Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01711 Өзбек тілі мен әдебиеті в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

  • Әдебиеттануға кіріспе

    Мақсаты: Әдеби ұғымдар мен құбылыстарды зерттеу мен саралаудың әдіснамалық заңдылықтарын меңгереді. Мазмұны: Әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы, шығармадағы тілдік бейнелеулер, шығарманы өмірмен салыстырып бағалау жайлы түсінік қалыптастырады, эссе жазудың жолдарын, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдауды үйретеді; талдаудың ерекшелігіне сай сыни және жүйелі ойлауын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл білімінің тарихи негіздері

    Мақсаты: Белгілі бір кезеңдегі бір тілдегі өзгерістерді түсіндіру; тілдердің тарихқа дейінгі тарихын қайта құру және олардың тілдік семьяларға қарай жіктелуін анықтайды (салыстырмалы тарихи лингвистика); Мазмұны: Тарихи немесе диахрондық тіл білімі. Уақыт бойынша тіл өзгерістерін зерттейтін ғылыми пән. Тіл білімінің бұл саласының негізгі міндеттері тілдің өзгеруінің жалпы теорияларын дамыту; тілдік бірлестіктердің тарихын зерттеу; сөздердің шығу тарихын, яғни этимологиясын зерттеуді түсіндіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тіл біліміне кіріспе

    Мақсаты: Тіл туралы ғылымның негізімен таныстыру, тіл білімінің түрлі ғылым салаларымен тығыз байланысын таныту. Тілдің ішкі құрылымы және оның ойлаумен, қоғаммен, қоғам дамуының тарихымен, тілдің функционалдық және құрылымдық баламаларымен байланысын түсіндіреді. Мазмұны: Тіл білімінің пәні. Тіл білімінің бөлімдері. Жалпы және жеке тіл білімі. Тіл жүйелік-құрылымдық формация ретінде. Жүйе және құрылым туралы түсінік. Тілдегі құрылымдық қатынастар. Тілдік деңгей ұғымы, негізгі тілдік деңгейлер және тіл жүйесінің бірліктері. Синхрондық және диахрондық лингвистика. Тілдегі синтагматикалық, парадигматикалық және иерархиялық қатынастар. Тілдік белгі туралы түсінік. Тілдік функциялар. Дүние жүзі тілдерінің классификациясын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тілдік деңгейлер бойынша талдау

    Мақсаты: Тіл бірліктерінің тыңдалым, оқылым, жазылым түрлері бойынша, сондай-ақ лексика-грамматикалық құрылым түрлеріне қатысты материалдарды менгерту. Мазмұны: Тілдік талдау немесе лингвистикалық талдау - тіл бірліктерінің сипатамалары заңдылықтарынын ерекшеліктерін, бөліну жолдарын, бір-бірімен байланысу амалдарын ажыратып саралау. Тілдік талдаудың маңызды шартттарын, оның негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерімен танысу. Тілдік фактілер негізінде өз бетімен ойлауға, сол құбылыстың белгілеріне сүйене отырып өзіндік ереже шығаруға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Практикалық өзбек тілі

    Мақсаты: Өзбек тілінен меңгерген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, жазу сауаттылығын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Мазмұны: Фонетика және Орфография. Орфоэпия және дұрыс сөйлеу мәселелері. Лексика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис. Пунктуация. Сөзге лингвистикалық талдау жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттану ғылымындағы зерттеулер

    Мақсаты: Көркем әдебиеттің ерекшеліктерін талдай отырып, зерттеу тәсілдерін, негізгі ұстанымдарын, әдебиеттану тарихы мен оны дәуірлеудің өзекті мәселелерін меңгерту. Мазмұны: Шығармашылық үдерістің теориясы мен практикасы туралы негізгі ережелерді қарастыру, бейнелі ойлау мен өнерді қабылдаудың жалпы принциптерін сипаттау, көркем шығармашылықтың адамның шығармашылық өміріндегі маңыздылығын бағалау. Өнер туындыларын бағалауда эстетикалық талғам мен қабілеттерді білім мен дағдыларды дамыту. Көркем шығармашылық идеясын саналы үдеріс ретінде бағалауға үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі өзбек тілінің фонетикасы

    Мақсаты: Дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу заңдылықтарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, өзбек тілінің дыбыстық құрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен катар өзбек тілінің фонетикалық даму заңылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру. Мазмұны: Өзбек тілінің дыбыстар тізімі құрамы, дыбыстардың орындалу орнына қарай және тәсіліне қарай түрлері, сөйлемдің бөлшектерін ажырата алады: фраза, такт. Буын және екпіннің түрлері, олардың атқаратын қызметтері, фонетикалық құбылыстар жайлы мәселелерді түсіндіреді. Фонетикалық талдауды практикалық тұрғыдан меңгертеді, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып талдау арқылы фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Абайтану

    Мақсаты: А.Құнанбайұлы арқылы «Қазақтану» жобасындағы «ұлттық кодты» сақтау мен дәріптеу Мазмұны: ХІХ-ХХғ. Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне тарихи шолу жасау. Абайтану саласының дамуындағы ХХ-ХХІ ғасырдың абайтанушылардың еңбектері. Абайдың шығармашылығының хронологиясы. Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, этнограф, қазақ жазба әдебитінің негізін салушы. Абай - «Қарамола Ережесі» заңдар жинағының құрастырушысы, қоғамдық маңыздылығы. Абай - ойшыл, дінтанушы, философ. Абай білім және ғылым саласындағы рөлі, «Толық адамды» қалыптастыру идеясы. Абайдың аудармалары, поэмалары, «Қара сөздері», «Абай жолы» роман-эпопея. Қ.Тоқаев «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» маңыздылығы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мұхтартану

    Мақсаты: Мұхтартану ғылымының қалыптасу тарихын, даму бағытын студенттерге ұғындыру, М.Әуезов шығармашылығы туралы әдебиет тарихы контекстінде тарихи, әдеби түсінік қалыптастыру. Мұхтартану пәні бойынша өз бетімен ізденістер жүргізуге, өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру. Мазмұны: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы, Семей, Ташкент, Санкт-Петербург кезеңдері, М. Әуезовтің публицистикасы, жазушының «Абай», «Шолпан» журналдарындағы қызметі, «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Оқыған азамат», «Көксерек» әңгімелері, «Еңлік-Кебек» пьесасы, «Қилы заман», «Қараш-қараш» оқиғасы» повестері, «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Абай Құнанбаев» монографиясы, М.Әуезовтің Оңтүстікке жасаған ғылыми-шығармашылық сапары туралы мағлұмат алады. Жазушының шығармаларының тақырыбы мен идеясы, кейіпкерлер әлемі, көркемдік болмыс-бітімі жайлы жан-жақты танысады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Өзбек жазуының тарихы

    Мақсаты: Өзбек жазуының бірнеше өзгерістерден өткен тарихымен, ол жазулардың ерекшеліктерімен танысу. Мазмұны: V-ХІІ ғасырлаpды қaмтитын Орхон- Енисей, Тaлас өзендері бойынан тaбылған рунa жазуы. Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері. Өзбек далаcынa мұсылман дінінің келуі. Араб жазуы. 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына көшуі. 1940 жылдан кирилицаға негізделгeн әліпбиді қолдануды түсіндіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жасанды интелектнегіздері

    Мақсаты: AI-Sana бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып, жасанды интеллект құралдары мен әдістерін практикалық қолдану және білімді пайдалану саласында құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мазмұны: Жасанды интеллектке (AI) кіріспе. Практикалық дағдылар мен дағдыларды дамыту: AI құралдарын қолдану; үлкен тілдік модельдермен (LLM) жұмыс істеу; кодсыз жасанды интеллект платформаларын пайдалану; генеративті жасанды интеллект құралдары; кескінді тану; табиғи тілді өңдеу (NLP); AI көмегімен деректерді визуализациялау. Әртүрлі салаларда AI қолдану туралы түсінікке ие болу; AI-sana бағдарламасының тәсілдерін интеграциялау арқылы AI әлеуетін ашу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, тұлғаның берік адамгершілік негіздерін, азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Құқықтық нигилизмді еңсеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында білім алушылардың құқықтық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа саналы көзқарасты қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан, сыбайлас жемқорлық моралінен, этикасынан адамгершілік тұрғыдан бас тарту.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды игеру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау, заңдылық, заңға құрмет идеяларын тарату.Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын түсінуге, оның көріністерінен әлеуметтік шығындарды сезінуге, өз ұстанымын дәлелді қорғай білуге, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін еңсеру жолдарын іздеуге бағытталған қызмет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ЖИ қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Балалар әдебиеті

    Мақсаты: Білім алушылар балалар әдебиеті жанрымен, оның тарихи даму кезеңімен, балаларға арналған балалар әдебиеті туралы білім беру, оны тәжірибеде қолдану біліктілігін қалыптастыру. Мазмұны: Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі. Балалар әдебиетінің ерекшеліктері. Қазақ балалар әдебиетінің негіздері. XIX ғасырдағы балалар әдебиеті. XX ғасырдың басындағы балалар әдебиеті. 20-30 жылдардағы балалар әдебиеті. 1940-50 жылдардағы балалар әдебиеті. 1960-80 жылдардағы балалар әдебиеті. Қазіргі қазақ балалар әдебиеті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өзбек лексикографиясының қалыптасуы мен дамуы

    Мақсаты: Лексикография ғылыми, осы ғылымдағы сөздіктер, бүл ғылымның қалай және қандай дәрежеде дамуын қалыптастыру Мазмұны: Өзбек лексикографиясының зерттелуі, калыптасу тарихы. Сөздік құрастырудың негізгі қағидалары. Теориялык лексикография және тәжірибелік лексикография. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік.Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер: 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мәлімет беретін сөздіктер: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктер: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративтік сөздіктерді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экожүйе және құқық

    Мақсаты:Қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізу үшін экономика, құқық, экология және тіршілік қауіпсіздігі, ғылыми зерттеу әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Мазмұны:Адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара іс-қимылының, экожүйелер мен биосфераның өнімділігінің негіздері. Қазақстанның тұрақты даму мақсаттары шеңберінде ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы қоғамның кәсіпкерлік қызметі, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экологиялық мәселелер мен тұрақты даму принциптерін жүйелі түсіну. Қазақстандық құқықты, субъектілердің міндеттері мен кепілдіктерін білу, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуді білу және сақтау. Инклюзия-халықаралық заңнаманың стратегиясы. Жасанды интеллекттің құқықтық негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи педагогика

    Мақсаты: Мектептегі тәрбие жұмысын жобалау, құрастыру және ұйымдастыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: Педагогика ғылымының генезисі, біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері. Тәрбие және дидактика теориясының негіздері, қазіргі мектепті басқару мәселелері, киберпедагогиканың ғылыми принциптері мен заңдылықтары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқу үдерісін басқарудың әдіснамасы мен технологиясы, қашықтықтан оқыту және аралас оқыту әдістемесі. Заманауи білім берудегі жасанды интеллект және оның артықшылықтары. Жасанды интеллектті қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың даму физиологиясы

    Мақсаты: Болашақ мұғалімдерге балалармен жас өспірімдерден есініңан атомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы заманауи мәліметтер беру, оқушылардың денсаулығын сақтаумен нығайтудың, олардың әр түрлі оқу іс-әрекеттерінде жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтаудың негізінде жатқанзаңдылықтар туралы біліммен қаруландыру. Мазмұны: Оқушылардың психологиялық-физиологиялық тұрғыдан даму заңдылық-тары, балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері, жеке басының қалыптасуы, денсаулығын сақтауға, нығайтуға, қабілеттерін айқындау мен дамытуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту, балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Мақсаты: Кәсіби бағытталған мәтіндердің, оның ішінде, ғылыми-техникалық мазмұндағы мәтіндердің ауызша және жазбаша функционалдық ерекшеліктерін білу. Мазмұны: Кәсіби тақырыптар бойынша ауызша сөйлеуді түсіну және кәсіби тақырыптар бойынша дәйекті хабарлама жасау. Мультимедиялық технологияларды қолданып ауызша хабарламалар жасай алу. Кәсіби терминологияны меңгеру. Болашақ мамандықтар бойынша мәтіндерді түсіну.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазіргі өзбек тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

    Мақсаты: Өзбек тілінің лексикалық жүйесінің жалпы заңдылықтарын және олардың қызмет ету ерекшеліктерін меңгеру. Мазмұны: Лексикология тілдік бірлік ретіндегі сөздердің семантикалық құрылымы, сөздік құрамның толығу жолдары, сөздіктерді құрастыру принциптері мен оларды жасау жолдары, пәннің тұжырымдамалық және теориялық негіздері жайлы мәселелерді қарастырады; басқа ғылым салаларымен байланыстыра отырып, тілдік заңдылықтарды талдауды және оны практикада дұрыс қолдану жолдарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өзбек халқының ауыз әдебиеті

    Мақсаты: Өзбек ауыз әдебиетін тарихи контексте қарастыра отырып, синкретті өнер екендігіне, дәстүрлілігіне, көп варианттылығына мән беру және оның көркем-танымдық, тәрбиелік ерекшеліктерін зор мәдени мұра ретінде зерделеу. Мазмұны: Өзбек фольклорының тарихи қалыптасқан әдеби, лингвистикалық мектептері мен ілімдерін, классикалық және қазіргі заманғы әдістерін, олардың маңызды ерекшеліктерін, өзбек фольклорындағы мифологиялық дүниетанымды, фольклордың орындаушылық шеберліктерін, жанрлық қатынастардың өлшемдерін білу, білімдерін қолдана білу, өз идеяларын ұсынуды, шығарманы талдауды үйретеді. Әдеби құбылыстардың негізгі үлгілерін, типтік құбылыстарды және өтпелі жағдайларды анықтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық

    Мақсаты: Қаржылық әл ауқатқа жету үшін маңызы бар жеке және отбасылық қаржылық ресурстарды басқаруды, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды дағдыларын оқыту. Мазмұны: Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны қалыптасу шарттары. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық түрлері. Кәсіпкерліктегі тәукелділік. Кәсіпкерліктегі бизнес-жоспарлау. Кәсіпкерлік келісімдерді ұйымдастыру. Кәсіпкерліктегі мәдениет және этика. Кәсіпкерлік қызметің қаржыландыру. Қаржылық сауаттылық түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.Ақша,есеп айырысу және төлемдер. Жеке қаржы: кіріс,шығыс, бюджет. Салықтар және жеке тұлғаларға салық салу. Зейнетақылар және сақтандыру. Халыққа банктік қызмет көрсету. Жеке тұлғалардың банкроттығы және қаржылық тәуекелдер. Қаржылық пирамида және жеке қаржылық қауіпсіздік.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өзбек диалектологиясы

    Мақсаты: Өзбек диалектологиясының зерттеу нысанын белгілеу, диалектілердің пайда болу, қалыптасу жолдарын көрсету, өзбек диалектологиясының зерттелу тарихынан хабардар ету. Мазмұны: Өзбек әдеби тілі, оның нормалары, тілдегі жергілікті ерекшеліктер, кәсіби сөздер, говорларлардың, диалектілердің пайда болу, қалыптасу жолдарынан, зерттелу тарихынан хабардар етеді; өзге ғылымдармен байланысына көз жеткізіп, талдау нәтижесінде тілдік заңдылықтарды тұжырымдайды, әдеби тілді практикада дұрыс қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жалпы және жас ерекшелік психологиясының негіздері

    Мақсаты: Адам психикасының дамуының жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі психикалық құбылыстар туралы білімдерді оқып-үйрену және меңгеру негізінде оқушылардың психологиялық ойлауын дамыту. Мазмұны: Психологияға кіріспе. Сана. Тұлға. Белсенділік. Когнитивтік процестер. Ерік, эмоция, сезім психологиясы. Темперамент. Кейіпкер. Мүмкіндіктер. Онтогенездегі психиканың құрылымы, қызметтері, заңдылықтары, когнитивтік процестер, жағдайлар, факторлар, психиканың даму механизмдері. Даму психологиясының әдіснамалық негіздері, ұғымдары, категориялары, механизмдері, жасқа байланысты өзгерістердің сипаты. Адам психикасы дамуының әр түрлі жас кезеңдеріндегі тұлғаның жағымды дамуының ерекшеліктері, себептері мен факторлары, шарттары мен болашағы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • XV-XVIII ғасырлардағы өзбек әдебиетінің тарихы

    Мақсаты: VIII-XVI ғасырлардағы өзбек әдебиетінде өзіндік орны бар поэзиясы мен шешендік өнер үлгілерін ғылыми тұрғыдан талдау. Мазмұны: VIII-XVI – энциклопедик ғалымдар: Ал-Бухори, Абу Райхан Беруний, Ал-Фороби, Ибн Сино, Ал-Хоразми... Н.Кубро, Рабғузи, Дурбек, Қутб, С.Сарои, Хоразми, Атои, Лутфи, Саккоки, З.Бобур, М.Салиқ, Хожа т.б ақындар шығармашылығын сыни тұрғыдан ұлттық мүддемен байланыстыра талдауды, алған білімін практикада қолдануды, мәтінді интерпретацтялауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Науаитану

    Мақсаты: ХV ғасырдағы жаңа өзбек жазба әдебиеттің шығу тегін, оның алғы шарттарын зерделеу. Мазмұны: Ә.Науаи әдеби мұрасын зерттеу, оның теориялық және педагогикалық негіздері, “Хамса” шығармасының тарихы, хамсашы ақындар шығармаларын үйренуде интеграциялық тәсілдерді зерттеу; Науаидың шығармалары; поэзия жанрының дамуы, әлем әдебиетінің және түркі халықтары әдебиетінің дамуы жөнінде түсінік қалыптастастыруды қарастырады, ақын шығармалары туралы өз ойларын сыни көзқараспен талдауды, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін зерттеудің негізгі концепцияларын талдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өзбек классикалық әдебиеті

    Мақсаты: әдебиетін ғасырлардағы өзбек тарихын Алтын Орда әдебиеті контекстінде қарастыру Мазмұны: Х-ХІІ ғасырлардағы М.Қашғари, Ю.Х.Хожиб, А.Югнаки, А.Яссави т.б. шығармалары жайлы білім жүйесін қалыптастырылады; қызығушылық танытқан мәселеге сыни тұрғыдан талдау жасап, ойын дамытуға, салғастыру арқылы мәтінді интерпретациялауға машықтандырады,

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өзбек тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу

    Мақсаты: Жергілікті тіл ерекшеліктеріне тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді саралау, диалектілердің тілді шұбарлау мен әдеби тілді байытудағы орнын ажырата білуге үйрету. Мазмұны: Жергілікті тіл ерекшеліктері жайлы мәселелерді, диалектологиялық ұғымдардың мәнін, сөздің ішкі мағыналық құрылымын, лингвис-тикалық пәндер жүйесіндегі өзбек тілінің заңдылықтары жайлы негізгі ұғымдарды; Өзбек грамматикасы бойынша мәліметтер базасы, өзбек грамматикасын оқыту және бағалау бағдарламалары туралы нормативті және практикалық ақпараттар туралы білімдер жүйесін қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ежелгі дәуір әдебиетінің тарихы

    Мақсаты: Ежелгі дәуір әдебиетіне қатысты мұралардың түпнұсқасын қазіргі аударма нұсқаларымен салыстыра отырып оқу және олардың әр тарихи кезеңге қатысты ортақ және тек өзіне тән ерекшелігін жіктей алу. Маұмуны: Пәнаралық байланыс негізін-де “Авесто”, “Орхун-Енесей” ескерткіштері, “Томарис”, “Ширақ” және Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштері, ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы жазылған ерлік эпостары т.б. халықтың дүниетанымы мен наным-сенімі т.б. жайында жазған шығармалары жайлы мағлумат береді; Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдауды, шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыруды, көркем мәтінді интерпретациялауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сөйлеу мәдениетінің теориясы мен практикасы

    Мақсаты: Сөйлеу әрекеттерінің төрт түрі (сөйлеу, оқу және жазу) негізінде болашақ студенттердің қарым-қатынастық және мәдениетаралық біліктілігін қалыптастыру; Мазмұны: Риторикалық ұғымдар. Өзбек тілі мен сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу қарым-қатынастарының мәдениеті. Коммуникация және тілдік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың оқиғалы және конвенциондық сфералары. Сөйлеу мәдениеті мен сөйлеу мәдениетінің негізгі критериялары. Әдеби өзбек тілі нормалары туралы ұғым. Сөйлеу этикеті. Этикеттік сөйлеу формулалар мен мәтіндер әлеуметтік және тұлғааралық қатынастарды реттеу құрал ретінде қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инновациялық технологиялар және мектепте оқыту процесін ұйымдастыру

    Мақсаты: Заманауи білім беру саласындағы өзбек тілін оқыту әдістемесі және бағалау критерийлерімен таныстыру. Мазмұны: Қазіргі әдістеме ғылымының өзекті мәселелері, оқытудың қазіргі технологиясы, оқытудың принциптері мен жүйесі, сабақтың түрлері, сабақты жүргізудің әдіс-тәсілдері, өзбек тілі мен әдебиетін оқытудың негізгі қағидаттары, ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану жолдары; коммуникация тәсілдерін пайдалану әдістері; проблемаларды шешу және шешімдер қабылдау, қарым-қатынас мәдениетін іске асыру жолдары жайлы түсінік беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өзбек әдебиетін оқыту әдістемесі

    Мақсаты: Өзбек әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолданудың мәні мен маңызы, тиімділігі, ерекшелігі жайлы түсінік беру. Білім бағдарламасы негізінде өзбек әдебиетін оқытудағы жаңа әдістері мен формаларын меңгерту. Мазмұны: Пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйретеді; оларды басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастырады; өзбек әдебиеті материалдарын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгертеді; білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйретеді; кәсіби біліктілік пен құзыреттіліктерді үздіксіз дамытып, өмір бойы білім алуға, қарым-қатынаста коммуникативтілік танытуға төселдіреді. Өзбек әдебиеті сабақтарында ЖИ қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі өзбек тіліндегі сөзжасам мәселелері мен сөзжасамдық тәсілдер

    Мақсаты: Тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамға қатысты мәселелерді түсіндіру. Мазмұны: Өзбек тіліндегі сөзжасамдық және морфологиялық жүйелердің ерекшеліктерін қазіргі кезеңдегі осы жүйелердің даму тенденциясын қарастырады; өзбек тілінің сөздік - морфологиялық құбылыстарын талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Морфологиялық денгейдегі лингвистикалық бірліктердің кіші жүйелерін, сөзді қарастырудін негізгі ұғымдарын сипаттайды; морфологиялық талдау дағдыларын қалыптастырады. Лингвистикалық әдебиеттермен жүмыс істеу қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқыту әдістемесі мен бағалау (өзбек тілі)

    Мақсаты: Білім бағдарламасы негізінде өзбек тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық - теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік беру. Мазмұны: Өзбек тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгертеді және әдістеменің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарына қатысты еңбектерімен, педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа қағидалармен, әдістеме бағыттарымен таныстырады. Инновациялық технологияларды практикада тиімді қолданудың жолдарын үйретеді; өзбек тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгертіп, кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыландырады. Өзбек тілін оқытудағы жасанды интеллект технологиялары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі өзбек тілінің сөзжасамы мен морфологиясы

    Мақсаты: Қазіргі өзбек тілінің сөзжасамы және морфологиясы жүйесін, сөзжасамдық және морфологиялық бірліктерді, сөзжасамдық заңдылықтарды, туынды сөздердің түрлерін, әр сөз табының сөзжасамға және морфологияға қатысты мәселелері жөнінде студенттерге теориялық, практикалық білімді меңгерту. Мазмұны: Сөзжасам жүйесі, сөзжасам бірліктері, туынды сөздерді зерттеу әдістері, сөзжасам тәсілдері, туынды сөздердің семантикалық ерекшеліктері, сөзжасамдық ұяның жасалу жолдары, зерттелу тарихы туралы түсінік қалыптастырады; талдау нәтижесі бойынша тұжырым жасауды үйретеді, сыни ойлау дағдысын қалыптастырады. Морфология бойынша ғылыми еңбектерді зерттеу қабілетін дамытады; морфологияның теориялық негіздері жайлы мәселелерді меңгертіп, талдаудан алған білімін практикада дұрыс қолдануға дағдыландырады; морфо-логиядағы өзекті мәселелерді ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжы-рымдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді қазіргі педагогика ғылымының теориялық және әдістемелік негіздерімен, педагогикалық процесті ұйымдастыру технологиясы бойынша кәсіби құзіреттіліктермен қаруландыру, киберпедагогиканың заңдылықтары мен ғылыми принциптеріне сүйене отырып, студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде білім беру процесін жобалау мен құруға дайындығын қалыптастыру. Мазмұны: Мектеп пен сыныптың тәрбие процесінің, тәрбие жұмысының, тәрбие жүйелерінің мәні мен ерекшеліктері, сынып жетекшісі жұмысының мазмұны, қызметі, мектептегі және сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау, сынып ұжымын және оқушылармен жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру, педагогикалық көмек көрсету дағдылары, қиын және дарынды балалармен жұмыс істеу дағдылары, оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтастықта жұмыс жасау әдістері, оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының мәселелері. Тәрбие жұмысының тиімділігін диагностикалау әдістері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ағартушылық дәуір әдебиеті

    Мақсаты: Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын үйрету. Мазмұны: XIX ғасырдың ІІ жартысында ағартушылық дәуірі әдебиеті ақындарының өмірі мен шығармашылығы және әдеби мұралары, З.Фурқат, Завқий, Муқимий, Аваз Ўтар, Анбар отин, Дилшоди Барно т.б. шайырлардың шығармаларындағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелердің көрінісін осы кезеңдегі тарихи оқиғалармен салыстыра отырып түсіндіреді, шығармаларды жанрлық тұрғыдан талдап, зерделеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шешендік өнер және мәнерлеп оқу

    Мақсаты: Шешендік өнердің халықтың қасиетті де құнды мұрасы екенін таныту. Мазмұны: Мәтін құрастыру, оқу мәдениеті, ережелері, әлеуметтік-тарихи, рухани-адамгершілік, әдеби-эстетикалық процестердің талаптарын түсінеді, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады; саусақ пен аруз өлеңдерін, көркем мәтінді мәнерлеп оқуды, сөйлеу мәдениетін және шешендік өнерді мәнерлеп оқуға, сыни ойлауға, шығармашылыққа, проблеманы бірлесе шешуге дағдыландырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инклюзивті білім беру

    Мақсаты: Инклюзивті білім берудің заманауи әлемдік және отандық теорияларымен таныстыру, инклюзивті білім беруді жобалау мен ұйымдастыруда болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. Мазмұны: Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи модельдері мен оны іске асыру жолдары қарастырылады. Педагогикалық инновациялық технологияларды тәрбиелеудің мақсатына, күтілетін нәтижелеріне, оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ХІХ ғасырдағы өзбек әдебиетінің тарихы

    Максаты: Ояну дәуіріндегі әдебиеттің саяси-концепциялық мәнін жете ұғып, ондағы алаш қозғалысы, кітәби ақындар және діни, тарихи, ағартушылық бағыттағы шығармашылық процестерді айқын ажыратып, қабылдау. Мазмұны: Өзбек әдебиетінің XIX ғасырдың хандық дәуірдегі әдебиетте ақындық поэзиясының табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері және ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіріледі. Ақын-жазушылар шығармаларының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын, тұлғалық болмысты сыни және гуманистік тұрғыдан талдауды, мәтінді интерпретациялауды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ХХ ғасыр өзбек әдебиеті (1930-1960 ж.ж.)

    Максаты: Кеңестік дәуірдегі әртүрлі әдеби бағыттарды (либералдық, социалдық, діни, эмиграциялық әдебиет, 60-жылғылар) хронологиялық-концепциялық тұрғыдан қарастырып, саралай алу. Мазмұны: ХХ ғасыр басындағы өзбек әдебиетінде қоғамдық-әлеуметтік жағдайымен байланысын, ой-сананы оятудағы міндеттері туралы білім мен түсініктерін қалыптастыруды қарастырады, ХХ ғасырдың әдеби байланыстарды, дәстүрлі әдебиет үлгісін, шығармашылық ізденіс арқылы әдеби бағыттар мен олардың басты өкілдерінің шығармаларының салғастыру арқылы шығарманың идеялық-көркемдік ерекшеліктерін өздігінше талдауға үйретеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

    Мақсаты: Ғылымизерттеу жұмыстарының шығу тегі, тарихы, даму барысын бүгінгі жаһандық сұраныстар контекстінде таныту. Мазмұны: Өзбек әдебиетінің классизмін, оның мерзімділігін белгілеу; дамудың негізгі бағыттары, шығармашылық стильдерімен жанрлары; өзбек әдебиетінің даму тарихының ерекшелігімен заңдылығы, қоғамдық өмірдің және әдебиет қозғалыстарының өзара байланысын бейнелейді. Ғылыми зерттеудің нысаны, түрлері, ерекшеліктері, оның даму тенденциялары әдебиеттану және филология ғылымдары контекстінде қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі өзбек тілінің пунктуациясы

    Мақсаты: Өзбек тілінің тыныс белгілері заңдылықтарын толық меңгеру арқылы сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Пунктуацияның зерттеу нысаны, мақсаты, міндеттері, маңызы. Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары. Өзбек тілі пунктуациясының жүйесі. Өзбек тілінің тыныс белгілері жөніндегі ережелер жиынтығы. Тыныс белгілерінің түрлері және олардың әрқайсысының қызметі. Тыныс белгілер мағынаға және интонацияға негізделіп, сөйлемнің грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарай қойылады. Пунктуация мәселелерінің шешілмей келе жатқан даулы тұстарына талдау жасай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазіргі өзбек тілінің синтаксисі

    Мақсаты: Лингвистикалық дәстүрлерді де, қазіргі синтаксис теориясының жалпы танылған жетістіктерін де көрсететін қазіргі өзбек тілінің синтаксистік жүйесі туралы түсініктерді қалыптастыру. Мазмұны: Қазіргі өзбек тіліндегі сөз тіркестерінің түрлері, олардың жасалу жолдары, байланысу формалары мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, тыныс белгілері және олардың қолданылу ерекшеліктері жайлы пәннің теориялық негіздерін түсіндіреді; синтаксистік талдаудың ерекшеліктерін меңгертіп, болашақ кәсібінде дұрыс қолдануға машықтандырады; синтаксистің даму тарихын зерттеп, дұрыс тұжырым жасауға дағдыландырады. Мәтін және дискурс сияұты мәселелерді түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Жалпы тіл білімі

    Мақсаты: Тіл білімінің тарихи және жалпы лингвистикалық дайындықтарын тереңдетеді. Тіл біліміндегі онтология мәселелері жайында білім алуға, ғылыми танымдық заңдылықтарды, жалпы гносеологиялық ізденімдермен сәйкесетін қазіргі тіл білімінің даму бағытымен таныстырады. Мазмұны: Тілдің мәні мен функциялары, оның жүйелік сипаты мен иерархиялық құрылымы, грамматикалық құрылысы, тілдің шығу тегі мен дамуы, әлем тілдерінің жіктелуі, лингвистикалық ғылымның даму кезеңдері және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы негізгі ережелерді түсіндіреді, білімін практикада дұрыс қолдану, тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдау жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тіл біліміндегі жаңа бағыттар

    Мақсаты: Өзбек тіл білімінде қалыптасқан жаңа бағыттармен танысып, қазіргі тіл білімінің даму бағытымен таныстырады. Мазмұны: Қазіргі тіл білімінің негізгі қағидалары. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы өзбек тіл білімінің жаңа бағыттары. Қазіргі антропологиялық бағытталған лингвис-тикалық пәндердің (функционалдық грамматика, коммуникативті грамматика, семантика, лингвоконцептология, прагма-лингвистика, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика) негізгі ережелері. Осы ғылыми пәндер шеңберіндегі негізгі бағыттарды, олардың мәселелерін сипаттайды, оқытылатын пәндердің концептуалды аппаратына иелік етуді сипаттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әдебиет теориясы мен өзбек әдебиеті сынының тарихы

    Мақсаты: Әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр, әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін түсіндіру. Мазмұны: Әдеби туындының идеялық - көркемдік құнын белгілеу, мәні мен маңызын анықтау арқылы шығарманың бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетуге, оқыған шығарманың байыбына барып, оны дұрыс бағалауға, сын-пікір айтуға, ұлттық мүдде тұрғысынан талдауға, салыстыру арқылы көркем мәтінді интерпретациялауға баулиды.Әдеби ұғымдар жүйесін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стилистика және тіл мәдениеті

    Мақсаты: Тілдік сезімі және шешен сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, сөз сапалары мен шешендік стильдің тілдік белгілерін меңгерген, бәсекеге қабілетті дара тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік жасау. Мазмұны: Өзбек тілі стилистикасының іргелі заңдарын және олардың теориялары туралы жүйелі білім негізінде тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдайды; стилистика ғылымының даму кезеңдері туралы негізгі ережелерді түсіндіреді, АКТ-ны пайданлану арқылы білімін практикада дұрыс қолдану, тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдау жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Lesson stydy

    Мақсаты: студенттерде педагог-зерттеушінің құзыреттілігін, педагогикалық зерттеуді жоспарлау, бақылау, талдау және құжаттау дағдыларын өзінің педагогикалық практикасы мен қызметінде қалыптастыру. Мазмұны: Lesson study педагогикалық зерттеу ретінде. Lesson study (Сабақты зерттеу) әдісінің әлемдік педагогикадағы пайда болу тарихы. Lesson study - ді қолданудың әлемдік тәжірибесі. Lesson study: мектепте қолдану теориясы мен практикасы. Lesson study кезеңдері: команданы құру, оқу мақсаттарын дамыту, жоспарлау, оқыту және бақылау, оқытуды талдау және зерттеу нәтижелерін қорытындылау, құжаттау және жариялау. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Lesson study бағдарламасын жүзеге асыру. Lesson study жоспарлау және зерттелетін оқушыларды анықтау. Lesson study-ді қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқыту, бақылау, талдау. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Lesson study зерттеу нәтижелерін құжаттау және жариялау. Педагогтердің кәсіби білім алуына жәрдемдесу мақсатында Lesson study бойынша тренерлерді тарту. Lesson study әдісін сөз-шебері мұғалімінің тәжірибесінде қолдану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Арнайы пәндер практикумы

    Мақсаты: Өзбек тіл білімі мен әдебиет теориясы, өзбек әдебиетінің тарихы, кезеңдерімен таныс болу, қайталау жұмыстарын жүргізу. Маман ретінде алған білімдерін зерделеу. Мазмұны: Сөздер мен сөйлемдерге грамматикалық талдау жасай алу. Тіл білімінің антропологиялық салалары аспектісінде тілдік бірліктерді зерттеудің негізгі әдістерін білу.т Тілдік және көркем мәтінді талдау қабілеті бар. Білімді өндіріске және бакалавриат тәжірибесіне енгізеді. Лингвистикалық және әдеби шығармаларды жүйелі талдау әдісін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ХХ ғасырдағы 60 жылдардан кейінгі өзбек әдебиеті (1960-2000)

    Мақсаты: 1960-2000 жылдардағы әдебиеттің дамуын қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп, бағалауды үйрету. Мазмұны: 1960-2000 жылдардағы өзбек әдебиетінің ақын- жазушылары: С.Зунунова, О. Якубов, П.Кадыров, Э.Вахидов, А.Орипов, У.Умарбеков, С.Холмирзаев, У.Хашимов, Х.Тоқтабаев, О.Матжон шығармаларының мәтіндерін талдайды. Оқу жұмыстарын зерттеп, өнер туындысының тақырыптық идеясын анықтайды. Студенттер ақындар мен жазушылар шығармаларының мәтіндерін талдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Риторика және спичрайтинг негіздері

    Бұл курс студенттерде қарым-қатынастың педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі және болашақ филологтарда көпшілік алдында сөйлеуге мәтіндерді кәсіби дайындау дағдыларын дамытуға бағытталған. Болашақ мұғалімдерде бұқаралық адресатпен аффективті вербальды өзара әрекеттесу дағдылары, сондай-ақ сөйлеуге арналған мәтіндерді құрудың стандартты әдістері және дайындалған сөзді көпшілікке жеткізу дағдылары бар.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетел әдебиетінің тарихы

    Мақсаты: Өндірістік-педагогикалық практиканың ІІ негізгі мақсаты- кәсіби құзіретін бекіту, кәсіби қызметінің практикалық дағдылары мен тәжірибелерін игеру. Мазмұны: Антикалық әдебиеттің ролі; әлемдік әдебиеттің теориялық мәселелер жайлы білім мен түсініктерін қалыптастыруды қарастырады, жаһандық үздік туындыларды сыни тұрғыдан талдау, әлем әдебиеті ақын-жазушылары туралы алған білім мен түсініктерін тәжірибеде қолдау дағдыларын қалыптастырады, шығарманы гуманистік тұрғыдан талдауды, оны практикада қолдану жол-дарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медиа сауаттылық және жасанды интеллектті қолдану

    Мақсаты: студенттердің медиа ақпаратпен саналы және тиімді өзара әрекеттесуі үшін медиа сауаттылығын, сыни ойлауын дамыту. Мазмұны: медиа сауаттылық және жасанды интеллект. Қазіргі ақпараттық қоғамдағы медиа сауаттылықтың маңызы. Жасанды интеллект дәуіріндегі digital және киберқауіпсіздік негіздері. Медианың түрлері мен жанрлары. Медиа және қоғамдық пікір. Сыни тұрғыдан ойлау ақпаратты медиа сауатты тұтынудың негізі ретінде. Медиадағы жалған ақпарат түрлері. БАҚ-та фактчекинг негіздері. Манипуляция және онымен байланысты категориялар. Этикалық аспект. Қастандық теориялары, стереотиптер мен мифтер. Тілдік механизмдер және медиаманипуляция құралдары. Медиа сауаттылықты дамыту үшін жасанды интеллект құралдары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогикалық зерттеулер

    Мақсаты: жаңа білім алу, оқытылатын педагогикалық процестің тәртібі мен принциптерін анықтау, заңдылықтарын орнату, сол арқылы білім сапасын арттыру. Мазмұны: Студенттер педагогикалық зерттеудің мәнімен, педагогикалық библиографиямен, ғылыми-педагогикалық мәтінді табу, оқу және жазу әдістерімен (жоспар, конспект, тезистер, аннотациялар, реферат және т.б.), дереккөздерді библиографиялық сипаттау ережелерімен танысады. Студенттердің негізгі ақпараттық дағдылар деңгейлерін қалыптастырудың диагностикалық өзіндік жұмысы арқылы тақырыпты меңгеру. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жобалау. Курстық және/немесе дипломдық жұмысты қорғау тәртібі, сонымен қатар үздіксіз даму және кәсіби өсу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі өзбек әдебиеті

    Мақсаты: Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетті отарсыздандыру процесі аясында зерделеу. Мазмұны: ХХ ғасырдың 30-90 жылдардағы тәуелсіздікке дейінгі өзбек әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдайы, баспасөздің дамуы, әдебиеттегі азатшылдық ұраны, әдебиеттің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі, ағартушылық бағыт өкілдері жайлы түсінік қалыптастырады; шығармашылық ізденіс арқылы пікір айтып, талдау дағдысын қалыптастыру мақсатында сыни ойлау қабілетін дамытады; мәтіннің идеясын ұлттық мүддемен байланыстыра отырып, гуманистік тұрғыдан талдауды меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Action Research

    Мақсаты: студенттерде педагог-зерттеушінің құзыреттілігін, өзінің педагогикалық практикасы мен іс-әрекетін жүйелі, рефлексиялық, түзетуші, аналитикалық зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Action Research – стратегияларды, әдістерді және жалпы оқыту нәтижелерін жақсарту үшін нақты білім беру орындарында жүргізілетін жүйелі және рефлексивті зерттеулер. Бұл бақылауды, мәліметтерді жинауды, рефлексияны және оқыту әдістерін жетілдіруді қамтитын үздіксіз процесс. Әлемдік педагогикада Action Research әдісінің пайда болу тарихы. К.Левиннің, Дж.Дьюидің, Д.Кольердің, С.Коридің, В.Боргтың және т.б. әрекетті зерттеу ретінде Action Research-тің дамуына қосқан үлесі. Әрекетті зерттеудің әлемдік тәжірибесі: «әрекетті зерттеу», «бірлескен зерттеу», «тәуелсіз зерттеу», «әрекетті зерттеу», «контекстік әрекетті зерттеу». Білім берудегі Action Research қазақстандық тәжірибесі. Action Research жетекші қағидаттары: ғылыми-зерттеу және оқу тәжірибесінің бірлігі, ынтымақтастығы, синергиясы және зерттеушілердің топтық жұмысы. Іс-әрекетті зерттеу әдісінің кезеңдері: проблеманы қою, мәліметтер жинау, әрі қарайғы әрекеттерді жоспарлау, іс-әрекет жоспарын орындау, түрлендірулерді жүзеге асырғаннан кейін мәліметтерді талдау, рефлексия. Педагог-зерттеушінің педагогикалық рефлексиясы мұғалімнің өзінің практикалық іс-әрекетін талдау және түзету, жетілдіру және өзін-өзі дамыту мақсатында талдау және хабардар ету ретінде. Әдебиет мұғалімінің тәжірибесіндегі Action Research әдісі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өзбек тілінің стилистикасы

    Мақсаты: Стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру. Өзбек әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стилистикалық норманы меңгерту. Мазмұны: Мәтіннің стилистикалық ерек-шелігін зерттеу. Стилистикалық құбылыс-тарды талдау. Стилистиканың негізгі ұғым категориялары. Функционалды стилистика. Өзбек тілінің стилистикалық құралдары. Қазіргі өзбек әдеби тілінің функционалды стильдері. Стильдік норма және стилистикалық қате. Пароним сөздер. Шендестіру және оксюморон. Перифразалық сөз қолданысын түсіндіреді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Өзбек әдебиетінің алтын ғасыры (2000 ж.)

    Мақсаты: Өзбек әдебиеті-өзбек халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы екенін үйрету. Осы дәуірдегі шығармалары және тарихи тақырыптартармен таныстыру. Мазмұны: Cтуденттер халықтың өткен өмірін, бастан кешірген тағдырын суреттеуге арналған шығармалары және тарихи тақырыпқа қалам тартқан жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұматтар алады. Студенттер тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін түсінеді,өзбек халқының өткені мен бүгінгісін, адами табиғаты мен азаматтық тағдыры туралы тарихи шығармалармен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі өзбек әдебиет теориясындағы жаңашылдық

    Мақсаты: Әдебиеттану ғылымының теориялық және практикалық ерекшеліктерін анықтау негізінде аналитикалық ойлауды қалыптастыру. Қазіргі өзбек әдебиеттану ғылымындағы жаңашылдықты меңгерту. Мазмұны: Әр түрлі әдеби бағыттар мен методтар, дәстүрлі әдеби бағыттарды жоққа шығару, интеллектуализация үрдісі. Философиялық идеялардың әдеби процеске әсер етуі. Жанрлардың шектен тыс аралас-құралас болуы. Әр түрлі формалар мен стилдердің көптігі. Эссе жанрына деген қатты сұраныс, неомифологизм, утопиялық тенденцияларды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Зерттеулер, даму және инновациялар

    Мақсаты: білім беру саласындағы даму және инновациялар, ғылыми зерттеулердің маңыздылығына, әдіснамасына және практикалық қолданылуына кешенді көзқарас. Мазмұны: Пән өзектілігін және өзін және кәсіби қызметін үнемі дамыту мүмкіндігін сақтау үшін жаңа білім береді. Болашақ педагогтар зерттеулерге негізделген жаңа білім алады және білім беру мен мұғалім мамандығын дамытуға, оқытудың инновациялық тәсілдеріне, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқаруға қатысты әртүрлі салаларда этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Қоғамдық өмір мен кәсіби ортада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.
  • Экономика, экология, психология, басқару және қаржыны сауатты бөлу саласындағы пәнаралық білімдерді тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну үшін өмір бойы білім алуға біріктіру.
  • Білімге негізделген инклюзивті білім беруді қоса алғанда, педагогикалық міндеттер мен тәжірибеде туындайтын мәселелерді шешу, мұғалімдердің кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен атқару.
  • Өзбек тілі мен әдебиетін оқытуда АКТ, цифрлық білім беру ресурстарын, жасанды интеллектті пайдалана отырып оқу үдерісін жүзеге асыру.
  • Сабақтарды жоспарлауда тиісті сабақ беру әдістемесі мен бағалау құралдарын анықтай отырып, білім алушылардың ерекшелігі мен сұраныстарын ескеру.
  • Мәдениетаралық коммуникацияда, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарда белсенді азаматтық ұстанымды, толеранттылық пен ашықтықты көрсету
  • Тілдің сан алуан құбылыстары мен көркемдік әлемін танудың тілдік, әдеби, стильдік негіздерін, мәтінді талдаудың әртүрлі әдістерін іс жүзінде қолдану.
  • Педагогикалық инновациялық технологияларды, тәрбие жұмысының заманауи формалары мен әдістерін оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдану.
  • Тілдік заңдылықтар мен тіл тарихының дамуы жайлы мәселелерді ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдау.
  • Өзбек әдебиеті тарихының ғасырлар бойы жинақтаған көркем әдебиет үлгілеріне сыни ойлау тұрғысынан талдау жасау.
  • Сөздердің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық талдауларын, сөйлем құрамындағы сөз тіркестерінің синтаксистік талдауы мен мәтінге кешенді талдауын жасай білу.
  • Көркем шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдау.
Top