7M01711 Шет тілі: екі шет тілі в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары деңгейдегі тілдік, коммуникативтік, ғылыми-зерттеу және көшбасшылық құзіреттілігі бар маман даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M019 Шет тілдері педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Жаратылыстану және педагогикалық ғылымдардың тарихы мен философиясын, мәдениет пен өркениеттегі жаңа еуропалық ғылымды, ғылыми білімнің құрылымын, нақты ғылымдардың философиялық мәселелерін, XXI ғасырдағы коммуникациялық технологияларды және олардың қазіргі ғылымдағы рөлін қарастырады. Жаратылыстану және педагогикалық ғылымдардың қазіргі өзекті әдістемелік және философиялық мәселелерін шешу жолдарын анықтайды, сыни ойлау мен логикасын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шетел тілін интенсивті тұрғыдын оқыту әдістемесі
Шетел тілін оқыту әдістерін дамытудың тарихи кезеңдері және оқыту әдістерін дамытудың қазіргі тенденциялары белгілі ретпен қарастырылады. Отандық және шетелдік әдістеменің жалпы теориялық негізін тарихи бейнелеу шетел тілін оқыту тәжірибесін терең түсіне отырып, студенттердің әдістеменің тарихын оқыту теориясы ретінде ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оның даму заңдылықтарын ашу, олардың кәсіби іс-әрекеттегі теориялық және практикалық міндеттерді шығармашылықпен шешуге қөмектесуді қарастырылады, сонымен қатар тіл үйренушілерде мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісінің тұлғасын қалыптастыруға бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жоғары мектеп педагогикасын оқыту әдістері мен технологиялары
Оқытудың теорияларын, белсенді әдістері мен инновациялық технологияларын меңгереді. Жоғары мектепте оқыту әдістері арқылы білім алушылардың мотивациясын дамытады. Жоғары білім беру саласында педагогикалық жоспарлауды жүзеге асырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Интербенселді әдістерді ЖOO-да қолдану әдістері
Интербелсенді әдістемесінің негізгі мәселелері: білім және диалог, интербелсенді оқудың шарттары мен ережелері, интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселелерін қарастырады. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері, жоғары мектептегі бағалау мәселесі, интербелсенді сабақтың құрылымы, интербелсенді сабақтар, интербелсенді әдістемесі тәжірибесімен танысу, білім беруде АК технологияларды қолдану,талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,оқуды бағалау,басқару және көшбасшылық тақырыптары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шетел тілі (кәсіби)
Шетел тілінде ауызша сөйлеу, мәдениетаралық құзыреттіліктерді, іскерлік хат алмасу дағдыларын дамытады. Шет тіліндегі түпнұсқалық дереккөздерді оқудың негізгі түрлерін сипаттайды, ғылыми тақырыптар бойынша жазбаша баяндамалар, ғылыми баяндама, презентация, пікірталас, шет тілінде ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша мақала дайындауды, ғылыми мәтінге аннотация жасауды және қорытындылауды үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының әдіснамалық және теориялық-тұжырымдамалық негіздерін меңгертеді. Жоғары мектептің педагогика және психологиялық заңдылықтарын қолдантады. Жоғары білім беру саласында педагогикалық және психологиялық қызметті жүзеге асыртады. Жоғары мектептің оқу сапасын диагностикалау жолдарын меңгертеді. Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби құзыреттілігін және педагогикалық шеберлігін қалыптастыртады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Шет тілдік білім берудегі әлеуметтік лингвистика мәселелері
Бұл әлеуметтік лингвистика пәні тілді қоғамда қалай қолданылатынын және тіл мен қоғамның бір-біріне қалай әсер ететінін зерттеуге бағытталған. Тіл жеке тұлға тұрғысынан да, қоғам тұрғысынан да күнделікті өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға және түсінуге негіз болады. Пәннің тақырыптарына әлеуметтік диалектілер, сөйлеудегі таптық, этникалық және гендерлік айырмашылықтар, тілді өзгерту, көпұлтты ортадағы тіл және тіл саясаты кіреді. Пән, сонымен қатар, қолданбалы лингвистика мен тілдік білім беру мәс елелеріне социолингвистикалық зерттеу әдістерін қолдануды меңгертеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Екінші шет тілінің практикалық курсы (С1 деңгей кеңейтілген) /
Мәдениетаралық компетенция мен кәсіби компетенцияны жетілдіру, екінші шетел тілінде қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін кеңейту, нәтижелі тыңдап түсіну дағдысын игеру, біліктілікті кәсіби - бағдарлы дейгейіне қол жеткізу, оқытудың жалпы кәсіби және мәдениетаралық бағытын әрі қарай тереңдету, болашақ мамандыққа, оқытылатын шетел тілінің тарихына, шетел тілі халқының ой-толғамы мен мәдениетіне өз елінің мәдениетінің мағыналық және құндылық ерекшеліктерімен салыстыруға қызығушылығын арттыру дағдылары қалыптастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Екінші шетел тілін оқыту әдістемесіндегі инновациялық білім беру технологиясы
Курсты аяқтағаннан кейін магистранттар екінші шетел тілі әдістемесінің негізгі ережелерін талдайды және екінші шетел тілін оқыту әдістемесін тәжірибеден өткізеді. Олар екінші шетел тілін меңгеру процестерінің ерекшеліктерін зерттейді. Отандық және шетелдік әдістеменің жалпы оқыту тәжірибесін терең түсіндіреді, оқыту теориясы ретінде ғылыми көзқарасын қалыптастыруға бағыттайды; оның даму заңдылықтарын ашып, олардың кәсіби іс-әрекеттегі теориялық және практикалық міндеттерін шығармашылықпен шешу жолдарын ұсынады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Лингвомәдениеттану
Лингвомәдениеттану теориялардың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, лингвомәдениеттану ғылыми зерттеу әдіснамасы туралы жалпы түсінік беріп, лингвомәдениеттанудың ғылыми зерттеудің жалпы процесіндегі орны мен рөлін анықтап, лингвомәдениеттанудың зерттеу әдістерін қолдану дағдыларын жетілдіреді. Лингвомәдениеттанудың ғылым ретінде қалыптасу тарихын суреттейді. Көркем-мәнерлі құралдар негізінде тіл арқылы халықтың менталитеті мен оның мәдениетін аша отырып, тілдің дамуына әсер ететін тіл мен мәдениеттің өзара іс-қимылы туралы түсінікті қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Когнитивті лингвистика жəне жалпы когнитология
Когнитивтік лингвистиканың тарихы мен қазіргі жағдайын, отандық және шетелдік когнитивтік мектептердің әдіснамалық тәсілдеріндегі айырмашылықтарды зерттеуді, магистрант когнитивті лингвистиканың зерттеу нысаны, міндеттері, когнитивтік лингвистикаға тән категориялар жөнінде түсінік қалыптастырады. Магистрантты тілдің танымдық рөлін тануға, көркем шығарма тіліне концептуалдық талдау жасауға дағдыландырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ЖОО-дағы замануи шет тілдік білім беру әдіснамасы /
Тілдің барлық деңгейлеріндегі негізгі құбылыстарды білуді қамтыған лингвистикалық білімдер жүйесімен оқытылатын тілдер қызметімен, функционалдық әр түрлілігінің заңдылықтарын, оқытылатын шет тілі елдерінің мәдениетіне тән құндылықтар мен түсініктер, теориялық және эмпирикалық білімдер, дүние жүзінің концептуалдық және тілдік бейнесінің негізгі ерекшеліктерін, когнативтік-дискурсивтік біліктіліктерді меңгереді, дүние жүзінің шеттілдік ғылыми бейнесінің спецификасы, стереотиптер әсеріне төзуге дайын болу және қарым-қатынастың жалпы және кәсіби салалаларында мәдениаралық диалогты жүзеге асыра біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Прагмалингвистика
Болашақ шет тілі маманының шет тілін үйретуде екінші тілдік тұлға қалыптастыру үшін бірінші тілдік тұлғаның ана тілі мен төл мәдениеті, әлеуметтік өмірдегі жағдаяттар негізінде қалыптасу принциптерін, баланың өз жасына сәйкес төл мәдениеті негізінде ана тілін меңгеріп бірінші тілдік тұлға ретінде қалыптасуының теориялық және практикалық бағыттарын қалыптастырады. Коммуниканттар айтылымда өз хабарламасының екіжақты түсінілуі мүмкін екендігін біліп, ойын соған бейімдейді. Аудиторияның мәтінді барынша түсінуі , ақпаратты жеткізу барысында білім деңгейін, әлеуметтік ұстанымдарын ескеру. Коммуникативті- прагматикалық лингвистика ақпарат алмасу үрдісінде тіл бірліктері мен ережелерін зерттейді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Профильдік және кәсіби бағдарлы шет тілдік білім берудің мәселелері
Ғылыми зерттеу жұмысын теориялық негізін, жалпы әдіснамалық қағидаларын, ғылыми білім әдістерінің жіктемесін саралайды. Жаңа ғылыми (антропологиялық) парадигманың болмысы және негізгі әдістемелік категориялардың (мақсаттар, мазмұны, принциптері, әдістері, тәсілдері және т.б.), ұстанымы негізінде қарастырады. Кәсіби қызметінде зерттеудің теориялық және тәжірибелік әдістерін меңгертеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тілдерді оқытудың мәдениаралық аспектілері
Халықаралық қарым қатынасты дамытуда тілді мәдениетаралық және тіларалық құрал ретінде пайдаланудың жолдарын қарастырады. Компьютерлік телекоммуникация арқылы жүргізілетін пікірталастар мен семинарлар, дөңгелек үстелдер, G-global форматындағы екі жақты бейне-телеконференциялар сұхбаттасуды меңгертеді. Жобалық жұмыс, кейстік технология, электрондық деректер базасымен жұмыс істеудің машықтарын игертеді. Пән магистранттарда шеттілдік білім берудің қазіргі заманғы мәдениетаралық коммуникативті теориясын түсіндіре отырып, шеттілдік білім берудің когнитивті-лингвокультурологиялық әдіснамасын және әдіснамалық принциптерінің мәні мен мәнін түсіну қабілетін қалыптастырады. Басқа тілде білім берудің мақсаттары - мәдениетаралық коммуникация субъектісінің жеке басын қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілін оқытудағы коммуникативтік әдіс
Екінші немесе үшінші тіл арқылы пәндерді оқу және пәндік салаларды оқу барысында тіл үйренуді жетілдіру жолдарын анықтайды; оқу тәжірибесінде бағалаудың баламалы тәсілдерін, қалыптастырушы бағалауды қолдануды қарастырады; әр сабақты қағидатына сәйкес жоспарлау қажеттілігін түсіндіреді; CLIL әдіснамасы негізінде тілдік, танымдық дағдыларды дамыту мен өткен білімдерді пысықтау әдістерін саралайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Лингвистикалық ғылымның заманауи əдіснамасы/
Оқу және арнайы іскерліктер негізінде шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттіліктерді, заманауи оқытудың әдіс-тәсілдерін баяндайды. Жаңа технологиялардың құрылымдық–мазмұндық болмысын ғылыми тұрғыдан негізге алып, шетел тілін оқытудың машықтарын игертеді. Шетел тілін зерттеушілердің коммуникативтік іскерліктерін, және жалпы кәсіби құзыреттерін бағалап, тұжырымдайды. Бұл пән базалық әдістемелік категориялардың жаңа интерпретациясындағы шет тілді білім берудің заманауи методологиясы мен теориясымен таныстырады; магистранттар қазіргі шет тілдік-білім беру парадигмасының құзыреттілік-әдіснамалық интеграциясының концептуалды негіздерін зерттеу және мәдениетаралық коммуникация теориясы контекстінде қарым-қатынасты моделдеудің теориялық-практикалық негіздерін ашуын үйренеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мәтін лингвистикасын қалыптастыру және дамыту
Мәтін лингвистикасы тарихы, саласы, зерттеу бағытттары, категориялары мен тілдік бірліктерін, көркем мәтінді құрастыру, тудыру және талдау тәсілдерін зерделейді, тұлға-бірліктерінен теориялық және практикалық тұрғыда жүйелі білім беру, мәтін және оның белгілері туралы түсінік қалыптастыру, белгілерін айқындай алуға дағдыландыру, мәтіннің тұлға-бірлігі - күрделі фразалық тұтасымды және абзацты ажырата алуға үйрету,мәтінді құраушы бірліктердің байланысу амал-тәсілдерін игерту, сөйлеу мәдениетін арттыру, мәтін және дискурс тақырыптары зерттеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілін оқытудағы тіл мен мәдениет арақатысы
Тіл мен мәдениет арасындағы қарымқатынас мәселелері бойынша жетекші теориялар мен мәдениет функцияларын, шетел тілінің мәдениетінің ерекшеліктерін, мәдени компонентті ескере отырып, шетел тілінде сабақтарды жоспарлауды, көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру әдістерін меңгертеді. Тілдік және мәдени қарым-қатынастар туралы тезис тек тілге емес, сонымен қатар коммуникация процесінде экстральингвистикалық факторларды, тілдік оқыту әдіснамасын игертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шеттілдік білім берудегі жасанды интеллект
Педагогикалық саладағы электронды құжат айналымы мен мәліметтер базасы және олардың шет тілдерін оқыту саласында қолданылуын, жасанды интеллектті қолдана отырып, шет тілі мен мәдениетін оқытудың жобалық технологияларын үйретеді .Магситранттарға жасанды интеллект (AI) туралы негізгі білім мен түсінік береді. Пән магистранттарыдың жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарын түсінуін дамытуға бағытталған. Пәннің міндеті- магистранттарға интеллектуалды жүйелерді таңдауға, конфигурациялауға және пайдалануға, оларды жобалауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, дағдылар мен қабілеттерді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылым қызмет керлеріне арналған шет тілінің арнайы курсы
Жазбаша және ауызша түпнұсқалық ғылыми, ғылыми-танымал және публицистикалық мәтіндердің функционалдық ерекшеліктерін анықтай отырып, іскерлік және дипломатиялық қарым қатынастың қыр-сырларын айқындайды. Көптілді дәрісханаларда жаңа технологияларды қолдану арқылы қажетті әдістерді меңгертеді. Оқу-әдістемелік материалдарды ағылшын тілінде құрастыру біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастырады. Ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау амалдарын үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жалпы ғылыми ұғымдарды және философияның негізгі категорияларын талдайды; теориялық білімді жинақтап, ғылыми идеяларды сыни тұрғыдан бағалайды; ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты құрастырады және оларды оқытылатын салада қолданады, қалыпты ғылыми мәселелерді шешеді және рәсімдейді;
- Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясының теориялық негіздерін меңгереді; жоғары білім берудің заманауи тенденцияларын анықтайды; жоғары мектепте педагогикалық және психологиялық қарым-қатынасты, педагогикалық шеберлікті жүзеге асырады
- Оқытудың теорияларын, белсенді әдістері мен инновациялық технологияларын меңгереді; жоғары мектепте оқыту әдістері арқылы білім алушылардың мотивациясын дамытады; жоғары білім беру саласында педагогикалық жоспарлауды жүзеге асырады
- Оқытуды ұйымдастырудың мәселелері, принциптері, құрылымы мен қызметі, дамуының басты бағыттарын сипаттайды; өзіндік көзқарасы жағынан білім берудің практикалық және теориялық жағынан шығармашылық шыңдалудың аспектілерін меңгереді;
- Тілдік ресурстар мен әдебиетті салыстыра талдай, қолдана біледі, өзіндік ізденіс пен шығармашылық қабілеттерін, оқылып оырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамтылатын білімдер мен түсініктерді көрсетеді ;
- Шетел тілінің тілдік құбылыстарына қатысты өз бетінше зертеу жүргізеді, мәдениетаралық шеттілдік қатынас құралы ретінде шетел тілінің барлық функцияларын толық қолданады; шет тілдерін үйретудегі жасанды интеллектің тиімділігін пайдаланады;
- Кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруда маман ақпаратты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлайды;
- Шетел тілін оқыту саласында оқу процесін ұйымдастырудың әдіснамасын, теориясын, әдісін, түрін және тәсілдерін жіктейді, оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады;.