6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, өз кәсіби қызметі саласында міндеттерді өз бетінше қоюға және шешуге қабілетті және дайын, қарқынды дамып келе жатқан көптілді және көпмәдениетті әлем жағдайларына барабар ден қоя отырып, екі шет тілінің мұғалімін қалыптастыру
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Шет тілі мұғалімі мамандығына кіріспе
Бұл курс студенттерді мұғалім мамандығының ерекшеліктерімен таныстырады, оның әлеуметтік мәнін анықтайды, оқу-тәрбие үрдісіндегі шет тілі мұғалімінің қызметін талдайды, сонымен қатар педагог - мұғалімнің кәсіби қызметінің мәселелерін көрсетеді, оны жетілдіру жолдарын ұсынады. Курс бағдарламасы оқыту жүйесін, педагогикалық іс-әрекеттің мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік рөлін, тәрбиелік қызметтерін қарастырады. Пән болашақ мұғалім – шет тілі мұғалімінің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің бастапқы негіздерін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жас ерекшелік психологиясы және физиология
Курс адамның анатомиясы мен физиологиясы, жас ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары және адамның жүйке жүйесінің функционалдық ерекшеліктері қарастырылады. Оқушылардың онтогенездегі психикалық және физиологиялық дамуы, жас ерекшеліктері мен дамуының негізгі заңдылықтары, психофизиологиялық нормаларды есепке алу негізінде баланың дамып келе жатқан тұлғасының маңызды психикалық ерекшеліктері туралы жүйелі түсінігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Пән өмірдің әртүрлі салаларындағы қауіпсіздік негіздерін үйретуге, сондай-ақ адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуін, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін зерттеуге бағытталған. Қауіпті жағдайлардың алдын алу, алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайларды жою әдістерін зерттеуді қамтиды. Өрт қауіпсіздігі, техногендік және табиғи апаттардан қорғау, экология негіздерімен, ластану және климаттың өзгеруі сияқты экологиялық мәселелермен, табиғи ресурстарды қорғау және тұрақты даму әдістерімен танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері және антикоррупциялық мәдениет
Пәннің мақсаты-негізгі құқықтық ұғымдарды , қағидаттар мен нормаларды, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін зерделеу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру. Курс заңнаманы талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетігін және этикалық стандарттарды қамтиды. Құқықтық сауаттылықты дамытуға және әрбір азаматтың құқықтық тәртіп пен әділеттілікті сақтаудағы рөлін түсінуге баса назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Бұл негізгі экономикалық принциптерді, нарықтық тетіктерді, меншік нысандарын және экономикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін пән. Курс сұраныспен ұсыныстың, бәсекелестіктің, салық салудың, қаржыландырудың, инвестициялаудың және бизнесті жоспарлаудың негізгі аспектілерін қамтиды. Кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, тәуекелдерді талдауға және бизнесті басқару стратегияларына ерекше назар аударылады. Бұл пәнді оқу бизнес жүргізудің, экономикалық негізделген шешімдер қабылдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің практикалық фонетикасы
Пән фонетиканың жалпы құзіреттіліктерін: сөйлеу интонациясы, ырғағы, тембрі мен қарқыны, сөйлеудің фонетикалық стилі сияқты құбылыстарды қалыптастырады. Курс ағылшын тілінің дыбыстарын ана тілінің дыбыстарымен салыстыра отырып дұрыс дыбысталуын үйретеді, әр түрлі комбинациялардағы дыбыстардың айтылу ерекшеліктері қарастырылады, ең көп кездесетін қателіктермен жұмыс жүргізіледі және оларды жеңу жолдарына арналған техниканы меңгереді, дыбыстық және жазбаша мәтіндерді өз бетінше талдау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
Курстың мазмұны негізгі грамматикалық тұжырымдамалар мен жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Студенттер базалық грамматика негіздерін, сөздердің өзара байланысу формаларын, сөз тіркесі мен, сөйлем түрлерін, жазу дағдыларын дамытады. Курстың негізі сөйлемнің құрылымын талдау және оны қолдануды оқыту. Бұл курста студенттер ағылшын тіліндегі жай, құрмалас салалас және құрмалас сабақтас сөйлемдердің синтаксистік құрылымын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пәннің мазмұны білім алушыларда педагогикалық ғылымның теориялық – әдіснамалық негіздері және кәсіби – педагогикалық іс-әрекеттің мәні туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Курсты оқу білім беру ортасында тұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудың мазмұны, принциптері, формалары мен әдістері туралы қажетті білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курсты оқу білім алушыларда оқу мен оқытудағы заманауи тәсілдерді сәтті жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Екінші шет тілінің практикалық грамматикасы
Бұл курста екінші шет тілінің грамматикалық заңдылықтары мен ерекшеліктері қарастырылады. Пән аясында сөздердің орын тәртібі, шақ формалары, зат есімдердің септелу ережелері, артикльдердің қолданысы, көптік,жіктік жалғаулар, етістіктің негізгі формалары туралы білім беріледі. Курста ауызекі сөйлеудің грамматикалық формалары мен конструкцияларына басты назар аударылады. Пән екінші шет тілінің грамматикалық құбылыстарын ағылшын тіліне тән грамматикалық құбылыстармен салыстыра отырып жүргізіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Екінші шет тілінің практикалық фонетикасы
Бұл курс екінші шет тілін бастапқы оқытудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, пән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін, буын түрлерін, транскрипциясын, екпін модельдерін, буын және буынға бөлу ережелерін, негізгі фонетикалық құбылыстарын, интонациялық компоненттерін үйретеді. Курс дыбыстау, айтылым дағдыларын қалыптастыруға, фонетикалық құбылыстарды меңгеруге бағытталған. Пән екінші шет тілінің фонетикалық құбылыстарын ағылшын тіліне тән дыбыстық құбылыстармен салыстыра отырып жүргізіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ағылшын: фразалық етістіктер
Курс ағылшын тіліндегі фразалық етістіктер туралы толық түсінік береді. Курс барысында студенттер фразалық етістік ұғымын, фразалық етістіктің түрлерін, қолданыс жағдайларын меңгереді, сонымен қатар ауызша және жазбаша сөйлеу барысында барлық түрдегі фразалық етістіктерді қолдануды үйренеді. Фразалық етістіктер өз ойларын дәлірек жеткізуге, мағыналық реңктерді беруге және тұтас құрылымдар мен сөйлемдерді ауыстыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәнің мақсаты- білім алушылардың жеке қаржысын басқарудағы негізгі білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс негізгі экономикалық түсініктерді, ұтымды бюджеттеу, инвестициялау, жинақтау және қаржылық тәуекелдерден қорғау принциптерін қамтиды. Несиелеу, инвестициялау, қаржылық қызмет көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл курсты аяқтау білім алушыларға негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға, қарыз тұзақтарынан, қаржылық пирамидалардан аулақ болуға және өз қаражаттарын тиімді басқаруға көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шет тілі (екінші) (неміс тілі, түрік тілі, қытай тілі) А1 деңгейі
Практикалық курс сөйлеу әрекетінің барлық түрін оқытуды қамтиды: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу; Курс диалогтік және монологтық сөйлеуді дамытуды, сөздік қорын кеңейтуді және мәтінді өңдеу тәсілдерін және оқудың жалпы мәдениетін меңгеруді білдіреді. Курс коммуникативтік, лингвистикалық және лингво-өлкетану құзыреттерін қалыптастыруға ықпал ететін тілдік білімді зерделеуді көздейді. Коммуникативті құзыреттілік ауызша және жазбаша қарым-қатынас формаларын жүзеге асыратын сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін жан-жақты оқытуды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Шетел тіліндегі ауызша және жазбаша сөйлеудің негіздері
Бұл курс тілдік дайындық саласында ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын одан әрі дамытуды көздейді. Осы курсты оқу кезінде білім алушылар тіл үйрену құралдары бойынша мәдениет, әдебиет, психология, медицина, философия, құқықтану саласында жаңа білім алады. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, қарым – қатынасқа түсу сөйлеу тақырыбына сәйкес әртүрлі коммуникативті жағдайлар мен формаларда жүзеге асырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңартылған білім беру мазмұнының технологиялары және критериалды бағалау
Бұл курста жаңартылған білім беру мазмұны технологияларының мәні мен міндеттері, оқу процесіндегі критериалды бағалаудың технологиясы мен әдістемесі, жаңартылған білім беру мазмұны шеңберіндегі педагогтер жұмысының негізгі бағыттары аясында қарастырылатын: коллаборативті ортаны қалыптастыру, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып оқу процесін дайындау және өткізу, топтық және жұптық тапсырмаларды пайдалану сияқты педагогикалық іс-әрекеттер талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Базалық шетел тілі (ағылшын тілі) В2 I деңгейі
Курс тілдік дағдылар және сөйлеу дағдыларының жұмысын одан әрі жетілдіруді қарастырады. Аталған курс сондай-ақ, оқу іс-әрекетінің белсенді формалары мен түрлерін пайдалануда ұсынылған оқу материалын таңдауда (Relationships. Dating. Stereotypes. Fashion. Heroes and icons of our time. Human rights. Women in Law) көрінетін білім алушылардың қазіргі жас ұрпақ өкілдері ретіндегі қызығушылықтарын да ескереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл біліміне кіріспе
Курс студенттерді тіл дамуының тарихы мен заңдылықтарымен, олардың қызмет ету ерекшеліктерімен, оның ішінде мәдениетаралық қарым-қатынас және тіларалық байланыстар туралы білім береді, қазіргі кезеңдегі әлемдік және отандық тіл білімінің негізгі және даму бағыттарымен таныстырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Екінші шет тілі: мәдениетаралық коммуникация
Бұл курс білім алушылардың мәдениетаралық қарым-қатынасын дамыту мақсатында екінші шет тілін үйренуге бағытталған, өйткені мәдениет пен тіл арасындағы өзара байланыс болу керек. Пән этнографиялық компоненті бар контексте әлемнің жан-жақты бейнесіне толық және дәйекті түрде түсініктеме береді, оның аясында оқыту объектісі тілдің ұлттық сипаттамалары, оның ерекшеліктері, диалектілері, дәстүрлері мен бейнелері болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі мәдениетаралық қарым – қатынас құралы ретінде
Бұл пән көптілді, полимәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған; аутентті мәтіндердің мазмұны негізінде сөздік қорды байыту арқылы коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіруге бағытталған, бұл шет тілдік коммуникативтік құзыреттілікті дамыту процесінде дүниетанымның әлеуметтік-мәдени байытуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді; сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға, Отанға деген патриоттық көзқарасты тәрбиелеуге, басқа мәдениет өкілдеріне төзімділікпен қарауға, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени материалды пайдалану дағдыларын дамыту арқылы тұлғааралық қарым-қатынас этикасын тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (екінші ) (неміс тілі, түрік тілі, қытай тілі) А2 деңгейі
Курс студенттердің ауызша сөйлеу дағдыларын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Күнделікті тұрмыстық тапсырмаларды орындау үшін қажетті тілдік бірліктерді тиімді пайдалануға үйретеді. А2 деңгейі студенттерге өз дағдыларын одан әрі дамытуға негіз береді және тілдің күрделі аспектілерін меңгеруге дайындайды. Пән мәдениетаралық-коммуникативті құзыреттіліктерді, басқа тілге, мәдениетке оң көзқарасты қалыптастыруға, тілдік қабілеттерді дамытуға, екінші тілдік тұлғаның негізгі сипаттамаларын меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік лингвистика
Бұл пән студенттерді әлеуметтік лингвистиканың негізгі ұғымдары мен бағыттарымен, әлеуметтік лингвистикалық зерттеу әдістерімен таныстыруға бағытталған. Пән тілдік қақтығыстарды шешу жолдарын, әлеуметтік диалектілердің, сленгтердің даму кезеңдерін, тілдің мәртебесін анықтауды, мәдени байланыстар,мәдени араласулардың өзара әрекеттесу жолдарын, мәдени трансформацияның өзгеруін қарастырады. Курс байланыс тілдері мен бастапқы дереккөздердің арақатынасын, тілдік жоспарлау түрлері мен факторларын, аралас тілдердің пайда болу, одан әрі даму себептерін оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Екінші шет тіліндегі сөйлеу мәдениеті
Бұл курс ауызша қарым-қатынас мәдениетін оқытудың негіздерін қамтиды. Курс жазбаша және ауызша түрдегі екінші шет тілінің практикалық негіздерін игеруге бағытталған. Курста сөйлеу қарым-қатынас мәдениетінің аясында лингвоелтанымдық талдау жасау қарастырылады, себебі курстың материалдары жазба аутенттік және дыбыстық мәтіндерге негізделген. Курс студенттердің тіл мәдениетін және филологиялық білімнің жалпы теориялық базасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы тіл білімі
Бұл курс негізгі лингвистикалық түсініктермен, тілдік жүйемен, негізгі лингвистикалық зерттеулердің әдіс – тәсілдерімен таныстырады. Пән тілдің құрылымын, ерекшелігін, шығу тегі, қызметі мен даму заңдылықтарын зерттеуді қамтиды. Курс тіл мен ойлаудың, тіл мен сөйлеудің арақатынасы, әлем мен тілдік тұлғаның тілдік бейнесі, тілдік байланыстар мен тілдік жағдай туралы білімді жүйелеуге және тереңдетуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Курс барысында студенттер инклюзивті білім берудің принциптері мен әдістемелік негіздері туралы білімдерін қалыптастырады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға, инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуде туындайтын кедергілерді болдырмауға, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласындағы ұйымдастырушылық және басқару құзыреттеріне қатысты заманауи талаптардың жаңа үлгілері туралы идеялар қалыптасады. Білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау үлгілері туралы білімді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мәдениеттер диалогы аясында қазіргі заманғы ағылшын тілі
Курс оқытылатын тіл елдерінің мәдениеті мен менталитетін таныстыруға бағытталған. Бұл курсты оқу студенттердің коммуникативті дағдыларын, сөйлеу әрекетін қалыптастыруға, қарым-қатынас дағдыларын одан әрі жетілдіру арқылы ой-өрісін дамытуға ықпал етеді. Курс тұтынушы сөйлейтін халықтың мәдениеті мен тұрмыс-салтын меңгеруге қажетті алғышарттарды жасайды, әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі шығармалардың мәтіндерін мәдени аспектіде түсіндіреді, мәдени диалогқа түсу қабілеті пен дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шеттілдік қарым – қатынас практикумы
Бұл курс білім алушылардың сөйлеу әрекеті аясында мәдениетаралық қарым-қатынастың тәжірибелік мәселелерін шешу қабілетін қалыптастыруды көздейді. Курс өз және басқа мәдениеттің өзара әрекеттесуінде қарым - қатынас процесінің құрылымдық элементтерін меңгеруге, әртүрлі мәдениет өкілдерінің қарым-қатынасындағы коммуникациялық кедергілердің пайда болу себептерін түсінуге және оларды жою жолдарын анықтауға бағытталған. Айрықша ерекшелігі – студенттер елдің мәдениетін зерделеу арқылы ағылшын тілін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің синтаксисі
Пән грамматикалық дағдылардың дамуын қамтамасыз етеді және ағылшын тілінің синтаксисі бойынша білім жүйесін қалыптастырады. Пән аясында ағылшын тілінің синтаксисінің негізгі ұғымдары (синтаксистік байланыс және оның түрлері, синтаксистік бірліктер - сөз тіркесі мен сөйлем), сондай-ақ оларды қазіргі лингвистикалық ғылымда түсіндіру қарастырылады. Студенттер синтаксистік талдау жасау үшін көркем прозаның үзінділерімен жұмыс жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (екінші) (Неміс тілі, түрік тілі, қытай тілі) В1 деңгейі
Бұл курс студенттердің оқытылатын тақырып аясында қарым-қатынас саласы мен жағдаяттарына сәйкес ауызша және жазбаша қарым-қатынасты меңгеруін қарастырады. Бұл курс жаңа лексикалық және грамматикалық материалды бекітуге және үйренуге, сондай - ақ оқу бағытына қатысты аутентті аудио және бейне материалдар негізінде тыңдау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл оқу материалы монологтық және диалогтық түрде беріледі және күрделірек лексикалық және грамматикалық құрылымымен ерекшеленеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Абай әлемі
Пән тарихи фактілерді, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының идеялық-эстетикалық құндылықтарды қалыптастыратын философиялық-көркемдік негіздерін игерте отыра, студенттің өз пікірін айта білу, практикалық дағдыларды және адамгершілік, адалдық, көркем мінез сияқты адами қасиеттерді қабылдауды меңгертеді. Қазақ әдебиеті қаламгерлерінің данышпандық қырлары мен М.Әуезовтің Абай мұрасын зерттеу, насихаттаудағы рөлін, шығармаларының тарих, әдебиет, ғылым үшін маңызын айқындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Екінші шет тілі мәтінін лингвистикалық талдау (В1 деңгейі)
Бұл курс студенттерде мәтін туралы лингвистикалық құбылыс ретінде тұтас білім беруге, екінші тілдегі түпнұсқа көркем мәтінге жан- жақты филологиялық және стилистикалық талдау жүргізу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курста мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру тұрғысынан мәтінді лингвистикалық және стилистикалық талдауды оқытудың аспектілері қарастырылады. Түпнұсқа тіліндегі мәтіндердің мәдени ерекшеліктеріне және оны тілдік құралдардың көмегімен танымдық деңгейін арттыруға ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Екінші шет тілінің бизнес курсы
Бұл курс студенттерді екінші шет тіліндегі іскерлік қарым-қатынас негіздерімен таныстырады. Бұл курста қазіргі іскери әлемдегі халықаралық қарым-қатынастың ерекшеліктері мен этикетіне ерекше назар аударылады. Курс нақты іскерлік жағдаяттарды жасауға және келіссөздер, жиналыстар, пікірталастар, презентациялар жүргізу үшін қажетті тілді оқытуға, сондай – ақ іскерлік қарым-қатынасты іске асыру үшін ресми-іскерлік стиль дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Базалық шетел тілі (ағылшын тілі) В2 деңгейі II
Курс күрделі грамматикалық құрылымдарды меңгеруге бағытталған. Ол бизнес, ғылыми зерттеулер, мәдениет, өнер, саясат, халықаралық қатынастар сияқты салаларға қатысты көлемді мәтіндермен жұмыс істеуге негізделген. Бұл деңгейде қалыптасатын тыңдалым және оқылым дағдылары аудио, бейнематериалдар мен БАҚ мазмұнын түсініп, талдауға мүмкіндік береді. Пән салыстыру, талдау, синтез, ақпаратты бағалау сияқты жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын және алынған білімді өмірлік жағдайларда қолдана алу құзіреттіліктерін дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Негізгі шетел тілінде үйдегі оқу
Пән тілдік және әлеуметтік-мәдени ақпаратты беретін аутентті оқыту құралы. Көркем шығармалар арқылы студенттер оқытылатын тіл елінің тарихы, мәдениеті, географиясы туралы танымдық білім алады, студенттерде тілін үйреніп жатқан ел туралы тілдік бейне қалыптасады. Екі ел мәдениеті мен тілін салыстыру арқылы талдау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, ғылыми стильдегі мәтіндер оқытылады. Сол арқылы жаңа терминдер меңгереді, ғылыми сөйлеу стиль қалыптастырады, ғылыми сөздіктермен жұмыс жүргізеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Екінші шет тілінің синтаксисі
Бұл курс екінші шет тіліндегі сөйлем түрлерін, негізгі құрылымын және сөз тәртібін қарастырады. Бұл курста күрделі сөйлемнің құрылымына қатысты бағыныңқы сөйлемдердің әрбір түріне арналған тапсырмалар жинағы берілген. Осы курста ұсынылған жаттығулар кешені екінші шет тілінің негізгі грамматикалық құбылыстарын тиімді меңгеруге бағытталған. Курстың салыстырмалы тәсілі ағылшын тілі мен екінші шет тілінің бағыныңқы сөйлемдерін салыстыру кезінде ең өнімді болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (екінші) (Неміс тілі, түрік тілі, қытай тілі) В2 I деңгейі
Бұл курс студенттердің тілдік коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігінің көрсетілген деңгейінде екінші тілді меңгеру студенттің өмірдің жеке, қоғамдық салалары тақырыптарында күрделі емес ақпаратты түсіне білуіне негізделеді. Оқу материалы ситуациялық-тақырыптық кешендер түрінде ұйымдастырылған. Курс тақырыптары әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-танымдық, әлеуметтік-мәдени, сондай-ақ оқытудың кәсіби міндеттерін есепке ала отырып таңдап алынған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілдік білім беру әдістемесі
Пән студенттерді шет тілдерін оқытудың озық әдіс, тәсілдерімен таныстыруға, шет тілдерін оқытудың іргелі принциптері мен әдістерін зерделеуге және оларды оқу процесінде қолдануға бағытталған. Бұл пән оқу процесін ұйымдастыру, оқушыларды ынталандыру әдістері және заманауи технологияларды қолдану сияқты маңызды аспектілерді қамтиды. Курс жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін табысты кәсіби қызмет үшін терең білім, білік, дағдыларды меңгертуге негізделген.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
-
Оқытылатын тіл теориясының негіздері (Теориялық фонетика. Теориялық грамматика. Лексикология.)
Курс студенттердің тіл теориясының негіздерін меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу барысында студент зерттелетін тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық бірліктерімен танысады, олардың табиғаты мен функцияларын, тілдік жүйелердің негізгі даму тенденцияларын анықтайды, ағылшын және ана тілдерінің ерекшеліктерін салыстырады. Сондай-ақ, студент сөз теориясының әртүрлі бағыттарымен танысады, заманауи ғылыми-теориялық көзқарастар, қазіргі лингвистикалық ғылымның даму тенденциялары туралы білім алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аудио-бейне ресурстардағы ағылшын тілі
Бұл курс шет тілі сабағында қарым-қатынастың әртүрлі тақырыптары бойынша жағдаяттар тудыратын арнайы таңдалған аудио және бейне материалдарды көруді қамтиды. Сабақ барысында материалдарға грамматикалық, лексикалық талдау жасалып, айтылыммен жұмыс жүргізіледі. Курс тыңдап түсінуді жаттықтырады, айтылымды жақсартады, сөздік қорын байытады және грамматикалық ережелерді қолдануды бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар бұл курс оқу дағдыларын жақсартуға көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Деректі бейнересурстар негізіндегі ағылшын тілі
Бұл курс студенттердің ғылыми-техникалық сөздік қорын толықтыра алатын деректі материалдарға негізделген бейнероликтерді қарауды қамтиды. Сабақ барысында студенттер мүлдем басқа жағдайда өз көзқарасын білдіру түрінде сөйлеу дағдыларын дамытады. Сонымен қатар бұл курс ағылшын тіліндегі субтитрлермен жұмыс істеу кезінде оқу және жазу дағдыларын жақсартуға көмектеседі. Жалпы, бұл курс барлық тілдік дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвистикалық ілім тарихы
Курс лингвистикалық ілімдер тарихында қолданылатын негізгі теориялық тұжырымдамалар мен терминдердің мазмұнымен және ежелгі дәуірден қазіргі жағдайға дейінгі тіл ғылымының дамуының негізгі кезеңдерімен таныстырады. Курс барысында студент гуманитарлық білім жүйесіндегі тіл мен тіл білімінің орнын анықтау үшін филология ғылымын зерттеу нысаны ретінде тілді қарастырады. Студент лингвистика саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің негіздерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту (С1 деңгейі)
Бұл курстың мазмұны сөйлеудің әртүрлі аспектілеріне назар аудара отырып, тілдік құзыреттілік дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Курс шынайы өмірлік жағдайларда жеке, әлеуметтік, білім беру және кәсіби мақсаттарда ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін студент ағылшын тіліндегі жалпы жаңалықтар ағынынан қажетті ақпаратты таңдап, оны коммуникативтік-функционалдық бағытта қолдана алады, ғылыми күрделі мәтіндерді түсіндіре алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Пән шет тілін оқытуда мультимедиялық құралдарды қолдану заңдылықтарын түсінуге байланысты құзыреттіліктерді қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді; студенттерді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, шет тілін оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілерімен таныстырады; өз бетінше әрекет етуге мотивациялық бағытты қалыптастырады, қазақстандық орта мектеп аясында қажетті шет тілдерін оқытудағы заманауи технологиялар туралы ақпараттық сауаттылықты арттырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Екінші шетел тілі теориясының негіздері
Осы пәнді меңгеру кезінде студент екінші шет тілінің лексикасы, грамматикасы, фонетикасы саласында білімін, практикалық дағдысын арттырады, екінші шет тілінде қарым-қатынас жасай алады. Бұл пәнді оқу барысында екінші шет тілі жүйесі туралы түсінік қалыптасады, семантиканың негізгі заңдылықтарын меңгереді. Курс екінші шет тілінің құрылымы мен қызмет ету принциптерін, оның тарихы мен дамуын, фонетикалық , грамматикалық жүйелерін, лексикалық, стилистикалық ерекшеліктерін түсінуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Entertaınment ресурстар негізіндегі ағылшын тілі
Бұл курс entertainment (ойын-сауық) материалдарына негізделген бейнелерді көруді қамтиды. Сабақ барысында студенттер өздерінің сөздік қорын жаңа фразалық етістіктермен, идиомалармен және жаргондармен толықтырады. Сонымен қатар, бұл курс грамматика бойынша білімдерін нығайтуға көмектеседі және ағылшын тілінде тыңдап түсіну дағдыларын дамытады. Сондай-ақ, бұл курс видеодағы ағылшын тілінде айтылған сөздерді қайталау арқылы, студенттердің сөйлеу қарқыны мен интонацияларын жақсартуға көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәтін лингвистикасы
Пәнді оқу барысында мәтін лингвистикасының ғылым ретінде қалыптасуы туралы, мәтіннің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметі туралы кешенді түсінік береді. Білім алушылар сабақ барысында мәтіннің ерекшеліктерін тұтас сөйлеу туындысы ретінде зерттейді, студенттердің әртүрлі типтегі және жанрдағы, көркем және көркем емес мәтіндерге лингвистикалық талдау жасау дағдылары дамиды, мәдениаралық коммуникация аспектісінде қарастырылатын мәтіннің ерекшеліктерін анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандандырылған шет тілі (екінші)
Бұл курс "Кәсіби екінші шет тілі", "Екінші шет тілі бойынша ғылыми аударма технологиясы" компоненттерінен тұрады. Курс кәсіби қарым-қатынас кезінде екінші шет тілін қолдану ерекшеліктерін, мәдениаралық іскерлік қарым-қатынастың әртүрлі аспектілерін оқуға бағытталған; сонымен қатар курс өзекті тақырыптағы мамандандырылған мәтіндерді, ең алдымен мамандық бойынша ғылыми, техникалық мәтіндердің, іскери құжаттаманың негізгі түрлерін аударуды қамтиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі ағылшын тілінің лексикалық құрылымы
Курста сөздердің морфологиялық құрылымы, сөзжасамның негізгі механизмдері, сөздердің семантикалық сипаттамасы, сөз мағынасының өзгеруі, полисемияның дамуы, фразеологиялық тіркестердің қасиеттері, олардың жіктелуі, еркін және тұрақты тіркестерінің аражігін ажырату өлшемдері, фразеологиялық бірліктердің стилистикалық өзгерістері қарастырылады. Курс ағылшын тілінің лексикасының құрылымы, қызметі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Негізгі ұғымдарға, қазіргі лексикологияның терминдеріне, ресми, бейтарап және бейресми байланыс регистрлерінің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілді елдердің тарихы мен мәдениеті
Пәнді оқу барысында студенттер лингвоелтану пәнінің негізгі теориялық ұғымдарымен, мәтін түріне байланысты лингвоелтану түсініктемесінің ерекшеліктерімен танысады. Курс тіл тарихындағы лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлардың өзара байланысы және ондағы фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесінің дамуы туралы білім береді, аударманы оқыту процесінде лингвистикалық және аймақтық құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Курста лингвоэтникалық кедергі ұғымы ашылады, лингвоелтану тұрғысынан лексикалық бірліктерге талдау жасалады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы
Бұл курс фонологиядан, морфологиядан және синтаксистен дискурсқа дейін ағылшын грамматикасының толық ауқымын кеңейтіп оқытуды қарастырады. Бұл грамматика өте маңызды, өйткені ол фонология, морфология, синтаксис және дискурсқа қатысты негізгі және күрделі ағылшын тілінің құрамдас бөліктері туралы білімді арттырады. Бұларды білу, өз кезегінде, студентке академиялық ағылшын тілін дұрыс қолдануда басқаларға және өзіне басшылық жасауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Контекст пен жағдаяттағы ағылшын тілінің грамматикасы
Контекст негізінде грамматиканы оқыту тілді тиімді оқытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл әдіс грамматикалық ережелерді терең түсінуге мүмкіндік береді, оларды нақты әлеуметтік жағдайларда практикалық тұрғыдан қолдана алу құзіреттіліктерін дамытады. Курс студенттерге грамматикалық құрылымдарды қалай және қашан қолдану керектігін жақсы түсінуге көмектеседі, нақты қарым-қатынас жағдайлары контекстінде грамматиканы сауатты қолдануға үйретеді. Оқу барысында нақты мақсатқа жету үшін қолданылатын грамматикалық стратегиялар беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту (С2 деңгейі)
Курс болашақ мамандардың кәсіби қызметінің әртүрлі аспектілерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мәдениетаралық, коммуникативті және кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға арналған. Коммуникативтік құзыреттілік жалпы кәсіптік саланың сөйлеу тақырыптары негізінде білім берудің мәдениетаралық бағдарын тереңдетуді, студенттердің білім, білік және дағдыларына негізделген халықаралық стандартта және ғылыми-кәсіби деңгейде шет тілінде сөйлеу қабілеті мен дайындығын білдіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілді елдердің балалар әдебиеті
Бұл курс балалар әдебиетінің әртүрлі жанрлық стильдерімен, балалар оқуының ерекшеліктерімен, сонымен қатар балалардың оқуын дамытудың негізгі кезеңдерімен таныстырады. Бұл курс әдеби талдаудың құрылымын, принциптері мен әдістерін, әдеби ағымның ерекшеліктерін, ағылшын тілді мәдениеттің әдеби формалары мен дәстүрлерін салыстыруды, сонымен қатар Ұлыбритания мен Америка Құрама Шаттар балалар әдебиетінің шығармаларын талдауға бағытталып отыр.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (екінші) (Неміс тілі, түрік тілі, қытай тілі) В2 деңгейі II
Бұл курс студенттердің кәсіби қызмет аясында әлеуметтік-коммуникативті мәселелерді шешу үшін қажетті және жеткілікті коммуникативтік құзіреттілікті игеруге бағытталған. Курс тақырыптары қоғамдық-саяси, экономикалық, іскерлік және күнделікті тіршілік лексикасын қамтиды, екінші шет тілінде ғылыми, іскерлік және кәсіби терминологияларды қарастырады, түрлі мәтіндерді, оның ішінде ғылыми мәтіндерді аударуға бағытталады. Сондай-ақ қажетті ақпаратты іздеу мақсатында оқылым дағдыларын (мәтінмен жұмыс) дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқытылатын тіл елінің әдебиеті
Бұл курс оқытылатын елдердегі тарихи-әдеби үдерістерді тереңдетіп оқытуды көздейді. Курс негізгі әдеби бағыттар мен көркем жанрлар туралы білімді кеңейтуге бағытталған, әлемдік ұлттық әдеби классиканың отандық және шетелдік әдебиеттанушыларының көзқарастарын ашады. Пәнді оқу барысында студент әртүрлі әдеби дәстүрлер, әдеби талдаудың жетекші әдістері мен тәсілдері, әдеби мұраны зерттеу үшін көркем шығарманың маңызы туралы білім алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық оқу және жазу (екінші шет тілі)
Бұл курста академиялық жазу мен оқудың рөлі, сондай-ақ академиялық жазуды оқыту мәселесін зерттеудің заманауи тәсілдері қарастырылады. Курс түпнұсқалық ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу, академиялық жазу дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы академиялық тақырыптар бойынша лексикалық-грамматикалық дағдылар мен ауызша қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Курс коммуникативтік құзыреттілікті дамытуды көздейді. Курс академиялық ортада тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті ауызша ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттілікті дамытуды және жетілдіруді көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Екінші шет тілінің лингво-елтануы
Курс студенттерді оқытылатын елдің мәдени, географиялық, саяси, экономикалық, әлеуметтік ерекшеліктерімен, мемлекеттік құрылымымен, білім беру жүйесімен, ұлттық рәміздерімен, геральдикасымен, дінімен таныстырады. Пән оқытылатын тіл елдерінің тарихи және мәдени дамуының негізгі кезеңдері мен үрдістерін зерделеуге, тілдік-өлкетану болмыстарымен, тілдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктерімен, тілдегі ұлттық сипаттың ерекшеліктеріментанысуғ абағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Екінші шет тіліндегі елтану
Бұл курстың тақырыптық мазмұны оқытылатын екінші тілдің елі туралы толық мәлімет береді және негізгі елтану ұғымдар туралы түсінік қалыптастырады, студенттердің лингвистикалық және елтанымдық құзыреттілік деңгейін арттыра отырып, екінші тілде оқытылатын елдегі мәдени, әлеуметтік-экономикалық, саяси құбылыстар туралы ой-өрісін кеңейтеді, сонымен қатар тілдік және мәдениетаралық жағдаяттарға сыни талдау дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәтіндерді дискурсивті талдау
Пән негізінде білім алушылар дискурс-талдау саласындағы әдістер мен технологияларды меңгереді, дискурс теориясының тұжырымдамалық аппаратын үйренеді. Мәтінді талдаудағы ғылыми көзқарас, оның негізгі аспектілері қарастырылады. Курс аясында әр түрлі стильдер мен жанрлардағы, яғни, көркем, ғылыми, саяси, жарнама және т.б. мәтіндер құрылымының ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, авторлар тарапынан тыңдаушыға әсер етудің әртүрлі тәсілдерінің тілдік құралдары талданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық емтихандарға дайындық курсы
Бұл курс шет тілін меңгерудің жалпыға танылған халықаралық стандартына сәйкес лингвистикалық білімді, іскерлікті сонымен қатар дағдыларды жетілдіруді көздейді. Бүл пәнді оқу барысында студент эссенің дұрыс құрылымымен, әртүрлі бағыттағы мәтінмен жұмыс жасаумен, сөйлеу жағдайларын коммуникативті тапсырмамен және ойлау элементтерімен, өз көзқарасын нақты және дәлелді түсіндірумен, сонымен қатар студент пікірталас жүргізумен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің лексикологиясы және фразеологиясы
Курс ағылшын тілінің лексикалық жүйесі, оның өзгергіштігі, ерекшеліктері туралы лингвистикалық білімді қалыптастыру үшін қажетті практикалық білім береді, ағылшын тілінің лексикалық құрылымының ерекшеліктерімен таныстырады, сөздерді қолдану, аудару кезінде пайда болатын қателіктерді болдырмауға көмектеседі. Семасиология, ағылшын тілінің фразеологизмдері қарастырылады. Тапсырмалар / жаттығулар оқушылардың тілдік болжамын дамытуға, лексикографиялық материалдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Фразеологиялық бірліктер салыстырмалы аспект негізінде үш тілде талданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
Пән академиялық кеңістікте өзара байланысқа түсу үшін ағылшын тілінде коммуникативті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Оқытылатын курс ағылшын тілінде ауызекі сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерін дамытуға негізделген жұмыстардан тұрады. Курсты оқу барысында білім алушылар ағылшын тілінде академиялық оқу, тыңдау, презентация жасау және талқылау дағдыларын дамытады. Курстың жеке тарауында ғылыми іскерлікке арналған ағылшын тілінің грамматикасы мен лексикасындағы ерекшеліктерді қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Іскерлік дискурс
Бұл курс студенттерді негізгі ақпаратпен, терминологиямен және дискурс пен мәтінді зерттеу әдістерімен таныстырады. Дискурс пен мәтіннің мәні, олардың ұғымдары мен категориялары ашылады. Курс кәсіби ортада тұлғааралық және мәдениетаралық ынтымақтастық мәселелерін шешу мақсатында екінші шет тілінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін қажетті жеке қасиеттерді, жалпы мәдени білімді қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Екінші шет тіліндегі үйдегі оқу
Бұл курс студенттерді шетелдік жазушылардың төлнұсқадағы шығармаларымен, түрлі көркемдік стильдермен таныстырады; көркем мәтіндерді талдау біліктері мен дағдыларын арттырады.Пәннің мазмұны екінші шет тілін практикалық қолдануға, монологтық және диалогтық сөйлеуге байланысты бірқатар мәселелерді қамтиды. Шет тіліндегі көркем мәтіндермен жұмыс істеудің негізгі принциптерімен таныстырады. Курс шетелдік авторлардың көркем шығармаларымен танысу арқылы дайындықсыз сөйлеу дағдыларын арттыруға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми стиль және ағылшын тілі
Курс академиялық жазу, академиялық оқу және ғылымның әртүрлі салаларындағы ғылыми әдебиеттерге сыни талдау жасау дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс барысында студенттер ғылыми стилді басқа стилдерден ажыратуды, ағылшын тілінің дұрыс грамматикалық құрылымдарын қолдануды, материалды талдау, дәрістерді әзірлеуді, инновациялық технологияларды пайдалана отырып презентация, баяндама жасау, ақпаратты іздеу кезінде жылдам оқу әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепте шет тілі бойынша ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Курс студенттерді ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби қызметін жүзеге асыруда заманауи талаптарға сай болуға дайындайды. Пәнді оқу барысында студент лингвистикалық және педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру, шетел тілін оқытудағы ғылымның рөлі, ғылыми зерттеулердің құрылымы, лингвистикалық және әдістемелік эксперименттер жүргізу әдістері туралы түсінік алады, ғылыми мәліметтерді жинайды және оларға талдау жасап, ғылыми зерттеу нәтижелерін әзірлеп көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Екінші шет тілі елдеріндегі тарих және мәдениет
Курс студенттерді екінші шет тілін оқитын елдердің тарихы мен әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерімен, елтану пәндерінің негізгі ұғымдарымен, шындықтарымен және терминдерімен таныстырады, елдердің мәдени ерекшеліктері туралы білім базасын жасайды, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастырады, басқа халықтардың дәстүрлеріне қызығушылық пен құрмет сезімін оятады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шешендік шеберлік
Курс заманауи шет тілі мұғаліміне қажетті көшбасшылық, коммуникация және тілдік дағдыларды жетілдіруге бағытталған. Бұл курста шешендік өнердің әдістемесі, ағылшын тілінде сөздің дұрыс артикуляциясы мен интонациясын дұрыс қалыптастыру жолдары, аудиторияның талғамы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып өз ойын жеткізе білу және өз көзқарасын дәлелдеу, шешендік өнердегі жаңа технологиялары туралы білім алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің функционалды грамматикасы
Курста функционалдық грамматиканың негіздері және ағылшын тілінің функционалдық грамматикасын практикада қолдануды ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады. Курс білім алушылардың сөйлемдер мен мәтіндерді талдау, есімді, етістікті және предлог арқылы сөз тіркестерінің құрылымын талдау дағдыларын меңгеруіне бағытталған. Курс тілдің ішкі құрылымын түсінуге мүмкіндік береді, яғни, сауатты сөйлемдер құруға, ауызша және жазбаша түрде мәтіндер жасауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ілгерінді ағылшын грамматикасы
Курста қазіргі заманғы ағылшын тілінің құрылымдары, атап айтқанда, етістіктің жақсыз формалары: көсемше, есімше, герундий, тұйық етістік талданады. Олардың формалары, ерекшеліктері, сөйлемде атқаратын қызметтері, тұйық етістікпен қолданылатын 3 грамматикалық құрылым, көсемше мен есімшемен қолданылатын 4 грамматикалық құрылым, герундиймен қолданылатын грамматикалық құрылымдар жеке-жеке қарастырылады. Студенттерде осы грамматикалық құрылымдарды сөйлеу барысында пайдалану бойынша білімді қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Екінші шет тілі елдерінің әдебиеті
Курс студенттерді әртүрлі дәуірдегі жазушылар мен ақындардың шығармаларымен және оқытылатын тілдер елдерінің әдеби бағыттарымен таныстырады. Бұл курс студенттердің жеке қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Курс әдеби бағыт, әдіс мәселелері, сондай-ақ екінші шет тілі елдері әдебиетінің ұлттық ерекшелігін зерттеу арқылы оқушыларды мәдениет диалогына тарту сияқты мәселелерді қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Коммуникативті грамматика
Курс нақты өмірлік жағдайларда базалық грамматикалық дағдыларды дамытуға және жақсартуға көмек көрсетеді. Студенттердің коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуға қажетті барлық алғышарттарды орындай отырып, грамматикалық тұрғыда дұрыс қарым қатынас жасауға үйретеді. Білім алушыларды грамматиканы оқытудағы заманауи тәсілдермен таныстырады, сауалнама және пікірталас сияқты әдістермен қатар, рөлдік ойындарды қолдану кезінде грамматиканы шығармашылық және коммуникативтік түрде оқытуға арналған идеяларды ұсынады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ағылшын тілі бойынша ғылыми жұмыс әдіснамасы
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аутентті медиа материалдар
Пән аутентті медиа ресурстарды зерттеуге, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға, медиа мәтіндерді аударуға және локализациялауға бағытталған. Студенттер сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін дамыта отырып, медиа кеңістікте жұмыс істеу құзыреттіліктерін жетілдіреді. Білім алушыларға пәнаралық байланыс негізінде осы пәннің мазмұнын басқа ғылым салаларымен интеграциялау мүмкіндігі беріледі, соның негізінде фактілер арасындағы себеп-салдарлық қатынастар қарастырылады, аутентті ақпарат көздерін пайдаланып, негізгі/фрагменттік ақпараттармен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілін оқытудағы әдістердің кіріктірілген түрлері
Курс ағылшын тілін оқыту әдістемесі, ақпараттық технологиялар және STEM ғылымдары бойынша жалпы білімдер негізінде заманауи ағылшын тілі сабақтарын өткізудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу барысында студенттер кіріктірілген сабақтарды жоспарлау әдістемесімен танысады, дидактикалық материалды жүйелеуді, STEM ғылымдары саласындағы ағылшын тілін білуді бағалау критерийлерін әзірлеуді үйренеді. Курс кәсіби және жалпы мәдени құзіреттіліктерді қалыптастырады, жан-жақты білімді белсендіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аударма және интерпретация
Курс студенттерге аударма мен интерпретацияның негізгі теориялық және практикалық аспектілерін үйретуге бағытталған. Аударма және интерпретация принциптерін, соның ішінде теорияны, мәтінді талдауды үйренеді, тиімді зерттеу әдістерін меңгереді және топтық жұмыс негізінде талдау әдістерін меңгереді. Оқыту барысында іскерлік, техникалық, құқықтық мәтіндердің нақты сипаттамалары, көркем аударма теориясы және әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын мәтіндер қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімді, коммуникативтік дағдыларды көрсету, қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.
- Оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың заманауи технологиялары мен критериалды бағалауды қолдану.
- Алған білімдерін жазбаша және ауызша коммуникацияда қолдану, оқытылатын тіл елінің болмысы мен ұлттық - мәдени ерекшеліктерін бағалау, өз пікірін дәлелдеу және қорғау.
- Жалпы орта білім беретін мектептердің берілген шарттары мен мүмкіндіктеріне сәйкес ғылыми - зерттеу, оқу және педагогикалық қызметті жоспарлау, ұйымдастыру үшін интеграцияланған нысандар мен технологияларды қолдану.
- Өз сезімдерін, ойлары мен қажеттіліктерін білдіру үшін қарым-қатынас міндетіне сәйкес тілдік құралдарды қолдану, шет және екінші шет тілі /ана тілдерінің тілдік жүйесін ажырату.
- Екінші шет тіліндегі мәтіндерге тән мәдени ерекшеліктерді, стильдер мен нормаларды ескере отырып, мәтіндерге талдау жүргізу.
- Тілдік бірліктерге грамматикалық, синтаксистік, морфологиялық, контекстік және этимологиялық талдау жүргізу, оқу процесінде түрлі салалардан алған білімдерін біріктіру.
- Кәсіби коммуникативтік жағдай шеңберінде тілдік құралдарды меңгеру, оқу міндеттерін түсіну және шешу үшін қажетті ағылшын тілінің тілдік құбылыстарын талдау және бағалауды жүзеге асыру.
- Коммуникативтік нормалар мен тәжірибелер контексті шеңберінде шет тіліндегі аутентті материалдарға талдау жүргізу.
- Академиялық дискурстың стилистикалық және жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес хабарламалар жасау.
Ұқсас БББ
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын)
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті