Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

  • Математиканың бастауыш курс негіздері

    Арифметикалық амалдың белгілі компоненттері бойынша балаларды белгісіздерді табуға, есептеу тәртібінің ережесіне сәйкес – санды өрнектер құрастырып, оның мәнін табудың, балаларды қарапайым геометриялық пішіндермен таныстырудың, геометриялық параметрлерді есептеуге үйретудің, арифметикалық есептерді қайталап шығару арқылы осы материалды бекітудің жолдары, әдіс-тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мамандыққа кіріспе

    Болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда негізге алынатын теориялық біліммен қаруландырып, білім берудің әлеуметтік сипатын, кәсіби мәнін, мұғалімнің қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіндіре отырып, болашақ мамандардың сыни көзқарасын, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Бұл пән әдебиеттану ғылымының негізі - сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен әдіснамасын, сөз айшықтарын зерделеу, сөз өнерінің маржандарын тере білу, сөздік қорында қолдануға үйретуді, әдебиеттің рухани, мәдени, эстетикалық құндылықтарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі заманғы қазақ тілінің негіздері

    Тілдің дыбыстық жүйесі, тілдегі үндестік заңдары, сөз мағыналары мен фразеологизмдер, сөзжасамдық тәсілдер, сөз таптарының грамматикалық сипаты мен қазіргі қазақ тілінің синтаксистік жүйесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дүниетану негіздері

    Дүниетану негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастар, олардың ішкі-сыртқы байланыстарын ашатын теориялық ұғымдар жүйесін қарастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инклюзивті білім беру

    Инклюзивті білім беруді дамытудың кезеңдері, категориялық аппараты, тұжырымдамасы мен ұйымдастыру әдістері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім берудің құқықтық жүйесі, мақсаттары мен міндеттері, принциптері мен жағдайлары, білім беру ресурстары, факторларын қарастырады. Ерекше балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, баланың отбасына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, түзету жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    Педагогиканың ғылыми және әдіснамалық негіздерін, жалпы білім беру мекемелерінде педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың дағдылары мен іскерлігін, оқыту мен тәрбилеу технологияларымен таныстыра отырып, педагогикалық ойлауды дамытуға және жеке тұлғаны оқыту, білім беру, тәрбиелеу барысында оны жетілдіруге және дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Педагогикалық ғылымның бөлімі ретінде тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні білім алушыларға ғылыми-зерттеу және педагогикалық тәжірибе нәтижесінде дамыған тәрбие теориясы туралы толық түсінік береді. Болашақ маман иесіне тәрбие жұмысының теориясы мен әдіснамасы, тәрбие жұмысын технологиясы мен жүргізу әдістемесі туралы білім беруді қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық жүйесі

    "Құқық жүйесі" пәнін игерудің мақсаты білім алушылардың ұлттық заңнама саласында білімді, дағдылар мен құзыреттерді игеруі болып табылады. Курс бойынша қоғамдық қатынастар мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде қарастырылады, құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: студенттерді кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық басқару саласында теориялық біліммен, кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізудің практикалық дағдыларын игеруге көмектесу, бизнес-жоспар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтау және пайдалану

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономикалық теория

    Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық ғылымның өзекті теориялық мәселелері және оның экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы практикалық қосымшалары бойынша өз ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту; білім алушылардың экономикалық теорияның қолданбалы аспектілері саласындағы аналитикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді жалпылау, өз ұстанымын қорғауда дәлелдерді тұжырымдау және негіздеу қабілетін дамыту; өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кәсіби қарым қатынас пен коммуникацияны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Бұл пән жасанды интеллекттің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру сияқты негізгі ЖИ технологияларымен танысады. Сонымен қатар, Python негізінде деректерді талдау және ЖИ модельдерін әзірлеу дағдыларын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаратылыстану негіздері

    Білім алушыларға жаратылыстану ғылымының даму кезеңдері, табиғатты зерттеудегі ғылыми заңдылықтар, ғылыми теориялар және олардың пайда болуы, табиғаттағы өзара байланысты туралы жүйелі біліммен қаруландыра отырып, бұл ғылымның жетістері мен жалпы философиялық қорытындысы беріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Курсты оқудың мақсаты экономикалық ойлау тәсілін дамыту, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балалар әдебиеті

    Балалар әдебиетінің білімдік, тәрбиелік маңызы, балалар әдебиетінің негізгі кезеңдері, балалар әдебиетінің тарихы, балаларға арналған ауыз әдебиеті үлгілері (мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, аңыздар, т.б.), Махамбет Өтемісұлының, Ыбырай Алтынсаринның, Абай Құнанбайұлының, ХХ ғасыр басындағы ағартушы демократ ақын-жазушылар мен Алаш арыстарының балаларға арналған шығармалары, Ұлы Отан соғысы жылдарынан Тәуелсіздікке дейінгі қазақ прозасы мен поэзиясы өкілдерінің өмірі мен шағырмашылығы қаралып, шығармалары оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бастауыш білім педагогикасы

    Пәнде педагогиканың жалпы негiздерiн қарастырумен бiрге бастауыш мектеп педагогикасымен тiкелей байланысты балалардың жас ерекшелiктерi, кiшi жастағы оқушыларды оқытудың қағидалары мен ережелерi, бастауыш сыныпта қолданылатын оқыту технологиялары, оқу-тәрбие үдерістері, ұйымдастыру формалары, бастауыш мектеп мұғалiмдерінің оқу-тәрбие мiндеттері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық сауаттылық

    Математикалық сауаттылық пәнінің мазмұны: білім алушылардың математикалық ой қорыту және әр түрлі нақты контексттерде есептерді шешу үшін математиканы тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілетін анықтайтын білім, білік және дағдыны қалыптастыратын кәсіби білім.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)

    Болашақ мамандарда зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және таңдалған тақырып бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды іріктеп алу, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мінез-құлық үлгілерін зерделеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектептегі жаратылыстануды оқыту әдістемесі

    Жаратылыстану пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, қағидалары мен әдістерін, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру технологияларын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әліппені оқыту әдістемесі

    Бастауыш сынып оқушыларын әріптерді тануға, жатқа айтуға, әріптерді оқуға, әріптерді дыбыстай білуге, буындап оқуға, сөздер мен сөйлемдерді оқуға үйретудің әдіс-тәсілдері мен әдіснамалары, жазуға үйрету тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шағын жинакты бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісі

    Пәнде шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық, әдіснамалық негіздері таныстырылып, шағын жинақты бастауыш мектептегі сабақтардың ерекшеліктері, оқыту технологиялары мен оқушылардың сабақта іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдіснамасын, сауат ашу әдістемесін, грамматикалық білім мен білігін меңгерту жолдарын, сауатты жазу дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру технологиялары туралы кәсіби білім.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы

    Болашақ мамандарға көркем сөз өнерінен кейбір теориялық мәліметтер бере отырып, мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсіліне төселдіру, жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын дамыту жолдары қарастырылады. Мәтінмен жұмыс жасау кезеңінде оқушыларға стилистикалық тілдік құралдарды үйрету; тілдің көркемдегіш және бейнелегіш құралдарын үйрету; сөйлеу, айту дағдыларын жетілдіру; жазбаша тілін дамыту; әдеби тіл нормасынан мәлімет беру; тіл мәдениетін қалыптастыру; тіл ұстарту жұмыстарын жүргізу жолдары оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)

    Табиғат және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптері және адамның мекендеу ортасымен қауіпсіз өзара әрекеттесуді және қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғану жүйесімен еңбек қауіпсіздінің негіздері туралы кешенді білім беру. Білім алушылардың бойына экологиялық тұрақтылықты дамыту үшін ластаушы заттардың шығарындылары экожүйелердің ассимиляция қабілетінен аспауы керек тіршілікті ұйымдастыруды және адамның тіршілік әрекетінде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда тірі қалудың алғы шарттарын үйрету және кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау қызметінің негізгі аспектілерін қамтитын білім мен дағды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесі

    Бастауыш сынып оқушыларын дыбысты дұрыс таңбалай білуге үйретуге, қатесіз және сауатты жазуға, айтылған сөзбен дыбысты қатесіз, сауатты жазуға үйрету әдістемесі, болашақ маманға қатемен жұмыс жасай білу мен оқушының жазу дағдысын қалыптастыру әдістері қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математиканың есеп шығару практикумы

    Арифметикалық амалдың белгілі компоненттері бойынша балаларды белгісіздерді табуға, есептеу тәртібінің ережесіне сәйкес – санды өрнектер құрастырып, оның мәнін табудың, балаларды қарапайым геометриялық пішіндермен таныстырудың, геометриялық параметрлерді (ұзындық, ені, периметрі және т.б.) есептеуге үйретудің, арифметикалық есептерді қайталап шығару арқылы осы материалды бекітудің жолдары, әдіс-тәсілдері меңгертіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі

    Бейнелеу өнерінің теориялық және әдіснамалық негіздерімен таныстыра отырып, ғылыми әдістемесін жинақтап, бағдарламаға сәйкес композиция теориясымен оның бейнелеу өнерінің барлық түрлері жанрларына қатысты заңдылықтары мен әдістерін, әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру технологиясын ұсынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектептегі дүниетануды оқыту әдістемесі

    Бастауыш сыныптағы «Дүниетану» пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту технологиялары жөнінде білімдер жүйесі, дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері туралы білім, білік-дағдыларды қалыптастыру және оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту жолдары қарастылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Логикалық есептерді оқыту әдістемесі

    Пән бастауыш сынып оқушыларының негізгі логикалық дағдыларды және соған сәйкес ақыл-ой операцияларын дамытуға бағытталған арифметикалық амалдарды тез орындау жолдарын, жаттығулар мен шығармашылық бағытындағы тапсырмаларды шешу жолдарын және оны оқыту әдістемесін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

    Тіл дыбыстарын, олардың ерекшеліктерін, жасалуын, өзгерістерін, бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орфография және пунктуация практикумы

    Сөздерді ережеге сай дұрыс жазу, соның ішінде түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы, сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы, шылаулар мен одағайлардың және бас әріптердің қолданылуы мәселелері және сөйлем соңында, сөйлемнің ішінде тыныс белгілерінің қолданылу ережелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық шеберлік

    Педагогтың кәсіби шеберлігінің теориялық-әдіснамалық негіздері, педагогикалық шеберліктің жетілдіру жолдары, педагог этикасы мен техникасы, мұғалімнің жалпы мәдениеті мен кәсіби іскерлігін қалыптастыруға қажетті педагогикалық білімді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттік оқыту әдістемесі

    Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнінің ғылыми пән ретіндегі сипаттамасы, оның дидактикалық ұстанымдары, әдебиеттік оқыту технологиялары, көркем сөзді және әдеби шығармаларды меңгеру жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі балалар әдебиетінің процесі

    Қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі әдеби үдерістің даму ерекшелігі; қазіргі балалар әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық; авторлық ертегілер мен халық ертегілерінің ерекшеліктері; балаларға арналған шешендік сөздердің танымдық, тәрбиелік мәні; балалар драматургиясы; балаларға арналған журналдар мен газет түрлері, олардың даму тарихы; орыс және шетел балалар әдебиетінің кейбір өкілдерінің шығармашылығы оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дүниетану сабағынан көрнекі құралдар даярлау әдістемесі

    Дүниетануды оқытуға қажетті көрнекіліктер классификациясы және оларды даярлау технологиялары мен сабақта қолдану әдістемесін, пән ерекшелігіне байланысты инновациялық жобаларды қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

    Бастауыш сыныптағы математиканы оқыту ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым ретінде математиканы оқытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін басшылыққа ала отырып, оқу пәнінің мазмұнын, оқыту технологияларын, мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру, логикалық ойын дамыту және алған білімін практикада қолдану іскерліктерін шындау әдістерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беруді бағалаудың өлшемдік технологиясы

    Оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру үдерісіне қатысушыларға білім бере отырып, олардың біліп сапаларын деңгейіне сәйкес бағалаудың мазмұны сипатталып, түсінік беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі

    Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі пәнінің мақсаты, міндеттері мен принциптерімен таныстыра отырып, музыкалық тәрбиенің отандық және шетелдік жүйесінің дамуын, музыкалық тәрбиенің мазмұны мен түрлерін, музыкалық іс-әрекет түрлері мен музыканы оқыту әдістерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектептегі еңбекті оқытудың теориясы мен технологиясы

    Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мазмұнын игеру, педагогикалық үдерісті еңбек тәрбиесінің ұстанымдарына сәйкес жоспарлау, еңбекке үйрету бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, оқыту құралдары мен әдістерін қолдану технологиясын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Цифрлық сауаттылықты оқыту әдістемесі

    Цифрлық сауаттылыққа оқыту әдістемесі пәні ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқытудың педагогикалық-әдіснамалық негізіндері, пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқытудың әдіс-тәсілдері қарастылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі инновациялық технологиялар

    Қазіргі инновациялық технологиялар, олардың теориялық және әдіснамалық негіздерін, бастауыш сыныпта қолданылатын оқыту технологияларын, олардың түрлерін, қолдану тәсілдерін, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды ұйымдастыру формаларын, бағалау критерилерін, нәтижелерін саралау, талдау әдістерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектептегі дене шынықтыру педагогикасы

    Бастауыш мектептегі дене шынықтыру педагогикасы жеке тұлғаны қалыптастыру, оны жалпыадамзаттық, дене шынықтыру және спорт құндылықтарымен таныстыра отырып, адамның физикалық, психикалық және функционалдық мүмкіндіктерін зерттеу және жетілдіру жолдарын, дене шынықтыруды оқыту үдерісінің мәнін, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен ұйымдастыру формаларын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш білім берудегі тьюторлық

    Бастауыш білім берудегі тьюторлық қызметінің мақсат-міндеттерін, шетелдік және отандық білім беру жүйесіндегі тьюторлық тәжірибесімен таныстыра отырып, білім алушыларға бастауыш сынып оқушыларын педагогикалық-психологиялық қолдаудың мәнін түсіндіреді, бастауыш сынып мұғалімдерінің тьюторлық іс-әрекетке дайындығының ерекшелігін, мазмұны мен технологияларын және болашақ мамандарды тьюторлық іс-әрекетке дайындаудың критерийлерін, әдістемесін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі

    Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық ұстанымдарын, педагогикалық құбылыстардың себептерін, факторын, шарттары мен жолдарын сипаттай отырып, құбылыстардың байланысын және басқа құбылыстармен өзара байланысын, дамуын және зерттеу тақырыбы бойынша мәселелерді шешу жолдарын, зерттеу әдістерін қолдану технологиясын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бастауыш сыныптарда жобаларды құру

    Білім берудегі жобалаудың тарихи аспектілерін, педагогикалық жобалаудың теориялық негіздерін, ерекшеліктері мен мәнін түсіндіре отырып, білім беруді жобалаудың әдіснамалық аппараты, білім беру жобасының құрылымы, жоба жоспарын әзірлеу, жобалардың нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу технологиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бастауыш мектепте дидактикалық материалдар жасау және оны пайдалану әдістемесі

    Бастауыш сыныптағы оқу үдерісін сауатты түрде толықтыратын дидактикалық материалдарды: презентациялар, үйрену ойындары, үлестірмелі карталар, тірек сызбалар, кестелер, диаграммалар және электрондық түрдегі дидактикалық материалдарды жасау технологияларын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бастауыш мектептегі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі

    Дене тәрбиесінен білім берудің теориясы мен әдіснамасын, тәрбиелеу принциптерін,жас ерекшеліктері мен психологилық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Отбасы педагогикасы

    Отбасылық тәрбие жағдайларының ерекшеліктері, отбасылық мәселелерді шешу, дұрыс шешім табу жолдары, ата-аналар мен мұғалімдерге ғылыми негізделген ұсыныстар, ата-анамен байланыс жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Философиялық және әлеуметтік-саяси білімнің негіздерін, Қазақстанның тарихи дамуының кезеңдері мен заңдылықтарын меңгере отырып, экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалап, қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық, этикалық нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолданып, салауатты өмір салтын, әлеуметтік бейімделу дағдыларын және қаржылық сауаттылықты қалыптастырып, ақпараттық ресурстарды іздеу және бағалауға, жүйелеп талдауға, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқу үдерісін жүзеге асыруда жасанды интеллект технологиясын қолдануға қабілетті.
  • Жеке, қоғамдық, мемлекеттік және қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелі тәсілдерін, ғылыми теорияның құрылымын, зерттеу әдістерінің жүйесін және жобалау технологияларын меңгеріп, биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды зерттеп, педагогикадағы өзекті мәселелерді зерделей отырып, педагогикалық диагностикалау және зерттеу әдістерін тәжірибеде пайдалануға, жобалардың нәтижелерін өңдеуге және рәсімдеуге қабілетті.
  • Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мен педагогикалық оқытудың теориясы мен әдістемесін меңгере отырып, ерекше балалармен және олардың отбасыларымен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық технологияларын тәжірибеде қолдана алады, жалпы мәдени құндылықтарды, қазіргі заманның оқу-тәрбие процесінің құрылымын және ерекшеліктерін талдай отырып, педагогикалық идеялар мен ережелерді оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға қабілетті.
  • Сөйлеуді дұрыс интонациялық және лексикалық рәсімдеу үшін орыс және шет тілдерін, қазақ тілінің грамматикасын меңгеріп, балалар әдебиетінің негізгі тақырыптарын талдай отырып, бастауыш сынып оқушыларына арналған шығармаларды ұсына алады, әдебиеттің рухани, мәдени, эстетикалық құндылықтарын бағалай отырып, сауатты жазуға жаттықтыру әдістерін меңгеріп, оның білімділік-тәрбиелік және эстетикалық маңызын анықтай алуға қабілетті.
  • Адамның қоршаған ортаға әсері туралы, табиғатты зерттеудің жеке әдістерін меңгере отырып, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын зерттеу кезінде ғылыми, диалектика-материалистік көзқарастарды қалыптастырады; математикалық ұғымдардың теориялық негіздерін зерделеп, арифметикалық амалдарды орындағанда қолданатын қасиеттер мен заңдардың мәнін анықтай отырып, математикалық сауаттылығын қалыптастырады және жаратылыстану бағытындағы біліктерін қажетті кәсіби деңгейде қолданады.
  • Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, ауызша сөйлеуге үйрету әдістемесін, мәнерлеп сөйлеуге үйрету мен оқушыларды көркем, қазақ тілін оқытудың әдіснамасын зерделей отырып, инновациялық әдістерді жүйелеп, кәсіби деңгейде білім беруге қабілетті.
  • Жалпыадамзаттық, дене шынықтыру және спорт құндылықтарын түсіндіре отырып, жаратылыстану пәнін оқыту технологиясын, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру әдістемесін және қоршаған орта туралы түсініктерді жеткізу тәсілдерін меңгеріп, дүниетану пәні бойынша көрнекі құралдарды пайдалану ерекшеліктерін зерделей отырып, бастауыш сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын қалыптастыру және логикалық ойлауын дамыту тәсілдерін анықтап, дене тәрбиесі технологиясын қолдануға, шағын жинақты бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қабілетті.
  • Бейнелеу өнері, музыка және еңбекті оқытудың мазмұнын, көркемдік-эстетикалық білімнің теориялық негіздерін, оқыту технологияларын меңгеріп, бастауыш сынып оқушыларының қабілетін және отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен педагогикалық ықпалын зерделей отырып, педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдарын анықтап, бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби іскерлігін қалыптастырады.
  • Қазіргі инновациялық технологияларды, олардың теориялық және әдіснамалық негіздерін, бағалаудың өлшемдік технологиясын меңгеріп, бастауыш сынып мұғалімдерінің тьюторлық қызметінің ерекшелігін анықтап, оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды ұйымдастыру формаларын, бағалау критерилерін, нәтижелерін саралай отырып, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды сауатты қолдану, дидактикалық материалды жасау мен пайдалануға қабілетті.
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың, үлгілік оқу жоспарларының құрылымы мен мазмұнын, білім беру менеджері қызметін біле отырып, бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерістерін тиімді ұйымдастыру, әдебиетті оқыту технологияларын және сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен әдіснамасын меңгеріп, оқу стратегиялары мен жоспарларын құру дағдыларын қалыптастырып, нормативтік және ғылыми-әдістемелік құжаттарға талдау жасай отырып,педагогикалық тәжірибе жинақтап, бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби қызметін жүргізуге қабілетті.
Top