Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01717 Қазақ тілі мен әдебиеті в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі

    Мақсаты: тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлермен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттармен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет

    Пәннің мақсаты студенттерде қоғамның инклюзивті мәдениетінің негіздерін, инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптерін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық аспектілерін білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттердің әлеуметтік және кәсіби салаларда инклюзия принциптерін қолдану қабілеті, көпмәдениетті қоғамда коммуникативтік стратегияларды таңдау қабілеті қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік және бизнес

    Пән студенттерге теориялық, ғылыми және практикалық білім негізінде бизнес-жоспар құру, оны ұйымдастыру және тиімді жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында кәсіпкерлік қызмет барысында туындайтын құқықтық, экономикалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерді талдап, оларды шешу жолдарын ғылыми-практикалық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік беріледі. Студенттердің стратегиялық ойлау қабілетін дамытып, заманауи кәсіпкерлік ортада табысты әрекет етуге қажетті кәсіби құзыреттерін жетілдіру көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Пән сөз өнері туралы ғылым ретінде қалыптасқан филологиялық білім негіздерін меңгертуді мақсат етеді. Әдебиеттанудың негізгі терминдері мен ұғымдары, әдеби-теориялық және эстетикалық категориялар жүйеленіп қарастырылады. Сондай-ақ әдеби даму үдерісі, жанр, ағым, көркемдік әдіс, өлең құрылысы, дәстүр мен жаңашылдық туралы білім беріледі. Пән көркем мәтінді кешенді және жүйелі талдауға, әдеби-теориялық ізденістерге бейімделуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

    Пәнді оқыту мақсаты – мемлекет және құқық сияқты категорияларды ашып көрсету, құқықтың ұлттық салалары туралы студенттерге қажетті жалпы ұсыныстар беру, Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық нормаларымен, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық салалардағы және Қазақстан құқығының басқа салаларындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу негіздері

    Ғылыми зерттеулердегі жаңа парадигмалар мен концепцияларға тән ғылыми әдіснама мен әдістерін меңгеру, зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру қағидаттары талданады. Теориялық пәнді оқу және таңдаған тақырып бойынша зерттеуді орындау бағыты екшеледі. Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, ізденіс қорытындысын негіздеу, ғылыми талдау бойынша реферат, баяндама, курстық /дипломдық жұмыс немесе мақала жазудағы кәсіби біліктілік мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пәннің мақсаты – білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді сыни бағалау және талдау қабілетін қалыптастыру. Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру білім алушыларға ұтымды қаржылық шешімдер қабылдауға, туындайтын қаржылық мәселелерді шешуге және қаржылық алаяқтықтарды уақытылы тануға мүмкіндік береді. Пән жеке қаржыны басқару саласында білім мен дағдыларды алуға бағытталған. Пән шеңберінде білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды практикада қолдануды, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйренеді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру бойынша практикалық дағдыларға ие болады, қаржылық ақпаратты талдауды және барабар инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржы өнімдерінде бағдарлауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Пәнді оқу барысында педагогика ғылымының жалпы теориялық негіздері және педагогикалық теориялар мен технологиялар жаңа білім беру тұғырлар негізінде меңгеріледі. Педагогиканың теориялық негіздері тәжірибелік педагогикалық іс-әрекеттің инновациялық әдістерімен өзара байланысында жүзеге асырылады. Болашақ мұғалімдер оқыту мен тәрбиенің принциптерін, заңдылықтарын, жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің жаңа технологияларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміне кіріспе

    Тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдерімен таныстыру, болашақ филолог-мамандардың жаңа туындап жатқан мәселелерден хабардар ету. Тіл білімінің басты-басты қағидалары мен тұжырымдары дүниежүзі тілдерінің негізінде сөз ету және олардың бәрі тіл білімінің соңғы кездердегі қол жеткізген жетістіктерімен ұштастыру. Пән білім алушылар үшін өз ана тілінің (қазақ тілінің) құрылымын, фақтілерін ғылыми терең түсінуге, ана тілінің туыс тілдермен генетикалық жақындығын білуіне, туыс емес тілдермен типологиялық ұқсастықтарын салыстыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Емле және сөз сазы

    Пәннің мақсаты – тіл мамандарына дұрыс сөйлеу, сауатты жазу ережелерін меңгертіп, тыныс белгілерінің қызметін, орнын анықтау, орфоэпиялық, орфографиялық нормалардың мәнін түсіндіру, сауатты жазуға үйрету, әдеби тіл нормасымен дұрыс сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Орфографиялық қателердің себептері мен оны болдырмау жолдарын меңгерту; жазу тілі мен ауызекі тілдің арасындағы ерекшелікті ажырату, жазу жұмысындағы қате-кемшіліктерін жою.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халық шығармашылығы

    Халық шығармашылығы мен авторлық әдебиеттің ортақ негіздері мен ерекшеліктері, халық әдебиетінің танымдық, тұрмыстық және тарихи қызметі, этнографиялық сипаты, жанрларға жіктелуі мәселесі қарастырылады. Халық шығармашылығы туындыларының көркемдік-эстетикалық, этикалық, тарихи, этнографиялық қызметі аясындағы поэтикалық ерекшелігі сараланады. Халық әдебиетін кешенді талдау мен жүйелі игеру барысында жанр табиғаты, халық әдебиеті түрлерінің эстетикалық болмысы байыпталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркітануға кіріспе

    Пәннің мақсаты – Түркітану ғылымының зерттеу нысандарын, Түркітану ғылымының қалыптасу кезеңдері мен даму тарихын, орыс, Батыс түркітануы, Шығыс түркітану ғылымының түркі әлемінде зерттелуін меңгерту. Пәннің міндеті – студенттер бойына қазақ тілінің тарихы оның тайпалық тілдерден халық тілі, одан ұлт тілі болып қалыптасуы – туыс түркі тілдерінің тарихымен тікелей байланыстылығы жайлы сенімді көзқарас қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

    Пәнді оқыту мазмұны - фонетиканың зерттеу нысаны, салалары, зерттеу әдістері, қазақ тілінің дыбыстық құрамы, акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай түрлері, дыбыстық жүйенің зерттелу жайы, дыбыстар тіркесі, буынның дыбыстық құрамы, түрлері, буын жігі мен екпін, үндестік заңының түрлері, тіл үндестігі мен ерін үндестігі, ұқсастық заңы мен бейімдестік заңдарының ерекшеліктері, дыбыстардың алмасу сипаты, жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтары жөнінде теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған бағдарламалық мазмұнды бейімдеу

    Пәннің мазмұны инклюзивті білім беру жағдайында ЕБҚ бар балаларға арналған бағдарлама мазмұнын бейімдеу жолдарын, сондай-ақ Қазақстандағы және шетелдегі инклюзивті білім беруді дамытудың жалпы заңдылықтарын, тенденцияларын қарастырады. Пән ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері, ЕБҚ бар балаға арналған жеке оқу жоспарын әзірлеу және іске асыру ерекшеліктері, оқу ортасын бейімдеу жолдары, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау стратегиялары туралы студенттердің түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің терминологиясы

    Пәннің мақсаты – ғылыми ұғымның терминдік мағыналық шегін бұлжытпай, айнытпай, үнемі дәл сақтау, терминжасам, сөзжасамдық тәсілдердің термин жасаудағы көрінісі, қазақ терминологиясының тарихи кезеңдері, терминография тарихы, терминжасам қағидаттары, қазіргі қазақ терминологиясы және арнаулы лексика, терминологияның билингвистикалық, теориялық мәселелерін қарастыру, қазақ терминологиясының теориялық негіздерін, терминжасам тәсілдерін, қызметін ғылыми негізде тани білуге үйрету, терминтанымның мәселелерінен хабардар ету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім берудегі АКТ

    Пәннің мазмұны студенттерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды инклюзивті білім беруде қолдану принциптерімен, балаларға қатысты кез-келген кемсітуді жоққа шығаратын идеологияға негізделген шетелдік және отандық оқыту тәжірибелерімен таныстырады; барлық адамдарға қатысты теңдікті қамтамасыз ететін шарттарды және ерекше оқу қажеттіліктерін қажет ететін балалар үшін ерекше жағдайларды құру және жүзеге асыру туралы білім береді, білім беру мекемелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып инклюзивті оқытуды ұйымдастыру жолдарын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фольклор: жанр және образ

    Фольклор табиғатын кешенді саралау негізінде жанр ерекшелігі, дәстүр және жалғастық сабақтастығы, кейіпкерлер бейнесін сомдау жүйесінің танымдық сипаты, көркемдік әлемі, эстетикалық мәні, ғибраттық функциясы талданады. Фольклорлық шығармалардағы кейіпкерлер жүйесі, тақырып пен идея, сюжет пен компазиция мәселелері зерделеніп, кейіпкерлерді түрлі қырынан сомдаудағы бейнелі тіл, сөз қолданысына тән шеберлік қырлары екшеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ түркітануы

    Түркітану – түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, этнографиясын, тарихын, ауыз әдебиетін, мәдениетін зерттеу нәтижесінде қалыптасқан. Шығыстану ғылымының жеке саласы. Пәннің мақсаты – түркітану ғылымының қалыптасу, даму тарихын, түркі тілдерінің даму тарихын, түркі тілдерінің жіктелімін қарастыру. Мазмұны – көне түркі жазба ескерткіштерінің зерттелуін, Орта ғасыр жазба ескерткіштерін, Шағатай дәуірі жазба ескерткіштерімен қатар жалпы түркітану ғылымының даму, қалыптасу кезеңдерін оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ фольклоры

    Қазақ фольклорының теориялық статусы мен өзіндік ерекшеліктерін, фольклор жанры мен генезисін, типологиясын жан-жақты зерделеуге бейімдеу. Фольклордың даму заңдылықтарына тән ерекшеліктерін айқындап, фоьклордың гензисі мен типологиясын айқындаудағы білім жүйесін, әдіснамалы негіздерін қалыптастыру. «Фольклор», «ауыз әдебиеті» терминдерінің ғылыми проблемалық және полемикалық мәнін ашып, фольклордағы көркемдік тәсілдердің өзіндік ерекшелігін, маңызын саралаудағы білім жүйесін екшеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фольклор және әдебиет

    Әдебиет пен фольклордың көркемдік дамудағы тарихи сабақтастығы екшеліп, дәстүр мен жалғастық арнасындағы көркемдік-эстетикалық жүйенің жанрлық сипаты талданады. Фольклор және әдебиет ұғымдарының ортақ ұстындары мен өзіндік ерекшеліктері қарастырылады. Фольклор мен әдебиет ықпалдастығының поэтикалық негіздері, типологиялық заңдылықтары сараланады. Фольклор жанрын айқындау бағытындағы қазіргі жаңашыл ғылыми ізденістер, концепциялар, парадигмалар байыпталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің дыбыс жүйесі

    Пәнді оқыту барысында қазақ тілінің дыбыстық құрамына сипатама беру, дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу ерекшеліктерін, дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарын, дыбыстық өзгерістердің түрлерін қарастыру. Қазақ тілінің дыбыс жүйесінің зерттелу жайын, буын, оның түрлерін, екпін, үндестік заңының түрлерін, орфография, орфоэпия, графика мәселелерін талдау. Кешенді талдау барысында дыбыстардың дауыс қатысына, жасалу орнына, жасалу тәсіліне қарай түрлерін талдай алу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру жағдайында АБҚ балаларды оқыту әдістемесі

    Пән болашақ педагогтердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты жүзеге асыру мақсатына бағытталған кәсіби құзыреттілігін дамытуды негізге алады. Пәнді оқу барысында бакалаврлар ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың әртүрлі санаттарына байланысты оқыту технологияларын қолданудың ерекшеліктерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес бірлескен және жеке оқу-тәрбие қызметінің мүмкіндіктерін, педагогикалық диагностика негіздерін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың мақсаттарын, оқытуда күтілетін нәтижелерін бағалауды және жобалауды меңгереді. Үлгерімі төмен оқушылармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнайы әдістер мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

    Пәннің мақсаты – студенттің тіл байлығын қалыптастыру, тіл мәдениетін меңгерту, қазақ тілінің сөз байлығы, әдеби тіл нормасын, оны орынды қолдану мәдениетін меңгеруге үйрету. Мазмұны – сөздердің, күрделі сөздердің мағынасы, шығу төркіні, тұрақты тіркестердің, оның ішінде фразеологизмдердің құрамы, құрылысы, өзіндік белгілері, даму тарихы, олардың стильдік мәні, сипаты, қолданылу қабілеттілігі туралы, жалпы алғанда, сөздік құрам мен фразеологиялық қор жайында мәлімет беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен семасиологиясы

    Пәннің мақсаты – студенттің тіл байлығын қалыптастыруға, оның тіл мәдениетін меңгеруіне бағытталған. Қазақ тілінің сөз байлығы, әдеби тіл нормасы, сөйлегенде, жазғанда ойға лайық сөз таңдап, оны орынды қолдану мәдениетін меңгеруге үйрету. Мазмұны – сөздердің, күрделі сөздердің мағынасы, шығу төркіні жөнінде, өзіндік белгілері, даму тарихы жөнінде, олардың стильдік мәні мен сипаты жайында, қолданылу қабілеттілігі туралы, жалпы, сөздік құрам жайында мәлімет беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық психология

    Пән студенттерді білім беру саласында психологиялық білімді қолдануға теориялық және практикалық дайындауға бағытталған. Пән білім алушылардың қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау ерекшеліктерін, оқу дағдылары мен уәждемесін қалыптастыруды, тұлғаның адамгершілік, эмоционалдық және әлеуметтік қасиеттерін дамытуды, сондай-ақ педагогтың білім алушылармен өзара іс-әрекетін талдауды және психикалық дамуды диагностикалау және балалардың мінез-құлқындағы қиындықтарды жеңу әдістерін қамтитын оқу іс-әрекетінің психологиясын, тәрбие және педагогикалық іс-әрекетті меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы

    Пәннің мақсаты – студенттің тіл байлығын қалыптастыру, тіл мәдениетін меңгерту, сөздіктердің жасалу тәртібін үйрету. Қазақ тілінің сөз байлығын, әдеби тіл нормасын, сөйлегенде, жазғанда ойға лайық сөз таңдап, оны орынды қолдану мәдениетін меңгерту. Мазмұны – сөздердің, күрделі сөздердің, тұрақты тіркестердің мағынасы, шығу төркіні, олардың өзіндік белгілері, даму тарихы, олардың стильдік мәні, сипаты, қолданылу қабілеттілігі және лексикографиялану мәселелері туралы мәлімет беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жыраулар мұрасы және шешендік өнер

    Ұлттық әдебиет тарихында өшпес із қалдырған жыраулар мұрасы қоғамдық-әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық, тақырыптық-идеялық, құрылымдық-жанрлық сипаты тұрғысынан талданады. Жыраулық және шешендік өнер табиғатының ортақ сипаты, өзіндік ерекшеліктері қарастырылады. Жыраулар мұрасы және шешендік өнердегі ел билеу ісі, қазақ қоғамын басқаруға қатысты сөз құдіретінің философиялық, гумманистік, қоғамдық-әлеуметтік қуаты, эмоционалды күшіне тән тақырыптық-иделяқ өзегі сараланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жыраулар поэзиясы және тарихи-мәдени код

    Сан ғасырлық тарихы бар жыраулар поэзиясына бойлай отырып, рухани мұрадағы қатпары терең тарихи-мәдени кодын айқындау көзделеді. Әдеби мұраның көркемдік жүйесіндегі тарихи-философиялық, гуманистік-дидактикалық сарындағы тақырып сабақтастығын айқындау және оны жаңа мазмұнда меңгерту пайымдалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетінің бастаулары

    Қазақ әдебиетінің бастаулары саналатын сақ, ғұн, көк түріктер заманындағы әдеби-рухани мұраның жиналуы, зерттелуі, жанрлық, тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық сипаты талданады. Ортақ түркі дәуіріндегі әдеби-тілдік ескерткіштер, Алтын Орда кезеңіндегі жәдігерлер қазақ әдебиетінің қайнары ретінде қарастырылады. Ұлттық әдебиеттің негізі саналатын рухани-мәдени мұра, көне мәтіндер хронологиялық жүйемен сараланып, бүгінгі әдебиетпен сабақтастығы айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір әдебиеті

    Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихының көркемдік бастаулары, әдеби-эстетикалық жүйесі, тақырыптық, жанрлық ерекшеліктері қарастырылады. Ежелгі дәуір әдебиетінің отандық және шетелдік ғалымдар тарапынан зерттелуі, әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелері талданады. Қазақ әдебиетінің көне дәуірдегі әдебиетпен байланысының тарихи негіздері, дәстүр ұласуының көркемдік арналары сараланады. Ежелгі дәуір әдебиетінің іштей кезеңдерге бөлініп, олардың көркемдік дамуындағы ерекшеліктері айқындалады. Аталған әдебиеттің түркі тектес халықтарға ортақ рухани мұра, әдеби жәдігер екені байыпталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХY-XYIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті

    Атақты Мөңке би, Сыпыра жырау, Кетбұға жыраулардан жалғасқан қазақтың жыраулық әдебиеті тарихи-хронологиялық ұстаным негізінде генезистік, типологиялық, поэтикалық тұрғыдан сараланады. Қазақ хандығы дәуірінде өмір сүрген көрнекті жыраулар мұрасындағы философиялық, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар екешеліп, ел бірлігі, жер тұтастығы, әлеумет тағдыры жайлы өзекті де өміршең толғанысқа толы ойлары сараланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көне әдеби жәдігерлер

    Көне әдеби жәдігерлердің көркемдік құрылымы және жанрлық ерекшеліктеріне назар аударылып, түркі тектес халықтардың көркем әдебиеттегі ортақ салты, ғұрпы, дүниетанымы, көркемдік ойлау жүйесі байыпталады. Рухани мұра және құндылықтардағы генетикалық сабақтастық арналары зерделенеді. Тұтастану жүйесіне орай синкреттілік және импровизациялық заңдылықтар ерекшелігін жинақтайтын көне жәдігерлердің әдеби-тарихи маңызы айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті

    Қазақ хандығы дәуіріндегі сөз өнерінің көркемдік әлемі, эстетикалық табиғаты толғау жанры негізінде талданады. Жыраудың қайталанбас өнерпаздық тұлғасы, өршіл рухқа толы толғау табиғаты хандық дәуірдің тарихи аспектісінде қарастырылып, ұлттық әдебиеттің халқымыздың рухани және саяси өміріндегі маңызы айқындалады. Толғау жанрының тақырыптық-идеялық өзегі, поэтикалық жүйесі көшпенділер эстетикасы мен этикасы негізінде сараланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

    Бұл пәнді оқытудың мақсаты – лексикология проблемалары қарастыру, лексикалық бірліктің шығу тегі, функционалдық қызметі, сөздік құрамның толығу, даму жолдары мен этимологиясы тұрғысынан талдау дағдыларын қалыптастыру. Пән студенттің тіл байлығын қалыптастыруға, әдеби тіл нормасы, сөйлегенде, жазғанда сөздерді дұрыс таңдап, оны орынды қолдану мәдениетін және негізгі ұғымдар мен тұжырымдарды практикалық тұрғыдан меңгеруіне бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ортақ түркі әдебиеті

    Қазіргі түркі тілді халықтарға ортақ әдеби мұра, әдеби жәдігерлердің бертін келе қазақ халқының рухани құндылығына айналуының рухани заңдылықтары екшеледі. Байырғы түркі әдебиетінің көркемдік дамуындағы дәстүр және жалғастық мәселелері, тарихи сабақтастық негіздерінің сөз өнеріндегі көрінісі қарастырылады. Байырғы әдеби жәдігерлердің қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірін, тұрмыс-тіршілігін танудағы маңызы екшеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі жазба ескерткіштерінің тілі

    Пәннің мақсаты – Орхон-Енесей жазба ескерткіштері тілін лексикалық, фонетикалық және грамматикалық тұрғыда талдау жасауға үйрету. Түркі жазба ескерткіштерінің тілі пәні қазақ тілі, қазақ филологиясы мамандықтарында оқытылатын лингвистикалық пәндер жүйесіндегі негізгі курс, міндетті пәндердің бірі болып саналады. Бұл пәннің мазмұны – қазақ тілімен бірге барлық түркі тілдерінің фонетикалық және морфологиялық құрылысы жөнінде мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті

    ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізгі даму тенденциялары қарастырылып, отаршылдық дәуір шындығын суреттеудегі көркемдік мәні айқындалады. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінде көрініс тапқан әдеби ағымдар табиғаты екшеліп, «зар заман» ағымының айтулы тұлғаларының шығармашылығы талданады. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік даму үрдісіндегі ерекшеліктер ағартушылық бағыт, сал-серілер шығармашылығы, айтыс өнері негізінде екшеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жүсіпбектану

    Пәнді оқытудың мақсаты – алаш арыстары арасында ақын-аудармашы, ұстаз-ғалым, жазушы Жүсіпбек Аймауытұлының (1889-1931) өмірі мен өнегесі, қоғамдық қызметі мен шығармашылық мұрасы жайлы мағлұмат беріледі. Жазушылық ерекшеліктері, суреттеу мүмкіндіктері мен адам әлемін ашудағы шығармашылық қазынасы таныстырылады. Мақсаты – алаштың қайраткер-қаламгерінің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге, білім-ғылым ісіне, дін мен ділге, тіл мүмкіндіктеріне, мәдени-рухани салаларға сүбелі үлес қосуы, ұстанымы кең түрде қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасыр І жартысындағы қазақ әдебиеті

    Пәнді оқытудың мақсаты – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ірі тарихи-әлеуметтік өзгерістердің қоғам дамуына тигізген әсерін саралай отырып, осы дәуірдегі қазақ әдебиетінің жалпы хал-ахуалына сипаттама беру. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін нақтылап, көрнекті өкілдерінің шығармашылығы арқылы сөз өнеріндегі тақырыптық-идеялық, көркемдік ізденістерді талдау. Мазмұны – әдебиеттегі жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын ашу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ ономастикасы

    Пәннің мақсаты – студенттерге қазіргі қазақ ономастикасының жеке сала ретінде қалыптасуы мен дамуы және оның бағыттар туралы мәліметтер беру. Ономастиканың қазақ тілі мен мәдениетіндегі тарихи орнын және қазіргі заманға сай өзгерістерін ескере отырып, студенттердің ұлттық білім қорын толықтыру. Пәннің мазмұны осы аталған бағыттардың әрқайсысында ғылыми-теориялық мәселелермен қатар, қоғамдық сұраныстарды қамтамасыз етуге арналған қолданбалы сипаттағы мәселелерді де қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін жаңаша оқыту технологиялары мен әдістемесі

    Қазақ әдебиетін жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқытудың отандық, шетелдік дәстүрлі және жаңашыл озық әдістемесі негізінде оқыту деңгейі байыпталады. Оқу үрдісін бүгінгі ғылым мен мәдениеттің даму үрдісіне жақындату, пәнді игертуде оңтайлы технологияларды орнықтыру, пән бойынша бағдарламалар мен оқулықтар баламалылығын жүйелеу, оқу-тәрбие үдерісін ізгілендірудегі басым бағыттарды меңгерту көзделеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар концепциясы (ХХ ғасырдың І жартысы)

    Пәнді оқытудың мақсаты – ХХ ғасырдың І жартысында қазақ әдебиетіндегі ағымдар мен бағыттар табиғатын ұлттық және әлем әдебиетінің өзара ықпалдастығы тұрғысынан талдау. Қазақ әдебиетіндегі ағымдар мен бағыттардың шығармашылық игерілуіндегі ақын-жазушылар шеберлігіне теориялық талдаулар жасау. Әдеби ағымдар мен бағыттар типологиясын жанр, стиль негізінде екшеу. Мазмұны – әдеби ағымдар мен бағыттар концепциясын айқындаудағы проблемалық, полемикалық пікірлерге сараптама жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілі оқулықтарының лингводидактикалық негіздері

    Пәнді оқытудың мақсаты – қазақ тілі оқулықтарының дидактикалық, методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту арқылы оқу-әдістемелік кешендерді оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді құрастыра алу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыруды көздеу. Сонымен қатар білім алушылар оқулықтану негіздерін меңгеру арқылы қазақ тілі оқулықтарының құрылымы мен мазмұнына сараптамалық талдау жасайды, құндылықтардың құрылымы мен сипаты, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды тани білудің мәні жан-жақты түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

    Мақсаты – жаңа туынды сөз жүйесінің көнеден қалыптасқан тарихы мен өзіндік ерекшеліктерінен бастап бүгінгі сөзжасамдық қатынастар жүйесін теориялық негізде оқып, кәсіби деңгейде меңгеріп, сөзжасамдық тәсілдер нәтижесінде жаңа сөздерді тану. Жаңа сөздің жасалуы арқылы сөздік құрамының толығып, баю арнасының көзі лексикамен, фразеологиямен, аралық деңгейдегі морфонологиямен, морфология салаларымен тығыз байланыста өтіп, сөзжасамға қатысты тілдік құбылыстарға тән ерекшеліктерге назар аударту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Пән бағдарламасы болашақ мұғалімдердің оқушылармен тәрбие жұмыстарын өткізуге және ұйымдастыруға теориялық-әдістемелік даярлығын ескереді. Білім беру мен тәрбиенің гуманистік парадигмаларын жүзеге асыруға бағытталған тәрбиелік іс-әрекеттің теориялық және практикалық негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алаш және әдебиет

    Курсты оқытудың мақсаты – ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдайдың қазақ әдебиетінің дамуына ықпалы, ұлт тарихындағы Алаш қозғалысының пайда болу қайнары, дамуының әдеби үрдіске әсері зерделенеді. Архив құжаттары мен алаштану бағытындағы зерттеулер негізінде алаш қозғалысына қатысы бар әдебиет ақтаңдақтарының өмірі мен шығармашылығы талданады. Алаш ұранды әдебиеттің тарихы мен мазмұны, жанрлық, идеялық, көркемдік-эстетикалық сипаты ашылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ жазуының тарихы

    Пәннің мақсаты – жазу таңбаларының күрделі табиғатын таныту, олардың семасиографиялық кезеңі мен фонографиялық кезеңі арасындағы ерекшеліктерін түсіндіру, қазақ жерінен табылған петроглифтердің графикалық жағынан зерттелу жайын, түркілердің тұңғыш дыбыстық жазу жүйесі көне түрік руна жазуының зерттелуі мен шығу тегі жайлы көзқарастарды жүйелеп беру, көне ұйғыр, араб, латын, армян, латын, орыс жазуларының түркілер арасына таралу себептерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

    Пәннің мақсаты – морфологияның зерттеу нысаны, негізгі ұғымдары мен заңдылықтары туралы түсінік қалыптастырып, тілдік бірліктерді морфологиялық талдаудың практикалық дағдыларын меңгерту. Пәннің мазмұны сөз және оның формалары, сөз құрамы, морфема түрлері, сөздерді таптастыру қағидаттары мен тұлғалық өзгеруі және грамматикалық ерекшеліктері жөнінде жүйелі білімді игеру арқылы білім алушының лингвистикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті

    Пәннің мақсатында ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті дамуының басты тенденциялары сараланады. Көркемдік үрдістегі тоталитарлық жүйе қысымының зардаптары айқындалып, шығармашылық ізденістердегі іркілістер қоғам дамуының басым бағыттарымен сабақтастықта талданады. Кезең әдебиетінде қазақ сөз өнері классик қаламгерлерінің шығармашылық мұрасы тақырыптық-идеялық, жанрлық, көркемдік-эстетикалық табиғаты тұрғысынан сараланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы

    Әдеби тіл және норма. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы.Пәннің мақсаты – студенттерге лингвистикалық қазақ әдеби тілінің негізгі ұғымдары туралы, әсіресе функционалдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білім беру, кез-келген мәтіннің қай стильге жататынын ажырата білуге үйрету. Іс қағаздарының, ғылыми еңбектер және баспасөз бетіндегі материалдарға тілдік тұрғыдан талдау жасап әр стильге материалдар жазуға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Абайтану

    Абайтанудың туу, қалыптасу және даму жолдары сараланады. Пән мазмұнында ақын мұрасын, шығармашылығын зерттеудің басым бағыттары, қазіргі абайтану ілімінің сан алуан ғылыми проблемалық мәселелері қарастырылады. Абайтану саласындағы көрнекті ғалымдар еңбегі қоғам дамуының түрлі тенденциялары аясында зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдеби сыны

    Мақсаты – қазақ әдебиеті сынының туу, қалыптасу және даму жолдары зерделенеді. Сөз өнерінің көркемдік-эстетикалық жүйесін, қаламгерлер шығармашылығын саралаудағы әдеби сын табиғаты қарастырылады. Сынның белгілі тарихи кезеңде идеологиялық сипат алғаны зерттеледі. Қазақ әдебиеттану ғылымы тарихында көрнекті сыншылар еңбегі сараланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың қазақ тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер мен инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету. Пәннің мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, мазмұны, мақсаттары мен міндеттері туралы білімді қалыптастыруға, меңгертуге бағытталған, қазақ тілін оқытудың белсенді әдістері мен табысты сабақты жоспарлау кезінде мұғалім басшылыққа алуы тиіс қағидаттарды құрайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мәтін синтаксисі

    Тілдің грамматикалық құрылысы, жүйесі синтаксис бөлімінен айқын көрінеді. Өйткені синтаксис тіл заңдылығында жеке сөздердің тіркесінен бастап, жеке сөйлемдердің де өзара бірге үйлесе жұмсалуын тексереді.Пәннің мақсаты – тілдің синтаксистік жүйесін оқыту, мәтін талдау мақсаттарын, қажеттіліктерін мәтін талдау барысында ескеруді үйрету, әртүрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен қатынастарын меңгерту. Мәтіндегі сөйлемдер құрамындағы және семантикасындағы құбылыстарды бағамдатады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет теориясы

    Сөз өнерінің көркемдік жүйесін әдеби-теориялық талдаудағы филологиялық дағдылары тереңдетіледі. Ұлттық және әлемдік әдебиеттің қазіргі даму тенденциялары мен басым бағыттарын зерделеудегі көркемдік танымдары еселеніп, көркем шығармашылық психолгиясын саралаудағы ізденістері ұшталады. Жанр, әдеби ағым, көркемдік әдіс, әдебиеттанудағы жаңашыл зерттеу әдістерінің теориялық аспектілері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті

    Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті дамуының өзіндік табиғаты айқындалады. Жаңашыл ізденістерге тән жанрлық сипаты, поэтикалық табиғаты зерделенеді. Әдебиеттегі елшілдік тақырып, азаттық идеясы айшықталады. Пән мазмұнында модернистік және постмодернистік әдебиет ерекшелігі талданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Пән қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму үдерісін, оның басты бағыттары мен негізгі тенденцияларын қарастыруға бағытталған. Әлемдік көркемдік даму контекстінде қазақ әдебиетінің өзіндік орны мен ерекшеліктерін анықтау маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Қазіргі қазақ әдебиетінің поэтикалық жүйесі негізінде сөз өнерінің типологиялық өрісі талданады. Әдеби дамудың заманауи үрдістерін сараптау барысында жаңа теориялық еңбектер игеріліп, олардың әдебиеттанудағы рөлі қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

    Пәннің мақсаты – студенттерге қазақ тілінің тарихы, түркі тілдері жүйесіндегі орны туралы ақпараттар беру. Қазақ тілі фонетикасының, лексикасының, морфологиясының, синтаксисінің шығу, қалыптасу, даму эволюциясы бойынша түсініктерін қалыптастырып, білімдерін жан-жақты жетілдіру. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәні түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасымен тығыз байланыста оқытылады. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы тілдің барлық салаларының қалыптасуы мен дамуын, өзгеру бағыттарын зерттеп түсіндіреді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби үдеріс

    Пән қазіргі әдеби үдерістің даму ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Оқыту барысында жанрлық әртүрлілік пен көркем-эстетикалық ізденістердің жаңа бағыттары талданады. Әдебиеттегі ұлттық идея мен тәуелсіздік тақырыбының көрінісін зерделеу арқылы олардың рухани және қоғамдық маңызы ашылады. Қазақ прозасы мен поэзиясындағы модернистік және постмодернистік ағымдар сараланып, олардың көркемдік әдістері анықталады. Әдеби процестегі орны мен қазақ әдебиетіне тигізген ықпалы бағаланып, шығармашылық түсінік пен талдау дағдылары дамытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің стилистикасы

    Пәнді оқытудың мақсаты - лингвистикалық стилистиканың негізгі ұғымдары, функционалдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білім беру, кез келген мәтіннің қай стильге жататынын ажырата білуге үйрету. Мәтіндегі фонетикалық немесе грамматикалық қателерді болдырмаудың жолдары, ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау, тіл тазалығын, анықтығын, дәлдігін сақтау, әр сөз бен сөйлемді орнымен жұмсау, ана тілінің бай мүмкіндігіне көздерін жеткізу, тілдік нормаларды меңгеруге дағдыландыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің синтаксисі

    Пәннен тіліміздің грамматикалық құрылысы, жүйесі оның грамматика саласы бойынша синтаксис бөлімінен айқын көрінеді. Өйткені синтаксис тіл заңдылығында жеке сөздердің тіркесінен бастап, жеке сөйлемдердің де өзара бірге үйлесе жұмсалуын тексереді. Пәннің негізгі мақсаты – сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сияқты тілдік тұлғалардың табиғатын, жүйесін, олардың бір-бірімен байланысын, адамдардың сөйлеу барысында олардың атқаратын қызметін, дәстүрлі синтаксистік талдауды жете үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тілдік дағдыларды оқытудағы жаңа технологиялар

    Қазақ тілін оқыту барысында тіл үйренушілердің қазақша ойлауы мен еркін сөйлеу тілін дамытуды маңызды орын алады. Пәннің мақсаты – заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, тілдік дағдыларды оқыту әдістерін меңгерту, оқыту процесінде инновациялық құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Тілдік дағдыларды дамытуға арналған интерактивті бағдарламалар, жасанды интеллект, онлайн платформалар және мультимедиялық ресурстарды қолдануды үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби, мәдени және тұлғааралық коммуникация жағдайында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау үшін заманауи коммуникациялық технологияларды пайдалана білу.
  • Оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың функционалдық мүмкіндіктерін саралау, оларды дидактикалық мақсатта тиімді қолдану.
  • Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуына ықпал ететін қаржылық білім мен технологиялық құралдарды қолдану, білім алушының дербес даму бағытын жобалай білу.
  • Көпмәдениетті білім беру кеңістігінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды тану, оларды танымдық және мәдени мазмұнмен байланыстыра отырып, академиялық және әлеуметтік-коммуникативтік өзара әрекеттестікті жүзеге асыра білу.
  • Денсаулықты сақтау мен нығайту, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік, инклюзия, академиялық адалдық құндылықтарын қалыптастыруда инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана білу.
  • Қазақ тілінің лингвистикалық жүйесін терең теориялық негізде талдау, дидактикалық және коммуникативтік міндеттерді шешу үшін арнайы кәсіби білім жинақтау.
  • Қазақ тілінің тарихи-когнитивтік даму ерекшеліктерін зерттеу, кәсіби қызметтің тиімді тәжірибесін жинақтау және ғылыми-практикалық ортада ұсыну.
  • Қазіргі педагогикалық тәсілдер мен цифрлық инновацияларды, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын талдай білу және оларды білім беру үдерісіне тиімді бейімдей отырып, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру мақсатында оқыту әдістемесін жобалап, әзірлеу.
  • Қазақ әдебиетінің жанрлық, идеялық және стильдік даму үдерістерін саралай отырып, алынған әдеби-теориялық білімді оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалана білу.
  • Әдеби дамудың кезеңдері мен бағыттарының ерекшеліктерін талдау, көркем шығармалардың идеялық мазмұны мен көркемдік жүйесін теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу және бағалау.
  • Білім алушылардың танымдық, психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін бағалау, педагогикалық тәсілдерді бейімдей отырып, түрлі білім беру контекстерінде оқу-тәрбие үдерісін жүйелі түрде құра білу.
  • Филологиялық зерттеу әдіснамасы негізінде қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерін талдап, білім беру жүйесіне интеграциялай білу.
Top