Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01103 Педагогика және психология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Педагогика және психологияның андрогогикалық негіздері

    Пән магистранттар арасында ересектерді оқытуда педагогикалық және психологиялық өзара әрекеттестіктің негізгі ұғымдарын, теориясы мен тәжірибесін қолданудың андрогикалық негіздерін дамытуға бағытталған. Пәннің мазмұнында андрагогиканың ғылыми негіздері; андрагогикалық білімнің гуманитарлық сипаты; ересектерге білім берудің теориясы мен тәжірибесін дамыту; ересектердің білімі өмір бойы білім беру жүйесінің және әлеуметтік институттың құрылымдық құрамдас бөлігі ретінде; кәсіптік білім берудің андрагогикалық әлеуеті; жоғары ғылыми-педагогикалық біліктілігі бар кадрларды даярлаудың андрагогикалық аспектілері; ғылыми мектептерді дамытудың андрагогикалық әлеуеті; ересектерді оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары мен технологиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық–психологиялық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері

    Пән магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін жобалау және жүзеге асыру дағдыларын және зерттеушінің әдістемелік мәдениетін дамытуға бағытталған. Пән мазмұны қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәселелерін қарастырады; ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық принциптерін сипаттау; зерттеудің логикалық құрылымы; психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдістері мен тәсілдерін; жұмысты сынау; зерттеу нәтижелерін талдау және ұсыну, білім беру үдерісінде жасанды интеллект этикасын сақтау және оның мүмкіндіктерін пайдалану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Компаративтік білім беру

    Пән магистранттардың салыстырмалы білім берудің теориялық және қолданбалы негіздерін меңгеруге бағытталған. Пән мазмұнында салыстырмалы тәсілдің даму кезеңдері; салыстырмалы білім беру міндеттері; салыстырмалы педагогикалық зерттеу әдістері; қазіргі әлемдегі білім берудің даму тенденциялары; ұлттық жоғары білім беру жүйелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Бұл пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Электронды білім берудің теориясы және практикасы

    Пән магистранттардың E-learning нормативтік-құқықтық, теориялық, этикалық және технологиялық аспектілерін меңгеруге, тұжырымдамаларын, парадигмаларын игеруге және электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу мен қолданудың дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәннің мазмұнында электрондық білім берудің теориялық негіздері; E-learning технологиялары мен құралдары; электрондық білім беру ресурстарын жобалау әдістемесі; электрондық курстардың құрылымы мен элементтері; электрондық оқытуға қойылатын заңнамалық және нормативтік талаптар; ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері; электрондық білім беру технологияларын пайдаланудың этикалық принциптері; E-learning саласындағы жаһандық үрдістер мен инновациялар қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Мақсаты: Қоғамның рухани дамуында ғылымның тарихын, даму динамикасын, философиясын, ғылыми білім дамуының құндылық мақсаттары мен ғылыми-зерттеу кəсіптік тəжірибесін, ғылымды əлеуметтік институт ретінде, өндірістік күш, ғылыми білімнің жүйесі жəне қоғамдық сананы қалыптастырушы ретінде білім беру. Ғылыми, педагогикалық іс-əрекетінің кеңістігінде ғылыми ойлау мәдениетiн кaлыптастырып, сapaптамалық кабiлет пен iзденiс қызметiнiң дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Цифрлы білім беру медиатехнологиясы

    Пән білімдік, тәрбиелік, зерттеушілік міндеттерді шешуде білім беру медиаөнімдері мен ресурстарын пайдаланудың дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәннің мазмұнында цифрлы білім беру медиатехнологияларының даму тарихы; ақпараттық ғасырдағы цифрлық білім беру медиатехнологияларының мәні мен мүмкіндіктері; оқу үдерісіне цифрлық медиатехнологияларды ендірудің және оларды пайдаланудың ерекшеліктері; цифрлық білім беру медиатехнологияларын қолданудың өзекті мәселелері; медиатехнологиялардың түрлері және қолданыс аясы қарастырылады. Пән магистранттарда оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда медиатехнологияларды пайдалану және цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Пәнің мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Білім берудегі менеджмент

    Пән магистранттарда білім беру саласында басқарудың негізгі принциптерін, инновациялық әдістері мен механизмдерін тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға, білім беру ортасы жағдайына психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізуге бағытталған. Пән мазмұнында менеджмент түрлері; басқару әдістері және заманауи менеджменттің инновациялық технологиялары; психологиялық және педагогикалық іс-әрекет менеджментінде мақсат қою және шешім қабылдау; педагогикалық менеджмент; корпоративтік басқару мәдениеті; педагогикалық және психологиялық қызметті басқару стилі; нәтижеге бағытталған жоспарлау менеджменті; менеджердің көшбасшылық қасиеттері; ұзақ мерзімді менеджмент қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    «Жоғары мектептің педагогикасы» пәні педагогикалық ғылымның парадигмасын, тенденциясын, жоғары мектеп дидактикасын және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мақсаты - магистранттарда педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби, әдістемелік құзыреттілігін және педагогикалық мәдениетін қалыптастыру. Бұл пән магистранттардың педагогикалық ұстанымын дамытуды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар жасауға, кәсіби білім беру жүйесінде оқытушы тұлғасының субъектілік сипатының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Пәннің мазмұнында жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны; жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары; қазіргі заманғы білім беру парадигмалары; жоғары мектептегі білім беру мазмұны; жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы; жоғары мектеп дидактикасы мен оқыту технологиялары, әдістері мен формалары; жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Білім берудегі HR

    Пән магистранттардың білім беруде HR пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәннің мазмұны білім берудегі HR мәнін, мазмұнын, заңдылықтарын және принциптерін қарастырады; осы саланы таратудың әлемдік және отандық тәжірибесі; жаһандық үрдістер және оның дамуының негізгі нәтижелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі психологиялық кеңес беру

    Пән магистранттардың білім беру ортасында психологиялық кеңес берудің заманауи әдістерін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. Курстың мазмұнында оқу процесінде психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері; білім беру кеңістігінің әртүрлі субъектілерімен жұмыс істеуде кеңес берудің негізгі әдістері, тәсілдері; тәуекел тобындағы студенттерге және ата-аналар мен мұғалімдерге кеңес беру қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ЖОО- дағы психологиялық- педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі

    Пән магистранттарда ЖОО-да психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытуда тәжірибеге бағытталған әдістер мен технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұнында психология және педагогикалық пәндерді оқытудың әдістемелік ерекшеліктері; оқыту әдістерінің негізгі әдістемелік сипаттамасы; тарихи-педагогикалық пәндерді оқу негізінде студенттердің кәсіби дүниетанымын қалыптастыру; педагогикалық тәжірибені оқитын студенттерді ұйымдастыру; теориялық және практикалық психологияны оқытудың ерекшеліктері; практикалық психология бойынша оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім беру ортасын жобалау және сараптау

    Пән магистранттардың білім беру ортасын жобалау және сараптамасын жүргізу дағдыларын дамытуға бағытталған. Курстың мазмұны заманауи білім беру саласындағы жобалаудың түрлері мен мәселелерін қарастырады; әлеуметтік-педагогикалық, тәрбиелік, психологиялық-педагогикалық жобалаудың табиғаты, логикасы мен мазмұны ашылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Психодиагностика технологиясы

    Пән магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыми бағдарламаларды құру, психологиялық көрсеткіштерді талдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Пән мазмұнында білім берудегі психодиагностиканың әдіснамасы, теориясы мен тәжірибесі, диагностикалық қызметтің субъектілері мен объектілері, диагностикалық қызметті ұйымдастыру логикасы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім беру ортасын комфорттық моделдеу

    Пән магистранттардың психологиялық қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын жобалау және құру дағдыларын қалыптастыруға, оны ұйымдастырудың принциптері мен тетіктерін анықтауға, білім беру ортасының шарттарын білім алушылардың әртүрлі топтарының қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған. Пәннің мазмұнында білім беру ортасын модельдеу мен жобалаудың теориялық негіздері; «білім беру ортасы» түсінігінің мәні; білім беру ортасының типологиясы мен үлгілерінің тарихи-педагогикалық аспектісі; комфортты білім беру ортасын құру шарттары; механизмдері, принциптері; психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру технологиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ЖОО-дағы жобалық оқыту

    Пән магистранттардың жобалық әрекеттерді ұйымдастыру, дидактиканы жобалау, ғылыми жобалау және жобалық қызметтегі тәуекелдерді диагностикалау дағдыларын дамытуға бағытталған. Пән мазмұнында білім берудегі жобалаудың әдіснамасын, теориясы мен тәжірибесі; дизайнның педагогикалық категория ретінде дамуының генезисі; жобалау қызметінің субъектілері мен объектілері, жобалау түрлерінің классификациясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қолданбалы психология

    Пән магистранттарда психологиялық-педагогикалық бейінді диагностикалау, психологиялық-педагогикалық көмектің қолданбалы ғылыми-практикалық технологияларын құру кезінде психологияның негізгі әдіснамалық, зерттеу және қолданбалы мәселелерін және оларды шешу жолдарын бағдарлауға мүмкіндік беретін психологиялық білімнің тұтас жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұнында қолданбалы психологияның ұйымдастырушылық негіздері мен салалары; практикалық психология педагог-психологтың қызмет саласы ретінде; психодиагностика, әртүрлі жас кезеңдерінде психодиагностикалық процедураларды қолдану ерекшеліктері; педагог-психологтың түзету жұмысы; психологиялық тренинг топтық психокоррекция әдісі ретінде; психологиялық кеңес беру; психологиялық қолдау, психопрофилактика және психологиялық ағарту қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психометрия

    Пән магистранттардың психометриялық талдау, психометриялық құжаттамамен және статистикамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәннің мазмұнында психометрия саласындағы теориялық және қолданбалы салалары; тестілеу теориясындағы сызықтық және сызықты емес модельдер; өлшеу тәсілдері мен әдістері; психометриялық талдау негіздері; сынақтарды жобалау және әзірлеу; тест нормаларының психометриялық есептері; тесттік бейімделудің психометриялық мәселелері; дифференциалды және типологиялық диагностиканың психометриясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық квалиметрия

    Пән магистранттарда кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау және өзін-өзі бағалау үдерісін жүйелі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұнында квалиметрияны сапаны өлшеу туралы ғылым ретінде қарастырады; білім берудегі педагогикалық квалиметрия; білім беру үдерісіне қатысушылардың жеке, субъективті, тұлғалық қасиеттерінің квалиметриясы; педагогтың кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау әдістемесі және педагогикалық аттестация; квалиметриялық көрсеткіштерге негізделген мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейінің жеке даму траекториясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық өлшем

    Пән магистранттарда оқыту нәтижелерін қазіргі заманғы педагогикалық өлшемдер саласында, оның ішінде цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндіктерін меңгеру дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәннің мазмұнында білім берудегі құзіреттілікке негізделген тәсілді; педагогикалық өлшемдердің классикалық және қазіргі теориясы; педагогикалық өлшемдердің қазіргі мәселелері мен болашағы; тест педагогикалық өлшемнің объективті құралы ретінде; онлайн тестілеуді дамыту үшін цифрлық платформаларды пайдалану; педагогикалық өлшемдерге арналған таразылар; білім беру статистикасы қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайды және кәсіби қызметте пайдалану;
  • Шет тілінде тиімді кәсіби қарым-қатынас жасау үшін, сондай-ақ жоғары білім беру контекстінде педагогика мен басқару психологиясының теориялық және практикалық принциптерін дұрыс қолдануда қажетті білім мен практикалық дағдыларды игеру.
  • Білім беру сапасын жақсарту, оның қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру үшін психологиялық-педагогикалық диагностикада цифрлық және электрондық құралдарды қолдану дағдыларын көрсету.
  • Оқу орындарында психологиялық-педагогикалық пәндерді тиімді оқытудың жобалық және тәжірибеге бағытталған әдістері мен технологияларын қолдану дағдыларын көрсету.
  • Жайлы білім беру ортасын құруда оқытудың жобалық және қолданбалы әдістері мен білім алушылармен, әріптестермен және ЖКББҰ қызметкерлерімен оңтайлы қарым-қатынас стратегияларын пайдалану.
  • Оқу іс-әрекеті үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау, білім беру процесінің субъектілерін психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыру, психологиялық-педагогикалық бейіннің диагностикасын жүргізу, білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, психологиялық-педагогикалық көмектің қолданбалы ғылыми-практикалық технологияларын жасау дағдыларына ие болу
  • Білім беру сапасын арттыру үшін білім беру мекемелерін басқару стратегияларын әзірлеуге және енгізуге, сондай-ақ психологиялық және кәсіптік ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық құрамды іріктеуді, дамытуды және бағалауды жүзеге асыруға, білім беру ортасының жағдайларына психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізуге дайындық
  • Білім беру жүйелерін салыстырмалы талдау әдістерін қолдану; жаңа білімді үздіксіз игеру дағдыларын дамытуға ықпал ету ("өмір бойы білім беру").
  • Педагогика және психология бойынша ғылыми нәтижелерді жинақтау және интерпритациялауды жүзеге асыру.
  • Психологиялық-педагогикалық зерттеуде өлшеу дағдыларын қолдану және ғылыми нәтижелерді практикалық қызметке енгізу; зерттеу қызметінде жасанды интеллектті қолдану этикасын сақтау.
Top