6B01510 Химия және биология в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби білікті химия және биология мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Бейорганикалық химия
Курс бейорганикалық химияның теориялық білімдер жүйесін қарастырады. Білім алушы атомдар, иондар және молекулаларды, атомның құрамын мен құрылысын, атомда электрондардың қозғалысы мен таралуын, сондай-ақ атомдардан иондардың құрылуын зерттейді, химиялық байланыстардың түрлерін ажыратады. Периодтық заң мен химиялық элеметтердің периодтық жүйесі, химиялық реакциялардың жіктелуі, зат массасының сақталу заңын дәлелдейді. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары, экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, химиялық реакциялардың жылдамдығы, химиялық тепе-теңдік, қышқылдар мен негіздер теориясын талдайды, есептер шығарады және зертханалық жұмыстар жүргізу барысында зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Аналитикалық химия
Бұл курста аналитикалық химияның сандық және сапалық әдістері талқыланады. Курс барысында студенттерде заттардың құрамын және қасиеттерін анықтаудың негізгі әдістері бойынша практикалық дағдылар қалыптасады. Сонымен қатар, аналитикалық әдістерінің классификациясы мен реакциялардың жіктелуін және сезімталдығын сипаттайды. Сандық талдау әдістері мен гравиметриялық және титриметриялық талдау әдістерін, ионометрия және спектроскопиялық әдістерін сандық талдау әдістерінде оқу зертханаларында жүйелі қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Адам анатомиясы және физиология негіздері
Курс адам анатомиясы мен тірі организмдердің тіршілік әрекетінің физиологиялық механизмдерін орыс (қазақ тілінде оқитын топтар) немесе қазақ (орыс тілінде оқитын топтар) тілдерінде меңгеруге бағытталған. Студенттер адам ағзасының мүшелержүйесінің құрылымын сипаттайды, жеке мүшелердің құрылымы, олардың функцияларын орындау арасындағы байланысты талқылайды, ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау механизмдерін, нейрогуморальды реттеуді, тірі организмдердің анаэробты және аэробты тыныс алу, заттардың тасымалдану, бөліп шығару мен қоректену процестерін салыстырады. Курстың практикалық бағыты центрифугалау, микроскопия және т.б. әдістерді пайдалана отырып, сыртқы және ішкі факторлардың ағзалардың тіршілік процестеріне әсерін зерттеуде зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар студенттер эксперименттік және есептелген зерттеу нәтижелерін сауатты түрде көрсетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Оттекті органикалық қосылыстар
Бұл курста оттекті органикалық қосылыстардың құрамы мен қасиеттеріне шолу жасалады. Курс студенттерге органикалық қосылыс құрамын сипаттайтын функционалды топтарды ажыратуға, гомологты қатарды дұрыс сипаттауға, оларды халықаралық және рационалдық номенклатура жүйесіне сәйкес анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, ароматты қосылыстар, спирттер, альдегидтер, кетондар, қышқылдар және циклді қосылыстарды алынуы мен химиялық қасиеттерін физика-химиялық әдістермен талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект
Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Өсімдіктер және жануарлар биологиясы
Өсімдіктердің құрылысы, тіршілік әрекеттері мен жүйеленуі туралы негізгі биологиялық түсініктерді меңгереді. Тірі ағзаларды патшалықтарға, бөлімдерге, кластарға жіктеуді үйренеді. Микроскоппен жұмыс істеу, өсімдіктердің анатомиялық құрылымын бақылау. Жануарлар туралы түсінік қалыптасады туралы түсінік қалыптасады.Жануарлардың жіктелуі (таксономиясы): түр, тұқым, класс, отряд, т.б. класс деңгейлерінде жүйелеуді үйренеді.Жануарлардың тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, зәр шығару жүйелері, жүйке жүйесі және сезім мүшелері, қозғалыс жүйесі, жыныстық және жыныссыз көбею түрлерін сипаттайды. Биологиялық әртүрлілікті сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарау
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Органикалық химия және биохимия
Бұл курс органикалық қосылыстарды, олардың құрылысы, синтездеу әдістері мен өзара түрлену заңдылықтарын және тірі организмдердің химиялық құрамын, сонымен қатар олардың тіршілігінің негізінде жатқан химиялық процестерді зерттеуге бағытталған. Студенттер органикалық қосылыстардың құрылысына байланысты реакциялық қабілеттерін және қасиеттерін зертханалық жұмыстар нәтижесі бойынша академиялық сауатты сипаттайды, органикалық заттардың формулаларын құрастырады және интерпретациялайды. Сонымен қатар, студенттер зертханалық құрал-жабдықтар, қондырғылар, материалдармен жұмыс жасау дағдыларын көрсете отырып, тірі организмдегі зат алмасуды және жасуша органеллаларының биохимиялық қызметін қисынды түрде сипаттайды, қоректік заттардың өзгеру (трансформация) жолдарын анықтайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
«Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні тірі ағзалар мен экожүйелердің ұйымдасу деңгейлері мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын, олардың тұрақтылығын, биосфера құрамдастарының өзара әрекеттесуін және табиғатты пайдаланудың артуы жағдайындағы адам әрекетінің экологиялық салдарын қарастырады. Пәнде әлем елдерінде және Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық мақсаттары қаралады. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, тәуекелдер мен төтенше жағдайлар, оларды талдау мен басқару жолдары зерттеледі. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, діни, саяси және экономикалық тұрақсыздық факторлары, күнделікті өмірдегі қауіптер, сондай-ақ қауіпсіздік мекемелерінің қызметі мен оны құқықтық реттеу мәселелері қамтылады. Пән студенттерге экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сай әрекет ету қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Эволюциялық ілім
Берілген курс эволюциялық теория туралы заманауи идеяларды орыс (қазақ тілінде оқитын топтар) немесе қазақ (орыс тілінде оқитын топтар) тілдерінде меңгеруді қамтиды. Курс барысында студенттер организмдер эволюциясының себептері мен қозғаушы күштерін сыни тұрғыдан бағалайды және организмдердің тіршілік ету жағдайына бейімделу механизмдерін сипаттайды. Сонымен бірге, студенттер эволюциялық прогреске, тіршілік иелері ұйымдасуының күрделенуне және жетілуіне әкелетін факторларды қисынды түрде ашады, филогенетикалық карталар жасайды және тірі организмдерді жіктеуге көмектесетін әртүрлі тәсілдерді салыстырады, Жерде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін сипаттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Сапалық, сандық, аралас зерттеу әдістері. Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиядан есептер шығару практикумы
Бұл курста студенттер химияның теориялық білімдер жүйесін есептік және тәжірибелік есептерді шешуде жүйелі қолданады. Курста студенттер химиялық есептерді шығаруға дағдыланады және есептерді шығару принциптері мен әдістері негізінде типтік есептерді сауатты талдайды. Сонымен қатыр, мектеп бағдарламасының есептерінің барлық түрлерін қарастырады. Курс студенттердің логикалық ойлауын дамытуға, химиялық құбылыстар мен заңдылықтардың парктикалық маңызын арттыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биогеография
Курс аясында студенттер қауымдастықтар құрылымының және жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар аймақтарының кеңістіктік құрылымы мен динамикасының маңызды заңдылықтарын зерттейді. Студенттер өсімдіктер мен жануарлар топтарын жүйелейді, тірі организмдердің географиялық таралуы мен экологиялық маңыздылығын сыни бағалайды және оларды сипаттайды. Курс студенттерде зоогеографиялық және фитогеографиялық аудандастыру бойынша өз бетінше жұмыстар жүргізу үшін қажетті практикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиядан экспериментальды есеп шығару практикумы
Бұл курс аясында студенттер химиядан эксперименттік есептерді қоюдың принциптері мен әдістерін зерттейді. Студенттер эксперименттік тапсырманы орындау барысында зертханалық құрылғылармен, шыны ыдыстармен, реактивтермен, жабдықтармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын көрсетеді. Курс химиядан эксперименттік есептерді шығарудың жалпы әдістерін, бейорганикалық және органикалық қосылыстарды тану үшін эксперименттік есептерді шығару әдістерін, эксперименттік типтік есептерді шешуді, химиядан эксперименттік есептерді шешудің механизмі мен құрылымын, тәжірибелік және есептелген мәліметтерді өңдеу және ұсынуды қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулер және инновация
Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бағалау және дамыту
Болашақ мұғалімдер оқу үдерісінде бағалаудың мәнін терең түсінеді және оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық түрде конструктивті бағалауды қамтамасыз ете алады және білім алушыларды бағалауға тарта алады. Болашақ мұғалімдер бағалаудың әртүрлі технологияларын, принциптерін, кезеңдерін, өз білім саласын бағалау құралдарын (қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды және т.б. қоса алғанда) анықтайды, саралайды және пайдаланады. Олар бағалауға қатысты өздерінің түсініктері мен тәжірибелерін сыни тұрғыдан бағалауға, талдауға және оларды әрі қарай дамытуға қабілетті. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: • бағалау мен кері байланыстың әртүрлі әдістерін (мысалы, қалыптастырушы және қорытынды бағалау) жақсы біледі • білім алушылардың білім беру құзыреттілігінің деңгейлерін анықтау мен тануда педагогикалық принциптерді қолданады • білім алушылардың және әріптестерінің өзін-өзі бағалау және өзара бағалау дағдыларын дамыту жүйесін мойындайды және қолдана алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Химия және биологияны оқыту әдістемесі
Химиялық-биологиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттері. Мектеп биология және химия курсы мазмұнының құрылымдық қағидалары. Оқу бағдарламалары: ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау. Оқытудың заманауи әдістері, қағидалары. Блум таксономиясы. Заманауи сабақ құрылымы. ҚМЖ. Білім сапасын бағалау және бақылау. Блум таксономиясы негізінде ТЖБ және БЖБ тапсырмаларын құрастыру. Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Білім берудегі жаңа технологиялар
Ұсынылып отырған курс орта білім беру мазмұнын жаңарту қағидаттарын, оқыту мен оқудың тиімді әдістерін және критериалды бағалау технологияларын қамтиды. Студенттер білім берудегі көшбасшылықтың рөлін, мұғалімнің оқытуды басқарудағы ұстанымы мен құзіреттіліктерін анықтайды. Диалогтық оқыту, дарынды және талантты балаларды оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, цифрлық технологияларды қолдану қағидаттарына негізделген заманауи стратегияларды сыни тұрғыдан талдайды. Курс студенттерге STEM-және Smart-білім беруді тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, жасанды интеллект жүйелер тетіктері мен қосымшаларын зерттеп, әзірлейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Физикалық және коллоидтық химия
Курста молекулалық-кинетикалық теория әдістері мен термодинамика негіздеріне шолу жасалады. Студенттер термодинамикалық жүйелердегі химиялық тепе-теңдік пен денелердің энергетикалық күй заңдылықтарын анықтайды. Курс заттардың агрегаттық күйлері, химиялық термодинамика, энторпия, термодинамиканың заңдары, химиялық және фазалық тепе-теңдік, ерітінділер, Рауль заңы, электрохимия негіздері, химиялық кинетика және катализ сияқты тақырыптарды қамтиды. Курс барысында калориметрлік өлшеу, еру жылуын, бейтараптану энтальпиясы және кристаллогидраттану жылуын анықтау, ерітіндідегі гомогенді химиялық реакциялардың тепе-теңдігін зерттеу сияқты зертханалық жұмыстар жүргізу студенттердің практикалық дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Биомолекулярлық механизмдер
Ұсынылып отырған пән тұқым қуалау ақпараттының жүзеге асырылуының биомолекулярлық механизмдерін, сонымен қатар жасушалардың құрылымы мен қызметтерінің молекулалық негіздерін, өсу, даму, бөліну, ісіктің трансформациясы және жасуша өлімін зерттеуді қамтиды. Курсты меңгеру жасушаның құрылымы мен қызметінің молекулалық негіздерін, қалыпты тіршілік процестерін және көптеген аурулардың пайда болуына әкелетін түсінуге қажетті гендердің экспрессиясын талдауға негіз жасайды. Молекулярлық-генетикалық әдістерді (гельдік электрофорез, ПТР) қолдану дағдылары ғылыми зерттеулерді сауатты жүргізу үшін пайдалы болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химия және биологияны оқытудағы кибер-технологиялар
Курс тиімді оқыту мен оқу үшін сандық әдіснамаларды шығармашылық тұрғыдан дайындауға және қолдануға бағытталған. Студенттер оқу, оқыту және бағалау үшін сандық платформалар мен құралдарды (Quizizz, PadLet, Google.classroom, AR-books) қолдануға машықтанады, сонымен қатар, "face-to-face", "blended" және "online" оқыту стратегияларын сауатты ұштастырады, төрт кезеңді процеске (жобалау/салуқұрастыру/оқу/қайта қарау) сәйкес онлайн-курстың мазмұнын ұйымдастырады, құрылымын жобалайды және әзірлейді. Курс студенттерге қолайлы және қауіпсіз оқу ортасын жасау үшін онлайн-студенттердің табиғаты туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиялық процестердің жүру заңдылықтары
Курс химиялық реакцияның жүру шарттарын, энергетикасын және тепе-теңдігін тереңдетіп оқуға мүмкіндік береді. Студенттер химиялық реакциялардың кинетикалық және термодинамикалық аспектілерін энтальпия және Гиббстің бос энергиясы, энтропия ұғымдары арқылы талдайды. Сонымен қатар, студенттер химиялық реакцияның жылдамдығына және тепе-теңдігіне концентрация, температура, қысымның әсерін тәжірибе жүзінде зерделейді, катализаторлардың әсер ету механизмін сипаттайды, термодинамикалық мәндер бойынша реакцияның өздігінен жүру бағытын болжайды. Курс барысында студенттер әрекеттесуші массалар заңын, Вант-Гофф ережесін қолданып реакциялардың орташа жылдамдығына, тепе-теңдік константасына есептеулер жүргізеді, химиялық реакция үшін тепе-теңдік константасын сауатты жазады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және академиялық жазылым
Ұсынылып отырған курс студенттердің зерттеу құзіреттілігі мен академиялық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Курс студенттерге сапалық және сандық әдістерді қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді, оның ішінде білім беру саласындағы зерттеулерді сауатты жүргізуге, ғылыми зерттеу этикасына сәйкес жоба жазуға мүмкіндік береді. Мәліметтерді өңдеу мен талдауды жүзеге асырудың практикалық дағдылары студенттерге зерттеу нәтижелерін әртүрлі академиялық формада (мақала, тезис, эссе және т.б.) ұсыну үшін пайдалы. Сонымен қатар, студенттерге іс-әрекеттегі зерттеулер мен жағдайлық зерттеулерді қисынды жүргізуге көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік химия
Курста HyperChem бағдарламасымен химиялық қосылыстардың құрылысы, реакциялық қабілеттері мен қасиеттері зерттеледі. Студенттер HyperChem бағдарламасының көмегімен химиялық заттардың формулалары құрастырады және моделдейді, атомдардың қасиеттерін сипаттайды. Курс мазмұны: Химияда компьютерлік бағдарламаларды қолдану (HyperChem). Атомдар мен молекулаларды өңдеу және суреттеу негіздері. Орташа молекулалардың 2-D және 3-D суреттерін жасау. Молекулалардың қозғалысы, айналуы және масштабталуы. Молекулалық құрылымдардың қасиеттерін өлшеу. Ішкі жиындарды таңдау және көрсету. Жоғары молекулалық қосылыстармен жұмыс істеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Молекулалық биология және генетика
Курс тұқым қуалау ақпаратын сақтау, жүзеге асыру және берудің молекулалық механизмдері, заманауи молекулалық-генетикалық әдістермен танысу мәселелерін қарастырады. Студенттер ағылшын тілінде хромосомалардың құрылысы мен қызметі туралы, генетикалық кодтың қасиеттері туралы заманауи идеяларды сыни тұрғыдан салыстырады, тірі организмдердің геномын бағалайды, ГМ және трансгенді организмдердің қолданылуын логикалық түрде талқылайды. Курс барысында генетикалық есептерді шешу, зертханалық аспаптармен, құрылғылармен, материалдармен, эксперименттік мәліметтермен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Студенттер биополимер молекулаларын модельдейді, биоматериалдардан нуклеин қышқылдарын бөліп алады, гельдік электрофорез көмегімен органикалық заттардың молекулалық массасын анықтайды, ПТР әдісімен патогенді микроорганизмдерді анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепте экологиялық мониторинг ұйымдастырудың методологиялық негіздері
Аталған курс мектепте экологиялық мониторинг ұйымдастырудың методологиялық ерекшелігіне талдау жасауға бағытталған. Курс студенттерге ғылыми дүниетанымды қалыптастыру мен дамыту жолдарымен танысуға мүмкіндік береді. Студенттер мектепте экологиялық білім және тәрбие берумен қатар қоршаған ортаның мониторингін жасап, экологиялық мониторингтің жіктелуін жүйелі сипаттайды. Студенттер қоршаған орта сапасын бағалау критерийлерін жасайды, қоршаған ортадағы және адамның ауыл шаруашылық қызметіндегі өзгерістердің себептеріне байланысты химиялық -экологиялық құбылыстардың мәнін зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі
Курста студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін химияны оқытуда экспериментті жүргізу әдістері қарастырылады.Студенттер химиялық эксперимент жүргізу арқылы танымдық мәселелерді шешіп, жорамалдар ұсынады. Химиялық зертхананың типтік жабдықтары мен аспаптарында жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді. Курс мазмұны: Танымдағы эксперименттің рөлі. Химияны оқыту жүйесіндегі көрнекілік тәжірибелер, зертханалық және практикалық сабақтар. Мектептегі химия кабиенетінің құрал-жабдықтары. Қажетті реактивтер мен құралдар жиынтығы. Мектеп химия курсының оқу жоспарында қарастырылған зертханалық тәжірибелер мен тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Гендік инженерия және биотехнология
Курс биологиялық жүйелерді қолдана отырып, әртүрлі заттарды өндірудің технологиялық процестері туралы түсінікті ағылшын тілінде қалыптастыруға бағытталған. Студенттер биотехнологиялық өндіріс теориясы мен технологиясының, гендік инженерияның қазіргі мәселелерін талдайды, әртүрлі организмдер геномдарының құрылымдық-функционалды ұйымдастырылуын сипаттайды, гендік инженерия жүйесінің әдістері мен микробиологиялық тәсілдерді қолданады. Сонымен қатар, студенттер тірі организмдерді өсіруді зертханалық талаптарға сәйкес жүзеге асырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биологиялық эксперименттер жүргізу және есептер шығару әдістемесі
Курс зерттеудің статистикалық және балама әдістерін қолдана отырып, биологиялық тәжірибе жүргізу ережелеріне сәйкес мектептегі биологиялық тәжірибені қою және молекулалық-генетикалық есептерді шешудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, студенттер биологиялық экспериментті жүзеге асыру процесін қисынды түрде ұйымдастырады, табиғи нысандарды анықтайды, биологиялық құбылыстарды бақылайды, тіркейді және тәжірибеден өткізеді. Курс биометриялық деректермен жұмыс істеу, нәтижелерді талдау және графикалық өңдеу дағдылары мен икемділіктерін жетілдіруге ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім мен дағдыларды бағалау практикумы
Болашақ педагогтердің білім беру жүйесіндегі бағалау үдерісінің теориялық негіздерін, бағалау әдістері мен құралдарын меңгерту арқылы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту. Пәнді оқып үйренудің нәтижесінде: бағалау үдерісінің теориялық негіздерін терең меңгереді; Оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи әдістерін практикада қолданады; Бағалау құралдарын өз бетінше құрастырып, білім беру үдерісінде тиімді пайдаланады; Білім алушылардың жетістіктерін бағалауда әділ, ашық және жүйелі әдістерді қолдануды үйренеді; Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды тиімді ұйымдастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биофизика және биоинформатиканы оқыту әдістемесі
Курста биологияның физика және информатикамен пәнаралық интеграциясы қарастырылады. Курс барысында студенттер биомеханикалық процестерді сыни тұрғыдан робототехникада қолданады, электрокардиограмма көмегімен жүректің автоматиясын, бұлшықет ұлпасының жұмысын (электрофизиология) зерттеудің физикалық негіздерін талдайды. Пән микроорганизмдердің өсу кинетикасын, биологиялық жүйелердің термодинамикасын бағалауға көмектеседі. Сонымен қатар студенттер цифрлық технологиялар мен дидактиканы қолдану бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биомеханика және компьютерлік биология
Ұсынылатын курс ағылшын тілінде адам ағзасындағы биомеханикалық құбылыстарды зерттеуді және биологияда компьютерлік бағдарламалауды қолдануды қамтиды. Студенттер биологиялық құбылыстардың мәнін ашу үшін клиникалық (протездеу және т.б.) және инженерлік биомеханиканың (экзоскелет, робототехника және т.б.) маңыздылығын, спорттық биомеханиканың міндеттері мен мазмұнын, теориялық және компьютерлік биомеханиканың, және құрылымдық биоинформатиканың принциптерін бағалайды. Курс қозғалыс биомеханикасы, жүректің электрофизиологиясы сияқты биологиялық процестерді модельдеу және ДНҚ дерекқорларын құру бойынша практикалық дағдыларды дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Микробиология және биотехнология
Курс биотехнологиялық процесстермен танысуға, биотехнологияның даму болашағы туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Студенттер заманауи молекулалық-генетикалық әдістерді қолдана отырып, микроорганизмдердің морфо-физиологиясын, биохимиясын, генетикасын салыстырады, тірі организмдердің биотехнологиялық өндірістерде қолданылуын қисынды бағалайды. Тірі организмдерді клондау, микроклоналды көбеюге тәжірибе жүргізу, тірі организмдердің жасушалық препараттарын микроскопиялық зерттеу бойынша тәжірибелік дағдылары зерттеу жүргізу үшін пайдалы болады. Курс студенттерге микробтық дақылдардың өсу және даму параметрлерін жүйелі тексеруге, дақылдық және морфологиялық белгілері бойынша микроорганизмдерді дұрыс анықтауға көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биологиядан практикалық-зерттеушілік дағдыларды дамыту әдістемесі
Бұл курс биология бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін дамытуға арналған. Курс студенттердің ғылыми дүниетанымын және жаратылыстану-ғылыми ойлауын қалыптастыру мен дамытуға, оқушыларды зияткерлік-шығармашылық қызметке тарту тәсілдерін, оқушылардың шығармашылық идеяларын ұсыну және іске асыру әдістерін игеруге ықпал етеді. Студенттер сандық және сапалық зерттеу әдістерін қисынды қолдана отырып, биология бойынша ғылыми жұмыстар мен жобалар жасайды, ал курс соңында студенттер ғылыми жобаларды талаптарға сәйкес дайындайды және ұсынады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиялық технология
Пән химиялық технологияның маңызы мен ерекшелігін зерделеуге бағытталған. Курста студенттер химиялық технологиялық процестерді сипаттайды, материалдық және энергетикалық баланстарды құрастырудың қағидалары мен әдістерін химиялық процестерді жүргізуде тиімді пайдаланады. Сонымен қатар, негізгі химиялық өндірістердің, су және энергетикалық ресурстарды жіктейді, минералды тыңайтқыштар өндірісіне жүйелі сипаттама береді. Курс барысында студенттердің зертханалық құрылғылармен, ыдыстармен, реактивтермен, жабдықтармен жұмыс жасаудың практикалық дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті ортада химия және биологияны оқытуды ұйымдастыру
Білім алушы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында оқу бағдарламасын бейімдеу, сараланған тапсырмалар беру, қолжетімді тәжірибелер ұйымдастыру әдістері, визуалды құралдар қолдану, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту әдістерін меңгереді. Иклюзивті сыныпта химия пәнін кәсіби әрі тиімді оқытуға дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Химия мен биология бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды кәсіби ортада таратады
- Оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыруда зертханалық құрал-жабдықтар, қондырғылар, материалдармен жұмыс жасаудың практикалық дағдыларын көрсетеді, академиялық сауатты эксперименттік және есептік мәліметтерді бағалайды
- Заманауи оқыту әдістері, критериалды бағалау технологиялары негізінде тиімді оқыту мен оқуды тәжірибеде қолданады, оқу-бағдарламалық құжаттарды ажыратады, педагогикалық іс-әрекетке рефлексиялық талдау жүргізеді, кәсіби ортада қарым-қатынасты педагогикалық сауатты жүзеге асырады
- Ақпарат пен зерттеу нәтижелерін алу, өңдеу және ұсыну үшін тілдік құзыреттерді, цифрлық ресурстарды, озық инновациялық тәжірибені және жасанды интеллекті пайдалана отырып, педагогикалық зерттеулерді жоспарлау және химиялық экспериментті құру кезінде ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін қолдану
- Академиялық және кәсіби мақсаттар үшін білім беру ортасындағы тілдерді қолданады, жазбаша және ауызша тілдік қарым-қатынасты басқарады
- Білім алушыға бағытталған, құзыреттілікке негізделген, инклюзивті көзқарас және салауатты өмір салтын қолдауға бағдарлану қағидаттарын ескере отырып, білім беру ортасының әртүрлі түрлерінде педагогика және психология бойынша білімдерді қолдану
- Жас ерекшеліктеріне сәйкес салауатты, қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырады, адамның қоршаған ортамен өзара әрекетін экологиялық тұрақты даму сауаттылығын бағалайды
- Ғылыми-зерттеу жұмысын сауатты жүргізеді, білім алушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін зерттеушілік дағдыларды дамыту жолдарын анықтайды
- Кәсіби өсу мен өзін-өзі дамыту үшін білім беру жүйесінің дамуы мен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін біледі.