Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01702 Қазақ тілі мен әдебиеті (ғылыми педагогикалық) в Болашақ

Пәндер

  • Ғылым тарихы және философиясы

    Философиялық дайындықтың мазмұны магистранттардың философиялық компетенттілігін қалыптастыруды меңгереді. Ғылым тарихы мен философиясының мәні мен маңыздылығын біледі. Ғылымның пайда болуы мен дамуын, ғылыми теориялары мен әдістерінің өзгертілуін жан-жақтан және терең талдау жүргізуге дағдыланады. Ғылым тарихы мен философиясы пәнінен алған білімді практикада пайдалана алатын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    «Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнін оқуда тіл тарихын дәуірге бөліп қарастырудағы алғашқы ізденістер мен ғылыми концепциялар арасындағы қайшылықтарды, теориялық көзқарастарды, осы бағыттағы жетістіктер мен іркілістерді қазіргі таңдағы басты талап тұрғысынан зерделеуді меңгереді. Тіл тарихын дәуірлеуге қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың критерийлерін біледі. Тіл тарихын дәуірлеуге, әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктерінің анықтауға дағдыланады. Тіл тарихын дәуірлеуде келтіріліп жүрген ғылыми-зерттеу ізденістерін тілші маман ретінде саралай алуға, талдай білуге құзыретті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы

    Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы ғылыми-әдіснамалық, теориялық көзқарастарды, осы бағыттағы жетістіктер мен іркілістерді жан-жақты зерделеніп, меңгертіледі. Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы әдеби мұраны игеру, зерттеу, дәстүр мен жалғастық, тарихи сабақтастық сынды күрделі ғылыми мәселелерді меңгертуге негізделеді. Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы, арғы-бергі әдебиет үлгілері, Отандық әдебиеттанудың тарихының тәжірибелерін бөзекті мәселеілуге, өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуға дағдыланады. Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихының теориялық мәселелерін меңгеру арқылы білімдік құзыреті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы

    Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы ғылыми-әдіснамалық, теориялық көзқарастарды, осы бағыттағы жетістіктер мен іркілістерді қазіргі таңдағы басты талап тұрғысынан меңгеру көзделеді. Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы қарастыру әдеби мұраны игеру, зерттеу, дәстүр мен жалғастық, тарихи сабақтастық сынды күрделі ғылыми мәселелерді біліп шығады. Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы әлемдік ғылыми ізденістермен қатар отандық әдебиеттанудағы осы мәселедегі ғылыми-зерттеушілік ізденістердің тәжірибелерін айырып тануға дағдыланады. Ұлттық әдеби теориясының қалыптасу тарихы тарихы және әдебиет тарихын дәуірлеу принциптері жөнінде білім алып, аталған мәселелерге орай білімдік құзыреті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Курс психология заңдылықтары тұрғысынан білім беру саласындағы кәсіби қызметті талдау қабілетін қалыптастырудың негізгі аспектілеріне, кәсіби қызметте психологиялық заңдарды қолдану, тұлғаның ұйымдастырушылық мінез-құлқының технологиясы және тұлғааралық қарым-қатынасты орнату, басқарушылық функциялардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау және олардың кәсіби қызметке әсерін анықтауға арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөліп қарастырудағы алғашқы ізденістер мен ғылыми концепциялар арасындағы қайшылыққа толы белестерді, ғылыми-әдіснамалық, теориялық көзқарастарды, осы бағыттағы жетістіктер мен іркілістерді қазіргі таңдағы басты талап тұрғысынан меңгереді. Әдебиеттанудағы әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздерін қарастыру әдеби мұраны игеру, зерттеу, дәстүр мен жалғастық, тарихи сабақтастық сынды күрделі ғылыми мәселелерді біліп шығады. Әдебиет тарихын дәуірлеудегі әлемдік ғылыми ізденістермен қатар отандық әдебиеттанудағы осы мәселедегі ғылыми-зерттеушілік ізденістердің тәжірибелерін айырып тануға дағдыланады. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы және әдебиет тарихын дәуірлеу принциптері жөнінде білім алып, аталған мәселелерге орай білімдік құзыреті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лириканы ғылыми зерттеу принциптері

    Лириканы оқытуға арналған ғылыми-теориялық еңбектерге шолу. Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу тәрбиелік міндеттеріне сай берілетін меңгерту. Лирикадағы ақындық тіл ой нақтылығымен, табиғи бояуымен, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз етуі. Лириканы оқытудағы басты мәселе мазмұн мен форма бірлігін сақтау. Лирикадағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын түсіну, шығармадағы шынайы адамдық сезім биігін ұғындыруға дағдылы болу. Көркем мәтінді әдеби талдаудың тарихын, міндет-мақсаттарын білу, мазмұн мен эстетикалық тәсілдерді айыру, дүниетаным және эстетизмді тани білу құзыреттілігіне ие болу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетіндегі дәстүр және жаңашылдық

    «Қазақ әдебиетіндегі дәстүр және жаңашылдық» таңдау пәні аясында соңғы онжылдықтар белестерінде жазылған романдарды тарихи шындық пен дәстүр және жаңашылдық, көркемдік шешім поэтикасы заңдылықтары бойынша саралап қарастыру – басты мақсат. Қазақ романдардағы өмір шындығының тарихи шындықпен бейнеленуі, тарихилықтың көркемдік шындыққа негіз болуының ерекшеліктері, реалистік сипат пен көркемдік қиял жинақтауларының сабақтастығы, тарихи тұлғалар мен оқиғалардың көркемдік шешіммен жинақтала бейнеленуі т.б. мәселелерді білу Бұл курсты бастау үшін магистранттардың қазақ әдебиетінің тарихынан, әдебиеттану ғылымының тарихынан қажетті білімдері болуы керек Қазіргі қазақ әдебиеті, әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сынының тарихы пәндерінен білім құзыреттілігінің болуы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми аударманың негіздері

    Аударма ғылымының теориясы мен практикасын меңгереді. Білу: Ғылыми аударма және оның өзіне тән ерекшеліктерін біледі. Аударманы тілдік жағынан қарау дәлдікке, деректі нақтылыққа жол ашады, материалдарды жүйелеуге, тілдерді салыстыру арқылы неғұрлым жалпылаушы мәні бар қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Магистранттар осындай мүмкіндіктерді тәжірибе жүзінде пайдалануға дағдыланады. Аударма – тек шығармашылық емес, сонымен бірге нақты қозғалыстарды керек ететін технологиялық та үдеріс. Аударманың шығармашылық сипаты ғылыми аудармаға ғана тән емес, сол сияқты аударма қоғамдық-саяси, публицистикалық, ғылыми шығармаларда да шеберлікті қажет етеді. Магистранттардың осындай шеберлік құзыреті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тіліндегі этнолингвистиканың даму жолдары

    Қазақ тіліндегі этнолингвистиканың даму жолдары жайлы теориялық материалдарды; қазақ тіліндегі этнолингвистиканың даму жолдары туралы; қазақ тіліндегі этнолингвистиканың даму жолдарына қатысты материалдарды талдау дағдысы; меңгерген теориялық білімін іс жүзінде пайдалана білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Шетел тілінің практикалық курсы бағдарламада болашақ маманның білім мен іскерлікке деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған пән ретінде қарастырылады, ол оған: оқудың жетекші рөлінде сөйлеу қызметінің барлық түрлерінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.; Одан әрі кәсіби қызмет үшін ЖОО-да алған білімін өз бетімен тереңдету және біліктерін жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ лингвистикасындағы жаңа бағыттар

    Функционалды тіл білімінің өркендеуіне орай тіл білімі ғылымында қалыптасқан жаңа бағыттар жөнінде жан-жақты мәлімет меңгереді. Қазақ лингвистикасында қалыптасқан бағыттар туралы ғылыми пайымдаулармен танысып, олар жөніндегі теориялық тұжырымдарды біледі. Қазіргі қалыптасып отырған жаңа бағыттарға байланысты әдебиеттерді оқуға және өздігінен ізденуге дағдыланады. Қазақ лингвистикасында қалыптасып отырған жаңа бағыттар жөнінде, атап айтқанда, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, паралингвистика, этнолингвистика, прагмалингвистика туралы ой қорытуға құзыретті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ тіліндегі синкретизм құбылысы

    Қазақ тіліндегі синкретизм құбылысы жайлы теориялық білім меңгереді., синкретизм құбылысы жайлы академиялық деңгейде білім алады. синкретизм құбылысына қатысты материалдарды талдауға, тәжірибе жүзінде еркін пайдалануға және оны оқытуға іскерлік жағынан дағдыланады. қазақ тіліндегі синкретизм құбылысы жайлы ғылыми пайым жасауға дағдыланған магистранттардың ғылыми ой қорыту, тұжырым жасау және өзіндік тұжырымға келу машығы артады. Осы арқылы кәсіби құзыреті жағынан жетіле түседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ тарихи романы: жеке тұлғаның философиялық мәні

    Ұлттық әдебиеттегі роман жанрының қалыптасуы, тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетпен өзара сабақтастығын меңгереді. Проза жанрының дамуындағы іркілістер мен ізденістердің сыр-сипатын танып біледі. Тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттің даму жолдарын бағамдау, әдеби-теориялық талдау жасауды меңгеру. Прозалық туындыларды әдеби талдау жолын игеру, әдебиеттің ұлттық сипатын танып, білу негізінде талдау жасай алу құзыреті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем әдебиетті зерттеудің ғылыми-теориялық принциптері

    Көркем әдебиетті зерттеудің ғылыми-теориялық принциптерін меңгереді. Магистранттар қазақ, орыс, әлем әдебиеттанушыларының классикалық еңбектерінің құрылымы мен мазмұнын біледі. Ғылыми зерттеу ісін жоспарлау мен ұйымдастыру дағдысы қалыптасады. Ғылыми-зерттеу жұмысының ұйымдастырылуындағы негізгі принциптерді, ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлаудың кешенді бөлшектерін біртұтас дүние ретінде қарастыру құзыреті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми мәтіннің прагматикалық мәселелері

    Ғылыми мәтіннің прагматикалық мәселелері аударма ғылымының теориясы мен практикасын меңгертеді. Ғылыми мәтіннің прагматикалық мәселелері тілдік элементтердің дұрыс, әсерлі қолданылуын өзінің объектісі санайтын стилистика тіл білімінің барлық салаларымен тығыз байланысты екендігі, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы түсінік беру. Ғылыми мәтіннің прагматикалық мәселелері қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беріп, оларды ажыратудың жолдарын көрсету, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырата білуге дағдылы болу; Ғылыми мәтіннің прагматикалық мәселелерінің зерттеу нысаны, мақсаттары, негізгі ұғымдары, мәселелері. Қазақ прагмалингвситиканың зерттелу жайында білім беруге құзыретті болу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте оқыту әдістемесі мен әдістері. ЖИ технологиясы

    Пәннің мақсаты-жасанды интеллекттің заманауи технологиялары мен оқытудың цифрлық құралдарын ескере отырып, жоғары мектепте оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және талдаудың әдіснамалық және практикалық дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мазмұны – жоғары мектепте оқытудың заманауи тәсілдерін, белсенді және интерактивті оқыту әдістерін, білім беру нәтижелерін бағалау технологияларын, оқу іс-әрекетін автоматтандырылған талдау және оқытуды дербестендіру құралдарын, сондай-ақ жоғары білімге ЖИ енгізудің этикалық, құқықтық және педагогикалық аспектілерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Драмалық жанрлар теориясы

    Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән заңдылықтармен таныстыру. Драмалық шығармалардың мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері. Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, шегініс, монолог, диалог, ремарка, т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметін меңгеру. Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары. Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшеліктерге назар аударту. Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, режиссер, актер, суретші еңбегі. Драмалық жанрлардың табиғатын ажырата білу, Көркем мәтінді әдеби талдауды әдіснамалық тұрғыдан өсу-өркендеу жолына талдау жасай білуге дағдылы болу. Мектеп жағдайында драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелерді меңгеру құзыреттілігіне ие болу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Арнайы мақсаттардағы қазақ тілі

    Нормативті қазақ тілінде қолданылған тілдік құралдардың мағынасын, мәнін, эстетикалық қызметін айқындай алу, көркем шығарманы талдаудың жолдары мен әдістерін меңгеру. Қазақ тілінің нормативті грамматикасын, көркем мәтін және оның түзілу заңдылықтарын, ондағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге қатысын білу Нормативті қазақ тілінің қызметін, өмір сүру формаларын, сөздің айтылуы мен жазылуын, дыбыс, әріп, фонема, үндестік заңы туралы, орфография туралы түсінік, олардың ерекшелігін айқындай. Нормативті қазақ тілі фонетикалық дыбыс алмасуларына жатпайтын құбылыстардың сырын, морфологиялық қосымшалардың жалғану ерекшеліктерін ұғыну

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму тенденциялары

    Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттарынан жан-жақты хабардар болып, сыни көзқарастарын қалыптастырады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттарын айқындап, оның ұлттық әдебиеттану ғылымынан алар орнын анықтап, өзіндік теориялық тұжырымдарын қалыптастырады. Магистранттар қазақ әдебиеті тарихындағы тәуелсіздік тұсында жазылған прозалық, поэзиялық, драмалық туындыларды талдап, таразылай алатын дағдыға ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орфография мен пунктуацияның өзекті мәселелері

    Емле және ондағы ережелер, орфографиялық норма мен пунктуация мәселелері жан-жақты қамтылып, олар қазіргі заманғы кәсіби маманға қойылатын жоғары талап деңгейіне сай баяндалады. Негізгі әрі өзекті мәселелер талданып көрсетіледі және норманың сипаты мен себебі түсіндіріледі. Қазіргі жазу өнері, ондағы басты проблемалар және олардың себептері мен салдары сипатталады. Графикалық таңбалаудың ой дәлдігі үшін маңызы нақты мысалдар арқылы талданады. Ойдың ішкі мазмұны мен сыртқы тұлғалануы арасында тепе-тең баланстың болуы орфография мен пунктуация нормаларына тікелей байланысты екені меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық грамматика теориясы

    Академиялық грамматика теориясы қамтып жатқан фонетика, морфонология, лексикология, сөзжасам, морфология және синтаксис жайлы теориялық білім меңгереді. Тілдің жекелеген салаларының әрқайсысы жайлы академиялық деңгейде білім алады. Грамматика теориясын тәжірибе жүзінде еркін пайдалануға және оны оқытуға іскерлік жағынан дағдыланады. Грамматика теориясы жайлы ғылыми пайым жасауға дағдыланған магистранттардың ғылыми ой қорыту, тұжырым жасау және өзіндік тұжырымға келу машығы артады. Осы арқылы кәсіби құзыреті жағынан жетіле түседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттары

    Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттарынан жан-жақты хабардар болып, сыни көзқарастарын қалыптастырады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттарын айқындап, оның ұлттық әдебиеттану ғылымынан алар орнын анықтап, өзіндік теориялық тұжырымдарын қалыптастырады. Магистранттар қазақ әдебиеті тарихындағы тәуелсіздік тұсында жазылған прозалық, поэзиялық, драмалық туындыларды талдап, таразылай алатын дағдыға ие болады. Тәуелсіздік тұсында жазылған көркем шығармалардың табиғатын танып, өз бетінше теориялық тұрғыдан талдай алатын білімділік құзыретіне ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы

    Әдеби тіл тарихын дәуірлеудегі проблемалар таныстырылып, ұлт тілінің қалыптасуындағы кезеңдердің ерекшеліктері мен ірі тұлғалары жөнінде толық мәлімет беріледі. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың негізгі ұстанымдары баяндалады. Қазақ әдеби тілінің тарихындағы алғашқы мұралар және олардың қазіргі әдеби тілмен арақатынасы, ықпалы, дәстүр жалғастығы т.с.с. жайлы мол дерек ұсынылады. Әдеби тіліміздегі лексикалық әрі грамматикалық нормалардың қалыптасу жолдары түркітілдес өзге халықтар тілінің даму тарихымен сабақтастырыла сипатталады. Магистранттардың әдеби тіл тарихын меңгеріп қана қоймай, тілдегі қазіргі заңдылық-нормалардың алғышартын да білетін кәсіби маман ретінде қалыптасуына тікелей ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар

    Қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар еңбектерін жүйелі түрде, жан-жақты меңгереді. Қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар шығармаларының теориялық құндылықтары мен қайшылықтарын білуі керек. Магистранттар қазақ әдебиеті тарихындағы ақтаңдақтар еңбектерін теориялық тұрғыдан меңгеріп, әлемдік әдебиеттанудағы ғылыми мектептер, олардың ғылыми зерттеудегі бағыттары, әдіс-тәсілдері жайлы зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады. Әдебиет тарихы, қазақ әдебиеті сынының тарихы, орыс әдебиетінің тарихы, методологиялық мәселелері жөнінде білімділік құзыретіне ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркітану мәселелері

    Түркітану мәселелеріндегі оқылым, тыңдалым, айтылым сөйлеу әрекеттерін меңгерту. Түркітану мәселелерін үйренуге қажетті мәтіндер оқудың, жаттығулар жасаудың, аударма жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыра білу. Түркітану мәселелерінде диалог және монолог түрінде сөйлеудің дағдысын жетілдіріп шығару. Түркітану мәселелеріндегі теориялық білімді іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруда құзыретті болу

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіз жылдардағы қазақ романы

    Ұлттық әдебиеттегі роман жанрының қалыптасуы, тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетпен өзара сабақтастығын меңгереді. Проза жанрының дамуындағы іркілістер мен ізденістердің сыр-сипатын танып біледі. Тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттің даму жолдарын бағамдау, әдеби-теориялық талдау жасауды меңгеру. Прозалық туындыларды әдеби талдау жолын игеру, әдебиеттің ұлттық сипатын танып, білу негізінде талдау жасай алу құзыреті қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Когинитивті лингвистика

    Тіл мен таным, басқаша айтқанда, тіл мен діл (менталитет) арақатынасы сипатталып, ұлттың немесе жеке адамның сөйлеу тіліндегі мағына мен ұғымның кодталу ерекшелігі жөнінде кең мағлұмат беріледі. Әлемнің тілдік картинасы туралы, оның қалыптасу үлгілері туралы ұстанымдар мен тұжырымдар таныстырылады. Адамның өмір сүру формасының (наным-сенім, ғұрып) тіл арқылы көрінетіні түсіндіріледі. Қазіргі лингвистика теориясындағы антропоөзекті парадигма жайлы отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастары баяндалады және аталған парадигманың заманауи лингвистикадағы ғылыми жетістіктері жан-жақты меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәтін синтаксисі

    Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдарын меңгереді: Мәтін параметрлерін, мәтін бірліктерін; Мәтінді талдай білу, мәтін категорияларын анықтау, мәтін бірліктерін грамматикалық және семантикалық тұрғыдан зерттей білу; алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ-ХХІ ғасырлар межесіндегі қазақ әдебиеті

    Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиетінің жаңа даму бетбұрысын меңгереді. Әдеби ағымдар мен бағыттардың сыр сипатын, қамылып отырған кезеңдегі қаламгерлер шығармаларының поэтикасы мен стиль даралығын біледі. Хронологиялық жүйені сақтай отырып, әдеби-теориялық тұрғыдан ғылыми, жүйелі талдаулар жасауға дағдыланады. Көркем мәтінді әдеби талдаудың тарихын, міндет-мақсаттарын және мазмұн мен эстетикалық тәсілдерді айыра білу, дүниетаным мен эстетизмді тани білу, талдау жасай алу құзыреті кемелденеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерін тарихи-салыстырмалы зерттеу

    Түркі тілдері, оның аясындағы түркі жазба ескерткіштері, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын меңгереді. Тарихи-салыстырмалы зерттеулерге қойылатын талаптар, түркітануға байланысты орта ғасырлардағы зерттеулер, түркітанудың ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы және қазіргі кездегі зерттелуін біледі. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы және ондағы негізгі дәуірлер, түркі тілдеріне жасалған тілдік жіктеулер жөнінде тұжырым жасауға дағдыланады. Жеке түркі тілдерінің зерттелу жайы мен дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылысындағы негізгі белгілері сияқты мәселелерді талдай алу құзыреті болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ прозасының типологиясы

    Қазіргі қазақ прозасының типологиясын тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан топтастыра отырып меңгереді. Қазіргі қазақ прозасындағы ағымдар мен бағыттардың сыр-сипатын танып, білуге үйренеді. Ұлттық прозаның даму

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

    Қазақ әдебиетінің теориялық және монографиялық еңбектердегі зерттелу мәселелерін жүйелі түрде меңгереді. Әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңінен бастап, күні бүгінге дейінгі аралықтағы өзекті мәселелерін біледі. Магистранттар әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы пәндерін меңгерген және әдебиеттану ғылымы және оның әдіснамасы, әлемдік әдебиеттанудағы ғылыми мектептер, олардың ғылыми зерттеудегі бағыттары, әдіс-тәсілдері жайлы зерттеушілік дағдысы қалыптасады. Әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сынының тарихы, орыс әдебиетінің тарихы, методологиялық мәселелері жөнінде білімділік құзыретіне ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдерін диахронды және синхронды зерттеу

    «Түркі тілдерін диахронды және синхронды зерттеу» пәнінің мақсаты - түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең меңгерту. Түркі тілдерін диахронды және синхронды зерттеу тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерінен кең түрде мәлімет алуларына жағдай туғыза білу. Түркі тілдерін диахронды және синхронды зерттеуді оқыту арқылы болашақтың білімді де, білікті тіл мамандарын ғылыми-теориялық тұрғыдан терең қаралуына дағдылы болу. Түркі тілдерін диахронды және синхронды зерттеудің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең білуге құзыретті болу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сөйлеу тілі синтаксисі

    Тіл біліміндегі функционалды синтаксис мәселелерін меңгереді; сөйлеу тілі элементтері мен жазба тіл деректерін бір-бірінен ажырата алу және тілде қолдана білу. функционалды синтаксис саласына қатысты ғылыми еңбектерді саралай алу дағдылары, тілдік талдаулар жасай білу, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, сөйлесім әрекетінің тілдік бірліктерін орынды қолдана білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік қатынастар дамуындағы қазіргі заманғы тенденциялар, оқытудың психологиялық табиғаты, тарих, даму және ғылым философиясы туралы білімдерді игереді; жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жобалау және философиялық талдау әдістерін пайдалана отырып, шығармашылық дамып келе жатқан ортаны құру қабілетін көрсетеді; жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларына, қабылданған рухани, адамгершілік және құқықтық нормаларға негізделген әлеуметтік және кәсіби өзара іс-қимылға дайындығын көрсетеді.
  • Ғылымдағы нақты өзекті мәселелерді смпаттайды және зерттеу әдістерін анықтайды; ғылыми-теориялық күрделі мәселелерді талдайды; ғылым және ондағы проблемалар туралы зерттеушілік пікір-көзқарасы нақтыланады; ғылыми мақсатқа жету үшін қажет міндеттерді анықтай алады және олар жөнінде нанымды әрі жүйелі тұжырым жасауға төселеді; теория мен практиканың арақатынасын, ғылыми түйін жасау мен дәлелдеуді салыстыра алады; ғылым және ғылыми жұмыс туралы білімі тереңдейді, теориялық тұрғыда қорытындылай алады.
  • Тақырып өзектілігінің негiздемесін, зерттеу обьектісін пайдалана отырып, методологиялық сипаттамаларын, зерттеудің теориялық базасы болып табылатын негізгі әдебиет көздерін iрiктейді және зерттейді. Әдебиет тарихын дәуірлеуді, әдебиеттану ғылымындағы тарих пен әдебиеттің сабақтастығын, ежелгі дәуірден бергі қазақ әдебиетінің дамуын меңгереді; әдебиет теориясының өзекті мәселелерін, көркем әдебиетті зерттеудің ғылыми принциптерін игереді.
  • Тіл тарихын дәуірлеуде теориялық тұжырымдары мен әдіс-тәсілдерін, синтаксистік жүйедегі үнемдеу құбылыстарының заңдылықтарын қолданып, түркі тілдерін тарихи-салыстырмалы зерттеу және тілдердің классификациясын ұғыну арқылы ғылыми аударманың мәтіндегі контексін дұрыс қолданады.
  • Тәуелсіз жылдардағы әдебиетте жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын, ХХ-ХХІ ғ. аралығындағы Абай дәстүрі мен үлгісін дамытудың сан-салалы шығармашылық жетістіктеріне назар аударып, аударма саласындағы қол жеткен жетістіктерді үйретеді; ХХ-ХХІғ. әдебиетіндегі қазақ әдебиетінің басты қаламгерлерінің шығармашылығына тоқталып, әдеби процестің мәні мен мазмұнын түсінеді; өзекті ғылыми-зерттеу жарияланымдарына негізделетін және зерттеу жүргiзетiн саладағы жетекшi мамандар алған негiзгi нәтижелер мен ережелердi талдауды, диссертациялық зерттеу шеңберінде олардың қолданылушылығын бағалаудан тұратын зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді меңгереді.
  • Академиялық грамматика теориясының ғылыми таным құрылымын, формасы мен әдісін, оның дамуын, жалпы қағидаларын, қазіргі филологияның негізгі бағыттарын, қазіргі ғылымда қолданылатын зерттеу әдістері мен олардың тәсілдерін, жаңа білімді жетілдіру амалдарын игереді; адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы әлеуметтік рөлдерді орындау, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін меңгереді.
Top