6B01512 Биология және география в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті заманауи пәндік, коммуникативті, цифрлық құзыреттілігі бар кәсіби білікті биология және география мұғалімдерін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B013 Биология мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Жалпы Жертану
Курс Жер және табиғат компоненттері жайлы түсінік қалыптастыруға, географиялық қабықтың құрамы, құрылымы, динамикасы, заңдылықтары жайлы білім мен дағдыны дамытуға бағытталған. Студенттер табиғат компоненттерінің өзара байланысын географиялық зерттеу әдістер арқылы талдайды, географиялық қабықтағы табиғи құбылыстарды және үрдістерді сыни тұрғыдан бағалайды, табиғи ортаға танымжорықтар жоспарлайды, метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Картография топография негіздерімен
Курс географиялық карталардың проекциялары, мазмұнының ерекшеліктері, картографиялық жинақтаудың түрлеріне шолу жасап, карталарды құрудың дəстүрлі жəне қазіргі заманауи əдістерін анықтауға бағытталған. Студенттер топографиялық, ірі жəне орта масштабты карталардың номенклатурасы және жер бетінде қашықтықтан жүргізілетін түсірулердің түрлеріне, географиялық нысандар мен құбылыстарды кескіндеу ерекшеліктеріне талдау жасайды. Курс студенттерге жергілікті жерде жүргізілетін далалық жоспарлы, жəне жоспарлы-биіктіктік түсірулердің түрлері қашықтықтан түсіру əдістерінің карталарды құрастырудағы алатын орнын айқындауға көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Курс материктер мен материктер табиғатының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Мұхиттар олардың құрамына кіретін жоғары дәрежелі физика – географиялық аймақтар. Курс негізгі білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі табиғи ортаны ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны пайдаланудың қолайсыз салдарымен күресудің аймақтық міндеттерін шешу үшін қажет. Студенттер қоршаған орта, материктер мен мұхиттардың табиғи кешендерінің құрылымын анықтайды, табиғи компоненттердің өзара тәуелділігін сыни тұрғыдан бағалайды
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект
Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дүниежүзінің табиғи-территориялық кешендер географиясы
Курс дүниежүзінің табиғи-территориялық кешендерінің кеңістіктік жіктелуінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Студенттер табиғи-территориялық кешендердің қалыптасуы мен дамуының географиялық ерекшеліктерін бағалайды, кешенді сипаттама қағидаларын зерттеу әдістерін қолданады, физикалық-географиялық аудандастыру принциптерін сараптайды. Курс студенттерге табиғи-территориялық кешендерді планетарлық, аймақтық (регионалдық) және жергілікті жерлік (локальдық) деңгейлерде сыни тұрғыдан бағалауға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тіршіліктің химиялық негізі
Курс студенттерде жасушаның негізгі химиялық компоненттері, ферментативті катализдің, метаболизмнің молекулалық негіздері, биомолекулалардың маңызды түрлер құрылымы мен қасиеттерінің олардың биологиялық қызметтеріне байланыстылығын қарастыратын мәселелердің қазіргі жағдайы туралы дұрыс түсініктерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, студенттер тіршіліктің молекулалық негіздерін - тұқым қуалаушылық, иммунитет, нейроэндокриндік реттеу және фоторецепция мәселелерін, тіршіліктің пайда болуы мен мәнінің заманауи түсініктерін зерттеуді өз бетінше жүзеге асырады. Курс ғылыми көзқарасты дамытуға және биотрансформацияның химиялық құбылыстарын тануға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биохимия
Бұл курста тірі организмдердің химиялық құрамын, сонымен қатар олардың тіршілігінің негізінде жатқан химиялық процестер зерттеледі. Студенттер тірі организмдегі зат алмасуды және жасуша органеллаларының биохимиялық қызметін қисынды түрде сипаттайды, қоректік заттардың өзгеру (трансформация) жолдарын анықтайды. Сонымен қатар, студенттер адамдағы, жануарлардағы және өсімдіктердегі биохимиялық реакциялардың жүру ерекшеліктеріне, мысалы, тіршілік үшін маңызды қосылыстардың биосинтезіне тәжірибе жасайды, көмірсулардың, майлардың, белоктардың және нуклеин қышқылдарының химиялық құрылымын, қасиеттері мен қызметтерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биомолекулярлық механизмдер
Ұсынылып отырған пән тұқым қуалау ақпараттының жүзеге асырылуының биомолекулярлық механизмдерін, сонымен қатар жасушалардың құрылымы мен қызметтерінің молекулалық негіздерін, өсу, даму, бөліну, ісіктің трансформациясы және жасуша өлімін зерттеуді қамтиды. Курсты меңгеру жасушаның құрылымы мен қызметінің молекулалық негіздерін, қалыпты тіршілік процестерін және көптеген аурулардың пайда болуына әкелетін түсінуге қажетті гендердің экспрессиясын талдауға негіз жасайды. Молекулалық және генетикалық әдістерді қолдану дағдылары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдалы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биологиялық және географиялық зерттеулер жүргізу әдістемесі
Курс географиялық және биологиялық зерттеу әдістерінің теориялық негіздерін тәжірибе жүзінде оқушылардың жоба жұмыстарын жүргізу әдістемелерін дайындауға бағытталған. Студенттер оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлайды, зерттеу нәтижелерін бағалау өлшемдерін құрастырады, ғылыми зерттеу аппаратын жасау жолын күтілетін нәтижелерді болжайды. Осы курсты оқу барысында студенттер оқушылармен жобалық іс-әрекетті жүргізу әдістемесін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан топонимикасы
Курс Қазақстан топонимикасы, географиялық атаулардың семантикасы, тарихи даму және ғылым әдістері бағытындағы заманауи түсініктерді қарастырады. Студенттер топонимдерді жіктеу сызбаларын жүйелейді, топонимикалық фактілер мен құбылыстардың алуан түрлілігін, олардың қазіргі әлемдегі рөлін талдайды. Курс студенттерге туған өлкенің топонимикасын зерттеу үшін білімі мен дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Сапалық, сандық, аралас зерттеу әдістері. Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Адам анатомиясы және физиологиясы негіздері
Курс адам анатомиясы мен тірі организмдердің тіршілік әрекетінің физиологиялық механизмдерін зерттеуге бағытталған. Студенттер адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің құрылымын сипаттайды, жеке органдардың құрылымы мен олардың функцияларын орындау арасындағы байланысты талқылайды, ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау механизмдерін және нейрогуморальды реттеуді, тірі организмдердің анаэробты және аэробты тыныс алу, заттардың тасымалдану, бөліп шығару мен қоректену процестерін салыстырады. Курстың практикалық бағыттылығы сыртқы және ішкі факторлардың адам ағзасы, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік процестеріне әсерін зерделеуде зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биологиядан және географиядан практикалық дағдыларды дамыту әдістемесі
Курс географиялық және биологиялық ақпараттардыы талдаудың практикалық дағдыларын дамытуға арналған. Студенттер географиялық деректерді картографиялық, геоақпараттық, географиялық және биологиялық модельдеу, сандық, аудандастыру, географиялық және биологиялық мониторинг әдістері арқылы өндейді, сонымен қатар географиялық және биологиялық эксперименталды жұмыс түрлері бойынша жобалау жұмыстарын жоспарлайды және жүргізеді, зерттеу нәтижелерінің түрлі формаларын ұсынуға үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның физикалық географиясы
Курс Қазақстан территориясының табиғат кешендеріндегі құбылыстар мен үрдістерді, ландшафт бірліктерінің күрделі құрылымдарының физикалық-географиялық ерекшеліктерін қарастыруға арналған. Студенттер Қазақстанның ландшафттардың биіктік белдеулерінің құрылымын анықтайды, аймақтардың орографиялық және гидрографиялық жобасын жасайды, табиғи құбылыстарды және үрдістерді сыни тұрғыдан бағалайды, табиғи ортаға танымжорықтар жоспарлайды, метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырады. Курс студенттердің Қазақстан аумағы туралы зерттеулердің деректеріне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы табиғаттың болмысын талдап зерттеу үшін қажетті білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Молекулалық биология және генетика
Курс тұқым қуалау ақпаратын сақтау, жүзеге асыру және берудің молекулалық механизмдері, заманауи молекулалық-генетикалық әдістермен танысу мәселелерін қарастырады. Студенттер хромосомалардың құрылысы мен қызметі туралы, генетикалық кодтың қасиеттері туралы заманауи идеяларды сыни тұрғыдан салыстырады, тірі организмдердің геномын бағалайды, ГМ және трансгенді организмдердің қолданылуын логикалық түрде талқылайды. Курс барысында дигибридті шағылыстыру, еселенген аллелизм, жыныспен байланысты белгілердің тұқым қуалауы бойынша генетикалық есептерді шешу дағдылары дамып, және кроссинговер кезіндегі белгілердің тұқым қуалауы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер және жануарлар биологиясы
Өсімдіктердің құрылысы, тіршілік әрекеттері мен жүйеленуі туралы негізгі биологиялық түсініктерді меңгереді. Тірі ағзаларды патшалықтарға, бөлімдерге, кластарға жіктеуді үйренеді. Микроскоппен жұмыс істеу, өсімдіктердің анатомиялық құрылымын бақылау. Жануарлар туралы түсінік қалыптасады туралы түсінік қалыптасады.Жануарлардың жіктелуі (таксономиясы): түр, тұқым, класс, отряд, т.б. класс деңгейлерінде жүйелеуді үйренеді.Жануарлардың тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, зәр шығару жүйелері, жүйке жүйесі және сезім мүшелері, қозғалыс жүйесі, жыныстық және жыныссыз көбею түрлерін сипаттайды. Биологиялық әртүрлілікті сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарау
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
«Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні тірі ағзалар мен экожүйелердің ұйымдасу деңгейлері мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын, олардың тұрақтылығын, биосфера құрамдастарының өзара әрекеттесуін және табиғатты пайдаланудың артуы жағдайындағы адам әрекетінің экологиялық салдарын қарастырады. Пәнде әлем елдерінде және Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық мақсаттары қаралады. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, тәуекелдер мен төтенше жағдайлар, оларды талдау мен басқару жолдары зерттеледі. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, діни, саяси және экономикалық тұрақсыздық факторлары, күнделікті өмірдегі қауіптер, сондай-ақ қауіпсіздік мекемелерінің қызметі мен оны құқықтық реттеу мәселелері қамтылады. Пән студенттерге экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сай әрекет ету қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Географияны оқыту әдістемесі
Курс географиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттерін, құрылымын, мазмұнын меңгеруге бағытталған. Курс студенттердің болашақ география мұғалімі ретінде қалыптасуға қажетті негізгі білім мен дағдыларды дамытуға көмектеседі. Студенттер географияның мектеп курсы мазмұны бойынша замануи әдіс-тәсілдерді пайдаланып қысқа мерзімді жоспарын жасайды, қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін Блум таксономиясы негізінде бағалау критерийлер мен тапсырмаларын құрастырады, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс жұмыстардың әзірлемесін дайындайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Биологияны оқыту әдістемесі
Курс орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде биологияны оқыту мен тәрбиелеудің маңызды мәселелерін игеруге бағытталған. Курс барысында студенттер сабақ өткізудің заманауи әдістерін (сыни тұрғыдан ойлау, критериалды бағалау, кіріктірілген оқыту, CLIL-технологиялар және басқалар) меңгереді, биологияны оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін үйренеді, оқу процесін тиімді ұйымдастыру және басқару дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, курс оқу және сыныптан тыс сабақтарды, экскурсияларды өз бетінше жүргізу және талдау, цифрлық технологиялармен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бағалау және дамыту
Мақсаты: педагогика және дидактика саласындағы педагогикалық құзыреттілікті арттыру, оқу процесінде бағалаудың маңыздылығын түсінуді тереңдету және оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық тұрғыдан сындарлы бағалауды қамтамасыз етуге және білім алушыларды немесе оқушыларды бағалауға тартуға қабілетті; Мазмұны: бағалаудың әртүрлі технологиялары, принциптері, кезеңдері, олардың білім саласын бағалау құралдары (оның ішінде формативті және жиынтық бағалау және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және т. б.), бағалау мен кері байланыстың әртүрлі әдістері (мысалы, қалыптастырушы және қорытынды бағалау), оқушылардың білім беру құзыреттілік деңгейлерін, даму жүйелерін анықтау және тану бойынша педагогикалық принциптерді қолдану оқушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау дағдылары.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогикалық зерттеулер және инновация
Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ландшафттану
Курс Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың кұрамын, байланысын бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылыктарына шолу жасайды. Студенттер ландшафттардың түзілу заңдылықтарын, кұрылымын, дамуын, эволюциясын, аймақтың дифференциациясын және ландшафт интеграциясын анықтайды, олардың компоненттері мен бөліктері арасындағы өзара ішкі байланысты, зат пен энергия алмасуды, табиғи факторлармен адам әрекеті әсерінен пайда болатын ландшафт қасиеттерінің өзгерістерін анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Білім берудегі цифрлық технологиялар
Курс тиімді оқыту мен оқыту үшін сандық әдіснамаларды шығармашылық тұрғыдан дамытуға және қолдануға бағытталған. Студенттер жасанды интелект дағдыларын игереді, оның ішінде ChatGPT, Open AI, QazGPT цифрлық платформалармен визуализация жасауды меңгереді. Оқу және оқыту платформаларын (Quizizz, PadLet, Google) қолданады.classroom, AR-books), сонымен қатар, "face-to-face", "blended" және "online" оқыту стратегияларын сауатты ұштастырады, төрт кезеңді процеске (жобалау/салу/оқыту/қайта қарау) сәйкес онлайн-курстың мазмұнын ұйымдастырады, құрылымын жобалайды және әзірлейді. Курс студенттерге қолайлы және қауіпсіз оқу ортасын құру үшін онлайн-студенттердің табиғаты туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биогеография
Курс аясында студенттер қауымдастықтар құрылымының және жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар аймақтарының кеңістіктік құрылымы мен динамикасының маңызды заңдылықтарын зерттейді. Студенттер өсімдіктер мен жануарлар топтарын жүйелейді, тірі организмдердің географиялық таралуы мен экологиялық маңыздылығын сыни бағалайды және оларды сипаттайды. Курс студенттерде зоогеографиялық және фитогеографиялық аудандастыру бойынша өз бетінше жұмыстар жүргізу үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дүниежүзінің экономикалық географиясы
Курс дүниежүзінің тұтас, жекелеген аймақтары, жеке елдеріндің экономикасын мен халықтың дамуы және орналасу зандылықтарын зерттеуге бағытталған. Студенттер дүниежүзілік экономика салаларының сипаттайды, елдер мен аймақтардың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуін зерттейді; білім алушы қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын бағдарлауын көрсетеді. Әлем елдерінің экономикалық қатынастарын, дипломатиялық байланыстарын зерделейді. Қазіргі демографиялық, этникалық және геоэкономикалық мәселелерді локальдық, аймақтық және ғаламдық тұрғыдан талдайды. Курста халықаралық ұйымдар мен қатынастар, қазіргі әлемнің даму сатысына баға беріп, Қазақстанның дүниежүзілік экономикадағы орнын сипаттауға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Зоология
Бұл курс жануарлардың құрылымын, тіршілік әрекетін, олардың қоныстану заңдылықтарын және қоршаған ортамен байланысын зерттеуге бағытталған. Студенттер эволюциялық процестерді, жануарлар әлемінің даму кезеңдерін сыни тұрғыдан сипаттайды, микроскоп арқылы жануарлардың сыртқы жамылғысы мен ішкі мүшелерінің құрылымындағы ерекшеліктерді жүйелі түрде зерттейді. Сонымен қатар, студенттер жануарлардың даму процестері мен тіршілік циклінің сипаттамаларын талдайды, биоценоздар мен табиғи ортадағы жануарлардың рөлін анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық жазу
Бұл курста студенттер құжаттарды ғылыми және академиялық стильде жазуға үйренеді. Сондай-ақ құжаттарды академиялық жазудың ерекшеліктерін: стиль, тіл құрылымы және форматын меңгереді. Курста студенттер академиялық жазудың процессін, жоспарлау, зерттеу, сауатты жазу, редакциялау және түзету жұмыстарын игереді. Студенттер ғылыми мақалалар, эсселер, зерттеу жұмыстарын, баяндамалар және басқа да академиялық құжаттарды жазудың принциптері мен әдістерін меңгереді. Плагиат және академиялық адалдық: әдеп нормалары және плагиаттан сақтану жолдарын меңгереді. Рецензиялау және өз жұмысын бағалау: Жұмысқа сын көзбен қарап, жақсарту, дамыту әдістерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Климатология
Курс Жер шарының әртүрлі аймақтарындардағы климат ерекшеліктері мен климатқалыптастырушы факторларды зерттеуге арналған. Студенттер атмосфераның құрылысы, ауаның құрамы туралы, қысым, температура және ылғалдылықтың кеңістік өзгеру заңдылықтарының өзегерістерін, жалпы атмосфера айналымының заңдылықтары және климаттың құрылуын анықтайды. Курс студенттерге атмосферада жүріп жататын физикалық процесстердің табиғи негізін сараптап, климат құраушы жағдайларды бағалауға көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Геоинформатика және географиялық ақпараттар жүйесі негіздері
Бұл курс географиялық ақпаратты алу, жинақтау, өңдеу, көрсету қағидаларын, әдістері мен технологияларын жобалауға бағытталған. Студенттер географиялық ақпараттық жүйелерді мақсатына, тақырыптық бағытталуына қарай жіктейді, географиялық деректер базасын жүйелейді, талдайды, алынған ақпарат пен қорытындыларды әртүрлі графикалық нұсқада көрсетеді, оқу тапсырмаларын шешуде графикалық редактор түрлерін ажыратады, ГАЖ технологиясын меңгеріп геоақпараттық платформалармен жұмыс жүргізіп, геокеңістік сандық жүйенің материалдық мәліметтер базасын құра алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Биофизика және биоинформатика
Курста биологияның физика және информатикамен пәнаралық интеграциясы қарастырылады, биологиялық жүйелердің физикалық қасиеттерін және биологиялық деректерді талдау әдістерін игереді. Биофизика биологиялық жүйелерді физиканың заңдары мен әдістерін қолдана отырып зерттейді. Биофизиканың негізін; Молекулалық биофизика мен клеткалы биофизика құрылымдарын анықтайды. Биоинформатикалық деректерді талдау және түсіндіруде ақпараттық технологиялар мен есептеу әдістерін меңгереді. Биоинформатикадағы геномдық және протеомдық мәліметтерді талдайды, Гендер мен ақуыздардың функцияларын анықтайды және сипаттайды. Заманауи ЭКО әдісін, эпигенетиканың молекулалық негіздерін және сонымен қатар электромагниттік және дыбыстық толқындардың адам ағзасына әсерін анықтайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биологиялық эксперименттер және есептер шығару әдістемесі
Курс зерттеудің статистикалық және балама әдістерін қолдана отырып, биологиялық тәжірибе жүргізу ережелеріне сәйкес мектептегі биологиялық тәжірибені қою және молекулалық-генетикалық есептерді шешудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, студенттер биологиялық экспериментті жүзеге асыру процесін қисынды түрде ұйымдастырады, табиғи нысандарды анықтайды, биологиялық құбылыстарды бақылайды, тіркейді және тәжірибеден өткізеді. Биологиялық есептерге анализ жасайды, биометриялық деректермен жұмыс істейді, математикалық және статистикалық әдістер нәтижелерді талдайды, графикалық өңдеу дағдылары мен икемділіктерін жетілдіруге ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геоэкономика және елтану негіздері
Курс - геоэкономиканың ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын сипаттайды, негізгі ұғымдарын сараптап, геоэкономиялық стратегия және кеңістік, геоэкономикалық зерттеу нысандары туралы білімдерін қалыптастырады. Дүние жүзі елдерінің территориялық аумақ, шекара жағдайын сипаттайды, геосаяси бағытына баға береді. Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуын салыстырып анализ жасайды, әлеуметтік-экономика тұрғысынан баға береді. Аймақтар бойынша экспорт және импорт саясатын талқылайды, Елдердің халықаралық ұйымдармен геоэкономикалық байланысын сараптайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық географиясы
Курс Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуметтік жағдайы даму тенденциясы географиялық орналасу ерекшелігін зерттеуге бағытталған. Студенттер Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайын талдайды, Қазақстанның ресурстары және табиғи жағдайын, халықтың өсу динамикасын, шаруашылығын сипаттайды, адам потенциалының даму индексін сыни тұрғыдан бағалайды, сандық және сапалық географиялық деректерді өндейді және талдайды. Курс Қазақстанның индустриалды инновациялық даму бағыттарын анықтауға және ғылыми жобалық жұмыстарды әзірлеуге көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Биологиядан практикалық-зерттеушілік дағдыларды дамыту әдістемесі
Бұл курс биология бойынша студенттердің ғылыми-тәжірибелік зерттеулері; Микроскопия, спектрофотометрия, электрофорез және т.б. зерттеу құзыреттілігін дамытуға арналған. Курс студенттердің ғылыми дүниетанымын, гипотезаларды құру және тексеру, Бақылаулар мен мәліметтер жинау әдістерін және тәжірибелік нәтижелерді талдау және интерпретациялау мен дамыту тәсілдерін іске асырады. Студенттер сандық және сапалық зерттеу әдістерін қисынды қолдана отырып, биология бойынша ғылыми жұмыстар мен жобалар жасайды, ал курс соңында студенттер ғылыми жобаларды талаптарға сәйкес дайындайды және ұсынады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогтың білімін бағалау практикумы
Бұл курс болашақ мұғалімдерге педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздерін береді. Болашақ мұғалімдер түрлі сенімді көздерден теориялық білімді іздеу және сыни тұрғыдан іріктеу дағдысын меңгереді, педагогикалық ойлау мен практиканы дамытуда зерттеу нәтижелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады, зерттеулерге негізделген оқыту мен білім алуға, сондай-ақ осы дағдыларды үздіксіз дамытып, өздерін кәсіби тұрғыдан жетілдіруге ықпал етуге дайын болуы тиіс.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Микробиология және биотехнология
Курс микроағзалардың қолданылу салаларын анықтайды. Микроағзаларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдайды. Полимеразды тізбекті реакцияның (ПТР) жұмыс принципін түсініп, гендік инженерия процесінің кезеңдерін меңгершп, Гендік инженерияның ғылым мен қоғамдағы орнын сипаттай алады. Гендік модификацияланған ағзаларды (ГМА) қолданудың оң және теріс тұстарын салыстырады. ГМА-ға қатысты этикалық мәселелерге сыни көзқараспен баға бере алады. Ғылыми-техникалық жаңалықтардың әлеуметтік және этикалық салдарын талдай алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның рекреациялық географиясы
Курста Қазақстанның рекреациялық аймақтар дамуының деңгейі мен шаруашылықтарын қарастырады. Студенттер территориялық рекреациянық жүйенің құрамдас компоненттері (басқару бөлімі, жүйенің инфроқұрылымы, қызмет көрсетушілер, демалушылар) жағдайын сипаттайды, Қазақстанның дүниежүзіндегі халықаралық туризім инфроқұрылымдық қозғалыс саласының даму жолын анықтайды, Қазақстанның рекреациялық аумақты дамытудың әлемдік тәжірибесін сипаттайды. Курс экскурсия және туризм бағытындағы бағдарламаларды жасауға көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Геосаясат
Пән геосаяси теорияның негізгі қағидаларын, әдістерін, қазіргі заманғы геосаясаттың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуын, ғаламдық саяси жағдайдағы геосаясаттың ерекшеліктері туралы білімін қалыптастырады. Білім алушылар геосаясаттағы саяси географияның тұжырымдамасын, мемлекеттің территориялық мәселлесі мен шекарасын, табиғи және адам ресурсатрын тиімді пайдаланудың түрлері мен мәнін меңгереді. Студенттер әлемдегі саяси оқиғалардың өзгеруін, көптеген елдердің халықаралық, аймақтық мәселелерінің туындау факторларын зерттейді. Отандық және шетел ғалымдардың саяси идеяларын талқылайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биомеханика және компьютерлік биология
Ұсынылатын курс адам ағзасындағы биомеханикалық құбылыстарды зерттеуді және биологияда компьютерлік бағдарламалауды қолдануды қамтиды. Курс барысында студенттер жүйелердің механикалық қасиеттерін және биологиялық процестерді модельдеу мен талдауда қолданылатын компьютерлік әдістерді зерттейді. Биомеханикадағы тірі организмдердің қозғалысын, құрылымдық қасиеттерін және механикалық функцияларын игереді. Кинематика және динамика қозғалыс заңдарын, материалдардың механикалық қасиеттерін, қолданбалы биомеханика, медициналық биомеханика әдістерін жобалауды меңгереді. Компьютерлік биология негізінде биологиялық процестерді модельдеуді, талдауды және компьютерлік әдістер мен алгоритмдерді қолдану дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- География және биология ғылымынның негізгі мәселелерін, болашағын талқылайды, анализ жасайды. Теориялық білім мен түсініктерін кәсіби ортада қолданады, заманауи зерттеулердің нәтижелерін әртүрлі форматта пайдаланады;
- Негізгі биологиялық және географиялық ұғымдарды, заңдылықтар мен құбылыстарды түсінеді, мәліметтерді өңдеудің практикалық дағдыларын игереді, теориялық және тәжірибелік есептік деректерді талдайды, зерттеулерді жоспарлайды;
- Қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымын, Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді талдайды, нормативтік-құқықтық актілерді сипаттайды, кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық білімдерін меңгереді, ұлттық тәрбиенің заңдылықтары мен принциптерін ескере отырып экологиялық мәдениетті қолданысқа енгізеді.
- География мен биологияны оқытудың инновациялық әдістерін және оқу процесінде жасанды интелектті меңгеру, АКТ, геоақпараттық жүйелер, цифрлық технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптасады, географиялық және биологиялық тәжірибелердегі зерттеулер нәтижесін кәсіби қызметінде қолданады.
- Оқытудың жаңа әдістерін, сыни тұрғыда ойлау технологияларын география және биологиялық білімдері дамытуда қолданады, оқу-бағдарламалық құжаттармен жұмыс жасай алуды, педагогикалық жұмыстарға сараптама жүргізуді, оқу процесін критериалды жүйемен бағалау қабілеті қалыптасады.
- Оқу және тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық сараптама жүргізеді, рухани мұралар негізінде оқу-тәрбие процесін іске асырады, кәсіби этика принциптерін сақтайды, тұлғааралық мәдениті қалыптасады.
- Қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын, экологиясының мәселелерін талқылауды, табиғи ресурстарды биологиялық және географиялық тұрғыдан бағалауды меңгереді. Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуын баға береді.
- Экономикалық-географиялық жағдайды сипаттайды, геоэкономикалық-саяси географияның мәнін, категорияларын, негізгі заңдылықтарын жіктейді, геосаяси процестердің әлеуметтік ортаға әсерін танып біледі.
- Ғылыми жобалық жұмыстарды жүргізеді, білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттырады, зерттеушілік қабілеттерін шыңдайды. Қазіргі заманғы география, биология ғылымы саласындағы білімдерді, идеяларды жинақтайды.