6B01706 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілі мен әдебиетінен теориялық және әдістемелік білімді меңгерген, ғылыми-зерттеу дағдысы қалыптасқан, адами құндылықтарды құрметтейтін білім бакалаврларын даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Практикалық қазақ тілі
Білім алушыларға қазақ тілінің негізгі теориялық базасы таныстырылып, қазіргі қазақ тілінің негізгі ұғымдары, терминдері таныстырып, практикалық тұрғыда тілдік талдауға машықтандырады. Қазақ тілінен элементарлы мәлімет беру, тілдің деңгейлік жүйесі – фонетика, лексикология, сөзжасам және грамматиканың морфология мен синтаксис салаларынан, орфография мен пунктуация заңдылықтарынан жүйелі білім береді. Оқыту үдерісінде белсенді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пікірталас, проблемалық дәріс, төңкерілген сынып, кейс әдістері негізінде қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тілтаным негіздері
Филологиялық мамандықтардың алғашқы курсында білім алушыларға тіл білімі ғылымының зерттеу нысаны, интра және экстра салаларынан, басқа да ғылымдармен қарым-қатынасы, өзіндік ерекшелігі, қоғамдық сипаты, тілдерді топтауда басшылыққа алынатын белгілер мен ұстанымдар, құрылым мен жүйенің бөлімдерінен, негізгі аппаратарынан, жазу, оның даму кезеңдерінен базалық білім беріледі. Оқыту үдерісінде белсенді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде әңгімелесу, пікірталас, проблемалық дәріс, ситуациялық талдау тәсілдері қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әдебиеттануға кіріспе
Білім алушыларға критериалды бағалау технологиясын қолданып, көркем әдебиеттің қоғамдық, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық мәнін ұғындырып, оның образдық табиғатын, көркемдегіш-бейнелегіш, суреттеу құралдары арқылы түсінік беріледі. Көркем шығарма болмысын, құрылымын, ерекшелігін таныта отырып, оның мазмұндық-пішіндік, тақырыптық-идеялық, композициялық-сюжеттік, тілдің жанрын айқындау, өлең құрылысы теориясына шумақ, бунақ, буын, ұйқас ұғымдары туралы жүйелі білім беріледі.Әдеби ағымдар мен бағыттар туралы мәліметтер зерденеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл біліміне кіріспе және Тілдік қатынас негіздері
Критериалды бағалау технологиясын қолданып, лингвистика ғылымынан базалық элементарлы мәлімет, тілдің қызметі, пайда болуы мен дамуы, олардың генеологиялық және типологиялық ерекшеліктері, жазу, оның даму кезеңдері, тілдің деңгейлік салалары – фонетика және фонология, лексикология, грамматика салаларынан жүйелі білім беріледі. Сонымен қатартілдік қатынас ұғымын, түрлерін, ерекшеліктерін, негізгі сипаты мен басты қағидаларын, тілдік қатынастың құрамын, ғылыми негіздері мен сөйлесім әрекеті, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Білім алушыларға халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық түрлері игерту көзделеді. Сол арқылы студенттерге халықтың рухани бай тарихи мұрасы таныстырылады. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиеті аса бағалы тәрбие мен білімнің көзі ретінде проблемалық әдіс тұрғысында оқытылып, оның өзіндік сипаттары негізінде жастарға тағылым беру жүзеге асырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Білім алушыларға критериалды бағалау технологиясын қолданып, жаңашыл оқыту әдістері арқылы ана тілінің лексикасын жүйелік сипатта түсіндіріп, сөздердің, фразеологизмдердің лексикалық жүйеде алатын орнын, сөздердің лексикалық мағынасының түрлері, оның даму заңдылықтарын, сөздің семантикалық қатынасына қарай жіктелуін, фразеологизмдердің қалыптасу заңдылықтары мен шығу арналары, сөздік түрлері туралы теориялық білімін қалыптастырады, лексикалық бірлікке кешенді талдау жасау және сөздікпен жұмыс істеу іскерлігін меңгертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тарих және әдебиет
12 жылдық және жаңартылған білім беру , критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан студенттерге пәннің ортақ сипаттары, болмысы сарапқа салынады. Көркем шығарма тақырыбына өзек болған тарихи шындық, тарихи процестердің, тарихи фактілердің аясында қарастырылып, тарихи шындық пен көркемдік шындық диалектикасы талданады. Тарихи дәуір шындығын берудегі авторлық көркем қиял мен тарихи фактілер арақатынасындағы жазушы шеберлігін, қаламгерлік лабораториясының ерекшеліктерін инновациялық технологиялар арқылы танытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ежелгі және хандық дәуірдегі әдебиет
Критериалды бағалау жүйесі бойынша студенттерге ежелгі түркі әдебиеті кезеңдері, оның ішінде Орхон-Енисей жазба жәдігерліктері, Оғыз-Қыпшақ бірлестігі кезеңіндегі әдеби ескерткіштер, Қараханиидтер дәуіріндегі әдеби шығармалар туралы ақпарат беріледі. Алтын орда дәуіріндегі поэтикалық дастан-жырларға тоқталып, олардың көркемдік-идеялық нысандары талданады. Орта ғасыр әдебиетінің даму аумағында қалыптасқан жаңа әдеби үдерістер жүйеленеді. Соның негізінде осы дәуірге тән әдеби жәдігерлерді тарихи-көркемдік тұрғыдан, шежірелік-жылнамалық негізде салыстырулар арқылы зерттейді. Сонымен қатар Дулати, Жалаири, Бабир еңбектері талданып, зерденеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы және гендерлік лингвистика
Ана тілінің лексикасын жүйелік сипатта түсіндіріп, сөздердің, фразеологизмдердің лексикалық жүйеде алатын орнын, сөздердің лексикалық мағынасының түрлері, фразеологизмдердің қалыптасу заңдылықтары мен шығу арналары, сөздік түрлері туралы теориялық білімін қалыптастырады, қоғамдағы ер тілі мен әйел тіліндегі гендерлекттердің өзгеру динамикасын ұлттық гендерлік сипат пен қазіргі тілдегі гендерлік ерекшелікті салыстыра отырып талдау іскерлігін меңгертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогика
Пəнді оқытудың мақсаты – жаңартылған білім беру және 12 жылдық білім беру жүйесінде интербелсенді әдістерді қолдану арқылы педагогикалық іс-əрекетті жүзеге асырудың кəсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Оқу курсы білім берудің қазіргі парадигмасына сəйкес жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық-іс-əрекеттік, құзыреттілік, сонымен бірге əлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде тəрбиеге тарихи-педагогикалық, тарихи-жүйелілік жəне аксиологиялық тұрғыдағы жетекші идеялар негізінде эмоционалды интеллектісін басқаруды меңгертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
12 жылдық және жаңартылған білім беру , критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан студенттерге ұлттық сөз өнері тарихының ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік,стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріліп, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әлемдік,озық көркемдік әдістер мен жанрлық-стильдік шеберлік үлгілерімен үндестігін , зар заман ақындарының поэзиясы және оның әдеби дамуындағы реалистік маңызын проблемалық дәріс,сүрақ-жауап әдістерін қолдана отырып тереңдетіле меңгертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Мақсаты - болашақ мұғалімге балалар мен жасөспірімдер ағзасының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы қазіргі заманғы ақпарат беру, оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, әртүрлі оқу іс-әрекеттерінде олардың жоғары өнімділігін сақтауға негізделген заңдылықтар туралы біліммен қамтамасыз ету. Онтогенездің заңдылықтарын, дененің жасына байланысты анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Әдістері: әңгіме, пікірталас, проблемалық дәріс, кейс әдісі және т. б.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Отаршылдық дәуір әдебиеті
12 жылдық және жаңартылған білім беру , критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан студенттерге ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму жолын әдеби тарихи, теориялық, әдеби сын тұрғысынан қарастырып білім береді. Қазақ жазба әдебиеті тарихындағы бұл кезең бұрыннан бар дәстүрлерді жалғастыра отырып, жаңашылдықпен ілгері дамытып, жаңа ғасыр талабына сай өркендеген қазақ әдебиеті жанрлық тұрғыдан жан-жақты дамып, әдеби ізденістер көркемдік тұрғыдан игертіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
Студентерге сөзжасамның зерттеу нысаны, өзіндік ерекшелігі, туынды сөз, түрлері, сөзжасамның тәсілдері, сөзжасамдық мағынаның түрлері, сөзжасамдық ұя, жұп, тізбек, тарам, саты, тип, үлгі, сөз таптарының сөзжасамы туралы жүйелі білім беріледі, кешенді сөзжасамдық талдау жасау дағдысы, туынды сөздерді салыстыру, бағалау, саралау, жүйелеу қабілеттері 12 жылдық білім беру бағдарламасы мазмұнына сәйкес пікірталас, проблемалық дәріс, төңкерілген сынып, кейс әдістері негізінде қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балалар әдебиеті
Студенттерге балалар әдебиетінің генезисінен, даму сатыларынан, мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларға арналған шығармалардың ерекшеліктерінен, балалар әдебиетінің жанрлық түрлері мен ақын-жазушылар шығармаларының тақырыптық-идеялық, сюжеттік ізденістерінен жүйелі білім беріледі. Балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні туралы, қазіргі заман балалар әдебиеті туралы мағлұмат беріле отырып, әлем елдері балалар әдебиеті шығармаларымен салыстыруда қоршаған ортаға сәйкес өзгеру мүмкіндігін беретін эмоционалды интеллектісін басқара алуды үйретіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасөспірімдер әдебиеті
12 жылдық және жаңартылған білім беру және критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан студенттерге жасөспірім әдебиетінің эстетикасын, шартты түрдегі жіктелісін үйретіп, балалардың жас ерекшеліктеріне сай фантастикалық, шытырман оқиғаларға құрылған шығармалары, жасөспірім әдебиетінің жанр, тақырып, көркемдік және мазмұны жағынан өркендеу ерекшеліктерінен жүйелі білім беріледі. Шығармаларды талдаудың түрлерімен танысып, әдеби талдау дағдысы қалыптасады. Жасөспірімдер әдебиеті шығармаларын әлем әдебиетімен салыстыра, бағалай білуге дағдыландырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Аталым теориясы
Студенттерге атаужасам заңдылықтары, осы процестегі тіл мен ойлаудың қызметінің болмыспен байланыстылығын, атау беруге негіз болған белгілердің танылуы, уәждері мен атаудың тілдік жағдайына адам факторының рөлі қарастырылып, атаудың жасалу құралдары, үлгілері мен тәсілдері туралы жүйелі білім беріледі. Атаужасам саласындағы іргелі теориялық еңбектер мен өзекті ғылыми көзқарастар 12 жылдық білім беру бағдарламасы мазмұнына сәйкес сараланады және кешенді талдау жасалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ жазуының тарихы және каллиграфия
Пәнді игеру барысында білім алушыларға қазақ жазу тарихы мен каллиграфиясының даму және қалыптасу тарихы, зерттеу нысаны, көне түркі, араб, латын графикасымен, қазіргі қазақ жазуы жан-жақты қарастырылып, түсіндіріледі. Сондай-ақ алғашқы суретті қазақ жазуынан бастап, латын негізді әліпбиіміздің дыбыстық, әріптік құрылымы мен емле ережелері және каллиграфиялық талапқа сай жазуды меңгертуді және қазақ халқының жазуындағы әдеби, мәдени жақтарынан сапалы білім беру мақсат етіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Білім алушылар өзге тілді білім беру ұйымдарында оқушыларға қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқыту жүйесіне негізделген оқыту әдістемесімен танысады. Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа инновациялық технологиялары, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерін қарастырады. Бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері мен оқыту технологияларын қарастырып игертеді. Теориялық білімдерін әдістемелік тұрғыда қолдану машықтарын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Морфемдік жүйе
Студенттерге критериалды бағалау технологиясын қолданып, морфема, түбір морфема, қосымша морфема, синтетикалық морфемалар, аналитикалық морфемалар, морфтар және морфосема туралы терең жүйелі теориялық білім беріледі, жалпы тіл біліміндегі морфема түрлері сараланады. Сөз тіркесі, синтагма, сөйлем мүшесіне негіз болатын сөзформаның өзіндік ерекшелігі жүйеленеді, морфология мен синтаксистің өзара байланысы анықталады, кешенді морфемдік талдау жасау дағдысы қалыптасады әрі ғылыми көзқарастарға сүйеніп, жүйелі талдау жасауға бейімделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Мақсаты: пән теориялық білімді зерделейді, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы ТЖ жағдайларында сауатты мінез-құлық қағидаларын оқытуға, апаттардың, апаттардың, апаттардың ықтимал салдарларынан халық пен шаруашылық объектілері мен мүліктің өндірістік персоналы үшін Төтенше жағдайлар жағдайларында залалды барынша азайтатын шешімдерді болжауға және қабылдауға қажетті практикалық дағдыларды береді, сондай-ақ осы салдарларды жою.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Білім алушылар 12 жылдық және жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының нормативтік-базалық құжаттарымен, үлгілік оқу бағдарламасының өзіндік ерекшеліктерімен танысады. Критериалды бағалау түрлері мен ұстанымдары, қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері, жиынтық бағалаудың спецификациясы, бағалаудың негізгі мақсаттары, Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейі туралы білім беріледі. Оқу жоспарының түрлері, олардың өзара байланысы, ҚМЖ құрудың қадамдары және эмоционалды интеллектісін басқару үйретіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Азаттық ұранды әдебиет
12 жылдық және жаңартылған білім беру , критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан студенттерге ұлттық әдебиет тарихындағы Алаш қозғалысы дәуірі мен Алаш әдебиетінің ерекшелігі, көркемдік қырлары туралы білім береді. ХІХ ғасырдың аяғынан бері келе жатқан әдебиеттегі ағартушылық пен сыншылдық реализммен бірге романтикалық, сентименталистік тәсілдері кеңінен көрінеді. Студенттер ұлттық әдебиеттің мазмұн, тақырып ауқымының ерекшеліктерін, көркемдік таным, қаламгердің шығармашылық дүниетанымы мәселелерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі
Студенттер өзге тілді білім беру ұйымдарында пәнді оқытудың дидактикалық-технологиялық негіздерін, қазақ тілін оқытудың әдістері мен тәсілдерін диддактикалық материалдар мен құралдарын, жаттығулар жүйесін тапсырмалардың өзіндік ерекшеліктерін меңгереді, білім-біліктеріне сүйеніп, ізденіспен шығармашылық жұмыстарды орындауға төселеді. Тіл бірліктерінің жүйелілік, құрылымдық, семантикалық, формалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдаудың және оны оқушыға меңгертудің жолдарын үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Мақсаты: студенттерде арнайы мүмкіндіктері бар тұлғаларды инклюзивті білім беру заңдылықтары туралы базалық білім жүйесін қалыптастыру. Пән шеңберінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері ашылады; Жеке оқу жоспарын әзірлеу және іске асыру әдістемесі қаралады, даму ерекшеліктері бар балалар санаттарын психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар беріледі. Әдістер: әңгімелесу, пікірталас, проблемалық лекция, кейс әдісі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1960)
ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму жолын әдеби тарихи, теориялық, әдеби сын тұрғысынан қарастыру курстың басты мақсаты болып табылады. Өзіндік ерекшелігі мол және қазақ жазба әдебиеті тарихындағы бұл кезең (1900-1960) бұрыннан бар дәстүрлерді жалғастыра отырып, жаңашылдықпен ілгері дамытып, жаңа ғасыр талабына сай өркендеген қазақ әдебиеті жанрлық тұрғыдан жан-жақты дамып, әдеби ізденістер көркемдік тұрғыдан игертіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу негіздері
Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту; ғылыми білімге баулу, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау және қабілетін шыңдау. Пәнді оқытудың міндеттері: студенттердің ғылыми зерттеулер жүргізудегі практикалық дағдыларын дамыту; ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Компьютерлік презентацияларды пайдалана отырып, интерактивті дәрістер, белсенді практикалық сабақтар өткізу, білім беру процесіндегі ғылыми зерттеулердің АКТ-мен өзара байланыстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экология және тұрақты даму
Мақсаты: адамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның денсаулығын сақтау жөніндегі барлық экологиялық іс-шаралардың теориялық негізі болып табылатын тірі организмдердің даралары, популяциялары мен қауымдастықтарының экологиялық заңдылықтары туралы жаратылыстану-ғылыми жүйелі білімді қалыптастыру экологиялық білімді тек тар кәсіби мүдделерде ғана емес, сонымен қатар қоғамның экологиялық дағдарыстан шығуына және тұрақты даму жолындағы қозғалысқа ықпал етуге мүмкіндік береді және табиғатты қорғау мәселелерін шешу үшін теориялық білімді қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Білім алушыларға критериалды бағалау технологиясын қолданып, морфологияның теориялық мәселелері, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория, сөз формалары, сөздерді таптастыру принциптері, сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктері, парадигмасы туралы теориялық білім беріледі, сөз таптарын салыстыру, бағалау, саралау, жүйелеу қабілеттері, кешенді морфологиялық талдау жасау дағдысы пікірталас, проблемалық дәріс, төңкерілген сынып, кейс әдістері негізінде қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Мақсаты: құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сипаттама: мемлекет пен құқықтың негіздері мен ұғымдарын зерттейді. Заңнама салаларымен таныстырады. Құқықты қолдану және қылмыстың алдын алу әдістері. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын және оның алдын алу тетіктерін қарастырады. Заңды мінез-құлық пен белсенді азаматтықты қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Құқық негіздері
Мақсаты-мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың барлық кешенін, құқық пен мемлекеттің даму серпінін, заңдылықтарын қамтитын мемлекеттің типтері мен нысандары туралы түсінік қалыптастыру. Курстың мақсаты-еңбек, азаматтық, қылмыстық, отбасылық құқықта және т. б. түсініктерді қалыптастыру. ҚР және т. б. салалық заңнамаларының негіздері және конституциялық–құқықтық негіздері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ-орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы
Студенттерге қазақ және орыс тілінің өзіндік ерекшеліктерін салғастырмалы аспектіде қарастырады. Шығу тегі мен құрлысы әртүрлі екі тілдің дыбыстық жүйесі мен фонетикалық заңдылықтары, сөзжасамдық тәсілдері мен үлгілері, морфологиялық және систаксистік жүйесіндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарын саралап, нақты тілдік деректердің негізінде жан-жақты теориялық мәліметтер беріледі, практикалық тұрғыда меңгертеді. Әдістер: коллаборативті оқыту, іс әрекеттегі оқыту немесе оқытудағы зерттеу, проблемалық оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Арнайы курс: Әуезовтану және қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістемесі
М.Әуезовтың алғашқы кездегі шығармашылығы, кемел жасқа жеткендегі шығармашылығы, қаламгердің басқа ел әдебиетіне көзқарасы, шетел жазушыларымен рухани байланысы, жазушы лабораториясының әрқырлылығын шығармалары, аудармалары, мақалалары, шетел әдебиетімен жүйелік байланысы қарастырылады. Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері, сабақты жоспарлаудың заманауи үлгісі, жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалауды ұйымдастыру түрлері, әдістемелік құжаттармен жұмыс жасауға үйретіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шоқантану
Ш.Ш. Уәлихановтың Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеудегі еңбектері бойынша тарихнамалық талдау бойынша материалдар беру және оның ғылыми-теориялық көзқарасын зерделеу. Ұлттық тарихты зерделеу және жаңаша ойлау; Орталық Азия халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихының этносаяси, тарихи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына объективті көзқарас беру. Тарихи материалдарды пайдалана отырып интерактивті дәрістер, эссе жазу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1960-2000)
Студенттерге критериалды бағалау технологиясын қолданып, қазақ әдебиетіндегі көркем шығармашылықтың даму заңдылықтарын, заман, уақыт ұсынған әлеуметтік құбылыс, проблемаларды игерте отырып, ақын-жазушылардың көркемдік-философиялық дүниетанымы, көркем шығармалардың идеялық-тақырыптық, жанрлық, образдық, көркемдік ерекшеліктері жөнінде жүйелі білім беру көзделеді. Тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттің өзіндік даму бағыттары, ұлттық сипаты, ұлттық әдебиеттің көркемдік-эстетикалық дамуының жайынан мәлімет беріледі. Әдеби шығармаларды талдау дағдысы қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Абайтану және оқытудың жаңа технологиялары
Абай Құнанбаевтың әлемдік деңгейдегі поэзиялық мектебінің ерекшелігі мен сипаты, дәстүрлік болмысы мен ойшылдық тереңдігін жөнінде білім беріледі. Қазіргі білім беру технологиялары бойынша жүйелі білімдерді меңгеру, оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану, болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін дамыту, еліміздегі білім беру реформасының мақсаттары мен талаптарын жүзеге асырудың жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдері үйретіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәтінді филологиялық талдау
Студенттерге пәннің методологиялық аспектісі, прозалық және поэзиялық, драмалық мәтінге филологиялық талдаудың мәні мен талдаудың негізгі бағыттары, сюжет және композиция шығарманың құрылымдық принципі, көркем шығарманың құрылымдық мотивінен білім беріледі. Көркем шығарма талдау түрлерін игере отырып, мәтіннің жанрлық сипаты мен мәселелерін, оның образдар жүйесін және шығарма композициясының табиғатын анықтауда кәсіби бейімдеу іске асырылады, эмоционалды интеллектісін басқара отырып, командада жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үрдісі
Пәннің негізгі мазмұнын қазіргі әдеби үрдістегі ағымдар мен бағыттар, бүгінгі әлем және ұлттық әдебиеттегі жанрлық, көркемдік даму тенденциялары құрайды. Пәнді игере отырып студенттер бүгінгі әдебиеттегі реалистік, романтикалық, фантастикалық, діни мистикалық мазмұндағы туындылардың көркемдік-эстетикалық қырларын таниды. Сонымен қатар білім алушылар қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің жанрлық – көркемдік ерекшелігін ғылыми түрде меңгере алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті
Пән мазмұнын қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің жанрлық – көркемдік ерекшелігі, әдеби бағыттар мен ағымдар, образдар типологиясы туралы мәселелер құрайды. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі реалистік, романтикалық, фантастикалық, діни мистикалық мазмұндағы туындылардың көркемдік-эстетикалық, танымдық, тағылымдық маңызы қарастырылады. Студенттер қазіргі қазақ әдебиеті өкілдерінің туындыларын әдеби тұрғыда талдап, өзіндік ой-тұжырымдарын баныта алады. Білім алушылар қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің әлемдік әдеби үрдістегі өзіндік орнын бағамдауға бағытталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Күрделі синтаксистің тұтастығы
Әртүрлі деңгейдегі мәтіндердің құрылу ерекшеліктеріне, олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтарына назар аударту. Мини, макрамәтіндердегі генетив, вокатив, мүшеленетін және мүшеленбейтін сөйлемдер контексте сараланады. Көркем шығармада қандай мақсатта қолданылатыны анықталады.Осы бағытта теориялық мағлұматпен қаруланған білім алушы сонда ғана тұлға ретінде қалыптасады. Ақпараттық технологияларды пайдаланып, сын пікірлерге сүйеніп, ғылыми тұжырым жасай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Мақсаты: ұтымды экономикалық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, қаржылық сауаттылық бойынша білімді игеру. Қысқаша мазмұны: Пән жеке қаржыны басқару, қаржылық жоспарлау саласында арнайы құзыреттерді қалыптастырады. Несиелердің түрлерін, жедел несиелердің оң және теріс жақтарын, Банктік карталар мен тәуекелдерді, оларды басқаруды, интернет-банкингті пайдалану кезіндегі тәуекелдерді зерттейді. Қаржылық алаяқтықты, қаржылық пирамидаларды және алаяқтық әрекеттерден қорғауды қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы, оның құрамы мен құрылымын ғылыми көзқарастарға негіздеп саралайды. Предикативтіліктің сөйлем құрылымындағы жасалу ерекшеліктерін, белсенділігін жіті таниды. Бір негізді, екі негізді сөйлемдердің құрылымы, коммуникативтік қатынастағы қызметін дәлелді жеткізеді, дереккөздерді негіз етеді. Коммуникативті-кумулятивті амал арқылы сөйлемнің табиғатын, түрін анықтайды. Оқытудың жаңа әдістерін пайдаланып, кешенді синтаксистік талдау дағдысын қалыптастыруда ғылыми парадигмалар басшылыққа алынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Мақсаты: Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерліктің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік қызметті игеру процесінде білім алушы деректерді цифрлық технологиялардың көмегімен жинайды, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді, бизнестің қыр-сырын меңгереді және мақсаттарға жету үшін дағдыларды дамытады. Білім алушы бизнесті жүргізу әдістерімен танысады, сондай-ақ бизнесті ұйымдастыру мен басқаруда шешім қабылдау дағдыларын арттырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем әдебиет теориясы
Студенттерге көркем образ болмысын, көркемдік, көркемдік қуат, көркемдік шындық категорияларын сараптау, көркем образ табиғатындағы характер, тип ұғымдарын ұғындырып талдату, көркем шығарма құрылымындағы мазмұн мен пішін, тақырып пен идея, композиция мен сюжет, көркем тіл компоненттерін аналитикалық тұрғыда сараптау, әдеби жанрлар теориясы, көркемдік процесс ұғымдарына теориялық білім беруде эмоционалды интеллектісін басқара алу көзделеді. Көркем әдебиеттегі ағым мен бағытқа, көркемдік әдіс, стильге түсініктеме беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық хат
Академиялық мәтіндердің ұғымымен, функцияларымен және жанрларымен, жазуға қойылатын талаптармен таныстыру; дереккөздермен, кітапханалық және Интернет ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; академиялық ортада плагиат мәселелерін талқылау; академиялық мәтінді сауатты ресімдеу дағдыларын қалыптастыру (аннотация, эссе, рецензия, реферат, курстық және дипломдық жұмыс). Ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыс нәтижелерін ғылыми ортада жариялау іскерлігін дәстүрлі және инновациялық технологияларды оңтайлы үйлесімді қолдана алуды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ тілінің стилистикасы және мәтінтану негіздері
Студенттерге стилистика ғылымының негізгі ұғымдары, категориялары, функционалды стильдер: ресми стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі,ауызекі сөйлеу стилі; мәтін талдаудың теориялық және практикалық негіздері мен ұстанымдары,мәтін категориялары, мәтінге лингвистикалық, стилистикалық талдау жасаудың түрлері мен әдістері, мәтіндегі автор бейнесі, баяндау түрлері, мәтіндегі тірек сөздердің қолданысы, экспресивтік-стилистикалық бояуы туралы түсінік беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дүние жүзілік әдебиет тарихы
Білім алушыларға дүниежүзілік әдебиет тарихының даму үрдісі, қалыптасу тарихы, ондағы ағымдар мен бағыттардың, түрлі ғылыми-теориялық көзқарастары талданады. Дүниежүзілік әдебиет тарихындағы белгілі ірі өкілдерінің шығармашылық өмірбаяны мен поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары зерделенеді. Сонымен қатар бұл кезең өкілдерінің шығармаларын авторларының жеке ғұмырбаяндық жолымен бірлестікте қарастырылып, студенттердің сыни, танымдық тұрғыдан жаңа мәліметерді меңгеруіне үлес қосылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Әдебиет теориясы және қазақ әдебиеті сынының тарихы
Студенттерге көркем өнердегі, оның ішінде көркем әдебиеттегі көркем образ болмысын, ұғымын көркем образдың жалпылық және жалқылық мәнінде айқындау, көркем образ бен көркемдік идея арасындағы диалектикалық қатынасты сараптау. Көркем образды ашудағы жазушы шеберлігіне, көркем шығарма құрылымына аналитикалық талдау жасау, көркемдік процесс мәнін ұғындырып игертуде командада жұмыс істеу және қақтығыстарды шешу, қоршаған ортаға сәйкес өзгеру мүмкіндігін беретін эмоционалды интеллектісін басқара алу дағдығын меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби тілінің тарихы
12 жылдық білім беру мазмұнына сай білім алушыларға қазақ әдеби тілінің қалыптасып даму тарихын дәуірлеу мәселесіне байланысты туған ғылыми пікірлерді, әдеби тілдің әлеуметтік қызметін, оның халық тарихы, мәдениеті, әдебиеті және рухани дүниесімен байланысын меңгереді. Қазақ әдеби тілінің ұлтқа тән құндылықтарды қалыптастырушы, дамытушы, сақтаушы, кейінгі ұрпаққа жеткізуші құрал екендігін әр түрлі тәсілдер арқылы оқып таниды. Ғылыми көзқарастармен дәлелдеп, өз пікірлерін білдіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің тарихы
Тіл тарихы және түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәні филолог-студенттерге қазақ тілі тілдік бірліктерінің қалыптасу тарихынан және қазіргі түркі тілдерінің дыбыстық: вокализм, консонанттық фонемалар жүйесінің, грамматикалық: морфологиялық ұғымдық аппараттары мен сөз таптары, оның категориялары ерекшеліктері, синтаксистік бірлік жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасынан білім береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел және шығыс әдебиетінің тарихы
Жаңартылған және 12 жылдық білім беру мазмұнына сай білім алушылар Батыс және Шығыс әдебиетінің қалыптасу және даму тарихы турасында мағлұматтар меңгереді. Әлем әдебиетінің тарихындағы түрлі ағымдар мен бағыттар жүйесі сараланады. Шетел және Шығыс әдебиетінің негізін қалаушы ірі өкілдерінің шығармашылық мұрасымен танысады. Ақын-жазушылардың шығармалары жан-жақты талданып, өзіндік стильдік, көркемдік ерекшеліктері айқындалады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ тілінің әдеби нормасы
Пәнді оқыту барысында қазақ тілінің әдеби нормасы тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жатуы, тіл мәдениеті ұғымымен байланыстылығы анықталады. Әдеби норма ұғымы, оның түрлері зерделенеді. Әдеби нормалар, лексикалық норма, грамматикалық норма, орфоэпиялық норма, орфографиялық норма қағидаттары меңгеріліп, олардың сөзге, сөйлем жүйесіне, сөйлеу ырғағына әсері практикада дәлелденеді. Әдеби норманы сақтау тіл көркемдігіне, айтылар ойдың сындарлығына негіз болатыны сараланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы тіл білімі
Жаңартылған білім беру және 12 жылдық білім беру мазмұнына сай студенттерге тіл ғылымының қалыптасу, даму тарихы мен кезеңдердегі негізгі ғылыми бағыттар мен мектептердің ұстанымдары, қазіргі заман тіл ғылымының теориялық проблемалары, қалпы, ішкі және сыртқы лингвистика салаларынан, тілдердің генеологиялық, типологиялық және ареалдық жіктелімінен, семиотикалық сипаты,, құрылымдық, жүйелік болмысы негіздерінен, лингвистика әдіснамасы мен парадигмаларынан теориялық білім беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аударматану
Білім алушыларға аударманың қоғамдық қызметі, шығармашылдық сипаты, аударма теориясының негізгі салалары және аудармадағы ұлттық реалия мәселесі анықтап, аударматанудың тіл білімі ғылымдарымен байланысын ашады. Аударманы көп мәдениетті және көпконфессиялы білім беру ортасында сындарлы диалог үшін коммуникация стратегияларын таңдау, қоршаған ортаға сәйкес өзгеру мүмкіндігін беретін эмоционалды интеллектісін басқара ала отырып, аударманың лексикалық, грамматикалық мәселелерін талдап, аударма тәсілдерін, аудармадағы трансформациялық үдерістерін меңгертеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тіл тарихы
Тіл тарихыда тарихи-салыстырмалы тіл білімінің дербес саласы ретінде қазақ тілінің тілдік бірліктері мен түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының қалыптасу тарихынан жүйелі білім беріледі. Басқа жекелеген түркі тілдерінің қалыптасу, даму тарихы, түркі тілдерінің құрылымы мен құрылымындағы сәйкестілік жүйесі, жалпы түркі прото-тілінің дыбыстық және морфологиялық бірліктерінің мәні. Оқу процесінде белсенді педагогикалық тәсіл ретінде әңгіме, пікірталас, проблемалық дәріс, ситуациялық талдау, жоба әдістері қолданылады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім берудегі жасанды интеллект технологиялар
«Білім берудегі жасанды интеллект технологиялары» пәні білім беру қызметінде жасанды интеллектті пайдалануды зерттейді. Студенттер жасанды интеллект, деректерді талдау құралдары, бейімделген оқыту және оқу үдерісін жекелендірудің негізгі ұғымдарын меңгереді. Курс оқу сапасын арттыру және білім беру үдерістерін басқару үшін жасанды интеллект арқылы инновациялық білім беру шешімдерін жобалау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, жаратылыстану және құқықтық білім негіздерін, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ауызша және жазбаша нысандағы коммуникацияны білу және түсіну
- Зерттелетін салада ғылыми зерттеулер, жасанды интеллект және академиялық жазу әдістерін қолдану, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, кәсіби қызметке инклюзивті қағидаттарды енгізу, дене шынықтырудың практикалық негіздері туралы білімдерін көрсету.
- Педагогикалық процестің заңдылықтары, мектеп оқушыларының жасына байланысты физиологиялық ерекшеліктері және қазіргі заманғы бағалау мен оқыту әдістері туралы білімдерін көрсету. Білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, критериалды бағалау технологияларын, заманауи әдістерді, құралдарды, оқыту формаларын қолдану.
- Заманауи оқыту технологиялары негізінде тұтас педагогикалық үдерісте жаңартылған білім беру бағдарламасына сай критериалды бағалау (ФБ, БЖБ,ТЖБ) технологияларын қолданып, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесін меңгереді.
- Кәсіби пәндік және пәнаралық білімі негізінде қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелерін анықтап зерттей алу.
- Лингвистика мен әдебиеттанудың теориялық ұғымдарының негіздерін қолдану, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес орта мектептің мектеп бағдарламасына енгізілген бөлімдер мазмұнын, тіл мен әдебиетті дәуірлеудің негізгі кезеңдерін сипаттау.
- Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын меңгергендігін көрсету, сөздерді, сөйлемдерді, мәтінді талдауды орындау,инновациялық технологияларды пайдалана отырып зертттеулер.
- Сөз өнері ретінде әдебиетке тән ерекшеліктері қалыптастыру, әдеби терминологияны пайдалану, түрлі жанрдағы әдеби мәтіндерді талдау, материалды жалпылау және салыстыру, авторлардың көркемдік әдістері мен шығармашылық жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау.