6B01409 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми-педагогикалық міндеттерді және білім беру саласындағы мемлекеттің стратегиялық саясатының негізгі бағыттарының мәселелерін шешуге қабілетті, жаңа формациядағы педагогты даярлау, көркем еңбек және арнайы пәндер педагогының кәсіби қызметі түрлері мен функцияларын орындау, халықаралық талаптарға сай бәсекелестікке бейімделген жан-жақты, шығармашыл ойы бар, құзыретті бакалаврларды дайындау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Сызу және сызба геометриясы
Пәннің мақсаты : проекциялау теорииясы бойынша, кескіндерде инженерлік міндеттерді шешу әдісі бойынша білім беру, сондай-ақ жалпы техникалық және графикалық мәдениетті, кеңістіктік ойлауды дамыту. Сонымен қатар ,теориялық білімді, практикалық және ептіліктерді меңгеру, әр түрлі тағайындаудағы бұйымдардың сызбасын әзірлеу және білу болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық кескіндеме
Пәннің мақсаты:студенттерге бейнелеу өнерінің тарихы мен теориялық даму процесі жөнінде тереңірек білім алып, көркем шығарманы талдауға және ол туралы пікірін сауатты жеткізе білуге үйрету, заттардың көлемі мен сынын дұрыс бейнелеу; сызықтық және кеңістік перспективаларының негіздерін, жарық пен көлеңкенің заңдылықтарын білу; Түстік және өндік қатынастармен жұмыс істей білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық сурет
Пәннің мақсаты: студенттердің академиялық суреттің бейнелеу сауаттылығының әдістерін, тәсілдері мен заңдылықтарын меңгерту. Академиялық суреттің жұмыс барысы «жалпыдан жекеге», «жекеден жалпыға» деген принцип арқылы жүргізіледі. Сурет салушы әрдайым талдау жасап, заттың тұтас пішінін бөлшектерге мүшелей отырады. Студенттің нақты материалдық әлемді графикалық талдау және ол туралы әсер ету қабілеттерін дамыту. Сурет заңдылықтарымен техникасын және салу әдіс-тәсілдерін жетік меңгеруіміз керек.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылар ағзасының өсуі мен дамуы. Жас кезеңділігі. Жеке дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі мүшелер жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері. Дамып жатқан мүшелер мен жүйелердің өзара әрекеттесуі туралы қазіргі заманғы идеялар. Оқушылардың әртүрлі дене жүйелерінің жұмыс істеуінің физиологиялық ерекшеліктері
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мамандыққа кіріспе
Пәннің мақсаты: білім алушылардың рухани – адамгершілікке тәрбиелеу жүйесінің ғылыми теориялық жолдарын меңгерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Миниатюра
Пәннің мақсаты: шағын кескіндемелік жұмыстарды салу техникалары мен әдістерін меңгереді. Қоспасыз таза таза түстерді қатар қойып пайдалану жолдарын, олардың үндестігін зерттейді. Логотип, төсбелгі, таңбалық элементтер т.б. жасау жолдарын үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инженерлік графика
Геометриялық дизайн негіздері сызба геометриясының екі элементін де қамтиды. Курс сызбалар мен геометриялық құрылымдардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ Сызба геометриясы мен проекциялық сызбаны қамтиды. Негізгі міндеттер-олардың перспективаларын анықтау және проекция теорияларына негізделген қарапайым геометриялық фигуралардан ірі сәулет құрылымдарының объектілеріне көлеңкелер салу. Болашаққа позициялық және метрикалық мәселелерді талдай білу
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Визуалды өнер (Бейнелеу өнерінің көркем құралы)
Пәннің мақсаты: бейнелеу өнерінің көркемдік құралдары, классикалық өнердің үздік туындылары, бейнелеу өнері шығармаларын орындауда қолданылатын құралдарды (акварель, тушь, майлы бояу, акрил, фломастер, қыл қалам, кенеп, қарындаш, пастель және т.б.) практикада қолдану жолдары қарастырылады. Ақпараттарды визуализациялаудың көркем еңбектегі рөлі, натюрморт өнері, ұлттық сәндік натюрморт, пейзаж, табиғатпен үйлесім, әуе перспективасымен сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пән екі өзара байланысты аспектіні қамтиды: еңбек қауіпсіздігі - бұл жұмыскерлердің кәсіби қызметі барысында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, және тіршілік қауіпсіздігі - бұл адам өмірі мен денсаулығын күнделікті өмірде қорғауды қамтитын сала. Пән шеңберінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби аурулар мен жарақаттардың алдын алу бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері мен әрекеттері (өрттер, техногендік апаттар, экологиялық қауіптер және т.б.) қарастырылады. Білім алушылар азаматтық қорғаудың негіздерін, алғашқы дәрігерге дейін көмек көрсету және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін зерттейді. Пән білім алушыларда қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарас қалыптастыруға және жұмыс орнында және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экстерьердегі ландшафт элементтері
Пәннің мақсаты: ландшафтар типке, тип тармағына және түрге жіктелуі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. белгілері. Ландшафтық әр түрлі масштабтағы ландшафтық карталар. Экстерьердегі ландшафттардың макеттеуді жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мүсін
Пәннің мақсаты: мүсін және қыш материалдарынан бұйымдар жасату арқылы болашақ маманның философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық аспектілері баяндалды, бұл мәселенің қазіргі зерттелу жағдайына талдау жасалды және оқу-тәрбие процесіндегі орны анықталды, мүсін және қыш материалдарынан бұйымдар жасату арқылы болашақ маманның кәсіби біліктілігін қалыптасуының теориялық моделі құрылып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері негізделеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогика
Пән студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстыруға, оның педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған. Оқыту процесінде адамның жеке ерекшеліктері, ақыл-ой еңбегінің, өздігінен білім алу мәдениеті қарастырылады; педагогикалық міндеттерді өз бетінше шешу біліктері мен дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы
Пәннің мақсаты: қара және түсті металдар мен олардың қорытпалары мен бейметалл материалдарды оқу; Металдарды, олардың қорытпаларын және с.х бөлшектерін термиялық өңдеу теориясының негіздері. машиналар; құю өндірісінің негіздері және металдар мен пластмассаларды қысыммен өңдеу; металл дәнекерлеу; дайындамадан бөлшек алудың қолданыстағы процестерінің негіздерін; кескіш құрал материалдарының теориясы, олардың кесудің физикалық-механикалық негіздері; кесуге арналған станоктар мен аспаптар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Композиция
Пәннің мақсаты: композицияның негізгі заңдары мен ережелерін, тәсілдері мен құралдарын, қасиетті, көлемді, тереңді-кеңістіктікті түрлерін үйретеді. Көзбен көріп қабылдаудың заңдылықтарын пайдалана білуге үйрету. Бейнелеуді жұмыстың жазықтық шекарасында сауатты қарастыру тәсілдерін меңгертеді. Материалдардың көлемдік және түсті-графикалық өңдеуінің әр түрлі тәсілдерін пайдалану жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Пәнінің мақсаты: Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері курсы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дизайн негіздері
Пәннің мақсаты: дизайнның ғылыми таным әдістері, жоба жасаудың негізгі принциптері, жоба нысаны. Дизайн түрлері: өндірістік дизайн, орта дизайны, жарнама дизайны және олардың адам өміріндегі маңызы жайлы оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Сурет
Пәннің мақсаты: студенттерді қазіргі әлемдік өнердің даму үрдісімен, академиялық суреттің бейнелеу тілінің әдістерімен таныстыру; пәндік әлем нысандарын, кеңістік пен адам фигурасын бейнелеуге үйрету.Пән суреттегі тұжырымдамалық идеяны, жобаны зерттеу және эскиздерді өңдеу дағдыларын визуалды түрде жүзеге асыруды барынша арттыру әдісі ретінде қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты - ұтымды экономикалық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру; болашақ жұмыс үшін маман ретінде қаржылық сауаттылық білімдерін игеру және экономикалық салада тиімді өзін-өзі жүзеге асыру. Курс алынған білімді күнделікті өмірде одан әрі тиімді қолдану мақсатында жеке қаржылық жоспарлау, депозиттер, қаржы және кредит, сақтандыру, инвестициялар, зейнетақы, салықтар және басқа да қаржы санаттары сияқты негізгі бөлімдерді қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік
Пәнін оқыту мақсаты - студенттерге кәсіпкерлік түсінігінен бастап, оны ұйымдастыру, қызметін жүзеге асыру, дамыту, тиімділігін бағалау және шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың өзге де теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын меңгеруге көмектесу, сондай-ақ теориялық білімдерін іс-жүзінде еркін пайдалана білуге дайындау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Модерн және постмодерн (Cousera)
Пәннің мақсаты: қалыптасқан идеяларды, дәстүрлі идеяларды, формаларды бұзумен және шындықты қабылдау мен көрсетудің жаңа тәсілдерін іздеуді үйретуге бағытталған өнердегі бағыт. Киімдегі заманауи стильдерде әйел бейнелері, кейде мистика, табиғатқа жүгіну, ғылымға зерттелмеген және қол жетімсіз тақырыптар көбінесе сәндік-қолданбалы өнерде кездеседі. "Постмодернизм" ұғымы, постмодернизмнің пайда болуы мен постмодернизмнің қалыптасу мәнін үйрену.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Техникалық сызба
Пәннің мақсаты: болашақ мамандарды техникалық сызбаларды оқып үйрену және сызба мен эскизді қолдана отырып, техникалық ойды дұрыс білдіру және студенттің қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес техникалық құжаттаманы кәсіби түрде рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру. Техникалық суреттің аксонометриялық проекцияда орындалған сызбадан айырмашылығын үйрену, жазық фигураларды салудың әдістерін меңгеру(шеңбер мен көпбұрыштар).
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Материалдық мәдениет және дизайн тарихы (minor)
Пәннің мақсаты: білім алушының жалпы шығармашылық ойлауы мен қиялын дамыту, теориялық базасын толықтыру, өнертану жинақтарынан жүйелі білім беруді көздейді. Өнертану терминологиясын, өнер тарихы дамуының кезеңдері мен стильдерін меңгертеді. Шығыс пен Батыс өнерінің стилді ерекшеліктері мен ең танымал суретшілердің шығармашылығын үйрету арқылы көркемдік стиль түрлерін талдай алу және суретшілердің туындыларын салыстыра алу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Дизайн және технология (Материалдарды өңдеу технологиясы)
Материалдарды өңдеудің оңтайлы тәсілдері, пішіндіні эскизбен салыстыру, бөлшекті визуальді түрде анықтау, тоқыма мозаикасы техникасында (квиллинг, құрақ) бұйымдар жасау, тұрмыстық тоқыма бұйымдарының дизайні қарастырылады. Бұйымдарды өңдеу сапасын сыни тұрғыда бағалау, практикада қолдану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениетін көрсету сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазіргі өндіріс негіздері
Курстың мақсаты-студенттің өнімді, қызметті жобалау саласындағы білімін алу және студенттің өнімді, қызметті жобалау бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жобалау дағдыларын, сондай-ақ сенімділіктің негізгі есептеулерін жүргізуді дамыту
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Компьютерлік графика/(Minor)
Электронды есептеуіш машина арқылы компьютерлік графика бағдарламаларымен жұмыс жасау негіздерін оқытады. Векторлық және растрлық графиканың теориясын, қаріппен жұмыс істеу, қаріптің композициясы, заңдары мен принциптері, тәсілдері мен компьютерлік графиканың амалын меңгертеді. Компьютерлік бағдарламалар арқылы бұйымның сыртқы көрінісінің графикасын, бұйым элементтерін, олардын техникалық эскиздерін компьютерлік графика арқылы жасау негіздерін меңгертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Білім берудегі ғылыми зерттеулер негіздері
Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулер туралы ұғым, маңыздылығы және түрлері, зерттеудің формалары мен әдістері, ғылыми-зерттеу жұмыстарының сатылары, зерттеу әдістемесі, ғылыми жұмыстың дайындық кезеңі, ғылыми жұмыстарды жазу, жобалау және қорғау, ғылыми зерттеулерді енгізу және тиімділігі, патент импакт-факторы бар ғылыми мақалаларды жазу және жобалау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тігін өндірісінің материалтануы
Пәннің мақсаты: тігін бұйымдарының материалдарының түрлері, алыну жолдары, құрамы, қасиеті, қолданылуы жайында және олардан жасалынатын түрлі бұйымдар жөнінде студенттердің теориялық білімдерін және практикалық ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру; костюм жобалауға керекті заманауи материалдарды анықтай білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру
Пән студенттерді теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздермен, негізгі санаттармен, сондай-ақ инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырады; инклюзивті білім берудің объектісі, пәні, мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, қалыптасу және даму кезеңдері туралы білімді қалыптастырады, инклюзивті білім берудің әлеуметтік-мәдени рөлін айқындайды. Курс қазіргі заманғы білім беру (түзету) мекемелерінің қызметін және ерекше білім беру мен педагогикалық жүйелерді ұйымдастыру нысандарын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Құқық негіздері
Пәннің мақсаты-құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем еңбектегі жасанды интеллект негіздері
«Көркем еңбектегі жасанды интеллект негіздері» пәнінің мақсаты – білім алушыларды жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі тұжырымдамаларымен, әдістерімен және қолдану салаларымен таныстыру, ЖИ жүйелерін құру және оларды әртүрлі салаларда қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында білім алушылар машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және деректерді интеллектуалды талдау негіздерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты: бейнелеу өнерінің пайда болу жөніндегі практика. Ерте кезеңдегі және дәстүрлі өнер жөніндегі түсінік. Ежелгі Шығыс өнері: Орталық Азияда мәдениеттің пайда болуы. Африка және Америка, Мысыр ,Қосөзен өнері,Жапония және Қытай,Үнді елдерінің ежелгі өнері, Антик Өнері: Грекия және Рим Орта ғасыр Ерте христиан, роман. Готика, орыс өнері , Жапония Қытай Солтүстік Еуропа өнері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жарнама және баспа графикасы
Пәннің мақсаты: Flash пайдаланушы интерфейсін ұйымдастырумен танысу. Құрал-саймандар сурет салу. Сурет параметрлерін орнату. Ролик үшін қарапайым нысандарды жасау. Сызықтар мен фигуралардың контурын өзгерту. Түстермен жұмыс жасауды үйрету. Растрлық суреттерді импорттауды,жарнамалық роликте толык мәтінді пайдалануды ,графиканың жарнамалық техникасының әдістері мен техникасын толық меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Костюм композициясы, сән және стиль (қ)
Пәннің мақсаты: костюмнің формасын, силуэтін, пропорциясын, мата фактурасын, түстің үйлесімділігін адамның дене бітіміне қарай дұрыс таңдау. Жеке адамдардың тиімді стилін қалыптастыру, сәннің бағытын анықтай алу, адам жасына қарай киім үлгісін жасау факторларын анықтау. Болашақ маманның киім әзірлеу барысында шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты - студенттердің негізгі теорияларды, әдіснамалар мен принциптерді түсінуге және қолдануға баса назар аудара отырып, таңдалған салада нақты білім мен дағдыларды игеруге ықпал ететін әдіс-тәсілдер жүйесін әзірлеуге бағытталған. Ол теориялық білімді тәжірибеде қолдануды, білім берудің қолжетімділігін жақсартуды және ақпараттық технологиялар, онлайн ресурстар және білім беру бағдарламалары арқылы оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтиды. Арнайы пәндерді оқытудың тиімді әдістері студенттердің теориялық материалды терең игеруіне, таңдалған салада табысты кәсіби қызмет үшін қажетті практикалық дағдылар мен құзыреттерді дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджмент
Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімдерге білім берудегі педагогикалық менеджмент негіздері туралы білім беру, интегралды педагогикалық процесті басқару ерекшеліктері мен мектептің педагогикалық құрамы туралы білім беру және білім берудегі басқарудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық менеджмент құрылымын және принциптерін меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Үш өлшемді дизайндағы анимация
Компьютерлік кәсіби бағдарламалардың теориясы мен принциптерін, графикалық бағдарламалардың негіздері; дизайнды әзірлеу құралдары мен техникасын, дизайнерлік және көркемдік объектілерді жобалау кезінде графикалық редакторларды пайдалануды үйрену. Corel, Photoshop және 3ds Max графикалық редакторларында сайттарды құру үшін алған білімдерін іске асыра білуге негізделген.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Еңбекке баулуға оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты:оқыту технологиясын, әдістемесін түсіндіру. Пән әртүрлі еңбек обьектілерін дәлдікпен жасау дағдылары мен танымдық, тұлғалық құнды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Мектеп оқушыларын еңбекке баулуды оқытудың мазмұнын игеруді, мектеп бағдарламаларын талдауды, еңбекке баулудың әдістері мен оқыту құралдарын меңгеруді қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Пәннің мақсаты - білім алушылардың педагогикалық дизайн құралдары мен әдістері туралы түсінігін қалыптастыру. Курс барысында: педагогикалық дизайнның негіздері, принциптері, ұйымдастырушылық схемалары мен сценарийлері, педагогикалық дизайн схемаларын көрсетудің мәтіндік және көрнекі тілдері қолданылуын зерделенеді; дизайн және мета-дизайн кейстері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шеберханада: соғыстан кейінгі абстрактілі живопись (Coursera)
Пәннің мақсаты:он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында, яғни екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, пайда болған өнердегі абстракциялық бағыттың шығу себебтері мен тарихы туралы түсінік қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің тарихында әлемге белгілі абстракциялық бағытта сурет салған суретшілердің шығармашылығымен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Графика және жобалау
Кеңістіктік, қисындық, абстракциялық ойлауды, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, графикалық сауаттылығын дамытатын, жобалау мен конструкциялау әрекеттерімен таныстыру. Студенттерге проекциялау және графикалык үлгілеу әдістерінің заңдылықтарын үйрету, жобалау, шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуға ықпал ету және графикалык мәдениеттерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем бұйымдарды жобалау
Дизайн объектісінің эталондық үлгілерін немесе оның макеттегі, материалдағы жеке элементтерін орындау; технологияның ерекшеліктерін ескере отырып, бұйымның конструкциясын әзірлеу үшін жобаның техникалық сызбаларын орындау; авторлық жобаны жасаудың технологиялық картасын әзірлеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өндірістік оқытуды ұйымдастыру
Пәннің мақсаты: білім алушыларға өндірістік оқытудың теориялық негіздерін түсіндіре отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстырады. Өндірістік оқыту үрдісі және оның ерекшеліктерін, оқытудың негізгі мақсаттары мен білікті мамандардың қызметіне, іс-әрекетіне талдау жасау арқылы оның өндірістік оқытуының мазмұнын анықтау дағдысын қалыптастырады. Өндірістік оқыту құралдары мен өндірістік оқытудың тәртіптері жайында теориялық білім бере отырып, оларды қолдану дағдылары мен ептіліктерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тағам дайындау технологиясы (қ)
Пәннің мақсаты: білім алушыларға тағам дайындау негіздерін үйретеді. Әртүрлі тағам дайындау технологияларын оқытып, оларды дайындау дағдыларын қалыптастырады. Тамақтың сапасын анықтау. Тағамның сақтау мерзімін білу. Дұрыс тамақтану негіздері. Көкөністерді кесу түрлері. Механикалық және жылулық өңдеу түрлері. Жартылай фабрикаттар дайындау. Ұннан жасалатын тағамдар. Тағам дайындау саласында студенттердің теориялық білімдері мен практикалық дағдылары қалыптасады,білім біліктерді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сувенирлік бұйымдардың дизайны (ұ)
Пәннің мақсаты : әлемдік өнер тарихына қажетті жүйелі білім қорын жинақтау; әртүрлі өнер түрлеріне қатысты жекелеген тұлғалар шығармашылығымен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әлем халықтарының тағамдары (қ)
Пәннің мақсаты: білім алушылардың бойында әлем халықтарының тағамдары туралы теориялық білімді қалыптастыра отырып, әртүрлі елдердің ұлттық тағамдарын дайындау ерекшеліктерімен таныстырып, оларды даярлау технологияларын, шығу тарихын үйретеді. Орыс, қазақ, корей, грузин, үнді және т.б. елдердің ұлттық тағамдарын дайындау технологиясын, асхана ерекшеліктерін меңгертеді. Әлем халықтары тағамдарының түрлері, тағам қасиеттері, сақтау шарттары, ұлттық тағам өнімдерін дайындау технологиясы әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заманауи техникалар мен жабдықтар (ұ)
Пәннің мақсаты : Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының өндірістік және егін мен мал шаруашылығы салалары жайындағы жан–жақты теориялық білімдерін қалыптастырып, әрі алған білімдерін жалпы білім беретін мекемелердің оқу–тәрбие процестерінде қолдана білуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Табиғи материалдарды көркем өңдеу
Пәннің мақсаты: болашақ мұғалімдерге, еңбекке баулудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін тиімді пайдалана білуге үйрету.Оқыту процесінде оқушыларға адамгершілік, еңбек, эстетикалық т.б. тәрбие көрсету, еңбектің маңыздылығын, оның қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық рөлін түсіндіру; Табиғи және құнсыз материалдардан пайдалану арқылы шығармашылығын дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тігін бұйымдарының технологиясы (қ)
Пәннің мақсаты : ұйымның алуан түрін дайындаудың технологиялық үрдістерінің негізгі ерекшеліктерін білу, киімнің бөлшектері мен түйіндерін өңдеу әдістемелері мен тәсілдерін игеріп, құрал жабдықтарда жұмыс істей алу. Киім түрлерінің бөлшектерін мата қасиеттерін ескере отырып, өңдеу әдістерін меңгеру. Костюмның алуан түрін дайындаудың технологиялық үрдістерінің негізгі ерекшеліктерін білу, костюмнің бөлшектері мен түйіндерін өңдеу әдістемелері мен тәсілдерін игеру. Костюм түрлерінің бөлшектерін мата қасиеттерін ескере отырып, өңдеу әдістерін меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тігін өндірісінің құрал-жабдықтары (қ)
Пәннің мақсаты: тігін өндірісінде әр түрлі мақсаттарда қолданылатын құрал-жабдықтардың жіктелуін, түрлерін меңгертеді және оларда жұмыс жасай алу дағдысын қалыптастырады.. Тігін өндірісінің құрал-жабдықтарының құрылысын иллюстрациялық сызбаларға, кинематикалық және конструкторлық схемалары арқылы үйрету. Тігін машиналарының жіктелуі бойынша: өндірістік, әмбебап, арнайы және жартылай автоматтар, ылғалды-жылумен өңдеу аппараттарының атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, құрылысы мен жұмыс істеу тәртіптері мен оларда сақталынатын техникалық қауіпсіздік ережелерін меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ағашты механикалық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар(ұ)
Пәннің мақсаты: заманауи технологиялық машиналардың түрлерін жіктей алады, құрылысын зерттейді және олармен ағаш өңдеу операцияларын орындайды. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу түрлерін және қол аспаптарын меңгереді. Қауіпсіздік ережесімен танысады. Ағашты механикалық өңдеу процесіне Paint графикалық редакторын аспаптарымен іске қосуды, оның ішінде белгілеу аспабымен жұмыс істеуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Конструктивті оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты- сындарлы тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға бағытталған оқытудың әртүрлі тәсілдерін интеграциялау бойынша білім мен дағдыларды дамыту. Студенттерді топта жұмыс істеуге, оқушыларға тапсырмаларды беруге, бағалауға және оқу әрекеттерін үйлестіруге жаттықтырады. Сындарлы ойлау қабілетін дамытады. Курс мазмұнында конструктивті оқытудың негізгі принциптері, бағалау принциптері, оқу үдерісін басқару принциптері, жеті модуль мәтіні қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Ғылыми және шығармашылық жобаларды дайындау
Пәннің мақсаты: зерттеудің әдіс – тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдары теориялық әдіснамалардың түрлерін, жаңа ой- шешім шығаруға, ғылыми болжам, салыстыру, талдау жасауды үйрету. Дұрыс тақырып таңдап, проблемалар туғызып, оны шеше білу. Жоба кұрылымын дұрыс құра білу, оны қорғау әдістерін үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын дайындау
Пәннің мақсаты: білім алушыларға сәндік-қолданбалы бұйымдар жасаудың көркем өңдеу технологиясы мен әдіс-тәсілдерін үйретеді. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері, ою-өрнек түрлері мен оларды қолдану жайында, тұрмыстық бұйымдар, ұлттық нақыштағы бала ойыншықтары және тағы басқа сәндік өнер бұйымдары жайында теориялық білім қалыптастырады. Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын конструкциялық материалдардан жасау дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тұрғын үй экологиясы (қ)
Пәннің мақсаты:Тұрғын үй экологиясының міндеттері, адамның тұрғын үйі ғимараттарында болуы кезінде салауатты және қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған тиісті экологиялық және гигиеналық нормативтермен таныстыру. Тұрғын үй жағдайының тұрғындардың денсаулығы мен тұрмысына әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Тұрғын үйде адамның денсаулығына, көңіл-күйіне, жұмыс қабілетіне оңтайлы микроклимат орнатуға қажетті әдістер мен тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (ұ)
Пәннің мақсаты; дизайн объектісінің эталондық үлгілерін немесе оның макеттегі, материалдағы жеке элементтерін орындау; технологияның ерекшеліктерін ескере отырып, бұйымның конструкциясын әзірлеу үшін жобаның техникалық сызбаларын орындау; авторлық жобаны жасаудың технологиялық картасын әзірлеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Түйінді батик өнері (қ)
Пәннің мақсаты: білім алушылардың бойында батик ұғымы, түйінді батик өнерінің пайда болуы мен даму тарихы жайында теориялық білімдерін қалыптастырады. Түйінді батик жасау әдістерін меңгертеді. Түйінді батик өнерінде қолданылатын құралдар мен материалдың ерекшеліктерін оқытады. Батиктің әртүрлі түрлерін жасау технологиясы туралы мағлұматтар береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жүнді көркем өңдеу
Пәннің мақсаты: жүн өңдеу технологиясының тарихы, табиғи жүнді өңдеу дің дәстүрлі және заманауи әдістері матералдарға арнайы бояуларымен шығармашылығы композициясының қалыптасуы мен дамуына қатысты теориялық білім беру; дизайн түрлері мен салалары, олардың ерекшеліктерін анықтау; дизайн үлгілері негізінде жұмыстардың түрлерін қарастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тоқыма материалдарды және теріні көркемдеп өңдеу
Пәннің мақсаты-болашақ костюм дизайнерлерін трикотаждың және былғарының ерекше қасиеттерімен, трикотаж, былғары сияқты көркем материалдарды өңдеудің әртүрлі түрлерімен таныстыру, сонымен бірге бейнелеу өнері элементтерін пайдалану нұсқаларымен таныстыру, қазіргі заманғы трикотаждан әртүрлі сұранысқа ие тұтыну заттарын, тұрмыстық және сәндік-көркемдік мақсаттағы былғарыдан жасау; былғары галантерея бұйымдарын, киімдерді, сондай-ақ сондай-ақ аяқ киім.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Макеттеу
Пәннің мақсаты: студенттерді пәндік-кеңістіктік ортаны модельдеу мен модельдеудің негізгі принциптері мен техникалық әдістерімен таныстыру. Ғимарат объектілерінің макеттерін, олардың сыртқы түрін, ішкі көрінісін, безендіруін, интерьерін масштабта дұрыс жасауға үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Сандық өнер (ұ)
Пәннің мақсаты: заманауи бейнелеу өнерінің бір түрі цифрлық өнер – ақпараттық (компьютерлік) технологияларды пайдалануға негізделген медиа өнердегі бағытпен танысады. Бастапқы материалдық ортаны имитациялайтын цифрлық негізде (мысалы, сканерленген немесе цифрлық фотосурет негізге алынған) жаңа ортаға ауыстырылған түрінде компьютердің көмегімен жасай алады. Нәтижесінде– цифрлық түрдегі өнер туындыларын жасай алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем композиция
Мәдениетке, өнердегі шығармашылыққа баулуға арналған пән. Композиция қасиеттері мен құралдарын көркемдік образды құру барысында қолдану дағдысын дамытуға бағытталған. Бейнелеу өнерінің әдістемелері мен тәсілдерін меңгеруді қалыптастырады. Композиция-техниканың тілі, графикалық жобалауда қажеттілігі оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Арнайы сурет
Пәннің мақсаты: болашақ маманды кәсіби дайындауға іргелі негіз болатын, жобаның бөлігі ретінде сурет салуға, жобалаудың түрлі кезеңдерінде бейнелеу жұмыстарының ерекшеліктерін меңгертуге, жобаның графикалық ұсынылуында дәстүрлі және заманауи құралдарын қолдануға негізделген пән. Пән суретті жобалық түпкі ойдың, жобалардың iзденіс және жұмыс нобайларын өңдеу дағдыларын көрнекi iске асуына барынша жуықтау әдiсі ретінде қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тігін бөлшектері мен түйіндерін өңдеу технологиясы (қ)
Пәннің мақсаты: бұйымдардың сызбаларының өлшемдері мен құрылымының қағидалары, ерлер, әйелдер және балалар киімдерін құрастырудың әдістері, стандарт және стандарт емес сымбаттардың сызбаларын құрастырудың ерекшеліктері қарастырылған. Шаблондарды даярлау, олардың саралануы, пішудің ерекшеліктері, шақтап көрудің реті және бұйымдарды тігу барысындағы ақауларды жою.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Монументальды живопись
Пәннің мақсаты: болашақ мамандарды монументальды живопись ұғымымен таныстырады және осы бағыттағы білімдерін қалыптастырады. Монументальды живопистің жанрлары мен түрлерін меңгертеді. Монументальды живопистің орындалу тәсілдері мен шығармашылықта қолдану жолдарын меңгертеді. Білім алушының бойында живопись, көркем шығармаларды жасай алу дағдылары мен ептіліктерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару
Пәннің мақсаты: білім беру процесінде балалардың дарындылығын дамытудың заманауи модельдері, формалары, белсенді әдістерімен танысады. Дарынды балаларды оқытудың принциптері, формалары мен әдістерін меңгереді. Сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерімен танысады. Өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайтын, ұжымдық оқу іс-әрекетін сапалы ұйымдастыруға үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Интерьерге арналған 2D / 3D сәнді бұйымдарды жасау (ұ)
Пәннің мақсаты: білім алушылардың бойында пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп, жабдықталған ішкі кеңістігі – интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдар туралы, оларды жасау материалдары мен техника түрлері жайында әрі оларда сақталынатын қауіпсіздік ережелері туралы теориялық білімді қалыптастырады. Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты - қолайлылық пен әсемдікті негізге ала отырып, пәтерді жабдықтауға қажетті эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған 2D және 3Dсәндік бұйымдарды дайындауды меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялары
Пәннің мақсаты: кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялары түрлері. «Технология» және «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдары. Оқытудың техникалық жүйелері. Тұлғалық бағытталған білім технологиясы. Ынтымақтастық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту. Модульдік оқыту технологиясы. Жобалау технологиясын қолдану әдістері. Этнопедагогикалық технологиялар. Бұл технологиялар оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Үй интерьеры және жиһаздар (ұ)
Пәннің мақсаты : үй интерьеры және жиһаздарын кеңістік жоспарлауда, пәтерде жөндеу немесе жиһаз тұрақты өзгерістерге жүзеге асыру кезінде жеңілдету үшін, жиһаз келісімнің арнайы бағдарламаларын оқу, қажетті интерьерде орналастыру, өлшемін, құрылымын білу
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Үй және тамақтану мәдениеті (қ)
Пәннің мақсаты: білім алушыларға адамның тамақтану физиологиясы туралы, құнарлы және емдік тамақтану негіздері мен емдік тамақ өнімдерін жасау принциптері туралы білім беру. Қысқаша мазмұны:тамақтану ғылымының теориялық және практикалық негіздері, құнарлы және емдік тамақтанудың теориялық негіздері, диеталық тамақтану принциптері, азық-түлік өнімдерінің физиологиялық қасиеттері, тамақтанудың тәуліктік рационын құрастырудың физиологиялық-гигиеналық негіздері жайындағы теориялық мәліметтер қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Интерьер және экстерьер дизайны (Minor)
Пәннің мақсаты: болашақ мамандарды интерьер және экстерьер дизайны ұғымдарымен таныстыру, негізгі заңдылықтарын меңгерту. Материалы, тарихы, жоспарлау, технологиясы. Заңдылық пен психологияның, қабылдау мен назар аударудың, визуалды экологияның жалпы принциптері. Экстерьер эскизін екі немесе үш реңді вариантта салу. Шығармашылық ойға сай ғимараттың сыртқы көрінісін әрлей алды. Отмывканы қолдану арқылы интерьердің сызықты-кеңістікті графикасын орындау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушылардың шығармашылығын ұйымдастыру
Пәннің мақсаты: студенттердің теориялық білімін тәжірибеде қолдануға үйрету, мектептегі шығармашылық белсенділік оқушылардың жеке қасиеттерін шығармашылық және өнертапқыштық қызметтің кәсіби дағдыларымен бірлікте дамытуға ықпал етеді. Білім беру процесінде балалардың дарындылығын дамытудың заманауи модельдері, формалары, белсенді әдістері; - дарынды балаларды оқытудың принциптері, формалары мен әдістерін үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұйым дайындауда қалдықсыз технологияны қолдану (қ)
Пәннің мақсаты: материалдарды өңдеудің оңтайлы тәсілдері, пішіндіні эскизбен салыстыру, бөлшекті визуальді түрде анықтау, тоқыма мозаикасы техникасында (квиллинг, құрақ) бұйымдар жасау, тұрмыстық тоқыма бұйымдарының дизайні қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көлік құралдарын модельдеу (ұ)
Пәннің мақсаты: студенттерге жобалау –сызбалар құрастыру әдiстерi және тәсiлдерi арқылы әр түрлі авто модельдерді құрастыруды үйрету . Сондай-ақ студенттердiң әрi қарай өз бетiнше бiлiмдерiн тереңдетiп, қыр-сырын меңгерулерiне тура бағыт сiлтеу.Қысқаша мазмұны: әр түрлі модельдер түрлері мен оны құрастыру жолындағы заңдылықтары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өнердегі заманауи технологиялар
Пәннің мақсаты: материалды оқушылардың есте сақтау, көріп отырып түсіну және шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру жұмыстарын жүргізуге қалыптастырып отырады. Өнердегі заманауи инновациялық технологияларды көркем дәстүрлі өнермен ұштастырып қызығушылығын қалыптастырады, көркемдік талғамы кеңейіп жаңа технологиямен шығармашылық бұйым жасай алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Түстану
Түстану теориясын түсіну және оны практикада сауатты пайдалануерекшеліктерін, түс ғылымын үйлестіру заңдылықтарын білу. Түс –живопистің ең басты құралы болып табылады, яғни живопись шығармасында оның көркемдік құралдарының негізін жарық пен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Заттардың «дәл өзіндей» түстік бояуын табиғи түрде беруге үйрену. Түр-түстің шартты түрде толып жатқан қоғамның символикалары мен әр халықтың әдет-ғұрып, салт-санасына қатысты қолданыстарын біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Металл материалын көркем өңдеу (ұ)
Пәннің мақсаты:металл материалын көркем өңдеу технологиясын меңгерту арқылы түрлі бұйым түрлерін жасау дағдыларын қалыптастырады. «Металл өңдеу» оқу шеберханасының жабдықтарының (өңдеу станоктары мен құралдары) жұмыс жасау тәртіптері мен оларда жұмыс жасауда сақталынатын техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Көркем еңбекті, бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін, арнайы пәндер әдістемесін және түрлі білім беру мекемелерінің оқу процесінде өндірістік оқытуды ұйымдастыруды таңдауға, қазіргі заманғы өндіріс туралы теориялық білімдерін оқу және практикалық міндеттерді шешу үшін қолдана алады.
- Азық-түлік өнімдерін, тағамдық физиологиясын сипаттау әдістемесін таңдауды, әлем халықтарының тағамдарын дайындау технологиясын және дұрыс тамақтану мәдениетін қолдануды біледі. Металл материалдарын, былғары және трикотаж маталарын көркем өңдеу дағдыларын меңгере алады, сәндік-қолданбалы бұйымдарды және түйінді батикті дайындаудың технологиялық процесінің негізгі ерекшеліктерін талдай алады.
- Инновациялық технологияларды, көркем еңбек пен бейнелеу өнерінде конструктивті, интерактивті оқыту әдістерін таңдап, қолдана алады, жобалаудың педагогикалық технологияларын пайдалана отырып, жоғары өнімді электрондық оқыту үшін оқу материалдарын талдап, өз бетінше өңдей алады және ғылыми-зерттеу мен шығармашылық жобаларды ұйымдастыра алады.
- Натюрморттардың композициялық шешімдерінің макеттерін салу заңдылықтарын, қарапайым фигуралар мен адам фигураларын салу кезеңдері мен реттілігін анықтай алады, ортогональды, аксонометриялық және перспективалық проекциялардың графикалық жұмыстарын өз бетінше орындай алады; түс-тон қасиеттері мен кескіндеме құралдарын қолдана отырып, объектілер көлемін бейнелеудегі пәнаралық білімді біріктіре алады.
- Нақты жағдайда мектеп оқушыларының физиологиясының ерекшеліктерін пайдалануға, жалпы білім беретін ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік-орта және білім беру (кәсіптік) жағдайларын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге дайын, қоршаған ортаның экологиялық проблемалары мәселелерін бағдарлауға және білім алушыларды критериалды бағалау рәсімін ұйымдастыруға қабілетті.
- Менеджмент саласында оқытудың заманауи білім беру технологияларын, әдістері мен тәсілдерін анықтауға, білім алушылардың өзін-өзі дамытуына, өздігінен білім алуына, өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент моделін ұсынуға, білім берудің мәнін, мақсаттары мен проблемаларын, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру принциптерін, педагогикалық міндеттерді дербес шешуді сипаттай отырып, педагогтер мен білім алушылардың өзара іс-қимыл процестерін талдауға қабілетті.
- Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанның қазіргі заманғы суретшілерінің шығармашылығын, бейнелеу өнерінің әр түрлі түрлері мен жанрларын талдай және бағалай алады, мүсін мен адамның пластикалық анатомиясын визуализациялау кезінде критериалды бағалау технологиясын қолдана алады, графикалық дизайнда АКТ-ны қолдана отырып, дизайнерлік дағдыларды жүйелейді.
- Схемаларды, бөлшектерді және құрастыру сызбаларын тани алады, бөлшектердің проекцияларының графикалық сызбаларын, олардың бөлшектерін құру әдістемесін, компьютерлік графика міндеттерін шешу үшін заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану тәсілдерін таңдай алады, компьютерде автоматтандырылған бағдарламалар пакеттерін, үш өлшемді дизайндағы анимацияларды қолдана отырып сурет салу әдістемесін көрсете алады және дизайн жобаларын орындау үшін мүмкін болатын шешімдерді талдай алады.
- Ағаштан жасалған тігін бұйымдары мен кәдесыйлар өндірісінде қолданылатын материалдардың ассортиментін, құрамын, негізгі қасиеттерін жіктеуге және таңдауға, киім мен ағаштан жасалған бұйымдарды жобалауға, олардың өндеу тәсілдерін, дизайнын, құрастыруын жасауға, әртүрлі технологиялық операцияларды орындау кезінде заманауи тігін және ағаш өңдеу жабдықтарын пайдалануға қабілетті.
- Өзінің шығармашылық қабілеттерін, көркемдік дүниетанымын және креативті ойлауын визуалды өнер, композиция заңдары мен ережелері арқылы көрсете біледі, костюм мен үй интерьері мен жиһазды композициялық шешуде түс үйлесімін, алуан түрлі материалдарды кәзіргі заманның сән бағыттары мен стиліне байланысты таңдай алады.