7M01737 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Арнаулы орта білім беру мекемелеріндегі осы саладағы пәндерді оқытуға қажетті білім мен іскерлікті меңгерген және оны оқыту дағдыларын жүзеге асыратын, арнайы ғылыми- әдіснамалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын игерген кәсіби педагог мамандарды даярлау;
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Әдебиет пен фольклордың жалпы теориясы
Пәннің мақсаты - Пәнді оқу барысында фольклордың жазба әдебиетінен айырмасын, әдебиеттегі типизациялау мен ауыз әдебиетіндегі идеализациялау құбылыстарының бір-бірімен дербес бағытта жүргізілетінін теориялық тұрғыда меңгереді. Қазақ әдебиетін типологиялық тұрғыдан зерттеу арқылы оның фольклормен сабақтастығын танып-танытуда, әдебиет пен фольклордың жалпы теориясын меңгеру дағдысын көрсете алады. Әдеби және фольклорлық шығармалардың поэтикалық ерекшелігін талдайды. Әдебиет пен фольклордың жалпы теориясын ғылыми және теориялық негіздерін саралайды. Салыстырмалы-салғастырмалы типологиялық зерттеу әдістерін қолдануға машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Пәннің мақсаты - тіл ғылымының жаңа бағыттары бойынша қалыптасқан антропоөзектік бағыттарға жататын этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану салалары бойынша негізгі ұғымдарға талдау жасайды. Нәтижесінде филология саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп, теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларын меңгере отырып, өздерінің ғылыми зерттеулеріне талдау нәтижелерін қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пәннің мақсаты магистранттардың зерттеудің әдістемелік негіздері саласындағы білімдерін дамыту, эмпирикалық және қолданбалы зерттеулер жүргізуге үйрету. Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, зерттеу жоспарын жасауға, гипотезаны құруға, проблемалық сұрақтарды талдауға дағдыларын қалыптастырады және ғылыми зерттеудің негізгі түрлерін, зерттеу әдістерін қалай анықтап, негіздеуді үйренеді. Курста деректерді талдау, сипаттау, интерпретациялау сияқты әдістер қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тілдің жалпы теориясы
Пәннің мақсаты - Жалпы тіл білімінің негізгі ұғымдарына, терминдеріне, оның басты-басты теориялық мәселелеріне талдау жасайды. Нәтижесінде тілдерге жалпы ортақ белгілердің неғұрлым өзіндік ерекшеліктерін, тілдің пайда болу, қалыптасу және дамуын, оның адаммен, адамның ой-санасымен, адамзат қоғамымен қарым-қатынасын, басқа ғылым салаларымен байланысын, тіл философиясын меңгере отырып, тіл теориясы мен практикасында өзекті мәселелерді тәуелсіз және сыни талдауды жүзеге асырады, өздерінің ғылыми зерттеулеріне талдау нәтижелерін қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
Пәннің мақсаты қазіргі әдебиеттануда қалыптасқан жаңа бағыттардың әдіснамалық, категориялық аппаратымен, даму тенденцияларымен таныстыру. Нәтижесінде қазақ әдебиеті контексінде әдеби үрдістің даму заңдылықтарын, жанрлық және стильдік, эстетикалық ерекшеліктерін, әдебиеттанудың ғылыми негіздерін саралайды. Әдебиетті зерттеудің жаңа технологияларын, әдебиеттануда қалыптасып жатқан жаңа ғылым салаларының теориялық негіздерін меңгереді. Әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелерді тәуелсіз және сыни талдауды жүзеге асырады, өздерінің ғылыми зерттеулеріне талдау нәтижелерін қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің парадигмалық және синтагмалық қатынастары мен деңгейлері
Пәннің мақсаты - тілдік жүйеге тән заңдылықтар мен бірліктер, бірліктер арасында болатын тілдік қатынастар туралы білім мен дағды қалыптастыру. Тіл жүйесіндегі синтагмалық пен парадигмалық қатынастың тіл деңгейлері мен стратумдарына тигізетін әсері мен қызметі туралы білімін қазіргі қазақ және әлем тілдерінің лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары мен мектептері көзқарастары негізінде үйлесімді жүзеге асырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын, отандық, және шет елдік менеджменттің заманауи теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистранттар ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
«Мәңгілік ел» идеясының лингвистикалық негіздері
Пәннің мақсаты - «Мәңгілік ел» идеясының лингвистикалық негіздері» пәні жалпы түркілік рухани құндылықтарды сақтаудың, жаңғыртудың, оларды кешенді түрде талдаудың лингвистикалық мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастырады. Түркі лексикографиясы, қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орнын анықтау мәселелерін және «Мәңгілік Ел» идеясының лингвистикалық негіздері ескерткіштер тілінен, қазақтың жыраулық дәстүрінен, эпос тілінен, нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден көрініс беретін тілдік бірліктердің мазмұнында сақталған идеяларын меңгеріп, коммуникативтік және шешендік құзыреттілікті құрайтын элементтер туралы білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделеп, көпшілік алдында сөз сөйлеудің барлық дағдыларын қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл және мәдениет-аралық қарым-қатынас
Бұл курстың мақсаты - болашақ филолог маманның тіл және мәдениет, олардың өзара қатынасы, ұлттық-мәдени ортада берілетін білім, тілдің әлеуметтік, дискурсивтік қызметі, тілдің қызметінің елтанымдық сипаты, мәдениет ерекшеліктерінің лексикадағы көрінісі туралы түсінігі қалыптасады. Қазақ тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрі, ұлы тұлғалары, ғылымы мен өнеріндегі т.б. жетістіктерін игерту арқылы шетелдік студенттердің лиингвоелтанымдық және мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық, практикалық қырларын меңгертудің инновациялық әдістемесін меңгереді, тәжірибеде тиімді жүзеге асыру дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық ғылыми жазба
Пәннің мақсаты магистранттарға жалпы академиялық қағидаттар шеңберінде ғылыми этика және академиялық адалдық талаптарына сәйкес басылымдарға мақала дайындау жолдарын меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мақала мәтінін құрастыру әдістерін, академиялық жазбалардың түрлерін және халықаралық дерекқор базаларын пайдалану жолдарын меңгеріп, әртүрлі ғылыми журналдардың талаптарына сай мақала дайындау және журналдардың онлайн жүйелерімен (сайттарымен) жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Курста ғылыми деректерге талдау жасау әдісі қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақ әдебиетінің ғылыми-зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты- әдеби процесті, әдеби құбылыстарды, көркем шығарманы зерттеудің жүйелі принциптерін, әдебиеттану әдісін жалпы ғылыми зерттеу әдісімен ұштастыра қарастыру. Әдебиеттану саласындағы қалыптасқан зерттеу әдістерін, негізгі принциптерін саралап, ғылыми ұғымдарды жүйеге келтіріп, қазіргі ғылыми ойдың, философия мен эстетиканың, және басқа ғылым салаларының жетістіктерін толық ескере отырып, әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістері бүгінгі мақсаттарға сай ғылыми тұрғыда талданады, бағаланады. Әдебиетті оқытудың әдіснамалық тұғырлары мен дидактикалық ұстанымдарын түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ лингвистикасының ғылыми-зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты - қазіргі тіл біліміндегі лингвистикалық зерттеулердің жетістіктерін, зерттеудің әдіс-тәсілдерін, қазіргі тіл біліміндегі ғылыми парадигма ұғымы, қазіргі тілдік зерттеулердегі гипотезалық-дедуктивтік әдістердің орнын өлшеу, бағалау. Пәнде лингвистика тарихындағы әр дәуірдің әртүрлі ағымдары мен бағыттары, өз жаңалығы, жаңалықтарды жеткізетін әдіс-тәсілдердің кешені тұжырымдалады. Нәтижесінде тіл білімі саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп, теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларына ие болып, болжау және жоспарлау әдістерін тәжірибеде қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жоғары мектепте әдебиетті оқытудың заманауи білім беру технологиялары
Пәннің мақсаты - жоғары оқу орнында әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері, әдебиет сабағын ұйдастырудың принциптері, ерекшелігі туралы меңгереді. Әдебиетті оқыту кезінде қазіргі білім беру ресурстарымен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ әдебиетін оқыту бойынша әдіскер ғалымдардың зерттеулері мен негізгі тұжырымдарын, жаңашыл оқытушылардың оқыту әдістерін салыстырады, қорытады. Жоғары мектепте критериалды бағалау, педагогикалық ізденіс және шығармашылық т.б туралы өз білімдерін жинақтайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың заманауи білім беру технологиялары
Пәннің мақсаты - білім берудегі жаңа үдерістерді негізге алып, қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудың философиялық, педагогикалық, методологиялық негіздерін зерделеп, өзекті мәселелерін айқындайды. Жинаған теориялық және әдістемелік білімдерін қолданып, педагогикалық іс-әрекеттерді жоспарлайды. Заманауи оқыту технологиялары негізінде тұтас педагогикалық үдерісте тіл үйрету әдістемесі саласында қазақ тілінің педагогтары әдістемелік бірлестіктерімен, тіл үйрету орталықтарымен, тәжірибелік мамандардың қауымдастығымен білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырып, шешім қабылдау іскерлігі мен дағдыларын үйлестіре қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты - қазақ тілін жоғары мектепте оқытудың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау болып табылады. Соған сай магистранттар әдістеме саласындағы меңгерген білімін және дағдыларын маңыздылығына қарай жіктей отырып, тәжірибеде қолданады. Жоғары мектепте қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдерді дұрыс ұйымдастырады. Тәжірибе барысында анықталған оқыту нәтижелерін зерделейді. Оқыту үдерісіндегі мәселелерді талдап, оңтайлы шешім қабылдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Латыннегізді қазақ жазуы және орфографиясы
Пәннің мақсаты: жаңа графикамен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле нормаларының ғылыми негізін қалыптастырады. Жаңа жазуды меңгеру барысында жылдам әрі сауатты жазу және қарқынды оқу дағдысын қалыптастыру қажеттілігі туындайтыны себепті жаңа емлеге сәйкес жазылым және оқылым дағдыларын практикасында талдау және жинақтау негізінде жүзеге асырады. Латыннегізді жазылым орфографиясының талдау нәтижелерін ғылыми зерттеулеріне қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Интегративтік лингвистика және оның қолданбалы аспектілері
Пәннің мақсаты - қазіргі лингвистиканың интегративті принципі және оның қолданбалы аспектілері - оқыту әдістері; меңгеру тәсілдері; туыстас емес тілді қарқынды оқыту технологиялары; тілдік білімдерді меңгеру стратегиясы; тілдік білімдерді деңгейлік есепке алу; тілдік білімдерді бақылау технологиясы туралы мәселелерді меңгерту. Нәтижесінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады, теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларын практикада қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жасанды интеллект: тілдік және әдебиеттанулық қолданбалар
Пәннің мақсаты - Жасанды интеллекттің теориялық негіздері мен практикалық қолдану жолдары меңгертіледі, интеллектуалды жүйелер құрастыруға қажетті білім мен дағдылар қалыптастырылады. Филология саласындағы жасанды интеллекттің рөлін, тіл мен мәтінді өңдеудегі ЖИ құралдарын және осы технологиялардың болашағы түсіндіріледі. Магистранттарға ЖИ көмегімен мәтін талдау, автоматты аударма, чат-боттар құру сияқты практикалық дағдылар беріледі. Филологтарға арналған бұл пәнде табиғи тілді өңдеу (NLP), мәтіндік анализ, әдеби мәтіндерді цифрлық өңдеу және ЖИ этикасы сынды бағыттарға басымдық беріледі. Цифрлық лингвистика мен әдебиеттегі ЖИ рөлі туралы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
- Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
- Филология саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруда жасанды интеллект технологияларын пайдаланып, теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларына ие болып, болжау және жоспарлау әдістерін, лингвистика және әдебиеттану саласындағы білімін синтездеп, ғылыми және практикалық мәселелерді салыстыруға және айырмашылықтарын табуға қабілетті
- Қазіргі қазақ және әлем тілдерінің лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары, олардың генезисі, философиялық негізі және дамудың маңызды кезеңдері туралы білімін үйлесімді қолданып, әріптестерімен өзара әрекеттестікте филологиялық ғылымда зерттеулер жоспарлауға және өткізуге қабілетті
- Әдебиеттану саласындағы өзекті заманауи ғылыми парадигмаларды, олардың даму динамикасын, әдебиеттанулық зерттеудің әдіснамалық принциптері мен әдістемелік тәсілдері жүйесін меңгеріп, әртүрлі мәтіндерді талдау және интерпретациялау дағдыларын, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жүзеге асыруға қабілетті
- Коммуникативтік және шешендік құзыреттілікті құрайтын элементтер туралы білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделеп, көпшілік алдында сөз сөйлеудің барлық дағдыларын қолдануға қабілетті
- Тіл үйрету әдістемесі саласында қазақ тілінің педагогтары әдістемелік бірлестіктерімен, тіл үйрету орталықтарымен, тәжірибелік мамандардың қауымдастығымен білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырып, шешім қабылдау іскерлігі мен дағдыларын үйлестіре қолдануға қабілетті