Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01502 Физика в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

  • Механика

    Курсты оқу барысында болашақ мұғалімдер кинематика, динамика негіздерін, статика және гидростатиканы, сақталу заңдарын, тербелістер мен толқындарды және материалдық денелердің қозғалысын қарастырады. Олардың арасындағы өзара байланысты зерттеу жолын меңгереді. Олар сондай-ақ алынған теориялық білімге негізделген дағдыларын дамытады, бұл механикалық объектілердің қасиеттерін зерттеу мәселелерін шешу үшін физикалық модельдерді шығармашылықпен құруға және қолдануға мүмкіндік береді. Білім алушылар өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытады, соның ішінде механика есептерін шешуге қажетті алгоритмдерді және физикалық құрал-жабдықтардың жұмыс принципін үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жоғары математика

    Білім алушы математиканың негізгі ұғымдары, ережелері мен әдістерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы математиканың рөлін анықтайды; анықтамалар мен теоремаларға тұжырымдамалар жасайды; математиканың әртүрлі бөлімдерінің тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу дағдысы қалыптасады; алған білімдерін математиканың басқа салаларында пайдаланады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Молекулалық физика және термодинамика

    Курсты оқу барысында болашақ мұғалімдер молекулалық-кинетикалық теория және термодинамиканың негіздерімен танысады. Олар молекулалық физиканың негізгі модельдерін, идеалды және нақты газдардың модельдері мен заңдылықтарын, газ заңдарын, сұйықтар мен қатты денелер қаситеттерін сондай-ақ молекулалардың классикалық таралуын зерттейді. Олар сонымен қатар термодинамика әдістерін, негізгі термодинамикалық қатынастарды және термодинамика мен молекулалық физикадағы заманауи зерттеулерді меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физиканы оқытудағы сандық білім беру ресурстары

    Білім алушы компьютерлік модельдеу технологиясы мен əдістерін, жабдықталған жүйелерін талдайды, жобалау туралы жалпы түсінік қалыптастырады; компьютерлік модельдеуді практика жүзінде қолданады; негізгі физикалық құбылыстар мен олардың ерекшелігін сипаттайды; эксперимент жүргізуде және өлшеулер нәтижелерін өңдеуде кестедегі мәндерді график арқылы есептейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері

    Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары

    Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Электр және магнетизм

    Курс барысында білім алушылар электрлік, магниттік және электромагниттік құбылыстармен танысады. Электр және магнит өрістерінің табиғатына, электромагниттік өріске және электромагнетизмнің негізгі заңдарына заманауи ғылыми көзқарасты қалыптастырады. Электр және магнетизм мәселелерін шешуге қажетті алгоритмдерді, құралдарды және құрылғыларды зерттеуді, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Электр өлшеуіш құралдарының жұмыс істеу принциптерімен таныса отырып зертханалық жұмыстарды жасайды, негізгі теорияны пайдаланып есептер шығару барысында анализ жасап талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект

    Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Атомдық физика есептерін шығару әдістемесі

    Бұл курста кванттық физиканың есептерін шешуді үйретудің сипаттамалық ерекшеліктерін, дидактикалық және әдістемелік кезеңдерін; физикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; жеке тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді пайдаланады; есептердің шешімін табуда ақпараттық технологияны қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Физика есептерін шығару практикумы

    Бұл курс есептерді шешу арқылы физика курсын тереңірек зерттеуге, физикалық есептерді шешуде әдіснамалық білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Болашақ мұғалімдердің білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға және тұрақты бақылауға бағытталған; есептерді шешудің әртүрлі әдістерін (аналитикалық, графикалық, эксперименттік және т.б.) меңгереді. Курс барысында мектеп физика курсының есептерін талдап, шығару жолдары мен шешімдерін айқындайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары

    Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Оптика

    Білім алушыларды курс барысында геометриялық, толқындық оптика заңдарын меңгереді. Жарықтың шағылу, сыну, жұтылу, сәуле шығару заңдылықтарымен және оның материямен өзара әрекеттесуімен байланысты физикалық құбылыстармен танысады. Жарықтың бір-бірлерімен табиғатта әсерлесу құбылыстарын қарастырады және зерттеулерде алған білімдерін қолданады; күрделі мәселелерді талдауға қажетті шешім таба білуге дағдыланады, оптикалық құралдардың жұмыс істеу принциптерімен таныса отырып зертханалық жұмыстарды жасайды, негізгі теорияны пайдаланып есептер шығару барысында анализ жасап талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    «Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні тірі ағзалар мен экожүйелердің ұйымдасу деңгейлері мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын, олардың тұрақтылығын, биосфера құрамдастарының өзара әрекеттесуін және табиғатты пайдаланудың артуы жағдайындағы адам әрекетінің экологиялық салдарын қарастырады. Пәнде әлем елдерінде және Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық мақсаттары қаралады. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, тәуекелдер мен төтенше жағдайлар, оларды талдау мен басқару жолдары зерттеледі. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, діни, саяси және экономикалық тұрақсыздық факторлары, күнделікті өмірдегі қауіптер, сондай-ақ қауіпсіздік мекемелерінің қызметі мен оны құқықтық реттеу мәселелері қамтылады. Пән студенттерге экологиялық ойлау, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жаһандық тұрақты даму мақсаттарына сай әрекет ету қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық

    Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп физика курсындағы демонстрациялық эксперименттер

    Білім алушы мектептегі физика курсындағы демонстрациялық эксперименттерінің негізгі түсініктерін сипаттайды; білім жүйесіндегі қазіргі заманғы физикалық рөлін анықтайды; физикалық шамаларды және олардың математикалық өрнектері мен өлшем бірліктерін анықтайды; демонстрациялық эксперимент жүргізудің және өлшеулер нәтижелерін өңдеудің кең таралған әдістерін қолданады; орта мектеп физика курсы бойынша демонстрациялық тәжірибелерді салыстырады; арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Сапалық, сандық, аралас зерттеу әдістері. Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физиканың цифрлық зертханалары

    Бұл курста физикалық экспериментің негізгі мақсатын айқындайды; механика және молекулалық физика бөлімдерінің зертханалық жұмыстарын таңдап, дайындап нәтижесі бойынша оқу жобалау жұмыстарын жасауда цифрлық құралдар қолданылады; электродинамика бөліміндегі цифрлық микросхемалармен танысады; оптика және астрономия бөлімдері бойынша жоба жасайды; арнайы цифрлық құрылғылардың көмегімен зертханалық жұмыс жасайды; студенттерді зерттеу жұмыстарын жасауға қабілетті болуға бағыттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп физика курсы

    Курсты оқу барысында мектепте оқытылатын физикалық идеяларды сипаттайды, физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізеді; нақты практикалық міндеттерді шешу үшін алынған теориялық базаны қолданады; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ғылыми әдебиеттермен сауатты жұмыс жасайды; алынған нәтижелерді өңдеп саралайды; студентердің абстрактілі ойлау қабілеті және абстрактілі ұғымдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кванттық физика және физика тарихы мен заманауи жетістіктері

    Курсты оқу барысында микрообъектілер заңдылықтарын терең түсінуде материалистік позициядан кванттық процестерді интерпретациялау қабілетін қалыптастырады; кванттық физиканың математикалық аппаратын қолданады; теориялық физиканың бастапқы ұғымдары мен принциптерін сипаттайды; заманауи, тарихи жетістіктері мен деректерін жинайды, сыни тұрғыда ойларын толықтырады; студентердің абстрактілі ойлау қабілеті және абстрактілі ұғымдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физиканы оқыту әдістемесі

    Білім алушы мектеп физика курсының жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, физиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қарастырады; физиканы оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктерін ажыратады; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес физикадан сабақты жоспарлай алады; оқушының үйлесімді қолайлы білім беру алаңың құра отырып, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады; заманауи сандық білім беру технологияларын, физикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады; сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, қалыптастырушы және жиынтық бағалау құралдарын (критерий, дискриптор, рубрикатор) қолданады;

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагогикалық зерттеулер және инновация

    Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Атом ядросы және элементар бөлшектер теориясы

    Білім алушылар физикадағы элементар бөлшектер теориясының қазіргі заманғы зерттеу әдістерін және атом, атом ядросының құрылысы, радиоактивтілік, элементар бөлшектер қасиеттерін меңгереді, атомдық және кванттық физиканың негізгі принциптерін, заңдылықтарының логикалық мазмұнын ажыратады; математикалық өрнектермен анықтап, негізгі құбылыстарды сипаттайды; қазіргі заманғы теориясының эксперименттік негіздерін, теорияның салдарын және практикалық қолдануларын түсіндіреді; тапсырмалар орындау барысында әдістердің ерекшелігін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті практикалық мәселерді меңгереді; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады. Заманауи физика заңдарын, нанотехнология және наноматериалдармен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бағалау және дамыту

    Мақсаты: оқу процесінде бағалаудың маңыздылығын түсіну және оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық тұрғыдан сындарлы бағалауды қамтамасыз ету және бағалауға қатысты түсініктер мен тәжірибелерді сыни тұрғыдан бағалау және талдау мүмкіндігі Студенттер, мүмкін: • бағалау мен кері байланыстың әртүрлі әдістерін жақсы түсіну (мысалы, қалыптастырушы және қорытынды бағалау) • оқушылардың білім беру құзыреттілік деңгейлерін анықтау және тану бойынша педагогикалық принциптерді қолдану

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім берудегі инновациялық технологиялар

    Бұл курста кейс, WEB, коммуникациялық, ақпараттық, интерактивтік әдіс, мультимедия, телекоммуникация немесе электронды оқыту және жасанды интелект оқыту технологияларын қарастырады; оқу процесіне және сабақ түріне байланысты жан-жақты оқыту технологиялары бойынша сипаттайды; оқу процесіндегі негізгі инновациялық технологияларды меңгереді; педагогикалық шеберлік нәтижесінде оқытуда сандық ресурстарды пайдаланады; сандық ресурстарды және жасанды интелектті технологияларды қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектептегі физикалық эксперименттің әдістемесі мен техникасы

    Бұл курста мектеп физика курсы бойынша жасалатын эксприменттердің әдістемесі мен техникасының негізгі мақсат, міндеттері айқындалады, Физикадан демонстрациялық эксперименттік жұмыстарды сипаттайды, зертханалық жұмыстарды жасайды, оқу үрдісінде демонстарциялық құралдардың қолданылуын біледі, мектептегі физиканың құрал - жабдықтарымен жұмыс істейді және арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап, салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады, студенттерді жаңашылдыққа қабілетті болуға бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қарапайым бөлшектер физикасы

    Курсты оқу барысында электрондық күшті және әлсіз әсерлесулерді ажыратады; қарапайым бөлшектердің классификациясын анықтайды; физикалық идеяларды сипаттайды; теориялық заңдылықтарды зерттеу барысында саралайды; физикалық есептерді талдайды; Анти-бөлшектер жайлы ұғымды қалаптастырады; білімнің басқа салаларымен есептерді шешу үшін физиканың жалпы заңдарын қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Космология мәселелері

    Бұл курста ғаламның біртұтастығын қарастыратын және астрономиялық бақылаулар арқылы танылған бөлім космологияны қарастырады. Ғаламның құрылымы, шығу тегі және эволюциясы туралы негізгі сұрақтарды қамтиды. Үлкен жарылыс, қараңғы материя және энергетика, популяция мен ғарыштық құрылымдардың қалыптасуы туралы теориялар қарастырылады. Білім алушылар космологияның өзекті зерттеулері мен философиялық аспектілерін зерттеп, біздің ғаламдағы орнымызды түсінуді кеңейтеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беруде физиканы оқыту әдістемесі

    Білім алушы инклюзивті білім беру мәселесінің теориялық аспектілерін, педагогикалық үдерістің жалпы әдіснамасын туындайтын әдістерін, мазмұнын сипаттайды, оқытудың әзірленген әдістері мен тәсілдерін қолдану кезіндегі жоспарланған нәтижелері қалыптасады; инклюзивті білім беру жағдайында физиканы оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктерін пайдаланады; қазіргі кездегі физиканы оқыту тұжырымдамасын, терминдерін, физикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Астрономия

    Курсты оқу барысында болашақ мұғалімдер Жер және ғарыш; астрофизика элементтері, Астрономия негіздері, жұлдызды аспан, аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі, әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары, Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен танысады, меңгереді. Күн жүйесінің құрылымы және онда болып жатқан құбылыстар, Галактиканың, ғаламның құрылымы туралы, астрофизика және астрономиялық зерттеу әдістері туралы алғашқы ақпаратты зерттейді. Болашақ мұғалімдер Ғалам туралы идеялардың даму тарихымен де танысады. Олар Ғаламның құрылымы мен астрономияның даму тарихы туралы қазіргі ғылыми түсініктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Радиоэлектроника және интегралды микросхемалар

    Білім алушы электр тізбектеріндегі тұрақты және өтпелі процестерді есептеудің негізгі әдістері, олардың күшейткіштер, түзеткіштер, тұрақтандырғыштар, триггерлер және басқа құрылғыларды қоса алғанда электронды тізбектерге қолданылуы, микропроцессорлық жүйелерді қарастырылады. Жартылай өткізгіш элементтердің қасиеттері мен сипаттамалары салыстыра алады: диодтар, биполярлық және өрісті транзисторлар, тиристорлар, операциялық күшейткіштер, қарапайым логикалық элементтерді. алынған нәтижелерді өңдеп схемаларды жинақтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістемесі және академиялық жазу

    Білім алушы физика, білім саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаттарын, мазмұнының ерекшеліктерін, кіріспе мен қорытынды гипотезасын тұжырымдайды; зерттеудің жалпы әдістері жөніндегі ұғымдарды сипаттайды; жеке қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізеді; академиялық хаттың негізгі белгілері: жоба жұмысының мазмұндық құрылымын, кесте толтыруға, график тұрғызуға, физикалық есептерді кеңістікте кескіндеуге, ғылыми мақалалар, аннотациялар, рефераттар, рецензиялар, эсселер жазуға машықтанады; ғылыми жұмыстарды көпшілік алдында талқылау дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физика сабақтарындағы функционалдық сауаттылық

    Бұл курста білім алушылардың функционалдық сауаттылығы және көшбасшылық қабілеті артады; әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласу, жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыру, белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру дағдысы қалыптасады; топтен жұмыс істеуге құзіретті болады; білім білік дағды деңгейлері көтеріледі; өз ойын еркін айтып, дәлелдеп жеткізуге төселеді; өмірдегі жағдайлар мен құбылыстарға деген көзқарастары өзгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Робототехника негіздері

    Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер робототехниканың даму тарихы мен қазіргі уақыттағы қолданылу салаларын оқып үйренеді. Сонымен қатар LEGO EV3 Mindstorms NXT, ALPHA1 PRO платформаларында түрлі конструкциялар құрастырады, Alpha1 Pro бағдарламалау, Mblock және басқа робототехника бағдарламалау жабдықтарымен жұмыс жасайды. Графикалық бағдарламалау өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерін зертханалық сабақтарда сипаттап есептеулер жүргізеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Теориялық физика курсынан есептер шығару әдістері

    Курста теориялық физиканың негізгі әдістері арқылы методологиялық жалпылау тәсілдеріндегі физикалық ұғымдар мен принциптерінің сипаттамаларын талдайды және оларды қазіргі заманғы ғылыммен және техникамен байланыстырады; нақты есептерді шешу үшін физикалық заңдарын қолданады және зерттеу нәтижелерін әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді жүйелейді; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • STEM-білім

    Бұл курс барысында білім алушының жай механизмдерден бастап күрделі механизмдерді құрастыра алу дағдысы қалыптасады, STEM технологиясын тәжірибеде қолданады; робот техникасын модельдеу барысында қозғалыс теректориясын анықтайды; зертханалық жұмыстарда жаңа механизмдер құрастырады, механизм қозғалысын реттейді; ғылыми зерттеулерде: жоба әдісін, 3D – жобалау әдісін, жел энергетикасын қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Физикадан олимпиадалық есептер шығару практикумы

    Білім алушы әртүрлі деңгейдегі физикалық есептердің түрлерін сипаттайды; есептерді шешудің мазмұнын анықтайды; олимпиадалық және ғылыми зерттеу есептерін қарастырылады; стандартты емес олимпиада есептерін шешуге классикалық идеяларды дұрыс ажыратады; күрделі есептерді шешуге дидактикалық және дамытушылық қызметін жүзеге асырады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Білім мен дағдыларды бағалау практикумы

    Бұл курстың мақсаты педагогикалық құзыреттіліктің келесі салаларын арттыру болып табылады: педагогикалық тест сұрақтарымен жұмыс істеу арқылы кәсіби даярлығын арттырады. Білім алушылар бұл пәнді оқу барысында білім мен дағдыларды бағалау әдістерін меңгереді; тест тапсыру арқылы педагог мәртебесін алуға дайындалады; оқушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауды қамтамасыз етуге қажетті дағдыларды қалыптастырады; кәсіби маман ретінде оқу процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Теориялық физика негіздері

    Білім алушы классикалық және кванттық механиканың, арнайы салыстырмалы теорияның, электродинамиканың, термодинамиканың және статикалық физиканың негізгі заңдылықтарын меңгереді; теориялық білімдерін пайдалана отырып, оларды тәжірибе жүзінде дәлелдейді; алған білімдерінің нәтижесінде теориялық физиканың негізгі заңдарын қалыптастырады; Физикалық заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін, табиғат пен техникадағы құбылыстар мен процестердің физикалық мәнін, салыстырмалылық негіздерін, кеңістік – уақыт өлшемі туралы білімді арттырады; қазіргі математика мен физиканың проблемалары мен жетістіктеріне қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Жалпы және теориялық физика заңдылықтарын, аспан денелерінің табиғатын біледі, құбылыстар мен процестерді талдай алады;
  • Физика курсының зертханалық жұмыстарын жасайды, физика есептерін шығарады, есептеу нәтижесін талдап, жоғары математикалық есептеулер жүргізу дағдыларына ие болады;
  • Инновациялық технологиялар, инклюзивті білім беру мен бағалаудың өлшемдері, физиканы оқыту әдістемесінен игерген білімдерін кәсіби саласында қолданады;
  • Оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамаларын, білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теорияларын меңгереді;
  • қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыру, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын тұрақты дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты пайдалану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы білімдерін көрсетеді;
  • Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану, компьютерлік модельдеу дағдыларын, ғылыми зерттеуде сауаттылығын, логикасын, көшбасшылық қаблетін көрсетеді;
  • Білім алушының жетістігін саралап, педагогикалық зерттеу және инновациялық технологиялар әдістерін ажыратады;
  • Кәсіби білім саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, оқушылардың ғылыми жобаларын жазу және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамытады;
  • Жасанды интеллект пен нейрондық желілердің негіздерін, деректерді талдау және геймификацияны қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді;
Top