Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01510 География в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

  • Өлкетану

    Пән өлкенің тарихи-мәдени мұрасын, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау және насихаттау қажеттілігі туралы, мұрағат құжаттарын, экспедициялардың материалдары мен құжаттарын, тарихи-өлкетану әдебиетін, тарихи оқиғалардың естеліктері мен куәгерлерін, әдеби көздерді, өлкетанудың ұйымдастырушылық формаларын, өлкетанудың даму тарихын, туған өлкедегі өлкетану тарихын зерттеу туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері

    Пән білім алушыларда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тұрақты даму негіздері, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін құқықтық реттеу туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ жағымсыз әсерлерді болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында зерделенеді. Курс шеңберінде білім алушылар қоршаған ортаны қорғауға және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін меңгереді. Пән қоршаған ортаны қорғаудың практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, оны өмірдің әртүрлі салаларында қолдануға болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі көшбасшылық

    «Білім берудегі көшбасшылық» пәні білім берудегі көшбасшылық теориясы мен практикасының жалпы идеясын қалыптастыру мақсатында зерттелінеді. Білім беру жүйесіндегі болашақ кәсіби қызметке дайындық. Студенттер көшбасшылық және топқұрастыруда кешенді білім, сондай-ақ көшбасшылық әлеуетті қалыптастыру және дамыту үшін қажетті топтық жұмыстың негізгі дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жалпы жертану

    Пән географиялық қабық туралы, материктер мен мұхиттардың қалыптасуы мен хронологиялық кесте бойынша жер бетінің қалыптасу тарихы бойынша білім мен білік дағдыларын қалыптастыру және жер қабығын құрайтын атмосфера, литеосфера, гидросфера және биосфера туралы, күнт жүйесі, оның табиғи ортаға әсері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні студенттердің жеке қаржылық шешімдер қабылдау кезінде қаржылық басқару дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Курс аясында студенттер әртүрлі қаржылық құралдарды пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгереді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру, жеке қаржыларын үнемдеу және ұлғайту, бюджетті жоспарлау қабілетін дамытады. Оңтайлы инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық ақпаратты талдауға және қаржылық өнімдерді бағалауға ерекше назар аударылады. Пән заманауи қаржылық технологияларды бағалау және тиімді қолдану үшін қажетті дағдыларды және қаржылық алаяқтықты тану қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және кәсіпкерлік негіздері

    Мемлекет және құқық, қазақстандық құқықтың негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік сектордағы әртүрлі көріністері, кәсіпкерлік қызметті бәсекелестік жағдайда ұйымдастыру, тәуекелдерді бағалау, инвестиция тарту мәселелері, экономика ғылымының әдістері, нарықтық қатынастардың заңдылықтары, халық шаруашылығының негіздері, халық шаруашылығы жағдайындағы экономикалық өсу және тұрақтылық мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы

    Курстың мақсаты оқушылардың ағзасының өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары; орталық жүйке жүйесі мен жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің физиологиясы; висцеральдық жүйелердің жас ерекшеліктері; негізгі тіршілік функцияларды реттеу принциптерінің тұрақтылығы; мектеп оқушылары ортасының гигиеналық бағалау әдістері; күнделікті жұмыстың және оқу үдерісі ұйымдастырылуының гигиеналық негіздері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Топырақтану

    Курс топырақ түзілу процесі мен гумустың пайда болуы туралы білімді қалыптастыру мақсатында құрылған. Топырақ профилін қалыптастыруға қатысатын педобионттармен танысады. Абиотикалық факторлардың топырақ профилінің қалыптасуына, деградацияға әкелетін факторларға әсерін қарастырады. Топырақ түрлерін, рекультивацияны және педобионттардың экологиялық топтарын анықтау дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Топырақ географиясы

    Пән топырақты ландшафтының үлкен компоненті ретінде таныстыра отырып, топырақ географиясының географиялық жүйелерге әсерін, ауыл шаруашылығын дамытудағы топырақтың рөлін оның елдің экономикалық жағдайын дамытуда қосатын үлесін, ауыл шаруашылық жерлерінің бөліну принцптерін, Қазақстан Республикасының топырақ географиясын көршілес елдермен салыстыра отырып, даму тенденциялары туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның физикалық географиясы

    Пән Қазақстанның табиғи кешендерінің заңдылықтарын зерттей отырып, Қазақстанның физикалық географиясы табиғи геожүйелердің дамуы мен жағдайын анықтайтын табиғи жағдайлар мен процестер туралы, геожүйелердің ресурстық әлеуетін анықтау, геожүйелердің антропогендік факторлардың теріс әсеріне төзімділігі мақсатында табиғатты қорғау іс-әрекеттері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • География ғылымының тарихы және әдістемесі

    Пән ғылымдағы географияның тарихын оқып, зерттеу және әдіснамасын географиялық білім беруде қолдану туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Ғылымның тарихы мен әдіснамасын білу кез келген маман үшін міндетті. Ғылым тарихы мен әдіснамасы оған болашаққа жол сілтемелік жіп береді, өйткені өткен ғылым дамуының білуінсіз оның келешегін дұрыс анықтау мүмкін емес. Кез келген ғылыми қызмет – оның қателіктері мен жетістіктерімен үздіксіз іздеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    «Педагогика» курсы қазіргі ғылымның жетістіктерін және әлемдік білім беру үрдістерін зерттеуге бағытталған. Студенттер педагог-көшбасшы болу үшін қажетті білім мен дағдыларды игереді, инклюзивті білім беру ортасында зерттеу, цифрлық, басқару және жобаға бағытталған құзыреттерді дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи география

    Пән әлемдік географиялық ашылымдар мен зерттеулер тарихын ежелгі уақыттан қазіргі күнге дейін зерттейотырып, географиялық идеялардың дамуын қарастыру,қазіргі картаның қалыптасу тарихымен таныса отырып, материктер мен мұхиттардың, аралдардың ашуылу тарихы туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Тарихи география алғашқы адамның ортаға бейімделген уақытынан бастап, жаңа дүниелердің ашылу кезеңіне дейінгі ашулар туралы білім алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның геоморфологиясы

    Пән платформалық және таулы аумақтардың рельефінің қалыптасу, эволюциясы мәселелерін зерттей отырып, Жер бедерін қалыптастыру үдерісінің жалпы және өңірлік ерекшеліктері, шаруашылық қызметтің антропогендік бедердің пайда болуына әсері туралы түсінік береді және Қазақстан рельефін, сақиналы құрылымдарды құрудағы ғарыштық фактордың рөлін және оларды картографиялаутуралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геология геоморфология негіздерімен

    Пән жер беті бедерінің қалыптасуына геологиялық үдерістердің әсерін,геологиялық жер қыртысының және жалпы бүкіл жердің құрамын, құрылысын, үдерістерін және даму тарихын қарастыра отырып, геоморфология – жер бетінің рельефі, оның шығу тегі, эволюциясы және жердің басқа қабықтарымен өзара байланысы туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Этнопедагогика

    «Этнопедагогика» курсы студенттердің этнопедагогикалық білім беру саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оларды «Адал азамат», «Толық адам» тұжырымдамасы негізінде әзірленген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» талаптарына сәйкес білім алушылардың рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын дамытуға бағытталған этникалық тәрбиелеудің әдістері мен технологияларын қолдануға үйрету мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Картография топография негіздерімен

    Пән картография топография негіздерімен жерді географиялық және геометриялық түсінудің негізгі принциптерін, сондай-ақ географиялық жоспарлар мен карталарды құру мақсатында жер объектілерін өлшеудің негізін, картографиялық модельдерді қалыптастырумен және оларды геоэкологиялық зерттеулерді талдау және жүргізу, топо карталарды жасау әдістемесітуралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Курс заманауи білімдегі тенденциялардың бірі ретінде инклюзивті білім беру туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Әлемдік тәжірибе негізінде инклюзивті жағдайларды ұйымдастырудың әдістемелік мәселелері; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны; инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтердің құзыреттілік талаптары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу негіздері

    Ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығы мақсатында зерттеледі. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тұрғындар географиясы

    Пән тұрғындардың таралып орналсуы мен ұдайы өсу үрдісінін, дін, нәсіл мен этностардық таралып орналасуы уралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Экономикалық-географиялық факторлармен өзара байланыста демографиялық үдерістердің сандық динамикасын, құрылымын және географиялық дифференциациясын зерттеу студенттерге қоғамның аумақтық ұйымдасуының кешенділігі мен көптүрлілігін түсінуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Табиғатты пайдаланудың экономикалық-географиялық негіздері

    Пән қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін туралы және қоғам мен табиғаттың бір-бірімен үйлесімді әрекеттерін экономикалық тұрғыдан, экологиялық-экономикалық даму тұжырымдамасына экономиканың барлық саласын түрғысынан қарау, табиғатты пайдаланудың экономикалық негіздерін талдау, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы басқару жүйесін дамытудың мәселелері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Топография геодезия негіздерімен

    Пән студенттерге топографиялық карталармен, жоспарлармен және профильдермен жұмыс істеу үшін қажетті білімдер мен іскерліктерді меңгеруге мүмкіндік береді, геологиялық нысандарды байланыстыру үшін Геодезиялық өлшеулерді орындау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік бере отырып, топо карталар жасау және оны сабақ, тәжірибе барысында қолдану туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік этнография және демография

    Пән ғылым ретінде демография және этнография, әлеуметтік демография және этнография туралы білім саласы ретінде жүйелі түсінігін қалыптастыру, оның теориялық негіздері, ерекшеліктері, мәселелері, демографиялық және этнографиялық үрдістердің өзара байланысы және мемлекет пен аймақтың әлеуметтік саясаты туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады; студенттердің болашақ кәсіби қызметінде, мемлекеттің демографиялық және ұлттық саясатының әсерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қазақ тілі

    Білім алушының кәсіби коммуникация мәдениетін қалыптастыру, салалық терминдерді бірізді қолдану, кәсіби салаға қатысты құжаттарды стандарттар мен нормаларға сәйкес жазу дағдыларын машықтандыру, қазақ тілінде сөйлеу, жазу, баяндауды мамандықтарына қатысты жетілдіріп, лексикасын байыту, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту және дамыту мақсатында окытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында география бойынша пәндерді оқыту әдістемесі

    Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында география пәндерін оқыту әдістемесі маңызды теориялық және практикалық мәнге ие. Курста оқу пәні ретінде географияның мақсаттары мен міндеттері айқындалған, жалпы мектеп географиясының және оның жеке курстарының жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мазмұны талданды. Жаңартылған бағдарлама бойынша географияны оқыту үдерісіне ерекше көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектеп географиясының мазмұны

    Жаңартылған білім мазмұны негізінде құрылған мектеп география курсының мазмұны мен мақсат, міндеттері, бағдарламаның өзектілігі, географиялық сауаттылық пен ойлау, география тілін қалыптастыру мен білім алушыларға география курсында оқытылатын бөлімдер, әр бөлімде қарастырылатын негізгі мәселелер мен картографиялық мәліметтермен жұмыс жасай білу әдістерітуралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

    Пән Қазақстан Республикасы туралы Әлеуметтік-экономикалық-географиялық білім береді, яғни шаруашылық, халық, аумақтық орналастыру және оларды ұйымдастыру туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сондай-ақ, осы үдерістердің заңдылықтары, еліміздің аумағында қоршаған орта мен қоғамның өзара іс-қимылы, табиғи-ресурстық және еңбек әлеуетін дамыту және орналастыру, олардың мүмкіндіктері мен болашақта даму мәселелері зерделенеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Пән табиғат, қоғам туралы ғылыми фактілер, түсініктер, теориялар, құндылықтар, қабілеттер, географиялық құзіреттілік туралы тәрбиені қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курс географиялық білім берудегі тәрбиенің мәнін, заңдылықтарын, қозғаушы күштерін, тәрбиенің негізгі құрылымын ашып, тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру және дамыту идеяларына негізделеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ландшафттану және физика-географиялық аудандастыру

    Пән ландшафттану және физико-географиялық аудандастыру саласындағы түсініктерді, білімді, іскерлікті қалыптастыру үшін және табиғи ландшафтың компоненттерін және олардың табиғи кешендерді қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Табиғи ландшафттың морфологиялық құрылымын; адамның шаруашылық қызметінің бұзылу дәрежесі мен бағыты бойынша табиғи ландшафтардың жіктелуін; ландшафт негізінде орман шаруашылығын жүргізу ерекшеліктерін; аумақтың физикалық-географиялық аудандырылуын зерттеу болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы гидрология

    Пән табиғи суларды және онда болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы, гидрофераның барлық су түрлері болып табылатын: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалары, батпақтар, топырақ және жер асты сулары, сондай-ақ буда шоғырланған атмосфера сулары туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Гидрологиялық үрдістердің қалыптасту принцптері, оның халық шаруашылығындағы маңызы туралы студенттерге білім беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Құрлық гидрологиясы

    Пән гидросфераның құрамы, құрылымы, жер бетінде су объектілерін бөлу және олардың биосфераның дамуындағы рөлі туралы түсініктерді, географиялық қабықтағы гидрологиялық процестердің жалпы заңдылықтары туралы білімдерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Классификация негізінде білім алушылар құрлық суын және олардың негізгі гидрологиялық сипаттамаларын зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Антропогендік ландшафттану

    Пән жердің табиғи антропогендік ландшафттары туралы түсініктерін қалыптастыра отырып,антропогендік ландшафттарды қалыптастыру факторларын анықтау туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Ауыл шаруашылық, орман шаруашылық, қалалық, өнеркәсіптік және рекреациялық ландшафттардың құрылымы мен табиғатты ұтымды пайдаланудың, табиғатты қорғаудың, аумақтық ландшафтық жоспарлаудың және мәдени ландшафтарды жобалаудың ландшафтық-экологиялық принциптері мен әдістерін зерделейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Топонимика

    Пән географиялық атауларды, олардың пайда болуын, дамуын, қазіргі жағдайын, мағыналық мәнін, жазылуын және айтылуы туралы білімдерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Географиялық атаулар-географияның маңызды компоненті. Олар адам мен географиялық объект арасындағы өзіндік байланыстырушы буын болып табылады, оның жер бетіндегі орнын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар қызықты және өте маңызды ғылыми ақпарат береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

    Пән материктер мен мұхиттардың табиғаты туралы,олардың табиғатын талдау барысында ұзақ геологиялық даму нәтижесінде қалыптасқан осы континенттердің әрқайсысының морфоқұрылымдық және ландшафтық ұйымдарының күрделілігін ашу туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қоғамның шаруашылық қызметінің осы континенттерінің табиғатына теріс әсер ету қарқындылығын көрсету. Материктер мен мұхиттардың табиғи ресурстарын қорғау және қалпына келтіру мәселелерінің өзектілігін ашу

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Географиялық зерттеулердің аэроғарыштық әдістері

    Пән студенттерді аэроғарыштық түсірілім негіздерімен, оның түрлері мен түсірілім жағдайларымен, аэротүсірілімдердің бейнелеу және геометриялық сипаттамаларымен таныстырады және аэроғарыштық суреттерді өңдеудің қарапайым дағдыларын үйретеді-анықтау, тану, байланыстыру, суреттің масштабын анықтау, жіктеу, декодтау, бейнелеу, аннотация және карта жасаутуралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Туризм негіздері

    Пән дене және әлеуметтік география, экономика және туризм менеджменті, мәдениеттану және тарих пәндерін оқу барысында алынған барлық теориялық және әдістемелік білімдер мен практикалық дағдыларды өз өңірінің туристік ресурстарын зерттеуге негізделген және өлкедегі туризм аймақтарының қалыптасуы мен дамуы туралы білімдерді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Атмосфера физикасы

    Пән атмосфера құрылысы, атмосфера және мұхит динамикасы, күн физикасы, климатология, электромагниттік және дыбыс толқындарының таралуы, тропосфера физикасы, орта және жоғарғы атмосфера, экологияның физикалық негіздері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Білім алушылар атмосферада болып жатқан құбылыстар мен процестердің мәнін және оларға әр түрлі факторлардың әсерін түсінуге мүмкіндік беретін көлемде білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Географиялық зерттеу әдістері

    Пән географиялық зерттеудің әр түрлі әдістерін қолдану теориясы мен практикасын дамыта отырып, табиғи жағдайлар, географиялық қабықтың ресурстары, әлеуметтік-экономикалық нысандар, кеңістіктік талдау әдістері, тарихи көзқарас, математикалық, салыстырмалы географиялық, картографиялық, визуалды, анкеталық зерттеуды оқутуралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәнді оқу барысында алынған білім ғылыми жобалар мен дипломдық жұмыстарды, сондай-ақ практика туралы есептерді жазу кезінде қажет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Метеорология және климатология

    Пән ғаламшарымыздың ауа райы мен климатын қалыптастыратын атмосфера және онда болып жатқан физикалық және химиялық процестер туралы негізгі туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Жер климатының оның тарихы бойында табиғи ауытқуын және қалыптасуын анықтайтын астрономиялық, геофизикалық және географиялық факторларды, қазіргі кезеңдегі антропогендік факторлардың рөлін зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе

    Пән әлеуметтік-экономикалық және саяси географияны зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін игеру туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. маңызды экономикалық, саяси және әлеуметтік үдерістерді, табиғат пен адамзат қоғамының өзара әрекет мәселелерін тану; табиғи - ресурстық және еңбек әлеуетін бағалау, қоғамдық өндірістің орналасуының, аумақтық еңбек бөлінісінің және интеграциялық үдерістердің жалпы заңдылықтарын белгілеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның рекреациялық географиясы

    Пән Рекреацияның, туризмнің, санаторий-курорттық емдеудің даму заңдылықтарын, ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қазақстанның рекреациялық географиясы географиялық орта факторларының рекреациялық қажеттіліктер мен сұраныстың қалыптасуына әсерін; табиғи және тарихи - мәдени ресурстарды орналастыруды, нақты өңірдің жағдайына байланысты рекреациялық инфрақұрылымның даму ерекшеліктерін зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қызмет көрсету географиясы

    Пән кәсіпорындарды және қызмет көрсету секторын ұтымды ұйымдастыру мен орналастыруды басқару саласындағы құзіреттілігін қалыптастыру иен қызмет көрсету секторының ресурстарының экономикалық жағдайын, технологияның, халықтың өмір салты мен өмір салтының өзгеруіне байланысты қызмет көрсету саласының аумақтық дифференциациясының және кеңістіктік ұйымдастырылуының экономикалық, әлеуметтік мәселелерін талдау зерттеутуралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электронды картография

    Электронды картография геоақпараттық жүйені қолдану мен оны практикалық тапсырмаларды орындау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, географиялық мәліметтерді кескіндеу, моделдеу және карталарды компьютерлік арнай бағдарламалар арқылы жасау, тақырыптық карталарды кескіндеу, оны сабақ үрдісінде қолдану, геоақпараттық жүйелердің географиялық білім берудегі маңызы мен міндеті туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың әдістемесі

    Пәнді меңгерудің мақсаты география мұғалімінің орта жалпы білім беретін оқу орнында білім алушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруға дайындайды. Міндеттері: білім алушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруға мұғалімнің уәждемесі мен құндылық қатынасын қалыптастыру; білім алуышылардың зерттеуәрекетінің тәсілдерін арттыруды көздейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Географиялық орта және тұрақты даму

    Пән географиялық орта және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, географиялық ортаның экологиялық факторларын, ғаламдық экологиялық мәселелерді, тұрақты даму саласындағы концепцияларды, Қазақстанның тұрақты даму бағыттары туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды негіздейді, географиялық ортаны оңтайландырудың жолдарын ұсынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы

    Пән дүние жүзінің экономикалық-әлеуметтік жағдайы туралы, саяси мәселелер, олардың туындауына әсер ететін факторлар туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәннің тақырыптық бағыты қазіргі заманғы экономикалық өзгерістер мен әлемнің ірі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерін шешу жолдарымен тығыз байланысты және өзара байланысты.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геоинформатика

    Картаны сапалы өңдеу мен іздеуге, сондай-ақ, географияда геоақпараттық жүйе туралы түсінікті қалыптастыруға, географиялық карталарды жасаудың заманауй әдістерін үйрену, әр түрлі электронды карталар жасау бағдарламаларын игере отырып, оны сабақ барысында тиімді қолдану әдістерін меңгереді, геоинформатикалық мәліметтердің өңдеу, сақтау, жобалау бойынша білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Географияны оқыту әдістемесі

    Пән географияны оқыту пәні ретінде негізгі принцптері, мақсат, міндеттері, зерттеу саласы туралы түсінік бере отырып, география курсында экологиялық, ұлтжандылық тәрбиемен қатар, қоршаған орта туралы түсінік қалыптастыра отырып, оқыту әдістемесінің педагогикалық-әдістемелік жүйесін қарастыру арқылы географиялық сауаттылық, географиялық ойлау туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономикалық географиядағы сандық әдістер

    Пән экономиканың кеңістіктік аспектілерімен байланысты мәселелерді шешу үшін заманауи сандық технологиялар мен талдау әдістерін зерттеу және қолдану мақсатында оқытылады. Курс экономикалық география саласындағы өзекті мәселелерді талдау және шешу үшін сандық құралдарды тиімді пайдалана алатын мамандарды даярлауға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының қорғалуы және геоэкологиясы

    Пән табиғи ортаның негізгі компоненттері ауа, су қабығы және жер ресурстары туарлы, олардың өнеркәсіптің қарқынды дамуы қоршаған ортаның ұлғайып келе жатқан ластануға әсері, негізгі табиғи компоненттердің геоэкологиялық жағдайын зерттеу, географиялық қабықтың дамуының жалпы заңдылықтарын, оның жеке компоненттерітуралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • География сабағында цифрлық ресурстарды қолдану әдістемесі

    Цифрлық ресурстардың қазіргі мектепке қажеттілігі мен қолдану мүмкіндігі туралы, география сабағындағы цифрлық ресустарды қолданудың ерекшелігі, цифрлық ресурстардың түрлері, білім алушылардың сабақ барысында қолдану мүмкіндіктерін ескере отырып, картографиялық кескіндеу, карта түсіру және карта-схемалар мен карталар, диаграммалар мен кестелер жасаудағы ерекшелігі туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Географиядағы статистикалық әдістер

    Пән географиялық құбылыстар мен процестерді зерттеуде сандық деректерді жинау, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – студенттерге географиялық зерттеулерде қолданылатын статистикалық әдістерді меңгерту, оларды нақты деректермен жұмыс істеуге үйрету және географиялық үрдістер мен құбылыстарды тиімді талдауға мүмкіндік беретін құралдармен қамтамасыз ету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дүниежүзінің шаруашылық географиясы

    Дүние жүзінің саяси картасында елдердің әлемдегі орны, саяси-әкімшілік құрылымы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады, саяси картадағы басты саяси-географиялық өзгерістер: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесі ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астаналарының өзгеруінің картада көрініс табуы мен дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістер туралы білім қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Географиядағы математикалық әдістер

    Пән географиялық құбылыстарды сандық тұрғыда сипаттау, картографиялық және географиялық деректерді өңдеу, географиялық зерттеулерде математикалық тәсілдерді қолдана алу мақсатында оқытылады. Бұл пән географиялық процестер мен құбылыстарды зерттеу барысында математикалық аспаптар мен есептеу техникасын пайдалану, географиялық зерттелген нысандардың статистикалық және динамикалық жайын талдау үшін аса маңызды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инновациялық технологияларды география сабағында қолдану

    Инновациялық технологиялар түрлерімен таныстыру, сабақ үрдісінде қолданудың тиімділігі мен білім алушылардың оқу үлгеріміне әсерін талдай отырып, қазіргі мектеп географиясында қолдану керек инновациялық технологиялар түрлерімен таныстыра отырып, оларды сабқа үрдісінде қолданудың әдістері мен іс-тәжірибе кезінде пайдаланудың теориялық және практикалық негіздері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Биологиялық және экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеу заңдылықтарын түсінеді, құқықтың негізгі қазақстандық және халықаралық көздерін , өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру дағдыларын меңгереді. Кірістер мен шығыстарды талдау негізінде қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге сәйкес жеке бюджетті талдай, жоспарлай және қалыптастыра алады.
  • Әлеуметтік, жас, психофизикалық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту негіздерін анықтайды; мектеп оқушыларының өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін заманауи денсаулық сақтау технологияларын қолдануды біледі. Инклюзивті білім берудегі мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі өзіндік ерекшеліктерінің мәнісін түсінеді.
  • Басқарушылық жағдайлардың ерекшеліктерін, білім беру ұйымының қазіргі жағдайын, сондай-ақ бағыныштылармен өзара әрекеттесудің тиімді әдістерін, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. «ҚР-дағы этномәдени білім беру тұжырымдамасының мазмұнын, «бірыңғай тәрбие бағдарламасын» іске асырудың негізгі ережелері мен тетіктерін, жаһандану жағдайындағы этномәдени білім берудің қазіргі тенденциялары мен проблемаларын біледі.
  • Ғаламдағы материяның тіршілік ету формаларын, жердің фигурасы мен өлшемдерін, жердің осьтік айналуын және оның салдарларын, жердің геомагниттік өрісін, атмосфераны, оның құрылысын, құрамын, басқа қабықшалармен өзара әрекеттесуін, атмосфераның жалпы айналымын, географиялық қабықтың құрамдас бөлігі ретінде гидросфераны сипаттайды; литосфера туралы қазіргі заманғы түсініктерді бағалайды.
  • Жаратылыстану және физикалық география бойынша мектеп курстарын оқыту әдістемесін қолданады; табиғат және оқу пәні туралы ғылымдардың арақатынасын бағалайды және осының негізінде оқу материалын іріктеуді жүзеге асырады; оқу пәнінің мазмұны мен материалын іріктеу принциптерін анықтайды; оны оқытудың тиімді әдістерін, нысандары мен құралдарын әзірлейді. Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында география бойынша пәндерді оқыту әдістемесін қолданады. Білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жүзеге асырады.
  • Картографиялық және топографиялық зерттеулерде, карталар мен топографиялық белгілерді ресімдеуде заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана алады. Географиялық құбылыстарды сандық тұрғыда сипаттайды, картографиялық және географиялық деректерді өңдейді, географиялық зерттеулерде математикалық тәсілдерді қолданады. Қойылған міндеттерді шешу үшін топырақты зерттеу нәтижелерін қолдана алады, топырақтың географиялық орналасуын және негізгі топырақ қималарын біледі, топырақты міндеттерді шешу кезінде нәтижелерді анықтайды.
  • Оқу үдерісін ұйымдастыруда инновациялық технологиялардың мүмкіндіктерін түсінеді; білім берудегі инновациялық педагогикалық процестерді бағалайды, жинақтайды және ұсынады. Негізгі педагогикалық ұғымдарды біледі; қазіргі мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыруды жобалайды және жүзеге асырады, тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Оқыту мен білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқу технологиялары мен білім беру ресурстарын, оның ішінде цифрлық технологиялар мен мазмұнды білім беру үдерісінде қолдануды біледі.
  • Білім саласының кәсіби тілін біледі, табиғат компоненттерінің, материктер мен жарық бөліктерінің физика-географиялық сипаттамасын орындайды; аймақтық айырмашылықтардың себептерін талдайды. Оқытудың заманауи білім беру технологияларын, географияны оқытудың әдістері мен тәсілдерін, экспериментті жоспарлау мен қоюды, нәтижелерді талдау мен талқылауды қолданады; сабақты жоспарлау мен өткізудің, схемалар мен карталар жасаудың әдіснамасын түсінеді.
  • Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерін шаруашылық игерудегі айырмашылықтарды бағалайды; елдің экономикалық аудандарының географиялық жағдайы, табиғи жағдайлары, ресурстары мен шаруашылығы арасындағы байланысты түсінеді; аудандардың экономикалық-географиялық құрылымын қалыптастыруға әртүрлі факторлардың әсерін бағалайды. Қазақстанның рекреациялық ресурстарын, табиғатты қорғау мен рекреацияны тұрақты дамыту қағидаттарын, сондай-ақ туристік инфрақұрылым негіздерін түсінеді.
  • Физикалық және экономикалық география саласындағы зерттеудің жаңа әдістерінің мәні мен әдіснамалық негіздерін бағалайды; географиялық міндеттерді шешуде әлеуметтік, физика - және экономикалық-географиялық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдана алады; Географиялық зерттеулер әдістерін жіктейді; ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау, іріктеу, оны қайта құру және сақтау жұмыстарын жүргізе алады. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістерін біледі және оларды геодемографиялық және геоурбаникалық зерттеулер жүргізу кезінде қолдана алады.
  • Қазақстанның физикалық географиясы саласындағы теориялық аспектілерді, зерттеушілер мен саяхатшылардың географиялық ашылуын анықтайды. Атмосферада болып жатқан физикалық процестер мен құбылыстардың, климат түзілу мәселелері мен климаттың өзгеру мәселелерінің фундаменталды негіздерін анықтайды; адамның шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және табиғатты қорғау қызметіндегі метеорологиялық деректердің рөлін бағалайды, ауа райы мен Жер климатының әртүрлі жағдайларының қалыптасу заңдылықтарын біледі.
  • Гидросфераның құрамы мен құрылымын, жер асты суларының, мұздықтардың, өзендердің, көлдердің және су қоймаларының, теңіздер мен мұхиттардың гидрологиясындағы негізгі жіктеулерін сипаттайды; түрлі гидрологиялық процестер мен құбылыстарды түсіндіруде негізгі физикалық заңдылықтарды түсінеді; картада негізгі гидрологиялық объектілерді және олардың сипаттамаларын көрсетеді.
  • Географиялық ғылымның тарихы мен әдіснамасын сипаттайды; Тарихи географияның ұғымдық аппаратын, әдістерін қолдана біледі; хронологиялық және кеңістіктік аспектілерде тарихи дамудың негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын бағалайды; саяхатшылардың, жер жорықтарының және теңізде жүзушілердің Географияны дамытуға қосқан үлесін біледі; Тарихи география саласындағы ақпаратты түсінеді, сыни талдайды және баяндайды; кеңістікті ретроспективті зерттеудің әдістері мен тәсілдерін қолдана біледі.
  • Қазақ мәдениеті мен тілінің, Қазақстан халқының басқа да мәдениеттері мен тілдерінің байлығын оқыту мен тәрбиелеу процесіне кіріктіруді біледі. Топонимдер мен топонимика туралы түсініктерді аша біледі; географиялық атауларды зерттеудің әртүрлі аспектілерін біледі; Қазақстан мен Орта Азияның топонимикалық жүйелерін бағалайды; топонимдердің негізі ретінде халық географиялық терминдерін түсінеді; Еуропа, Азия, Америка, Австралия елдерінің топонимдерін түсінеді. Геологиялық және физикалық-географиялық тұрғыдағы аймақтық айырмашылықтарды түсінеді және талдайды.
  • Белгілі бір немесе дерексіз тақырыптар бойынша берілген көлемді, күрделі мәтіндердің негізгі мазмұнын, сонымен қатар кәсіби қызығушылықтарына байланыстыра түсінеді; мамандығына байланысты терминдерді меңгереді. Кез келген жағдайда дайынсыз сұхбат алуды меңгерген; әртүрлі тақырыптар бойынша өз ойын анық жеткізеді. Пәннің мазмұнын, оқу процесін, оқыту және бағалау әдістерін біледі және оны іс-жүзінде қолдана алады.
Top