Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M01525 STEM білім беру в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    «Басқару психологиясы» пәні магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Информатикадағы STEM білім беру

    Пән STEM практикаларын кешенді қолдану арқылы информатика мұғаліміне қажетті кәсіби құзыреттілікті кеңейтуге бағытталған. Пәннің мақсаты - білім алушыларды заманауи технологиялық қоғамға, олардың сыни ойлау дағдыларын, проблемалық және жобалық тәсілдерді дамытуға даярлау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • STEM оқытудың саясаты

    Пәнде STEM сауаттылығы мен жаһандық экономикада бәсекеге қабілеттіліктің дамуына ықпал ететін мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында тұрақты байланыс құру қарастырылады. Пәннің мақсаты-STEM оқыту саясатын түсіну және сыни тұрғыдан ұғыну.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • STEAM – білім беру оқытудың әмбебап құралы ретінде

    Пән пәнаралық және қолданбалы тәсілді қолдана отырып: проблемаларды жан-жақты түсіну; шығармашылық ойлау; инженерлік тәсіл; сыни ойлау; ғылыми әдісті түсіну және қолдану; жобалау негіздерін түсіну оқыту идеясына бағытталған. Пәннің мақсаты: STEM оқыту күйіне мониторинг пен талдау жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • STEM ге кіріспе

    Пәннің мазмұны STEAM-да білімді жан-жақты түсінуге және қолдануға бағытталған. "STEM - ге кіріспе" курсының мақсаты (ғылым, технология, инженерия және математика) осы салаларда негізгі білім мен дағдыларға ие болу, сонымен қатар STEM бағыттары бойынша одан әрі оқуға және мансапқа деген қызығушылық пен мотивацияны ынталандыру болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі STEAM

    Пән STEAM тұжырымдамасына бағытталған: шығармашылық қабылдауды дамыту, үлгілеу және көркем-техникалық жобалау негіздеріне оқыту, бұл білім беру процесін әртүрлі және қанық етуге ғана емес, сонымен қатар курс тыңдаушыларын қойылған міндеттерді креативті шешуге, эстетика принциптерін түсінуге қосымша итермелеуге мүмкіндік береді. Пәннің мақсаты: жаратылыстану ғылымдарына арналған STEAM оқыту тұжырымдамасының мәні мен мазмұнын түсіну. STEAM оқыту мониторингі мен талдауын жүргізу. Жаратылыстану ғылымдары үшін STEAM оқыту мақсаттарына сәйкес оқыту формаларын, әдістерін және құралдарын таңдай білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаратылыстану ғылымы және STEM

    Пән STEM- білім беру тұжырымдамасына сәйкес оқытудағы пәнаралық тәсілдемені жүзеге асырудың заманауи педагогикалық технологияларын оқыту, информатика, кибернетика, математика, физика және технологияның қиылысуындағы жоғары технологиялар саласындағы кәсіби даярлаудың пәндік білімдерін қолдану жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мақсаты-білім алушыларды заманауи бағдарламалау тілдерін және жоғары өнімді есептеулерді қолдана отырып, жаратылыстану ғылымдарының есептерін шешуге арналған бағдарламаларды әзірлеуге үйрету, сонымен қатар магистранттарды STEM-білім беру контекстінде оқытудың пәнаралық тәсілін жүзеге асыратын заманауи педагогикалық әдістемелермен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • STEM білім беру және машиналық оқыту

    «STEM білім беру және машиналық оқыту» пәні жоғары жылдамдықты есептеулерді қолдану арқылы информатика мұғаліміне қажетті кәсіби құзыреттілікті кеңейтуге бағытталған. Пәннің мақсаты - STEM білім беруде машиналық оқытудың алгоритмдерін қолданып, жасанды интеллекттің бағыты бойынша білім алушылардың білімдерін жетілдіру. STEM білім беруде машиналық оқытудың түрі терең оқытуда нейрондық желілер құру және нейрондық желілерді оқыту, үлкен деректерді өңдеуде машиналық оқыту әдістерін қолдану, компьютерлік көру әдістерін игеру қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    «Жоғары мектептің педагогикасы» пәні педагогикалық ғылымның парадигмасын, тенденциясын, жоғары мектеп дидактикасын және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мақсаты - магистранттарда педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби, әдістемелік құзыреттілігін және педагогикалық мәдениетін қалыптастыру. Бұл пән магистранттардың педагогикалық ұстанымын дамытуды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар жасауға, кәсіби білім беру жүйесінде оқытушы тұлғасының субъектілік сипатының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Пәннің мазмұнында жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны; жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары; қазіргі заманғы білім беру парадигмалары; жоғары мектептегі білім беру мазмұны; жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы; жоғары мектеп дидактикасы мен оқыту технологиялары, әдістері мен формалары; жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    "Ғылым тарихы мен философиясы" пәні ғылым тарихын, ғылыми білімнің философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мақсаты-магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуын, сондай-ақ әдістемелік және педагогикалық құзыреттілікті тұтас түсінуді қалыптастыру. Пән ғылым мен философияның қарым-қатынас тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық мәселелермен, сондай-ақ олардың қазіргі жағдайындағы нақты ғылымдардың философиялық мәселелерімен таныстырады. Пән заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға, ғылыми-зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Оқу процесінде магистранттар ғылымның нақты салаларында негізгі философиялық, әдіснамалық, білім беру стратегияларын меңгереді; оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыра алады, әдістемелік құзыреттілікті дамытады; педагогикалық құндылықтар мен оқытудың инновациялық технологияларын, әр түрлі жағдайларды талдау арқылы тиісті кәсіптің құндылық қатынастарының ерекшеліктерін игереді, академиялық және кәсіби ортада қарым-қатынас дағдыларын, ғылыми-зерттеу жұмысының мәдениетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Бұл пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Mindstorms платформасында роботтарды бағдарламалау

    КПәннің мазмұны адам қызметінің түрлі салаларында EV3 роботтарын қолдану жолдарымен, сондай ақ Mindstorms платформасында роботтарды құрастыру және программалау әдістерімен таныстыруға бағытталған. Пәннің мақсаты білім алушылардың роботтарды бағдарламалау және құрастыру (жинау) бойынша біліктерін және дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • STEM жобаларын жүргізу және қолдау

    Пән магистрлердің жобалармен жұмыс істеу тәжірибесін енгізуге және дамытуға, инженерлік және технологиялық құрылымдарды құруға, мәселелерді шешуді іздестіруге бағытталған. Пәннің мақсаты-теориялық білімді практикада қолдану үшін нақты кейстерді қолдану

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаратылыстану-ғылыми білім берудегі STEM -тәсіл

    Пән магистрлердің жаратылыстану-ғылыми білім берудегі STEM тәсілдерді қарастыруға, енгізуге және дамытуға байланысты мәселелерді шешуді зерттеуге бағытталған. Пән мазмұнында жаратылыстану ғылымдар пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды енгізу үшін STEM оқытуды қолдану тәсілдері қарастырылады. "Жаратылыстану-ғылыми білім берудегі STEM тәсіл" пәнінің мақсаты - ғылым, технология, инженерия және математиканы жаратылыстану ғылымдарын оқытуда интеграциялауды оқыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Микророботтарды бағдарламау

    Пәннің мазмұны микророботтарды құрастыру және бағдарламалау, адам қызметінің түрлі салаларында Arduino робототехниканы қолдану әдістерімен, сондай ақ роботтарды құру құралдары және әдістерімен таныстыруға бағытталған. Пәннің мақсаты білім алушылардың Arduino роботтарды бағдарламалау және құрастыру бойынша біліктерін және дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Информатиканы STEM қолдану арқылы оқыту әдістемесі

    Пәннің мазмұны STEM тәсілін қолдана отырып, информатиканы оқытудың заманауи әдістерін зерттеу, STEM принциптерін ескере отырып, Информатика сабақтарын әзірлеу, информатиканы оқытуда STEM-әдістерді қолдану бойынша магистранттар үшін практикалық сабақтар өткізу, информатиканы оқытудың тиімділігін арттыру үшін білім беруде STEM тәсілін қолдану нәтижелерін талдауға бағытталған. Пәнінің мақсаты – информатиканы тиімді оқытуға арналған STEM-білім берудің мазмұны, оқыту әдістері, технологиялары мен дидактикалық құралдарын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаратылыстану пәндерін STEM қолданып оқыту әдістемесі

    Пән пәнаралық оқу тәжірибесін құруға, сыни тұрғыдан ойлау мен проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға, оқушылардың әртүрлі деңгейлеріне бейімделуге, білім беру нәтижелерін бағалауға және кәсіби қауымдастықтарға қатысуға бағытталған. "Жаратылыстану пәндерін STEM қолданып оқыту әдістемесі" пәнінің мақсаты – магистранттарды STEM-ді оқытуға интеграциялауға үйрету, заманауи технологиялар мен инновациялық бағдарламаларды қолдану бойынша педагогикалық дағдыларды дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Параллель есептеулер

    Пәнді оқытудың негізгі бағыттары кластерді баптау, параллельді есептеулердің тиімділігін бағалауды анықтау. Параллельді бағдарламаларды құрудың жалпы әдістемесін, параллельді алгоритмдердің тиімділігін бағалау әдістерін және мақсатты есептеуіш архитектурасында максималды қолжетімді параллелизимді меңгеру. Пәннің мақсаты -параллельді бағдарламаларды құрудың жалпы әдістемесін, параллельді алгоритмдердің тиімділігін бағалау әдістерін, параллель есептеулер кластерін баптау және кластерде жоғары өнімді параллель есептеулер жүргізу туралы теориялық білімі мен практикалық дағдысын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беруді цифрландыру

    Пән мазмұны білім берудегі цифрландырудың негізгі принциптері мен тенденцияларын зерттеу, заманауи цифрлық технологиялармен және олардың оқу үдерісінде қолданылуымен танысу, оқыту мен оқытуға арналған цифрлық құралдар мен ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, педагогикалық практикаға цифрлық әдістер мен құралдарды біріктіруге дайындық, цифрландырудың қазіргі білім мен оқытуға әсерін түсінуге бағытталған. "Білім беруді цифрландыру" пәнін зерделеу мақсаты ҚР "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын енгізу мен іске асырудың негізгі кезеңдерін, электрондық қызметтер көрсетудің цифрлық платформаларын, түрлі кәсіптік салаларда цифрлық ақпаратты өңдеу тәсілдерін меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Үлкен деректер

    Курс нақты жобаларды орындау арқылы деректерді талдау әдістерін практикалық қолдануға бағытталған. Ол сондай-ақ бизнес пен ғылымды қоса алғанда, әртүрлі салаларда стратегиялық шешімдер қабылдау үшін үлкен деректерді талдаудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі. «Үлкен деректер» курсының мақсаты-магистранттарға үлкен көлемдегі деректерді талдау және өңдеу негіздерін үйрету. Магистранттар заманауи құралдарды үйренеді және құрылымдалмаған деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бұлттық технологиялар

    Бұлттық технологиялар пәнінің мазмұны бұлтты есептеулер, бұлт технологиясын талдау, бұлтты қойма құру технологиялары, жоғары оқу орнындарының білім беру үрдісінде бұлтты технологияны енгізу, білім беру үрдісінде бұлтты технологияны қолдану артықшылықтары, интернеттегі бұлтты есептеулер, шоғырландыру және бұлтты есептеулерде қолданылатын виртуализация технологияларын игеру мәселелерін қарастыруға бағытталған. Пәннің мақсаты білім алушыларды бұлтты есептеулердің қазіргі технологияларын үйрену және кәсіби қызметте қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заттар интернеті және интеллектуалды жүйелер

    Пәннің мазмұны интернеттің негізгі технологияларын контекст қабылдау үшін программалық және аппараттық құралдарды зерттеуге бағытталған; Python бағдарламасындағы Intel Edisson құрылғысын бағдарламалау әдістері; IoT сыныбын құрудың принциптері; IoT класының ақпараттық жүйелерін жоспарлау, жобалау, әзірлеу, біріктіру және пайдаланудың практикалық мәселелерін шешеді. Пәннің мақсаты - қосымшаларды жобаларды жасау кезінде қолдану. STEM элементтерін қолдану арқылы білім беруді басқаруды модельдеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Деректерді талдау

    Пәннің мазмұны стратегиялық бизнес-шешімдерді қабылдау үшін құнды көмекті қамтамасыз ететін есептеуіш құралдар мен технологиялар жиынтығы ретінде мәліметтер базасында (KDD) және деректерді интеллектуалды талдауға (DM) бағытталған. Курс деректерді визуализациялау, зерттеу, жіктеу, болжау және кластерлеудің негізгі әдістерін түсінуді қамтамасыз етеді. Практикалық тапсырмаларды шешу үшін деректерді интеллектуалды талдаудың әртүрлі әдістерін қолдану және бизнес-талдаудың қарапайым жүйелерін қалай дамыту және пайдалану. Пәннің мақсаты: магистранттарда көпөлшемді деректерді талдау технологиясы, мәліметтерді өндіру туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, олардың қолданбалары мен құралдарын зерттеу, мәліметтерді талдауды қолданудың негізгі әдістері, көпөлшемді талдауды тәжірибеде қолдану және деректерді іздеу әдістерін қолдану. әртүрлі мәселелерді шешу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми жазылым әдіснамасы

    Пәннің мазмұны академиялық жазудың негізгі дағдыларын және зерттеушілік адалдықты дамытуға бағытталған. Пәннің мақсаты магистранттарға академиялық мәдениетті, сонымен қатар жаңа білім беру стандарттарына сәйкес оқытуға көшу, оның ішінде академиялық жазуды, диссертация жазуда педагогикалық зерттеудің әдіснамасының мәнін және әдіснамалық бағдарларды түсінуге, зерттеу мақсатында әдіснамалық білімдерді пайдалану тетіктерін меңгеру мен плагиат мәселелерін үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және кәсіби қызметте пайдалану
  • Заманауи психология-педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру.
  • STEM оқыту күйіне мониторинг пен талдау жүргізе білу. Информатика үшін STEM оқыту тұжырымдамасының мәні мен мазмұнын түсінуге қабілетті. Информатикаға арналған STEM оқыту мақсаттарына сәйкес оқыту формаларын, әдістері мен құралдарын таңдай білу
  • Жаратылыстану ғылымдарына арналған STEM оқыту тұжырымдамасының мәні мен мазмұнын түсіну. STEAM оқыту мониторингі мен талдауын жүргізу. Жаратылыстану ғылымдары үшін STEM оқыту мақсаттарына сәйкес оқыту формаларын, әдістерін және құралдарын таңдай білу. Жаратылыстану ғылымдарына арналған STEM оқыту құралдарын анықтау және бағалау. Математика, физика және техника тоғысында жоғары технологиялар саласында пәндік білімді қолдана білу.
  • Адам қызметінің әртүрлі салаларында робототехниканы қолдану әдістерін білу, роботтарды құрудың бағдарламалық жасақтамасымен және техникалық әдістерімен жұмыс істеу. Микрооботтарды бағдарламалау және құрастыру дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру
  • Әдіснамалық және пәнаралық білімді интеграциялау саласындағы (жоғары білімді және мамандықтың дидактикасы) білімді игеру, компьютерлік ғылымдар үшін STEM негізінде пәнаралық байланыстарды практикада қолдану. STEM элементтерін қолдану арқылы зерттеу дағдыларын игеру. Информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды енгізу үшін STEM оқытуды қолдану.
  • Әдіснамалық және пәнаралық білімді интеграциялау саласындағы білімді игеру, компьютерлік ғылымдар үшін STEM негізінде пәнаралық байланыстарды практикада қолдану. Жаратылыстану ғылымдар үшін STEM элементтерін қолдану арқылы зерттеу дағдыларын игеру. Жаратылыстану ғылымдар үшін STEM білім беру саласындағы магистранттар мен зерттеушілердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру. Жаратылыстану ғылымдар пәндері оқытуда инновациялық технологияларды енгізу үшін STEM оқытуды қолдану.
  • Қазіргі таңдағы білім беру қызметінде IT және инновациялық оқыту әдістерін қолдану. Қосымшаларды жобаларды жасау кезінде қолдану. STEM элементтерін қолдану арқылы білім беруді басқаруды модельдеу. Оқу үдерісінде бұлттық технологияларды қолдану.
  • Практикалық есептерді шешу үшін деректерді өңдеудің интеллектуалды талдауларын қолдану. Параллельді есептеу үшін оқу үдерісінде қазіргі заманғы аппараттық және бағдарламалық әдістерді, жасанды интеллекттің бағыты машиналық оқытудың алгоритмдерін қолдана алу. Білім беру процесіне қатысушылармен және әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай білу, ұжымды басқара білу, әлеуметтік, этноконфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай білу.
Top