6B01508 Математика және информатика в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттайтын, кәсіби саласы бойынша жүйелі білімге ие жоғары білікті математика және информатика мұғалімін дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B009 Математика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
Білім алушы компьютерлік техниканың даму тарихы, компьютер архитектурасы, ішкі құрылғылардың физикалық қасиеттерімен танысады; ақпараттың сандық көрінісі және компьютердің арифметикалық, логикалық, алгоритмдік негіздерін қолданады; микрокомпьютердің оқу моделі мен машиналық деңгейдегі командаларды және олардың орындалу механизмін біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық талдау
Білім алушы айнымалы шамаларды зерттеудің әдістерін толық сипаттайды; дифференциалдық және интегралдық есептеулер мағыналарын ажыратады; теоремаларды дәлелдеу барысында талдаулар жасайды; классикалық және қазіргі заманғы модельдерін талдаудың негізгі құралы ретінде алған теориялық білімін өз бетінше есептер шығаруда қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Компьютерлік графика және 3D модельдеу
Білім алушылар компьютерлік графика мен 3D модельдеудің негіздерін біледі; 3D объектілердің модельдерін, графикалық примитивтерді, векторлық кескіндерді жасау, векторлық кескіндерді құруды игереді; графикалық жобаларды құрастыру кезінде дизайн принциптері мен композицияны қолданады; Blender, Sweet Home 3D, Scultris, SketchUp Make, nanoCad free бағдарламаларында кәсіби жобалар мен шығармашылық тапсырмаларды орындауды жүзеге асыра алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Аналитикалық геометрия
Білім алушы аналитикалық геометрия негізгі түсініктерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы геометрияның рөлін анықтайды; студентердің абстрактілі логикалық ойлау қабілеті және математикалық ұғымдармен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады; аналитикалық геометрия бойынша есептерді шешуде алған білімдерін қолданады; шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; есеп шығаруда тиімді әдісін пайдаланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мектеп математика курсындағы қолданбалы есептер
Бұл курста мектеп математикасының негізгі бөлімдерін, қолданбалы бағытын сипаттайды, кәсіби тұрғыда стандартты емес есептердің математикалық модулін құру дағдысы қалыптасады; тапсырмалар орындау барысында әдістердің ерекшеліктерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті практикалық мәселерді меңгереді; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Элементарлық математика
Білім алушы орта мектепте және басқа да арнаулы орта оқу орындарында кәсіби қызметке дайындауға арналған, толық көлемде мектеп математикасының курсына кіретін бағдарламалық материалды қамтиды., кәсіби тұрғыда есептердің түрлерін және белгілі алгоритмдер құру дағдысы қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді ажыратады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект
Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Алгоритмдеу негіздері
Курс соңында Python алгоритмдік тілдің құрылымын, тілдің мүмкіндіктерін, бағдарламалау ортасында алгоритмдер құру принциптерін сипаттайды; Python-ның басқару құрылымдарын, алгоритм түрлерін, циклдерді, тізімдер, кортеждер, жиындар мен сөздіктерді, массивтерді, алгоритмнің трассировкасын игереді; Python-ғы негізгі стандартты модульдерді, қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалау әдістерін, алгоритмдер мен бағдарламаны құрудың барлық кезеңдерінде дұрыс технологияны пайдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Алгебра және сандар теориясы
Білім алушы алгебраның негізгі түсініктері мен әдістерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы алгебраның рөлін анықтайды; математикалық мәдениеттің алгебралық құрамын ашады; математикалық модельдеудің қазіргі заманғы тұжырымдамаларының базасы ретінде алгебраның теориялық негіздерін меңгереді; студентердің абстрактілі ойлау қабілеті және абстрактілі ұғымдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физика есептерін шығару практикумы
Бұл курс есептерді шешу арқылы физика курсын тереңірек зерттеуге, физикалық есептерді шешуде әдіснамалық білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Болашақ мұғалімдердің білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға және тұрақты бақылауға бағытталған; есептерді шешудің әртүрлі әдістерін (аналитикалық, графикалық, эксперименттік және т.б.) меңгереді. Курс барысында мектеп физика курсының есептерін талдап, шығару жолдары мен шешімдерін айқындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Курс болашақ мұғалімдерді кездейсоқ оқиғалардың заңдылықтарын анықтай отырып, шамалар мен үдерістердің теориялық және ықтималдық үлгілерінің құрылымы туралы түсініктерін дамытады; ықтималдық және статистикалық есептерді шешу барысында, статистикалық ақпаратты өңдеу және стандартты әдістер мен үлгілерді қолдану арқылы дағдыларын анықтайды; кездейсоқ құбылыстар мен үдерістерде бар қасиеттерді, сипаттамаларды және тәуелділіктерді қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физика
Білім алушы жалпы физика курсының іргелі заңдарын меңгереді, физикалық идеяларды сипаттайды, мектеп физика курсының негізгі бөлімдерін қарастырады, есептерді талдап шығарады, заңдылықтарды қолдана алады. Физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізеді, алынған нәтижелерді өңдеп саралайды, оқу әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді пайдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағдарламалау жүйесі
Білім алушылар Python тілінің объект, класс, экземпляр құрылымдарын біледі; көптеген мәселелерді шешуге инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм принциптерін практикада қолданады; күрделі жүйелерді модельдеу үшін объектілік тәсілді және ОББ-ны Python бағдарламалау тілі арқылы нақты жоба жасауда іс жүзінде пайдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
«Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні тірі ағзалар мен экожүйелердің ұйымдасу деңгейлері мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын, олардың тұрақтылығын, биосфера құрамдастарының өзара әрекеттесуін және табиғатты пайдаланудың артуы жағдайындағы адам әрекетінің экологиялық салдарын қарастырады. Пәнде әлем елдерінде және Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық мақсаттары қаралады. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, тәуекелдер мен төтенше жағдайлар, оларды талдау мен басқару жолдары зерттеледі. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, діни, саяси және экономикалық тұрақсыздық факторлары, күнделікті өмірдегі қауіптер, сондай-ақ қауіпсіздік мекемелерінің қызметі мен оны құқықтық реттеу мәселелері қамтылады. Пән студенттерге экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сай әрекет ету қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Сапалық, сандық, аралас зерттеу әдістері. Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Бұл курста - ҚР Білім беру саласындағы нормативтік актілерін, мектептегі іс жүргізу әдістерін, бағалаудың негізгі тәсілдерін біледі; информатиканы оқытуда қолданылатын дәстүрлі және заманауи әдіс-тәсілдерді, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады; әртүрлі оқу контенттері мен АКТ құралдарын пайдаланып, оқушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне сай оқыту әдістерін талдайды;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулер және инновация
Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағалау және дамыту
Мақсаты: оқу процесінде бағалаудың маңыздылығын түсіну және оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық тұрғыдан сындарлы бағалауды қамтамасыз ету және бағалауға қатысты түсініктер мен тәжірибелерді сыни тұрғыдан бағалау және талдау мүмкіндігі Студенттер, мүмкін: • бағалау мен кері байланыстың әртүрлі әдістерін жақсы түсіну (мысалы, қалыптастырушы және қорытынды бағалау) • оқушылардың білім беру құзыреттілік деңгейлерін анықтау және тану бойынша педагогикалық принциптерді қолдану
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Математиканы оқыту әдістемесі
Білім алушы математика бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қарастырады; математиканы оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктерін ажыратады; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес математикадан сабақты жоспарлай алады; оқушының үйлесімді қолайлы білім беру алаңың құра отырып, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады; заманауи сандық білім беру технологияларын, қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың құралдарын (критерий, дискриптор, рубрикатор) қолданады;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазу және Action Research
Бұл курста ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері, зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау - ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдері, ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңдері қарастырылады. Курс аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін өңдейді, жинақтайды және ғылыми ұсыныстар береді, академиялық мәтіндердің білім мазмұнын, ерекшеліктерін, оқылым әрекетін, кіріспені жазады, гипотеза құрады. Сонымен қатар Action Research әдісін қолдану арқылы нақты білім беру тәжірибесін зерттеу жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар әзірлеу
Білім алушылар мобильді қосымша құрудың негіздерін түсінеді; интерфейс пен қолданба логикасы принциптерін иегереді; MIT App Inventor бағдарламасында жобалар жобалап, Android қолданбаларының архитектурасын талдайды; қолданушы тәжірибесін бағалап, Android Studio бағдарламасында толық функционалды қосымшаларды әзірлейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Математикалық есептерді шешу практикумы
Бұл курста білім алушылар мектеп курсының алгебралық және геометриялық негізгі бөлімдерін қарастырады; математикалық есептерді шешуде теңдеулер мен теңсіздіктерді, параметрлік, мәтіндік және қозғалысқа берілген есептерді шешудің әртүрлі әдістерін меңгереді; студенттердің логикалық ойлауын дамытып, математикалық белгілерді дәлелдеуде және әртүрлі геометриялық есептерді шығаруда қолдана білуін үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ІТ жобаларды басқару
Курс соңында IT- жобалардың құрылу кезеңдері, инновациялық идеяларды генерациялау, педагогикалық мақсаттарға бағытталған бизнес-модельдер жасау, стартап экожүйесінің негізгі компоненттерін игереді; жобаны жоспарлау әдістерін, жүйелеу дағдыларын көрсетеді; жобаны іске асыру үшін қажетті Crowdfunding платформаларды және ұйымдастырушылық ресурстарды талдайды; IT стартапты білім беру мекемелерінде енгізу, пайдалану және педагогикалық әсерін бағалайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Бұл курста информатика пәні бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мақсаты, міндеті, құрылымы және кезеңдері туралы негізгі ұғымдарды түсінеді; ғылыми гипотеза құру, әдіс таңдау, деректер жинау және талдау дағдыларын қолдана отырып зерттеу жобаларын жоспарлайды; оқушылардың ғылыми баяндамаларын, презентацияларын және есептерін рәсімдеу стандарттарына сай тексеріп, бағалай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Білім берудегі смарт технологиялар
Смарт технологиялардың мәнін, түрлерін және білім берудегі рөлін түсінеді; білім беру процесінде қолданылатын смарт құрылғылар мен жүйелерді, цифрлық білім беру платформаларын қолданады; смарт оқыту ортасын жобалап, оқытудың интерактивті және дербестендірілген әдістерін қолдануды практика жүзінде көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі инновациялық технологиялар
Бұл курста кейс, WEB, коммуникациялық, ақпараттық, интерактивтік әдіс, мультимедия, телекоммуникация немесе электронды оқыту және жасанды интелект оқыту технологияларын қарастырады; оқу процесіне және сабақ түріне байланысты жан-жақты оқыту технологиялары бойынша сипаттайды; оқу процесіндегі негізгі инновациялық технологияларды меңгереді; педагогикалық шеберлік нәтижесінде оқытуда сандық ресурстарды пайдаланады; сандық ресурстарды және жасанды интелектті технологияларды қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ОЖ және қолданбалы бағдарламалар
ОЖ мен қолданбалы бағдарламалардың негізгі функцияларын сипаттайды; әр түрлі форматтағы файлдар, жұмыс процесін автоматтандыру, ОЖ-нің утилиталарын, қолданбалы бағдарламалар мүмкіндіктерін пайдаланады; компьютерлік қауіпсіздік негіздерін, компьютерді құрастыру мен жаңғырту, бағдарламалық жасақтаманы баптау жұмыстарын іс жүзінде шешуге дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Web бағдарламалау
Білім алушылар HTML, CSS және JavaScript негіздерін иегереді; веб-беттердің құрылымы мен әрекетін түсінеді; интерактивті интерфейстер жасап, Веб-эргономиканың ереекшеліктерін, клиент-сервер өзара әрекеттесулерін талдайды; код сапасы мен өнімділігін бағалайды; заманауи фреймворктар мен технологияларды қолдана отырып, толық жұмыс істейтін веб-қосымшаларды әзірлейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Математикалық логика және дискретті математика
Білім алушы математикалық логика, графтар теориясы, айтылымдар алгебрасы, кодтау теориясының негізгі мәселелерін және математикалық логика аппаратын қолдану әдіснамасын сипаттайды; жиындар теориясының, предикаттар алгебрасының, комбинаторика, Ньютон биномы, графтар теориясының есептерін шешудегі оңтайлы әдістемелерін таңдайды; буль функцияларын құруда, ақпаратты кодтауда теориялық және тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу әдістерін қарастырады; болашақ кәсіби қызметте математикалық логикасы қалыптасады; алған білімдерін математиканың басқа салаларында қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Дифференциалдық геометрия және топология
Бұл курста классикалық дифференциалдық геометрияның әдістерін және көрнекті бейнелерді, қазіргі дифференциалдық геометрияның негізгі ұғымдарын қарастырады; Евклид кеңістігіндегі қисықтар мен беттер теориясын, топологияның негізгі түсініктерін, көпбейнелердегі тензорлық талдауды мен риман геометриясының элементтерін сырты дифференциалдық формалар теориясының негіздерін сипаттайды;
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәліметтер қоры және үлкен деректер технологиялары
Мәліметтер қорының құрылымын, түрлерін және негізгі ұғымдарын сипаттайды. Қатынасқан мәліметтер қорын жобалап, SQL тілінде сұраныстарды құрастырады. Big Data технологияларының архитектурасын түсіндіріп, Hadoop және NoSQL жүйелерімен жұмыс жасайды. Мәліметтерді өңдеу және талдау процесінде деректердің құрылымы мен көлеміне сәйкес технологияларды талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Дифференциалдық теңдеулер
Бұл курста қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдары мен анықтамаларын, бірінші және жоғары ретті теңдеулердің жекелеген түрлерін интеграциялау әдістерін қарастырады; қарапайым дифференциалдық теңдеулерді және қарапайым теңдеулерді жеке туындылармен сапалы интегралдау әдістерімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; жаратылыстанудың әр түрлі облыстарында кездесетін нақты дифференциалдық теңдеулер мен жүйелерді шешудің тиімді әдістерін қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік желілер және желілік технологиялар
Білім алушылар желілер мен хаттамалардың негіздерін біледі; компьютерлік желілерді ұйымдастыруды түсінеді; Cisco Packet Tracer ішінде желілерді модельдейді; конфигурациялар мен маршруттарды талдап, шешімдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бағалайды; берілген шарттарға сәйкес оңтайландырылған желілік архитектураларды жобалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Робототехника негіздері
Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер робототехника негіздерін игереді; сенсорлардың жұмыс жасау принципін түсінеді, EV3 негізіндегі модельдерді бағдарламалайды; робот әрекетін талдап, алгоритм жұмысын бағалайды; қолданбалы есептерді нақты немесе имитацияланған ортада шешу үшін өз шешімдерін құрады
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Информатикадан олимпиадалық есептерді шығару
Бағдарламалау тілдерінің алгоритмдері мен деректер құрылымдарын біледі; Олимпиадалық форматтағы есептерді талдайды және шешу стратегиясын құрастыра алады; бағдарламалау тілдері бойынша олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын көрсетеді; алған білімдерін кәсіби саласында оқу-практикалық қызметіндегі мәселелерді зерттеу және шешу үшін қолданады
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім мен дағдыларды бағалау практикумы
Білім алушылар бұл пәнді оқу барысында білім мен дағдыларды бағалау әдістерін меңгереді; тест тапсыру арқылы педагог мәртебесін алуға дайындалады; оқушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауды қамтамасыз етуге қажетті дағдыларды қалыптастырады; кәсіби маман ретінде оқу процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақпаратты қорғау және криптография
Деректерді қорғау әдістері мен криптографияның негіздерін біледі; шифрлау және декодтау тәсілдерін түсінеді, ЭЦҚ, деректердің тұтастығын қамтамасыз ету жолдарын, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері мен криптоталдау әдістерін қолданады; стандарттарға сәйкес ақпаратты қорғау құралдарын тиімді пайдаланады; қауіпсіздік жүйелерін талдайды және ақпараттық қауіпсіздік шешімдерін синтездейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Математикалық ұғымдар мен фактілердің өзара байланысын, математикалық тұжырымдардың дәлелдеуін, басқа ғылыми салалармен байланысын, айнымалы шамалардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерін, дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерін, алгебра мен геометрияның теориялық негіздерін, математикалық модельдеу және абстрактілі ойлау қабілетін кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастырады;
- Мектеп курсы математикасының стандартты және стандартты емес, логикалық және статистикалық, қолданбалы есептерін шеше алады;
- Компьютерлік жүйелер архитектурасы, операциялық жүйелерді, желілік технологияларды және ақпараттық қауіпсіздік принциптерін тиімді қолданады;
- Алгоритмдік ойлау мен бағдарламалық шешімдерді әзірлеуде объектіге бағытталған, веб, мобильді және жүйелік бағдарламалау әдістерін қолданады;
- Ақпараттық және модельдеу жүйесін, мәліметтер қорын және Big Data технологияларын, компьютерлік желілер, IT құралдарын кәсіби қызметте пайдаланады;
- Жалпы физика заңдарын қорытуды, физикалық идеялардың дұрыстығын, физикалық тұрақтыларды зертханада, физикалық есептердің шешу жолдарын дәлелдейді;
- Кәсіби стандарт талаптарына сәйкес математика және информатиканы оқыту әдістерін, жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктерін, мектеп курсы және олимпиадалық есептерді шешудің жолдарын, инклюзивті білім беру жағдайындағы инновациялық технологияларын, бағалау жүйесінің критерилерін тиімді қолданады;
- Психологиялық теориялар мен тұлға ерекшеліктерін, педагогикалық қызметте ғылыми әдістердің қолдануын, педагогикалық зерттеулер әдістерімен заманауи инновациялық тәсілдерін, зерттеу барысында этикалық принциптерін, білім беру процесін жетілдіруге қажетті дағдыларды игереді;
- Экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениеті және тұрақты даму дағдыларын, кәсіпкерлік саласындағы білімді және қаржыны тиімді басқару қабілетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аспектілерін, құқықтық құндылықтарды қалыптастырады;
- Оқушылардың психикалық дамуын және жас ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық идеялардың пайда болуын, академиялық жазылым мен ғылыми зерттеу-жұмыстарын жүзеге асырады;
- Роботтық жүйелердің нобайын, 3D моделдеу принциптерін, жасанды интеллект, оқу процесіндегі негізгі инновацияларын, цифрлық білімдік ресурстарды жобалауда оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздерін, математика және информатикадан алған білімдерін болашақ кәсіби салада белсенді көрсетеді;