7M02302 Қолданбалы филология в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби қызметін жоғары оқу орындарында, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу мекемелерінде іске асыра алатын біліктілігі жоғары филолог-маман дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Функционалды синтаксис мәселелері
Функционалды тіл білімі – тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметін сипаттайтын бағыттар мен көзқарастардың жиынтығы.Функционалды грамматика тілдің дәстүрлі жүйесінің негізін нысанаға ала отырып, сөйлеу процесінде сөйлеу актілері бойынша қандай функция атқарады немесе атқарып тұр деген мәселені тануға, соны оқып-үйретуге, меңгеруге талап қояды. Функционалды грамматиканың негізгі ұғымдарын, жұмсалымдық бағыттың ерекшеліктерін, тілді функционалдық тұрғыда зерттеудің қазіргі ұстанымдарын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарында тиімді қарым-қатынас жасау үшін пәндік саладағы шетел тілінің сөйлеу әрекетінің дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Курс арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуді, ауызша және жазбаша екі жақты аударма тәжірибесін үйретуге арналған. Арнайы мақсаттағы шетел тілінің ерекшеліктері мен кәсіби сөйлеу нормалары мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Басқарушылық қызметтің психологиялық заңдылықтары, менеджер қызметінің құрылымында әлеуметтік-психологиялық білімді пайдалану ерекшеліктері, тиімді басқарудың негізінде жатқан әлеуметтік-психологиялық принциптерді талдау дағдылары, басқару психологиясының теориялық ережелері мен өзекті мәселелері; басқару психологиясының ерекшеліктері, басшының жеке ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Макросинтаксис теориясы
Пәннің мақсаты –ойды аяқтайтын сөйлем емес, мәтін екендігіне назар аудару, күрделі синтаксистік тұтастық мәселелерін, мәтінтүзімдік құралдарды синтаксистік тұрғыдан қарастыру.Пәнді оқыту барысында мәтінге тән белгілер, мәтінтүзімдік құралдар, сөз таптары, оның ішінде, есімдіктердің, шылаулардың, сан есімдер мен үстеулердің мәтін байланыстырудағы қасиеттері, толымсыз, атаулы сөйлемдердің мәтін байланыстырушылық қасиеті, синонимдердің, қайталаулардың мәтінге қатысы тәрізді мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Ғылыми танымның дамуға бейімділігі мен өзгеріп отыратын әлеуметтік-мәдени бейінінің маңыздылығы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Ғылымның философиясы, әдістемесі туралы, ғылым танымдық қызмет және дәстүр ретінде, әлеуметтік институт және қазіргі өркениеттегі мәдениеттің ерекше саласы ретінде сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Библиография негіздері және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру
Арнайы әдебиеттер, реферативті журналдар, анық¬тамалық әдебиеттер, мамандық бойынша мерзімді баспасөздер материалдарымен таныстыру. Библиографиялық карточка, картотека, каталогтар, көр¬сеткіштермен жұмыс істеуге үйрету. Тіл теориясындағы шешімдерді қазақ тіл білімі арқылы жүзеге асыруға ұмтылу; тілдік айғақтарды теориялық тұрғыдан бағалауға үйрену. Магистрантарды ғылыми және шығармашылық жұмысқа, үйретіп дағдыландыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Жоғары білімнің қазіргі парадигмасы және жоғары мектептегі ғылыми қызмет теориясы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында зерттеледі. Педагогика, кәсіби шебер-мамандарды тәрбиелеу, білім беру ұйымдарында оқытудың кәсіби дағдылары, жоғары мектепте педагогикалық бақылау және білімді бағалау туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Эволюциялық лингвистика
Эволюциялық лингвистика – тілдің тарихи дамуында байқалатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл білімі пәні түрінде тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттеу, тілдің даму үдерісімен байланысты қарастыру, тілдегі құбылыстардың шығу тегін, тарихи өзгерістері мен дамуын зерттеу оның қазіргі жағдайын, қыр-сырын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Іскери дискурс негіздері
Іскери дискурс негіздері пәні іскери дискурстың негізгі сипатын, іскери құжат түрлерін, ережелері мен қағидаларын, мен оларды жүргізудің әдіс-тәсілдерін қарастырады. Институционалды дискурстың бір жанры болып есептелетін іскери дискурстың спецификасы мен оған тән сипаттамалары беріліп, оның бірнеше типтік белгілері сипатталады. Іскери дискурсқа берілген ғалымдардың анықтамалары келтіріліп, іскери дискурстың көпқырлылығы атап өтіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құжат лингвистикасы
Құжаттану пәні іс қағаздарын жүргізудің өзіндік жүйесін, қалыптасқан ережесін, дайындалу тәртібін, іс қағаздарын жүргізу негіздерін, басқа пәндермен байланысын, теориясы және жазба практикасын қарастырады. Пән студенттердің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын тереңдетіп, іс қағаздарын жүргізуге байланысты іскерлігін қалыптастырады. Қоғамдық институт негізінде мәселелерді шешуге, уағдаластыққа қол жеткізуге және адресатқа тілдік ықпал етуге бағытталған қарым-қатынасты реттеуге бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Рефлективті оқыту әдістемесі
Рефлективті оқыту әдістемесі аясында рефлективті сабақ беруге дағдылану, оқытудың дамуы, сабақ берудің сапасын көтеру жолдары, тиімді оқыту мен сабақ берудің негізі, оқытуға жағдай жасау, оқыту ортасын қалыптастыру, оқушылармен қарым-қатынас жасау, білім беру үшін оқыту, оқыту бағдарламасын жүзеге асыру, тиімді стратегиялардың жасалуы, нәтижені терең талдау, оқушы үлгерімін бағалау жолдары, білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету жолдары, білімді тереңдету тәрізді мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Диахрониялық лингвистика
Диахрониялық лингвистика арқылы ғылым мен мәдениет тарихындағы тіл туралы білімнің дамуына, онын теориялық мәнін түсінуге, жалпы тіл туралы тілдің шығу тегіндегі теориялар мен тұжырымдарды, ағым-дәстүрлерді, бағыттар мен мектептерді талдауға арналған зерттеулер жасауға мүмкіндік жасалады, тіл туралы ілімнің даму процесін айқындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі
Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін білу, Отандық және әлемдік әдістемемен байланысын, ара-қатынасын түсініп, ғылыми-практикалық тұрғыда түсінік беріледі. Педогогикадағы әдістемелік бағыттарды білу. Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесінде оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгеру ерекшеліктері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Коммуникативтік сөйлеу мәдениетінің ұлттық сипаты
Курста коммуникативтік сөйлеу мәдениетінің негізгі мәселесі, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымы, тілдік құралды мәдениетті сөйлеуде дұрыс қолдану білу заңдылығы қарастырылады. Бұл курс магистранттардың коммуникацияда сөйлеу мәдениетінің ұлттық сипатын қалыптастыруға көмектеседі. Сөйлеу мәдениетінің ғылыми-теориялық негізін меңгертуге, болашақ мамандарды әдеби тілдің нормасын сақтап, сөзді орынды қолданып, айтар ойын көркем, айқын әрі әсерлі етіп жеткізе білуге баулиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сөйлеу мәдениетінің ғылыми негіздері
Курста сөйлеу мәдениеті түсінігі, нормативі, этикалық және коммуникативті аспектісі, сөйлеу мәдениетінің талаптарын ұстану арқылы ақпаратты ауызша және жазбаша жеткізе білу жолдары қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: сөйлеу мәдениетінің нормасын меңгереді; сөз этикетінің табиғатын түсінеді; қатысым процесі кезінде этикеттік мәнге ие тілдік бірліктерді орынды қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәтін және дискурс теориясы
«Мәтін және дискурс теориясы» пәнінде мәтіннің құрылымы, семантикасы, дускурс түрлері, мәтін және дискурс айырмашығы, т.т. мәселелер сөз етіледі. Мәтін және дискурс теориясына қатысты ғалымдардың пікірлері сараланады. Мәтін ғылымдағы интеграциялық үдерістер тұрғысынан сипатталады. Жаңа парадигмаға сәйкес мәтін автор-мәтін-оқырман үштағаны негізінде талданады. Тілдік бірліктердің (сөз, сөз тіркесі, т.б.) мәтінде трансформациялануы, үйлесуі, тіркесу қабілеті, т.б. қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Іскерлік риторика
Риториканың қалыптасу және даму тарихы. Магистранттардың болашақ маман ретіндегі іскерлік риторикасы және сөйлеу тәртібі. Қазіргі жалпы риторика заңдары. Коммуникативтік ынтымақтастықтың принциптері. Жария сөз сөйлеудің құрылымы. Дәлелді сөйлеу: жалпы сипаттамасы, түрлері, тактикасы. Риторикалық идеал, іскерлік сөйлеу мәдениеті. Маманның кәсіби қызметіндегі риторикалық мәдениет. Сөйлеу мәдениеті және оның іскерлік қарым-қатынастағы рөлі. Сөйлеу этикеті. Іскерлік қарым-қатынастың психологиялық аспектілері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кәсіби коммуникацияның филологиялық негіздері
Кәсіби коммуникацияны филологиялық қамтамасыз етудің теориялық негіздері: филологиялық қамтамасыз ету адами қарым-қатынастың негізі ретінде. Кәсіби қарым-қатынастың түрлері мен деңгейлері, әртүрлі коммуникациялардың заманауи тұжырымдамалары, кәсіби дайындық жүйесіндегі коммуникативті құзыреттілік. Іскерлік қарым-қатынасты филологиялық қамтамасыз ету: жазбаша және ауызша коммуникация: түрлері мен функциялары. Мәдениаралық коммуникация.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Риторика негіздері
Риторика негіздері аясында риториканың ғылым ретіндегі сипаты, мазмұны және құрылысы, риторика ұғымы және оның тіл жүйесіндегі орны, риторика тарихы, риториканың негізгі заңдары мен ережелері, шешендік өнер және риторика, шешендік өнер мен риториканың ұғымдық айырмасы, сөз мәдениеті және көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі тәрізді мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ әдебиетіндегі көркем ойлау формалары
«Қазақ әдебиетіндегі көркем ойлау формалары» пәні қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, ұлттық сөз өнеріне қосылған көркем шығармаларды талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу, білім алушылардың рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыруға әсерін пайымдауға үйретеді. Әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық даму жолдарын пайымдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби коммуникация теориясы мен практикасы
Кәсіби коммуникация коммуникативистикадағы жаңа бағыт ретінде. Кәсіби қарым-қатынас теориялары мен модельдері. Жазбаша іскери қарым-қатынас. Іскерлік ауызша жанрлар. Бейвербалды іскерлік қарым-қатынас. Мәдениаралық коммуникация. Мәдениетаралық коммуникацияның қалыптасуы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны. Мәдениаралық қарым-қатынас түрлері. Лингвистикалық зерттеулер мен сараптамалар кәсіби қызмет нысаны ретінде. Редакторлық қызметті филологиялық қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі текстология
«Қазақ әдебиетіндегі текстология» пәні қазақ әдебиеті тарихындағы текстологиялық жұмыстар Абай шығармаларын жарыққа шығарып, халыққа тарату кезеңінен басталғанын және ғылыми айналымы туралы. Сонымен қатар текстологиялық жұмыстарды көне дәуір текстологиясы, ортағасырлық текстология, халық ауыз әдебиеті текстологиясы, шығыс әдебиеті текстологиясы және жаңа заман әдебиеті текстологиясы деп қарастырып, ғылыми негіздемесін пайымдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дискурс теориясы
«Дискурс теориясы» пәнінде дискурс терминнің дефинициясы,түрлері, т.б. секілді қазіргі кездегі өзекті мәселелер айтылады. Дискурс теориясыпәнінде қарастырылатын мәселелелер: мәтін мен дискурстың арақатынасы; дискурс түрлерін ажырату мен тіл мәдениеті проблемасымен сабақтастығы; прагмастилистика мен мәтіннің прагматикасы мәселелерін анықтаудағы дискурс мәселелері; кинодискурс мәселелері; дискурстың просодикасы; тілдік тұлға мен дискурс арақатысы проблемалары және дискурстық талдау мәселелері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазіргі өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық көзқарас дағдыларын қолданады, кәсіби қызмет аясында қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени үрдістерді болжау және жобалау әдістерін меңгереді. Білім беру мекемелерімен (стейкхолдерлерімен) өзара қарым-қатынасқа түседі.
- Басқарушылық қызметтің психологиялық заңдылықтары мен менеджер қызметінде әлеуметтік-психологиялық білімді пайдаланады. Білім беру ұйымдарында оқытудың кәсіби дағдылары мен жоғары мектепте педагогикалық бақылау және білімді бағалауды меңгереді.
- Арнайы мақсаттағы шетел тілінің ерекшеліктері мен кәсіби сөйлеу нормалары, әртүрлі коммуникациялардың заманауи тұжырымдамаларын негізінде кәсіби коммуникативтік құзыреттілік қалыптасадыКоммуникацияда сөйлеу мәдениетінің ұлттық сипаты мен мәдениаралық коммуникация нормаларын меңгереді. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асырады, библиографиялық картотека, каталогтар, көрсеткіштермен,цифрлық өнімдермен жұмыс істеу және цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгереді.
- Тіл жүйесінің тарихи дамуын, тілдегі құбылыстардың шығу тегі мен тарихи өзгерістерін ескере отырып, тілтуралы теориялар мен тұжырымдарды, ағым-дәстүрлерді, бағыттар мен мектептерді салыстырады, тілдің қазіргі жағдайын талдайды, дамуын болжайды.
- Жаңа парадигмаға сәйкес автор-мәтін-оқырман үштағаны негізінде тілдік бірліктердің мәтінде трансформациялануын, тіркесу қабілетін талдайды. Құжаттау мен іс қағаздарын жүргізудің теориясы мен жазба практикасын меңгереді. Мәтін мен дискурстың арақатынасын, дискурс түрлерін анықтайды.
- Рефлективті оқыту әдістемесі аясында оқыту ортасын қалыптастыру, оқушылармен қарым-қатынас жасау, оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін тиімді стратегиялардықолданады. Филологиялық пәндерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгереді.
- Макросинтаксистің қолданбалы аспектілерін, синтаксемалардың, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің, күрделі синтаксистік тұтастық пен мәтіндердің функционалдық-семантикалық ерекшеліктерін анықтайды.Функционалды грамматиканың негізгі ұғымдарын, жұмсалымдық бағыттың ерекшеліктерін, тілді функционалдық тұрғыда зерттеудің қазіргі ұстанымдарын меңгереді.
- Риториканың негізгі заңдары мен ережелерін, сөйлеу мәдениетін,сөйлеу этикетін меңгереді, іскерлік қарым-қатынастағы сөз мәдениеті мен көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі қалыптасады. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындайды, әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралайды, текстологиялық талдаулар жасайды.