7M01210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылымның, білімнің және инновацияның тығыз интеграциясы негізінде жоғары білікті кадрларды даярлау, жүзеге асырылатын қазіргі заманауи ғылыми-білім беру ортасын қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Пәндер
-
Мектепке дейінгі ұйымдарда жеке тәрбие жұмысын жүргізу әдістемесі
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда балалармен жеке жұмыс жасау әдістемесін пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қабілеттерін дамытудың теориялық әдістемелік негіздерін үйрену, балалардың жеке қабілеттерін дамыту деңгейлерін қарастыру. Балалардың даму көрсеткіштерінің портфолиосы, балалардың дамуын жобалау және іске асыру. Мектепке дейінгі ұйымдарда жеке тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдану
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогикалық зерттеулер әдіснамасы және әдістері
Мақсаты: педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістемелерін меңгеру. Мазмұны: ғылымның, әдіснаманың, теорияның, Тұжырымдаманың негізгі ұғымдарын, олардың жұмыс істеу нормативтерін, ғылымның нақты объект ретінде дамуының тарихи кезеңдерін, әдіснаманы зерттеуші қызметінің құрылымы, логикалық заңдылығы, құралдары мен әдістері туралы ілім ретінде қалыптастыру, сондай-ақ оқыту теориясы әдіснамасының және негізгі ғылыми тәсілдердің заңдары мен заңдылықтары (жүйелік, әрекеттік, технологиялық, тұлғалық теориялық білімді, магистрлік зерттеу мәселесі бойынша материалдарды жинау мен талдаудың базалық дағдыларын қолдану
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Мақсаты: Ұйымның табыстылығы және бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басқару психологияның негіздерімен қоса басшы қызметінің тиімділігін қалыптастыру. Мазмұны: билік пен бағынудың психологиялық жақтарын қарастыру; психологиялық теорияларды талдау; билік пен бағынуда жеке және әлеуметтік психологиялық қажеттіліктерді қарастыру; айлалы әрекеттердің мәні, мазмұны мен әдістері талдау; басшымен бағыныштының психологиялық ерекшеліктерін қарастыру; шиеленіс жағдайлармен топтық үрдістері мен басқару психологиясын білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мектепке дейінгі білім берудегі басқарудың жаңа тәсілдері
Мақсаты: мектепке дейінгі білім берудің бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беруді басқарудың жаңа тәсілдерімен танысу Мазмұны: мектепке дейінгі білім беруді басқарудың теориялық және қолданбалы аспектілері және оның құрамдас бөліктерімен қарастыру,. Ұжымды басқарудың заманауи әдістерін қолдану. Мектепке дейінгі білім беруді басқарудың теориялық және әдістемелік негіздерін, мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде басқарушылық шешімдерді қабылдау және іске асыру дағдыларын меңгеру. Команданы кәсіби және жеке жетілдірудегі тиімді басқару әдістерін қолдану және ұйымдастыру..
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Мақсаты: Ғылым құбылысының мәселесін әлеуметтік философиялық талдау нысаны ретінде зерттеу, ғылым тарихы мен теориялары туралы білімдерді қалыптастыру. Мазмұны: Ғылымның, ғылыми білімнің құрылымының даму заңдылықтары. Ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру әдістері. Қоғамның дамуындағы ғылымның ролі. Ғылым философиясы мен тарих философиясының спецификасы, негізгі мәселелерінің өзара байланыстары. Жаратылыстану ғылымдарының, техника және технология, гуманитарлық ғылымдар философиясы. Сыни ойлауды дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шет тілі (кәсіби)
Мақсаты – шетел тілін оқытудың халықаралық стандарттары шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдету. Мазмұны: Шетел әдебиетін оқу және аудару. Мамандық бойынша ресми іскерлік және ғылыми функционалдық стильдердің лингвистикалық сипаттамасы, шет тілінде лексикографиялық дереккөздермен жұмыс істеу, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптерін ескере отырып, мамандық бойынша ақпараттық материалды ұсынуға жазбаша формаларды дайындау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары мектеп педагогикасы және псхологиясы
Пәннің мақсаты: қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық білімдер негізінде жоғары оқу орнында кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру бойынша магистранттардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Жоғары білімнің қазіргі парадигмалары. Қазақстандағы жоғары білім берудің тарихы, тенденциялары мен даму стратегиялары. Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының пәні, міндеттері, категориялары. Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының әдіснамалық негіздері. ЖОО оқытушысының кәсіби құзыреттілігі. ЖОО оқытушысының коммуникативтік құзыреттілігі. Жоғары мектеп дидактикасы. Колледж жасындағы психологиялық ерекшеліктер.Университеттегі оқу процесі және оның заңдылықтары. ЖОО-дағы білім мазмұны. ЖОО - да оқу процесін ұйымдастыру нысандары. ЖОО-да оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және іске асыру технологиялары. Кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері. Оқыту әдістемесі мен әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық сауаттылық
Мақсаты: ғылыми мәтіндерді өңдеу, академиялық кәсіби жазу дағдыларын қалыптастыру Мазмұны: ғылыми мәтін құрастыру, ақпарат көздерімен және түрлерімен жұмыс. Ақпаратты редакциялау, сыни бағалау. Түпнұсқа идеяларды ұсыну, кәсіби мәтіндік құжаттарды әзірлеу. Қолданылған ғылыми еңбектердегі авторлардың ұстанымдарына сілетеме жасау. Академиялық адалдық қағидаларын сақтау, академиялық жазу және оқу әдістерін меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесі
Мақсаты: мектепке дейінгі білім берудің теориялық-әдістемелік негіздері туралы білімді қалыптастыру Мазмұны: мектепке дейінгі білім беруде «Кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеттері, мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолданудың психо-педагогикалық негіздері, лекциялық және практикалық сабақтарды жоспарлау және өткізу, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, Бейіндік курстар бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу және орындау, тапсырмаларын құрастыру. мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісін басқару және ұйымдастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Озық педагогикалық тәжірибені талдау және қолдану
Мақсаты: Отандық және шетелдік озық тәжірибені ьалдау және тиімділерін қолдану дағдыларын қалыптастыру Мазмұны: Озық тәжірибенің пайда болуы мен дамуы және оның педагогикада қолданылуы. Озық тәжірибенің негізгі түсініктері. Мектепке дейінгі озық тәжірибені зерттеу және пайдалану процесінің тиімділігін арттырудың педагогикалық шарттары. Инновацияларды анықтау және зерттеу. Озық (нәтижелі) тәжірибенің мәні.Білім берудегі озық тәжірибенің құндылығы. Озық тәжірибе, инновация, әдістеме ұғымдарының өзара байланысы. Мектепке дейінгі озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және пайдалану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын іс-әрекетінде тәрбиелеу және дамыту
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды оқу-тәрбие үдерісінде ойындар арқылы тәрбиелеу және дамыту туралы магистранттардың білімдерін қалыптастыру. Мазмұны: мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту және оқытуда ойындарды қолданылуын қарастыру. Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру және басқару. Мектепке дейінгі ұйымдардада тиімді ойындарды таңдау және пайдалану. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойындар арқылы шығармашылық және сенсорлық қабілеттерін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Педагогикалық шеберлікті дамытудың әдістемелік негіздері
Мақсаты – білім алушылардың кәсіби іс-әрекетін жоғары деңгейін қамтамасыз ететін педагогикалық шеберлікті қалыптастыру. Мазмұны. Педагогикалық шеберлік кәсіби іс-әрекетті өзін-өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тұлғалық сапалар кешені ретінде. Мұғалімнің шеберлігі, олардың педагогикалық іс-әрекетінің жеке стилін анықтау. ЖОО оқытушысының педагогикалық шеберлігі педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде, оның мәні мен құрылымдық компоненттері. Оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мазмұнының ерекшеліктері. ЖОО оқытушысының педагогикалық шеберлігін қалыптастырудың принциптері мен әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі мекемелерде креативті педагогиканы қолдану
Мақсаты. Мектепке дйеінгі ұйымдарда креативті педагогиканы қолданудың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді Мазмұны: Креативті педагогиканың мақсаты мен міндеттері, креативті педагогиканың қалыптасуы мен дамуы, тұлғаның шығармашылық дамуы үздіксіз процесс, креативті педагогиканың дидактикалық ұстанымдары, тұлғаның шығармашылық дамуының психологиялық негіздері, жеке тұлғаның табиғи мүмкіндіктері мен шығармашылығын дамыту әдіс-тәсілдері, кәсіби шығармашылық қасиеттер, оқу-тәрбие үдерісінде креативті тапсырмаларды құрастыру және қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
ЖОО инновациялық білім беру технологиялары
Мақсаты: Кәсіптік жоғары білім берудегі инновациялық білім беру технологияларын енгізудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді Мазмұны: ЖОО инновациялық педагогикалық технологиялар түсінігі, мәні, мазмұны және құрылымы. ЖОО инновациялық педагогикалық технологиялар. Қазіргі педагогикалық технологиялар: ақпараттық-коммуникациялық технология, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы. Жоба технологиясы Проблемалық оқыту технологиясы. Ойын технологиялары. Кейс – технология Проблемалық оқыту технологиясы. Көп деңгейлі оқыту. Оқытудың зерттеу әдісі. Дәріс-семинар жүйесінің технологиясы. Оқытуда ойын әдістерін қолдану технологиясы Ынтымақтастықта оқыту технологиясы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жеке тұлғаға бағдарланған білім беруді ұйымдастыру теориясы
Мақсаты: магистранттардың жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру Мазмұны: қазіргі заманғы жоғары оқу орнында тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасын іске асыру мәселелері мен тәжірибесін қарастыру. Тұлғаға бағытталған теорияларымен және білім беру тұжырымдамаларымен танысу. Жоғары педагогикалық білім беруді модернизациялау туралы білімді игеру, жеке тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасы аясында жаңа формациядағы университет оқытушысына қойылатын талаптар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығы
Мақсаты: болашақ магистрлердің ҚР-да және шетелде бастауыш білім беру теориясы мен практикасының дамуын сипаттайтын заманауи үрдістер туралы білімдерін меңгеруі; Мазмұны: мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің заманауи тұжырымдамалары. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету. Білім берудегі сабақтастық категориясының философиялық, психологиялық-педагогикалық аспектілері; мектепке дейінгі және бастауыш мектепте сабақтастықты жүзеге асырудың ерекшелігі. Тұлғаға бағытталған білім беру жағдайында сабақтастықты жүзеге асырудың әдіснамалық және әдістемелік аспектілері. Тұлғаға бағытталған білім беру жағдайында сабақтастық негіздерін іске асырудың технологиялық аспектілері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының теориясы мен практикасы
Мақсаты: магистранттарға мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы бойынша теориялық-әдіснамалық білімді меңгерту, тәрбие мен оқытуға бірыңғай көзқарас түсінігін дамыту. Мазмұны: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы интеграция мен сабақтастықты қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің заманауи тұжырымдамалары, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын мемлекеттік саясат пен нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі білім берудегі сабақтастықты жүзеге асырудың ерекшелігі. ҚР Ұлттық білім беру жағдайында сабақтастықты жүзеге асырудың әдіснамалық және әдістемелік аспектілері.Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ететін технологиялар
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстандағы педагогикалық ғылымдардың дамуы
Мақсаты-Қазақстанда педагогикалық ғылымның дамуы мен қазіргі жағдайы туралы білімін қалыптастыру Мазмұны: Қазақстандағы педагогикалық ғылымды қарау және дамыту тұжырымдамалары, ежелгі дәуірден бастап отандық педагогикалық ғылымның қалыптасу кезеңі, 1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы педагогикалық ғылымның дамуының негізгі проблемалары, егемен Қазақстанның экономикалық және рухани жаңғыру кезеңіндегі даму проблемалары мен перспективалары. Қазақстан педагогикасының көрнекті өкілдерінің теориялық және әдістемелік тұжырымдармалары
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беруде инновацияларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру Мазмұны: педагогикалық инноватиканың негізгі мәселелерін қарастыру, мектепке дейінгі білім беруде педагогикалық инновацияларды енгізудің маңызы мен заңдылықтары. Білім берудің жаңа парадигмасы субъект-субъектілік қатынастар. Мектепке дейінгі білім беруде педагогикалық жаңалықтарды енгізу, олардың тиімділігін бағалау. Тұлғаның зияткерлік белсенділігін қалыптастыру, оның шығармашылық әлеуетін дамыту мәселелері. Баланы оқыту мен дамытудағы құзыреттілік тәсілі: коммуникативті, зияткерлік, жалпы мәдени, әлеуметтік.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Монтессори педагогикасын қолдануға даярлаудың әдістемелік негіздері
Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасауда М Монтессори технологиясын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: М.Монтессори педагогикасының тұжырымдамалық негіздері. Жеке еркін сабақтар М.Монтессори жүйесіндегі педагогикалық іс-әрекеттің нысаны ретінде. М.Монтессори педагогика жүйесінде дамып келе жатқан пәндік-кеңістіктік ортаны ұйымдастырудың ерекшеліктері. Монтессори педагогикасының әдістемелік негіздері, Монтессори материалдарын қолдануға қойылатын талаптар. М.Монтессори педагогикасындағы балалардың өзіндік іс-әрекетінде қолдану технологиясы мен жүйесін басқару. Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекеттесу ерекшеліктері және бағдарламаны игеру нәтижелерін анықтау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектепке дейінгі білім сапасын басқарудың заманауи баптары
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда сапаны басқарудың заманауи тәсілдері туралы білімді қалыптастыру. Мазмұны: мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың заманауи талаптары мен принциптерін қарастыру, еңбек нарығының тез өзгеретін жағдайында ұжымды басқару психологиясының заманауи тәсілдері негізінде педагогикалық менеджментті жүзеге асыру. Педагогикалық үдерімті жүзеге асыру, оқу процесінің жаңа модельдері мен стратегияларын жобалау. Ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу. Білім беруді басқару және жоспарлау дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі білім берудің теориялық және әдістемелік мәселелері
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру саласындағы магистранттардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға жәрдемдесу. Мазмұны: ҚР БЖТ МЖМБС ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытуға қойылатын талаптар. әдіснамасы, мектепке дейінгі білім беру тұжырымдамасы, Педагогикалық қызметтің функцияларын жүзеге асыру процесінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы теориялық-әдіснамалық білімді, нормативтік-құқықтық нормативтерді қолдану. Қазіргі мектепке дейінгі білім берудің гуманитарлық негізі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы оқу курстарының, пәндердің, модульдердің, бағдарламалары мен жұмыс бағдарламаларын жаңарту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Психо-педагогикалық зерттеулердің сандық және сапалық әдістері
Мақсаты: магистранттардың психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сандық және сапалық әдістерді пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: эксперименттік зерттеулерде қолданылатын сандық және сапалық әдістерге қойылатын негізгі талаптарды қарастыру, сандық және сапалық әдістерді таңдау және пайдалану, психо-педагогикалық зерттеулердегі сандық және сапалық әдістерқолдану және нәтижелерін өңдеу
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі білім берудің әлемдік заманауи жүйесі
Мақсаты-отандық және әлемдік мектепке дейінгі білім беру ерекшеліктері туралы білімді арттыру. Мазмұны: мектепке дейінгі білім берудің қазіргі парадигмасын, Еуропа елдеріндегі мектепке дейінгі білім беру жүйесін, Азия елдеріндегі мектепке дейінгі білім беру жүйесін, АҚШ-тағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін қарастыру. Отандық және шет елдік мектепке дейінгі білім беру модельдерін салыстыруы және олардың айырмашылықтары, Әлемдік педагогикалық тәжірибенің нәтижесі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби қызметте ақпараттық технологиялар қолданудың әдістемелік негіздері
Мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздері туралы білімді қалыптастыру. Мазмұны: ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздерін қарастыру, ақпараттық технологиялардың түрлері, ақпараттық технологиялардың дидактикалық ұстанымдары, білім беру және тәрбие саласының оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізу, кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері және олардың тиімділік өлшемдері анықтау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық квалиметрия
Мақсаты: магистранттарда педагогикалық квалиметрия саласындағы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыра отырып, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейінің өзін-өзі дамыту мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мазмұны: квалиметриялық көрсеткіштер негізінде педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін дамытудың жеке траекториясы. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау және өзін-өзі бағалау. Әр түрлі педагогикалық жағдайлардағы педагогикалық квалиметрия. Әр түрлі педагогикалық жүйелерде квалиметриялық процедураларды жоспарлау және жүзеге асыру. Білім беру іс-әрекеті практикасындағы педагогикалық квалиметрия жүйесі. Квалиметриялық көрсеткіштер негізінде кәсіби-шығармашылық өзін-өзі дамытудың жеке бағдарламасын әзірлеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістемесі
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасын ұйымдастыру, талдау, және жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасын жүргізудің нормативтік-құқықтық негіздерін қарастыру. Психологиялық-педагогикалық диагностиканы әзірлеу және жүргізу алгоритмі және әдістері. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке ерекшеліктерін дамыту және түзету бойынша мұғалімдер мен ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық ұсыныстар әзірлеу
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми және философиялық танымның әдіснамасын қолдана отырып, ғылыми зерттеулер саласындағы міндеттерді шешу.
- Кәсіби шет тілдік ортада қарым-қатынас жасау, арнайы әдебиеттерді түпнұсқада оқу.
- Зерттеу нәтижелерін академиялық мәдениет пен адалдықты көрсете отырып, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау.
- Еңбек нарығының тез өзгеретін жағдайларында ұжымды басқару психологиясы негізінде педагогикалық менеджментті жүзеге асыру.
- Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу саласындағы заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларды пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді сауатты шешу.
- Жоғары мектеп педагогикасын оқытудың тиімді әдістерін зерттеу және білім әдіснамасын қолдану.
- Мектепке дейінгі мекемелерде пәнаралық байланыстарды және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесін, оның ішінде ата-аналармен (заңды тұлғалармен) жұмысты ұйымдастыру.
- Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің озық әлемдік және ұлттық тәжірибесін зерттеу барысында жасанды интеллектті пайдалана отырып ақпарат жинау және талдау жүргізу.