жақсартуға мүмкіндік беретін рефлексиялық тәсіл. Оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру. Педагогтің құндылық бағдарын зерттеу. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психо-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі
Мақсаты: студенттердің ғылымындағы ғылыми зерттеу жұмыстарды бойынша құзыреттілігін қалыптастыру. Мазмұны. Психо-педагогикалық зерттеудің негізгі ұғымдары мен категориялары; зерттеу жұмысының технологиясы. Психо-педагогикалық зерттеудің әдістері; ғылыми іс-әрекет пен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды; ғылыми-техникалық мәселені қою және психо-педагогикалық ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдерін; зерттеу кезеңдеріне негізделген, өзіндік эмпирикалық зерттеу бағдарламасын құрастыру дағдылары; эксперименттік зерттеулерге ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді дайындау дағдылар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мектепке дейінгі ұйымда педагогтың сахналық көрінісін ұйымдастыру әдістемесі
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-таным үдерісінде түрлі ойындық-театрлық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын меңгереді. Мазмұны: мектепке дейінгі балалардың мазмұнды –ойын дағдыларын дамытудың маңызы, мектепке дйеінгі балалардың шығармашылық дамыту әдістері, ролдік ойындарды құрастыру, режиссерлік ойындардың түрлері, ролдік ойындарды драматизациялау, түрлі шығармаларды драматизациялау әдістері, балалардың ролді ойнау қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі жаратылыстану концепциялары
Мақсаты: Болашақ маманның жаратылыс заңдылықтарын оның концепциялары негізінде, яғни іс-әрекеттің түрлі бағыттарын, белгілі бір құбылыстарды түсіну тәсілі арқылы меңгеруін қалыптастыру. Мазмұны: Қазіргі жаратылыстану ғылым дарынан білім беру ұстанымы, яғни концепция. Концепция ғылыми зерттеулердің нәтижесіндегі теориялар, заңдар, модельдер, гипотезалар, эмпирикалық тұжырымдар. Жаратылыстануға енетін ғылымдар: 1) физика, химия; 2) биология, ботаника, зоология; 3) анатомия, физиология, генетика; 4) астрономия. Жеке салалармен жіктелген жаратылыстану ғылымының теориясы- дифференцияциялану. Жаратылыс тану ғылымдарының кірігуіне негізделген жеке ғылымдар интеграциясы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектепке дейінгі балаларды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Мақсаты: Тәуелсіздік Қазақстанның жалпы ұлттық құндылықтары мен білім мазмұнының біріктіру қағидаттары туралы білімдері дамиды Мазмұны: Тарихи көздермен және құжаттармен жұмыс жасайды, әдеби, фольклорлық және діни мәтіндердің басты тұжырымдарына сын тұрғысынан ойлау дағдысына ие болады. білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды, білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады, жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді, жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды, дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулер, даму және инновациялар
Мақсаты: Зерттеу қызметінің негіздерін, инновациялық ойлауды және білім беру жүйесіндегі даму стратегияларын меңгерту. Мазмұны: Ғылыми зерттеу әдістері мен кезеңдері. Инновацияның түрлері мен білім беру саласындағы рөлі. Зерттеу жобаларын жоспарлау және басқару. Ақпарат жинау, талдау және интерпретациялау. Инновациялық идеяларды іздеу және іске асыру. Шығармашылық ойлау және дизайн-ойлау негіздері. Стартаптар және білім беру технологиялары. Даму стратегиялары және білім беру жүйесіндегі өзгерістер. Зерттеу нәтижелерін презентациялау және қорғау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мектепке дейінгі балалардың конструктивті іс-әрекетінің теориясы мен технологиясы
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сындарлы іс-әрекеті үшін дамушы ортаны ұйымдастырудың теориялық білімі мен әдістемелік дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: мектеп жасына дейінгі балалардың сындарлы іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың сындарлы іс-әрекет әдістемесінің психологиялық және педагогикалық негіздері. Балалардың сындарлы іс-әрекетін қалыптастыру және дамыту әдістері мен әдістері. Баланың функционалдық дамуының нормативтік көрсеткіштері. Баланың функционалдық дамуын өлшеу мониторингін ұйымдастыру. Қағаздан, картоннан, ағаштан және басқа материалдардан қолөнер мен ойыншықтар жасау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыс жүргізу әдістемесі
Мақсаты: Мамандардың мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісінде ата-аналармен жұмыс жүргізудің теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Ата-ана тәрбиесі, міндеттері, ата-ананың мектепке дейінгі балалардың қалыптасуындағы ролі, мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыс жүргізу формалары мен мазмұны, ата-аналармен жұмыс жүргізу түрлері мен әдіс-тәсілдері, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың жоспары, мектепке дейінгі ұйым басшыларының ата-аналармен жұмыс жүргізу бағыттары, ата-аналармен жиналыстарда талқыланатын материалдарды іріктеу талаптары, ата-аналардың белсенділігін арттыру әдістері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда ата-аналардың сұраныстарына талдау жасау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі
Мақсаты: болашақ мамандардың практикалық іс - әрекетін дамытып, біліктері мен педагогтық дағдыларын дамыту және жаратылыстану негіздерінен білім беру әдістемесін меңгерту. Мазмүны: жаратылыстану ғылымының теориялық негіздерін: ғарыш әлемі, жер ғаламшары, биосфера, экологиялық факторлармен таныстыру. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің бір - бірімен байланысын, табиғатпен таныстыру формалары мен әдіс - тәсілдерін, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруды, балаларды табиғатпен таныстыруды жоспарлау, бөлме өсімдіктері мен жануарларын күтуді ұйымдастыру, балалардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық түсінігін қалыптастыру әдістемесін меңгеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Отбасы тәрбиесінің негіздері
Мақсаты: болашақ мамандардың отбасы және балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру Мазмұны: Отбасы тәрбиесінің мақсаты, адам қоғамы тарихындағы отбасы эволюциясы, отбасы-баланы әлеуметтендіру факторы, отбасымен жұмыс жүргізу тарихы, отбасының әлеуметтік мәселелері, отбасылық тәрбиеде ата-ананың ролі, отбасы тәрбиесінің қайнар көзі, отбасы тәрбиесінің құқықтық номативті негіздері, отбасы тәрбиесінің әдістері, отбасымен жүргізілетін жұмыстар, отбасыда баланың жеке тұлға болып қалыптасуы, отбасылық қатынастар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зертеулер
Мақсаты: Педагогикалық зерттеу жұмыстарының теориялық негіздерін меңгерту және оларды ғылыми тұрғыда жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында студенттер білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді анықтап, ғылыми әдістер арқылы зерттеу жүргізуді үйрену .Мазмұны: Педагогикалық зерттеулердің мәні мен құрылымы, ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері, зерттеу тақырыбын таңдау және мақсат қою, зерттеудің әдістері мен әдістемелік негіздері, сандық және сапалық зерттеу тәсілдері, зерттеу жоспарын құру және деректер жинау, нәтижелерді талдау және интерпретациялау, ғылыми жоба, мақала және есеп жазу, этикалық нормалар мен академиялық адалдық, білім беру жүйесінде зерттеу нәтижелерін қолдану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем шығармаларды оқыту әдістемесі
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда көркем шығармаларды оқытудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларына ие болады. Мазмұны: мектепке дейінгі ұйымдарда көркем шығармаларды оқытудың мақсаты, шығармалардың идеялық мазмұны, көркем шығармалардың тәрбиелік мәні, троп және мәтін түрлері, кейіпкерлерге сипаттама, шығарма мазмұны және композиция мен сюжет, шығарманың поэтикалық тілі, жанрлардың түрлері, көркем шығармалардың бала тілін дамуындағы ролі, көркем шығармалар арқылы баланың танымын жетілдіру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби ортада және әлеуметте, әріптестестер арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін коммуникация жасайды. Академиялық адалдық пен академиялық жазу нормаларын сақтайды;
- Тілдік, математикалық және сандық сауаттылыққа ие, кәсіби қызметте АКТ-ны біледі және қолданады;
- Балалардың мектепке дейінгі ұйымда болуын ұйымдастырады, балалармен ойындар мен ұйымдастырылған іс-әрекеттерді жобалайды және өткізеді, олардың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайын бақылайды;
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының типтік және типтік емес заңдылықтарын біледі, түсінеді және оларды кәсіби қызметте ескереді; педагогикалық этиканы сақтайды;
- Жаратылыстану негіздерін біледі, экологиялық мәдениетке ие және балалардың табиғаттану білімі мен құндылығын қалыптастыра алады;
- Жалпы және дене шынықтыру, СӨС негіздерін мектепке дейінгі білім беру ұйымының практикасына қолданады; МЖМБС талаптарын басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі балалардың эстетикалық және физикалық қасиеттерін дамытады;
- Бастауыш жастағы балаларды тәрбиелеу және білім беру саласындағы заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларды пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді сауатты шешу;
- Педагогикалық шындықты талдайды және синтездейді, сыни ойлау мен рефлексияны меңгерген, командада жұмыс істей алады, көшбасшылық қасиеттері бар;
- Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру, оқу-тәрбие үдерісінің жаңа модельдері мен стратегияларын жобалау және ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлейді;
- Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тиімді түрлері мен әдістерін, соның ішінде ата-аналармен/заңды өкілдермен жұмысты қоса алғанда, заманауи әдістемелерді, жасанды интеллекті, цифрлық технологияларды қолдану;
- Ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді;
- Жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру..