6B01901 Арнайы педагогика в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Дамуында әртүрлі ауытқулары бар балалармен жұмыс істеуге маманданған, кемістігі бар адамдарды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын және өз жұмыстарында кемшіліктерді түзетуге және орнын толтыруға бағытталған әртүрлі құралдарды пайдалануға қабілетті кәсіби білікті арнайы педагог маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B020 Арнайы педагогика
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B019 Арнайы педагогика
Пәндер
-
Мамандыққа кіріспе
Көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында бұзылысы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Есту, көру және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және патологиясы
Пән әртүрлі кемістіктерді тұғызатын себептермен клиникалық ерекшеліктерін зерттейді. Есту, көру және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы курсының мақсаты - өз мамандығына әртүрлі сезім мүшелерінде кемістіктері бар балаларды оқытып-тәрбиелеу негізінде анализаторлардың анатомиясынан, физиологиясы мен патологиясынан хабары бар, ғылыми және тәжірибелік білімді, коррекциялық педагогика мамандарын даярлау процесіне ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Олигофренопедагогика
Ақыл-есі бұзылысы бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды үйренеді. Аномальды баланың ерекшеліктерін зерттеудің жолдарын, әдістерін, оқытудың теориясын біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сурдопедагогика
Есту бұзылысы бар тұлғаларды тәрбиелеу және оқыту жүйесін меңгереді. Мақсаты: есту бұзылысының түрі мен құрамын, деңгейлерін ажырату арқылы балаларды оқуға, білім алуға ынталандыра алу және оқу әрекетін ұйымдастыру қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру. Мақсаты: "Инклюзивті білім беру" - студенттерге жалпы білім беру үдерісіне Ерекше қажеттіліктері бар немесе ерекше білімді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында базалық білім беру. Пән инклюзивті практиканы жобалау мен ұйымдастыру саласында студенттердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыруды және ерекше балаларды оқытудың мазмұны мен әдістерінің тиімділігін психологиялық бағалау әдістерін, зерттеу әдістерін, интеграцияланған оқытудың заманауи вариативтік модельдерін, жалпы білім беру жүйесінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беруді ұйымдастыру әдістерін меңгеруді қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Зияты зақымдалған балаларды тілге оқыту әдістемесі
Зияты зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тіліне оқыту әдістемесі мен технологияларымен таныстыру. Мақсаты зияты зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды зерттеу және тілге оқытудың ғылыми негіздегі әдістерін зерттеу дағдысы қалыптасыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы педагогика
Психикалық немесе дене дамуында бұзылыстары бар тұлғаларға арнайы білім берудің әдістерін, теориясы мен технологиясын зерттейді. Мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, мазмұны, құралдары мәселелері бойынша ғылыми-теориялық зерттеулер және арнайы білім беру мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері туралы толық түсініктерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Логопедия
Сөйлеу тілі бұзылыстарын, оны жою мен оның алдын алудың әдістері мен қағидаларын зерттейді, оны жоюдың жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық теория
Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық ғылымның өзекті теориялық мәселелері және оның экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы практикалық қосымшалары бойынша өз ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту; білім алушылардың экономикалық теорияның қолданбалы аспектілері саласындағы аналитикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді жалпылау, өз ұстанымын қорғауда дәлелдерді тұжырымдау және негіздеу қабілетін дамыту; өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кәсіби қарым қатынас пен коммуникацияны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың клиникалық даму ерекшеліктері
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктерімен, жүйке-психикасының бұзылуының негізгі себептерімен біледі, оларды түзету әдістеріне және алдын-алуға, емдеуге үйренеді. Мақсаты:дамуында түрлi бұзылыстары бар балалардың ерекшелiктерiн зерттейтiн ғылымның қәзiргi жағдайын, балалардың физикалық, жүйке-психикалық, зияты дамуының жағдайын бағалауды және бұл жағдайды нормамен салыстыруды, жүйке-психикалық бұзылыстарды ажырата алуды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Курсты оқудың мақсаты экономикалық ойлау тәсілін дамыту, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Бұл пән жасанды интеллекттің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру сияқты негізгі ЖИ технологияларымен танысады. Сонымен қатар, Python негізінде деректерді талдау және ЖИ модельдерін әзірлеу дағдыларын үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тифлопедагогика
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу ұйымдастыру. Мақсаты көру қабілетін жаң жақты психологиялық-педагогикалық зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы мектепте тәрбие жұмысын жүргізудің теориясы мен технологиясы
Арнайы мектептегі тәрбие процесінің негізгі ұғымдарын, тәрбиенің қозғаушы күштерін,тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі әдістерін, құралдары мен формаларын қарастырады. Мақсаты: тәрбие процесіне және тәрбие процесін басқару әдістеріне сәйкес сабақтардың құрылымдық схемаларын әзірлеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: студенттерді кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық басқару саласында теориялық біліммен, кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізудің практикалық дағдыларын игеруге көмектесу, бизнес-жоспар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтау және пайдалану
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық жүйесі
"Құқық жүйесі" пәнін игерудің мақсаты білім алушылардың ұлттық заңнама саласында білімді, дағдылар мен құзыреттерді игеруі болып табылады. Курс бойынша қоғамдық қатынастар мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде қарастырылады, құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде зерттеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
Табиғат және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптері және адамның мекендеу ортасымен қауіпсіз өзара әрекеттесуді және қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғану жүйесімен еңбек қауіпсіздінің негіздері туралы кешенді білім беру. Білім алушылардың бойына экологиялық тұрақтылықты дамыту үшін ластаушы заттардың шығарындылары экожүйелердің ассимиляция қабілетінен аспауы керек тіршілікті ұйымдастыруды және адамның тіршілік әрекетінде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда тірі қалудың алғы шарттарын үйрету және кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау қызметінің негізгі аспектілерін қамтитын білім мен дағды қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Танымдық әрекеттерді түзету
Оқу үрдісінің динамикасындағы танымдық белсенділікті арттыру жолдарын, өнімді өзара әрекеттесуді түзету және дамытудың тәсілдерін меңгереді. Мақсаты көрнекі қабылдау мен тануды дамыту, көру жадын, заттардың қасиеттері (түсі, пішіні, өлшемі) туралы жалпылама түсініктерді қалыптастыру, кеңістіктік бейнелерді және бағдарлауды дамыту, уақытша түсініктерді дамытуды, есту зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту фонетикалық және фонематикалық бейнелеуді дамыту, дыбыстық талдауды қалыптастыру әдіс-тәсілдерін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім берудегі Тьютор қызметі
Инклюзивті білім беруді Тьюторлық қызметтің нормативті-құқықтық міндеттерін, тьюторлар қызметінің мазмұны мен ерекшелігін біледі. Тьюторлықтың әдіснамасы туралы түсінік меңгереді. Тьюторлық қолдау көрсетудің технологиялары мен әдістерін игереді. Алынған білімді тәжірибеде қолда алу, оқыту технологияларының сапасын бағалау, талдау жасау және сараптама жүргізу біліктері қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Күрделі бұзылыстары бар балаларды кешенді оңалту
Күрделі бұзылыстары бар балаларды оңалтудың тәсілдері туралы ғылыми мәліметтерді меңгереді. Адам дамуының әәр кезеңіндегі ауытқушылықтардың себептерін, пайда болу жолдарын біледі және соны түзетудің кешенді әдістерін жүргізе алады. Бұзылыстардың ерекшеліктерімен танысады және жан-жақты түзетуді, бұзылысты алдын алу жолдарын үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дамуында күрделі бұзылысы бар балалардың психофизиологиясы
Дамуы мен оқуына әсер ететін психикалық және физикалық салалардағы күрделі бұзылыстарды зерделеу. Мақсаты дамудағы психофизиологиялық өзгерістерді психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың жолдарын үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Невропатология
Жүйке жүйесі ауруларының себебі мен механизмін анықтау, емдеу және олардан сақтандыру әдістері туралы білімдерді қалыптастырады. Мақсаты; жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің құрылысымен жүйелі түрде танысады, оның қызметінің және дамуының негізгі заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау
Ерекше білімді қажет ететін балалардың білім алуы мен тәрбиесімен қатар баланың қоршаған ортада өзін еркін ұстауға, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуіне, өзіне қызмет ете алу дағдыларын қалыптастырудың жолдарын үйренеді. Мақсаты түзете-дамыта оқыту сыныбындағы өткізілетін әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу сабағында балалардың өзін-өзі басқара алуға, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге, тұрмыстық құралдармен жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту жұмыстары жөнінде түсінік беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ерте балалар аутизмі кезіндегі түзету жұмыстары
Аутизм спектрі бұзылған балаларда жағымсыз мінез-құлықты түзету жұмысының психологиялық-педагогикалық әдістерін меңгереді; аутизм спектрі бұзылған балалармен эмоционалды байланыс орната алады, қорқыныштан арылуға, агрессияны тоқтатуға бағытталған аутизм спектрі бұзылған балалардың белсенділігін ынталандырады; Мақсаты: білім алушыға аутизм спектрі бұзылған балаларды оқытуда жаңа технологияларды қолдана алуға үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Церебральді сал ауруымен ауыратын балалардың жүргізілетін оңалту жұмыстары
Церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың бас миының бұзылысы, тірек-қимыл аппаратының және сөйлеу тілінің бұзылысы туралы мәліметтерді алады. Церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың жүйке жүйесіндегі бұзылыстардың әсерін біледі және оңалту жолдарын қарастырады. Мақсаты: Балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі бас миының, сөйлеу орталықтарының және қимыл қозғалыстарының ерте органикалық бұзылысының түрлерімен таныстыра отырып, оңалту жұмыстың ерекшеліктерін үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Болашақ мамандарда зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және таңдалған тақырып бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды іріктеп алу, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мінез-құлық үлгілерін зерделеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кіші мектеп жасындағы дамуында ауытқуы бар балалардың психодиагностикасы
Кіші мектеп жасындағы дамуында бұзылысы бар балаларға психодиагностика жүргізудің педагогикалық, ғылыми-теориялық және практикалық білімдерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуға құқығын қамтамасыз етуді болжайтын әлеуметтік-білім беруді, олардың жан-жақты дамуы мен білім алуына жағдай жасау жұмыстарын қарастырады. Мақсаты: арнайы білім беру бағдарламаларын, психологиялық-педагогикалық көмекті, отбасын қолдауды ұйымдастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Зияты зақымдалған тұлғаларды әлеуметтендіру
Зияты зақымдалған тұлғалардың әлеуметтік рөлдерін, басқа адамдармен қарым-қатынасын және қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету процесін біледі. Мақсаты: Зияты зақымдалған тұлғаларды әлеуметтік ортаға бейімдеудің әдістерін, түзету-дамыту жұмыстарын үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түзету ритмикасы мен логомассаж
Сөйлеу тіл бұзылыстары бар балаларға жүргізілетін ритмикалық гимнастика және логомассаж тәсілдерімен түзету жолдары қалыптасады. Мақаты: Білім берудің арнайы ұйымдарында логопедиялық сабақтарды түзету ритмика мен логомассаж әдістерін енгізу үшін қажетті икемділіктерді мен дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы (түзету) мектепте Дүниетану негіздерін оқыту технологиялары
Арнайы (түзету) мектепте дүниетану негіздерін оқыту тәсілдерін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан адам, қоғам және табиғаттың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырады; Дүниетануды оқытудың арнайы әдістерін, оқытудың теориясы мен технологиясын үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Психикалық дамуы тежелген тұлғалаларға білім беру
Оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші яғни, психикалық дамуы тежелген балаларға арнайы білім беру тәсілдерін меңгереді. Психикалық дамуы тежелген тұлғалардың ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, ерік-жігер сферасын тиімді әдістер арқылы түзете-дамыту және оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Зиятында ауытқушылығы бар балаларды сауат ашуға оқыту
Зиятында ауытқушылығы бар балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың оқу және жазу дағдыларын дамытады. Мақсаты: бейімделген оқыту әдістері мен бағдарламаларын қолдануға, сондай-ақ балалардың осы дағдыларды меңгеруі үшін түзету көмегін көрсетуге негізделген.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі логопедия
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін тексеру, сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету бойынша жұмыстарын қарастырады. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін тексеру, зерттеу заманауи психокоррекциялық технологияларды қолдану еркшеліктері жөніндегі теориялық және практикалық түсініктерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Зиятында ауытқуы бар балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасының негіздері
Зиятында ауытқуы бар балалардың психикалық денсаулығының мәселелерін анықтау және түсіну, жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін анықтау, қолдау және көмек көрсету шараларын әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында оларды жан-жақты зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі олигофренопедагогика
Мектепке дейінгі зиятында зақымалған балаларды оқытудың әдістері мен тәсілдерінің түрлерін біледі. Пәнді оқу барысында ауыр деңгейдегі ақыл-ой кемшілігі бар балаларды оқыту мен түзете-тәрбиелеудің мақсаты, міндеті, қағидалары, оқыту мазмұны меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Күрделі бұзыстары бар балалардың психоматорлы дамуы
Күрделі бұзылыстары бар балалардың психомоторлық және дене дамуының ерекшеліктерін зерттейді, күрделі бұзылыстары бар балалардың аномальды дамуының жалпы заңдылықтары, психомоторлық дамуының бұзылыстарының негізгі заңдылықтары туралы түсініктерді қалыптастырады. Күрделі бұзылыстары бар балалардың психомоторлық дағдыларын дамытуда әдіс-тәсілдерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы білім берудегі артпедагогика және арттерапия
Түзету-педагогикалық процесінде артпедагогика әдістерін пайдалану формалары мен мүмкіндіктерін, педагогика пен өнерді өзара әрекеттестіріп жұмыс істеуді үйренеді. Мақсаты; түзету-педагогикалық процесінде артпедагогика және арттерапия әдістерін пайдалану арқылы түзету жұмыстарын жүргізу жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Генетика негіздері
Тұқымқуалаушылық заңдылықтарын қарастыратын генетика тәсілдерін тәжірибеде қолданылуын қамтиды. Сонымен бірге, неғұрлым ғылыми заңдарды еске алу мен оқуды және табиғи құбылыстарды түсіндіруді қалыптастыратын жаңа білімдер, жүйелік-генетикалық зерттеулер мәселелерін талқылайды. Мақсаты: Жүйелік-генетикалық зерттеулерде қолданылатын логикалық, тәжірибелік моделдерді, сонымен қатар негізгі қағидалар мен тәсілдерді дағдыларды жетілдіру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сурет салу әрекеті мен тифлографикаға үйрету технологиясы
Көру қабілеті зақымдалған балалар мектебінде сурет салу іс-әрекеті мен тифлографикаға үйретудің негізгі мақсаты мен міндеттерін біледі. Сурет салу іс-әрекеті мен тифлографикаға үйрету әдістемесі мен технологияларын меңгереді. Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әр түрлі тұрпаттары мен әдіс – тәсілдер түрін пайдалануды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектеп жасына дейінгі ерекше балаларға білім беруде заманауи технологияларды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру жүйесі бойынша теориялық білімдерді меңгереді. Мектепке дейінгі арнайы білім беру үрдісінің құрылымын, педагогикалық технологиясын, ерекше балалардың психикалық даму заңдылықтарын, арнайы заманауи психологиялық және педагогикалық зерттеу әдістерін біледі және балаларға жаңа технологиялармен білім беру бойынша құзіреттіліктері қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі сурдопедагогика
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс жүргізу бойынша арнайы білімдері қалыптасады. Есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың білім беру үрдісі мен жүйесінің мәнін, мазмұнын, құрылымын түсінеді, Мақсаты: есту қабілеті зақымдалған балаларға арнайы білім беруде педагогикалық технологиялар мен инновациялық үрдістерді, зерттеу жүргізу әдістерін үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Үй жағдайында білім алатын ЕББ қажет ететін балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Жалпы білім беру ортасында сапалы білім алу процессін жүзеге асыру. Бұл ерекше білім беруді қажет ететін балаларға өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейімделген оқу жағдайларын жасауды және психологиялық қолдауды қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Арнайы (түзету) мектепте бейнелеу өнеріне және қол еңбекке оқытудың теориясы мен технологиясы
Арнайы мектепте қол еңбегін және бейнелеу өнерін оқытудың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптасады, оқытудың теориясы мен технологиясын меңгереді. Курс барысында еңбекке, бейнелеу өнеріне оқытуды ұйымдастырудың негізгі құралдарын, тәсілдері, әдістері мен формаларын үйренеді. Арнайы мектепте еңбекке баулу және бейнелеу өнері пәндерін оқытудың ерекшеліктері туралы біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Есту қабілеті зақымдалған тұлғалаларға инклюзивті білім беру ортасында қолдау көрсету
Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға ыңғайлы және қолжетімді ортаны құру, арнайы оқыту және коммуникация құралдарын қолдану және әрбір тұлғаның қажеттіліктеріне сәйкес жеке көмек көрсете алу түсініктерін қалыптастырады. Мақсаты есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға әлеуметтік педагогикалық қолдауды көрсете алуды үйрету болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы инклюзия
Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудің тәсілдерін меңгереді. Мақсаты: инклюзивті топтардағы мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып білім беру процессін ұйымдастыра алуды үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың коммуникативті дағдыларын дамыту
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамытудың әдіс-тәсілдерін үйренеді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың коммуникативті дағдыларын қалыптастырудың, эмоционалдық күйін қалыпқа келтірудің, түзете дамыту процессті іске асырудың технологияларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Патофизиология
Әртүрлі жас кезеңдерінде дамуында бұзылысы бар тұлғалардың даму ерекшеліктерін, тексеру әдістерін, ауру белгілерінің пайда болу себептерін, физиологиялық дамудағы ауытқулардың этиологиясы мен патогенезін зерттейді. Мақсаты: зерттеу нәтижелері бойынша бұзылысы бар тұлғалардың клиникалық ерекшеліктерінің нәтижелерін талдап, түзету жұмыстарын жүргізе алуға үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қоғамдық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы білімі мен дағдыларын көрсетеді, әлеуметтік-саяси білім модулінің (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану) маңыздылығын, экономика, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық , экология, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін түсіндіреді.
- Цифрлық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллектті пайдаланады, сонымен қатар әртүрлі тілдік және мәдени орталарда еркін қарым-қатынас жасау дағдыларына ие.
- Көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойы бұзылыстары мәселелерін жіктейді, оқу процессінде талдау, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады.
- Арнайы (түзету) мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту, білім беруды жоспарлайды, әлеуметтік көмек көрсету іс-қимыл тәртібін жүзеге асырады.
- Есту, көру және сөйлеу мүшелерінің және жүйке жүйесінің анатомиясын, физиологиясын, патологиясын меңгереді, генетикалық, клиникалық ерекшеліктеріне қарай оқытуды жоспарлай алады.
- Дамуында әртүрлі бұзылыстары бар балаларға қол жетімді білім беру аймағын қалыптастырып, білім беру мен кешенді оңалту қызметтерін іске асырады.
- Әр түрлі жастағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып, білім беру үдерісіне қосады.
- Дамуында күрделі бұзылыс бар балаларға, церебраль сал ауруы, аутизмі бар, психикалық дамуы тежелген және зияты зақымдалған балаларға түзету жұмыстарын жүргізеді, артпедагогика және арттерапия арқылы психоматорлы дамытады, білім беруде заманауи технологияларды қолданады, қол еңбегі мен бейнелеу өнеріне оқытуға қабілетті.
Ұқсас БББ
6B01901 Арнайы педагогика маманын даярлау (Логопед)
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01901 Арнайы педагогика: Сурдопедагогика
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01901 Арнайы педагогика
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B01901 Арнайы педагогика (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
6B01901 Арнайы педагогика: Сурдопедагогика
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
6B01901 Арнайы педагогика (IP)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті