6B02311 Филология: қазақ филологиясы в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты – Заманауи қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымына негізделген іргелі филологиялық, лингвистикалық, әдеби және аударма құзреттіліктері бар бакалаврларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Фольклор және әдебиеттану ғылымына кіріспе
Фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгеру, қазақ халқының бағзы заманнан бергі негізгі рухани азығы, мәдениеті, әдебиеті, философиясын, даналығы – ауыз әдебиетінің шығармаларын талдау, жыр-дастандарды жатқа білу, ажырата алу, фольклордың шығу тегін анықтау, халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін ғылымы фольклортанудың тарихы мен теориясы туралы түсінік қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Филология ғылымына кіріспе
Тіл және оның даму заңдарын меңгеру, тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысын білу;тілдің шығуы мен оның ішкі қүрылымы мәселелері бойынша базалық білім беру, тілдің қоғамдық мәні, оның негізгі қызметтерімен таныстыру, фонетика және фонология, лексикология және лексикография, грамматика мен оның құрамдас бөліктері қарастыратын шешуші үғымдарды меңгерту, дүние жүзі тілдері жіктелімдерімен және олардың жүйелеулерін және қағидаларын талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті балалар әдебиеті
Пәннің мақсаты-балалар әдебиетінің қалыптасу, даму тарихын меңгерту, балаларға арналған көркем шығармаларға әдеби теориялық талдау жасауды, балаларға арналған тең мүмкімдікті қамтамасыз ету идеясына негізделген шығармаларды салыстыруды, әр түрлі балалардың қажеттіліктерін ескеретін көркем шығармаларды сараптауды үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақ тілінің лексикологиясы мен ономастикасы
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының зерттелуі, лексикологияның салалары, түрлері, нормалары, олардың қолдану принциптері, ономастиканың тарихын білу, ономастиканың теориясы мен практикасы,топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика сияқты ономастиканың салаларын меңгеру, тіліміздегі антропонимдік жүйенің қалыптасып дамуын талдау, ономастикасының жетістіктері мен болашағы туралы ғылыми зерттеулермен жұмыс жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақ тілінің диалектологиясы
Қазақ диалектологиясының тарихының білу, әдеби тілдің жалпы сипаттамасын анықтау, диалектологияның зерттелуін меңгеру, қазақ әдеби тілінің қалыптасу кезеңдерін салыстырып, саралау, диалектілер мен говорлардың ара-жігін айқындау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, графикасы және орфографиясы
Қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың фонетикалық композициясын, дыбыстар жүйесінің жіктелімін, фонетикалық заңдылықтарды меңгерту, қазақ жазуының онтогенездік жағдайы, қазақ тілінің өзекті мәселелерін білу, қазақтың белгі жүйесі мен қазақ жазуының тарихына шолу, жазуды кезеңге, ұлттық шығу тегіне бөлу, қазақ жазуының тарихы, латын графикасы туралы пікірталас жүргізу, қазақ жазуында қолданылған әліпбилер және ондағы қайшылықтарды саралау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақ жазуы мен әдеби тілінің тарихы
Қазақ жазуы мен ұлттық әліпби теориясы, қазақ орфографиясының негізгі принциптері, қазақ тілінің фонемографиялық ерекшелігі, руникалық жазу, көне түркі әліпбиі мен жазуының қалыптасуы, түркі тілдерінің генеологиялық байланысы, әдеби тіл туралы жалпы мағлұмат, әдеби тіл табиғаты туралы ғылыми көзқарастар мен анықтамалар, әдеби тілдің нормалық және стильдік белгілері, әдеби тілдің БАҚ тілімен байланысы, әдеби тілдегі сөздік қор мен сөздің құрам арақатынасы, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері мен қайнар көздері, Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Шешендік өнер және әдеби шығармашылық
Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің шығу тарихы, оның мазмұны мен құрылысы туралы білімін қалыптастыру, шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты, өзге ғылым салаларымен байланысы, шешендік өнерді меңгерту жолдарын анықтау, шешен сөйлеу мәдениеті мен әдеби шығармашылық ерекшеліктерін талдау, жыраулар шығармаларындағы үндестік туралы білімдерін жетілдіру, көркем жазу щеберлігін арттыру, әдеби шығармаларға байланысты сценариі жазу дағдыларын игеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркологияға кіріспе
Студенттерге түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың топтастырылуы мен өзара жіктелуі жайы, әрбір түркі тілінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, олардың бір-бірінен алыс-жақындығын ажырата білуді үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ әдебиетінің тарихы (ХI-ХІХ ғасыр)
ХІ-ХІХ ғғ. қазақ әдебиетінің зерттелуі, ХІ-ХІХ ғғ. қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін меңгеру, халық поэзиясы, клерикалық әдебиет, көне әдеби жәдігерлерді, дидактикалық, философиялық, әлеуметтік тақырыптарға жіктеу, толғаулар мен дастандардың өзіндік ерекшеліктерін ашу, Х І- ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік сипатына талдау жасау, әдебиеттегі дәстүр жалғастығы, әдеби мектеп, әдеби ағым, әдеби бағыт ьуралы білімдерін тереңдету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әдебиеттану ғылымының мәселелері
Қазіргі ғылымдағы проза, поэзия, драматургияның көркемдік сипатына тән өзгерістерді анықтау, қазіргі әдеби жанр табиғатын жаңаша зерделеу, компаративистиканың өзекті мәселелерін талдау, әлемдік әдебиеттанудағы аталған ұғымдар туралы пайымдаулар мен пікір қайшылықтарды салыстыру, семиотиканың әдеби шығарманы талдаудағы рөлін анықтау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Шығыс әдебиеті
Шығыс әдебиетінің классик ақын-жазушыларының шығармаларындағы дүниетаным мәселелерін талдау, шығармаларындағы дәстүр жалғастығын салыстыру, қазақ әдебиетіндегі ұлттық салт-дәстүрлердің әдебиет тарихындағы көрінісін ашу, баға беру, әлем әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы адамгершілік мәселелеріне талдау жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Стилистика және сөз мәдениеті
Пәннің мақсаты - тіл мәдениеті мен стилистика ғылымының теориялық негіздерін, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдарын, стильдік тармақтарын, оларды ажыратудың жолдарын, стилистикалық нормаларын білу, тілдік тұлғалардың қолданылуын, стилистиканың негізгі мәселелері мен әдістерін, стилистика және оның жалпы халықтық тілге қатысын, лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын меңгеру, тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысындағы тілдің коммуникативтік эстетикалық қызметін стилистикалық талдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиет тарихы мен теориясы
Әдебиеттің болмысы мен бітімін меңгеру, әдебиеттің даму кезеңдерін білу, образ және образдылық туралы білімдерін тереңдету, әдеби шығарманың сыры мен сипатын салыстыру, әдеби шығарманың мазмұны мен пішінін ажырату, көркем әдебиеттің тілін талдау, көркем әдеби туындының ішкі құрылымын анықтау
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тіл және коммуникация
Тілдік қатынас мәселесінің басты қағидаларын, тілдік заңдылықтарымен және ұстанымдарын, адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың ереже, үлгілерін білу, тіл арқылы түсінісудің жеке ой–пікірін дұрыс, сауатты жеткізудің негізгі бағыттарын меңгеру, Cыртқы лингвистика, Ішкі лингвистика салаларына қатысты ғылыми еңбектермен жұмыс жасай алу қабілетіне ие болу
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің тарихы (ХХ ғасыр және Алаш әдебиеті)
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің тарихы, зерттелуі, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары білу, XX ғасырдың басындағы қазақ баспа сөзі және ұлттық мұраттар туралы зерттеулер жүрзізу, XX ғасырдың басындағы жанрлық дамуына талдау жасау, қазақ тарихи романдарының қалыптасу үрдісін меңгеру, ҰОС жылдарындағы қазақ лирикасы мен прозасының дамуы бағыт саралау, қазақ әдебиетіндегі ұлттық характер болмысын ашу, Алаш әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы ұлттық идеология мәселелерін насихаттау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақ тілінің терминологиясы және лексикография
Қазақ терминологиясы, олардың жасалу әдістерін, терминологияның жалпытеориялық мәселелерін, қазақ тіліндегі техникалық терминологияның ерекшеліктерін, термин сипаттаудың лексикографиялық тәсілдері мен құралдарын білу, морфологиялық-синтаксистік терминжасам, ғылыми-зерттеу еңбектерін талдау, ғылыми оқулықтарды, сөздіктердің маңызы мен мәні, сөздіктердің құрылымын, дұрыстығын, аударылу сауаттылығын тексеріп, өзіндік қорытынды жасау
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Б. Момышұлы және тұлғатану проблемалары
Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылық жолын білу, Б.Момышұлының күнделіктері мен естеліктері, мақал – мәтелдері мен афоризмдері, публицистикасы мен әңгімелері, хаттарын талдау Б.Момышұлының көркем шығармаларындағы рухани құндылықтарды зерделеу, Б. Момышұлы туралы жазылған естеліктердегі батыр бейнесінің ерекшеліктерін ашу, Б.Момышұлы шығармаларындағы тұлға мәселесі туралы жазылған ой-толғамдарын талқылау. Тұлға мәселесіне қатысты басқа да ойшылдардың пікірлері мен зерттеулерімен жұмыс жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы
ЖИ бойынша теориялық білім мен құралдарды қолданудағы құзыреттіліктерді дамыту, заманауи интеллектуалды жүйелерді тұтас түсінуді қалыптастыру; ЖИ-дағы білімді көрсетудің негізгі ұғымдарын, бағыттарын және модельдерін зерттеу, мамандандырылған құралдар арқылы профильдік жүйелерді жобалауға үйрету. ЖИ негіздерін, білімді көрсету модельдерін меңгеру. ЖИ әдістерін негізгі интеллектуалды жүйелерде қолдану дағдысы. ЖИ-технологияларды енгізудің әлеуметтік салдары қабілетін талдай білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Лингвистика тарихы мен теориясы
Тіл теориясы, лингвистикалық ғылымдардың қалыптасуы мен дамуы туралы білім беріледі, әлем тілдерінің құрылымдық, әлеуметтік, тарихи дамуының өзекті мәселелері және оның жалпы заңдылықтары зерттеледі, лингвистиканы зерттеу және талдау әдістері микролингвистикалық және макролингвистикалық мәселелерді қамтиды, оқытуда бұл сұрақтар практикалық жұмыс арқылы тілдік талдаумен біріктіріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиеті : ХХ ғасыр
Әдебиет тарихының ғылыми тұрғыдан саралануын білу, жеке қаламгерлердің сыншылық қызметтері мен сыни мақалаларын талдау, сынның ғылыми, идеялық, көркемдік дәрежесін ашу, сынның өзіндік құрылымын, даму заңдылығын меңгеру, әдебиеттің баспасөздің дамуына қосқан ықпалын, сол арқылы шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын меңгеру, ХХ ғасыр әдебиетінің басты талаптары мен негізгі принциптерін ұстану, оның орындалуының жолдарын, этаптарын және оның әдіс-тәсілдерін үйрену.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық
Пәннің мақсаты – студенттерді экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптері мен заңдылықтарымен таныстыру, нарықтық экономикада тиімді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; құқықтық жүйе мен заңнаманың негіздерін үйрету, сондай-ақ коррупцияға қарсы күрес шаралары мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы әділ қоғам құруға бағытталған сана мен дағдыларды дамыту; қаржылық білімін жетілдіру, жеке қаржыны тиімді басқаруға қажетті дағдыларды қалыптастыру, қаржы өнімдері мен инвестицияларды дұрыс таңдауға қабілеттілігін дамытуға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тәуелсіз қазақ әдебиеті
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің одан кейінгі кезең әдебиетімен байланысын анықтау, 2000 жылдардан кейінгі әдебиеттің жанрлық, идеялық-көркемдік жағынан толысуын ұғындыру, кейіпкерлер сипатын ашу, жаңа әдеби жанрлардың қалыптасуы мен дамуының алғышарттарын талдап, саралап көрсету, Тәуелсіз қазақ әдебиеті бойынша бағдарлама негізінде алған материалдарды өз бетінше талдай алуға, оқу пәні бойынша жинақтаған білімдерін өмірде қолдана алуға дағдылану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Тіл біліміндегі өзекті мәселелер, теориялық тұжырымдар мен концепциялар, тіл білімінің даму парадигмалары, құрылымдық, антропоцентристік және функционалды парадигмаға аясындағы жаңа бағыттар, ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы лингвистикадағы басым бағыттар, әлемдік және қазақ тіл білімінің даму ерекшеліктері, тілді зерттеудің заманауи аспектілері
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің тарихы (1930-1960-2000жж.әдебиет)
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын, көркем шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін талдау, жетістіктерін ашу, әдебиеттанушылардың теориялық зерттеулерін салыстыру және зерделеу. ХХ ғасыр әдебиетіне жаңалық енгізген туындыларды бағалау, ХХ ғасырдың әдеби тенденцияларын талдау, ХХ ғасыр жазушыларының дүниетанымдық және көркемдік тұжырымдамаларын зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен морфологиялық құрлымы
Қазақ тілі сөзжасамының теориялық қисындары мен сөзжасамдық зандылықтары, сөзжасамның негізгі тәсілдері арқылы жасалатын туынды сөздердің мағыналық құрылымы, сөзжасамның аталым теориясы және уәждеме теориясы арқылы айқындалу жолдары, сөзжасамның негізгі заңдылықтары мен туынды сөзге қатысты талдау, грамматика және оның салалары, негізгі грамматикалық ұғымдары, сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары, жұрнақтар мен жалғаулардың, сөз формалары мен жасалу тәсілдері, сөздерді таптастыру принциптері, сөз таптары мен оның түрлерін, көмекші сөздер мен олардың қызметтері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазіргі қазақ тілінің морфонологиясы
Морфеманың фонологиялық құрылымын меңгеру, морфонологияның зерттеу нысаны ретінде морфемалар жігіндегі дыбыстық алмасулар мен дыбысталудың түрлі нұсқаларын жан-жақты қарастыру, морфонология туралы зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарын салыстыра отырып қорытынды жасау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Түркі әлемі және Жамбыл өңірі ақын-жазушыларының шығармашылығы
Жамбыл өңірі ақын-жазушыларының шығармашылығын меңгеру, Жамбыл өңірі ақын-жазушыларының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен жаңалықтары, стиль ерекшеліктерін талдау, Түркі халық ақындары салған әдеби мектептерді анықтау, ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырларын талдау, оларды қазақтың батырлық эпостарымен салыстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің грамматикасы
Тілдің грамматикалық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, тіл салалары, грамматиканың іштей саралануы мәселесін салыстыру, өзара лингвистикалық байланыс пен тілдің өзіндік ерекшеліктерін талдау, негізгі грамматикалық ұғымдар мен олардың тілдегі берілуі мен көрінісін меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің синтаксисі (жай және құрмалас сөйлем)
Пәннің мақсаты - синтаксистік негізгі ұғымдарды, синтаксис салаларын, өзара байланысын, синтаксистік қатынас және оның түрлерін білу, сөз тіркесі, сөйлем туралы дәстүрлі және заманауи көзқарастарды тілдік бірлік ретінде үйрету, жай және құрмалас сөйлем синтаксисі заңдылықтарын ажырату, филолог-мамандардың болашақ кәсіби жұмысына қажетті сөйлемнің құрылымдық семантикалық түрлерін, олардың ерекшеліктерін, сөйлем мүшесіне тән белгілер, сөйлем мүшелерінің сөз таптарына қатысы мәселесін меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму
Пәннің мақсаты-тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен, қазіргі экологиялық проблемалармен және тұрақты дамуға қол жеткізу тұжырымдамаларымен таныстыру. Жалпы экология қағидаттары мен адамзаттың даму қағидаттары бар экожүйелердің даму заңдылықтары, ғылыми-техникалық прогресс, ҚР Экологиялық қауіпсіздігінің негізгі мәселелері зерделенетін болады. Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы негізгі ұғымдар мен ұғымдарды пайдалану бойынша білім мен дағдыларды меңгеретін болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
"Толық адам" ілімі
Пәннің мақсаты - Абайдың «Толық адам» ілімі ауқымында түркі руханиятындағы ізгілік ілімдерінің алғышарттарымен, тарихи негізді жүйесімен, туындау, даму тенденцияларымен таныстыру; Ұлттық модельдегі құндылықтық нормалар мен олардың насихатталу жайын дәйектеп, саралау; «Толық адам» ілімінің тұлғалық, қоғамдық дамудағы рөлін түсіндіру; «Толық адам» ілімі жүйесін қамтитын ғылыми категориялардың барысымен таныстыру; Аталған ілімнің рухани-интеллектуалдық бағыттағы концептуалдық рөлін нақтылы талдаулар мен теориялық дереккөздер желісінде айқындау; Абайдың рухани-шығармашылық мұрасындағы «Толық адам» ілімінің поэтикалық желісін талдаудың әдістерін, технологияларын үйрету. «Толық адам» ілімінің - қоғамды ізгілендіру бағытындағы ренессанстық сипатын ұғындыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ғылыми жобалау әдістемесі
Ғылыми таным әдіснамасын білу, қажетті ақпаратты жинақтау үшін ғылыми әдебиетпен жұмыс жасай білу әдісін меңгеру, реферат, баяндама жазып, көпшілік алдында сөйлей алуға дағдылану, ғылыми іс-әрекет, оның ерекшеліктерін талдау, ғылыми жоба жазуға дағдыландыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жаңартылған білім беру мазмұнында қазақ әдебиетін оқыту
Қазақ әдебиетін оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, қазақ әдебиеті және пәнаралық байланысын меңгеру, әңгіме әдісі, кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі, оқушы білімін тексеру әдісін білу, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар арқылы оқушы белсенділігін танытатын мәселелер туғызу, білімін арттыратын тәсілдер арқылы көркем мәтінді талдай алу қабілетін меңгеру, оқушының тәжірибелік жұмысын бақылау, әдебиетті оқытуда әдістердің түрлерін талдау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тілді оқытудың инновациялық технологиялары
Қазақ тілін жаңа инновациялық техникалар арқылы оқыту, білім алушының білімін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін, білім беру жүйесіндегі жаңашыл педагог бағыттарының теориялық негіздерін білу, қазіргі әдістеме ғылымындағы оқытудың жаңа технологиясының өзекті мәселелерін меңгеру. Қазақ тілін заманауи технологиялар арқылы, басқа ғылымдармен байланысын ескере отырып оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Іскери стильдегі мәтіндерді рәсімдеу және аудару
Ресми-іс қағаздары стилінің түрлері, ресми-іскери стильдегі мәтіндердің қызметі, мәтіндерді аудару кезінде түпнұсқаның маңыздылығы, ресми құжат мәтінінің авторына қойылатын талаптар, ресми-іскери, заң мәтіндері стилінде тұрақты тіл бірліктердің қолданылу ерекшеліктері, ресми мекемелердің негізгі құжаттарының шаблон үлгілері, аудармашының (тәржімеші) ескі үлгілер бойынша жаңа мәтінді құрастыру мәселесі, ресми-іскери стиль мен ғылыми стильдің байланысы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы және ұлтаралық әдеби байланыстар
Әдебиет теориясын меңгеру, сөз өнерінің тарихын, табиғатын, оның әдістері мен методологиясын салыстыру арқылы талдау, отарлау кезеңіндегі әдебиеттің жаңалықтарын білу, теория мен практиканы ұштастыруда қазіргі заман талаптарына сай шешім қабылдау, әдебиеттану ғылымының зерттелуін саралау, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Пәннің мақсаты – ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, ғылыми жұмысқа қажетті дағдыларды дайындау және дамыту. Оқытылады: жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, зерттеу әдістемесі, деректермен және бастапқы дереккөздермен жұмыс, зерттеу жұмысын коммерцияландырудың мақсаттары мен міндеттері, материалды баяндаудың ғылыми стилін меңгеру. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда практикалық дағдыларды меңгереді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдеби аударманың теориясы мен практикасы
Аударманың теориялық мәселелерін, аударма жасаудың техникасын, әдіс-тәсілдерін меңгеру, тілдің грамматикалық, лексикалық және стилистикалық ерекшеліктерін білу, мәтіндегі мағыналық сәйкестікті ажырату, аударманың технологияларының сипатын ашу, аударманың мазмұндық сипатын өзгертпей беру, аударманың жалпы теориясын білуге дағдыландыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Когнитивті лингвистика
Когнитивті лингвистиканың мақсаты мен міндеттерін, қалыптасу, даму ерекшеліктерін, зерттелу тарихын меңгерту. Когнитивті лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысын, негізгі категорияларын саралау, когнитизм және когнитология категорияларына, когнитологияның жеке тармақтарына, тіл мен сана, тілдік таным және ғаламды тілдік зерделеу процестеріне талдау жасау, оқыту нәтижесінде студенттердің ойлау қабілетін, қоршаған ортаны зерттеп-тану қасиетін, өзіндік ой-пікірін дәлелдеп жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби редакциялау теориясы
Көркем шығармаларды редакциялау жұмыстарының әдіс-тәсілдерін білу, түрлі әдебиеттерді редакциялау, қателіктермен жұмыс жасау, көркем шығармалардың мәтіндеріне түзету жұмыстарын жүргізу, әдеби өңдеу жұмыстарының өзіндік ерекшеліктерін білу, түпнұсқа мен аударманы ажырату тәсілдерін үйрену, редакциялау қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мәтін лингвистикасы
Мәтін түрлері, белгілері мен құрылымдық ерекшеліктері, мәтін теориясының негізгі ұғымдары мен категориялары, мәтіннің шындық болмысты таныту әлеуеті, мәтін түзу заңдылығы, мәтін бірліктері, мәтіннің байласымдылығы мен тұтастығы, уақыт және кеңістік категориялары, мәтіндегі автор және тілдік тұлға мәселесі, мәтінді құраушы элементтер және байланысу амал-тәсілдері, мәтіннің интерпретациясындағы лексикалық, морфологиялық және синтаксистік деңгейлерінің бірліктері, мәтін интеграциясы туралы ұғым, мәтін және сөйлеу мәдениеті, мәтіннің мағыналық, коммуникативті, құрылымдық ерекшеліктері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік тіл білімі
Тілдің пайда болу және даму тарихы, тілдің әлеуметтік болмысы, тілдің әлеуметтік қызметі, әлеуметтік факторлардың тілге ықпал ету заңдылықтары, тіл және этнография, мемлекеттік тіл саясаты, ұлттық тіл түсінігі, тіл және тарих арақатынасы, тіл және қоғамдық құрылымдар арасындағы қарым-қатынас, әлеуметтік тіл біліміндегі зерттеу жүргізу әдіс-тәсілдері, әлеуметтік тіл білімінің ұғымдық аппараты, әлеуметтік тіл білімінің заманауи ғылыми-зерттеулері
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиеті сынының тарихы
Студенттерді әдеби шығармалармен таныстырып, әр кезеңдегі сыни зерттеулерге талдау жасау. Дұрыс әдеби сын туралы түсінік беру. Әр кезеңдегі сынның ерекшеліктерін талдау арқылы сын тұрғысынан ойлауға дағдаландыру. Кеңес дәуіріндегі сын мен тәуелсіздік жылдарындағы сынды талдау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шетел әдебиетінің тарихы
Пән мақсаты- шетел әдебиетінің теориялық ұғым-категориялары мен бағыттарын меңгерту, әлемдік әдебиет туралы жан-жақты мәлімет беру, шетел әдебиетінің қалыптасу, даму кезендерін салыстыру, шетел әдебиеті жазушыларының мұраларымен танысу арқылы сын тұрғысынан баға бере білу, көркем шығармаларға тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдай алуға дағдыландыру, әлемдік әдебиет шығармаларын тану арқылы, өз пікірлерін тұжырымдап, саралау арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлемдік әдеби процесс: ХХ ғасыр
Әлем әдебиетінің тарихы мен қоғамда алатын орнын білу, отандық тілге аударылған көркем шығармаларды, тарихи-әдеби процестерді,олардың негізгі ерекшеліктерін меңгеру, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуын, дүние танымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерін толықтай меңгеру,Әлемдік әдебиеттегі озық әдеби үдерістер туғызған шығармалармен жұмыс жасап, оларға талдау жасай алу қабілетіне ие болу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Филологиялық білім берудегі тілдік талдау
Филологиялық мәтінді талдау әдіс-тәсілдері, мәтіннің идеялық және көркемдік ақпаратын танытудағы тілдік бірліктердің маңызы, мәтіннің құрылымдық бірліктері, тілдің бірліктердің эксплицитті және имплицитті мағыналары, жанрлық-стильдік талдау, тарихи-мәдени талдау, мәтін поэтикасы, дискурстық талдау, филологиялық талдау жүргізудің принциптері, мәтіннің тілдік, танымдық, прагматикалық аспектілері, тілдік талдаудағы тұрақты тіл бірліктердің ерекшелігі, көркем шығарманы талдау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
Оқыту нәтижелері
- Тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби салаларда негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін қоғам мен мемлекет дамуының тарихи, мәдени, философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық негіздерін, сондай-ақ экономика, құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық салаларындағы жан-жақты түсінігін көрсетеді.
- Зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін ғылыми білімді пайдалану, сондай-ақ ғылыми және кәсіби қызметке заманауи технологиялар мен инновацияларды тиімді енгізуге мүмкіндік беретін іргелі және практикалық дағдыларды меңгеру.
- Лингвистикалық ғылым мен әдебиеттану терминологиясын біледі, тілдік және әдеби процестердің даму заңдылықтарын ажырата алады, әлемдік тарихи-мәдени, тарихи-әдеби тенденцияларды ескере отырып, теориялық лингвистика мен әдебиеттану бағыттарын айқындайды, фонетиканың қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын талдайды.
- Шешендік сөздерді тиімді құрастырады, кез келген аудиториямен қарым-қатынас орнатады, шешендік өнердің техникаларын пайдаланады, балалар санасын қалаптастыратын, дүниетанымын кеңейтетін көркем шығармаларды талдай отырып, инклюзивтілік жағдайлар туралы шығармаларды сараптайды, инклюзивті әдебиет туралы зерттеу жұмыстарын жасайды, Б.Момышұлының тұлғалық ерекшеліктерін, шығармаларының идеологиялық, эстетикалық мәнін түсінеді, шығыс әдебиетінің қазіргі әдебиетке әсерін ықпалын сараптайды.
- Қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі даму ерекшеліктерін меңгереді, әлемнің әдеби, мәдени мұрасын қарастырады, Жамбыл өңірі ақындары мен жазушыларының, сондай-ақ тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби қайраткерлердің көркем шығармаларына негізделген жаңа идеяларды анықтайды, ғылыми мәселелерді бағалап, талдау барысында шығармашылық шешімдер қабылдайды.
- Әдебиеттанудың теориялық негіздерін ескере отырып, шығармашылық қиял қабілеттілігін көрсетеді, шетел әдебиеті тарихы кезеңдерінің даму ерекшеліктерін салыстырады, әдебиет теориясының негізгі компоненттерін анықтай алу қабілетіне ие болады, әдеби терминдер мен мәтіннің прагматикасын ескере отырып, дереккөздерді зерттейді.
- Қазақ тілінің морфологиясы мен синтаксисінің құрылымын, даму кезеңдерін және ерекшеліктерін анықтайды, әртүрлі ұйымдастыру кезеңдеріндегі күрделі мәтіндерге талдау жасайды, тіл білімінің іргелі принциптерін ескере отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, лингвистикалық мәтіндерді құрастыра алатын қабілетке ие болады.
- Тіл білімінің жаңа бағыттарының іргелі қағидалары мен даму ерекшеліктерін сипаттау, қоғамның әлеуметтік, технологиялық өзгерістерінің тілдің сөздік қоры, қоғамның тілдік санасы мен сөз қолданысына ықпал ету заңдылықтарын түсіну.
- Қазіргі қазақ тілі терминологиясының ерекшеліктерін талдайды, тілдік қарым-қатынаста және мәтінмен жұмыс істеуде тілдік және стильдік нормаларды сақтайды, кәсіби және гуманитарлық мазмұндағы мәтіндерді редакциялайды, тілдің типологиялық зерттеулері мен функционалдық ерекшеліктері бойынша салыстырмалы жұмыс жүргізу қабілетіне ие болады..
- Көркем шығармаларға сыни шолулар жасайды, мәтінмен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында веб-сервистерді және басқа құралдарды тиімді пайдалана алады, әлемдік әдебиет тарихының даму және қалыптасу кезеңдерін біледі, әдеби теория мен тұжырымдамалар мәселелерін анықтау қабілетіне ие болады, аударылған материалды редакциялайды және түзете алады
- Педагогикалық қызметте инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана отырып, ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу, кәсіптік-қолданбалы құралдар арқылы филологиялық ақпаратты өңдей алу қабилетіне ие болады.