6B01405 Көркем еңбек және жобалау в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлеуметтік - этикалық құндылықтары қалыптасқан, көркем еңбек теориясы мен әдістемесін менгерген, оқыту - өндірістік қызметті ұйымдастыруға қабілетті, жылдам өзгеретін техника технологияға бейімделген педагогикалық маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Қазіргі қоғамдағы педагогтің әлеуметтік мақсатын, сондай-ақ олардың болашақ мамандығының әлеуметтік мәні мен мазмұнын зерттейді. Үздіксіз білім беру қажеттілігін, педагогикалық ғылым мен практикада құзыреттілік тәсілдің мәнін қарастырады. Педагогикалық үдерісте педагогикалық қарым-қатынас қалыптасады және жүзеге асырады. Өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі жетілдіру талданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Сызу және сызба геометриясы
Кеңістіктік бейнелерді жазықтықта техникалық бейнелеуде сызу ережелері туралы теориялық білім мен практикалық дағдыларды беру. Сызба және сызба геометриясының заңдылықтары мен ережелерін зерттеу, метрикалық және позициялық есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру, объектілердің ортогональдық проекцияларын салу, графикалық салу әдістерін шығармашылықпен қайта қарау арқылы өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі жетілдіру процестерін ынталандыру, кеңістіктік бейнелерді, кеңістіктік қиялды және логикалық ойлауды дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Техника тарихы
Пәнде әлем халықтарының костюмдерінің тарихы, даму кезеңдері, стильдері, түстері, әшекейлерінің сән бағытына қарай тасымалдану ерекшеліктері, техника тарихы, өндіріс, тау-кен ісі, әскери және энергетика саласы, егін шаруашылығы, ғарыш техникаларының тарихы, даму кезеңдері кәсіптік оқыту саласы бойынша қарастырылады. Тарихи ақпараттарды практикада қолдану, костюм мен техниканың адам өміріндегі рөлін дәйектеумен сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
Кәсіпорын жұмыскерлерінің қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету, сонымен бірге, жарақаттану немесе сырқаттану көрсеткіштерін төмен деңгейге жеткізу бағытындағы кешенді шараларды әзірлеп талдауға машықтандыру. Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен таныстыру. Еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің орын алуы ықтимал барлық мәселелерін талдап саралау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Бұйымдарды дайындаудың технологиялық процестері
Пәннің мақсаты болашақ мамандарды қазіргі замандағы өндіріс саласы және өндіріс саласының технологиялары туралы, өндіріс саласында атқаратын адам еңбектері, өндіріс саласының негізгі шикізат өнімдерін дайындаудың технологиясымен таныс етіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
«Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері» ЖООК курсы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың рухани жаңғыруын басшылыққа алады. Отаршылдық кезінде дағдарысқа ұшыраған рухани саланы қайта жаңғырту бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Сол себепті, аталған курс ежелден қазіргі күнге дейінгі Ұлы Далада орын алған рухани саладағы оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастырады және болашаққа бағдар береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Психология және адам дамуы
Кәсіби психология әдістері, сапаның ҚР және басқа елдердегі тарихи және даму үрдісі жайлы мәлімет алады. Көркем еңбек және жобалау оқытушысын дайындауда жобалау процесінде жүйелі қарым – қатынастардың психофизиологиялық аспектілерін зерттейді. Психофизиология физиология салаларында және оқушылардың кәсіби іс-әрекетін басқару мен ұйымдастырудың жалпы негіздерінен білім алуды қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Материалдарды өңдеу технологиясының практикумы
Материалдардың технологиясын және оның конструкциялық сызбасын сонымен қатар материалдың сапалық жағын анықтайды. Сала бойынша материалдарды пайдалану мақсатына қарай мата құрамының ерекшеліктерін, талшықтар мен олардың құрылысын анықтайды. Заттар құрылысының, материалдардың технологиялық қасиеттерін және олардың мақсатты өзгерісін, металл емес конструкциялық-технологиялық материалдарды және олардан жасалған бұйымдардың негізгі түрлерін үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Металдар мен конструкциялық материалдар технологиясы
Дизайндағы, өнердегі және технологиядағы заманауи ойлау мен үдерістердің пайда болуы мен дамуы туралы білім кеңістігін түсіндіруді; дизайн және технология негіздерін, тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеуде, ұлттық киім дизайн орындауда АКТ-ны және көркем дизайн принциптері пайдалануды; тігін бұйымдарының технологиясы, маталар мен тоқыма материалдарын көркем өңдеу технологияларын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Мектеп жасындағы балалардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері, әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым – қатынасы, мектеп оқушыларының денсауығын сақтау мен нығайту. Дене тәрбиесімен шынықтыру әдістерін пайдалану арқылы балалар мен жасөспірімдер ағзасының қоршаған ортада бейімделу мүмкіншілігін арттырып,денсаулығын қорғау мен жақсартуға үлес қосады және толыққанды әлеуметтік кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін қабілетті болу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кәсіби компьютерлік бағдарламалар
Компьютерлік графиканың теориялық негіздері, компьютерлік графиканың түрлері, дизайнер-беттеушілерге арналған жұмыс орынының жабдықтары, түс бөлу және басылым алдындағы дайындықтың технологиялық негіздері, ең танымал графикалық редакторлар, сондай-ақ декоративті композициялардың, түстанудың, кітаптар мен іскерлік графикасының, қаріптер мен беттеудің негіздері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және өндіріс негіздері
Кәсіпкерлік және өндіріс негіздері курсы нарықтық экономика жағдайында кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел, бизнес жоспардың құрылымын түсіндіреді. Қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі, экономикалық дамудындағы техниканың ғана емес сонымен қатар басқа да өндіріс факторларының тиімділігін жоғарылату әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Үй мәдениеті және тамақтану мәдениеті
Өмір мәдениеті туралы түсінік. Тұрғын үй экологиясына және адамның жеке гигиенасына қойылатын заманауи талаптар. Өсімдік шаруашылығы, сәндік гүл өсіру, ландшафтық дизайн негіздері, Электр аспаптары мен тұрмыстық техниканы пайдалану және жөндеу ережесі. Интерьерді ұйымдастыру және жоспарлау ережелері. Интерьерде жөндеу-тұрмыстық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Дұрыс тамақтану негіздері мен мәдениеті. Әлем халықтарының тағамдары. Тағам дайындау технологиясының негіздері. Әдістері: IKT, тұлғаға бағытталған оқыту, проблемалық, презентациялар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
Көркем еңбекке білім беру жүйесінде кәсіпкерлікті ұйымдастыруды қарастырады. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, қазіргі заманғы жастардың кәсіпкерлік белсенділігін дамытуға перспективалық көзқарастарын танытуды ашып көрсетеді. Оқытудағы кәсіпкерлік белсенділік әлеуметтік дамудың қазіргі кезеңінде оқу мен жұмыс істеудің оң мотивациясын дамытуға бағытталған құнды бағдарлау парадигмасы тұрғысынан қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Бұл пән барысында білім алушы кешенді педагогикалық, психологиялық әдістерді пайдалана отырып, ұжымдағы тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға бейімделеді. Мектеп ұжымындағы сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстар жүйесін жоспарлай алады. Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің түрлі формалары мен әдістерін пайдалана алады. Мұғалімдер, ата-аналар, бала тәрбиесіндегі қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерін бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экономика және құқық
Білім алушыларда қазіргі заманғы кәсіпкерлік үрдістер аясында, талап етілетін ақпаратты қалыптастырады. Білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгертеді. Қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйренеді. Экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытады. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды шоғырландырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі. Білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады. Білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Арнайы сурет пәнін оқытудың әдістемесі
Студенттерді келешек педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың әдістемелік негізін жасау, түрлі-түсті графика және сурет саласынан білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Бастауыш, кәсіптік білім беру және еңбек технологиясы мектебінің типтік оқу бағдарламасының тарауларына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде жас оқушылармен табысты жұмыс жасау үшін әртүрлі сызба түрлерін меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Арнайы сурет
Дизайнерлік міндеттерді шешуге концептуалды, шығармашылық тәсілге негізделген жобалық идеяны әзірлеу мәселелерін ашып көрсетеді; бұйым эскиздерін орындау іскерліктері мен дағдыларын меңгереді; әрі қарай жобалау-көркемдік қызметті жүргізу үшін жобасын құрып, оқу материалын игеру кезінде академиялық сурет бойынша алынған білімді қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жасанды интеллект
Жасанды интеллект пәні жүйелерінің тарихы мен негізгі тұжырымдамаларын модельдеу мәселелерін, сараптамалық жүйелерді әзірлеу әдістемесін, білімді ұсыну тәсілдерін, нейрондық желілерді терең оқуды үйренеді. Жасанды интеллект арнайы логикалық жүйелер арқылы компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллектің жеке аспектісін ұдайы өндіретін техникалық жүйелерді меңгеріп, жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салаларын роботтехниканы дамытуды үйренеді. Жасанды интеллект деректерді интеллектуалды өңдеуді және талдаудың заманауи технологиялары мен әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Электронды үкімет
Электронды үкімет пәні ақпараттық коммуникативті технология жолдарын кең қолдану жолымен азаматтарға және ұйымдарға қызметтерді ұсынуға максималды бағытталған мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне бағдар береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби педагогика
Білім алушыларға кəсіптік білім беру, оларды тəрбиелеу, оқыту жəне дамыту заңдылықтарын зерттей отырып оқыту мен тəрбиелеудің прициптеріне, ақпараттық, педагогикалық технологияларды жəне оларды басқару жүйесіне негіздеме береді.Студенттердің педагогикалық дүниетанымын, педагогикалық мәдениетін және жалпы кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сала бойынша машиналар мен аппараттар
Технологиялық машиналар және жабдықтар саласындағы мамандарды жоғары сапалы дайындықпен қамтамасыз ету; жаңа буынды рухани адамгершілікке тәрбиелеу; білім, ғылым және өндірісті ұштастыру. Агроөнеркәсіп кешені мен әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие, технология және технологиялық машиналар саласында білім алуға жағдай жасау
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушыларды кәсіптік оқытуға ұйымдастыру
Оқушыларды кәсіптік оқытудың оқу-тәрбиелік, ұйымдастырушылық процесін зерттеу: оқу-әдістемелік, материалдық базасы мен стандарттары. Оқытудың жаңа технологияларын және оқу ақпаратын өңдеу, көрсету, өзгерту және ұсыну әдістері мен құралдарының жиынтығын меңгереді. Қажетті техникалық және ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, кәсіптік оқыту әдістерін зерттейді және дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тігін бұйымдарының технологиясы
Бұл пән барысында білім алушы киімнің негізгі және қосымша бөлшектерінің өңдеу технологиясымен танысады. Тігістің түрлерін киімнің бөлшектерін өңдеуде қолданады. Киімнің негізгі (алдыңғы және артқы) бөлігін өңдейді. Киімнің қосымша бөліктерінің (жаға, жең, қалта, жең ұшының өңделуі, белдік т.б.,) өңделу технологиясын іс жүзінде асырады. Әйел және балалар киімдерінің тігілу технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Киімді құрастыру және модельдеу
Киімді құрастыру және үлгілеу әдістерінің түрлері мен конструкцияларының сипаттамасын және жіктелуін білу; киімдерді жобалау негіздерін және олардың даму перспективаларын түсінеді; кәсіби қызметте киімді құрастыру мен үлгілеудің әртүрлі жүйелері мен әдістемелерін қолданады; заманауи талаптарды ескере отырып киімдердің ассортиментін талдайды және құрылымын жетілдіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік-қолданбалы шығармашылықтың мәні көркем мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Сәндік-қолданбалы өнердің даму тарихын, заманауи сәндік-қолданбалы өнердің сабақтастығын, оның халық өкілдерімен тығыз байланысын ашады. СҚӨ бұйымдарын жасайды, сәндік композициясының негізгі композициялық сұлбалары мен заңдылықтарын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, сыбайлас жемқорлыққа қармы мәдениет, ғылыми зертте дағдылары, тұрақты даму, тіршілік қауіпсіздігі мен экология).
Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгереді, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданауды қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілетін меңгереді. Өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен жұмыс әдістерін сыни тұрғыдан бағалайды. Өзінің педагогикалық тұрақты дамуын (экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі), ұйымшылдығы мен кәсіби әл-ауқатының дамуы үшін жаңа мақсаттар қоя алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Металл өңдеу технологиясы
Металлдың даму тарихы мен көркем өңдеу түрлері қарастырылады. Металды тесу, тойтару, нақыштау, химиялық өңдеу және көркем өңдеу технологиясын зерттеу, жазықтық, көлем, кеңістікпен жұмыс істейді. Металды көркем өңдеудің әр түрлі технологиялары саласындағы іскерліктерді, бұйым нысанын және технологиялық талаптарды ескере отырып оны дайындау тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ қолөнер негіздері
Халық шеберлерінің туындылары мен көркем шығарманың өзіндік ерекшеліктерімен таныса алады. Көркем бейненің құрылым заңдылықтары, туындау және қабылдау үрдістерін жаңаша қарау мүмкіндіктерін саралауды меңгереді. Ұлттық өнер жүйесінің заманмен үйлесу байланысын ажырата алады. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар
Оқытудағы тиімді әдістер мен жаңалықтарды зерттеу және қолдану. Оқу үрдісінің мақсатына сай білім беру технологияларының алуан түрлерін қолдана білу. Әдістемелік үлгілерді, әдістерді, технологияларды және оқыту әдістерін әзірлеу әдістерін меңгеру, оларды әртүрлі типтегі білім беру бағдарламаларында пайдалану процесінің нәтижелерін талдау. Жаңа білім беру мазмұнын, технологияларын және оқытудың нақты әдістерін жобалау қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Өнер пәнін оқыту әдістемесі
Студенттерге сәндік қолданбалы өнерінің маңызы мен ерекшеліктері жөнінде жан-жақты білім беру, жастардың бойында ұлттық сана сезімді қалыптастыруға әсер ету, мәдени салт дәстүрлерді меңгеру, жалпы адамзаттың және рухани құндылықтар мен идеяларды игеруге баулу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
Көркем еңбекке оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздері туралы мәселелерді қарастырады. Педагогикалық еңбектің тиімді ұйымдастыру кезеңдерін зерттейді. Оқытудың тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын анықтау және қолдану жолдарын, сондай-ақ студенттердің болашақ педагогикалық қызметке әдістемелік дайындығының негізін ашып көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы
Әр түрлі өнер түрлерінің көркем тілінің ерекшелігін, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығын, бейнелеу өнері дамуының заңдылықтары мен негізгі тарихи кезеңдерін зерттейді. Сәулет, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, әдебиет және сол сияқты т.б. тарихи қалыптасқан өнер түрлерін қарастырады. Пластикалық өнер жанрларының барлық алуан түрлерін сезінуге және қабылдауға қабілетті болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Конструкторлық өнеркәсіп эстетикасы
Киімді конструкциялаудың түйреу, есептеу-графикалық, Muller & Sohn, Лин Жак, Отандық сән, халықаралық жүйе, модельдеу әдістері, пәнаралық байланыс идеяларына негізделген кәсіби білімді түсіну және интеграциялауды көрсете білу, критериалды бағалау қарастырылады. Киімді конструкциялауда және модельдеуде АКТ-ны пайдалану, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану жолдарымен сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бейнелеу өнерінің арнайы бөлмелерін көрнекілік жабдықтармен безендіру
Жанрдың бейнелеу стилін қолдана отырып, сандық әдістермен кинодағы бейнелеу шеберлігін игеру. Таңдалған жанрдағы фильмнің эскиздері мен макеттерін орындау техникасын меңгеру. Таңдалған жанрда фильм жасау үшін білім мен дағдыларды практикалық қолдану. Пластикалық материалдармен жұмыс істеу принциптері туралы толық түсінікке ие болу. Қалыптарды жасау кезінде барлық техникалық талаптарды сақтай отырып, қалыптау бөлшектерін жасау технологиясын меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кескіндеме техникасы
Кескіндеме техникалары мен түрлерін, кескіндеме композициясындағы түстерді үйлестіру принциптерін зерттейді. Кеңістікті түсті-ырғақты ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін қолдануға үйретеді, локальді түс, жарық-көлеңке және түстің жарық градациялары, түс қатынастары, колорит, түс үйлесімі туралы түсініктер береді. Түс пен тон арқылы кеңістік пен көлемді модельдеуге үйретеді. Көркем-бейнелі ойлауды және шығармашылық қиялды дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мүсін және пластикалық анатомия
Бұл курсты оқыту барысында студенттер теориялық білімдерін әртүрлі мүсін түрлерін дайындауда қолдана білу және шығармашылық және кәсіби шеберліктерін арттыру. Классикалық модельді өсімдік өрнегінің бедері (барельеф). Антикалық мүсін (Венера) маскасы. Бір фигуралы композиция Сократ.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түстану, композиция негіздері
Композиция негіздері, заңдылықтары, композицияның тәсілдері мен құралдары, үйлесімді композицияның қасиеттері, коллекцияны құру принциптері, түс сипаттамаларын өлшеу, заттардың түске әсері, түс шеңбері, текстурасы, фактурасы, жарық, түс, тон қарастырылады. Композициялық білімді практикада қолдану, графикалық бейнелерді саналы түрдегі көркемдік бейнелермен композиция құрастыру сипатталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көркем өнер тарихы
Қоғамдық сананың көркемдік ойлау тәсіліне негізделетін үлкен бір саласы, өмір құбылыстарын бейнелеп көрсету құралы ретінде қарастырады. Көркем. өнердің сан алуан түрін дүниені эстетик. жолмен, әдеміні сезіну арқасында пайда болған нәрселер ретінде зерттейді. Дүниені көркемдік жолмен танып, оның бейнесін келтіруге ұмтылу әріден, көне заманнан басталатынын тұжырымдайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Графика үйірме жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ағаштан жасалған бұйымдарды құрастыру
Ағашты көркемдеп оюдың дәстүрлі және заманауи əдіс - тəсілдерін, технологиясын меңгертеді. Ағаш оюдың ағашқа кез-келген геометриялық пішінді ырғақпен өрнектей салуға ғана емес, өрнек үлгілерін композициялық тұрғыдан шығармашылық жүйелеу өзінше бір үлкен өнер екенін түсіндіреді. Еркін ойлап, нақты үлгілерді көшірумен шектеліп қалмай, ағаш ою кезінде өз қолтаңбасын батыл қалыптастыруға машықтандырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу
Киімді құрастыру және модельдеу әдістерінің түрлері мен конструкцияларының сипаттамасын және жіктелуін білу; киімдерді жобалау негіздерін және олардың даму перспективаларын түсінеді; кәсіби қызметте киімді құрастыру мен үлгілеудің әртүрлі жүйелері мен әдістемелерін қолданады; заманауи талаптарды ескере отырып киімдердің ассортиментін талдайды және құрылымын жетілдіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
3D модельдеу
3D-модельдеу арқылы 3D кеңістіктегі полигондарды, шеттерін және шыңдарын манипуляциялау арқылы кез келген беттің немесе объектінің 3D көрінісін жасау үдерісін үйретеді. 3D модельдеуді арнайы 3D өндіріс бағдарламалық жасақтамасымен қол жеткізуге болады, ол суретшіге полигональды беттерді жасайды және деформациялайды, нысандарды сандық түрдегі деректер нүктелерінің жиынтығына нақты объектілерді сканерлеу арқылы қол жеткізуге көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем құрастыру
Көркем құрастыру қазақ халқының ұлттық қолөнерінің негізгі түрлерін, заңдылықтарын, жасалу технологиясын түсінеді. Оқыту шеберханаларында шығармашылық процестерді бақылайды. Ұлттық қолөнер бұйымдарын технологиялық картаға сәйкес жасап, қайта өңдейді. Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін зерделейді, айырмашылықтарын көрсетіп және түрлі бұйымдар жасай алады. Сәндік-қолданбалы өнерді өндірістік іс-әрекет ретінде оқытуда құрастыру, ұйымдастыру дағдысын көрсетіп тұжырымдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Перспектива
Студент берілген творчестволық ой-пікірін іске асыра білу керек, проекциялық аппарат және оның элементтерін білу керек Мазмұны: Кеңістік формаларын бейнелеу, құрастыру формаларын меңгеру. Заттың аксонометриялық кескінін сызу, оның проекцияларын түсіру әдістерін үйрену
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Автомобильдерді модельдеу, макеттеу және жобалау
Автоматтандырылған жүйелердің бағдарламамен қамтамасыз етілу классификациясы. Жобалық шешімдердің орындалу нормасы. Технологиялық операциялар мен технология құралдары туралы түсінік. ДК-де бағдарламаны орындауды ұйымдастыру. ДК-де бағдарламаны орындау мен дайындаудың кезеңдері
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кілем тоқу әдісі
Қазақ халықтарының сәндiк-қолданбалы өнерiнiң дәстүрлi кiлем тоқу өнерi. Қазақстандағы қолдан кiлем тоқудың тарихи шолу. Кiлем кәсiпшiлiгi пайда болуының табиғи географиялық және экономикалық салдарлары. Түктi кiлем түрлерi. Кiлем тоқу технологиясымен тоқылған бұйымдарының топтастырылуы. Кілем тоқу – тік немесе көлденең құрылған тоқыма өрмегінің көмегімен, бетіне түрлі өрнек салып, түкті немесе тықыр етіп тоқу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Этнодизайндық жобалау
Қазіргі кезең сән және киім стиліне, сұлба және қазіргі киімнің сәнді бағыттарына сипаттама. Костюм композициясы заңдылықтары мен принциптері. Түстік гамма. Сәндік элементтер. Әлемдік және отандық дизайнерлер. Қазақстандық сәнгерлердің авторлық киім топтамалары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем еңбекке оқытудағы ғылыми зерттеу негіздері
Болашақ мамандар ғылыми зерттеу жұмыстары барысында дидактикалық зерттеу әдістері, жалпы ғылыми таным мен шығармашылық әдіснамасы жөніндегі мағлұматтар негізінде педагогикалық зерттеу бағытын таңдайды. Зерттеу логикасын түзуде педагогикалық эксперименттерді жүргізу әдістерін, зерттеу нәтижелерін өңдеудің математикалық тәсілдермен таныса алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Көркем еңбек және сызуды оқыту әдістемесі
Көркем еңбек және сызуды оқыту әдістемесі пәні студенттерге оқытудың дәстүрлі және сызудың жаңа оқыту әдістемесін үйретеді. Сызуды оқытудың дәстүрлі әдістемесі бұрыннан қолданыста келе жатқан сызуды оқыту әдістерін меңгертеді, ал сызудың оқытудың жаңа әдістемесі оқыту проблемаларын шешудің жаңадан ендірілген әдіс тәсілдерін оқытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Flash технология
Оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық - әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылатынын көрсету. Векторлық графикаға бағытталған Flash - бағдарламасының негізгі өндеу кұралы мултимедияның барлық негізгі элементтерін: козғалыс, дыбыс және объектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз ететінін ашу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Аксесуарларды жасау технологиясы және дизайны
Студенттерді аксессуарларды костюмдермен сауатты үйлестіруге, аксессуарлар дизайнын шешуге шығармашылық тұрғыдан қарауға үйретеді. Костюмді толықтыратын түрлі заттар. Жаппай тиражбен шығарылатын және жалпы конструктивтік негізде жобаланған өнеркәсіптік бұйымдарды алуан түрлілікке мүмкіндік беретін тәсілдер игеріледі: қанттар, кестелер, бау, шілтер, фурнитура, батик және т. б.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Графикалық дизайн
Бірнеше жолға тексті композиция жазады. Логотиптерді талдайды, ақпараттық технологияларда шрифтік аспаптар, трафареттер, курсивтік шрифт, эскиз және декорациялық шрифт түрлерінің дизайнын құрастырады. Графикалық дизайн негіздерін сипаттайды. Дизайн құрастыру әдістерін жазықтықта көрсетуге үйретеді, түсіру әдістерін үлгіге алады. Құрастыру әдістерінің түрлерін центрлік проекциялау әдістерін практикада қолдана білуге дағдыланады. Бірнеше жолға тексті композиция жазады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дуальды оқыту технологиялары
Дуальді оқытудың мазмұнын және үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың тарихы мен дуальді оқыту барысында жаңартылған мазмұны ашылады. Дуальді оқытудың білім беру бағдарламасының негізгі компоненттері мен принциптерін зерттейді. Дуальді оқыту жүйесінде критериалды бағалауды қолдана білу іскерліктері мен дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көркем еңбектің технологиялық практикумы
Өнер мен қолөнерді даму тарихын және тығыз қарым-қатынасын қарастырады. Адамзаттың тарихи-мәдени тәжірибесі сәндік-қолданбалы өнердің бірнеше салаларында, оның ішінде әлем халықтарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысу арқылы зерттеледі. Көркем еңбектің заңдары мен ережелерін қолдана отырып практикалық жұмыстың негізгі кезеңдерін ашып көрсетеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Коммуникативтік дағдыларын ауызша-жазбаша, цифрлық формаларда қолданады, қоғамдық қатынастарда қазақ, орыс, шетел тілін (ағылшын) қолданады.
- Мақсаттылық, коммуникациялық, жауапкершілік және көшбасшылық қабілеттерін өз бетінше жетілдіре алады.
- Арнаулы шеберханаларда оқыту шығармашылық үдерістерін ұйымдастырады, қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
- Ұжымда жұмыс жасауда әлеуметтік, ұлттық, діни және мәдени ерекшеліктерге төзімділік көрсетеді.
- Білім беруде педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін біледі, оқыту мазмұны мен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра алады.
- Жеке дүниетанымдық ұстанымын қалыптастырады және оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданады.
- Оқу - өндірістік жұмыстардың құрылымы мен мазмұнын жобалау әдістерін, сабақты дидактикалық құралдармен жабдықтау тәсілдерін меңгереді.
- Қоршаған ортаға көрсетілген әсерді бағалаудың әдістемелік, экономикалық, құқықтық негіздері жайында білімін қолданады.
- Білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді мектеп және орта арнаулы білім беру мекемелерінде зерттейді, бағалайды.
- Оқу – тәрбие үдерісін жоспарлайды, заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады.
- Жеке тұлғалық тұрғыда жетілуде өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларын қолданады.
- Білім беруге қатысты әдістемелік және анықтамалық материалдарды даярлайды.
- Заманауи бағдарламалық өнімдер, техникалық құралдарды және технологияларды кәсіби салада қолданады.