Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01404 Бастапқы әскери дайындық в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Пәннің мақсаты- адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын, индивидуалды дамудың әр түрлі кезеңдеріндегі мүшелер жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеру. Курс балалар мен жасөспірімдер денесінің анатомиялық-физиологиялық сипаттамаларын, олардың қоршаған орта саласындағы дамуының негізгі заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Курс онтогенетикалық даму кезеңінен бастап баланың даму ерекшеліктерін қамтиды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мамандыққа кіріспе

    Пәннің мақсаты - таңдалған мамандыққа қызығушылықты ыңталандыру, оқутыға сонымен қатар кәсіби білімді алудың заманауи әдістеріне саналы қатынасқа ықпал ететін дүниетанымын қалыптастыру. Курсты оқып-үйрену студенттерді болашақ мамандығымен таныстыруға, таңдаған мамандық туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға және қажетті білім мен дағдыларды игеруге ынталандыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Саптық дайындық

    Курс студентерді тәртіпке тартылу, олардың саптық дайындығын дамыту, саптық тәсілдерді тез және дәл орындау біліктерін игеру, ұқыптылық, ептілік және төзімділікке баулуға бағытталған. Курстың мақсаты: Саптық жарғынан білімдерін игеру, осы жарғыны қолданудың біліктері мен дағдыларын меңгеру. Курсқа қарусыз және қарумен жеке саптық оқыту, бөлімшелердің жаяу ретте іс-әрекеттерді жасау кезінде саптық үйлестіруі кіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пәннің мақсаты-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері курсы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні білім алушылардың жеке және отбасылық қаржы саласындағы базалық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жеке бюджетті, жинақтарды, кредиттер мен инвестицияларды басқаруға жауапкершілікпен қарауды дамытуға бағытталған. Курсты оқу күнделікті өмірде және кәсіби қызметте ұтымды қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті тұрақты қаржылық әдеттерді дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

    Пән екі өзара байланысты аспектіні қамтиды: еңбек қауіпсіздігі - бұл жұмыскерлердің кәсіби қызметі барысында қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, және тіршілік қауіпсіздігі - бұл адам өмірі мен денсаулығын күнделікті өмірде қорғауды қамтитын сала. Пән шеңберінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби аурулар мен жарақаттардың алдын алу бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету ережелері мен әрекеттері (өрттер, техногендік апаттар, экологиялық қауіптер және т.б.) қарастырылады. Білім алушылар азаматтық қорғаудың негіздерін, алғашқы дәрігерге дейін көмек көрсету және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру негіздерін зерттейді. Пән білім алушыларда қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарас қалыптастыруға және жұмыс орнында және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құқық негіздері

    Құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және тұрақты даму

    Пәннің мақсаты: табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру. Экология мен тұрақты даму арасындағы байланыс пен айырмашылықтарды түсіндіру; табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық проблемаларға шешім табу жолдарын үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жалпы әскери жарғылар

    Курс мақсаты: студенттердің ҚР Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларының білімі және оларды қызметтік міндеттерін орындауда қолдану дағдыларын қалыптастыру. Курс Ішкі қызмет жарғысы, Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы мен Тәртіптік жарғының ережелерін зерттеуге бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік

    Пәннің мақсаты: білім алушыларға болашақ кәсіби қызметіне байланысты экономикалық білім беруге, талдау дағдыларын және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Білім алушылар өздерінің қызмет салаларында қолданылатын экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптерін меңгереді. Негізгі экономикалық түсініктер, экономикалық ақпаратты талдау әдістері, экономикалық шешімдерді қабылдау принциптері және бизнес стратегиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әскери психология

    Әскери психология - әскери қызмет жағдайындағы адам психикасының зандылықтарын зерттейтін психология саласы. Әскери психология курсы әскери қызметшілердің психологиялық қасиеттерінің қалыптасу зандылықтарын, сондай-ақ жауынгерлердің санасы мен эмоциясын зерттейді. Зерттеу нәтижелерін білім алушылар бойында қажетті ерік қасиеттерін тәрбиелеу кезінде тәжірибелік тұрғыдан қолдануға болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әскери медициналық дайындық

    Курс мақсаты: табельдік немесе қолда бар құралдарды пайдалана отырып, жарақат, жауынгерлік зақымданулар, сәтсіз оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету, жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке және қоғамдық гигиенаны қалыптастыру үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгеру. Курс кәдімгі және жаппай қырып-жою қаруынан зақымданған кезде алғашқы көмек көрсету үшін қажетті білім мен дағдыларды, медициналық құралдар қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық психология

    Курста оқу-тәрбие үдерісін психологиялық-педагогикалық негіздеу, педагогикалық психология ғылымының мақсат, міндеттері, құрлымы мен зерттеу әдістері қарастырылады. Білім алушылар педагогикалықпсихологияныңқалыптасутарихымен, заманауи білім беру жүйесімен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әскери педагогика

    Курс мақсаты: әскери-педагогикалық процесті және әскери қызметшілер мен әскери ұжымдарды қызметтік пен жауынгерлік міндеттерді ойдағыдай шешу үшін оқыту, тәрбиелеу және дайындау педагогикалық заңдылықтарын зерттеу. Курс қазіргі әскери-педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселелерін зерттейді, әскери қызметшілерді тәрбиелеу, оқыту және психологиялық дайындау мәселелерін ашады. Курс педагогикалық құбылыстар мен процестерді тұлға, әлеуметтік пен белсенділік тұрғысынан қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Пәннің мақсаты - студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстыру, педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, адамның жеке ерекшеліктері туралы оның оқу және кәсіби қызметін табысты игеру және жүзеге асыру факторы ретінде тұтас түсінігін қалыптастыру, оқудың, ақыл-ой еңбегінің мәдениетінің және өзін-өзі білім берудің біліктерін және педагогикалық білім негізінде тиімді шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Пән студенттерді теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздермен, негізгі санаттармен, сондай-ақ инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырады; инклюзивті білім берудің объектісі, пәні, мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, қалыптасу және даму кезеңдері туралы білімді қалыптастырады, инклюзивті білім берудің әлеуметтік-мәдени рөлін айқындайды. Курс қазіргі заманғы білім беру (түзету) мекемелерінің қызметін және ерекше білім беру мен педагогикалық жүйелерді ұйымдастыру нысандарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тактикалық дайындық

    Курстың мақсаты: бөлімшелер ұрыс қимылдарын дайындау және жүргізудің теориясы мен практикасын оқып үйрену. Курс барысында білім алушылар заманауи ұрыстың негіздері, сарбаздың ұрыстағы іс-әрекеттері, бөлімше мен взводтың ұйымдастырылуы, қарулануы, жауынгерлік мүмкіндіктері және іс-әрекет тактикасы, ұрысты ұйымдастыру, бөлімшелерді ұрыстағы басқару, взводтың маршта, жорықтық күзетте және барлаудағы іс-әрекеттерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Атыс дайындығы

    Курстың мақсаты: студенттердің ату қарулары және қол гранаталарын шебер және тиімді қолдануға дайындығын қалыптастыру. Курс бойында ату негіздері, қарулардың материалдық бөлігі және тактикалық-техникалық сипаттамалары, ату тәсілдері мен ережелері зерттеледі және ату және гранат лақтыру дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Тактикалық-арнайы дайындық

    Курс мақсаты: әскери инженерлік дайындық, әскери топография және байланыс негіздерін үйрену. Курс мазмұны: бекініс жабдықтары, инженерлік техника, инженерлік кедергілер, бөлімшелерді ұрыстағы басқару, жергілікті жерде бағдарлану, топографиялық карта, байланыс түрлері мен құралдары, байланысты ұйымдастыру тәсілдері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әскери патриоттық тәрбие

    Курсты меңгерудің мақсаты: әскери-патриоттық жұмыстың заманауи технологиялары бойынша білімді қалыптастыру, болашақ алғашқы әскери дайындық оқытушысын теориялық, практикалық және жеке дайындау. Курсты оқып-үйрену әскери-патриоттық тәрбиені жүргізу мен ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық, ғылыми, әдістемелік, оқу және басқа жұмыс түрлерін тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін құзыреттер кешенін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Алғашқы әскери дайындық әдістемесі

    Курсты меңгерудің негізгі мақсаты: теориялық негіздер мен оқыту әдістемесін игеру, оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізу бойынша дағдыларын қалыптастыру. Курс бастапқы әскери дайындық қағидалары, алғашқы әскери дайындық бойынша оқу процесін жоспарлау принциптері, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудің тиімді формалары мен әдістері зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны

    Курс қашықтықтан оқыту, e-learning, электрондық оқытудың теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері контекстінде педагог-дизайнердің мәні туралы білімді қалыптастырады, олардың мәнін, білім беруде қолдану механизмін терең түсінуді қамтамасыз етеді. Курстың мақсаты – студенттерге педагогикалық жобалау технологияларын пайдалана отырып, жоғары тиімді электрондық оқыту үшін оқу материалдарын әзірлеуге үйрету және білім беру ортасында кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Әскери-қолданбалы дене дайындығы

    Курстың мақсаты: оқу орындарындағы дене дайындығының негізгі міндеттерін ойдағыдай шешу үшін болашақ алғашқы әскери дайындық оқытушыларына қажетті кәсіби біліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Курс дене тәрбиесінің мамандандырылған түрі болып табылады және Қарулы Күштердегі дене дайындығының талаптары мен ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жұмылдыру дайындығы

    Курс мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қоғамдық қатынастарды зерделеу. Курс жұмылдыру дайындығының негiзгi принциптерi және шаралар мазмұны, жұмылдыру саласындағы өкiлеттiктерi, құзыреттері, құқықтары мен мiндеттерi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру, жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау зерделенеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Автомобиль дайындығы

    Курсты оқу мақсаты: автомобильді өз бетінше тексеру және қызмет көрсету, қарапайым ақаулықтарды жою біліктерін дағдыландыру; білім алушылардың жол қозғалысы ережелерінің талаптарын меңгеруі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект және технологиялық дайындық оқыту негіздері

    Курстың мақсаты: доңғалақты машиналарды жүргізудің негіздері мен ережелерін, жол қозғалысы ережесін зерттеу. Курс барысында білім алушылар көлік құралдарының санаттарын, жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін, бағдаршам мен реттеушінің сигналдарын, жол белгілері мен таңбаларын зерделейді. ЖИ негізгі ұғымдары мен әдістерін меңгеру – білім алушыларды жасанды интеллекттің теориялық негіздерін, оның даму тарихы және негізгі бағыттарымен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

    Курстың мақсаты: адам өмірі мен денсаулығын және қоғамды қорғауға бағытталған шаралар кешенін зерттеу. Курс барысында студенттер жеке тұлға мен қоғамның, оларға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ықтимал қауіптер мен қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесімен танысады, тәуекелдердің алдын алу, анықтау және бейтараптандыру, сондай-ақ олардың салдарын жою бойынша білім мен дағдыларға ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Конструктивті оқыту әдістемесі

    Курстың мақсаты- сындарлы тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға бағытталған оқытудың әртүрлі тәсілдерін интеграциялау бойынша білім мен дағдыларды дамыту. Студенттерді топта жұмыс істеуге, оқушыларға тапсырмаларды беруге, бағалауға және оқу әрекеттерін үйлестіруге жаттықтырады. Сындарлы ойлау қабілетін дамытады. Курс мазмұнында конструктивті оқытудың негізгі принциптері, бағалау принциптері, оқу үдерісін басқару принциптері, жеті модуль мәтіні қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Әскери қызмет негіздері

    Курстың мақсаты: әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздері және ҚР азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды зерделеу. Курс әскери қызметтің құқықтық негізі, қағидаттары, мазмұны, әскери қызметшінің мәртебесі, құқықтары, жалпы міндеттері, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет, келісім шарт бойынша әскери қызмет, запасты тұру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыруды оқиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Азаматтардың әскери дайындығы

    Курстағы мемлекеттік органдар әскер жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы азаматтар, оларды әскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ әскери міндеттілер әскери қызмет өткеруі үшін әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау мақсатында өткізетін міндетті іс-шаралар кешені зерделенеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы

    Курстың мақсаты: ғылымның даму тарихы, теориясы мен практикасы, оның қоғамдық өндірістегі рөлі бойынша жүйелі білімді қалыптастыру; ғылыми ізденістердің нәтижелерін оқу үдерісінде қолданудың практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Курстың зерделеу объектілері: ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері, ғылыми-зерттеу процесін ақпараттық қамтамасыз ету, студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері мен формалары, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау, зерттеу әдістері және олардың сипаттамалары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әскери есеп

    Курс мақсаты: әскери есепке алу қағидаларымен танысу, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібін зерделеу. Курс барысында әскери есепке алу құжаттары, азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, әскерге шақырылушылар және әскери міндеттілерді есепке алу, заңды тұлғалардың әскери есепке алуды жүргізуін зерттелетін болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасындағы білім

    Курс мақсаты: білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды және осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін зерттеу. Бұл курс білім беру жүйесі және оны басқару, білім беру мазмұны, білім беру қызметін ұйымдастыру, білім беру қызметінің субъектілері, білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу, білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету, білім беру саласындағы халықаралық қызмет қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Оқу материалдық базасы

    Курстың мақсаты: алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын құру бойынша мұғалім жұмысының сипатты мен мазмұны туралы түсінік алуға мүмкіндік беретін кәсіби-педагогикалық білім мен біліктерді қалыптастыру және дамыту. Бұл курс оқу-материалдық базасының элементтерін жасау тәсілдерін зерттеуді, оқу-материалдық базасын жабдықтау мәселелерін шешу үшін өзіндік жұмысқа дайындауды қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Терроризмге қарсы іс-қимыл

    Курс мақсаты: терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін үйрену, террористік қауіп төнген жағдайда іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру. Курс барысында: терроризмге қарсы іс-қимылды ұйымдастырудың негіздері, терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының құзыреті, террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және жолын кесу зерттеледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Азаматтық қорғау

    Курс барысында білім алушылар өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін зерделейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қорғаныс және Қарулы Күштер

    Курстың мақсаты: болашақ кәсіби қызметін жүзеге асыруға қажетті Қазақстан Республикасы "Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы" заңының негізгі ережелері туралы білім беру. Курс ҚР-ның қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Алғашқы әскери оқыту процесінде тиімді қолданылатын педагогика, білім берудегі менеджмент саласындағы және арнайы саладағы озық білімді қолданады
  • Бастапқы әскери дайындық және әскери-патриоттық тәрбие мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылатын оқытылатын пәннің теориясы мен технологиясы бойынша теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын көрсетеді
  • Пән бойынша теориялық және практикалық білімді қолдана отырып, бастапқы әскери дайындық және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы кәсіби міндеттерді шешудің әртүрлі нұсқаларын әзірлейді және ұсынады
  • Алғашқы әскери дайындықты, әскери-патриоттық жұмысты және азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезінде пән бойынша практикалық және теориялық білімді қолданады
  • Алғашқы әскери дайындықты тиімді оқыту үшін білім мен оқыту әдістерін қолданады
  • Бастапқы әскери оқыту және әскери-патриоттық тәрбие процесінде туындайтын стандартты және стандартты емес жағдайларда іс-әрекет дағдыларын қолданады
  • Бастапқы әскери дайындық пен әскери-патриоттық тәрбие міндеттерін шешу үшін білім берудегі классикалық және инновациялық идеяларды интеграциялау негізінде алынған білімді қолданады
  • Алынған жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық білімдерін тәжірибеде, күнделікті өмірде қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсетеді
Top