Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01705 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

  • Педагогикалық-психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі

    Педагогикалық және психологиялық пәндерді оқытудың ғылыми негіздерін, әдіс-тәсілдерін, принциптерін және ұйымдастыру формаларын, педагогика мен психологияның теориялық және практикалық аспектілерін бірлікте қарастырып, оқу процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік құралдарды ұсынады. Мақсаты — педагогикалық және психологиялық пәндерді оқыту үдерісінің ғылыми негіздерін, әдіс-тәсілдерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеу арқылы болашақ педагогтардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Мақсаты: Мәдениет тарихындағы ғылым мен ғылыми білімнің эволюциясы мен даму заңдылықтары туралы тұтас түсінікті қалыптастыру. Курста жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғылыми ойлау тарихы мен философиясын терең ұғынуға негізделген пәнаралық дүниетанымның қалыптасуы, ғылым тарихындағы философиялық мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Білім берудегі оқыту технологиялары

    Бұл пән болашақ педагогтарды білім беру технологияларын тиімді қолдануға, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және оның сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі педагогикалық технологияларды тиімді жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыруды қарастырады. Магистранттардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық және аналитикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді, білім беру процесін инновациялық тұрғыдан қайта құруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гендерлік лингвистика

    Мақсаты: Тілдің әлеуметтік қызметтерін зерттеу, гендерлік көзқарас мәселелері туралы идеяларды қалыптастыру, оны қазіргі заманғы социологиялық тәжірибеде қолдану негізінде кәсіби және әлеуметтік құзыреттілікті дамыту, гендерлік-рөлдік мәселелер саласындағы білімдерді жүйелеу. Пән ұлт пен этнос мәдениетіндегі ерлер мен әйелдер тілін¬дегі ерекшеліктер, оның мәні, түрлі құрылымдық типтегі мәтіндерде сақталған ерлер мен әйелдер тіліне тән ұлттық және мәдени құнды¬лықтар, гендерлік этикет нормалары, ерлер мен әйелдер тілінде¬гі сөз қолданыстарының стильдік ерекшеліктері, тілді меңгерудегі гендерлік ерекшеліктердің ықпалы және әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы гендерлік оппозиция мәселелерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі /кәсіби/

    Мақсаты: Қажетті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру және дамыту, дайындық бағыты бойынша шет тіліндегі ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауды үйрену, лингвистикалық төзімділік қалыптастыру. Курс шет тілінде жазбаша және ауызша сөйлеу заңдылықтарын, құжаттама жүргізу және іскерлік хат алмасу негіздерін, есту арқылы түсініп, мәтіндік материалды оқи білуін, монологтық және диалогтік сөйлеу дағдыларын игеруді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары

    Мақсаты: Магистрантқа әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістер мен жаңалықтарды таныстыра отырып, әдебиеттанудың жаңа салалары жөнінде кешенді білім беру. Пән әлем әдебиеттануындағы теориялық ұстанымдар, жаңа ізденістер, олардың ұлттық әдебиеттанумен сабақтастығы, әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттары жөнінде жүйелі білім береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлемдік мәдени контекстегі орыс әдебиеті

    Мақсаты: Әртүрлі мәдени құбылыстарды салыстырмалы талдау қабілетін қалыптастыру; орыс әдебиетінің бірегейлігі мен маңыздылығын әлемдік контексте түсіну, сондай-ақ әдебиетті зерттеуде аналитикалық және сыни дағдыларды дамыту. Пән орыс әдебиеті мен басқа елдердің әдебиеті арасындағы байланыс пен әсерді зерттейді. Сонымен қатар орыс әдебиетінің әлемдік әдебиеттің жалпы мәдени контекстіне қалай сәйкес келетінін талдайды. Бұл пән аясында орыс жазушыларының шығармаларын, олардың шетелдік әдеби ағымдармен өзара әрекеттесуін, сондай-ақ орыс әдебиетінің әлемдік мәдениетке әсері мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі тіл біліміндегі мәтін және дискурс

    Мақсаты: Дискурс жəне оның түрлері, мəтіннен айырмашылығы, лингвистикадағы алатын орны, мәтіннің түрлері жайлы жүйелі түсінік қалыптастыру. Пән қазіргі тіл біліміндегі дискурс теориясы және оның тіл білім жүйесіндегі қызметі, мәтін және дискурс ұғымдарының өзара байланысы, дискурстың жіктелуі және олардың сипаттамалары, прозалық және поэтикалық мәтіннің өзекті мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы ақпараттық және компьютерлік технологиялар

    Мақсаты: Білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту және оқыту мотивациясын арттыру. Пән орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы компьютерлік технологиялар мен онлайн-ресурстарды пайдалану, әртүрлі бағдарламаларды (мысалы, Microsoft Word, PowerPoint және т.б.) қолдана отырып, электрондық мәтіндерді, презентацияларды және басқа оқу материалдарын жасау, орыс тілі мен әдебиеті саласындағы зерттеулерге арналған электрондық мәліметтер базасымен және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік лингвистика

    Мақсаты: Тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік қызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдану процестері туралы білім қалыптастыру. Пән тілдің қоғамдағы қызметі, типологиясы, тілдің қосымша жүйелерінің түрлі әлеуметтік орталарда, өмір салаларында қолданылуы, тілдің дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін обьективті және субьективті факторлар, этнолингвистикалық, тілдік жағдаят мәселелеріне, олардың типтік түрлеріне, тілдердің бір-біріне әсер етуі, диглоссия, билингвизм теориясы мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте орыс тілін оқыту әдістемесі

    Мақсаты: Жоғары мектепте орыс тілін оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздерін меңгерту. Пән оқытуды ұйымдастырудың негізгі әдістері мен түрлерін, дәрістердің негізгі түрлерін, жоғары мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің инновациялық қызметінің мазмұнын, ЖОО-да білім беру ортасын технологияландыру процесін, лингвистикалық пәндерді оқытудағы заманауи үрдістер мен тәсілдерді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Психолингвистика

    Мақсаты: Қазіргі психолингвистиканың проблемалары мен перспективаларын көрсету; магистранттарды психолингвистикалық зерттеулердің терминологиялық аппаратымен, оқытылатын пәннің метатілімен таныстыру. Психолингвистиканың ғылым ретінде қалыптасу тарихымен танысады. Психолингвистиканың өзекті мәселелері, тіл, ойлау және сана арасындағы байланыс, сөйлеу әрекетінің прагматикасы, сөйлеу мен психиканың арақатынасы, сөйлеудің автор мен адресаттың психикасына әсері туралы білім алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мифопоэтика мәселелері

    Мақсаты: Миф, фольклор және әдебиеттің байланысын зерделеу. Пән дүниенің мифологиялық моделі, архетип, хронотоп, сюжет, мотив, формула, жанр, сюжет, мотив, образдық жүйе және поэтика деңгейінде мифологизация принциптері, миф және оның семиотикасы, мифтің құрылымдық және семиотикалық зерттеулері, әдебиеттанудағы миф пен мифопоэтика мәселесін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби сынның құрылымы

    Мақсаты: Сынның өзекті мәселелерін зерделеу, көркемдік үлгілердің типологиясын зерттеу, сөз өнерінің белгілері мен ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Пән бағыттар, мектептер, жанрлар мен стильдер, әдебиеттану ғылымының мәселелерін, орыс әдеби сынының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін, қалыптасу және даму процесін, әдеби шығармаларды талдаудың өзекті принциптерін, қазіргі әдеби сынның негізгі тәсілдерін және олардың орыс әдебиетін зерделеудегі ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орыс тілінің лингвомәдени аспектілері

    Мақсаты: Орыс лексикасындағы ұлттық стеоретиптердің лингвомәдени аспектелерін салыстыра талдау арқылы стереотиптердің ерекшеліктерін айқындау. Пән тіл мен мәдениеттің байланысын, олардың бір-біріне ықпалын, этностың материалдық және рухани мәдениетін, әлемнің тілдік және мәдени көріністерін, тілдік сана, мәдени кеңістік, лингвомәдени талдаудың теориясы мен практикасын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұлттық тілдің фразеологиялық корпусы

    Мақсаты: Корпустық лингвистиканың негізгі ұғымдарымен, тілдік материалдарды іріктеу мен өңдеу, мәтінге метабелгіленім енгізу тәсілдерінің технологиялық процестерімен жалпылама түрде таныстыру. Пән корпустық лингвистиканың негізгі ұғымдарын, терминдерін, корпусты жобалау, тілдік материалдарды іріктеу мен өңдеу, ұлттық тілдің фразеологиялық корпусының пайда болуы туралы терең білім беруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Постмодернизм және қазіргі әдеби процесс

    Мақсаты: Қазіргі орыс әдебиетінде постмодернизмнің пайда болуының алғышарттары мен бастауларын анықтау, жаңа құбылыстың хронологиялық шеңбері мен тарихи орнын анықтау, постмодернизмнің қазіргі әдеби процеске ену процесін түсіну, хабардар болу, қазіргі жазушылардың көркем мәтіндеріндегі постмодернизмнің көріну ерекшеліктерін талдау. Пән инновациялық-модернистік сипаттағы ақындар мен жазушылардың шығармашылығы туралы ақпарат береді. Қазақ, орыс және әлем әдебиетіндегі постмодернизм мәселелерін, әдеби шығармалардағы өмір шындығы мен көркемдік жетілудің, көркемдік кеңістік пен көркемдік уақыттың арақатынасын, шығармалардың тілдік, стильдік ерекшеліктерін, әдеби техниканың инновациялық сипатын қарастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау

    Мақсаты: Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау саласындағы шетелдік және отандық тәжірибені зерттеу. Білім беру саласындағы озық зерттеу әдістерін зерделеу. Студенттерді зерттеу жобасын әзірлеуге және жобалауға бағыттау. Пән жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістерін, авторлық құқық және патент, жоба мен зерттеудің негізгі компоненттерін, ақпарат көздерін өңдеудің нақты әдістерін зерттеуге бағытталған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын рәсімдеу ережелерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеудің әдістемесі және академиялық жазу сауаттылығы

    Мақсаты: Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән дереккөздерге сілтеме жасау дағдыларын, ғылыми журналдарға мақалалар жазу машығын, академиялық мәтіннің түрлері мен құрылымын, академиялық мәтін тілі, тілдік бірліктерді қолданудың жолдарын, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді. Пән ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру және ұйымдастыру үшін қажетті ғылыми құжаттаманы ресімдеу бойынша іскерліктер мен дағдыларды дамытуға бағытталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орыс тілінің функционалдық грамматикасы

    Мақсаты: Функционалдық грамматиканың принциптерімен, тәсілдерімен, негізгі ережелерімен, функционалдық грамматиканың ғылыми жетістіктерімен, тілдің әмбебап категорияларымен танысу. Пән функционалды лингвистиканың маңызды бағыттары: функционалды грамматика, мәтінді түсіндіруге функционалды көзқарас, функционалды синтаксис және стилистика, функционалды-семантикалық өрістің құрылымы жөнінде білім береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орыс тілінің коммуникативтік грамматикасы

    Мақсаты: Орыс тілінің грамматикалық жүйесі туралы білімдерін тереңдету, практикалық грамматиканы оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану. Пән коммуникативті грамматиканың негізгі ұғымдарын, қазіргі орыс тілінің грамматикалық жүйесін ұйымдастыру принциптерін, сөйлеу жағдайына, коммуникативті жағдайға байланысты грамматикалық бірліктерді қолдану ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыни тұрғыдан ойлау және ғылыми сауаттылық

    Мақсаты: Сыни тұрғыдан талдау әдістерін қолдана отырып, ғылыми лингвистикалық теорияларға талдау жасау. Пән сыни ойлаудың тәсілдерін, теориялық және әдіснамалық негіздерін, дереккөздермен дұрыс жұмыс істеуді, дәлелді пайымдаулар жасауды, ғылыми мәтіндерді жобалау ережелерін сақтау дағдыларын меңгертуді көздейді. Курс аналитикалық ойлауды және өз ойларын нақты және логикалық түрде жеткізе білуді дамытуға көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жоғары мектепте орыс әдебиетін оқыту әдістемесі

    Мақсаты: Жоғары мектепте әдебиетті оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен әдістері туралы терең түсінік қалыптастыру. Пән студенттердің педагогикалық құзіреттілігін дамытуға бағытталған. Әдебиетті оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, оқыту принциптерін, оқыту әдістерін, білім беру технологияларын, оқытудың инновациялық тәсілдерін, ЖОО оқытуды ұйымдастырудың негізгі әдістері мен түрлерін, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін, педагогикалық қызметте талап етілетін негізгі дағдыларды, оқу процесін практикалық ұйымдастырумен және ЖОО-да әдебиетті оқыту әдістемесін мегертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Көркем мәтінді талдаудың ғылыми мәселелері

    Мақсаты: Өзекті ғылыми мәселелер мен әдіснамалық тәсілдерді ескере отырып, көркем мәтінді өз бетінше зерттеуге дайындау. Пән көркем мәтінді талдаудың теориялық тәсілдерін, көркем шығарманы талдаудың әдістерін, мәтіннің құрылымын, шығарманың тілдік және стилистикалық ерекшеліктерін, автордың көркемдік әдістері мен құралдарын, портрет функциясы, көркемдік деталь, символ, көркем мәтінді контекстік талдау мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым тарихы, философиясы туралы игерген терең білім негізінде оқу процесін жобалау және шығармашылық дамушы орта құру дағдыларын қалыптастырады. Педагогикалық міндеттерді шешу үшін шет тілін еркін меңгереді. Психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы мәселелерді шешуге және дәлелдерді құрастыруға инновациялар мен ғылыми әзірлемелерге негізделетін дамудың интенсивті әдіс-тәсілдерін тұжырымдайды. Жоғары мектеп оқытушыларының білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолданып, білім берудегі жаңа парадигмалар танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктейді.
  • Орыс тілі мен әдебиетін оқыту және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану саласында практикалық дағдыларды қолданады. Оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқу процесінде оқыту технологиялары мен білім беру ресурстарын, соның ішінде сандық технологиялар мен мазмұнды қолдана алады.
  • Қазіргі антропоөзекті парадигма саласындағы концептуалды зерттеулерге талдау жасайды. Ғылыми қызығушылықтары, қабілеттері, мүмкіндіктері қалыптасады, үдерісте қолдана алады.
  • Әлемдік әдеби үдерістің дамуы, әдебиеттанудың қазіргі бағыттары туралы білімдерін педагогикалық қызметте қолдана алады. Қазіргі филология ғылымының парадигмасында әдебиеттану жүйесі мен құрылымы ұғымдарын қарастырады.
  • Тіл білімі саласындағы зерттеу және қолданбалы қызметтің теориялық негізі ретінде тіл білімінің теориясы мен тарихын біледі.
  • Белгілі бір ғылыми әдіснамаға сәйкес әдеби шығарманы талдайды және түсіндіреді.
  • Тіл білімі саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды. Зерттеу мәселелерін өз бетінше шешу үшін жеке шығармашылық қабілеттерін қолданады. Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті дағдыларды игереді. Оқыту тәжірибесін жақсарту үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін, оқу-тәрбие процесін зерттей алады.
Top