6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешісінің кәсіби іс-әрекетін тиімді жүзеге асыруға қабілетті, жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау, халықаралық талаптарға сай бәсекелестікке бейімделген құзыретті кәсіби қызметті іске асыра алатын бакалаврларды дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Пәндер
-
Балалар әндерін үйрету әдістемесі
Балалар әндерін үйрету әдістемесі музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әдемілігін, сұлулығын, өнермен үйлесімді сезінуін, сабаққа деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып білу, оны өмір қажетіне айналдыру және әнге деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Пәннің мақсаты - таңдалған мамандыққа қызығушылықты ыңталандыру, оқутыға сонымен қатар кәсіби білімді алудың заманауи әдістеріне саналы қатынасқа ықпал ететін дүниетанымын қалыптастыру. Курсты оқып-үйрену студенттерді болашақ мамандығымен таныстыруға, таңдаған мамандық туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға және қажетті білім мен дағдыларды игеруге ынталандыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің негіздері
Пәннің мақсаты - студенттерге тілдің фонетикасынана лексикологиядан, сөзжасамнан, морфологиядан және синтаксистен жүйелі білім беру мақсатын көздейді. Білім алушыларға тілдің қоғамдық мәні және оның ойлауымен байланысы туралы түсінік беру, үндесу заңдылықтарын, орфоэпиялық орфографиялық ерекшеліктерді меңгеру, сөз мағынасының түрлерін айыра білуін, сөзжасамның негізгі тәсілдерін таныту және морфемаларды меңгеруін, сөз таптарын жеке-жеке таныту, сөйлем мүшелерін таныту, олардың синтаксистік қызметін байқай білуін және сөйлемнің айтылу мақсатына, құрылысына қарай бөлінетін түрлерімен таныстыра отырып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін меңгерту. Сауатты жазуға үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жаратылыстану негіздері
Пәннің мақсаты - білім алушыларға тірі азға ретінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, олардың дене құрылысы мен даму ерекшеліктері, алуан түрлілігі туралы ғылыми ұғым беру. Өсімдік, жануар, адам, қоғам туралы теориялық білім бере отырып, олардың арасындағы байланысты ғылыми тұрғыдан ұғындыру. Өлі және тірі ағалар арасындағы өзара байланысты ұғындыру негізінде дүниенің біртұтастығы туралы дүниетанымдық ғылыми көзқарас қалыптастыру. Тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдайлар мен оны анықтаудың жолдарын түсіндіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгі гигиена
Пәннің мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың жас физиологиясының, мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерімен, бала іс-әрекетінде оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететін нормативпен, балаларды күту ережелерімен, органдар қызметінде болатын аурулар, кемшіліктер және жетіспеушіліктермен таныстыру. Пәннің құзыреттілігі: мектеп жасына дейінгі балалардың жас физиологиясының ерекшеліктерін зерделелейтін, балалардың зияткерлік даму деңгейлерін игерген, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тазалық сақтау мен денсаулықты нығайту талаптарына сай ортаның жағымсыз ықпалдарынан қорғану ережелерін ұстануға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жас ерекшелік психологиясы
Пәннің мақсаты - студенттерге тұлғаның психикалық даму ерекшеліктерін, тұлғаның әрбір даму кезеңдеріндегі психикалық даму заңдылықтары жайлы білім беру. Бала психологиясының әртүрлі жас дамуының кезеңдерінің айрықша ерекшеліктерін, іс-әрекеттің әртүрлілігін, жеке адамды қалыптастыратын психикалық қалыптар мен мінез-құлықты, баламен жұмыс істеу барысында берілген заңдылықтарды есепка алу туралы студенттердің түсініктерін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пәннің мақсаты – білім алушыларды еңбек қызметі мен күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындау. Бұл еңбек қауіпсіздігі негіздерін, жұмыс орнында жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар жағдайында адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуді қамтиды. Білім алушылар өндірістік және тіршілік әрекеті жағдайларында өмірді, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экология және тұрақты даму
Пәннің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру. Экология мен тұрақты даму арасындағы байланыс пен айырмашылықтарды түсіндіру; табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық проблемаларға шешім табу жолдарын үйрету. Пәннің мазмұнында экологияның негізгі заңдылықтары, табиғат ресурстарының сарқылуы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, қалдықтар мәселесі және басқа экологиялық мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ойынның психологиялық – педагогикалық негіздері
Пәннің мақсаты - студенттерге мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің ерекшелігін, оның түрлері туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері: - ойынның теориялық негіздері туралы білім меңгерту; - ойын әрекетінің психологиялық негіздерін үйрету; - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын игерту. Бұл курста студенттер осы сала бойынша бүгінгі өмірдегі маңызды элементтерден тұратын ақпараттарға және нақты түсініктемеге жауап алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» курсы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мектепке дейінгі мекемедегі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Пәннің мақсаты – болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балалардың денесін тәрбиелеудің, оның қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың теориясы мен технологиясын меңгерту. Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезеңнің ерекшеліктерін зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені қорытып талдай отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін, неғұрлым тиімді құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін ұйымдастырудың мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пәннің мақсаты - студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстыру, педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, адамның жеке ерекшеліктері туралы оның оқу және кәсіби қызметін табысты игеру және жүзеге асыру факторы ретінде тұтас түсінігін қалыптастыру, оқудың, ақыл-ой еңбегінің мәдениетінің және өзін-өзі білім берудің біліктерін және педагогикалық білім негізінде тиімді шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі
Пәннің мақсаты - студенттерге кіші мектеп жасындағы балаларға математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін меңгертіп, кәсіби дағдыландыру қалыптастыру және кіші мектеп жасындағы балалардың санау, есептеу, пішін, заттың көлемі, кеңістіктегі орын және уақытты қатынасымен таныстырудың әдістемелік жүйесін үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Робототехника (minor)
Пәннің мақсаты - студенттерге мектепке дейінгі ұйымдардағы робототехниканың мақсаты, міндеттері, ерекшелігі жайлы негізгі түсініктерді беру. Курс барысында білім алушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктері де дамиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балалар әдебиеті
Пәннің мақсаты - көркем сөз өнерінің бір саласы балалар әдебиетінің ерекшеліктерімен танысу арқылы студенттердің әдеби теориялық білімдерін шыңдау. Білім алушыларды халық ауыз әдебиетінің (бесік жыры, төрт түлік мал туралы өлеңдер, өтірік өлеңдер, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер) бала тәрбиесіндегі алатын орнымен, балалар әдебиетінің бай жанрымен, отандық және шетелдік, классикалық балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру. Балалар әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен қаруландыру. Әдебиет теориясы негіздерін практикалық қолдану деңгейінде меңгерту және заманауи балалар әдебиеті туралы мағлұмат беру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Балалардың графикалық машықтарын жетілдіру әдістемесі
Пәннің мақсаты - графикалық жаттығуларды орындауға қызығушылықты қалыптастыру. Қысқаша мазмұны: көркем жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері. Көркем жазуға үйретудің мақсат-міндеттері. Көркем жазуға үйретудің оқу-әдістемелік жағына сипаттама. Әріп кескіні үйлесіміндегі күрделілік. Әріптерді тұтастай бағдарлауға үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі
Пәннің мақсаты - мектепке дейінгі мекемелерде музыка әліппесінің алғы шарттарын үйрету. Нота сауатын игеру арқылы музыкалық аспапқа саусақ қолымен, ойнау техникасын игеру. Балаларға арналған әндерді нотамен ойнай білуге үйрену.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәнді оқудың мақсаты студенттерді күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қаржылық ресурстарын тиімді басқаруға дайындау болып табылады. Курс отбасылық бюджеттің кірістері мен шығыстары, салық салу, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласында сауатты қаржылық шешімдер қабылдау үшін базалық білімді зерделеуді, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында бизнес-жоспарлауды, қаржы нарығын, оның негізгі сегменттерін реттеу және жұмыс істеу механизмін оқытуды қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология негіздері
Пәннің мақсаты - студенттерге табиғи кешендердің тұтастығы, олардың динамикасы және ұтымды пайдалану жолдары туралы экологиялық түсінікті, экологиялық дүниетанымды, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарды сақтау мен табиғи экожүйелердің биоәртүрлілігін қолдау қажеттілігін түсіндіру. Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: студенттердің коммуникативтік, ақпараттық, жалпы мәдени және әлеуметтік-қызметтік құзіреттілігі дамиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балалардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру
Пәннің мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың бос уақытын ұйымдастырудың маңызын, түрлерін жан-жақты қарастыру. Балабақшада мәдени бос уақытты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, әдістері, сонымен қатар көңіл көтеру, мейрамдар, ертеңгіліктер және т.б. қызықты іс- шараларды өткізу әдістемесі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі инклюзивті білім берудің мақсаты ерекше қажеттіліктері бар баланың өміріндегі алғашқы қоғамдық білім беру жүйесіне – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға кіруі болып табылады. Бұл курс ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарының заманауи нысандарымен, әдістерімен және технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдістері мен тәсілдерімен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мектепке дейінгі педагогика
Пәннің мақсаты - мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде, оның өзекті мәселелері мен оларды мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде шешу тәсілдері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың мектепке дейінгі балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу саласына кәсіби құзыреттілігін, тәрбиеленушілермен өзара іс-әрекетінде тұлғаға бағдарланған позициясын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Экономика және кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты - студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс экономика мен кәсіпкерліктің мәнін және оның нысандарын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сауат ашудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәннің мақсаты - білім алушыларды мектеке дейінгі мекемелерде жүргізілетін «Сауат ашу және жазу» пәнін оқытуға кәсіби дайындау, болашақ тәрбиеші-педагогтерді балаларға тілдің фонетикалық жəне графикалық жүйесін игерту, оқылым мен жазылым дағдыларын меңгертуге даярлау. Мазмұны: оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру үдерісіндегі дыбыстық талдау – жинақтау жұмысы. Сауат ашу сабақтарында байланыстырып сөйлеуді дамыту. Сауат ашу кезеңдері. Әр кезеңнің құрылымы мен мазмұны. Сауат ашу сабақтарының негізгі түрлері. Оқу мен жазуға үйретудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Табиғатпен таныстырудың теориясы мен әдістемесі
Пәннің мақсаты - студенттерге мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру жұмысын ұйымдастыру түрлері мен меңгерген тәрбиешілерді даярлау. Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: мектепке дейінгі балалардың табиғатты тану деңгейін диагностикалау, мектепке дейінгі балалардың табиғатты тануда іс-әрекеттік және биоэкоцентрикалық тәсілдерін іске асыру, баланың табиғатпен дұрыс қарым-қатынас жасауға дайындығын қалыптастыру, балалардың табиғатпен қарым-қатынасының эмоциялық-жағымды тәжірибесін жинақтауды ұйымдастыру, ұсынылған әдебиеттермен сауатты жұмыс істеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттік оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты - әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, әдебиетті өмірмен байланыстыра, өзіндік табиғатын аша отырып, адамзат тарихымен тығыз сабақтастығын айқындау; әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздері. Қысқаша мазмұны :Бастауыш білім беру деңгейі оқушысының бойында оқырмандық және сөйлеу білігін қалыптастыру, олардың адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Әдебиеттік оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түрлілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің оқу-әдістемелік жұмысы
Пәннің мақсаты - әр педагогтің кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға, педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін жалпылауға және дамытуға бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттер туралы білім жүйесін қалыптастыру. Міндеттері: - студенттерді мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің кәсіби қызметінің мәні мен ерекшелігі туралы бастапқы білімдермен және дағдылармен қаруландыру; - шығармашылық қызметтің, педагогикалық техниканың мотивтерін дамытуға ықпал ету; - кәсіби дайындық сапасын арттыру үшін студенттерді өздігінен білім алу процесіне белсенді қосуды ынталандыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі мекемеде көркем әдебиет үлгілерін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты - болашақ тәрбиешілерге жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін көркем әдебиет үлгілерін оқыту әдіс-тәсілдері мен жолдарын үйрету. Қысқаша мазмұны: кәсіби-педагогикалық және әдістемелік дағдылар, студенттерде отандық және әлемдік мәдениет, әдебиет, сонымен қатар педагогикалық ой дамуының жалпы тенденцияларын көрсететін дербес тарихи-әдеби құбылыс ретінде көркем әдебиет туралы тұтас түсінік қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі баланың білік дағдыларына мониторинг жасау әдістемесі
Пәннің мақсаты – болашақ тәрбиешілерге жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау бойынша индикаторлар жүйесінің ерекшелігін, маңызын түсіндіру. Тақырыптары: «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізгі тәсілдері», «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін есептеу әдістемесі», «Индикаторлар көрсеткіштер ретінде».
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі интернет-технологиялар (minor)
Пәннің мақсаты - білім беруде SMART технологияларын қолданудың тиімділігін көрсету. Қоғамның әлеуметтік жағдайында электронды оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану, қашықтықтан және желілік технологияларды оқу үдерісіне енгізу тәжірибесі мен мүмкіндіктерін меңгеру, қолдану дағдыларын үйрету. Болашақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мамандарын дайындау сапасын жақсартуда SMART технологияларының мүмкіндіктері кеңінен қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі
Пәннің мақсаты - студенттерге жаратылыстану ғылымдары негіздерінен теориялық білім берумен қоса болашақ мамандардың практикалық іс-әрекетін дамытып, біліктері мен педагогтық дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәннің құзыреттілігі: бұл курсты меңгерген мамандар мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, әртүрлі жастағы топтар балалармен жұмыс істеуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы
Пәннің мақсаты - студенттерге мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетін дамыту, психикалық процестер мен сапалардың сипаттамаларын қалыптастыру. Міндеттері: дамудың әр жас кезеңіндегі тұлғаның психикалық дамуындағы жеке айырмашылықтарды зерттеу; жас ерекшеліктерімен, олардың онтогенездегі даму процесінде кездесетін себептерімен танысу; мектеп жасына дейінгі балалар психологиясының курсы бойынша әлемдік және отандық психологиядағы теориялар мен эмпирикалық зерттеулерді талдау, бағыттар мен идеялармен танысу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мектепке дейінгі мекемедегі отбасы қарым-қатынасының этикасы мен психологиясы
Пәннің мақсаты - студенттерде қарым-қатынас психологиясының заңдылықтары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, осы құбылысты зерттеуде толықтай бағдарлық негіздерін жасау, басшы іс-әрекетіндегі қарым-қатынас туралы психологиялық білімдердің қолданылу ерекшеліктерін ашу; тыңдаушыларда басқару тиімділігінің факторы ретінде коммуникативтік құзіретінің төмендеуі мен өсуіне негізіндегі психологиялық себептерін талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Пәннің мақсаты - білім алушылардың педагогикалық дизайн құралдары мен әдістері туралы түсінігін қалыптастыру. Курс барысында: педагогикалық дизайнның негіздері, принциптері, ұйымдастырушылық схемалары мен сценарийлері, педагогикалық дизайн схемаларын көрсетудің мәтіндік және көрнекі тілдері қолданылуын зерделенеді; дизайн және мета-дизайн кейстері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орыс тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі
Пәннің мақсаты – болашақ тәрбиешілерге мектепке дейінгі мекемеде орыс тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін меңгерту. Қазіргі қоғамның саналы және жоғары білімді мүшелерін қалыптастырудағы орыс тілінің оқу пәні ретіндегі маңызын көрсету. Әдістеме саласында жеткен жетістіктермен әдістемелік ойдың үздік өкілдерімен таныстыру. Республиканың мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік тәрбиешілерінің жұмыс тәжірибесімен таныстыру, заманауи әдістеме мен озық тәжірибенің жетістіктерін көрсету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектеп жасына дейінгі балаларда драмалық дағдыларды қалыптастыру әдістемесі
Пәннің мақсаты - студенттерге мектепке дейінгі ұйымдарда театрландырылған әрекеттердің алуан түрлерін ұйымдастыру және өткізу тәсілдерін меңгерту. Пәннің міндеттері: - мектеп жасына дейінгі балалардың театрландырылған әрекеттерін дамытуға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру; - ойын, ән және биді ойдан шығарып орындау арқылы балалардың сөйлеу белсенділігін арттыруға ықпал ету; - драмалық ойынның теориялық негіздері туралы білім меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көрнекілік жасау әдістемесі
Көрнекіліктерді жасау әдістемесі пәні көрнекіліктердің әдістемелік мақсатын жетілдіруді көздейді. Курс соңында студент дидактикалық материалдардың және көрнекіліктің түрлерін, дидактикалық материалдарды қолданудың әдіс-тәсілдерін дайындау үлгілерін біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Монтессори педагогикасы
Пәннің мақсаты - Монтессори теориясы мен әдістемесін терең білетін мектепке дейінгі білім беру педагогтерін даярлау, студенттерде педагогикалық жүйе туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Курстың міндеттері: - студенттерді Мария Монтессоридің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; - М. Монтессоридің негізгі теориялық ережелері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыру; - Монтессори жүйесіндегі педагогтың рөлін, оның педагогикалық тәсілдерінің ерекшелігін көрсету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жазуға үйрету әдістемесі
Пәннің мақсаты - балаларды тілдің фонетикалық және графикалық жүйесін меңгеру процесінде оқу және жазу дағдыларын игеруге дайындау. Мазмұны: көркем жазу мен жазуға үйретудің тарихымен таныстыру. Жазуға үйрету әдістемесінің білім, білік, дағды жүйесін қалыптастыру. Фонематикалық есту , қабылдауды дамыту. Сөздің дыбыстық құрамымен таныстыру, сауат ашу негіздеріне үйрету және дыбыстық талдау әрекеттерін қалыптастыру. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты - қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі көркем шығармаларды, даналық сөздерді мектепке дейінгі ұйымдарда қолданудың ерекшеліктерін түсіндіру. Қазақ ауыз әдеби үлгілерін оқыту негізінде студенттің қазақтың ертегілері мен мақал-мәтелдері туралы нақты түсініктері молаяды және мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу процесінде шебер қолданудың жолдарын үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
Пәннің мақсаты – болашақ тәрбиешілерге жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеу арқылы тілін дамытудың әдіс-тәсілдері мен жолдарын үйрету, олардың тілін дамыту әдістемесінің мазмұны мен мақсаттарын қарастыру. Студенттердің сөйлемдерді байланыстыра сөйлеуіне, грамматикалық формада дұрыс сөйлеуіне, сондай-ақ тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге баулиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы валеология
Пәннің мақсаты - балаларды "салауатты өмір салты" ұғымымен таныстыру, ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу; жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру; адам денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Мазмұны: орналасуы, ішкі ағзалардың функциялары, баланың туылуындағы әке мен ананың рөлі; есту,көру органдарының ауруларына қатысты қарапайым алдын алу шаралары, жағымсыз эмоциялардан арылу тәсілдері, үйде өзін-өзі ұстау ережелері, орманда, өзенде өзін-өзі ұстау ережелері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мектепке дейінгі білім берудегі жасанды интеллект негіздері
Пәннің мақсаты - болашақ тәрбиешілерді мектепке дейінгі мекемеде қолданылатын инновациялық технологиялардың ерекшеліктерімен және жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі тұжырымдамаларымен, әдістерімен және қолдану салаларымен таныстыру. Пән аясында білім алушылар машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және деректерді интеллектуалды талдау негіздерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педиатрия негіздері
Пәннің мақсаты - болашақ тәрбиешілерге баланың денесінің даму ерекшеліктері мен заңдылықтары, сыртқы ортаның мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен денсаулық жағдайына әсері туралы білім беру. Пәннің қысқаша мазмұны: балалардың денсаулығы мен физикалық дамуы. Балалар ауруларының алдын алу және жазатайым оқиғалар мен жарақаттар кезіндегі алғашқы көмек. Балалардағы ауру мен жарақаттың себептері, олардың ағзаға әсері. Мектепке дейінгі мекемелердегі аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары. Балаларды гигиеналық тәрбиелеу, ата-аналар мен қызметкерлерді санитарлық ағарту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепалды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәннің мақсаты - мектепалды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін теориялық-практикалық тұрғыдан сараптау. Таным процесінің жасқа байланысты және өзіндік дара айырмашылықтары баланың мінезінің қалыптасу ерекшеліктерін ұғыну. Балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, әдіс тәсілдерін үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
HR менеджмент (minor)
Пәннің мақсаты- HR-менеджменттің негізгі принциптерін, жеке жоспарлау мен басқарудың әдістері мен әдістерін игеруге, адам ресурстарын басқару және басқару саласындағы теориялық білімді жүйелеуге, басқарудың заманауи әдістерін игеруге негізделген. HR-менеджмент жүйесінде ұйымда басқаруды персоналмен жеке жұмысқа қайта бағдарлау жүргізіледі. Жұмыс күшін жаңғыртуға байланысты шығындарды үнемдеуге ұмтылудың орнына адами капиталға ұзақ мерзімді инвестициялардың тиімділігін арттыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту әдістемесі
Пәннің мақсаты - болашақ мамандарға жоғары білім бере отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеу арқылы тілін дамыту, студенттердің теориялық білімдерін практикамен байланыста жүргізу. Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту әдістемесі курсы мектепке дейінгі педагогтарды даярлаудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дефектология негіздері және логопедия
Курсты оқу барысында білім алушылар дефектология ғылымының қысқаша тарихымен, арнайы білім беру мен тәрбиелеуді қажет ететін балалар топтарымен танысады және оларға арналған арнайы мекемелер жүйесі туралы білімдермен қаруланады. Сондай-ақ аталған пәнді оқудың нәтижесінде әртүрлі ауытқулары бар балаларды топтастыру типтерін ажырата алады, арнайы мекемелердің жұмыс істеу бағыттарын меңгереді және әртүрлі ауытқулары бар балалардың психолого-педагогикалық мінездемесімен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Балалардың есту қабілетінің жоғалуы (Coursera)
Бұл курс қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін есту қабілетінің төмендеуі, жоғалуы туралы, есту және вестибулярлық жүйелер жұмысының негіздері туралы толық ақпарат беріледі және студенттерге медициналық, білім беру және үй жағдайларының кең ауқымында дереу қолдануға болатын негізгі білім береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік қабілетін қалыптастыру әдістемесі
Пәннің мақсаты- мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу іс-әрекеттерін анықтау. Бұл мақсатқа жету барысында келесі міндеттерді шешу керек: -мектепалды даярлық топтағы тәрбиеленушілердің зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру; - зерттеу бағытындағы ұйымдастырылған оқу - қызметінің құрылымын құрастыру; - мектепке дейінгі балалардың зерттеу - іздену жұмыстарының түрлері, т.с.с.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі мекемедегі шығармашылықпен жұмыс (аппликация, мүсіндеу, сурет салу) әдістемесі
Пәннің мақсаты - болашақ тәрбиешілерге мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін шығармашылық жұмыстарыдың түрлерімен, ерекшеліктерімен таныстыру. Бейнелеу өнері негіздерінен шығармашылық жұмыс арқылы (аппликация, мүсіндеу, сурет салу) – болашақ тәрбиешілерді жүйелі білім беру, сабақ жүргізуге кәсіби даярлау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде шетел тілін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты - мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде шетел тілін оқыту әдістемесін үйрету, әдістемелерін беру. Қысқаша мазмұны: мектепке дейінгі мекемелерде шет тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Шет тілін оқытудың мазмұны. Шет тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары және құралдары. Ағылшын тілін оқыту құралдары. Тыңдауға және сөйлеуге үйрету. Жазуға және оқуға үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепалды даярлық топтарында сауат ашу әдістемесі
Пәннің мақсаты – білім алушыларды мектепалды даярлық топтарында жүргізілетін «Сауат ашу негіздері» пәнін оқытуға кәсіби дайындау. Мазмұны: сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері. Сауат ашу үдерісі. Сауат ашу кезеңдері бойынша ұйымдастырылатын сабақтар және өткізу ерекшеліктері. Сауат ашу әдісі. Сауат ашу әдістерін қолдану ерекшеліктері. Бастапқы жазуға үйрету. Жазу дәптерлерін талдау, сипаттама жазу. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары. Сауат ашудың әр кезеңі бойынша тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының түрлері. Сауат ашу сабақтарының жоспарларын талдау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арттерапия
Пәннің мақсаты- студенттерді арттерапия бағытының теориясы мен тарихымен, курстың әдіснамалық негіздерімен таныстыру. Студент меңгереді: психолог – арт-терапевт жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін, міндеттері мен принциптерін, арт-терапияны дамытудағы отандық және шетелдік мектептердің негізгі тәсілдерін, сурет салу мен сурет салу тестінің диагностикалық мүмкіндіктерін, суретпен (суретпен) жұмыс істеудің топтық және жеке әдістерін, арт-терапия түрлері, ертегі терапиясы, библиотерапия, драмалық терапияны.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби орыс тілі
Пәннің мақсаты - болашақ мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласында орыс тілінде кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру. Пәннің міндеттеріне мыналар жатады: - орыс тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру; - кәсіби мәтіндермен жұмыс істеуге, оны тілдік-жағдаяттық негізде меңгеруге дағдылану; - тілдік тұлғаның қатысымдық құзіреттілігін дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Пәннің мақсаты - студенттерді ″ғылым″, ″ғылымтану″ ұғымдары мен таныстырып, ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерту. Студенттерге педагогика ғылымының зерттеу нысаны, заңдылықтары туралы білім беру, ғылыми зерттеу әдістерін практикалық түрде қолдана білуін дамыту; ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру. Өзін қызықтырып мәселені теориялық материалдармен толықтырып, практикалық тұрғыда тәжірибе жинауға үйрету. Өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығын қамтамасыз ету, зерттеудің әдіснамасын меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Инклюзивті білім беру жағдайында түзету-педагогикалық қызметті жүзеге асырады.
- Мектепалды даярлықтың психологиялық-педагогикалық диагностикасының әртүрлі тесттік бағдарламалары мен әдістемелерін талдайды.
- Педагогтың кәсіби қызметінің ғылыми негіздерін, педагогикалық мамандықтың ерекшелігін, мектепке дейінгі ұйымдар педагогының жұмысындағы зерттеу әдістерін анықтайды
- Кәсіби міндеттерді орындаудың типтік әдістері мен тәсілдерін таңдауда, олардың тиімділігі мен сапасын бағалауда өз қызметін ұйымдастырады
- Cаяси үдерістерді дамытудың негізгі түсініктері мен ғылыми білім кешендерін біледі және меңгерген, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың жаңа философиясын, кәсіпкерлік және инновациялық - инвестициялық қызметті біледі және рационалдылық мәдениетін түсінеді.
- Ақпараттық орта мүмкіндіктерін пайдалану арқылы кәсіби білім мен іскерлікті жетілдіреді
- Педагогикалық қызметте мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тиімді технологияларын, қоршаған орта мен айналаны танудың түрлі тәсілдерін қолданады.
- Мектепке дейінгі жастағы балалар мен оқушылардың денсаулығын сақтау және тәрбиелеуде, оқыту және тәрбиелеу процесін ұтымды ұйымдастыру үшін анатомия, физиологиядағы білімдерін және денсаулық сақтау технологияларын пайдаланады.
- Білім беру мекемесін басқаруда жүйелілік, гумандылық, адамгершілік, құзіреттілік және технологиялық ыңғай дағдыларын сипатттайды.
- Мектепке дейінгі білім берудің жоғары деңгейіне жетудегі кәсіби қызметті, психологиялық-педагогикалық білім бойынша іздеу, құрылымдау және жүйелеу дағдылары мен іскерліктерін меңгерген
- Оқыту мен тəрбиелеуде тұлға дамуының психологиялық заңдылықтары жөніндегі білімдерді қолданады
- Тіл терминдері мен ұғымдарын, тіл мен тіл дыбыстарының айтылу заңдылықтарын, сөз мағынасының түрлерін меңгерген және оларды сөйлеуде дұрыс қолдану,өз ойын ауызша және жазбаша түрде еркін білдіреді.
Ұқсас БББ
6B01202 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы (ағылшын)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Қызылорда ашық университеті