6B01405 Көркем еңбек,графика және жобалау в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Көркемдік білім саласында жоғары кәсіптендірілген, білікті, педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жаңа формациядағы кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Визуалды өнер 1 (Кескіндеме)
Бұл курста кескіндеме өнерінің техникасы мен технологиясы және аралас техниканың көмегімен түрлі шығармаларды салады. Реалистік кескіндеме міндеттерін, түс табиғатын, ахроматикалық, хроматикалық түстерді, негізгі қосымша түстермен жұмыс жасайды. Гуашь және акварель бояуларының техникасын меңгереді. Образдық бейнелеуде түстік гаммаларды, колориттерді көрсетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 19
-
Визуалды өнер 1 (Сурет)
Білім алушы сызықтық және әуе перспектива заңдылықтары мен сурет салудың ережелерін меңгереді. Перспективаның теориялық-практикалық аспектілерін зерттейді. Қарапайым геометриялық формалар: шар, куб, цилиндр, призма, конус т.б. геометриялық формалардан құралған натюрморттарды суреттейді. Эстетикалық талғаммен практикалық дағдыларды қалыптастыруға, бейненің теориялық практикасын игеруге, композициялық-шығармашылық қызметтін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 18
-
Визуалды өнер тарихы мен теориясы
Білім алушы болашақта көркем шығарманы толық мәнді қабылдай алады. Антикалық, классикалық, жаңа кезең өнері тарихының теориялық негіздерімен тереңірек танысады. Визуалды өнердің пайда болу теориясын меңгереді. Суретші-педагог, өнертанушы маман болып қалыптасады. Визуалды өнер тарихының дамуының жалпы заңдылықтарымен танысады. Әр кезең суретшілерінің шығармашылық жұмыстарын сыни тұрғыда талдайды, бағалайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жаңа кезең өнері
Білім алушы жаңа кезең өнері: XVII-XXI ғғ. Батыс Еуропа өнері (реализм, классицизм, барокко, академизм, романтизм, импрессионизм, постимпрессионизм) және XXI ғасыр өнеріндегі жаңа ағымдар мен танысады. XVIII-XX ғасыр басындағы өнер орыс өнері: XVIII-XX ғасырдағы Нарышкин бароккосымен Портрет жанрының гүлденуін саралайды. Академизм және романтизм, Критикалық реализм, Жаңа кезеңнің көркем мәдениет өнерін сараптайды. Жаңа бағытта дамыған мүсін, сәулет, сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет стилдерін талдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инженерлік графика және жобалау
Бұл курста тұрмыстық заттар мен машиналардың графикалық жобалауын үйретеді. Графика негізінде ойлау қабілетін дамытып, заттардың бөлшектерін дұрыс елестете және жобалау арқылы құрай алуға өмір тәжірибесінде қолдана білуге дағдыланады. Графикалық жобалауды өз бетімен оқи алуға, жобалауға, талдауға өмір тәжірибесінде қолдана білуге үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Графика және жобалау негіздері
Білім алушы графикалық білімнің негізгі мәліметтерін, сызбаның даму теориясын, графикалық бейнелер тарихын зерттейді. Мектепте графика және жобалау пәнін оқыту, заттардың суреттерін, машина жасау, өндіріс пен құрылыс, сызбаларын орындау, оқу, бөлшектер эскиздерін түсіру және оларды өлшеу, әр түрлі салаларын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақстанның визуалды өнерінің тарихы мен теориясы
Білім алушы Қазақстан бейнелеу өнерінің ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі өнерімен танысады. Өнердің негізгі түрлерінің дамуының негізгі тенденциялары, себептері мен перспективалары және олардың жалпы мәдениетпен өзара байланысы қарастырылады. Қазақ тұрмысының эстетикасы, киіз үйдің семантикасы, ою-өрнектік өнер, түстің символикасы, көркем-өнер мектептерінің қалыптасуы, постмодернизмнің жаңа технологияларымен талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект
Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақстанның көркем мәдениеті
Білім алушы Қазақстан бейнелеу өнерінің ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі өнерімен танысады. Өнердің негізгі түрлерінің дамуының негізгі тенденциялары, себептері мен перспективалары және олардың жалпы мәдениетпен өзара байланысы қарастырылады. Қазақ тұрмысының эстетикасы, киіз үйдің семантикасы, ою-өрнектік өнер, түстің символикасы, көркем-өнер мектептерінің қалыптасуы, постмодернизмнің жаңа технологияларымен талданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Графика және жобалауды оқыту әдістемесі
Бұл курста графикалық білім, икемділік пен дағдылар қалыптасады. Графика және жобалауды оқыту әдістемесі арқылы студенттердің біліктілігін арттырады, материалдарды өңдеу шеберлігіне дағдыландырады, көрнекі кескіндерді қағазда орындап оқушыларға үйретеді. АКТ, білім берудің озық технологиясы модульдері, өзінің білім және шығармашылық қызметінде озық әдістемелермен зерттейді. Кәсіби мәдениеттің негіздерін меңгереді. Оқу – әдістемелік әдебиеттерді саралайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Курс тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық сауаттылықты дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздік негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер адамның қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда іс-әрекеттерді жүзеге асырады және экологиялық құзыреттілікті дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады. Сонымен қатар, студенттер табиғатты қорғау мен табиғатты пайдаланудың экологиялық принциптерін қисынды түрде анықтайды, қоршаған ортаның ластануына зерттеу жүргізеді, экожүйенің бір бөлігі ретіндегі адамның рөлін сипаттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заманауи дизайн
Білім алушы жасанды интеллект жұмысының алгоритмдері мен жобалаудың теориялық негіздерін үйренеді. Оқу процесінде тұжырымдаманы жүргізудің әдістемелік негіздерін меңгереді: сызу, жоба, пішін, модель, жобалау құжаттамасымен жұмыс және дизайн және бейнелеу өнері саласындағы жасанды интеллектпен жұмыс істеу әдістері. Заманауи дизайн түрлерін зерттейді. Жобаларды жобалауға жасанды интеллект енгізеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Сапалық, сандық, аралас зерттеу әдістері. Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Табиғи материалдардан мүсін жасау
Білі алушы көркем еңбек пәні мұғалімінің практикасында табиғи материалдар туралы білімі (саз балшық, қыш, ағаш, темір) және мүсіндеу технологиясын меңгереді. Табиғи материалдардан барельеф, рельеф, горельеф, геометриялық денелер натюрморт, портрет, пластикалық анатомия, моделді ескерткіштерді (плита, өскінді оюлар) орындайды. Табиғи материалдардан антикалық мүсіндердің көшірмесін жапсырмалайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дизайн және технология
Білім алушы дизайн және технология негіздерінің даму тарихына шолу жасайды. Дизайндағы форма мен композициясы, стиль ұғымы және жобалау қызметінің түрін, тігін бұйымдарының жіктелімі мен киімді макеттеуін, бұйымды безендіру дизайнның кешенді түрде ұйымдастырады. Эскиздер жасайды. Тігін бұйымдарының құрастыру технологияларын және тігін машиналарымен жұмыс жасауды біледі. Модельдің жеке бөліктерін дайындау, құрастыру, безендіру және құрылымдық материалдармен жұмыс жасай біледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мүсін
Білім алушы мүсін өнерінің материалдарымен танысып, технологиясын үйренеді. Мүсін өнерінің түрлерімен танысады, мүсіндейді.Антикалық бастың гипстік үлгілерін мүсіндейді. Күрделі көркем шығармаларды кесу, жапсыру, құю бедерлеу және басқа да жолдарымен құрастыратын өнерді меңгереді. Мүсін шығармаларын қыштан, балауыздан, тастан, темірден, сүйектен ағаштан және басқа да материалдардан жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулер және инновация
Болашақ мұғалімдер зерттеулерге негізделген жаңа білім алады, мұғалімнің білімі мен кәсібін жетілдіру мақсатында оқытудың инновациялық тәсілдерін игереді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен басқарудың әртүрлі салаларында этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Мұнда инновациялық тәсілдер ұғымы жаңашыл, тиімді және шығармашылық негіздегі әдістер мен технологияларды оқыту процесіне енгізу арқылы білім беру жүйесін заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдерді білдіреді. Бұл ұғым оқытудың дәстүрлі модельдерінен ерекшеленіп, тәжірибеге негізделген, эксперименттік және сындарлы ойлау әдістерін қолдану арқылы педагогикалық ортада өзгерістер мен жаңалықтарды енгізуді көздейді. Курс студенттерді мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды құралы ретінде педагогикалық зерттеулердің негіздерімен таныстырады. Оған педагогикалық зерттеудің негізгі әдістері – сандық, сапалық және аралас тәсілдер, сонымен қатар білім беру саласындағы ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері (мәселені тұжырымдаудан нәтижелерді талдауға дейін) кіреді. Сонымен қатар, курс заманауи зерттеу тәсілдеріне (Lesson study, Action research, Case study, Mixed methods research) назар аударады. Ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдауға, зерттеу сұрақтарын нақты тұжырымдауға, деректерді жинау мен талдау үшін ең қолайлы әдістерді таңдауға, сондай-ақ зерттеу қызметіндегі этикалық принциптерді сақтауға ерекше мән беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
Білім алушы көркем еңбек пәнін мектепте оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттерін талдайды. Қазіргі дидактиканың негізгі принциптерін мектеп үйірмесінде, студияда, көркем еңбек пәнін оқытуда қарастырады. Көркем оқыту психологиясының жалпы мәселелерін зерттейді. Әдістемені педагогикамен, психологиямен және мектепте көркем еңбекті оқыту әдістемесін оқытудың тәжірибелік қызметімен тығыз байланысты ғылыми пән ретінде қарастырады. Көркем еңбек пәнінің үлгілік бағдарламасы және оқулықтарымен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағалау және дамыту
Бұл курс педагогтік құзыреттіліктің келесі салаларын дамытуға бағытталған: • Педагогика мен дидактика саласындағы құзыреттіліктер (2) Болашақ мұғалімдер оқу үдерісінде бағалаудың мәнін терең түсінеді және оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық түрде конструктивті бағалауды қамтамасыз ете алады және білім алушыларды бағалауға тарта алады. Болашақ мұғалімдер бағалаудың әртүрлі технологияларын, принциптерін, кезеңдерін, өз білім саласын бағалау құралдарын (қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды және т.б. қоса алғанда) анықтайды, саралайды және пайдаланады. Олар бағалауға қатысты өздерінің түсініктері мен тәжірибелерін сыни тұрғыдан бағалауға, талдауға және оларды әрі қарай дамытуға қабілетті.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шеберхана таңдау
Білім алушы арнайы пәндерді тереңдетіп оқытуға таңдап алынған технология бойынша қасиеттерін зерттеу және сәндік мүмкіндіктер материалдарын өңдеуге, практикалық жұмыстар мен дипломдық жұмыс орындалатын шеберханалар жұмысын меңгереді. Тігін машиналары, станокпен ағаш өңдеу, металл және тоқыма материалдарын көркем өңдей білу, қолдану және қауіпсіздік ережесін біледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Матаға сурет салу
Білім алушы матаға сурет салудың түрлері мен жібек матаның негізгі түрлерін – әшекейлейді. Ыстық, суық батик, түйінді батик, кракле техникасы, еркін сурет салу, құрғақ сурет салу, сурет салудың аралас түрін меңгереді. Матаға сурет салу тәсілдері, техникалық шеберлік тізімдемесі, суық және ыстық батикте композициялық шешім табуды үйренеді. Композиция құрудағы негізгі техниканы қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркемдік білімді оқытудағы цифрлық білім беру ресурстары
Білім алушы цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың маңызын, әдістемелік ерекшеліктерінің сипаттамасын, мазмұны мен құрылымын талдайды. Электронды оқыту жүйесі, электронды оқулық, ақпараттық технология, мультимедиялық проектор арқылы даярланған цифрлық обьектілерді демонстрациялау, интерактивті моделдерді қолдану, цифрлық білім ресурстарымен жеке зерттеушілік пен шығармашылық жұмыстарды орындай алады. Цифрлық ресурстарды игере отырып білім беру платформаларын әзірлеуді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Композициялық сурет
Білім алушыны әртүрлі материалдармен жұмыс істеуге үйретеді. Тұтас көру, қабылдау және тұтас жазу үлгісін қалыптастырады. Образды ойлау, елестету дәстүріне үйретеді. Кескіндеме және композиция заңдылықтарымен танысады. Интерьердегі адам бейнесін бейнелеуді, тақырыптық суреттер композициясын құрастыруды біледі. Композицияда түстік колоритті сауатты шеше білуге машықтандырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Құрал жабдықтардың технологиясы
Білім алушы оқу шеберханасындағы ағаш жонатын, темір өңдейтін станоктардың нұсқаулығымен және үй шаруашылығында қолданылатын тұрмыстық техниканың қауіпсіздігі ережелерімен танысады. Табиғи материалдардан түрлі шығармашылық жұмыстар жасауды үйренеді. Құрал жабдықтар технологиясының жұмыс істеу қызметін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Үй мәдениеті, тамақ мәдениеті
Білім алушы үй мәдениетін құрастырушы негіздерін, оны жасату және тәрбиелеу жолдарын анықтайды. Дұрыс тамақтану мәдениетін, өнімді дұрыс таңдау және оны дұрыс әзірлеу мәдениетін меңгереді. Алынған білім студенттерге кәсіби жұмыс мүмкіндігін кеңейтуге, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға ұқыпты қарау ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қол өнері негіздері
Білім алушы сәндік-қолданбалы және халық өнерінің негізгі ұғымдарын, ою-өрнек өнерінің теориясы мен тарихын, табиғи (өнеркәсіптік) материалдардың ерекшеліктерін, оларды халық және сәндік-қолданбалы өнерде көркем өңдеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Қазақстанның ең танымал көркем кәсіпшілігінің даму тарихы мен өзіндік ерекшеліктерін зерттейді. Қолөнер негіздерінде сәндік композицияның бейнелерін қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Визуалды өнер 2 (Кескіндеме)
Білімгер үйлесімді түс қатынастарындағы тірі модельдің дұрыс пропорцияларын табу және салыну ерекшеліктерін қарастырады. Түрлі көркем материалдармен жұмыс істеу әдістемесі, техникасы және технологиясы бойынша кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, станокты кескіндеме техникаларының кең спектрін игеруге, түстерді қабылдаудың негізгі заңдылықтарын, оның қасиеттерін зерттеуге бағытталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тоқыма материалдарын көркемдеп өңдеу
Бұл курста кілем, алаша, гобелен, басқұр тоқу өнерінің түрлерімен танысады. Кілемнің түрлеріне эскиздер салады. Тоқыма материалдарын көркемдеп тоқуды меңгереді. Түкті және түксіз кілем тоқу өнері негіздерімен және тоқымашылықтың өру түрлерін үйренеді. Суретті кілемдер үшін қазақтың ұлттық ою өнерінен композициялық суреттер құрастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дипломдық жұмысының орындалуы
Білім алушы дипломдық жұмыстың орындалу барысында зерттеу элементтері бар күрделі кешенді міндеттерді шешу, теориялық білім мен практикалық дағдыларды жүйелеп кеңейту және жұмыс істеуге қабілеттілік деңгейін анықтайды. - теориялық білімін, практикалық дағдысын нақты практикалық міндеттерді шешуде қолданады. - мәселелер мен сұрақтарды шешу барысында өз бетінше жұмыс жасаудағы біліктілігін дамыту және зерттеу әдісі мен экспериментін игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тоқыма пластикасы
Білім алушы тоқыма пластикасында қолданылатын шикізаттардың мүмкіндіктерімен ерекшеліктерінің қасиеттерін анықтайды. Әртүрлі материалдар және жіптермен суретті кілем, гобелен, алаша, басқұр тоқу пластикасы техникасының негізін меңгереді. Әртүрлі тоқыма пластикасы мен технологиясын біледі. Кесте тігу техникасы мен биссерден әртүрлі бұйымдар тоқу техникасын үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сәндік қолданбалы өнер
Білім алушы сәндік қолданбалы өнер негіздерін оқу, көркем өнімдер жасау тәсілдері мен түрлі материалдардан өнімдер жасайды. Көрнекі қол өнерін, халықтың кәсіп туралы өнерін талдайды. Қолөнер заңдылығын және ою құрылымының құралдарын, құрылымдарды құрастыру принциптерін меңгереді. Стилді бейнелерді қолданумен көрнекі құрылымдардың сызбаларын құрастыру дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Визуалды өнер 2 (Сурет)
Білім алушы сызықтық және әуе перспектива заңдылықтары мен сурет салудың ережелерін меңгереді. Перспективаның теориялық-практикалық аспектілерін зерттейді. Қарапайым геометриялық формалар: шар, куб, цилиндр, призма, конус т.б. геометриялық формалардан құралған натюрморттарды суреттейді. Эстетикалық талғаммен практикалық дағдыларды қалыптастыруға, бейненің теориялық практикасын игеруге, композициялық-шығармашылық қызметтін дамытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Білім мен дағдыларды бағалау практикумы
Болашақ педагогтерге өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау әдістері де практикумда қарастырылады. Бұл әдістер білім алушылардың жауапкершілігін арттырады. Сонымен бірге, рефлексия жасау қабілетін дамытады.Практикум барысында нақты сабақ жоспарларына бағалау құралдарын енгізуді үйренеді. Бағалау құралдарын (тест, бақылау жұмысы, портфолио, рубрика және т.б.) әзірлеу дағдыларын қалыптастыру;Мұндай жұмыс кәсіби дағдылардың қалыптасуына әсер етеді. Білім алушы нақты кейстерді зерттейді, жұмыстары талданады. Педагогикалық ситуациялар арқылы бағалау кезінде туындайтын қиындықтар талданады...
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру
Білім алушы ғылыми – зерттеу жұмысының мақсатын айқындау; зерттеу обьектісін тану; проблеманы қою; зерттеу пәнін айқындау; гипотезаны ұсыну; зерттеу жоспарын құру; обьектінің тұтастай тану үшін проблеманың табылған шешімінің мәнін айқындайды. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданады; көркем педагогтік дайындық жұмысын қортындылай алады; шығармашылық қабілетін, дағдысы мен біліктілігін, көркемдік білімін, байқағыштығын, сараптай білетіндігін, көркемдік талғамы мен жоғары мәдени деңгейін көрсете алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- визуалды өнер тарихы мен теориясы негіздерін меңгереді; графика және жобалау, түстану әдістерінің заңдылықтары мен ережелерін біледі;
- көркем еңбек пәніндегі визуалды өнер, сәндік-қолданбалы өнер, дизайн және технология, тамақтану мәдениеті мен үй мәдениетінің шығармашылық, технологиялық, техникалық тәсілдерін меңгерген, практикалық білімдерін педагогикалық қызметте қолдана алады;
- Білім беру ғылымының теорияларын, инновациялық әдістерді, жасанды интеллект және заманауи технологияларды қолданады;
- сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, компьютерлік бағдарламалар мен заманауи дизайндарды тиімді пайдалануға қабілетті;
- кәсіптік қызметте ұлттық тәрбиенің заңдылықтары мен принциптерін меңгерген, оқу-тәрбие үрдісін нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асырады;
- педагогика мен психологияның ұғымдары мен әдіснамалық негіздерін, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты салауатты, қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастыруда, кәсіби қызметінде өз жұмысының нәтижелерін көрсете біледі;
- білім беру ортасындағы зерттеу принциптері мен әдістерін біледі, зерттеу жұмыстарын жүргізе алады;
- Мектептегі формальды және бейресми білім беру шеңберінде креативті орта құру және жобаларды жүзеге асыру үшін әлемдік көркемдік білім берудің әдістері мен технологияларын жалпылау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетеді; қаржылық сауаттылық негіздерін игере отырып, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін қолданады.
- Студент білім мен дағдыларды бағалау әдістерін меңгереді; бағалау түрлерін ажырата алады; тиімді кері байланыс беруді және оқу жетістіктерін әділ бағалауды үйренеді.
- Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін, сондай-ақ оқытудың әдістемесі мен технологиясын, жоспарлау мен жеке оқытуды, сондай-ақ формальды және формальды емес білім беруді қоса алғанда, көркем еңбек білім беру саласындағы инновацияларды білу;
- Теориялық және практикалық материалдарды талдап, қорытынды жасай алады.