Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01704 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қазақстан-Американдық еркін университеті

Пәндер

  • Жоғары мектептегі педагогикалық қызмет: теория, әдістеме, білім беру технологиялары

    Пән магистранттарда жоғары білім беру жүйесінде тиімді педагогикалық қызмет үшін қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Курс аясында жоғары мектеп педагогикасының теориялық негіздері, оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының тәжірибесінде қолданылатын білім беру технологиялары оқытылады. Білім алушылармен тиімді өзара іс-әрекеттестікке, олардың өзіндік және зерттеу қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ оқытушының педагогикалық стилі мен кәсіби мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен оның мәні

    Пән әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің құрылымы мен сипаттамалары туралы білімді хабарлайды, Жоғары білімнің ішкі және сыртқы ортасын интерпретациялау дағдыларын қалыптастырады, жоғары білімнің миссиясы мен мақсаттарын түсінуге ықпал етеді, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпал ету және сапасын қамтамасыз ету тұрғысынан жоғары білімнің қызмет етуін интерпретациялау дағдысын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты - білім алушыларда басқарушылық еңбек саласындағы кәсіби қызмет үшін қажетті білім кешенін және соған байланысты басқарушылық қатынастарды қалыптастыру болып табылады. Пән басқару негіздерін зерттеуді қамтиды және басқару шешімдерінің психологиялық мазмұны туралы білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары

    Пән аясында шетелдік және отандық тіл білімінде жаңа парадигмалық бағыттар мен олардың құрылымдық жүйедегі тіл білімі салаларынан ерекшеліктері және зерттеу нысандарының ерекшеліктері сараланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру менеджменті

    Пән білім беру ұйымдарын бизнес ретінде басқару мәселелерін қарастырады, білім беру қызметі саласының ерекше сипаттамаларын, басқару моделін, сапаны қамтамасыз етуді, білім беру саласындағы жобаларды әзірлеу мен басқаруды зерттейді. Академиялық ортада шешім қабылдау ерекшеліктерін түсінуді қалыптастырады, білім беру қызметін жоспарлау және мониторинг жүргізу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым философиясы мен тарихы

    Курс әртүрлі тарихи кезеңдерде (антикалық, орта ғасыр, ренессанс, жаңа және жаңа замандар, заманауи) ғылым философиясының дамуына байланысты маңызды мәселелерін баяндауға арналған. Жаратылыстану ғылымының негізі болып табылатын ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін тарихи қалыптасқан философиялық дәстүрлер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты - білім алушылардың шет тіліндегі кәсіби бағдарланған коммуникативтік құзыреттілігінің негіздерін қалыптастыру болып табылады. Пән кәсіби - іскерлік қарым-қатынастың типтік жағдайларында ағылшын тіліндегі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу дағдыларын дамытуға ықпал етеді; кәсіби мәтіндерді аннотациялау және рефераттау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Корпустық лингвистика

    Пән корпустық лингвистиканың негізі ұғымдарымен таныстыра отырып ,корпустық технологиялардың негіздерін меңгеруге, корпустармен жұмыс істеу жолдарымен, әдіс тәсілдерімен таныстырады, корпустық технологиялар негіздерін меңгеруге мүмкіндік жасайды және ақпараттық технологиялар қатарынан алатын орнын айқындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллектті қолдана отырып ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

    Пән магистранттарда заманауи технологияларды пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді тиімді жүргізу үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Бұл пәнді игеру ғылыми зерттеу әдіснамасын терең түсінуге, тақырыпты таңдау және тұжырымдау процестерін игеруге, жұмыс жоспарларын құруға, библиографиялық ізденіс жүргізуге, сондай-ақ мәтіндік және библиографиялық материалдарды дайындауға ықпал етеді. Ғылыми зерттеулерде жасанды интеллект әдістері мен алгоритмдерін қолдануға, деректерді талдауға және модельдеуге ерекше назар аударылады. Пәннің мақсаты - жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдана отырып, зерттеу қызметін сауатты ұйымдастыруға және кезең-кезеңімен жоспарлауға мүмкіндік беретін іскерлік пен дағдыларды дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәтін лингвистикасы

    Пән мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарын зерттеумен айналысатын мәтін лингвистикасы саласынан,оның нысанынан,өзіндік басты белгілерінен,тұлға-біліктерінен теориялық тұрғыда да, практикалық жағынан да жүйелі білім бере отырып, мәтінді құраушы тұлға-бірліктерді айқындайды, мәтіннің негізгі категорияларын сипаттап, әр түрлі тілдік бірліктердің мәтіндегі қолданымдық сипатын,қызметін анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары оқу орнында пәнді оқыту әдістемесі

    Білім берудегі жаңа тенденцияларды негізге алып, пәнді жоғарғы оқу орындарында оқытудың философиялық,педагигикалық,методологиялық негіздермен таныстыру. Пәннің дамуын әлеуметтік –қоғамдық талаптармен ұштастыра қарау.Осыған сай пәнді меңгертудің жаңа жүйесін зерттей отырып ,білім алушылардың маман ретінде кәсіби тұрғыдан жағдай тудыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм

    Қазақ әдебиетінде модернизм және постмодернизм ағымдарының ерекшелігіне, пайда болуы мен даму сипатына, қазіргі әдеби процестегі көрінісіне жан –жақты тоқталып, постмодернизм құрайтын интер,текстуалдылық,ойын,метапроза,пастиш т.б. секілді элементтерін талдау. Магистранттарды шетел әдебиетінің тарихына тән ХХ -ХХІ ғасырлар тоғысындағы Батыс және Шығыс әдебиеттеріндегі қазіргі заманғы үрдістермен таныстыру, әдебиеттанудың бүгінгі жетістіктеріне толық жауап беретіндей білім жүйесін беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Алтай тілдерінің тарихи-салыстырмалы грамматикасы

    Пән ана тіліміздің төркінін тану, сол арқылы тіліміздің даму жолын түсіне отырып, тіл арқылы ата -бабамыздың дүниетанымын бағамдап, мәдени мұрасын игеруге көмектесу арқылы алтай төркіндес тілдерді, туыстас түркі тілдерін салыстырмалы -тарихи әдіс арқылы оқып –білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тілдік тұлға және тілдік сана

    Бұл пәнде тіл жүйесіндегі бір-бірінен қызметі, құрылысы, орны жағынан дараланатын тұрақты тілдік элементтер қарастырылады. Тілдік тұлғаның негізгі қызметі, құрылымдық бөліктері туралы айтылады. Тілдік сана мен адамдық сана ұғымдарының байланысы айқындалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы инновациялық және заманауи компьютерлік технологиялар

    Пән студенттерді инновациялық технологиялар эволюциясының қазіргі кезеңімен және олардың білім беру үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерімен,ақпараттық технологияларды қолдана отырып, филологиялық міндеттерді шешу әдістері мен құралдарымен, шығармашылық ойлауды дамытуда инновациялық технологиялардың рөлімен таныстыруға арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтінге лингвоталдау

    Көркем мәтінге лингвоталдау пәнінің мақсаты-тіл біліміндегі тілдік бірліктердің талдаудың жолдары мен ғылыми негіздерін меңгеру. Көркем мәтінге лингвоталдауда қолданылатын және негізге алынатын басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы магистранттардың ой- өрісін кеңейту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Абайтанудың өзекті мәселелері

    Пән Абайтану тарихын зерттеудің өзекті мәселелерімен таныстырады, магистранттарға абайтану тарихының ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгертеді. Абай шығармашылығының ішкі табиғатының тарихына үңілу арқылы оларға ұлы ақын талантының көркемдік –эстетикалық мәнін жан-жақты игертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бөкейтану

    Пән білім алушыларға қазақ әдебиетінде алпысыншы жылдары өз өрнегімен ерекшеленіп келген жазушы Оралхан Бөкейдің жазу шеберлігі мен өнердегі ізденістерін, ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгертеді. Жазушы қаламымнан шыққан әңгіме, повестердің тылсымдылығы мен шынайы кейіпкерлерінің ішкі табиғатының тарихына үңілу арқылы суреткер талантының көркемдік –эстетикалық мәнін жан-жақты игертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Фольклор теориясы мен тарихы

    Пәнде қазақ фольклорының тарихы мен табиғаты, даму жолдары,жиналу, жариялануы, атақты фольклортанушы ғалымдар еңбектері, сондай-ақ фольклортану ғылымының өзекті мәселелері, қарастырылады. Қазақ фольклорының жанрлары, ерекшелігі туралы және шет елдегі қазақтар фольклоры мен ғалымдарының еңбектері туралы мәлімет алуға болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік лингвистика

    Пән тілдің функционалды жағын зерттей отырып,тілдік қоғамдық табиғатын, әлеуметтік қызметін,тіл болмысының қатынастық түрлерін (әдеби тіл,ауыз екі сөйлеу тілі,жергілікті диалектілер т.б.) тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлерін (жаргон,арго.кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия,пиджинделу,креолдену,мультилингвизм процестерін қарастырады.Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің өмір сүру формасынан туатын тілдік жағдайлар,тіл мен мәдениеттің байланысы,тіл саясаты жатады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвомәдениеттану

    «Лингвомәдениеттану» қазақ сөз мәдениетін теориялық пән ретінде тілдік қана емес,комуникативтік-прагматикалық,когнитивтік және лингвомәдениеттік этикалық, лингвоэкологиялық тұрғыдан қарастырудың концептуалдық негіздерін айқындайды.Пән аясында сөздің коммуникативтік сапаларын обьективті түрде анықтаудың және тілдік нормаларды кодификациялаудың теориялық негіздері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің тарихы

    Пән қазіргі қазақ тілінің барлық бөлімдерін қайталай отырып, дәстүрлі түрде сөздінегізгі нысан етіп, тілде болатын өзгерістерді, өтпелі құбылыстарды, жаңа, дамушы және ескірген құбылыстарды ашады. Жалпы қабылданған ғылыми интерпретацияда қазіргі қазақ тілі жүйесінің сипаттамасы беріледі. Пән болашақ филолог-мамандардың негізгі кәсіби құзіреттіліктерін анықтайтын нормативті пән болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Қазақ әдебиетінің кезеңділігінің ерекшелігін игеру және әдебиеттің жекелеген кезеңдерінің көркемдік және тарихи ерекшеліктерін білу, әдеби-көркем ағымдар мен бағыттарды, көркемдік байланыстардың сабақтастығын зерделеу, әдебиеттің тарихи ескерткіштерін талдау және дәстүр сабақтастығын, қазақ әдебиетіндегі шығармашылық жетістіктерді зерделеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шәкәрімтану

    Пән Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасын түгел қамти отырып, тәлімдік мәні бар шығармаларын терең оқытуға, ақын өмірі мен шығармашылығы және шәкәрімтану ғылымының жіктелу белсенділігін арттыруға, ұлттық және әлемдік мәдениет жүйесіне интеграцияланған шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдебиетіндегі ұлттық дүниетаным

    Бұл пәнде қазақ әдебиетіндегі ұлттық дүниетаным ерекшеліктері, қалыптасу, даму жолдары қарастырылады; көркем әдебиеттегі дүниетанымдық ұғымның көрінісі айтылады; көркем әдебиеттегі дәстүрлер мен дүниетанымның аражігін ажырату ерекшеленеді. Пәнді оқығаннан кейін көркем әдебиеттегі ұлттық дүниетанымды ғылыми талдау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Көркем шығармадағы психологизм

    Көркем шығармадағы психологизм ұғымы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырып,ол құбылыстың көркем әдебиет шығармаларында алатын орны мен құрылымдық, стильтүзушілік пішіндік қызметтерін айқындау, психологизмнің өнердегі «тектік» белгі екенін таныту. Психологизмнің ойлау типі,стильдік компонент ретіндегі мәнін анықтау, психологизімнің көркем шығарма құрылымындағы рөлін ашу, психологиялық талдау өнерін мәтін жүйесі бойынша зерттеу әдістерін үйрету болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Өзінің тұлғалық дамуына негіз болған әрі мүмкіндік берген, ғылыми зерттеулер жасау барысында идеяларды пайдалануға жол ашқан жоғары білім алу деңгейінде өз білімінің дамуы мен оны түсінуін көрсете алу.
  • Тілдік нормаларға сәйкес дұрыс грамматикалық формаларды қолдану және сөйлеуді синтаксистік құру дағдыларына сүйене отырып, сөйлеу тәсілін таңдауды жүзеге асыру, сөйлеу тәртібін жоспарлау, және күнделікті кәсіби қарым-қатынас жағдайларына қажетті ақпараттар, идеялар, проблемалар мен шешімдер туралы хабарлау.
  • Өзінің зерттейтін саласына байланысты неғұрлым күрделі (пәнаралық), жаңа немесе бейтаныс жағдаяттарда кездесетін проблемаларды түсінуі және оны шешу барысында өз білімін қолдана алу.
  • Толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып тұжырым жасау және қиындықтарды жеңе білу, білімді интеграциялау (кіріктіру).
  • Әдеби материалдарды құрайтын ұғымдар мен категорияларды саралау, білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, осы саладағы проблемаларды шешу.
  • Теориялық білімді практикада қолдана білудің, оқу ақпаратын іздеу, талдау және өңдеу тәсілдерін меңгеру бойынша икем, дағдыларын, тәсілдер мен дағдыларды дербес анықтау, жалпы оқу іскерліктерін, зерттелетін салада қосымша білім алуды жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қалыптастыру.
  • Жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық, рухани және мәдени құндылықтарын қалыптастыру, отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу мақсатында ақпаратты жинау және түсіндіру.
  • Кәсіби қарым-қатынас, экологиялық, дене, этикалық, құқықтық, ақпараттық, экономикалық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыруға, сондай- ақ кәсіби қызметте ары қарай білім алуды өзіндік жалғастыру үшін қажетті оқу дағдылары мен іскерлігін қалыптастыру.
  • Өзінің білімі мен тұжырымдарын маман және маман емес адамдарға негіздей алу, оны анық және нақты хабарлау.
  • Дағдыларды меңгеру: білім алушылардың зерттеу қабілеттерін диагностикалау; академиялық және кәсіби ортада коммуникация стратегиялары мен тетіктерін білуді көрсету.
  • Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу бойынша терең дағдыларды меңгеру; педагогикалық ғылымның өзекті мәселелерін шешуде ғылыми ізденіс пен эксперимент жүргізудің әдіснамасын игеру, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы; білім алушылардың ғылыми-зерттеу және ғылыми-шығармашылық қызметін, сондай-ақ олардың жарияланымдық белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану.
Top