7M01723 Қазақ тілі және әдебиет педагогтарын даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қоғамның мәдени және әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық қарқынды дамуын қамтамасыз ететін және өз бетінше ойлауға қабілетті, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері, терең ғылыми және педагогикалық дайындығы бар, тіл білімі мен әдебиеттің іргелі және қолданбалы бағыттары бойынша базалық түсінігі толыққанды қалыптасқан, қазіргі заманғы филологиялық үдерістер мен құбылыстарды талдаудың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік әдістерін меңгерген маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Алаш ұранды әдебиет
Алаш ұранды әдебиеттің тууы мен қалыптасуы. ХХ ғасыр басындағы қазақ даласындағы қоғамдық өзгерістердің әдебиеттегі көрінісі. Алаш әдебиеті, әдебиеттің даму бағыттары. Ұлттық баспасөз және әдебиет. Алғашқы мәдени ұйымдардың әдеби дамуға әсері. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және әдеби сын. Алаш әдебиетінің эстетикалық маңызы. Алаш арыстарының рухани-идеологиялық күресі мен әдебиеттегі цензура.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы
Мақсаты: магистранттарда жоғары мектепте білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау және басқару аясында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру, қазіргі заманғы білім беру талаптарын ескере отырып, оқытушылық қызметті жоспарлау және іске асыру қабілеттерін дамыту. Қарастырылатын болады: жоғары оқу орны мен оқытушы қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері, цифрландыру және жаһандану жағдайында жоғары білім беруді трансформациялау, жоғары оқу орнындағы білім беру үрдісі, білім беру ортасындағы коммуникация, өзара іс-қимыл және басқару, психологиялық-педагогикалық диагностика және қолдау, нәтижелерді бағалау және педагогикалық рефлексия. Пәнді игеру нәтижесінде магистранттар студенттердің жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқу сабақтарын жоспарлау және өткізу, оқытудың цифрлық және белсенді әдістерін қолдану, білім беру қызметін диагностикалау мен қолдауды жүзеге асыру, педагогикалық жоспарлау, кәсіби қарым-қатынас және психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін меңгеру дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тіл ғылымындағы антропоцентрлік парадигма
Пәннің мақсаты - тіл мен адам болмысының өзара байланысын зерттеуге бағытталады. Пән аясында магистранттар тілдің когнитивтік, прагматикалық, мәдени қырларын, сондай-ақ антропоцентрлік бағыттардың (когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, прагмалингвистика) теориялық негіздерін меңгереді. Қазақ тілінің материалдары негізінде тілдік сана, ұлттық концепт, әлем бейнесі, сөйлеу актілері мен бағалау категориялары талданады. Пән антропоцентрлік әдіснама негізінде дербес зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің метатілі мен метасөздігі
Тіл біліміндегі метатіл ұғымы, құрылымы туралы түсінік. Метатілдің зерттеу нысаны, пәні. Метатілді қарым-қатынас құрал ретінде қолдану. Метатілдің лингвистикалық статусы, оның тілде алатын орны мен функционалдық жүйесі. Метатіл ұғымы және терминологиялық анықтамалар. Терминологиялық сөздіктердегі кемшіліктер, сөздіктерде терминдерді берудегі қателіктер. Лингвистикалық метатілдің лексикографиялық дереккөздерде көрінуі. Қазақ терминологиясы дамуының негізгі аспектілері. Терминологиялық сөздіктердің топтастырылуы және түрлері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейіндік пәндерді оқыту әдістемесі мен технологиясы
Пәнді зерделеудің мақсаты - магистранттарда бейіндік пәндерді оқыту әдістемесі мен технологиясы саласында жүйеленген білімді қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар кәсіби қызметте этикалық нормаларды сақтауға қабілетті болады; білім алушының тұлғалық және кәсіби дамуының жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету мақсатында білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен құралдарын таңдауға және тиімді пайдалануға; алған білімдерін оқу, ғылыми және кәсіби-педагогикалық қызметінде қолдануға міндетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдебиеттанудағы жасанды интеллект: Қазақ әдебиетін талдау және оқыту
Пәннің негізгі мақсаты – магистранттарды жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қазақ әдебиетін талдау және оқыту процесінде тиімді қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздерімен таныстыру. Пән шеңберінде әдеби мәтіндерді сандық тұрғыдан зерделеу әдістері, атап айтқанда, ЖИ арқылы көркем шығармалардың стильдік, мазмұндық, тақырыптық және құрылымдық ерекшеліктерін автоматты түрде талдау, мәтіндер арасындағы интертекстуалдық байланыстарды анықтау, авторлық стильді сипаттау, эмоционалдық тон мен семантикалық өрісті айқындау сияқты бағыттар қамтылады. Сонымен қатар, ЖИ технологияларын қазақ әдебиетін оқытуда интерактивті және бейімделген әдістермен ұштастыру жолдары көрсетіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ шешендік сөздерінің поэтикасы
Шешендік өнер тарихы туралы түсінік. Риторика, поэтика жайлы дүниежүзі ғалымдарының тұжырымдары. Шешеннің шығармашылық тұлғасы туралы ғылыми тұжырымдар жүйесі. Қазақ шешендерінің табиғаты мен таланты. Шешендік сөздердің мазмұндық-пішіндік тұтастығы. Шешен таланты және стиль. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты. Шешендік теңеулердегі көркемдік стиль. Шешендік өнер және шешен шығармашылығының көркемдік бейнелеу құралдары. Шешендік сөздердегі троптар мен фигуралар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты - кәсіптік қызметте тілді белсенді меңгеру дағдылары мен іскерліктерін одан әрі дамыту негізінде шет тілді білім берудің халықаралық стандарттары шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі тереңдету. Оқыту нәтижелері: шет тілінде ауызша коммуникация дағдыларын қолдану; алынған ақпаратты кейіннен өңдей және түсіндіре отырып, тиісті мамандық бойынша шетелдік әдебиетті және қоғамдық-саяси бағыттағы мақалаларды оқу; ғылыми ақпаратты жалпы қабылданған негізгі нысандарда шет тілінде жазбаша баяндау; мәтіндерді жалпы ғылыми және кәсіптік бағыттағы мәтіндердің түпнұсқалық материалында шет тілінен оқу тіліне және шет тіліне аудару; Кәсіби-бағдарланған мазмұндағы материалда.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы және философиясы
Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың, ғалымдардың, оқытушылардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі үшін жалпы ғылыми, философиялық-әдіснамалық, дүниетанымдық және тәртіптік-теориялық базаны қалыптастыру. Пәнді зерделеу нәтижесінде магистрант: ғылыми зерттеу әдістерін таңдай алады және қолдана алады; ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі міндеттерін тұжырымдауға және шешуге; логикалық, жүйелі және сыни ойлау дағдыларын дамыту; теориялық білімді ғылыми проблемалар бойынша өз ұстанымын негіздеу және дәлелдеу үшін пайдалана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ поэзиясының поэтикалық жүйесі
Қазақ поэзиясының поэтикалық жүйесін ғылым ретінде тану. Қазақ поэзиясы ерекшеліктерінің теориялық негіздері. Қазіргі қазақ поэзиясының даму бағыттары. Қазақ поэзиясының поэтикалық тарихы. Көркем поэтика жүйесі. Поэтикалық, тілдік қолданыста ой мен образ тұтасқан күрделі оралымдар. Қазақ поэзиясының стилдік сипаты. Поэзияның ұлттық көркемдік негізі жыраулар поэзиясының поэтикасы. Бүгінгі қазақ поэзиясындағы ұлттық болмыс ұғымдары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жыраулар поэзиясы және шешендік өнер
Жыраулар поэзиясы мен шешендік өнер туралы жалпы түсінік. Жыраулар поэзиясы мен шешендік сөздердің жиналуы мен зерттелуі. Шешен мен жыраудың шығармашылық тұлғасы туралы ғылыми тұжырымдар жүйесі. Шешендік өнер негізінде қалыптасқан жырау мен шешен тұлғасы. Шешендік сөздер мен жыраулар поэзиясының мазмұндық-пішіндік тұтастығы. Шешен мен жыраудың талант табиғаты және шығармашылық қалыптасуы мен стилі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәтін лингвистикасы
Мәтін лингвистикасы. Мәтінді зерттеу бағыттары. Мәтінтану: айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Мәтін лингвистикасының шығу негіздері мен зерттеу бағыттары, әдіс-тәсілдері. Мәтінжасам. Мәтіннің типтері мен категориялары. Мәтінді байланыстырушы құралдар. Мәтін семантикасының концептуалды кеңістігі, талдау жүргізу бағыттары. Мәтін және дискурс. Мәтін талдаудың әдістері мен аспектісі, көркемдеуіш құралдар қызметі. Мәтін құрылымы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақ лингвистикасының ғылыми-зерттеу әдістері
Бұл пән магистранттарды қазақ лингвистикасындағы зерттеу тәсілдерінің тарихи қалыптасуы, дамуы және қазіргі әдістемелік бағыттарымен жан-жақты таныстырады. Пән шеңберінде лингвистикалық талдау бірліктері, олардың деректермен жұмыс істеудегі қолданылуы, зерттеу сұрақтарын құру, гипотеза түзу, деректер жинау және оларды интерпретациялау әдістері қарастырылады. Сонымен қатар, лингвистикалық корпус, сауалнама, интервью, эксперимент, мәтін талдау, статистикалық өңдеу сияқты заманауи зерттеу әдістерімен жұмыс жүргізеді. Қазақ тілінің нақты тілдік фактілері негізінде аналитикалық және эмпирикалық зерттеулер жасап, ғылыми жоба әзірлеу, мақала жазу мәдениеті мен ғылыми этика талаптарын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Лингвистиканың аспектілері мен жаңа бағыттары
Лингвистиканың негізгі аспектілері. Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттар. Жаңа лингвистикалық бағыттардың зерттелуі. Когнитивті лингвистика, психолингвистика, мәтін лингвистикасы, этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, прагмалингвистика, антропоцентристік лингвистика, нейролингвистика, коммуникативті лингвистика, лингвомәдениеттанудың негізгі зерттеу мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Әдебиеттану ғылымындағы әдебиет тарихын дәуірлеу маңызы. Әдебиет тарихын дәуірлеу ұстанымдары. Әдебиет тарихын дәуірлеу қағидаттары. Әдебиет тарихын дәуірлеудегі Б.Кенжебаев ұстанымы. 1960,1970,1980 жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселелері. Жыраулар поэзиясының ғылыми айналымға енгізілуі. Рухани жаңару және ұлттық құндылықтар. ХХ ғасырдың соңғы шигеріндегі ұлттық әдебиеттанудағы сөз өнерін дәуірлеу қағидаттары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауызша авторлық әдебиет поэтикасы
Әдеби үдерістегі шығармалар авторы туралы түсінік. Ауызша авторлық поэзиядағы әдебиет пен фольклор дәстүрлері тұтастығы. Авторлық поэзиядағы болжал өлеңдер. Ақын-жыраулардың болжам өлеңдері көркем әдебиеттегі психологизмнің болмыс-бітімін танытуы. Авторлық шығармалардағы өмірбаяндық- ғұмырнамалық өлеңдер, шежірелік жырлар. Қазақ шешендері – ауызша авторлы әдебиет өкілдері. ХІХ ғасыр басындағы ұлттық поэзияның көркемдік ерекшеліктері, әдеби сын. Айтыс оның түрлері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Тілді оқыту курсының құрылымы. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының біліктілік ерекшеліктері. Жоғары мектепте тілдік пәнді оқыту формалары. Қазақ тілі және оқыту әдістемесі бойынша СӨЖ ұйымдастыру әдістемесі. Қазақ тілін оқытуда ҒЗЖ ұйымдастыру жолдары. Қазақ тілін оқытуда негізге алынатын құжаттар. Қазақ тілінің арнайы пәндерінің орны және әдістемелері. Тілді жоғары мектепте оқытудың жаңа әдістемесі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Аударматану теориясы мен практикасы
Аударма ғылымы және оның қалыптасу тарихы. Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысы. Аударма-тілдік және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы. Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма. Аударманың негізгі түрлері. Аударматанудағы баламалық мәселелер. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. Лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдары. Аударматану саласының терминологиялық жүйесі. Түпнұсқа мәтінін аудару жолдары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жазбаша аударма практикасы
Аударманың жазбаша үрдісіндегі жанама түрінің мәні мен маңызы. Аударманың жазбаша түрдегі нұсқасының талдануы. Жазбаша аудармадағы функционалдық сауаттылық мәселесі. Жазбаша аударманың басты ұстанымдары мен қағидалары. Аударманың лексикалық мәселелері. Фразеологизмдердің, біріккен және қос сөздердің аудармаларындағы айшықты мәселелер. Тілдік қатынастағы аударманың рөлі. Жазбаша аударманың практикалық, тәжірибелік ерешеліктері. Аударманың жазбаша үрдісіндегі әдіснамалық сипаты.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі
Әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу, даму тарихы. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны, әдеби білім кезеңдері. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің әдіснамалық және ғылыми негіздері. Әдебиетті оқытуда қолдынылатын жаңа технологиялар. Жоғары мектепте сабақ өткізуге қойылатын талаптар. Дәріс, семинар сабақтары. Эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесі. Көлемді шығармаларға байланысты мағлұматтар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвомәдениеттану және танымдық тіл білімі
Тіл мен ұлт мәдениеті арасындағы байланыс. Ұлттың мәдени ерекшеліктері. Әлемнің тілдік бейнесі. Мәдениеттің тілдік категория ретінде тұжырымдалуы. Мәдениет категориясының қазақ ұлтының дүниетанымдық және дүниетанушылық ұстанымдарында көрініс табу. Тілдің құрылымы мен халықтың мәдени ойлау құрылымы арасындағы параллелизм. Қазақ әлемінің тілдік бейнесі. Тіл қуаты мен ментальдылық. Халықтың мәдениетін бір тұтас ететін факторлар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Пәннің мақсаты – қазақ тілінің грамматикалық құрылымының тарихи даму жолдарын зерттеуге бағытталады. Пән барысында тілдің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерінің қалыптасуы мен эволюциясы көне түркі жазба ескерткіштері негізінде қарастырылады. Сонымен қатар, грамматикалық категориялардың пайда болуы, өзгеруі және қазіргі тіл жүйесіне ықпалы талданады. Пән қазақ тілінің тарихын терең түсініп, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы грамматикалық құбылыстарды талдау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көркем шығарманы талдаудың ғылыми-теориялық негіздері
Әдебиет теориясы. Эстетика. Поэтика. Көркем әдебиеттің табиғаты. Шығармашылық әлемі және әдеби болмыс. Көркем шығарманы әдеби талдау жолдары. Сюжеттік - композициялық құрылым. Көркемдік деталь, оқшау эпизод, лирикалык шегініс, штрих, эпилог, пролог. Роман жанры және оның түрлері. Көркем шығарманың проблематикасы. Стиль. Сөз өнерінің теориялық тарихы. Прозалық, лирикалық, драмалық туындыларына талдау жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Тіл тарихын дәуірлеу мәселесі. Шумер жазуы мен көне түркі жазуының арасындағы сабақтастық. Алтай дәуірі. Қазақ тілі тарихының дамуындағы Ғұн дәуірі. Қазақ тілі тарихының дамуындағы Көне түркі дәуірі. Орта түркі дәуірі. Жаңа түркі дәуірі. Ең жаңа түркі дәуірі. Руникалық көне түркі алфавитінің құрамы жайлы көзқарастар. Қазіргі тіліміздің дамуындағы жаңа бағыттар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көркем әдебиеттегі ұлттық ментальдікті оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Тіл мен ұлт мәдениеті арасындағы байланыс. Ұлттың мәдени ерекшеліктері. Әлемнің тілдік бейнесі. Мәдениеттің тілдік категория ретінде тұжырымдалуы. Мәдениет категориясының қазақ ұлтының дүниетанымдық және дүниетанушылық ұстанымдарында көрініс табу. Тілдің құрылымы мен халықтың мәдени ойлау құрылымы арасындағы параллелизм. Қазақ әлемінің тілдік бейнесі. Тіл қуаты мен ментальдылық. Халықтың мәдениетін бір тұтас ететін факторлар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сөз мәдениетіндегі лингвоэкология аспектілері
Сөз мәдениетінің экологиясы. Макроэколингвистика. Микроэколингвистика. Тілдік факторлар. Тілдік қақтығыстар. Тілдік саясат. Тілдік жоспарлау. Тілдік геноцид. Тілдік ситуация. Тілдік сана. Тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы. Сөз қызметіндегі ситлистикалық қатынастардың бұзылуы. Сөйлеу этикасы. Сөз мәдениеті және мониторинг мәселелері. Тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпиялық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар және олардан ауытқу. Тіл тазалығы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем шығармадағы психологизм
Қазақ әдебиеттану ғылымында қалыптасқан психологизмді ғылым ретінде тану. Көркем шығармадағы психологизм мәселесін тәжірибе жүзінде қолданудың жолдары. Көркем шығармадағы өмірлік шындық пен көркем шындықтың психологизмге қатысы. Көркем шығармадағы психологизмге қатысты ғылыми пікірлер мен тұжырымдар. Көркем шығарманы психологиялық талдаудың жолдары. Образ бойынша талдаудың жолдары. Диалог, монологты көркем шығармада образды ашудағы қызметі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Менеджменттегі қазіргі теориялар мен концепциялар бағыттарының ерекшеліктерін және ғылым тарихы мен философиясының мәселелерін талдай отырып, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді табады.
- Қазіргі заманғы зерттеу әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін пайдаланады.
- Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын; ЖОО-да бейіндік пәндерді оқытудың заманауи тәсілдерін, әдістері мен технологияларын біледі; оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді; студенттерді оқытуға және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға ынталандырады; білім беру қызметінде цифрлық құралдар мен платформаларды пайдаланады.
- Қазіргі кезеңдегі қазіргі әдебиеттің және оның тарихының өзекті мәселелерін айқындайды және оларды өзінің кәсіби қызметінде ұтымды пайдаланады, болашақ ұрпақтың ұлттық идеясын қалыптастыру мақсатында Алаш қайраткерлерінің ұлттық идеясын талдайды
- Авторлық ауызша әдебиеттің ерекшеліктерін, жазбаша әдебиетпен сабақтастығын, көркем поэтика жүйесі мен көркем шығармадағы психологизм концепциясын танып білу арқылы көркем шығарманы талдайды.
- Жасанды интеллект технологияларын қазақ әдебиетін талдау және оқыту үдерісінде тиімді қолдана отырып, әдеби мәтіндерді цифрлық-гуманитарлық тұрғыда интерпретациялайды, ЖИ платформаларымен жұмыс істеп, нақты әдеби жобалар әзірлейді және алынған деректерді оқыту үдерісінде тиімді пайдаланады.
- Педагогикалық әдістерді қолдана отырып, сабақтардың түрлі түрлерін жоспарлап, ғылым, білім және инновацияның тығыз интеграциясы негізінде жаңа формациядағы жоғары білікті педагог кадрларын дайындауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, қазақ лингвистикасының ғылыми-зерттеу әдістерін зерттеп, ұлттық ментальділіктің ғылыми-теориялық негіздеріне сәйкес әдебиет пен лингвистикалық зерттеулерді оқытудың әдіснамалық принциптері мен әдістеріне талдау жүргізеді.
- Лингвистикалық сөздіктерді салыстырады, метатілдік корпустарды дамытады және терминологиялық сәйкессіздіктерді талдайды. Антропоцентрлік парадигма негіздерін меңгерген және зерттеу жүргізу дағдыларын қолданады.
- Қазіргі лингвистикалық ілімнің іргелі ізденістері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, меңгерген білімдерін зерттеу жұмысы мен оқыту әдістемесінде қолданады, әлемдік филология процесін зерттеудің эмпирикалық әдістері мен мәтіннің лингвистикалық аспектілерін талдау әдістерін пайдаланады.
- Қазақ тіл мен әдебиет тарихының қалыптасуы мен дамуы туралы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне, жыраулар поэзиясы мен шешендік өнердің ерекшеліктеріне, жан-жақты терең талдау жүргізеді. Сондай-ақ қазақ тілінің тарихи грамматикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.
- Аударма теориясы мен практикасын игеру арқылы аударылатын мәтіннің сапасын талдайды, көркем мәтінді аудару мен түсіндірудің ерекшеліктерін ескере отырып, аударма саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.