Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01700 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

  • Педагогика

    Практикалық дағдылар мен дағдыларды меңгеру; педагогикалық қызмет туралы тұтас түсінік білімдерін көрсету, олардың қазіргі педагогикалық ғылым мен психологияның теориялық негіздерін игеруі, инклюзивті процестерді ұйымдастыру және басқару әдістерін, мектеп пен мектептен тыс ұйымдардың тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу технологияларын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Нормативті қазақ тілі

    Нормативті қазақ тілінің салаларымен, олардың зерттеу обьектілерімен, тілдің нормалану заңдылықтарымен таныстыру. Тілдік бірліктердің өзіндік белгілерін айқындай отырып, қазақ тілінің фонетикалық жүйесі, лексикалық құрамы, грамматикалық құрылысының норма негіздерін меңгерту. Тілдің орфографиялық және орфоэпиялық норма ережелері мен принциптерін анықтап, ауызша, жазбаша сөйлеу сауаттылықтарын қалыптастыру. Тілдік категориялар мен терминдердің ерекшеліктерін саралап, тақырып бойынша ғылыми тұрғыдан тұжырым-пікірлерді салыстыра білуге, толық тілдік талдау жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тіл біліміне кіріспе және жалпы тіл білімі

    Тіл білімі ғылымының негізгі теориялық ұғымдармен, оның салаларымен таныстыру, тілдің қоғамдық коммуникативтік рөлі мен тілдердің классификациясы жайлы мағлұмат беру, тіл білімі өкілдерінің зерттеу еңбектерін талдауға, ғылыми ой-пікірлерін саралауға дағдыландыру, тіл туралы ғылымның даму кезеңдері мен ғылыми бағыттар және мектептер, ондағы концептуалды тұжырымдармен таныса отырып, шығармашылық қабілетін арттыру тәрізді құзыреттіліктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім беру психологиясы

    Пәннің мақсаты – студенттерде заманауи білім беру процесінің психологиялық негіздері туралы түсінік қалыптастыру, оқыту жағдайында тұлғаның танымдық процестерін, жеке ерекшеліктерін зерттеу, психологиялық қолдау құралдарын меңгерту және тәжірибеде психологиялық білімді қолдану дағдыларын дамыту. Пәнді оқу барысында келесі тақырыптар қарастырылады: білім беру процесін психологиялық қамтамасыз ету, қазіргі білім берудің психологиялық принциптері, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық негіздері, оқу іс-әрекетін ынталандыру, педагогикалық қарым-қатынас психологиясы, білім беру ортасындағы тұлғаның қалыптасуы мен дамуы, білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі, мұғалімнің эмоционалды денсаулығы. Оқыту нәтижелері: білім беру психологиясының негізгі теориялары мен тұжырымдамалары туралы білімдерін көрсете біледі; білім алушылардың мотивациясына, үлгерімі мен мінез-құлқына әсер ететін факторларды анықтайды; білім беру ортасында психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана алады; білім алушылардың мінез-құлқын психология тұрғысынан талдап түсіндіреді; педагогикалық қарым-қатынас техникасы мен білім алушыларды психологиялық қолдау құралдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістері

    Пән мақсаты-әдебиетті оқытудың өзіндік ерекшеліктерін, принциптерін, қағидаларын, әдіснамалық тұғырларын меңгеру, әдебиеттің басқа ғылымдармен интеграциясы және әдебиетті оқытуда қолданылатын тиімді педагогикалық әдістердің жіктемесін талдау, дидактикалық материалдарды тиімді қолдану. Әдеби білімнің мазмұны мен кезеңдерін және әдебиет сабағына қойылатын талаптарды саралау, қазақ әдебиетін ғылыми пән ретінде оқытудың маңызын тереңдету, алған білімін тәжірибеде қолдануға дағды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мәтінді лингвистикалық талдау

    Әдеби тіл нормаларына қатысты және мағынасы бойынша көркем мәтінді талдау, талдаудың қазіргі жаңа бағыттарымен танысу, қазақ тіл біліміндегі талдауға қатысты ғалымдардың пікірлерін сараптау. Жазушының шеберлігін анықтау тұрғысынан мәтінді талдау, зерттеу мәселесін тиімді игеру. Троптар мен айшықтау құралдарының мәтінінде қолдану саласының негіздерін меңгеру. Студенттер мәтінді талдауға қатысты тұжырымдарды талдай алады, Ондағы пікірлерді сыни тұрғыдан бағалай алады, талдау қабілетін арттыру сияқты құзыреттерді қалыптастыра алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Орфография, пунктуация және Латын әліпбиі

    Пән мақсаты-қазақ тілінің емлесінде қолданылатын басты қағидаттардың негізінде дыбыстардың айтылу және жазылу ерекшеліктерін меңгеру, қазақ және латын жазуындағы үндестік заңының әсерін, қолданыстағы емле нормаларының ерекшеліктерін айқындау, бөлек жазылатын сөздердің емлесін ажырату, қазақ тіліндегі кірме сөздерге аффикстерді қосу қағидаттарын саралау. Орфография, орфоэпия және пунктуация бойынша теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастыру, орфография заңдарын және қазақ тіліндегі пунктуация заңдарын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Әдеби аударма негіздері

    Әдеби аударма ғылымының теориясы мен тарихы, әдеби аударма тәсілдері мен аударма бірліктері, әдеби аударма барысындағы өзгеріс түрлері, қалыптасу бағыттары, зерттелу жайымен таныстыру. Қазіргі аударма жасау технологияларына сүйене отырып әдеби зерттеу мәселесін тиімді меңгерту. Аудармадағы транскрипция, аударманың стилистикалық тәсілдері, сюжет пен аударма, жанр және аударма мәселесіне қатысты ғалымдардың пікірлерін сараптау, аудару қабілетін арттыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнер

    Қазақ халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнерді ғылым ретінде меңгерту, қазақ халық ауыз әдебиеті жанрлары мен шешендік өнердің өзіндік ерекшеліктерін салыстыру, мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашатын ұстанымдармен таныстыру, әдебиетану талабына сай әдеби-поэтикалық талдау жасау, теориялық-әдіснамалық негіздерін жан- жақты талдау, әдеби зерттеу жұмысын ұйымдастыру жолдарын қараст ыру, қазіргі білім беру технологияларына сүйене отырып әдеби зерттеу мәселесін тиімді меңгерту. Оларды тәжірибе жүзінде қолданудың жолдарына қатысты тұжырымдарды сараптап, шығармашылық қабілетін арттыру тәрізді құзыреттіліктерді, ғалымдардың пікірлерін сараптап өз ойымен ғылыми әдеби тұжырым қалыптастыру, әдеби пайымдауларды саралау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Пән мақсаты - көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін меңгеру, әдеби шығарманың сыры мен сипатына қарай салыстыру, талдау, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптау, әдебиеттің жанрына және оның қоғамдық қызметіне қарай көркем шығармаларға сыни тұрғыдан талдай алу қабілетіне ие болу, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен әдістемесіне салыстыру жұмыстарын жүргізу, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелері сияқты жұмыстарға зерттеу жүргізу, әдебиеттің нақты теориялық мәселелеріне сыни көзқарас таныту арқылы өз пікірін білдіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

    Қазақ тілінің дыбыстық құрылымын білу, фонетикалық және фонологиялық жүйе ұғымдарын саралай алу, фонетиканың айтылу формаларының заңдылықтарын меңгеру, тілді практикалық тұрғыдан қолдану дағдыларын дамыту, артикуляциялық талдау жасай білу, орфоэпиялық және орфографиялық нұсқалардың сипаттамаларын зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасыр I жартысындағы қазақ әдебиеті

    ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиетке шолу жасау, танымал жазушылардың белгілі шығармаларын талдау және олардың мазмұнын саралау, әдебиетте қалыптасқан екі ағымның мәнін ашу, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ақындары мен жазушылар шығармаларын жан-жақты салыстыру, Қазақстан қаламгерлерінің қудалануы. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі туралы ғылыми зерттеулерді талдау, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы сараптама жасау, Әдеби жанрлар туралы білімдерін тереңдету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті

    Пән мақсаты-ежелгі және хандық дәуірдегі әдебиеті шығармаларын меңгерту, жырау, жыршы, өлеңші ұғымдардың ауқымын ажырату, жыраулар шығармаларындағы тілдік ерекшеліктерге талдау жасау, ондағы жаңалықтар, стиль ерекшелігі, дәстүр жалғастығы, олардың басқа тілге аударылу мәселелерін саралау, Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырларын салыстыру, Ғылыми-зерттеу еңбектермен жұмыс жасай алу қабілетіне ие болу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті

    Пән мақсаты-жыраулық үлгілерден бастау алған әдебиетті меңгеру, батырлық пен ерлікті, елдікпен сабақтастырған. Қазтуған, Доспамбет, Бұқар т. б. жыраулар жырлары, толғауларындағы дәстүр жалғастығы мәселелерін талқылай отырып студенттердің әдеби құзіреттіліктерін арттыру. XIX ғасырдағы ел билеу тәртібіндегі жаңалықтарды талдау, Елдегі саяси-әлеуметтік, қоғамдық өзгерістерді ХІХ ғасыр өкілдері шығармалары арқылы саралау қабілетіне ие болу, Ресей отарлау саясатымен бірге қазақ даласына жаңа мәдениет пен өнер, білім, ғылым туралы зерттеу еңбектермен жұмыс жасау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жасанды интеллект: принциптері мен қолданылуы

    ЖИ бойынша теориялық білім мен құралдарды қолданудағы құзыреттіліктерді дамыту, заманауи интеллектуалды жүйелерді тұтас түсінуді қалыптастыру; ЖИ-дағы білімді көрсетудің негізгі ұғымдарын, бағыттарын және модельдерін зерттеу, мамандандырылған құралдар арқылы профильдік жүйелерді жобалауға үйрету. ЖИ негіздерін, білімді көрсету модельдерін меңгеру. ЖИ әдістерін негізгі интеллектуалды жүйелерде қолдану дағдысы. ЖИ-технологияларды енгізудің әлеуметтік салдары қабілетін талдай білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Рухани сабақтастық (Әл- Фарабиден хакім Абайға дейінгі)

    Пәннің мақсаты: Қазақтың рухани әлемінің біртұтастығы жөніндегі түсініктерді көрсете отырып, ұлттық тарихтың руханилық мәніне түбегейлі жаңаша көзқарасты қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында жастарды өзінің ұлттық бастауларын іздеуіне, оларды халықтың генетикалық жадына, оның дамуының ұзақ тарихында қалыптасқан мәдени кодына бағыттау. Өскелең ұрпақты қазақтың рухани-философиялық тарихымен қауыштырып, «Ұлттық кодты сақтау» талабына сай білім беру. Ұлы тұлғалардың рухани мұрасымен таныстыра отырып, студенттерді өз Отанын сүюге, халқының мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ұлт дәстүрлері

    Пән мақсаты- ұлт дәстүрлерінің тәлімдік, тәрбиелік мәні мен маңыздылығын меңгерту. Ұлт дәстүрлерінің зерттелуіне, қоғамдағы рөлі мен әлеуметтік қатынастарды реттеуге тигізетін ықпалына, ұлттық әдебиеттегі көрінісіне талдау жасау. Салт-дәстүрлердің түрлерін, дәстүрдің ұлттық дүниетанымдағы орнын, дәстүр және ұлт, ұлыс, адам түсініктерінің байланысын саралау. «Ұлт дәстүрлері» пәні бойынша алған материалдарды өз бетінше талдай алуға, жинақтаған білімдерін өмірде қолдана алуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Көне түркі әдеби мұралары және орта ғасырдағы жыраулық дәстүр

    Пән мақсаты-көне түркі халықтарының тарихи жырларын меңгеру, Орхон-Енисей жазулары, Күлтегін, Оғыз наме дастандары туралы зерттеу жұмыстарымен танысу, талдау, ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтитын қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті туралы шығармаларды салыстыру, Орта ғасырдағы әдебиет өкілдерінің жыр-дастандарын оқыта отырып, өзіндік қорытынды жасауға дағды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсат- міндеттерін, ұстанымдарын, зерттелуін, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін білу. Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазақ тілі салаларын оқытудың ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін саралау, сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын сараптай алу; танымдық, лингвистикалық, дидактикалық әдіс-тәсілдер жүйесін тиімді қолдану жолдарын меңгеру, сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай отыра талдау жасау; сабақ жоспарларын жасай алу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің лексика-фразеологиясы

    Тіл білімінің теориялық негіздерін білу, сөздің лексика-семантикалық табиғатын меңгеру, фразеологиялық оралым дегеннің не екенін білуі керек. Қазақ тілінің шыққан тегі мен даму кезеңдерін саралайды, сөздің лексика-семантикалық табиғатын ажырата алады, сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтерін дәл анықтау, қазіргі қазақ лексикасының құрамы мен шығу арналарын сараптауды, студенттердің тіл байлығын, ой-өрісін дамытуға арналған жаттығуларды орындай алуы керек. Қазіргі қазақ лексикологиясын зерттеген еңбектерді талдауға, басқа білім салаларымен өзара байланысын салыстыруға үйрену.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің морфемалар жүйесі

    Қазақ тіліндегі морфемалар жүйесін білу; түбір морфема, қосымша морфема, оларға тән ерекшеліктерді, сөз таптарының морфемалары мен олардың қызметтерін саралау. Сөздерді морфемаға бөлу, оларды категорияларға топтау, мағынаның берілу жолдарын анықтау, сөздерге морфемалық талдау жасау, ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілінің морфемалар жүйесі бойынша жинақтаған білімдерін өз бетінше талдай алуға, өмірде қолдана алуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Әдебиетті оқытудың мазмұнын, мақсатын, міндеттерін, әдеби білім беру кезеңдерін, көркем шығарманы оқыту мен талдаудың әдістемесін меңгерту. Әдеби білім берудің әдіс- тәсілдері мен технологияларын саралау, эпикалық, лирикалық, драмалық шығармаларды оқытудың әдіснамалық негіздерін меңгеру. Қашықтықтан және жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында және қазіргі білім беру парадигмалары негізінде қазақ әдебиетін оқытудың жолдарын талдау, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

    Грамматика және оның салаларын, негізгі грамматикалық ұғымдарды білу, сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдарын талдау, жұрнақтар мен жалғаулардың, сөз формалары мен жасалу тәсілдерінің мәнін ашу, сөздерді таптастыру принциптерін, сөз таптары мен оның түрлерін, көмекші сөздер мен олардың қызметтерін меңгерту. Морфология саласы бойынша жинақтаған білімдерін өз бетінше талдай алуға, өмірде қолдана алуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің семасиологиясы

    Семасиологияның зерттеу объектілерін, негізгі ұғымдарын, сөздің лексикалық мағынасын, лексикалық мағынаның құрылымын және оның басқа да тілдік құбылыстардан айырмашылығын білу, семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантиканың негізгі ерекшеліктерін меңгеру. Сөздің мағынасына, оның дамуы мен өзгеруіне, ауысуына, әдіс-тәсілдеріне, ішкі және сыртқы заңдылықтарына талдау жасай алу. Пән бойынша жинақтаған білімдерін тәжірибеде қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері, Қаржылық сауаттылық

    Пәннің мақсаты – студенттерді экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптері мен заңдылықтарымен таныстыру, нарықтық экономикада тиімді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; құқықтық жүйе мен заңнаманың негіздерін үйрету, сондай-ақ коррупцияға қарсы күрес шаралары мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы әділ қоғам құруға бағытталған сана мен дағдыларды дамыту; қаржылық білімін жетілдіру, жеке қаржыны тиімді басқаруға қажетті дағдыларды қалыптастыру, қаржы өнімдері мен инвестицияларды дұрыс таңдауға қабілеттілігін дамытуға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби эстетика

    Көркем сөз өнерінің табиғатын таныстыру; әдебиет теориясы мен эстетиканың принциптерін, әдебиеттің мақсат-міндеттерін, басқа ғылым салаларымен сабақтастығын түсіндіру; негізгі категория, терминдер туралы білім қалыптастыру; әдебиеттің теориялық дамуындағы ғалымдар мен әдеби сыншы, қаламгерлердің, ғылыми мектептердің үлесі айқындап көрсету; қазіргі әдебиет теориясы мәселелері және оны шешудің жолдары туралы шығармашылық дағдыларын орнықтыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Әдебиеттің табиғи болмысына тән ғылыми теориялық категориялар туралы түсінік орнату; Әдебиеттанудың басты ұғымдарымен, методологиялық жүйелерімен, ғылыми теориялық бағыт-бағдарымен таныстыру; Әдебиет теориясының филологиялық аспектілері, кезеңдері, сатылары, жолдары, амалдары, әдістері туралы таным түсініктерді нақтылы тәжірибеге негіздеу арқылы ойлаудағы дәйектілікке үйрету; Айналымдағы терминдердің ғылыми негізділік, танымдық сипатын танып-білу, оларды іштей өзара саралау, жүйелеу, сараптауға бейімделуде әдебиет теориясының методологиясындағы әмбебап қағидаттар жөніндегі білім қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • "Толық адам" ілімі

    Пәннің мақсаты - Абайдың «Толық адам» ілімі ауқымында түркі руханиятындағы ізгілік ілімдерінің алғышарттарымен, тарихи негізді жүйесімен, туындау, даму тенденцияларымен таныстыру; Ұлттық модельдегі құндылықтық нормалар мен олардың насихатталу жайын дәйектеп, саралау; «Толық адам» ілімінің тұлғалық, қоғамдық дамудағы рөлін түсіндіру; «Толық адам» ілімі жүйесін қамтитын ғылыми категориялардың барысымен таныстыру; Аталған ілімнің рухани-интеллектуалдық бағыттағы концептуалдық рөлін нақтылы талдаулар мен теориялық дереккөздер желісінде айқындау; Абайдың рухани-шығармашылық мұрасындағы «Толық адам» ілімінің поэтикалық желісін талдаудың әдістерін, технологияларын үйрету. «Толық адам» ілімінің - қоғамды ізгілендіру бағытындағы ренессанстық сипатын ұғындыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

    "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» ғылымының негізгі теориялық ұғым-категорияларымен таныстыру, жаңа технология бойынша модульдік жүйемен туынды сөздердің жасалу жолдарын саралау, тілдің сөзжасам жүйесіне, сөзжасамдық бірліктеріне, сөзжасам заңдылықтарына, сөзжасамның амал-тәсілдеріне талдау жасау, сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын ажырата білу құзыреттіліктерін, сөзжасамның өзекті мәселелерін талқылау, қорытындылап тұжырымдау дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістері мен құралдарының қазіргі жай-күйін, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлін зерделеу, білім алушылардың өз қызметін бақылау және бағалау қабілетін қалыптастыру, функционалдық сауаттылық пен кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру бойынша оқыту үдерісінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жою. Критериалды бағалау технологиясының моделі, бағалау принциптері, кезеңдері мен құралдары, білім беру нәтижелерін бағалаудың жас критерийлері зерделенетін болады. Пәнді игеру барысында жас ерекшеліктеріне сәйкес білім алушылардың білімін критериалды бағалау дағдылары қалыптастырылатын болады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіршілік қауіпсіздігі, Экология және тұрақты даму

    Пәннің мақсаты-тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен, қазіргі экологиялық проблемалармен және тұрақты дамуға қол жеткізу тұжырымдамаларымен таныстыру. Жалпы экология қағидаттары мен адамзаттың даму қағидаттары бар экожүйелердің даму заңдылықтары, ғылыми-техникалық прогресс, ҚР Экологиялық қауіпсіздігінің негізгі мәселелері зерделенетін болады. Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы негізгі ұғымдар мен ұғымдарды пайдалану бойынша білім мен дағдыларды меңгеретін болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ антропонимдерінің сөзжасамы

    Пән мақсаты-сөзжасамның зерттеу объектілерін, қазақ тіліндегі антропонимдердің даму және қалыптасу жүйесін білу, қазақ есімдеріне қатысты жазба шежірелердегі кісі есімдерінің сөзжасамдық парадигмасы мен синтагмасын талдау, сөзжасамдық мағынасын, кісі есімдерінің жасалуының негізділігін меңгеру, қазіргі кісі есімдерінің жасалу жолдарын сөзжасамдық аспектіде бағдарлау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

    Синтаксистің зерттеу объектілерін, синтаксистік мағына, тұлға, синтаксистік қатынас, оның түрлерін білу; сөз тіркестерінің байланысу формалары мен тәсілдерін анықтау, сөйлемнің түрлерін сипаттау; жай сөйлемнің түрлерін ажырата білу; сөйлем мүшелерін, олардың орын тәртібін, құрмалас сөйлем мен оның түрлерін, құрмаласу жолдарын, бөгде сөздердің түрлерін меңгерту, синтаксистік талдау жасай алу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Терминология және сөздікпен жұмыс

    Пәннің мақсаты - қазақ терминологиясын, олардың жасалу әдістерін, терминологияның жалпы теориялық мәселелерін меңгерту. Қазақ тіліндегі техникалық терминологияның ерекшеліктерін, терминді сипаттаудың лексикографиялық тәсілдері мен құралдарын саралау, морфологиялық-синтаксистік терминжасам бойынша әдебиеттерді талдау, жинақтау, ғылыми-зерттеу еңбектерін, оқулықтарды, сөздіктерді пайдалана отырып, қолданыста бар терминдерді жаппай іріктеу, электронды нұсқасын жасау. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде терминологиялық талдау жасау дағдылары қалыптасады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Түркі халықтарының әдебиеті

    Пәннің мақсаты - түркі тектес халықтар әдебиеттерінің өзара байланысын, дәстүр жалғастығын, бір-біріне әсерін анықтау, шығармаларының идеялық, көркемдік ерекшеліктерін талдау. Түркі халықтары әдебиетінің тарихындағы әдеби бағыттарды, әдеби жанрлық, көркемдік ерекшеліктерді саралау. Курсты игеру нәтижесінде түркі халықтарының бұрынғы және бүгінгі әдебиетіне қатысты айтылған сын мен пікірлерді саралай алуға, мәтінмен жұмыс жасай алуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Пән студенттердің жан-жақтылығын есепке алуға және оқу процесінде олардың жеке қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді; сәйкес АКТ, оқыту және көмекші технологияларды пайдалана отырып, студенттердің оқуын және білім беру үдерісіне қосылуын қолдау; студенттердің өмір сүру деңгейін және оқу деңгейін ескере отырып, қоғаммен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) бірлесіп, психологиялық және этикалық тұрғыдан оқушылардың әл-ауқатын қолдау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Абайтану

    Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихын меңгеру, Абайды таныту, оның поэзия және проза жанрында жазылған шығармаларымен жұмыс жасау дағдысына ие болу, Революциядан кейінгі Абай тану жұмыстырына зерттеу жүргізу, 1920 жылдан бергі Абайды тану ісі туралы тарихын саралау жұмыстырын жасау, Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған мақалалар, жеке кітаптар, үлкенді-кішілі зерттеулерді меңгеру және сыни пікір жазуға дағдыландыру, Абайдың өмірін, дәуірін зерттеу, Абайды тану ғылымына елеулі еңбек еткен ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектерін саралау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиеті

    Әлем әдебиетінің тарихы мен қоғамда алатын орнын анықтау, отандық тілге аударылған көркем шығармалар арқылы студенттерді тарихи-әдеби процестердің негізгі ерекшеліктерін меңгерту, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуына дүние танымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктері төңірегінде өз бетінше талдау жасау, әлем әдебиетіндегі көркем шығармаларға баға беру, ұлтаралық байланыстарды анықтау, оларға салыстырмалы талдау жасау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдың екінші жартысы мен Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеті

    ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы және Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті көркемдік арналарын анықтау, Қоғамдық, саяси өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигезген ықпалын саралау, осы дәуірдегі ақын- жазушылардың шығармаларындағы тақырыптық идеялық сипатына талдау жасау, әдебиетте қалыптасқан әдеби ағымдардың мәнін ашу, жаңа әдеби жанрлардың қалыптасуын салыстыру, Тәуелсіз қазақ әдебиеті бойынша бағдарлама негізінде алған материалдарды өз бетінше талдай алуға, оқу пәні бойынша жинақтаған білімдерін өмірде қолдана алуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ баспасөзінің тілі

    Қазақ баспасөзінің зерттелу тарихымен, даму бағыттарымен таныстыру; Кеңестік дәуірдегі баспасөз тілі мен бүгінгі демократиялық қоғамдағы баспасөз тілінінің даму барысын салыстыру, қазақ газеттерінің материалдарына тілдік, құрылымдық, семантикалық, функциональды тұрғыдан талдау жасау, баспасөздің қоғамдық-ақпараттық сипатын меңгерту; БАҚ жарияланымдарындағы ұлттық идеяны, коммуникативтік- ақпараттық, мәдени-танымдық құзыреттіліктерді бағалай білуге, әртүрлі ғылыми көзқарастармен салыстыра білуге, прагмалингвистиканың өзекті мәселелерін сауатты талқылап, тұжырымдауға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы

    Стилистика ғылымының негізгі теориялық ұғым-категорияларымен, оның қазіргі жаңа бағыттарымен таныстыру, «функционалды стиль» ұғымының қазақ тіл білімінде түсіндірілу үрдісін айқындау, әдеби тілдің стилистикалық құралдары туралы мағлұмат беріліп, олардың тілдік-стильдік белгілерін көрсету, стилистикалық норма негіздерін меңгерту. Студенттер функционалды стиль түрлеріне қатысты тұжырымдарды сараптап, ондағы пікірлерге сыни тұрғыдан баға бере білу, мәтінде не сөйлеуде стилистикалық қателерді болдырмаудың жолдарын білу, шығармашылық қабілетін арттыру тәрізді құзыреттіліктерді, стилистикалық дағды мен стилистикалық сауаттылықты қалыптастыра алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Когнитивті лингвистика

    Когнитивті лингвистиканың мақсаты мен міндеттерін, қалыптасу, даму ерекшеліктерін, зерттелу тарихын меңгерту. Когнитивті лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысын, негізгі категорияларын саралау, когнитизм және когнитология категорияларына, когнитологияның жеке тармақтарына, тіл мен сана, тілдік таным және ғаламды тілдік зерделеу процестеріне талдау жасау, оқыту нәтижесінде студенттердің ойлау қабілетін, қоршаған ортаны зерттеп-тану қасиетін, өзіндік ой-пікірін дәлелдеп жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат

    Пәннің мақсаты – ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, ғылыми жұмысқа қажетті дағдыларды дайындау және дамыту. Оқытылады: жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, зерттеу әдістемесі, деректермен және бастапқы дереккөздермен жұмыс, зерттеу жұмысын коммерцияландырудың мақсаттары мен міндеттері, материалды баяндаудың ғылыми стилін меңгеру. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда практикалық дағдыларды меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Абайдың поэтикалық әлемі

    Пән мақсаты- көркем өнердегі ғылымилық, әдеби-эстетикалық танымдағы интеллектіліктің біртұтастық мәнін түсіндіру; Абай феноменін ақындық мұрада дәйектеу; Абай креативтілігін поэтикалық шеберлік тұрғысынан талдау; Абай ойларының ғылыми танымдық, моральдық, ұлттық идеологиялық мәні мен қоғамдық дамудағы концептуалдық маңызын меңгерту; Аналитикалық талдау жүйесінің алгоритмі, ондағы ой сабақтастығының ролі, қорытынды жасаудағы ғылыми сипаттылық барысындағы білім қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы

    Пән мақсаты-қазақ әдеби тілінің тарихын, сипаты мен қоғамдық қызметін, түрлерін, нормаларын меңгерту; әдеби тілдің функционалдық стильдерін, оның қалыптасу кезеңдерін айқындау, негіз болған тарихи арналар мен тілдік дәстүр жалғастығын жүйелеу, әдеби тілдің сипатын хронологиялық ретпен саралау, қазіргі әдеби тіліміздің әлеуметтік мәні мен стильдік тармақтарына талдау жасау. Әдеби тілдің жалпы халықтық сипатын тілдік ерекшеліктер тұрғысынан әдеби тіл нормалары деңгейінде бағалау, әртүрлі көзқарастармен салыстырып, тұжырым жасауға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару.
  • Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешу мақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, қызмет пен технологиялық қызмет өнімдерінің, ғылыми жаңалықтардың қоршаған ортаға әсерін ескереді.
  • Білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын меңгеру және зерттеу, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әртүрлі талаптарды анықтау, Оқу- тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын тиімді жүргізу, бағалау қағидаттарын, құрылымы мен мазмұнын меңгерту.
  • Қазақ тіл білімінің салалары және олардың өзара байланысын меңгеру, оларды тарау-тармақтарға жіктеу, оның даму зандылықтарын айқындау, тіл туралы қорытындылар, болжаулар жасау және зерттеу. Сол қорытындылар мен топшылаулардың негізінде сөздіктер құрастыру, тіл мәдениетінің дамуына, сауаттылықты арттыруға, әдеби тіл мен оның нормаларына, жазу емлесін қатаң сақтауға дағдыландыру, кәсіби және әлеуметтік мазмұндағы мәтіндерді дайындау мен редакциялау, мәтінді филологиялық талдау және интерпретациялау.
  • Әдебиеттану ғылымы, оның әдістері мен методологиясын меңгеру, әдеби процесс, эстетикалық заңдылықтарын салыстыру, әдеби шығармаға баға беру, көркем туындыларға рецензия, эссе жазуға дағды қалыптастыру, көркем шығарманы талдау, түркі халықтары мен әлем әдебиеті шығармаларын ұлттық әдебиетімізбен салыстыру, әдеби шығармалардың көркемдік-эстетикалық сапасын саралау, әдебиетті рухани-эстетикалық құндылық тұрғысынан қарастыру, «Толық адам» ілімінің рухани-интеллектуалдық бағыттағы концептуалдық рөлін талдау, мәтіндерді жазбаша, ауызша аудару қабілетіне ие болу, мәтінді аудару барысында аударма сапасын жақсарту.
  • Жаңартылған білім мазмұны бойынша білімдерін жетілдіру, оқу процесінде заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану, оқытудың маңызын тереңдету, алған білімін тәжірибеде қолдануға дағдыландыру, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру.
  • Қазақ әдебиетінің барлық тарихи кезеңдерін саралау және әдеби-танымдық көзқарас қалыптастыру, әдеби шығармаларды теориялық талдау, Абай және Алаш қайраткерлерінің мұрасы негізінде жаңа идеяларды салыстыру және зерттеу, өнер туындыларын бағалау, пікірталастар, өнер туындыларын оқыту арқылы дүниетанымды қалыптастыру.
  • Тіл біліміне қатысты фактілерді жинау, меңгеру, қазақ тілінің морфологиясы мен синтаксисінің құрылымын, даму кезеңдері мен ерекшелігін айқындау, күрделі ұйымдастырылған мәтіндермен жұмыс жасау, тіл білімінің теориясын салыстыру арқылы талдау жасау, зерттеу жұмыстырын жүргізу, БАҚ-та жариялауға арналған қолжазбаларды талдау және редакциялау.
Top