Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01510 Математика в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Анализдің фундамантальды сұрақтары

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың математикалық және функционалдық талдаудың негізгі бөлімдері жайлы, атап айтқанда жиындардың өлшемділігі мен өлшемді функцияларды интегралдау, функцияның дифференциалдануы, шектеліп өзгеруі және Лебега интегралы, метрикалық және абстрактілі кеңісіктер туралы жеткілікті мөлшерде түсінік қалыптастыру. Курс арқылы; пән бойынша жүйелі білімді қалыптастырады; іргелі талдау бөлімдерін оқу кезінде шығармашылық ойлауды дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты - басқару іс-әрекетіндегі қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін анықтау, басқарудың ғылыми психологиялық құрылымын талдау, басқару стильдері, басқару үдерісінде шешім қабылдау психологиясының мазмұнын меңгерту. Басқарудың психологиялық құрылымы, механизмдері мен оның тиімділігінің психологиялық факторлары қарастырылады. Басқару стильдеріндегі мінез-құлық пен қарым-қатынас психологиясының ролі сипатталады. Басқару психологиясының тұжырымдарына талдау жасалады. Сондай-ақ, білім беру және басқару қызметінде инклюзивтілікті қамтамасыз етудің психологиялық аспектілеріне ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық білім беруді ақпараттандырудың талаптары мен технологиялары

    Пәннің мақсаты - ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде қолдану әдістемелерін оқыу. Курсты оқыту барысында компьютерлік математика бағдарламалық жүйелері жайлы, электрондық оқу жабдықтары, сандық білім ресурстары мен оқытушы портфолиосын дайындау әдістері мен технологиясы жайлы мәліметтер беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты – ғылым тарихын оқып-үйрену негізінде ғылыми ойлау жүйесі мен стилін дамыту. Магистранттар ғылым ұғымы мен мәнін біледі, құрылымын, тәсілдерін көрсете алады, ғылымдағы басты парадигмалық теорияларды, ғылыми болжамдарды, аксиомалар мен теориялардың қалыптасу заңдылықтарын айтып түсіндіреді, ғылымның даму тарихы мен заңдылықтарын талдай алады, ғылым дамуының негізгі кезеңдері туралы түсініктер мен білімдерді жинақтайды, мағлұматтар жүйесін қалыптастырып қорыта алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Пәннің мақсаты - жоғары білім туралы білімдер жүйесін, оның мазмұнын, құрылымын, білім беру процесін басқару принциптерін және білім беру процесін басқару, ұйымдастыру саласындағы заманауи технологияларды игеру. Магистранттар педагогикалық талдау дағдылары мен тәсілдерін, кәсіби әрекет процесінде білімді жаңарту жүйесін, оқу үдерісін ұйымдастырудың нақты әдісін таңдау дағдыларын, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін, жоғары білімнің үздіксіз білім беру жүйесіндегі рөлін, оың даму стратегиясын, жоғары мектепте білім берудің әдістерін, лекциялық, практикалық сабақ формаларын, педагогикальқ бақылау, оны ұйымдастыру принциптерін, жоғары мектептегі тәрбие жұмысының ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі /кәсіби

    Пәннің мақсаты - білім алушының шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім мен дағды қалыптастыру. Шетел тілінде коммуникативтік іс-әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру. Пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру. Курс барысында шет тілінде кәсіби сөйлеу дағдыларын игеруді, мамандық бойынша мәтіндерді аудару дағдыларын дамытуды қамтиды. Грамматиканы, оқу әдістемесін және жазбаша жұмысқа дайындықты, эссе жазуды, тыңдау және сөйлеу әдістерін үйрену.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жасанды интеллектті оқытудың математикалық негіздері

    Пәннің мақсаты– математиканың әдістері, оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлі туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру, қолданбалы математика және жасанды интеллект ұғымдарын кеңейту және тереңдету, абстрактілі ойлауды, кеңістіктік ұғымдарды, сандардың математикалық теорияларын, алгоритмдік мәдениеттерді және жалпы математикалық мәдениетті дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ассоциативті емес алгебралар

    Пәннің мақсаты: Магистранттарды ассоциативті емес алгебралар теориясы негіздерімен, оның қазіргі даму жағдайымен таныстыру, оларды осы сала тақырыптары бойынша ғылыми жұмыстармен шұғылдануға тарту. Ассоциативті емес алгебралардың құрылымын зерттеу әдістерін меңгеру және нақты есептерде қолдануға үйрену, дағдылану. Міндеттері: магистранттарға ассоциативті емес алгебралардың құрылымын зерттеу әдістерін үйрету. Берілген алгебраның алгебраның құрылымын, көріністерін зерттеуді жүзеге асыра білуге үйрету; магистранттарда ассоциативті емес алгебралардың құрылымдары мен көріністерін зерттеу дағдысын қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері

    Курстың мақсаты - оқыту барысында математиканы оқытуда оқушылардың ойлау әрекетінің негіздерін қарастыру, математикалық ұғымдарды түсінудің психологиясы және ойлау әрекетін қалыптастыру әдістері білім алушыларды дәлелдеуге үйретудің психологиялық-педагогикалық негіздерін үйрету. Курсты оқытуда орта мектептегі математиканы оқытудағы оқушылардың ойлау негіздері; оқушының математикалық іс-әрекеті; мектепте математиканы саралап оқыту; мектепте математиканы оқытудың мотивациясы қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту

    Пәннің мақсаты -ғылыми педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижелерін талдау негізінде "кеңістіктік ойлау", "кеңістіктік қиял", "кеңістіктік елестету", "кеңістіктік қабылдау" ұғымдарын нақтылауы және олардың арасындағы байланысты көрсету. Курсты оқыту арқылы кеңістіктік түсініктерді, қиялды, ойлауды дамыту құралы ретінде геометрияны оқыту процесіндегі есептер жүйелері қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мектепте математиканы оқытудың мотивациясы

    Курстың мақсаты - математиканы оқыту процесінде түсініктерді қалыптастырудың барлық кезеңдерінде мотивацияның әртүрлі түрлерін қолдану, теоремамен жұмыс істеу, міндеттерді шешу. Курсты оқыту барысында сөздік жұмысты белсендіре отырып, математиканы зерттеуге мотивациялық саланы енгізудің құралдарын, әдістері мен нысандары әзірленеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары оқу орындарында математикалық пәндерді оқыту

    Курстың мақсаты - математикалық білім беру мәселелерінің кең ауқымын қарастыру. Курсты оқыту арқылы магистранттарға оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері, математиканың нақты курстары мен бөлімдерінің әдістемелік әзірлемелері, білімді бақылау әдістері және баға қою критерийлері қарастырылады және оқытудың мультимедиялық интерактивті құралдарын қолдану тәжірибесі көрсетіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Компьютерлік томографияның математикалық есептері

    Пәннің мақсаты - математикалық физиканың кері есептерін практикалық қолдану болып табылатын компьютерлік томографияның теориялық негіздерін меңгеру. Пәнді оқыту арқылы компьютерлік томографияның математикалық есептері мен интегралды геометрияның есептері арасындағы байланысты анықтаудың практикалық дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Алгебра, геометрия және логиканың іргелі мәселелері

    Курстың мақсаты - математикадан алған білімді кәсіби мамандыққа ұштастыру, яғни кәсіптік білім беретін оқу орындарына қажетті маман ретінде магистранттардың керекті дағдылармен және шеберлікпен қаруландыру. Курсты оқыту барысында теңдеулер мен теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерін шешу, теңдеулер мен теңсіздіктерді құруға арналған есептер, дәреже көрсеткіші жұп бір ғана радикалмен теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стандарттық бағдарламалық есептерді шығару практикумы

    Курсты оқытудың мақсаты - болашақ математика мұғалімдердің кәсіптік-педагогикалық дайындығын нығайтып, алған теориялық білімінің аясын кеңейту. Курсты оқыту барысында орта мектептегі математика пәндерінің ғылыми негіздерін жан-жақты ашып, математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, оны есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Анықталған және еселі интегралдардың қолданылуы бойынша практикум

    Курстың мақсаты - магистранттарға математикалық талдаудың негізгі бөлімдерін игеруге көмектесу, қолданбалы есептерде математикалық әдістерді қолдана білу. Курсты оқыту арқылы магистрант белгілі бір, екілік, үштік, қисық сызықты, беттік интегралдарды есептеу және дифференциалдық теңдеулер мен әртүрлі типтегі дифференциалдық теңдеулер жүйесін шешу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық әдістерді педагогика мен психологияда қолдану

    Пәннің мақсаты - психология мен педагогикада қолданылатын математикалық әдістердің мәнін түсіндіру. Курсты оқыту арқылы магистрлік жұмыстың зерттеулерінде негізгі математикалық әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыру, нәтижелерді статистикалық өңдеудің тиімді әдістерін қалыптастыруды, курс бойынша теориялық материалдарды жүйелі түрде зерттеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интегралдық есептеулердің қолданылуы бойынша практикум

    Курстың басты мақсаты – магистранттардың математикалық анализдің негізгі тарауларын оқып-үйренуіне көмектесу, математикалық әдістерді қолданбалы есептерді шығаруда пайдалана білуге үйрету. Магистранттарға алғашқы образ табу, интералдау әдістерін толық білу үйрету. Өлшемді жиын, жиынның өлшемді болу шарты, Риманның еселік интегралы, n- еселі интегралда айнымалыны ауыстыру әдісі, полярлық, сфералық, цилиндрлік координаталар жайлы негізгі түсініктер қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктер және оларды шешу әдістемесі

    Пәннің мақсаты – магистранттарға мектеп математика курсына сәйкес есептер шығару дағдыларын дамыту; математиканың мектеп бағдарламасында толық, бірақ теориялық материалы қысқаша қарастырылған есептерді шешуді үйрету. Курс арқылы есептерді, иррационалдық, трансценденттік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу дағдыларын меңгереді,. теңдеулер жүйесінің аналитикалық және графикалық шешімін табуды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқыту үдерісінде логикалық ойлауды дамыту

    Курстың мақсаты - білім алушыларды математикалық ұғымдарды меңгеруге үйрету, математикалық ойлауын дамытуды ұғымдарды үйрету арқылы жүзеге асыру. Курсты игеру арқылы жеке математикалық жаңа ұғымдармен толықтырылып, байытылады. Ескі ұғымдар мен жаңа ұғымдар арасындағы логикалық байланыстарды ашу, олардың теориялық тұрғыдан зерттеу, практикада қолдану мүмкіндіктерін танып білу математикалық сапалардың дамуына, осыған байланысты білім алушылардың математикалық білімдерінің тереңдеуіне, кеңеюіне, дамуына көмегін тигізеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Математиканың логикалық құрылымы

    Пәннің мақсаты - математиканы сапалы түрде меңгеру,осы орайда ұғымдардың анықтамасындағы келтірілген елеулі белгілерін көрсету, теореманың шарты мен қорытындысын ажырата білу, теорема ұғымына қатысты дәлелдеу ережелері мен дәлелдеу әдістерін меңгерту, математика курстарының дедуктивтік- аксиоматикалық құрылымы мен мазмұнын білім алушылардың ой -өрісін дамытуға бағыттай отыра жетілдіру. Курсты өту барысында аксиоматикалық әдіс, ал абстракциялаудың негіздері, түрлері, формальданған және формальданбаған аксиоматикалық теориялар қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Алгебра және анализ бастамалары бойынша параметрлі трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктер

    Пәннің мақсаты - алгебраның бағдарламалық тақырыптарына және талдаудың бастамаларына сәйкес теңдеу мен теңсіздіктерді шешудің жалпы әдістемесін меңгеру арқылы трансценденттік теңдеу мен теңсіздіктерді шешуді үйрену. Курста магистрант әртүрлі трансценденттік теңдеу мен теңсіздікті ықшам және түсінікті тәсілмен шешуді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика мен экологиядағы математикалық әдістер

    Пәннің мақсаты - экономика және экология мәселелерін туынды, интегралдар, дифференциалдық теңдеулер, сызықтық алгебра және математикалық статистика элементтерін пайдалана отырып зерттеу. Курсты оқыту арқылы магистрант туынды, интеграл, дифференциалдық теңдеулер, сызықтық алгебра элементтерінің барлық спектріне оқытудың теориялық негіздері мен қолданбалы аспектілерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-педагогикалық эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу

    Пәннің мақсаты - ғылыми-зерттеу жұмысының ғылыми-ұйымдастыру кезеңінде ақпараттық технологияларды пайдалану, математикалық әдістер негізінде математикалық және статистикалық әдістемелік қызметтің принциптері мен заңдылықтарын меңгеру. Курсты оқыту арқылы магистрант өз зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін өңдеуде статистикалық әдістерді қолдануды, сонымен қатар өз зерттеулерінде математикалық әдістерді қолдану дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математиканы педагогикалық және кәсіптік орта оқу орындарында оқыту

    Курстың мақсаты - математикадан алған білімді кәсіби мамандыққа ұштастыру, яғни кәсіптік білім беретін оқу орындарына қажетті маман ретінде магистранттардың керекті дағдылармен және шеберлікпен қаруландыру. Курсты оқыту арқылы қоғам талабына сай құрылып жатқан жаңа типтегі кәсіптік білім беретін оқу орындарында, соның ішінде педагогикалық колледждерде математиканы оқытудың қажеттіліктері мен ерекшеліктері айқындалады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Модульдер және көріністер

    Пәннің мақсаты - білім алушыларды группалар, алгебралар сияқты алгебралық құрылымдардың модульдері мен көріністерінің теориясы, сақиналар үшін модульдер теориясы негіздерімен, оның қазіргі даму жағдайымен таныстыру, алгебралық құрылымдардың құрылымдық мәселелері мен көріністерін зерттеу әдістерін үйрету

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылымның тарихы мен философиясы, Тіл білімі, жоғары мектеп педагогикасының заманауи методологиясы, басқару психологиясының жетістіктері, соның ішінде осы саладағы ең озық білім элементтері туралы білімдері мен түсініктерін көрсетеді және оларды кәсіби деңгейде қолданады; әртүрлі әлеуметтік жүйелерде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасайды, сондай-ақ инклюзивті білім беруді қамтамасыз етеді.
  • Алгебра, геометрия және логиканың іргелі сұрақтары туралы мәліметтерді жинақтай, сыни талдай, жүйелей және түсіндіре алады. Мәліметтерді, идеяларды, проблемалар мен оның шешімдерін білім алушыларға, мамандарға, келешек педагогикалық қызметінде әріптестеріне жеткізуге қабілетті болады.
  • Математиканың теориялық және концептуалдық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылықтарын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі. Математиканың іргелі пәндерінен алған білімдерін теориялық және ғылымы практикалық есептерді шығаруда қолданады.
  • Физикалық, техникалық және басқа процесстердің математикалық модельдерін құруды және оларды шешу әдістерін біледі. Білім беру қызметінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді және шешілетін кәсіби міндеттерді ескере отырып, оны пайдалану перспективаларын бағалайды.
  • Жоғары оқу орындарымен орта мектептерде математиканы оқытуда дидактиканың принциптері мен әдістерін қолданады. Білім беру ұйымдарында пән саласының ерекшелігін ескере отырып педагогикалық қызметті жоспарлайды және жүзеге асырады. Кәсіби мәселелерді шешу үшін психологиялық және педагогикалық диагностика әдістерін қолданады. Білім беру стандартының талаптарына сәйкес білім алушылар үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді. Кәсіби мәселелерді шешу үшін психологиялық және педагогикалық диагностика әдістерін қолданады.
  • Қазіргі ғылымда қолданылатын математиканы зерттеу әдістерін меңгереді, олардың теория мен практикадағы мүмкіндіктерін түсінеді. Жасанды интеллект саласындағы міндеттерді шешу үшін математикалық әдістерді қолданады, деректерді талдау және өңдеу үшін машиналық оқыту алгоритмдері мен модельдерін пайдаланады. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін ЖИ әдістерін қолдана отырып математикалық өңдеуге дағдыланған
  • Ассоциативті емес алгебралар, Алгебралық құрылымдардың көріністері бойынша игерген білімдерін осы теория обектілерінің қасиеттерін сипаттауға қолдана алады, оларға қатысты есептерді шеше алады, шешу әдістері мен тәсілдерін түсінеді. Зерттеу әдістерін меңгеріп, олардың қасиеттерін зерттеу дағдылары қалыптасады.
Top