Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01711 Қазақ тілі мен әдебиеті в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Пәндер

  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Мақсаты – әдебиет тарихының дәуірлеуі туралы әдебиеттану ғылымындағы ғылыми бағалау жүйесін саралап таныту. Әлем әдебиетінің тарихи кезеңдері, дәуірлеуінің ортақ заңдылығы, әдебиет тарихы мәселелері, теориялық мәселелер, ұстанымдар меңгертіледі. Пән сыни, талдау, жүйелі ойлау дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Курс магистранттарға сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлерін, лексикалық және грамматикалық материалдарды меңгеруді көздейтін студенттердің коммуникативті және лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін қажет. Практикалық сабақтар барысында шағын топтардағы магистранттар кәсіби міндеттерді шешу үшін шетелдік көздерден қажетті ақпаратты іздестіреді, рөлдік және іскерлік ойындар ойнайды, түрлі тақырыптар бойынша топтық пікірталастар мен пікірсайыстарға қатысады, дөңгелек үстелдерге қатысуды ұйымдастырады, бұл шет тілділердің бұрын алған ауызша сөйлеу іскерліктер мен дағдыларын жетілдіруге және бекітуге мүмкіндік береді. Өздік жұмыс аясында зерттеу эсселерін жазады, конференциялар мен семинарларда сөз сөйлейді, конкурстарға қатысады. Қорытынды бақылау ауызша емтихан нысанында жүргізіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихи мен философиясы

    Пән магистранттарда заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдау, ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, ғылыми дүниетаным негізінде кешенді зерттеулерді жобалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Практикалық сабақтар кезінде магистранттар жекелеген ғылымдар мен ғылыми теориялардың философиялық мәселелері, ғылыми зерттеу мәселелері туралы пікірталастарға қатысады, философия мен әдіснаманың қазіргі тұжырымдамалық бейнесі туралы зерттеудің өзекті тақырыптары бойынша өздігінен жиналған деректерді интерпретациялауды қолдана отырып зерттеу очерктерін жазады. Өздік жұмыс барысында білім алушылар ғылыми зерттеу мәселелері мен ғылым генезисі туралы идеяларды талдау арқылы жағдайаттық мәселелер мен кейстерді шешеді. Кейс тапсырмаларын шешу барысында магистранттар оның жетістіктері негізінде ғылым эволюциясының тарихи процесі мен әртүрлі философиялық мектептердің қалыптасуы арасындағы тығыз байланыс саласындағы қажетті білім мен дағдыларды алады. Бұл оқыту технологиялары магистранттарға идеялық деңгейде ғылыми білімнің қалыптасу тарихының гносеологиялық аспектілерін және оның жеке тұлға мен жалпы қоғамның дамуына әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Емтихан эссені ашық қорғау форматында қарастырылған

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ тіліндегі орамды сөйлемдер

    Қазақ тіліндегі сөйлемаралық байланысу жолдары. Қазақ тілі синтаксисіндегі сыйысу проблемасы. Қазақ тіліндегі орамды сөйлемдер: аралас құрмалас; көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас; көп басыңқылы сабақтас құрмалас; көп сыңарлы салалас құрмалас. Қазақ тіліндегі өрнекті сөйлемдер: күрделі синтаксистік бірлік (тұтастық); абзац; мәтінішілік құрылым бірліктері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби сынның даму тенденциялары

    Филологияның ғылыми негізі; көркем мәтінді филологиялық талдау туралы түсінік; филологиялық талдаудың методологиясы. Лингвистикалық талдаудың түрлері. Көркем мәтінді стилистикалық талдау, стилистикалық талдау туралы жалпы түсінік, мәтіндерге стильдік талдау жасаудың түрлері. Көркем мәтінге әдеби талдау жасау, әдеби талдаудың мақсаты мен міндеттері, әдеби талдаудың негізгі өлшемдері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанудың тарихи негіздемесі

    Мақсаты – әдебиеттің ғылыми теориялық негіздерінің тарихи қалыптасуын түсіндіру.Әдебиеттану ғылымының тарихи дамуы, зерттеулік мәселелері мен әдіснамалық бағыты. Қазақ ақындары мен жырауларының шығармашылық мұрасының әдебиет тарихындағы орны, кезеңдік ерекшелігі, көрінісі, ғылыми-теориялық әдіснамасы туралы түсінік

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм

    Мақсаты – қазақ әдебиетіндегі модернизм мен постмодернизм ағымдарының сипаты мен ерекшелігін таныту. Екі ағымның пайда болуы мен дамуы; қазіргі әдеби көрінісіндегі байланысы. Қазақ әдебиетіндегі модернизм/постмодернизмнің дамуы; зерттелуі. Қазақ/ шетел әдебиеті байланысы. Қазіргі әдебиеттегі көрінісі, әдеби-теориялық әдіснамалық негіздерді білу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби байланысы

    Мақсаты – қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен, ішкі сала аралық байланысын теориялық негізден шығарып түсіндіру. Шығыс елдері мен қазақ әдебиетінің рухани алмасу арналары. Әдеби байланыстардың теориялық негіздері. ХVІІІ-ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы рухани дәстүр жалғастығы. Әдебиет пен өнердің дамуындағы дәстүр мен жаңашылдық. Пән бойынша әдеби-теориялық әдіснамалық негіздің қалыптастырылу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ЖОО-да әдебиетті оқыту теориясы

    Әдебиетті оқытудың ғылыми негіздері; ұстанымдары. Әдебиеттік білімнің экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік, тарихи өзгерістерге негізделіп оқытылуы; ұлттық және жалпыадамзаттық әдеби дамуға бағытталуы; Әдебиеттің ұлттық, адамзаттық құндылықтарды, халықтық мәдениет пен салт-дәстүрді құрметтеуге, руханилыққа, патриотизмге тәрбиелеу көзі болып табылатыны; шығарма мәтіндерінің тарихи мәлімет, адамзаттық құндылық негіздерін игертетін рухани құрал екені

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Пән магистранттардың жоғары мектеп педагогикасы саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, жоғары мектеп педагогикасының дамуы туралы жүйелі түсінік қалыптастыруға, қазіргі білім беру жүйелерінің алдында тұрған мәселелерді түсінуге, жоғары білім берудің заманауи үрдістерін іске асыру тәжірибесін жинақтауға, оқыту әдістері мен әдістемелерін және оқытудың заманауи технологияларын пайдалануға бағытталған. Теория мен практиканы ықпалдастыру тәжірибелік сабақтар арқылы мүмкін болады, оның барысында магистранттар алған білімдерін нақты білім беру жағдайларында қолдана алады. Өздік жұмыс шеңберінде магистранттар жобалау қызметін іске асыру арқылы ЖОО білім беру жүйесінің әдістемелік мәселелері бойынша зерттеу жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті поэтикасы

    Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерген Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, К.Ахметова, С.Жиенбаев, И.Оразбаев, Т.Медетбеков сияқты ақындардың қатарын бүгінде Г.Салықбаева, С.Нұржанов, Б.Үсенов, Б.Жақыпов, Т.Көпбаев, Ж.Әскербекқызы, Т.Досымов, О.Тұржанова тәрізді ақындар толықтырды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі

    Мақсаты – жоғары мектепте әдебиетті оқытудың ғылыми негіздерін түсіндіріп, ұстанатын қағидалар мен талаптарды, оқыту әдісін қолдануға бағыттау. Пән бойынша тарихы мен зерттелуі, оқытудың қазіргі заманғы әдістері, қолдану әдістемесі, педагогикалық құралдар меңгертіледі; әдебиетті оқытудың ғылыми-теориялық заңдылықтары, жоғары мектепте теориялық, тәжірибелік сабақ жүргізу дағдыландыры қалыптастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу жұмысының әдіснамасы және академиялық жазу сауаттылығы

    Курс ЖОО-да жобалау-зерттеу жұмысын жүзеге асыру және ұйымдастыру үшін қажетті ғылыми және ғылыми-техникалық құжаттаманы ресімдеу бойынша іскерліктер мен дағдыларды дамытуға бағытталған. Курс магистранттардың зерттеу жүргізуінің және білім алушылардың зерттеулерін ұйымдастырудың теориялық негіздерін қамтиды. Практикалық сабақтар кезінде магистранттар қайталама дереккөздерге сілтеме жасау дағдыларын дамытады, халықаралық деректер базасында жұмыс істейді, плагиатқа қарсы түрлі бағдарламаларды пайдаланады, зерттеу эсселерін жазады, баяндамалар, ғылыми журналдарға мақалалар, конференциялар мен семинарларда тезистерді дайындайды, студенттерге дайындық бағыттары бойынша жобалар тақырыбын әзірлейді, жобалар кезеңдерінің сипаттамаларын жасайды, білім алушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруға диплом жұмыстарын кеңес беруге қатысу арқылы үйренеді. Магистранттар ЖОО студенттерінің ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруға қатысады. Өздік жұмыс шеңберінде білім алушылар жоба бойынша топтық жұмысқа қатысады, зерттеу нәтижелерін талдайды және таныстырады. Қорытынды бақылау топтық жобаны қорғау түрінде жүргізіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіл білімінің өзекті мәселелері

    Функционалдық лингвистиканың ғылыми бағыттары. БАҚ тілі және оның орыс тіліндегі сөйлеушілердің күнделікті сөйлеу тіліне әсері. Орыс тілін демократизация сы және оның заманауи коммуникацияға әсері. Жаңа сөздерді қалыптастыруда ғы қазіргі тенденциялар мен олардың лексикографиясының мәселелері. Тіл біліміндегі «тілдік-сөйлеу» мәселесі. Мәтін лингвистикалық зерттеу объектісі ретінде. Қазақстандағы орыс тілінің дамуы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі салаларының контактологиясы

    Мақсаты – тіл білімі салаларының өзара байланысынан туындайтын теориялық негіздердің заңдылық белгілерін көрсету. Тіл біліміндегі фоносинтаксистік қызмет; қазақ фразеологизімінің лексика-синтаксистік қызметі; күрделі сөз атауларының синтаксистік, қосымшалар мен түбір сөздердің морфосинтаксистік қызметі. Синтаксистегі сөйлем мүшелері байланысындағы паратаксистік қызмет, оның ғылыми-теориялық әдіснамалық негіздері. Паратаксиситік заңдылық

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміндегі тұлғатану

    Гуманитарлық ғылымдағы жаңа бағыт – лингвофольклористика. А.Байтұрсынұлының лингвофольклорлық мұралары. Қ.Жұбанұлының мәдени-фольклорлық мұралары. С.Аманжоловтың әдеби-лингвистикалық мұралары. Өңіраралық ғылым аспектілері. М.Ж.Көпейұлының лингвистикалық мұралары. Б.Уақатов шығармаларындағы лингвофольклорлық аспект. Ж.Досқараевтың классикалық еңбегі: мәдени-тілдік аспект. Н.Қ.Жүсіповтің зерттеулеріндегі фольклорлық мұра және оның тілдік қолданысы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән болашақ магистрлердің басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, ұйымдастырушылық мәселелерді талдау және басқару функцияларын жүзеге асыру іскерліктерін игеруге ықпал етеді. Кәсіби іс-әрекетте оқыту әдістемелері мен әдістерін және заманауи оқыту технологияларын қолдану. Практикалық сабақтар шеңберінде магистранттар түрлі тақырыптар бойынша пікірталастар мен пікірсайыстарға қатысады, дөңгелек үстелдерге қатысуды ұйымдастырады, бұл стандартты емес жағдайларда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді табуға және олар үшін жауапкершілікті қабылдауға мүмкіндік береді. Өздік жұмыс барысында білім алушылар басқару психологиясының өзекті мәселелеріне баяндамалар мен зерттеу эсселерін жазады. Белсенді оқыту әдістері, сыни ойлау технологиялары, проблемалық оқыту, кейс-технологиялар, АКТ технологиялары, "төңкерілген сынып" әдістемесі, шығармашылық жұмыс қолданылатын болады. Пән портфолионы қорғау түріндегі емтиханмен аяқталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі

    Мақсаты – жоғары мектепте тіл оқытудың ғылымилығын, қағидалары мен талаптарын, әдіснамасын таныту. Тарихы мен зерттелуі Тілді оқытудың ғылыми-теориялық негіздері мен заңдылықтарын игертіп, теориялық, тәжірибелік сабақ жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Тілді жоғары мектепте оқытудың әдістері, педагогикалық технология негіздерін үйрету. Тілді оқытудағы әдіс талғамдығы мен нәтижелілігі.Әдістер қолданысы.Қажетті/қажетсіз әдістерді ажырату. Педтехнология маңызы мен өнімділігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғай отырып, пікірталас жүргізу
  • Мамандыққа, қоғамдық, әлеуметтік, этикалық және ғылыми ой-тұжырымдарға қатысты қоғамдық пікір қалыптастыру үшін ақпаратты талдап, түсінік беру
  • Әдістемелік курстарда игерген жаңа технологияларды, білімі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдаланып, көрсету
  • Мол ақпарат ағынынан мамандыққа қатысты мәліметтердің қажеттісін қолдана алу;
  • Кәсіби, қоғамдық мәселені шешуде құзіреттілігі мен білімін қабілетін пайдалану;
  • Кәсіби қызметінде оқыту жұмысын жүйелеу, ғылыми ой-пікірлерге сыни баға беріп, қорытынды тұжырым жасауы; мәселелерді талдап, анықтап, бағалау
  • Кәсіби қызметте жұмысты ұйымдастырып, өздігінен шешім қабылдайды
  • Мамандық дәрежесін жоғарылатуда, білімін одан әрі тереңдетуде тиісті оқу дағдыларын қолдану және оны сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді
  • Мамандыққа қатысты пәндік курстың негізгі ұғым-түсініктерін, теориялық қағидаларын ажыратып, жеткізу
  • Кәсби қызметінде білім алушының жеке қасиетін, білімін тану, бағалау барысында педагогикалық зерттеу нәтижелерін қолданады
Top