6B01515 Химия в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру қызметін жүзеге асыруға бағдарланған, химияны оқытудың инновациялық әдістерін меңгерген, жаңартылған білім беру жүйесі жағдайында оқыту дағдылары бар бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие жоғары білімді педагогтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың дамуы мен өсуінің негізгі заңдылықтарын, жеке дамудың әртүрлі кезеңдерінде мүшелер мен жүйелердің қызмет ету ерекшеліктерін игергеді. Педагогикалық қызметте оқушылардың физикалық даму қабілеттілігін анықтау әдістерін және алған білімдерін оқыту мен тәрбиеде қолданады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері пәніне кіріспе. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және атомдардың электрондық құрылысы. Химияның негізгі заңдары. Химиялық байланыс. Химиялық реакция жүруінің жалпы заңдылықтары. Ерітінділер. Электролиттік диссоциация. Электролиз. Тотығу-тотықсыздану үдерісі. Кешенді қосылыстардың құрылысы, химиялық қасиеттері. Химиялық сандық есептер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты-Студенттерде қаржылық сауаттылық саласында іргелі білім мен дағдыларды қалыптастыру, жеке қаржыре сурстарын тиімді басқару, қаржылық мәселелерде негізделе ншешімдер қабылдау және өзінің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік
Студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс Экономика мен кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Пәннің мақсаты: құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл пән құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Элементтер химиясы
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Менделеевтің периодтық теориясы. Периодтық жүйеде олардың орналасуына байланысты элементтер мен олардың қосылыстарының сипаттамасы. Химиялық элементтердің электртерістігі. Элементтердің тотығу дәрежесі.Электролит ерітінділеріндегі Реакция. Қышқылдарды, негіздерді және тұздарды алу
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Химияның негізгі заңдары
Химияның негізгі заңдары: зат массасының сақталу заңы, оның ашылу тарихы, қолданылуы .Құрам тұрақтылық заңы, заттардың еселік қатынас заңы, эквиваленттер заңы, олардың ашылу тарихы заңдарды қолданылу аясы мен мысалдары. Газ заңдары: Газдардың көлемдік қатынас заңы, Авогадро заңы, біріккен газ заңдары, Д.И.Менделеевтің периодтық заңының ашылу тарихы, практикада химиялық есептер шығаруда қолданылуы мен мысалдары химияның негізгі ұғымдары мен заңдары. Идеал газ күйіндегі заттар. Атомдар. Периодтық заң және Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі. Химиялық байланыс. Химиялық реакциялардың кинетикасы мен механизмдері туралы түсінік. Ерітінділер және олардың қасиеттері. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электролиз. Химиялық ток көздері. Металдардың коррозиясы. Кешенді қосылыстар. Химиялық теңдеулерді құрастыру, есептерді шешу
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Физикалық талдау әдістері
Физикалық талдау әдістері пәніне кіріспе. Зерттеудің физикалық әдістері туралы түсінік. Электромагниттік сәулеленудің заттармен әрекеттесуіндегі заңдылықтар. Дифракциялық және спектроскопиялық әдістер – физикалық талдаудың негізі. Молекулалы спектроскопияның негіздеріның артықшылықтары. Тербелмелі спектроскопияның әдістеріне шолу. Инфрақызылды спектроскопияға сипаттама. Молекуладағы атомдардың қарапайым қозғалытары. Күш тұрақтысы. Көп атомды молекулалардың электронды абсорбционды спектроскопиясы. Электрондық күйлерінің сипаттамалары: кванттық сандар, мультиплеттілік, симметрия. Ядролық магниттік резонанс
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Экология және тұрақты даму
Пәнінің мақсаты: Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Физикалық химия
Заттардың агрегаттық күйлерінің негізгі қасиеттері. Химиялық термодинамиканың негізгі заңдары. Фазалық тепе – теңдік және оның негізгі ұғымдары. Ерітінділердің жалпы сипаттамасы. Ерітінділер классификациясы. Ерітінді түзілуінің термодинамикалық шарты. Шынайы ерітінділер. Химиялық кинетика және катализ. Химиялық тепе–теңдік. Химиялық тепе теңдік константасы. Гетерогенді жүйедегі термодинамикалық тепе-теңдік. Электрохимиялық процестердің негізгі ұғымдары. ЭҚК термодинамикалық энергиясы
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Курс сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның себептері мен салдарын түсінуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға бағытталған. Курс сыбайлас жемқорлықпен күресудегі халықаралық және отандық тәжірибені, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және қалың жұртшылықтың рөлі туралы ақпаратты талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пәннің мақсаты – білім алушыларды еңбек қызметі мен күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындау. Бұл еңбек қауіпсіздігі негіздерін, жұмыс орнында жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар жағдайында адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуді қамтиды. Білім алушылар өндірістік және тіршілік әрекеті жағдайларында өмірді, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Аналитикалық химия I
Аналитикалық химиядағы сапалық талдау. Стехиометриялық заңдар. С.Аррениустың электролиттік диссоциациялану теориясының маңызы. Ерітінділердің ион алмасу реакциялары. Тотығу - тотықсыздану реакцияларының сапалық талдаудағы ерекшелігі. Тұздар гидролизінің сапалық талдаудағы орны. Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясының көрініс. Су диссоциациясы. Сутектік көрсеткіш. Комплексті қосылыстар. Ерігіштік. Сапалы анықтаудың әдістері. Катион, аниондардың топтарға бөлінуі. Катион, аниондарды сапалы анықтап талдаудың жүйелері. Аниондарды бөліп талдау жүйесі. Катиондарды бөліп анықтау жүйесі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курс ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: - ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларын, әдістері мен технологияларын сипаттайды; -оқыту үдерісінде оқушылар арасында ынтамақтастық орната алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Аналитикалық химия II
Пәнді оқытудың мақсаты-білім алушыларға аналитикалық химияның сандық талдау әдістері бойынша іргелі білім беру. Курста химиялық заттар мен материалдардың құрамындағы химиялық элементтерді, функционалдық топтар мен молекулалық қосылыстардың мөлшерін анықтауды, ұсынылған әдістердің негізінде жатқан процестерге, зерттелетін заттардың химиялық қасиеттеріне назар аударып, технологиялық шешімдерді талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері
Ғылыми жұмыстың әдіснамалық негіздері. Ғылыми зерттеу және оның кезеңдері: зерттеу нысаны, мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтиже. Ғылыми-зерттеу жұмысында ғылыми әдебиеттердің орны және қолданылуы. Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізудің негізгі бағыттары. Ғылыми мақала жазу тәртібі. Ғылыми мақала жарияланатын сайттармен жұмыс
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Комплексті қосылыстар химиясы
Комплексті қосылыстардың типтері. Комплексті қосылыстардың жіктелуі. Лигандалар. Ішкі сфера. Сыртқы сфера. А. Вернердің комплексті қосылыстар теориясы. Аквакомплекстер. Ацидокомплекстер. Аммиакаттар және амминнаттар. Көпядролы комплексті қосылыстар. Циклді комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстар изомериясы. Оптикалық изомерия. Ионизацияланған изомерия. Координациялық изомерия. Комплексті қосылыстарды алу жолдары. Координациялық сан. Комплексті қосылыстардың диссоциациясы. Циклді немесе хелатты комплексті қосылыстар
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Педагогика
Курс педагогика ғылымының әртүрлі аспектілерін, соның ішінде білім беру тарихын, заманауи білім беру тенденцияларын, оқыту және даму теорияларын, оқыту әдістемелерін, даму және тәрбие психологиясын қамтиды. Білім беру процестерін жобалауды, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуді, сондай-ақ әртүрлі оқу аудиториясымен тиімді жұмыс істеуді үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға, білім беру тәжірибесін талдауға және оқу үдерісіне инновациялар енгізуге ерекше назар аударылады. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: -Оқу процесін тиімді жоспарлап, әртүрлі білім беру әдістерін қолданады; -Оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушы білім беру ортасын құрастырады; -Оқу үдерісіне заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдерге баға береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жасыл аналитикалық химия (Minor 1)
Жасыл аналитикалық химия пәніне кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Жасыл аналитикалық химия концепциясы. Жасыл аналитикалық химия саласында білім беру. Жасыл аналитикалық химия эксперименттері, әдістері. Анализдеудегі үлгілерді дайындаудың жасыл әдістері. Жасыл аналитикалық химия өлшемдері мен қолданылу саласы. Әлем елдеріндегі жасыл аналитикалық химияның дамуы, жасыл анализдеудің болашағы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Курсты игерудің мақсаты: білім алушылардың педагогикалық дизайн құралдары мен әдістері туралы түсінігін қалыптастыру. Курс барысында: педагогикалық дизайнның негіздері, принциптері, ұйымдастырушылық схемалары мен сценарийлері, педагогикалық дизайн схемаларын көрсетудің мәтіндік және көрнекі тілдері қолданылуын зерделенеді; дизайн және мета-дизайн кейстері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Химияны оқытудағы дидактикалық ойындар
Химияны оқытудағы дидактикалық ойындар пәніне кіріспе. Химия дидактикасының қалыптасу кезеңдері мен тарихы. Дидактикалық ойындардың білім беру үдерісіндегі маңызы. Химиялық білім берумен дидактиканың байланысы. Химиялық білім берудің дидактикалық жүйесі. Орта мектептегі химиялық білім берудің құрылымы мен мазмұны. Дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі мен қолдану ерекшелігі. Химиялық білім берудегі негізгі педагогикалық технологиялардың сипаттамасы
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект және химияны оқыту әдістемесі
Білім беру саласындағы ЖИ-дің мүмкіндіктері. Химияны оқыту әдістемесіндегі жасанды интеллкт рөлі. Жасанды интеллект негіздері: ұғымдары мен негізгі бағыттары. Виртуалды зертханалардың химияны оқытудағы орны. Кеңейтілген және виртуалды шындық технологиялары арқылы химиялық эксперименттерді модельдеу. Интерактивті химиялық оқыту платформалары және олардың тиімділігі. Интеллектуалды оқыту жүйелері және адаптивті білім беру Білім беру саласында ЖИ дамуының негізгі трендтері. Химияны оқытуда ЖИ-дің мүмкіндіктері мен шектеулері. Студенттерді оқытуда ЖИ қолданудың этикалық аспектілері. Бағалау жүйесі мен әдістері
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Химия пәнінен есептер шығару әдістері
Бірліктердің халықаралық жүйесі. Химиялық есептерді жіктеу жүйесі. Химия бойынша сандық және сапалық есептерді шешудің жалпы принциптері мен әдістері. Химияның негізгі стехиометриялық заңдары бойынша есептер шығру әдістері. Газ заңдарына есептерді шешу әдістері. «Атом құрылысы», «Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі», «Химиялық байланыс», «Зат құрылысы», «Ерітінділер және электролиттік диссоциация», «Металдар және бейметалдар» тараулары бойынша есептерді шығару әдістері. "Қышқыл және негіз ерітінділері". Қышқыл және негіздер теориясы, судың иондық көбейтіндісі, сутектік көрсеткіш, қышқыл және негіздер күші, буферлі ерітінділер;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Органикалық химия (I )
Органикалық химия пәніне кіріспе. Органикалық химия пәнінің мазмұны. Органикалық химияның дамуы. А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы. Органикалық химиядағы реакциялардың жіктелінуі. Химиялық реакциялардың жүру механизмдері. Органикалық химиядағы маңызды химиялық қосылыстар. Изомерия құбылысы. Қаныққан және қанықпаған органикалық қосылыстардың физика-химиялық қасиеттері мен құрылысындағы ерекшеліктер. Органикалық қосылыстардың гомологиялық қатары. Циклды, оттекті, азотты, ароматты органикалық қосылыстардың қасиеттері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Конструктивті оқыту әдістемесі
Оқу үрдісінде заманауи компьютерлік технологиялардың тиімді әдістері мен тәсілдерін игеру және іске асыру. Білім беру процесінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Тиімді және өз бетінше шешім қабылдауға, құзыретті болуға және цифрлық технологиялар саласында өзін іске асыруға қабілетті бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Атмосфера химиясы (Траектория 2)
Атмосфера химиясына кіріспе. Атмосфераның құрылымы. Атмосфераның химиялық құрамы мен қасиеттері. Тропосфера. Стратосфера. Мезосфера. Термосфера. Экзосфера-атмосферадағы негізгі химиялық процестер туралы түсінік. Фотохимиялық реакциялар. Фотоионизация. Фотодиссоциация. Атмосфераның химиялық ластануы. Фотохимиялық смог. Қышқыл жаңбыр. Атмосфераны ластау көздері: табиғи, антропогендік. Озон қабығы. Озон қабатының бұзылуы. Парниктік эффект. Парниктік газдар
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Коллоидтық химия
Дисперсті және коллоидты жүйелердің табиғаты мен жіктелуі. Коллоидты ерітінділердің молекулалық кинетикалық қасиеттері. Коллоидты ерітінділердің молекулалық-кинетикалық қасиеттері. Броундық қозғалыс. Осмотикалық қысым. Седиментациялық тұрақтылық. Дисперсті жүйелердің реологиялық қасиеттері. Дисперсті және коллоидты жүйелердің тұтқырлығы. Бингам Теңдеуі. Коллоидты ерітінділердің оптикалық қасиеттерінің ерекшеліктері. Реле теңдеуі, жарықтың сіңуі және күлдің түс беруі. Коллоидтық жүйенің электрлік қасиеттері. Қос электр қабаты. Коллоидты ерітінділерді алу. Коллоидты ерітінділер. Коллоидты ерітінділерді алу әдістері
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Мектеп экология-аналитикалық мониторингілеу (Траектория №1)
Мектеп экология-аналитикалық мониторингілеу пәніне кіріспе. Экологиялық мониторингтің құрамдас бөлігі ретінде жүргізілетін экологиялық-аналитикалық мониторингке сипаттама. Экологиялық мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мектепте жүргізілетін экологиялық мониторинг туралы түсінік. Мектептің экологиялық мониторингі жүйенің бөлігі ретінде қарастырылуы. Мектептегі экологиялық мониторингтің мақсаттары. Қоршаған ортаның мониторингін жүргізу. Суда, ауада және топырақта ластаушы заттардың болуын бақылау. Мектептің экологиялық – аналитикалық мониторгингісін жүргізудің әдістемесі
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Жасыл химияға кіріспе
Жасыл химия бағытының пайда болуы мен оның тарихы. Әлемдік экологиялық проблемалар, оларды шешу жолдары. Жасыл химия бағытының әлемдік даму тенденциясы. Жасыл химияның теориясы мен практикасының тәжірибелері. Жасыл химияның даму бағыттары, оларға сипаттама. Жасыл химия мысалдары. Химиялық білім беруде жасыл химия принциптерін қолдану.Жасыл тәжірибелер мен жасыл синтез
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Кәсіби сертификаттау IBM деректерін талдаушы (Cousera)
Деректерді талдаудың негізгі принциптерін үйрену және практикалық дағдыларды игеру арқылы деректерді талдау мансабын дамытыңыз. Сіз әртүрлі деректер көздерімен, жоба сценарийлерімен және деректерді талдау құралдарымен, соның ішінде Excel, SQL, Python, Jupyter дәптерлерімен және Cognos Analytics-пен жұмыс жасайсыз, деректермен жұмыс істеудің және аналитикалық әдістерді қолданудың практикалық тәжірибесін аласыз.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Статистикалық молекулалық термодинамика (Cousera)
Бұл кіріспе физикалық химия курсы макроскопиялық химиялық жүйелердің молекулалық қасиеттері мен мінез-құлқы арасындағы байланыстарды қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Талдаудың физика-химиялық әдістері ( Траектория №1)
Физикалық талдау әдістері пәніне кіріспе. Зерттеудің физикалық әдістері туралы түсінік. Электромагниттік сәулеленудің заттармен әрекеттесуіндегі заңдылықтар. Дифракциялық және спектроскопиялық әдістер – физикалық талдаудың негізі. Молекулалы спектроскопияның негіздеріның артықшылықтары. Тербелмелі спектроскопияның әдістеріне шолу. Инфрақызылды спектроскопияға сипаттама. Молекуладағы атомдардың қарапайым қозғалытары. Күш тұрақтысы. Көп атомды молекулалардың электронды абсорбционды спектроскопиясы. Электрондық күйлерінің сипаттамалары: кванттық сандар, мультиплеттілік, симметрия. Ядролық магниттік резонанс.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Супрамолекулалық химия
Супрамолекулалық химияға кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Супрамолекулалық химия жаңа химия саласы, пайда болу тарихы, жетістіктері мен болашағы. Супрамолекулалық химияның нысандары, екі саласы, оларға сипаттама. Супрамолекулалық химиядағы зерттеулер, әлем елдерінің тәжірибелері, ғалымдар еңбектері, жаңа саланың даму бағыты. Супрамолекулалық динамика. Супрамолекулалық өзара әрекеттесу және катализ. Молекулалық өзін - өзі құрастыру-супрамолекулалық жүйелерді бағдарламалау
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Химиялық токсикология (Траектория 2)
Химиялық токсикология пәнінің мақсаттары мен негізгі түсініктеріне шолу. Химиялық токсикология пәнінің міндеттері. Токикологиялық және улы заттардың жіктелуіне сипаттама. Химиялық-токсикологиялық талдаудың ерекшеліктеріне шолу. Химиялық-токсикологиялық талдауда алдын-ала сынақтарды тиімді жүргізу. Ұшқыш улы заттар мен ұшқыш улы қосылыстардың жалпы сипаттамасының мәні. Ұшқыш улы қосылыстардың токсикодинамикасы және токсикокинетикасын жүргізудің маңызы. Ұшқыш улы заттарға сапалы реакцияларды жүргізу. Металды улы заттарға шолу. Металды улы қосылыстардың жалпы сипаттамасы. Металды улы заттардың токсикодинамикасы және токсикокинетикасына шолу. Металды улы заттарды талдаудың бөлшек әдісінің маңызы. Дәрілік және есірткі улы қосылыстарының жалпы сипаттамасы. Гипнозды көкнәр алкалоидтары және олардың синтетикалық аналогтарының сипаттамасы
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Химия-педагогикалық зерттеулер негіздері (Траектория 2 )
Химия - педагогикалық зерттеулер негіздері пәніне кіріспе. Химия - педагогикалық зерттеулердегі қолданылатын әдістер жүйесі. Қазіргі химия-педагогикалық зерттеулердегі жүргізілетін әдіснамалық тәсілдер. Әдебиеттердегі химиялық ақпараттар және олармен жұмыс істеу техникасы. Зерттеулер нәтижесін математикалық өңдеу. Ғылыми зерттеулердің негізгі кезеңдері. Химия - педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру жолдары. Педагогикалық эксперимент жүргізу, мәні, ерекшелігі, түрі, жоспары, нәтижесі
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Органикалық химия (II)
Функционалдық топтар бойынша органикалық молекулалардың жіктелуін. Құрылымдық ерекшеліктері, алу әдістері, физика-химиялық қасиеттері, функционалды туынды сыныптардың маңызды өкілдерін қолдану және қолдану. Оқу және кәсіби қызметте ғылыми білімді қолдану, жіктеу белгілері негізінде қосылыстың белгілі бір сыныпқа жататындығын анықтау, оның химиялық қасиеттерін болжау, органикалық қосылыстардың әртүрлі сыныптарына сапалы реакциялар жүргізу. Меңгеруі тиіс: химиялық заттармен эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу дағдылары
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Іс-әрекеттегі зерттеу (Траектория 2)
"Іс-әрекеттегі зерттеу" категориясын ғылыми қолданысқа енгізу. Білім беру саласындағы іс-әрекеттегі зерттеулер. Іс-әрекеттегі зерттеудің тарихи контексті. Іс-әрекеттегі зерттеудің философиялық негіздері.Іс-әрекеттегі зерттеулердің спираль тәрізді сипаты. Мектеп базасындағы іс-әрекеттегі зерттеудің маңызды сипаттамалары. Іс-әрекеттегі зерттеу әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Биологиялық жүйелер химиясы
Жүйелеу тəсілінің стратегиясы жəне биохимиясы. Биологиялық процестердің термодинамикасы. Тепе-теңдік термодинамикасы. Биологиялық үдерістердегі өзгерістер. Қарапайым кинетикалық теңдеулер жəне олардың шешілуі. Биология химия жəне ақпарат. Ақпарат теориясының биологиялық химияға енгізілуі. Биологиялық мембраналар құрылымы, қасиеті. Биологиялық мембраналар арқылы заттардың тасымалдануы. Биоэлектрлік құбылыстар. Жасушалардағы тыныштық əлеуеті. Жүйке импульсінің қозғыш талшықтардың бойымен таралуы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Биологиялық химия
Ақуыздардың химиялық құрамы мен қасиеттері туралы, көмірсулардың химиялық құрамы мен химиялық қасиеттері бойынша, нуклейн қышқылдарының жіктелінуі, химиялық құрамы мен қасиеттері туралы, майлардың жіктелінуі мен химиялық қасиеттері, дәрумендердің жіктелінуі мен химиялық қасиеттері бойынша, гормондар және ферменттердің химиялық құрамы, құрылысы, химиялық қасииеттері туралы білім беру. Олардың тірі ағзадағы тіршілікке маңызы бар табиғи үдерістерге қатысуы
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Мектептегі жобалық іс-әрекеттегі физика-химиялық талдау әдістері
Мектептегі жобалық іс-әрекеттегі физика-химиялық талдау әдістері пәнінің мақсаты мен міндеттері. Мектептің жобалық және оқу-зерттеу қызметіндегі талдаудың электрохимиялық әдістері. Талдаудың электрохимиялық әдістерінің жіктелуі. Электрогравиметрия. Электролиз. Кулонометрия. Потенциометрия. Потенциометриялық титрлеу. Вольтамперометрия. Кондуктометрия. Талдаудың оптикалық әдістері. Талдаудың спектрлік әдістері. Спектрлік талдау әдістерінің жіктелуі. Атомдық спектроскопия. Мектептегі жобалау және оқу-зерттеу қызметіндегі талдаудың спектрлік әдістері. Хроматографиялық талдау әдістері. Хроматографиялық талдау әдістерінің жіктелуі. Мектептің жобалық және оқу-зерттеу қызметіндегі талдаудың хроматографиялық әдістері
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Химиялық технология (Траектория 1)
Химиялық технологияның пәні мен міндеттері. Химиялық-технологиялық процесс туралы түсінік. Химиялық-технологиялық процестің негізгі заңдылықтары. Химия өнеркәсібінің шикізат және энергетикалық базасы. Химиялық реакторлар. Күкірт қышқылын өндіру. Күкірт қышқылын өндірудің физика-химиялық негіздері. Метанның каталитикалық конверсиясы. Аммиак өндірісінің технологиялық сызбасы. Азот қышқылын өндірудің физика-химиялық негіздері. Химиялық өндірістің ғылыми принциптері. Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары Жаңа заттарды және материалдарды өндіру. Жаңа материалдардың практикалық мәні. ҚР маңызды өнеркәсіптік химиялық өндірістері. Химиялық технологиядағы қоршаған ортаны қорғау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
ЅТЕМ білім беру
STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Зерттеудің агрохимиялық әдістері
Зерттеудің агрохимиялық әдістері пәнінің мақсаты мен міндеттері. Агрохимияда қолданылатын зерттеу әдістері. Жүргізілетін эксперименттің мәні. Агрохимиялық зерттеулер әдістерін әзірлеудегі отандық және шетелдік ғалымдардың рөлі. Агрохимиялық зерттеулер жүргізудегі далалық тәжірибенің маңызы. Далалық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар. Далалық тәжірибе жүргізу әдістемесіндегі негізгі ұғымдар. Далалық тәжірибедегі қателіктер, олардың тәжірибенің дәлдігіне және нұсқалардың сенімділігіне әсері
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Химия тарихы
Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері. Негізгі заңдар мен ұғымдардың ашылу тарихы, олардың өзара байланысы және дамуы. Химия ғылымдарының жетістіктері. Химияның алғашқы теориялары мен заңдарының пайда болу тарихы. Бірінші элементтер. Алғашқы синтетикалық материалдар синтезінің тарихы. Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы, И. Доберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің элементтерді жіктеуі
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кристаллохимия
Кристаллохимия пәніне кіріспе. Кристаллохимияның қысқаша тарихы. Пәннің негізгі мақсаттары, міндеттері және түсінігі. Кристалломорфология ұғымы. Кристалдық торлардың түрлері. Кристалдар атомдарындағы химиялық байланыстардың түрлері. Минералогия туралы жалпы түсінік. Қазақстан Республикасының минералдары мен жыныстары атауларының шығу тегі. Минералдардың кристаллохимиялық жіктелуі. Минералдардың өнеркәсіптік жіктелуі. Минералдардың оптикалық, механикалық және өзге де қасиеттері. Минералды түзілу процесіндегі кристалдың рөлі. Материалдардың жаңа түрлері. Олардың құрылысының ерекшеліктері. Теориялық кристаллохимияның негізгі категориялары және олардың арасындағы қатынастар.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Химиялық анализдеудегі жасыл еріткіштер мен реагенттер
Химиялық анализдеудегі жасыл еріткіштер мен реагенттер пәніне кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Жасыл еріткіштер, оларға сипаттама. Жасыл еріткіштерді химиялық анализде қолданудың артықшылықтары. Су-жасыл еріткіш. Жоғары критикалық сұйықтықтар. Иондық сұйықтықтар. Зиянсыз сұйық полимерлер. Жасыл еріткіштердің түрлі комбинациясы. Химиялық анализдегі жасыл реагенттер, олардың артықшылықтары мен қолданылу салалары. Химиялық анализдеудегі жасыл еріткіштер мен реагенттердің әлемдік тәжірибедегі рөлі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Химиялық білім берудегі педагогикалық диагностика (Траектория №2)
Халықаралық білім беру жүйелеріне шолу. Болон декларациясының білім беру процесіндегі маңызы. Білім беру сапасын анықтауда жүргізілетін ұлтаралық зерттеулердің ерекшелігі. Білім беру сапасын бағалау бойынша халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізетін ұйымдардың зерттеулерінің сипаттамасы. Жалпы білім беру сапасын анықтайтын халықаралық салыстырмалы зерттеулердің маңызы. Педагогикалық зерттеу әдістері, педагогикалық құбылыстарды зерттеу тәсілдері. Халықаралық білім беру жүйелеріндегі процестерді талдау, сыни бағалау, болжау
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Қазақстанның білім беру жүйесі
Қазақстанның білім беру жүйесі. 21 ғасырдың білім беру стандарты мен бағдарлары. Бастапқы зияткерлік әлеуетті қалыптастырудың алғышарттары. Орта білім беру жүйесіндегі жаңартылған бағдарламалар. Табысты тұлғаны тәрбиелеу. Білім берудегі интеграция. 12 жылдық білім беруге көшудің саналы қажеттілігі. Жүйесі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі процестерді талдау, сыни бағалау, болжау/
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Химияның іргелі бөлімдерінің теориялық негіздерін білу және түсіну және алған білімдерін химия мұғалімінің кәсіби қызметінде пайдалану қабілетін көрсету
- Химия тарихы, қазіргі жаратылыстану тұжырымдамасы саласындағы білімі мен түсінігін көрсету және оларды кәсіби қызметте қолдану қабілетін көрсету.
- Жасыл химия, химиялық жүйелер және экологиялық тәуекелдер саласындағы білімдері мен түсініктерінің болуы, оларды білім беру процесінде және мектептегі экологиялық мониторинг жүргізу кезінде қолдану қабілетін көрсету
- Білім беру ортасын жобалау (дизайн), оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін қолдану, халықаралық және қазақстандық білім беру жүйесін талдау және бағалау білігін көрсету.
- Педагогика, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі, мектеп жасындағы балалардың өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары, педагогтің оқу-тәрбиелік және кәсіби міндеттерін шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану қабілеті, әртүрлі жас кезеңдерінде ағзаның анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру қабілеті саласындағы білімдері мен түсініктерін көрсету.
- Биологиялық химия, тағам химиясы, супрамолекулалық химия, биологиялық жүйелер химиясы, қолданбалы химия, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, кристаллохимия, химиялық технология сияқты пәнаралық интеграцияланған курстарды білу және түсіну және оларды кәсіби қызметінде қолдана білу .
- Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.
- Химиялық-педагогикалық зерттеулер негіздерін және "әрекеттегі зерттеулер", "химиялық білім берудегі педагогикалық диагностика" сияқты дербес білім беру зерттеулерін жүргізу қабілетін біледі.
- Химиялық қосылыстардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеудің негізгі физикалық және физика-химиялық әдістерінің теориясы мен практикасын, графикалық тәуелділіктерді шешу әдістемесін және оларды мектептің жобалық қызметінде қолдану қабілетін меңгерген.
- Орта мектепте химияны оқыту әдістемесін, химиядан есептерді шешу әдістемесін, цифрлық білім беру технологияларын, химияны оқытудағы әдістер мен тәсілдерді білу және түсіну және оларды орта мектепте химияны оқытуда қолдану дағдыларын көрсету.
- Ғылыми-зерттеу жұмысының негіздерін, ақпаратты математикалық өңдеуді білу және түсінуді көрсету және ғылыми жұмыстарды жазу әдістемесін меңгеру.
- Атмосфера химиясы, Химиялық токсикология, жасыл химиялық синтез негіздері, Органикалық синтез, химиялық-экологиялық және агрохимиялық зерттеулер негіздері саласында білімі бар және дербес химиялық синтездер мен агрохимиялық талдаулар жүргізу қабілетінің болуы
- Жасыл аналитикалық химия теориясы мен практикасын, сынамаларды дайындаудың жасыл әдістерін, жасыл реагенттер мен еріткіштерді біледі және химик-аналитик жұмысында қолдана алады
- Командада жұмыс істеуді ұйымдастырудың, білім беру мекемелерінде тиімді басқарушылық коммуникациялар жүйесін жолға қоюдың әдістері мен тәсілдерін біледі