Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01403 Музыкалық білім педагогін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Музыкалық білім берудің теориясы мен тарихы

    Музыкалық мәдениет пен өнердің теориясын, шетел және отандық музыкалық педагогикалық ойлар мен білімнің қалыптасуын, музыкалық білім тәжірибесі мен тарихи зерттеулердің дамуын, музыкалық білім берудің заманауи әдістерін, зерттеу контексінде өз ойлары мен идеяларын қалыптастыруды, мәдени, этикалық және әлеуметтік көзқарастарын музыкалық білім беруді зерттеу негіздерімен ұштастырып, кәсіби мәселелерін шешу жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады, аналитикалық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамытады. Курс арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің проблематикасын қарастырады және ғылымның тарихы мен теориясы туралы, ғылымның даму заңдылықтары мен ғылыми білімнің құрылымы туралы, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістері туралы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі, қоғамның дамуындағы ғылымның рөлі туралы білімді қалыптастырады, пәнаралық білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері (ағылшын тілінде)

    Пәнде ғылыми зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы, мақсаттар мен міндеттерді нақты әрі анық баяндау дағдылары, ғылыми зерттеу саласында кәсіби шет тілі құзыреттерін қалыптастыру қарастырылады. Педагогикалық зерттеудің ерекшеліктері және академиялық адалдық принциптерін сақтау мәселелері талданады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері: сандық және сапалық зерттеу түрлері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық білім этнопедагогикасы

    Музыкалық білім этнопедагогикасы музыкалық-педагогикалық ғылымның бір бөлігі ретінде заңдылықтар мен ерекшеліктерді, ұлттық (этникалық) тәрбие, этнопедагогика-педагогикалық мәдениет, этноциум, ұлттың, этникалық топтың музыкалық дәстүрлері туралы жалпылама түсінік, салыстырмалы талдау мен тәрбиелік дәстүрлеріне, музыкалық сана-сезіміне талдау жасап, музыкалық-педагогикалық білімдерінің негізінде кәсіби іс-әрекетте дұрыс пайдалана білуге бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Арнайы пәнді оқыту әдістемесі

    Музыканы жоспарлау мен оқыту технологиясын, жаңартылған және деңгейлік оқыту әдістемесін, дифференциалды бағалауды, белсенді инновациялық оқыту технологияларын, топтық және жеке оқыту тәсілдерін, өзіндік жұмысты ұйымдастыру әдістемесін, жобалау әдістерін қарастырады. Оқыту барысында шығармашылық қабілетін пайдалана отырып педагогикалық проблемаларды шешуін, өз идеяларын қорытындылай отырып ресми хабарлау тәсілдерін, кәсіби білімін жетілдіруін көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ музыка мәдениетінің антологиясы

    Қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерін, сарындарын, аспаптық күйлердің нұсқаларын, эпикалық және жыраулық дәстүрдің саздарын, жыр, толғау, терме, тарихи лирикалық әндер мен жыр-күйлерді жинақтауда алынған ақпараттарға сүйене отырып үйретеді. Музыкалық білімдерін интеграциялау арқылы казақ музыкасы мен мәдениетінің мәселелерін зерттеу негіздерін және шешу жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат (ағылшын тілінде)

    Халықаралық академиялық қоғамдастықтың стандарттарына сәйкес ғылыми жобаларды жүзеге асыруға дайындық пен қабілеттерді дамытуға бағытталған шет тілі бойынша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру, нәтижелерді жазбаша түрде ұсыну. Академиялық дискурстың ерекшеліктері: стилі, жанрлары, мәселелері, зерттеу сұрағының тұжырымдалуы, кіріспенің құрылымы, ғылыми жұмыстың нәтижелерін көрсетудегі рөлі, библиографиясы, анықтамалық аппараттың дизайны, аннотация түрлері, оларды құрастыру ерекшеліктерін талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық этнопедагогика негіздері

    Музыкалық этнопедагогиканың маңызды мақсаты-үйлесімділікке қол жеткізу, шығармашылық, табиғи-биологиялық, әлеуметтік және рухани адамның дамуы, халықтың салт-дәстүрлері, әлеуметтік этикалық қасиеттер кешенін, әр балада «ақыл-мейірімділік-еңбекқорлық» үштігін, музыкалық этнопедагогиканың құндылықтары мен ерекшеліктерін сыни ойлау тұрғысынан қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жоғары мектептегі оқыту стратегиялары

    Оқыту стратегиялары, цифрлық және интерактивті технологиялар, бағалау әдістері, педагогикалық дизайн, инклюзивті және жекешелендірілген оқыту тәсілдері, оқу белсенділігін арттыру әдістері, сыни ойлау мен рефлексияны дамыту жолдары. Оқыту үдерісін ұйымдастыру, заманауи педагогикалық модельдерді қолдану, магистранттардың дербестігін дамыту арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық білім берудің әдіснамасы

    Музыкалық білім беру мәселелеріне әдіснамалық талдау жасауды, педагог-музыканттың кәсіби рефлексиясын қалыптастыруды, музыкалық білім беру саласындағы зерттеулердің әдіснамалық сипаттамасы мен музыкалық-педагогикалық зерттеулердің бастапқы жағдайларын, негізгі категориялары мен педагог-музыканттың зерттеу жұмысының формаларын, идеяларын, қорытындыларының шешімдерін нақтылауды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Еуропадағы музыкалық білім жүйесі

    Еуропа елдеріндегі музыкалық білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырып, музыкалық білімнің тәрбиелік мақсат-міндеттерін анықтап, зерттеуді, Еуропадағы музыкалық білімнің қалыптасу кезеңдерін, қоғам дамуына байланысты музыкалық-эстетикалық көзқарастардың, арнайы ақпараттық мәдениетін және жалпы педагогикалық идеялардың туындауын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Музыкалық психологияның негіздері

    Оқыту барысында психологиялық аспектілердің негіздерін, музыкалық сана, сезім, эмоциялардың күрделі жүйесін музыкалық-психологиялық тұрғыда зерттеуін, ойлауы мен қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтауын үйретеді. Музыкалық пәндерін интеграциялай отырып музыкалық-психологиялық білімдерінің негізінде кәсіби іс-әрекетте дұрыс пайдалана білуге бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлемдік білім беру жүйесіндегі музыкалық білім

    Түрлі елдерде музыкалық тәрбиенің тарихы, дамуы мен заманауи жағдайы туралы ақпараттар жинақтауды, музыкалық тәрбиенің жалпы бағытын, дәстүрлерін, жүйелерін, XX-XXI ғ.музыкалық білімнің негізгі тенденцияларын, қоғам дамуының ақпараттық технологияларының музыкалық білімге ықпалын, туындаған проблема шешімдерін зерттеуді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Музыкалық компьютерлік бағдарламалар

    Берiлген әуенді гармонизациялау мен секвенцияларды фортепианода ойнауды, заманауи музыканың озық үлгілерімен таныстырып, талдауға бағыттайды. Оқу үрдісіне АКТ-ны қолданып, Encore ноталық редакторларында ноталық мәтінді теріп, әуеннің дыбысталуын есту және өңдеу технологияларын қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Музыкалық педагогиканың негіздері

    Шығармашылық және музыкалық білімді зерттеу контекстінде музыкант-педагогтың кәсіби қызметін, озық тәжірибелерді зерделеп, музыкалық педагогиканың құндылықтары мен ерекшеліктерін сыни ойлау тұрғысынан қарастырады. Музыкалық пәндерін интеграциялау негізінде жинақтауды, музыканы оқытудың негіздері мен дағдыларын, дүниетанымдық көзқарастарды анықтап кәсіби іс-әрекетте қолдануды сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электрондық музыкалық оқыту бағдарламалары

    Электрондық музыкалық оқыту бағдарламаларын меңгеруде педагогикалық инновациялық технологияларды пайдаланудың тәсілдерін, электронды фонотека, ноталық библиотека, Audacity, Soundation, Windows Movie maker, «киностудия» компьютерлік бағдарламаларын қолданудың, топтық жұмыста креативтілік және коммуникативтілік танытудың негіздерін үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби табыстылық психологиясы

    Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы, функциялары, деңгейлері мен мақсаттары сипатталады. Қарым-қатынас субъектілері мен олардың өзара әрекеті, жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас барысындағы қақтығыстар мен шиеленістерді оңтайлы шешу жолдарын, тайм менеджмент, келіссөздер мен іскерлік қарым-қатынас техникалары және жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас құрудағы этикалық принциптер мен нормалар мәселелері қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Музыкалық білім беруді зерттеу негіздері

    Ғылыми жұмысты жоспарлау және жазудың шарттарын, музыкалық педагогикалық ғылымның өзекті мәселесін зерттеу және өз пікірін қалыптастыру арқылы оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын үйретуді, құрылымы, механизмі, музыканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістері мен нысандарын, проблема шешімдерін тиянақтауды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Музыкалық-орындаушылық пәндерді оқыту

    Орындау өнерін жіті білетін шебер орындаушы, ұйымдастырушы, бағалауды, теориялық білім қорын ұстаздық машығына кірістіруде музыкалық қабілетті нығайтуды, әртүрлі шығармаларды интерпретациялауды, репертуар таңдап, жеке дайындық дағдыларын үйретуде командалық жұмысқа баулуды қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагог-музыканттың концерттік және оқу орындаушылығы

    Өз бетінше репертуар таңдап, штрихтық және техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармамен жұмыс жасауда, әртістік қабілетін шыңдап, сахна мәдениетін меңгеруде, музыкалық композицияны орындауда шығарманың көркемдік ойын және шығармашылық мәнерін ашып, топта жұмыс жасай білуде іскерлік танытуды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Концерттік орындаушылық

    Концерттік орындаушылық шеберлігін шыңдап, жеке репертуарын таңдап, толықтыруды, ұйымдастырушы-ұстаз дайындауда үнемі шығармашылық қабілетін жетілдіруді, шығармашылық көзқараспен концерттегі техникалық проблемаларын шешуін, музыкалық білімдерін интеграциялау арқылы әртүрлі шығармаларды интерпретациялауды, сахнаға дайындап, көпшілік алдында орындау дағдыларын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Музыкалық білім берудегі жасанды интеллект

    Музыкалық білім беру жүйесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың теориялық негіздері мен практикалық аспектілерін, жасанды интеллект құралдарын музыкалық оқытуда тиімді пайдалануды үйрету, цифрлық технологиялардың көмегімен білім сапасын арттыру жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Музыкалық терапия

    Музыкалық терапияның тарихы мен бағыттарын, адамның физиологиялық және эмоционалдық жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, музыкалық терапия әдістемесін оқып-үйрену мен музыкалық терапияның психоаналитикалық аспектілерін зерттеуді, музыканың көмегімен түзету жұмыстарының мүмкіндіктерін, дамуында ауытқуы бар балаларды оңалтуда музыкалық терапияны қолдану әдістемесін, мектепке дейінгі балалармен жұмыста музыка терапиясын қолдану ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагог-музыканттың орындаушылық шеберлігі

    Күрделі шығармаларды орындауда орындаушылық ерекшеліктерін, мәнерін ескеріп, шығарманың көркемдік ойын ашу, техникалық мүмкіндіктерін көрсете білу, вокалды-дирижерлық жұмыс жасауда жоғары позицияларда әндетуді меңгеру, күрделі шығармаларды әндетіп, дирижерлауда техникалық ерекшеліктерді білу, дыбысты алып жүру, көпшілік алдында өнер көрсету мақсатында репертуарды дұрыс таңдау жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде музыканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, сондай-ақ зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді.
  • Барынша кең пәнаралық контексте стандартты емес жағдайларда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдаланады.
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсететеді.
  • Идеяны, қорытындылары мен проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады.
  • Музыканы оқыту саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялайды.
Top