6B03201 Журналистика в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Журналистика және жаңа медиа теориясы мен практикасының жаңа жетістіктерін сыни бағалау және түсіндіру, журналистика саласына қабілетті, кәсіби кадрларды сапалы даярлау сондай-ақ, журналистика қоғам дамуы тіректерінің бірі екенін ескере отырып, жоғары шығармашылық қабілетке ие болган болашак маманнын бойына когамдык-саяси және идеологиялық қызметкердің дағдыларын дарыту болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B042 Журналистика және репортер ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Журналистика тарихы
Әлем журналистикасының тарихы, журналистиканың қоғамдық өмірдегі алатын орны мен атқаратын қызметі, әлеуметтік, саяси маңызы, тәуелсіз мемлекет құру кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенетін демократиялық принциптер мен міндеттері қарастырылады. Мақсаты – журналистика тарихы мен бүгінгі даму ерекшеліктерін игере отырып, мамандықты қазіргі қоғам тұрғысынан бағалау дағыдаландыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистикаға кіріспе
Журналистиканың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ типологиясы, журналистік кәсіптің ерекшеліктері, журналистік шығармашылықтың спецификасы, журналист жұмысының әдістерімен танысады. Журналистиканың қалыптасу үрдісі, журналистиканың басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктері, БАҚ-тың біріктірушілік және даралаушылық қызметі түсіндіріледі. Пәннің мақсаты – ақпаратты жинау, өңдеу және тарату, қоғамның өзекті мәселелерін жеткізу, зерттеу және айқындауға машықтандыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел журналистикасы
Шетелдік журналистиканың тарихы, шетелдік БАҚ-тың қазіргі даму бағыттары, АҚШ, Еуропа, Шығыс Еуропа елдері, Араб елдері, Азия, Шығыс Азия, Орта Азия, Африка журналистикасының даму бағыттары, жаңа халықаралық ақпараттық процесс, БАҚ-тың монополиялануы және шетелдік күнделікті басылымдардың типологиясы қарастырылады. Пәннің мақсаты-әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының даму ерекшеліктерімен және жаңа технологиялық жаңалықтарымен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Курсты оқудың мақсаты экономикалық ойлау тәсілін дамыту, экономикалық қатынастар саласындағы жауапкершілік пен адамгершілік мінез-құлықты тәрбиелеу, экономиканың қарапайым мәселелерін шешу үшін алған білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мультимедиалық журналистика
Пән интерактивті мультимедиалық технологиялармен, вирустық маркетингпен, конференциялармен, бейне алмасумен, бейне құрумен және редакциялаумен таныстырады, веб-журналистика саласында шығармашылық ойлауды дамытады, мультимедиялық журналистика дағдыларын меңгеруге ықпал етеді. Пәннің мақсаты-Интернет-сайттарда түрлі жанрлар мен мультимедиялық журналистика технологиясы бойынша жарияланған материалдарды талдай білу дағдыларын көрсету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ публицистикасының қалыптасу және даму проблемалары
Журналист жұмысының ерекшелігін қарауға, жанрлар жүйесін меңгеруге, белгілі қазақ публицистері шығармаларымен таныстырады, дәстүр мен жаңашылдық ұғымын терең түсінуге оқытады. Мақсаты – болашақ журналистерді журналистика жанрларын кеңінен ұғынуға, өрелі ой айтуға қалыптастырып, қоғамдық пікір туғызудағы шеберліктерін шыңдап, журналистік қызметтің қыр-сырын үйретіп, оның қоғамдағы атқаратын рөлін көрсету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттануға кіріспе
Әдебиеттануға кіріспе курсының құрылымымен, көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерімен, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті білімді меңгереді. Әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алуға, жан-жақты талдауға үйретеді. Пәннің мақсаты - әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін құрастыру, әдебиет туралы ғылымның сөз өнері теориясы мен әдебиеттану ғылымын талдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері
Ақпаратты жинау, өңдеу және тарату әдістері қарастырылады. Түрлі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпарат берудің түрлері мен жанрлары талданады. Студенттер журналистика жанрларының жіктелуін, материал мақсатының форманы таңдауға әсерін зерттеуге дағдаланады , әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттық журналистік мәтіндер жазуға машықтанады. Пәннің мақсаты-журналистиканың әртүрлі жанрларындағы зерттеу әдістерін талдау қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экономикалық теория
Пәннің мақсаты студенттердің экономикалық ғылымның өзекті теориялық мәселелері және оның экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті дамыту саласындағы практикалық қосымшалары бойынша өз ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту; білім алушылардың экономикалық теорияның қолданбалы аспектілері саласындағы аналитикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу және алынған нәтижелерді жалпылау, өз ұстанымын қорғауда дәлелдерді тұжырымдау және негіздеу қабілетін дамыту; өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша кәсіби қарым қатынас пен коммуникацияны жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі
Стилистикалық морфология, синтаксис, бұқаралық байланыс құралдарының тілі мен стиліне әлемдік және кәсіптік құбылыстардың әсер етуі, баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлар менматериалдар, бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, радио мен теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс бейне жазбасы және дәстүрлі және жаңа медианың тілдік және стильдік ерекшеліктері қарастырылады. Пәннің мақсаты – текстің түрлері және редактордың олармен жұмыс істеу стилистикасымен таныстыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Пәннің мақсаты: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық білім мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің міндеттері: студенттерді кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық басқару саласында теориялық біліммен, кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізудің практикалық дағдыларын игеруге көмектесу, бизнес-жоспар әзірлеу, кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтау және пайдалану
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық жүйесі
"Құқық жүйесі" пәнін игерудің мақсаты білім алушылардың ұлттық заңнама саласында білімді, дағдылар мен құзыреттерді игеруі болып табылады. Курс бойынша қоғамдық қатынастар мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде қарастырылады, құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде зерттеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру.Инклюзивті білім беру барлық балалар әртүрлі оқытуды қажет ететін тұлға болып табылады деген ұстанымға бағытталған әдіснаманы дамыту. Мақсаты: Инклюзивті білім беру ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету модельдері туралы түсініктер қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Бұл пән жасанды интеллекттің теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Студенттер машиналық оқыту, нейрондық желілер, табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру сияқты негізгі ЖИ технологияларымен танысады. Сонымен қатар, Python негізінде деректерді талдау және ЖИ модельдерін әзірлеу дағдыларын үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Телерадиожурналистика
Телевизиялық техника, компьютерлік бейне монтаж, телерадиожурналистика жанрының қалыптасу тарихы қарастырылады. Тікелей эфирді жүргізу және техникалық қамтамасыз ету, БАҚ-та ақпаратты жинау, өңдеу және таратудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Пәннің мақсаты - сценарий жазу, студияда жұмыс істеу, бағдарламаға қатысушыларды дайындау, жетекші және диктор, редактор, оператор, режиссер және басқа да кіші топтардың функцияларын білу және дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Журналистиканың құқықтық негіздері
Журналистиканың құқықтық негіздері, журналист этикасы, журналистің адамгершілік-моральдық бейнесі, журналистің ұстанымы, принциптері мен міндеттері, құқықтары оқытылады. Пәннің мақсаты - студенттерді Қазақстандағы журналистиканың құқықтық негіздерін дамыту кезеңдерімен жан-жақты таныстыру, журналистистің қызметі мен міндетін түсіндіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ журналистикасының тарихы
Қазақ журналистикасының тарихи алғы шарттары және оның 1917 жылға дейінгі даму ерекшеліктері, Қазақ басылымдарының шығу тарихы мен қазақ газеттерінің бағыты, ұстанымы, Қазақ газеттерінің көтерген мәселелері мен оған патшалық Ресей билігінің көзқарасы. Советтік қазақ журналистикасының қалыптасуы мен дамуы туралы түсінік береді. Мақсаты - қазақ газеттерінің қоғам дамуындағы орны мен қазақ журналистикасы дамуындағы қилы белестер туралы білім беру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
БАҚ-тағы ақпараттық қауіпсіздік
Пән мемлекеттің қауіпсіздік мәселелерін, БАҚ туралы заңдарды, БАҚ-та ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды қарастырады. Мақсаты: студенттерге ақпараттық қауіпсіздік -ұлт қауіпсіздігі деген ұғымды қалыптастыру, ақпаратты қорғаудың құқықтық аспектілерін талдауды, ақпарат таңдауды үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық журналистика
Шетелдік БАҚ-тардың дамуы мен жариялану процестері, шетелдік ақпараттық агенттіктермен ақпарат алмасу процесі оқытылады, әлемдік деңгейдегі маңызды ақпараттарды өңдеуге және талдауға және оны отандық БАҚ-та пайдалануға үйретеді. Пәннің мақсаты - әлемдік дамудағы халықаралық журналистиканың рөлін зерттеу, мемлекеттер арасында ақпарат алмасу, шет елдердің экономикалық, әлеуметтік, саяси ақпаратын іріктеу дағдыларын қалыптастыру, шетелде болып жатқан оқиғаларды талдау және қорыту, маңызды ақпараттың мазмұны мен мәнін, оның саяси салмағын талдай білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистік шеберлік
Журналистік шеберліктің негіздері, электронды БАҚ-тың жаңа технологиялары, журналистиканың түрлері мен жанрлары, теледидар мен тікелей эфирдің ерекшеліктері, телевизиялық қойылым бағдарламалары мен деректі фильмдерді дайындау және журналистің саяси сауаттылығын арттыру дағдылары қарастырылады. Мақсаты: олардың кәсіби шеберлігін арттыру, журналистік шығармашылықтың қыр-сырымен таныстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Теледидардағы компьютерлік дизайн
Компьютерлік дизайн жасаудың қыр-сырымен және телебағдарламаларды дайындау кезінде дизайнердің жұмысымен таныстырады. Жаңа технологиялар оқытылады. Мақсаты - теледидар дизайнын құру және дайындау, сонымен қатар компьютерлік дизайнердің жұмысының мәнін түсіндіру, компьютерлік дизайнының бағдарламалық өнімдерінде практикалық жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынастар
Пән халықаралық қатынастар тарихы мен сыртқы саясат туралы толық ақпарат береді. Адамзат қоғамының соңғы елу жылындағы маңызды халықаралық қатынастардағы саяси оқиғалардың дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары қарастырылады. Жаңа ақпараттық технологиялардың үлгілерімен, ерекшеліктерімен танысады. Мақсаты: халықаралық қатынастарға терең талдау жүргізу, студенттердің жаһандық ақпараттық қоғам жағдайында халықаралық қатынастарға ғылыми көзқарас қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Болашақ мамандарда зерттеудің ғылыми тақырыбын таңдау және таңдалған тақырып бойынша қажетті библиографиялық жарияланымдар мен ақпараттық материалдарды іріктеп алу, ақпараттық процестердің ғылыми мәселелерін қою дағдыларын қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мінез-құлық үлгілерін зерделеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы экологиялық журналистика
Экологиялық ақпараттарға қол жеткізу құқығын іске асырудағы экологиялық шарттар мен БАҚ-тың рөлі, қоршаған ортаны қорғау мәселелері, іскерлік басылымдардағы экология тақырыптары талданады. Экологиялық жауапкершілік міндеттелген кәсіпорындар мен өндіріс орындарымен байланыс және ақпараттарға қолжетімділік заңдылықтарын оқытылады. Пәннің мақсаты – экологиялық ақпараттарды табу және оны қолдану жолдарын үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
БАҚ және жаңа технология
Бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа технологиялары, отандық БАҚ-тың құрылымы мен типологиялық сипаттамаларына жаңа технологиялардың әсері қарастырылады. Пәннің мақсаты - озық ақпараттық технологиялардың БАҚ-тың дамуына, оның қоғам дамуы үдерісінде лайықты орнығуына және БАҚ қызметіне ықпалын оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
Табиғат және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптері және адамның мекендеу ортасымен қауіпсіз өзара әрекеттесуді және қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда жағымсыз факторлардан қорғану жүйесімен еңбек қауіпсіздінің негіздері туралы кешенді білім беру. Білім алушылардың бойына экологиялық тұрақтылықты дамыту үшін ластаушы заттардың шығарындылары экожүйелердің ассимиляция қабілетінен аспауы керек тіршілікті ұйымдастыруды және адамның тіршілік әрекетінде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда тірі қалудың алғы шарттарын үйрету және кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау қызметінің негізгі аспектілерін қамтитын білім мен дағды қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Алаштану мәселелері және баспасөз
Пәнде Алаш баспасөзіндегі журналист жұмысының ерекшелігі, сол тұстағы жанрлар жүйесі, Алаш баспасөзіндегі сол уақытта көтерілген қазақ мәселелерін зерттеуді қарастырады. Сондай-ақ Алаш Орда қайраткерлерінің публицистік шығармалары оқытылады. Мақсаты – Алаш идеямымен таныстыру, қазақтың көрнекті публицистерінің еңбектерін, публицистикадағы жаңашылдықты, қазақ публицистикасының қалыптасуы мен даму жолдарын оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Радиожурналистиканың қалыптасу тарихы
Радионың шығу тарихы, Қазақстанда радожурналистиканың қалыптасуы, қазақ радиожурналистерінің шығармашылығы, радио технологияларының даму кезеңдері, дыбыс жазу апапараттарының түрлері және оны пайдаланудың ерекшеліктері оқытылады. Мақсаты - радио жанраларын, форматтарын, пішіндерін, радио жанрларын, радиода жаңалықтар қызметі, ақпарат тарату, драмалық қойылымдар, радиопостановкалар, радиоконцерт, тікелей репортаж жасауды үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Баспасөздегі әдеби сын
Бұл пән журналист жұмысының ерекшелігін, әдеби жанрларды игеруді, белгілі қазақ публицистерінің шығармаларын талдауды қарастырады. Мақсаты: журналистиканың қыр-сырын түсінуге, жанрларды жетік меңгеруге, көрнекті қазақ публицистерінің әдеби материалдары мен шығармаларын талдауға үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби және салалық журналистика
Пәннің мазмұнында салалық басылымдар мен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының салалық жанрлары, салалық журналистиканың негізгі функциялары, салалық журналистиканың мәселелері мен ерекшеліктері қарастырылады. Мақсаты-экономикалық, саяси, мәдени, әскери, медицина, Экология, Су ресурстары, ғылым және білім бойынша салалық журналистикаға болашақ маманды бейімдеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Радиохабар даярлау технологиясы
Радио бағдарламаларды дайындау, жанрдың ерекшеліктерін, мазмұнын және радио форматтарындағы жаңа формаларды анықтау дағдыларын қалыптастырады. Мақсаты - радиорепортаж, жаңалықтар, қойылымдық хабарлар дайындауды, оқиға орнынан тікелей репортаж жүргізуді үйрету, эфирге қосылу мүмкіндіктерін меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ спорт журналистикасы
Қазақстандық спорттық басылымдар, спорт журналистикасының ақпараттық-аналитикалық жанрлары, спорттық жанрларды дайындау ерекшеліктері, сұхбат, мақала, спорттық болжам, комментарий, жол-сапар очерктері, әлем спортынының даму үдерісі, әлемдік спорт комментаторларының тәжірибесі оқытылады. Мақсаты - қазақ спорт журналистткасының қалыптасуы мен дамуы, жанрлық, пішіндік ерекшеліктері, спорт комментаторының жазу және сөйлеу стилі, ерекшеліктерін үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Фотожурналистиканың қалыптасуы мен дамуы
Фотография, фото публицистика, фото ісі және фото журналистика саласының ерекшеліктері қарастырылады. Өзекті фотоақпаратты алудың, жинаудың, өңдеудің және сақтаудың заманауи техникасын пайдалану дағдылары қалыптастырылады, оны баспа, электрондық және интернет БАҚ-та жариялауға дайындайды, жарнамалық және медиа ресурстарды құру мен іске асырудың ақпараттық технологияларын игеруге үйретеді. Мақсаты - фото камералардың әртүрлі маркаларымен және оның мүмкіндіктерімен, сондай-ақ линзалардың түрлерімен, фото ісіндегі және фоторепортаждағы жарықтың маңызын түсіндіру және фотосуреттің композициялық құрылымымен таныстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сөйлеу мәдениеті мен сөйлеу техникасы
Сөз өнерінің тарихы мен сөйлеу техникасының теориясы қарастырылады. Сөйлеу мәнерінен диалект сөздерді, қажетсіз сөз тіркестерін алып тастау, дауыс ырғағын қалыптастыру, дыбыс тазалығын сақтау дағдыларын дамытады. Мақсаты: студенттерді мәнерлеп сөйлеуге, шешендікке, тіл тазалығын сақтауға, аудиторияға ақпаратты дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Радиожурналистика жанрларының мазмұны мен пішіні
Радиохабарларға қойылатын талаптарды, тікелей эфирде суырып салу өнерні, тіл шеберлігін, сөйлеу мәдениетін меңгереді. Радиохабарлардың мазмұны мен жанрларын игереді. Мақсаты - студенттерді радиожурналистиканың ерекшелігімен, радионың пайда болу және хабар тарату, қазақ радиосының даму кезеңдерімен, жұмыс істеу әдістерімен, радиохабар әзірлеудің шығармашылық процесімен және этикалық ережелер және қағидалармен, радиожурналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Талдамалы журналистика
Пәнде талдамалы мақалаға қойылатын талап-шарттар, сараптамалық материалдың жазу ерекшеліктері, тақырып таңдау және оны аша білу әдістері қарастырылады. Мақсаты: Бұл курс болашақ журналистерге маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білуге, көкейтесті проблемаларды дер кезінде көтеріп, батыл пікірлер айта білуге үйрету. Түйткілді мәселені зерттеп, зерделеуге, деректерді талдап, дәйектеуге машықтандыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Саясат және журналистика
Саяси тақырыптарға жазатын немесе саяси оқиғаларды, мемлекеттің даму қадамдарын сараптайтын сарапшы журналисті дайындауды қарастырады. Бұл бағытта пән мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік құжаттар мен заңдарды, мемлекет дамуының бағытын, геосаяси мәселелерді, азаматтық қоғам үдерісін оқыту және әлемдік саяси жаңалықтарды талдауға машықтандырады. Мақсаты: студенттерге мемлекеттік құжаттарды, ҚР Заңдарын оқып-түсінуге және мемлекеттік дамуды, стратегиялық, экономикалық бағыттарды, мемлекеттік реформаларды, саяси науқандарды талдап, саралауды үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиадизайн
Студенттердің шығармашылық, графикалық, сызықтық, тональды және түсті композицияның негізгі заңдылықтарын түсінуін дамыту. Жарнамалық материалдың дизайнерлік элементтерін, фирмалық эмблемалардың, жапсырмалардың, композициялық орналасу ерекшеліктерін қарастырады. Мақсаты - дизайндық шығармашылықты дамыту, компьютерлік бағдарламаларды пайдалану дағдыларын игеруге ықпал ету. Жарнамалық жобаларды жасау кезінде қаріптерді дұрыс пайдалану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лонгрид
Әлемдік баспасөз, интернет басылымдар мен телеарналарда орнығып үлгірген ақпаратты берудің Лонгридтік үлгісінің техникасы мен оны жасау жолдарын үйретеді. Мақсаты: Лонгрид жасауға қажетті қызықты ақпаратты таңдауды, оған қажетті материалды жинақтауды, әр жинақталған материалға аннимациялық, сюжеттік, аудио, фото, графиканы қолдануды, қызықты, оқылымды, назар аударатын лонгрид дайындауды үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі газет жанрлары
Газет жанрлары, олардың тілдік, стильдік ерекшеліктері, жаңалықтар жанры, корреспонденция, очерк, эссе, публицистика ерекшеліктері, газет жанрларының стиліне қойылатын талаптар, баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері түсіндіріледі. Мақсаты - газет жанрлары бойынша жазылған мәтіннің тілдік, стильдік ерекшеліктерін меңгеру, ақпараттарды шынайылығын сақтай отырып, өңдеп, оларды материалдарда қолдануға машықтандыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистік зерттеу жүргізудің ерекшеліктері
Пәнде репортаждың, сұхбаттың, журналистік зерттеулердің заманауи әдістері және аналитикалық материалдарға шолулар жасау ерекшеліктері оқытылады. Тартымды мәтін жазу, сот сараптамаларын талдау және күрделі сюжеттер мен газет материалдарын жасау дағдыларын қалыптастырады. Мақсаты-студенттерді ақпарат іздеуге, оны табуға және қоғамдық пікір қалыптастыруға үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мерзімді басылымдардағы құқық тақырыбы
Құқықтық журналистиканың функциялары мен маңызы, әртүрлі жанрлар шеңберіндегі журналистің құқықтық тақырыптарды игеруі, журналистік ізденістердің журналистік зерттеулердегі орны мен мақалаға тергеу тұжырымдамасын қолдану әдістері түсіндіріледі. Пәннің мақсаты - студенттерге құқық қорғау саласының ішкі құрылымдық ерекшеліктерін, құқықтық сипаттағы журналистік зерттеулердің мақала дайындауда маңызын түсіндіру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиаменеджмент және медиамаркетинг
Медиа саланы басқару, жетістіктерді көбейту, іскерлік медиа бизнесті дамыту, медиа өнімдерді сату және тарату дағдыларын меңгерту. Бұл пән БАҚ менеджменті мен маркетингі теориясын, әлемдік медиа-бизнестің тәжірибелерін қарастырады. Шетелдік медиа магнаттардың маркетингтік бағдарламалары талданады. Медиа-маркетологтардың маркетингтік саясатын жүргізу, медиа-өнім тұтынушыларының сұранысын саралау машықтары қалыптасады. Мақсаты: медиа саланы басқару қабілетін дамыту, медиа өнімдерді сату және тарату тәсілдерін, медиа құрылымның шығармашылық және экономикалық перспективаларын оқыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жарнама және БАҚ
Жарнама саласының негізгі ұғымдары, теориясы мен практикасы, БАҚ-тағы жарнаманың рөлі және отандық жарнама технологиясының тәжірибесі, жарнаманың табиғаты , әмбебаптығы мен болашағы, қоғаммен байланыстың негізгі тетіктері зерттеледі. Мақсаты-PR-технологиялар мен жарнама дайындаудың түрлі тәсілдерін игеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңалықтарды дайындау
Жаңалықтардың нысаны, мақсаты және идеясы қарастырылады. Спикерлер мен сарапшылардан, құзыретті тұлғалардан сұхбат алу тәсілдер, деректер мен ақпаратты жинау дағдыларын қалыптастыру, қажетті ақпаратқа қысқа мерзімде қол жеткізуді, жаңалықтар мәтінін жазуды меңгереді. Пәннің мақсаты: болашақ журналистің оқиға орнынан тікелей репортаж жасай білуге, оқиға ошақтарынан материалдар дайындауға, аналитикалық ойды қысқа түрде жеткізе білуге үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Деректі фильмдерді жасау
Деректі фильмдерді жасау ерекшеліктері қарастырылады. Фильмге қажетті маңызды деректерді жинау, мұрағаттардан деректерді іздеу, шетелдік мұрағаттармен байланысу, интернет-ресурстардан мәліметтерді қарау, деректі фильмнің сценарийін жазу, режиссердің, оператордың, монтаждаушының жұмыс ерекшеліктерін меңгереді. Мақсаты: деректі фильм жасаудың технологиялық әдістерімен, бейне, фото, кино хроникаларын пайдалануды үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми танымдық журналистика
Ғылыми-танымдық журналистиканың ерекшеліктері, қалыптасу тарихы, даму проблемалары, ғылыми термин, салалық ғылым, ғылыми прогресс, жаңа технологиялар, ғылыми жетістіктерін талдайды. Баспасөзде ғылыми-танымдық материалдар даярлауды, деректі фильмдер түсіруді, газеттер мен ғылыми басылымдарға ғылыми-танымдық мақалалар жазуды үйретеді. Мақсаты: ғылыми мақалалардың ерекешеліктері мен ғылыми зерттеулерді талдауды, ғылым тілінің стилін, терминология ілімін, ғылыми идеяларды зерделеуді үйрету және ғылыми мақала жазуға машықтандыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыр өңірі журналистикасының тарихы және тәжірибесі
Сыр өңірі баспасөзі дамуының тарихи, экономикалық, әлеуметтік факторлары, Қызылордада шыққан республикалық басылымдардың тарихы, өңірлік басылымдар тарихындағы қоғамдық-саяси жағдай, облыстық "Сыр бойы" газетінің, облыстық телеарналар мен радиолар дамуының өзекті мәселелері қарастырылады. Мақсаты: Сыр өңірінің бұқаралық ақпарат құралдарының тарихын, тәжірибесін, даму жолдарын талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Спичрайтер
Белгілі тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің мемлекеттік маңызы бар іс-шараларда және халық алдында сөйлейтін сөздерінің мәтінін жазу әдістері қарастырылады. Заманауи спичрайтерлердің тәжірибесімен танысады. Мақсаты: саяси маңызды мәтіндерді жазу дағдыларын қалыптастыру, қоғамдық пікірді тудыруға ықпал ету. Спичрайтер кәсібінің психологиялық аспектілерін үйрету және ақпарат ағынын талдай білу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнес журналистика
"Іскерлік журналистика" пәні қазіргідей бизнес үдерісі кезеңінде жахандық экономиканың заңдылықтарына тәуелді боп тұрған қоғамды іскерлік сала жаңалықтарымен, әлемдік нарықтың жай-күйімен, іскерлік сала проблемаларымен, еліміздің кіші және орта бизнес мәселелерімен таныстыруды, валюта рыногы, биржа сияқты іскерлік сала жаңалықтарын ақпараттандыруды мақсат етеді. Іскерлік ақпаратты жинау, іріктеу, талдау, түсіндіру, тарату, кәсіпкерлер мен бизнес мәселелеріне мүдделі не қызығушылық танытатын контингент үшін экономикалық және әлеуметтік ақпаратты қамтамасыз етуді қарастырады. Пән дәріснамалық және практикалық игерудің компоненттерін қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Аймақтық журналистиканың қалыптасуы мен даму жолдары
Қазақстанның аймақтық баспасөзі мен оның тарихын, қалыптасу кезеңдерін оқып, біледі.Аймақтық басылымдардың жанрлық, пішіндік ерекшеліктері мен журналистердің талдамалы, зерттеу, экономикалық бағыттағы мақалаларымен, телеөнімдерімен танысады. Мақсаты: Ел дамуындағы өңірлік журналистиканың алатын орны, еліміздің ақпарат кеңістігіндегі аймақтық журналистиканың маңызын оқыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Философиялық және әлеуметтік-саяси білімнің негіздерін, Қазақстанның тарихи даму кезеңдерін, экономикалық теорияның бағыттары мен қаржылық сауаттылық, қызметтің әртүрлі салаларындағы базалық құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты талдауға,орыс және шет тілдерін меңгеру дағдыларын үйретуге, дене шынықтыру деңгейін қолдай отырып, патриотизм мен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға қабілетті. Кез-келген ортада физиологиялық ерекшеліктері бар тұлғаларға тең мүмкіндіктер мен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. ЖИ модельдерін құрастырып, оларды нақты мәселелерде қолдана алады.
- Шетелдік, отандық, сондай-ақ өңірлік журналистиканың тарихи дамуы саласындағы білімді пайдалануға, қазақ журналистикасының дамуын бағалауға, Алаш қайраткерлерінің публицистикалық еңбектерінің маңыздылығын, қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін түсінуге, сондай-ақ талдамалық журналистиканың ерекшеліктерін және спичрайтер қызметін игере отырып, ғылыми-танымдық материалдар әзірлеуге, нәтижесінде кәсіби шеберлігін көрсетуге қабілетті.
- Журналистік туынды жасау дағдысын, ойлау мәдениетін, сөйлеу техникасын, баспасөздегі әдеби сынмен жұмыс жасауды, әралуан құбылыстар мен үдерістерді ғылыми талдау және жорамалдау негіздерін игереді. Журналистиканың негізгі жанрлары, олардың стилистикалық ерекшеліктерін меңгереді. Экологиялық мәселелерді, журналистиканың саясаттағы ролін бағалай отырып, әр түрлі жанрларда жазып, саяси тақырыптарды көтере алады.
- ҚР Конституциясы мен ҚР БАҚ туралы заңнамасы аясында журналистің құқықтары мен міндеттерін зерделей отырып, журналистік шеберлік дағдылары қалыптастырылады. Ол салалық журналистиканың, спорт журналистикасының ерекшеліктерін меңгеріп, жиналған ақпаратты талдай алады, әртүрлі салалар туралы қажетті мәліметтер мен фактілерді жинай алады.
- Халықаралық қатынастар, халықаралық ұйымдары туралы түсінікке ие бола отырып, сондай-ақ тілдік қарым-қатынас тәсілдері мен сөйлеу тәсілдерін меңгере отырып, БАҚ-тағы дизайнерлік процестерде әртүрлі стильдер мен жанрлардағы мәтіндерді редакциялау әдістемесін, заманауи техникалық базаны және жаңа цифрлық технологияларды пайдалана алады.
- Радио, теледидарда ақпарат даярлауды, өңдеуді және таратуды игере отырып, мемлекеттік және тәуелсіз телеарналардың хабар беру өзгешеліктерін, деректі фильмдерді әзірлеу тәсілдерін, БАҚ-тағы жаңа технологияларды практикада қолдана отрып, түрлі жанрларда теле, радио хабарларды дайындап, фото ісін жүргізе алады, сондай-ақ медиа менеджмент ерекшеліктерін меңгеріп, қазіргі БАҚ жүйесінде менеджмент маңызын анықтап, ғылым мен техниканың жаңалықтарын пайдаланып, дерек пен дәйектер жинауды, жиналған ақпаратты талдауды біледі, ғылыми тұжырымдар жасай алады.
- Интернет-журналистиканың, веб-беттерді әзірлеудің шығармашылық процесінің, сайттарды басқарудың, онлайн, цифрлық технологиялар, деректі фильм, әлеуметтік желілердің заманауи құралдарын игеруге, жаңалықтар қызметін, Заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін - лонгридте пайдалануды, бизнес журналистиканы игеруге, Ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды ұйымдастыруға, қоғаммен байланыс технологияларын меңгеруге де қабілетті.
- Ақпарат көздерімен жұмыс істей алады, журналистік зерттеу, құқықтық тақырыптармен, сандық бейнемонтаж, дыбысты өңдеу бойынша компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей алады, журналистің кәсіби қызметінің мақсаттарын, әдістері мен тәсілдерін біле алады, желілік ақпарат тасымалдаушысы ретінде интернет-сайттар құра алады, фото және бейне материалдарды өңдей алады, түрлі форматтағы мерзімді басылымдардың қыр сырын біледі. алады.
Ұқсас БББ
6B03201 Журналистика: аналитика және зерттеу
M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
6B03201 Журналистика
КИМЭП университеті
6B03201 Журналистика
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
6B03201 Журналистика
Торайгыров университеті
6B03201 Цифрлық журналистика
Astana IT University
6B03201 Іскерлік журналистика, SMM & PR
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
6B03201 Журналистика (ТВ және Мультимедиа)
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B03201 Журналистика
Халықаралық білім беру корпорациясы
6B03201 Журналистика
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B03201 Журналистика және ақпарат
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B03201 Журналистика
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
6B03201 Журналистика
«Тұран» университеті
6B03201 Журналистика
Q UNIVERSITY
6B03201 Журналистика
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B03201 Журналистика
Инновациялық Еуразия университеті
6B03201 Журналистика
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B03201 Журналистика
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B03201 Журналистика
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
6B03201 Журналистика
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті