Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01403 Бейнелеу өнері және сызу в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Пәндер

  • Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

    «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» бейнелеу өнерінің негіздерімен тікелей байланысты мамандану пәні болып табылады. Курс барысында магистрант арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәнін бакалавр кезіндегі «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі және оқыту әдістемесіне кіріспе» пәндерімен байланыстыра білуі керек. Ең бастысы, білім саласындағы магистр заманауи оқыту технологияларының қағидалары мен ережелерін меңгеріп, олар үшін ғылыми контент жасап, ғылыми қорытынды моделіне бейімделуі шарт.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Басқару психологиясы

    Курстың мазмұны басқару психологиясының тәсілдері мен бағыттарын, басқарудың психологиялық заңдылықтарын, басқару мәселелерін жоспарлау мен шешу ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған. Білім алушылар конфликттік жағдайларды шешудің психологиялық әдістерімен танысады, жұмысты ынталандыру тәсілдерін, басқарудың тиімді стильдерін қолдану әдістерін меңгереді. Басқару процесінің тиімділігінің төмендеуінің негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Адам ресурстарын дамытудағы көркемдік білім (көркем білім беру әдістемесі)

    Адам ресурстарын дамытудағы көркемдік білім пәні заманауи талаптарды қажет ететін пән. Пән негізінде магистрант бейнелеу өнерінің біліктілік қабілетін, оның ішінде адам ресурстарын дамытудағы тетікті жағдаяттарды білуі шарт. Курс аясында білім алушы адам ресурстарын оқыту, басқару, мәдениет және т.б. салаларынан контент-анализ жасай отырып, ондағы көркемдік білім қорының концепциялық тезисін жасауға ғылыми бағыт алуы керек.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Шет тілі (кәсіби)

    Тиісті білім саласының түпнұсқа әдебиетін шет тілінде еркін оқуға оқытуды көздейтін кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттерді меңгеру; мамандық бойынша монологиялық және диалогтік нысанда ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамыту; магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты тақырыптарда жазбаша ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастықтың нысандары мен түрлерімен танысу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Педагогикалық өнертану

    «Педагогикалық өнертану» гуманитарлық ғылымдар саласындағы педагогика ғылымымен біріктірілген пән негізінде қарастырылады. Курс барысында магистрант өнер тарихы бойынша бакалавр кезеңінде оқыған білімін өнертанумен ұштастырады. Бұл ретте магистранттар тақырыптарда үлгілік эсселер, жобалар, тезистер жасай отырып, өнертанудың педагогикалық мәніне бағдарланады. Олар қазіргі оқыту процесінде өнертанудың негізгі тұжырымдамалары мен теорияларын талдауды және өнертанудың алғышарттарын қарастыруды және үйлесімді дидактикалық тұжырымдамаларды құруды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылыми ойлау мәдениетін зерттеуге бағытталған, аналитикалық мүмкіндіктер мен зерттеу дағдыларын қалыптастырады, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білім береді. Ғылымның тарихи эволюциясын және олар қалыптастыратын философиялық перспективаларды зерттейді. Қазіргі ғылымның пайда болуы, оның әлеуметтік және институционалдық байланыстары сипатталған. Ойлау эксперименттеріне, теорияларды растау мен теріске шығаруға, сандық және сапалық зерттеу әдістерінің пайда болуы мен қолданылуына байланысты жалпы философиялық мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Музей педагогикасы теориясы мен әдістемесі

    Бұл курста мұражайдың білім беру мәні теориялық негізделген. Мұражай педагогикасы өзінің объектісі мен пәні, категориялық міндеттері бар ерекше зерттеу саласы ретінде анықталған. Курс мұражай педагогикасы пәнінің даму бағыттарына қысқаша шолу жасайды. Мұражай-білім беру ортасы және оның басты компоненті – мұражай заттары, олардың мақсаты мен көркемдік экспозицияға кірігуі қарастырылады. Бұл пән білім алушы магистранттардың ғылыми бағыттарына шолу жасау үшін ұсынылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Курс жоғары оқу орындарындағы пәндерді оқытудың принциптері, әдістері мен технологияларын зерттеуге бағытталған, білім беруді басқару, кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған оқыту әдістері және білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуге дайындық мәселелері қарастырылады. Дидактика, заманауи білім беру тұжырымдамалары, оқу үдерісін жобалау және жоғары білімнің ерекшеліктері қамтылады. Магистранттар оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру технологияларын тәжірибеде қолдану және рефлексия дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Көркем білім берудің эстетикасы мен тарихы

    Көркем білім берудің эстетикасы мен тарихы атты курс магистранттардың өнер тарихы мен теориясы аясында оқытылатын пән. Курс кезінде магистрант өнер тарихындағы мектептер мен бағыттарға ғылыми сараптама жасай алу керек. Сонымен бірге пән көркем білім берудің эстетиканың заманауи ағысындағы талаптарына да назар аударады. Пән аясында магистрант педагогика мен өнерді өзара ұштасытара білуі қажет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Көркем педагогика тарихы

    Көркем педагогика тарихы пәні гуманитарлық ғылым саласындағы тың пәндердің бірі болып табылады. Курс негізінде магистрант педагогика тарихына синтездік анализ жасап оған ғылыми мән береді. Сонымен бірге бейнелеу өнерін оқытудың Болон кескіндеме мектебі мен Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбектеріндегі негізіне назар аударып, оны заманауи оқыту үрдісімен, оның ішінде бейнелеу өнерімен байланыстырып сараптама жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби компьютерлік бағдарламалар және компьютерлік моделдеу

    Кәсіби компьютерлік бағдарламалар және компьютерлік модельдеу пәні бейнелеу өнері және дизайн бағытындағы заманауи компьютерлік бағдарламаларды игеруге арналған. Курс кезінде магистрант заманауи компьютерлік бағдарламалар және компьютерлік модельдеудің кәсіби машығы мен теориясын меңгереді. Жаһандық бәсеке жағдайында ірі компьютерлік жобалар мен бағдарламалардың негізі арқылы коммуникациялық байланысты игереді. Сондай-ақ түрлі дизайн және жарнамалық бағдарламалардың практикалық білімдері қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми жоба және халықаралық жариялау

    Бұл пән өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін оқытылады. Курс кезінді магистрант тақырыптардың өзектілігін, зерттеуге қатысты ғалымдардың зерттеулерін жинақтап ғылыми жоба және халықаралық жариялаудың тәсілдерімен танысады. Танымал Web of Science, Scopus базалары негізіндегі мақалаларға жариялаудың жолдарын игереді. Пән барысында ғылыми жоба және олардың орындалу мен тәртібін қарастырады. Пән магистранттардың ғылыми ізденісін арттыру үшін арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дизайн және жарнамалық технология

    Дизайн және жарнамалық технологиялар пәні дизайн саласымен тікелей қатысты пән болып саналады. Курс барысында магистрант бүгінгі күндегі дизайн теориясын танып, оған контент жасаудың негізін қарастырады. Сонымен бірге аймақ дизайны және оның жағдайы туралы ғылыми сараптама жасауды үйренеді. Жарнама және жарнамалық технологиялардың қоғамдық әлеуметтік байланысын зерттеп оның коммуникациядағы негізін талдауы қажет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент

    Оқу курсының мазмұны менеджменттің ғылыми мектебі, мақсаттары, міндеттері, басқару принциптері сияқты маңызды сипаттамаларын зерттеуге бағытталған. Магистранттар адам мінез-құлқының себептерін зерттеуге және диагностикалауға; басқарушылық шешімдер қабылдауға; басқару құрылымын талдауға дайын болады. Кәсіби функцияларды жүзеге асыруға байланысты мақсаттарды қою және міндеттерді қалыптастыру. Басқару міндеттерін шешу үшін командалық өзара іс-қимылды ұйымдастыру қажеттілігі. Білім беру мекемелеріндегі басқару қызметінің ерекшеліктеріне аналитикалық талдау жасау курста қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дизайн және компьютерлік графика

    Қаріптер, мәтін, иллюстрациялар немесе бейнелер арқылы ақпаратты беру үшін суреттермен, графикалық элементтермен және объектілермен жұмыс істеуді көздейтін тапсырмаларды орындауға арналған бағдарламалар, қызметтер, платформалар сияқты дизайн және компьютерлік графика саласында ЖИ құралдарын қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бейнелеу өнері бойынша оқушылардың зерттеу қызметі

    Бейнелеу өнері бойынша оқушылардың зерттеу қызметі пәні білім алушылардың бейіндік біліктілілігін арттыру үшін әзірленген. Курс негізінде білім алушы бейнелеу өнерінің түрлері, стилдері, бағыттар мен теориясын ғылыми айналымға бағыттаумен шұғылданады. Заманауи бейнелеу өнерінің әлеуметтік-қоғамдық барысын ескере отырып, білім мен оқыту шеңберіндегі тенденцияларын игереді. Толыққанды ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспары мен мазмұндары курс аясында қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми мәтіндерді дайындау және редакциялау

    Ғылыми мәтіндерді дайындау және редакциялау пәні магистранттардың ғылым машығына әзірлейтін пән болып табылады. Курс кезінде ізденуші ғылыми мәтіндерді дайындаудың үлгілерімен танысып, болашақ жұмыстарының теориялық және практикалық жақтарын жазуды үйренеді. Сонымен бірге ғылыми мәтіндерді дайындау және редакциялаудың ұдайы жаңартылған жаңа стандарттарымен танысады. Ғылыми мәтіндерді редакциялаудың этикалық жолдарының тізбелік реттілігімен танысып үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем білім беру саласындағы зерттеулер

    Көркем білім беру саласындағы зерттеулер пәні кәсіби құзыреттілік пен кәсіби іс-әрекеттің нақты формаларын мазмұнын ашу үшін енгізілген. Көркемдік білім, білік және дағдыларды тереңдету мақсатында магистрант ізденіс жұмыстары игеру шарт. Көркем білім беру саласындағы тың және заманауи зерттеулерге аналитика жасап, оларды ғылыми айналымға келтіруді үйренуі қажет. Сондай-ақ оқу курсы кезінде білім алушы көркем білім беру саласындағы зерттеулерге мақалалар әзірлеуді үйрену керек.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның бейнелеу өнері

    Қазақстанның бейнелеу өнері пәні магстранттар үшін аса қажет. Отандық бейнелеу өнерінің тарихын тек өнер теориясы мен өнертану арқылы білім негізінде білуден бөлек ізденуші магистрант еліміздегі өнер тарихын ғылыми түрде бағдарлау керек екендігін түсіну керек. Осы тарапта аталмыш пәннің маңызы зор. Тек қана класикалық бейнелеу өнерін ғана емес, сонымен бірге мәдениеттану, археология, этнография, этнология т.б. ғылым салаларының негізіндегі отандық өнер тарихын кешенді танысып оқиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өнер морфологиясы

    «Өнер морфологиясы» пәні өнер әлемінің құрылымы туралы ілім. Пәнде қазіргі заманғы өнер жүйесі түрлері, жанры, өнерді жіктеу принциптері, кеңістіктік және уақытша өнер, бейнелеу және бейнелеу өнері, қарапайым өнер, синтетикалық өнер түрлері қамтылады. Курс барысында білім алушы магистрант көркем образдар жүйесіндегі адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасының мән- мағыналарын танып, оны ғылыми бағытта игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейнелеу өнерінің образды тілі

    Бейнелеу өнерінің образды тілі пәні оқу және тәрбие процестерімен өзара байланысты. Пәннің мақсаты өнерін қабылдауда үздіксіз мақсатты оқыту үрдісінде рухани қасиеттерді, сезімдерді және эмоцияларды дамыту. Мәселен алғанда сюжеттің мазмұны мен мағынасын түсіну арқылы өнер туындыларын қабылдау және оның ғылыми бағдарын анықтау. Көркемдік көзқарасты қалыптастыру, эстетикалық қабылдауды дамыту, өнер туындыларымен танысу барысында өнермен қарым-қатынас жасау қажеттілігінен бөлек магистрант өз ізденіс жұмыстарында пәнінің негізі бойынша мақалалар әзірлейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем шығармашылық психологиясы

    Көркем шығармашылық психологиясы пәнінің мақсаты - шығармашылықты, оның механизмдерін, дарындылығын, қабілеттерін, негізгі философиялық және психологиялық тәсілдерді, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу үшін алғышарттар мен жағдайларды зерттеу. Осы орайда болашақ ғалым маманы шығармашылық психологиясының негізгі тетікті мазмұндарымен танысады. Сонымен бірге шығармашылық психологиясын зерттеген өнер теоретиктерінің жұмыстарын білім тұрғысында қолданады. Қазіргі таңдағы көркем шығармашылық психология негіздеріне синтездік талдау жасаудың жолдарын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері

    Көркем білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері пәні магистранттардың ғылым бағытты айқындау үшін оқытылатын пән. Курс кезінде магистрант көркем білімнің дағдыларын ғылыми-әдістемеде қолданудың жолдарын үйренеді. Теориялық негізден бастау алатын пән болашақ ғалымдардың ғылымды үйренудегі машығына аса қажет. Осы мақсатта магистрант көркем білім беру теориясын оның ішінде өнер тарихы, өнер теориясы, эстетика т.б. салалардың дағдыларын білуі шарт.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем сын

    Пәнде өнертану пәндерімен қатар көркем сын ролі қарастырылады. Пән мазмұны: көркем сын ғылымының пән ретіндегі дамуына тарихи экскурсия, сонымен қатар қазіргі көркем сынның көкейкесті бағыттарын зерттеу. Магистранттарға бейнелеу өнерінің тарихи және теориялық даму процесі жөнінде тереңірек білім алып, көркем шығарманы талдауға және ол туралы өз пікірін сауатты жеткізе білуге үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіптік білім берудегі ғылыми зерттеу негіздері

    Бұл пән ақпаратты іздеу, жинау әдістерін және жүйелік талдау категорияларын меңгеруге үйретеді. Магистранттардың ғылыми зерттеудің әдіснамалық және теориялық аспектілерін қолдана білуі. Ғылыми зерттеу процесін қарастыру және шешу; зерттеудің әдістемелік идеясын және оның негізгі кезеңдерін ашу. Жүйелік тәсіл әдіснамасын пайдалана отырып, қажетті ақпарат алу мақсатында кітаппен, монографиямен, рефераттармен, мерзімді басып шығарумен, аудиовизуалды және электрондық көздермен жұмыс істей білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Этнодизайн

    Бұл пән ұлттық өнердің теориялық негіздерін меңгеруге үйретеді. Халықтық көркем шығармашылықтың пайда болуы мен даму тарихына назар аударыңыз. Ұлттық өнердің ерекшеліктерін, шығармалардың үлгілерін, ұлттық дәстүрлер бойынша ғылыми әдебиеттерді зерттейді. Ұлттық ерекшелік пен мәдениет саласындағы негізгі білімдермен оларды сыни тұрғыдан түсіну негізінде жұмыс істейді. Тарихи, көркемдік және әлеуметтік-мәдени құндылық тұрғысынан ұлттық өнер туындыларын талдайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көпмәдениетті білім берудегі бейнелеу өнері

    «Көпмәдениетті білім берудегі бейнелеу өнері» пәні магистранттарға полимәдени білім беру болып табылады. Курс мақсаты қазіргі полимәдениеттегі өзекті үрдістер мен мәселелерді зерттеу. Көпмәдениетті білімнің қоғамның көркемдік дамуына әсері мен арнайы пәндерді оқыту әдістемесін бейнелеу өнері тарихы туралы арқылы қалыптастыру және кешенді талдауды игеру. Аталмыш пән ізденуші магистранттардың дүниетанымдық және біліктілік құзыреттілігін арттыру үшін енгізілген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Этноөнер білімінің негіздері

    Бұл курс этно-көркемдік техниканы меңгеру үшін әр түрлі материалдарды, көркемдік, көлемдік-кеңістіктік және сәндік өнер әдістерін қолданады. Көпмәдениетті білім беру негіздерін, қоғамдағы мінез-құлық заңдылықтарын зерттейді. Оқу іс-әрекеті шеңберінде ұлттық мәдениет пен өнерді сауатты жаңғыртуға және түсіндіруге, өзінің және басқа халықтардың мәдениетіндегі көркемдік процестерді талдауға үйретеді. Әр түрлі мәдениеттердің көркем еңбегінің жалпы және ерекше қасиеттерін анықтауға бағыттайды. Басқа этностың мәдениетіне толерантты және құрметпен қарауды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.
  • Көркем білім берудің әртүрлі салаларындағы іргелі зерттеулер мен ғылыми-практикалық инновациялық әзірлемелер туралы білу.
  • Сыни, аналитикалық және диагностикалық ойлау дағдыларына ие болу.
  • Бейнелеу және сәндік өнерді, көркем еңбекті оқыту әдістемесін меңгеру.
  • Полиграфиялық бағдарламалардың интерфейсімен жұмыс істейді, компьютерлік графикалық бағдарламалардың көмегімен дидактикалық материалдар мен көрнекілік құралдарын орындай алу.
  • Пәннің терминологиялық аппаратын, түрлі үлгілерді әзірлеу технологияларын, заманауи компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
  • Ғылыми мәтіннің нысандары, онымен жұмыс істеу тәсілдері туралы білімді меңгеру.
  • Ғылыми білімнің қалыптасу және даму заңдылықтарын мәдениет феномені ретінде түсіну.
  • Ғылыми-педагогикалық ойлауды және педагогикалық шындықты тұтас қабылдауды білу.
  • Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін теориялық талдау тәсілдері мен әдістерін меңгеру.
  • Барлық сатыларын біріктіру және оқытудың сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын жоспарлау.
  • Педагогика саласында мақсат қою, тұтас педагогикалық үдерісті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеру.
Top