7M01404 Көркем еңбек және сызу педагогін даярлау в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыреттіліктері қалыптасқан көркем еңбек саласындағы бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M007 Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастырудың ғылыми негіздері
"Жоғары мектепте оқу процесін ұйымдастырудың ғылыми негіздері" пәнінің мақсаты студенттерді жоғары білім берудегі оқу процесін ұйымдастырудың принциптерімен, әдістерімен және теориялық негіздерімен таныстыру болып табылады. Бұл пән студенттерді жоғары мектептегі оқытушылар, зерттеушілер немесе әкімшілер рөліне дайындауға бағытталған. Пән аясында студенттер оқу процесін ұйымдастырумен байланысты педагогикалық теория мен әдіснаманың негізгі аспектілерін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көркем еңбек және сызуды оқытудың парадигмалары
Көркем еңбек және сызуды оқытудың парадигмаларының ұғымы, мақсатқа жету әдістері, педагогикалық өзара әрекет сипатына, қызметіне байланысты жіктелуі, мұғалімнің рөлі, білім беру парадигмаларын жүзеге асырудың дидактикалық тетіктері қарастырылады. Көркем еңбек және сызуды оқытудың негізгі парадигмаларын пайдалана, одан әрі оқуды жалғастыра және пәндік білімдерін интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тұлғалық-бағдарланған парадигма
Көркем еңбек педагогін даярлау саласында пәндік, тұлғаға бағдарланған, кәсіпке бағдарланған, дуальды, контексттік, интегративтік оқыту теориясы мен практикасы, политехникалық, бағалау-рефлексивтік, инклюзивтік оқыту және бірыңғай оқыту технологиясы, ұлттық мәдениет контекстінде оқыту, т.с.с сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көркем еңбек мұғалімінің дизайндық ойлау негіздері
Дизайнерлік ойлауды қалыптастырудың теориялық негіздері, дизайнерлік ойлаудың тұжырымдамасы мен кезеңдері, дизайнерлік ойлауды жобалық оқытуда, оқытуда дараландыруда, арнайы пәндерді оқытуда, қазіргі мұғалімнің практикалық қызметінде қолдану, STEAM оқыту тәсілдері арқылы білім алушылардың дизайндық ойлауын дамыту қарастырылады. Дизайнерлік ойлауды қалыптастыру әдістемесі пәнаралық байланыс арқылы шығармашылық қабілеттер мен кәсіби білімдерді жетілдірумен сипатталады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем еңбек және сызуды оқыту ерекшеліктері
Көркем еңбек және сызу педагогін даярлаудың инновациялық технологиялары, шығармашылық іс-әрекет арқылы шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, кеңістіктікті көру түсініктерін қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер, ЦБР мен АКТ-ларды пайдалану және дифференциалды бағалау әдістері қарастырылады. Білім берудің жаңартылған педагогикалық негіздері, пәнаралық білімдері интеграциялау арқылы шығармашылық қабілеттері мен кәсіби білімдерін жетілдіру сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептегі оқыту стратегиялары
Оқыту стратегиялары, цифрлық және интерактивті технологиялар, бағалау әдістері, педагогикалық дизайн, инклюзивті және жекешелендірілген оқыту тәсілдері, оқу белсенділігін арттыру әдістері, сыни ойлау мен рефлексияны дамыту жолдары. Оқыту үдерісін ұйымдастыру, заманауи педагогикалық модельдерді қолдану, магистранттардың дербестігін дамыту арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады, аналитикалық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамытады. Курс арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің проблематикасын қарастырады және ғылымның тарихы мен теориясы туралы, ғылымның даму заңдылықтары мен ғылыми білімнің құрылымы туралы, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістері туралы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі, қоғамның дамуындағы ғылымның рөлі туралы білімді қалыптастырады, пәнаралық білімді біріктіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеу әдістері (ағылшын тілінде)
Пәнде ғылыми зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы, мақсаттар мен міндеттерді нақты әрі анық баяндау дағдылары, ғылыми зерттеу саласында кәсіби шет тілі құзыреттерін қалыптастыру қарастырылады. Педагогикалық зерттеудің ерекшеліктері және академиялық адалдық принциптерін сақтау мәселелері талданады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері: сандық және сапалық зерттеу түрлері талданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Көркем еңбек және сызуды оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
Көркем еңбек және сызуды оқытуда КТ-ның жетістіктерін қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері, электронды білім беру орталары, ЦБР түрлерін оқыту үдерісінде ұтымды қолдану жолдары, түрлі қолданбалы бағдарламасының мүмкіндіктерімен шетел тілін меңгерудегі рөлі қарастырылады. КТ-ны дзайнерлік және визуалды оқытуда қолдану дағдыларын меңгеру арқылы ақпараттық мәдениетін көрсету, пәндік білімдерін интеграциялау жолдарын жалғастыру сипатталады .
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем еңбек және сызуды оқытуда цифрлық білім ресурстарын пайдалану әдістері
Көркем еңбек және сызуды оқытуда КТ, электрондық білім беру орталары, жоба жұмыстарын орындауға қажетті қолданбалы бағдарламалар, оқытуға және кері байланыс орнатуға арналған веб-саймандар, ЦБР-ды іздеу, таңдау қолдану әдістері қарастырылады. Көркемдік - шығармашылық жұмыстарында, шетел тілін меңгеруде ЦБР-ды пайдалану әдістерінің мәнділігі, пәндік және пәнаралық білімдерін интеграциялау жолдарын жалғастыру сипатталады .
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Визуалды өнер семантикасы
Көркем еңбек және сызу педагогін даярлаудағы белгілер, символдар, менталды және визуалды бейнелер, визуалды композиция элементтері, әдістер: семантикалық кеңістікті құру; семантикалық-когнитивті белгілерді талдау; көру модальдығының қасиеттерін сипаттау, семантика-тілде мәндерді іздеу, олардың символдық мәндері қарастыралады. Ақпаратты визуализациялаудың әдіснамалық негіздерін, идеяны, қорытындылар мен проблема шешімдерін, эмоционалдық-құндылықтық тәжірибені, шығармашылық қабілетін практикада пайдалануы сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем еңбек және сызуды оқытудағы ғылыми зерттеу негіздері
Көркем еңбек және сызу педагогін даярлаудағы ғылыми ізденістің технологиясы, ғылыми ізденіс әрекеттері, оқу-тәрбие ізденістің органикалық элементі ретінде қарастыруды, зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі және зерттеу бағдарламасының мазмұндық құрылымы, математикалық өңдеу әдістері, зерттеудің проблемаларын шешу жолдары және нәтижелерін ресми түрде хабарлауды ұйымдастыру сипатталады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби табыстылық психологиясы
Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы, функциялары, деңгейлері мен мақсаттары сипатталады. Қарым-қатынас субъектілері мен олардың өзара әрекеті, жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас барысындағы қақтығыстар мен шиеленістерді оңтайлы шешу жолдарын, тайм менеджмент, келіссөздер мен іскерлік қарым-қатынас техникалары және жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас құрудағы этикалық принциптер мен нормалар мәселелері қамтылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Академиялық хат (ағылшын тілінде)
Пән ағылшын тіліндегі академиялық жазу дағдыларын, сыни ойлауды, ғылыми идеяларды құрылымдап жеткізуді дамыту, сондай-ақ ағылшын тіліндегі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздермен жұмыс істеу біліктері арқылы кәсіби шет тілін меңгеру құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Ерекше назар магистранттардың академиялық дискурс ерекшеліктерін ескере отырып кәсіби құзыреттерін дамытуға және жазбаша ғылыми тілін жетілдіруге аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Көркем еңбек және сызуды оқытудағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Көркем еңбек және сызу педагогін даярлаудың қазіргі қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны, ғылыми зерттеу іс-әрекеттерінің әдіснамалық негіздері, зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі, ғылыми проблемаларды зерттеу, ақпараттық-әдіснамалық мәдениеті, зерттеу логикасы, зерттеулердің теориялық және эмпирикалық деңгейлеріндегі әдістері жөнінде білімдері, зерттеудің проблемаларын шешу жолдары және нәтижелерін ресми түрде хабарлауды ұйымдастыру сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақпараттарды визуализациялау технологиясы
Көркем еңбек және сызу педагогін даярлауда ақпараттық материалды визуализациялау технологиясы, процестегі бейнені қабылдаудың жетекші рөлі, визуалды сауаттылықтың педагогикалық тұжырымдамасы, инфографиканы қолдану әдістемесі, визуализация принциптері қарастырылады. Ақпаратты визуализациялаудың әдіснамалық негіздерін, идеяны, қорытындылар мен проблема шешімдерін, эмоционалдық-құндылықтық тәжірибені, шығармашылық қабілетін практикада пайдалануы сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім беру дизайны және жасанды интеллект
Пән көркем еңбек және сызуды оқытуда болашақ педагогтің цифрлық-педагогикалық құзыреттілігін дамытуға бағытталады. Оқу процесін жобалау, адаптивті білім беру ортасын құру, визуалды-креативті цифрлық контент әзірлеу, жасанды интеллектті дидактикалық мақсатта қолдану мәселелері, теориялық-әдістемелік негіздерге сүйене отырып, педагогтің креативті және аналитикалық қабілеттерін дамыту қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогтың кәсіби мәдениеті
Педагогтың тұлғалық бейнесі, кәсіби мәдениетінің құрамды бөліктері, педагогтың әдеп және педагогтық қарым-қатынас, педагогтың шеберлігі, зияткерлігі, өзін-өзі, кәсіби тұлғалық дамуын басқаруы, педагогтың әлеуметтік-психологиялық бағыттары, контекстік оқытудың принциптері, педагогикалық центрациясы қарастырылады. Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде зерттеу жұмыстарын игеру және оқытуды одан әрі оқуды жалғастыру сипатталады .
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Көркем еңбек және сызуды оқыту үдерісін гуманизациялау
Көркем еңбек және сызуды оқыту жүйесіндегі оқу үдерісін гуманизациялауды ғылыми түсіну, мақсатты бағдарлар, принциптер, технологиялық негіздер, және көркем еңбекті оқыту жүйесінде кәсіби жағдайларда, оқу үдерісін гуманизациялаудың тиімділігіне қойылатын талаптар қарастырылады. Заманауи жағдаяттар – көркем еңбекті одан әрі жалғастырып оқу тәсіліне баулиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Білім алушылардың білім сапасын критериалды бағалау
Көркем еңбек және сызуды оқытуда алған білім сапасын критериалды бағалау жүйесі, білімдерді бақылау - бағалау нәтижелерін теориялық талдау әдістері қарастырылады. Білім беру ортасы субъектілерінің ұжымдық жұмыстары, бағалауға қатысты білімі, жаңартылған білім бағдарламасының басымдықтары мен үйлесімділік идеялары, қорытындылары, проблема шешімдері, оқуды одан әрі жалғастыру жолдары орта білім мазмұнын жаңарту негізінде сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Білім сапасын бағалаудың өлшемдік технологиялары
Көркем еңбек және сызуды оқытуда алған білімдерін бағалаудың өлшемдік тәсілі, сапалы білім алуға мүмкіндік беретін өлшемдерді құрастыру, оқу нәтижесіне бағытталған білім беру үдерісінің қатысушыларының бір-бірімен байланысқан бақылау-бағалау әрекеттерінің жүйесі қарастырылады. Бағалауға қатысты білімін, түсінігін шығармашылықпен қолдана отырып, кәсіби жағдайларда туындаған проблемаларды шешу мүмкіндіктері, пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Көркем еңбек және сызуды оқытудың интегративті тәсілдің теориясы мен практикасы
Көркем еңбек және сызуды оқытудағы - интегративті оқыту оппозициялардың әр түрлі түріндегі синтезі, олардың арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу, білім беру үдерісі субъектілерінің шығармашылық тұрғысында өзін-өзі дамытуы, интегративтік оқытуда кәсіби жағдайларда пайдалану, жетекші білім беру технологиялары қарастырылады. Көркем еңбекті оқыту теориясы мен практикасы оқуды жалғастырудың интегративті тәсілі ретінде сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Көркем еңбек және сызуды оқыту жүйесіндегі контекстік оқыту технологиясы
Көркем еңбек және сызуды оқыту жүйесіндегі контекстік оқыту технологиясының теориялық негіздері, бағыттарының мәнділік негіздемесі, білім алушының оқу-танымдық әрекетін интенсификациялау, контекстік оқытудың принциптері, түрлері, формалары және әдістері, оқыту технологиясының базалық санаты қарастырылады. Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде көркем еңбек және сызу педагогін даярлау саласындағы зерттеу жұмыстарын игеру сипатталады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
Профессии
Оқыту нәтижелері
- орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде, зерттеу идеяларын әзірлеу, қолдану кезінде көркем еңбек және сызу педагогін даярлау саласындағы зерттеу жұмыстарын игереді
- жаңартылған білім бағдарламасының басымдықтары мен оның үйлесімділік идеялары, қорытындылары мен проблема шешімдерін, көпшілік алдында нақты және тиянақты хабарлауды ұйымдастырады
- әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыруда ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсетеді
- барынша кең пәнаралық контексте стандартты емес жағдайларда өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдаланады;
- көркем еңбек және сызуды оқытудың негізгі парадигмаларын пайдалана, одан әрі оқуды жалғастыра және пәндік білімдерін интеграциялай біледі