7M01404 Денешынықтыру және спорт в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, педагогикалық білім беру үдерісін басқарудың мазмұнын, формаларын, әдістері мен құралдарын жүзеге асыратын білімі мен іскерлігі жоғары педагог-зерттеушілерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M005 Дене шынықтыру педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарын ұйымдастыру
Пән дене шынықтыру және спортпен шұғылдануда дене тәрбиесінің жас ерекшелік кезеңдеріне арналған өзіндік спорттық жаттығуларға дағдыландыруды қарастырады. Пәнді оқу барысында білім алушылар дене тәрбиесі мен спорттық жұмыстарды ұйымдастырып, басақрудың заманауи тәсілдерін меңгереді. Курс аясында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы және шетелдегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері маркетингінің негіздері
Пән білім алушылардың дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг бойынша болашақ дене мәдениеті және спорт мамандарын даярлаудың теориялық әдіснамалық негіздері зерттейді. Пәнді оқу барысында білім алушылар Қазақстандағы және шет елдердегі спорттық маркетингтің негіздері мен тұжырымдамасын талдау мен аталмыш сала аясындағы маркетинг идеясын меңгереді. Курс аясында спорттық маркетингті жоспарлау әдістері мен стратегияларын жүзеге асыру ұстанымдарын қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың заманауи мәселелері
Пән қазіргі кезеңде дене тәрбиесі жүйесін реформалаудың қажетті білімі мен практикалық, ғылыми-теориялық алғышарттарын оқытып, үйретеді. Пәнді оқу барысында білім алушылар өскелең ұрпақтың ақыл-ой, жұмысқа қабілеттілігі мен қозғалыс белсенділігін арттыру амалдарын меңгере отырып, дене тәрбиесін оқыту әдістемесін, спорттық іріктеу, болжау, іздеу, жүйелеу және шешу әдістерін қолданып, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге машықтанады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дене мәдениеті мен спорттағы қосымша білім берудің педагогикалық мазмұны мен әдістері
Пән білім алушылардың тәрбие процесінде жеке тұлғаның дамуына бағытталған негізгі мәселелер мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды. Пәнді оқу барысында білім алушылардың дене дамуы мен дене дайындығына және дене жаттығуларына бағытталған дене тәрбиесі жүйесін реттейді. Болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарының педагогикалық технологияларды пайдалану әдістері мен дағдыларын дамытып, педагогикалық шеберліктітерін жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұлттық спорт түрлеріндегі спорттық жаттығу процессін басқару
Пән білім алушылардың дене жаттығуларының көп түрлілігі мен ұлттық спорт түрлерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етіп және олардың орындалу әдістерін дамытады. Пәнді оқу барысында білімгер ұлттық спорт түрлерін меңгеріп, жаттығу процессін басқаруда спорттық дамудың негізгі тенденцияларын анықтай отырып, ұлттық спорт салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыру қабілеттерін игеруге мүмкіндік беріп ғылыми еңбектер дайындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері
Пән дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесін талдайды. Пәнді оқу барысында білімгерлер дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп, нәтежиелерін тұжырымдап, спорттық дамудың негізгі тенденцияларын анықтай отырып, кәсіби қызметін жүзеге асыру дағдыларын қалыптастырады. Кәсіби салада қолданатын зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін түсініп, ғылыми зерттеу жұмыстарында қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дене тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Пән дене тәрбиесіндегі педагогикалық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктері мен тәрбиелеудің өзекті технологияларын оқытып, үйретеді. Пәнді меңгеру барысында магистрант дене тәрбиесі процесіндегі мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, педагогикалық,ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, шиеленістік ситуацияларды шешуде психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Академиялық ғылыми жазба
Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеу ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Дене тәрбиесі және спорт гигиенасының негіздері
Пән жеке гигиенаның ғылыми-практикалық негіздерін, шынықтыру әдістемесі мен дене жаттығуларымен айналысатын орындарға қойылатын гигиеналық талаптарды оқытады. Пәнді оқу барысында білім алушылар дене жаттығуларымен айналысатындардың жұмыс қабілеттілігін арттырудың қосалқы гигиеналық құралдарын, гигиена мен денсаулық жағдайының бұзылуына әсер ететін қосымша тәуекел факторларын түсінеді. Курс аясында спорт түрлеріне іріктеудің биологиялық негіздерін анықтайды, қарайды және талдауды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дене мәдениеті және спорт саласындағы ғылыми-педагогикалық жұмыстарды жоспарлау
Пән дене шынықтыру мен спорт саласындағы зерттеулердің тарихы, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың жаңа технологияларын үйретіп, оқытады. Пәнді оқу барысында білім алушылар зерттеу бағытын таңдау және жоспарлау, бастапқы ақпаратты іздеу, ғылыми зерттеу мәселесін модельдеу және қою, сондай- ақ педагогикалық эксперимент жүргізудің ерекшеліктері мен әдістемесін меңгере отырып, интерпретациялау әдісін қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғарғы нәтижелер спортындағы бәсекелестіктің қозғаушы күштерін сараптау
Пән білім алушылардың спорттағы бәсекелестіктің қозғаушы күштері сараптамасының тиімділігін бағалау бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқу барысында магистрант теориялық білімін, спортшының жас ерекшеліктеріне, өсу деңгейіне, жеке басының, өмір сүру ортасының ерекшеліктеріне қарай қолданады, дене қозғалысы мен ынтасына қарай жүктемелердің көлемін реттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Дене мәдениеті мен спорттағы казіргі инновациялық технологиялар
Пән білім алушылардың дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлауда қазіргі заманауи инновациялық технологияларын дамытуда ғылым мен оқытудың негізгі педагогикалық үрдісін қалыптастырады. Пәнді оқу барысында замануи білім беру жүйесіндегі дене мәдениеті мен спорттағы казіргі инновациялық технологияны пайдалану мүмкіндігі: смарт оқыту, Google Forms, модуль оқыту технологиясы және оқу ақпаратын визуализациилаудың әдістемелік тәсілдерін дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Заманауи спорттағы психология
Пән білім алушыларды іс-әрекетіндегі психологиялық тетіктерді қалыптастыруға бағытталған және спортшының дене дайындығы мен психикалық тұрақтылықты реттейтін жүйенің функцияларын оңтайландыруға және жетілдіруге бейімдейді. Пәнді оқу барысында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін психологиялық жағдайларды реттей отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы жеке тұлғаның қасиеттері мен әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне негізделген заманауи зерттеу әдістерін қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Спорттағы ақпараттық технологиялар
Пән ақпараттық технологияларды қолданып, спортшылардың жаттығу мен демалу процесін тиімді ұйымдастыруға, тиімді жаттығу жоспарын құруға, спортшының мінез-құлқын талдап, оның белсенділігін бақылауды және мақсатқа тезірек жету мүмкіндіктерін қарастыру дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқу барысында білімгер ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ғылыми зерттеулер жүргізеді, талдау жасайды. Қоғамның, мемлекеттің өзекті және перспективалы қажеттіліктеріне сәйкес қазіргі заманғы білім беру сапасын қамтамасыз ету әдістемесін қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Спортты басқару және ұйымдастыру
Пән білім алушылардың басқару қызметін ұйымдастыру теорияларының негізгі ұғымдарын, әлемдегі спортты басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді оқу барысында білімгер ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын басқару, командада тиімді қарым-қатынас жасау, топ құру ережелерін ескере отырып өз жұмысын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады. Көшбасшылық қасиеттерді дамытады және жанжалды жағдайларды басқаруда психологиялық әдістерін қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дене тәрбиесі мен спорттағы өлшеу және бағалау
Пән дене шынықтыру мен спорттағы өлшеу әдістерін, тесттер мен тесттен тыс шараларды, тесттерді қолдану салалары, тесттерді әзірлеу кезеңдерін оқытып, үйретеді. Пәнді оқу барысында білім алушылар тесттердің сенімділігін зерттеу, тесттерді әзірлеу, тестті бағалау әдістерін меңгереді. Курс аясында дене шынықтыру және спорт саласындағы қимыл-қозғалыс әрекеттерінің нәтіижелерін бағалауда оқу-танымдық тәжірибесіне сүйеніп, өзінің идеяларын ұсынады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды.
- Спорт қозғалысының тұтастығын дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұқаралық іс шараларды ұйымдастырады.
- Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді.
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.
- Оқу-танымдық тәжірибесіне сүйеніп, дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық, жаттықтырушылық, сауықтыру, басқару-ұйымдастырушылық, іс-әрекеттерінің тиімділігін арттырады.
- Дене мәдениеті және жоғары жетістіктер спортында жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне негізделген, ғылыми-педагогикалық зерттеулер идеяларын ұсынады.
- Теориялық білімді, дағдыларды, спорттық іріктеу, болжау, іздеу, жүйелеу әдістерін қолданып, педагогикалық шеберлігін жетілдіреді.
Ұқсас БББ
7M01404 Дене шынықтыру және спорт педагогтарын даярлау
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
7M01404 Дене шынықтыру және спорт
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M01404 Дене шынықтыру және спорт
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M01404 Дене шынықтыру және спорт
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті