Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01519 География- тарих в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Жалпы жертану

    Жалпы жер тану –географиялық білім негізі ретінде. Географиялық ғылымдар жүйесіндегі жертану ғылымының орны. Жалпы жертану ғылымының даму тарихы. Жердің географиялық қабығы. Географиялық қабықтың негізгі құрама бөліктері. Ландшафтық орта. Олардың шекаралары. Атмосыералық қабық. Гидросфера. Литеросфера. Озон қабығы

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы

    Курста тарихилыққа дейінгі адамның пайда болуы, адамзат эволюциясы, адам қоғамның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері мен мәселелері қарастырылады. Тарихилыққа дейінгі адамзаттың қоныс аударуы және құрлықтарға таралып орналасу үдерістері, діни нанымдары мен мәдениеті, тілдің шығуының негізі аспектілері, өркениет пайда болуыны алғышарттарымен танысады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Адам ағзасының дамуы мен өсуінің негізгі заңдылықтарын, жеке дамудың әр-түрлі кезеңдерінде мүшелер мен аппараттардың қызмет ету ерекшеліктерін, ағзаның қорғаныс күштерін арттырудың негізгі әдістерін, онтогенездегі физиологиялық функциялардың нейрогуморальды реттелуінің қалыптасуын меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Құқық негіздері

    Құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік

    Пәннің мақсаты студенттердің экономика және бизнес негіздерін, олардың ғылым мен құндылықтардың жалпы жүйесіндегі орнын, даму тарихын және осы білімді күнделікті өмірде қолдану үшін қазіргі жағдайын зерттеу негізінде экономика және кәсіпкерлік негіздері туралы теориялық және практикалық білімдерін қолдану қабілетін қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пән отбасылық бюджеттің кірістері мен шығыстары, салық салу, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында бизнес-жоспарлау, қаржы нарығын реттеу және жұмыс істеу тетігі, оның негізгі сегменттері саласында сауатты қаржылық шешімдер қабылдау бойынша базалық білім алуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Геология

    Геология ғылымы туралы түісінік. Геология және оның оның дамуы. Жер және жер қыртысының геологиялық даму тарихындағы болған өзгерістердің геохронологиялық кестесі. Стратиграфиялық кесте туралы түсінік. Геологиялық карталар мен қималарда бейнелер арқылы анықтау тәсілдері. Тау жыныстары мен олардың түрлері, минералдар туралы түсінікті, олардың көрініс беру ерекшеліктеріне талдау жасай білу дағдыларын, халық шаруашылығындағы маңызын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Топография геодезия негіздерімен

    Курстың мақсаты, міндеті, зерттеу нысаны мен әдістері қарастырылады. Курсы мазмұны үш бөлімнен тұрады: кіріспе мәлімет, топографиялық карталар мен пландар, топографиялық түсірілмдер. Топографиялық картаны құрастыру әдісі. Геодезия- жердің пішінін, көлемін зерттейтін ғылым. Жер бетінің өзгерістерін зерттеу, өлшеу әдістері. Мұхиттар мен материктердің жағалаулық сызықтарының өзгерістерін зерттеу әдістері

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Картография топография негіздерімен

    Картография ғылымы, зерттеу нысаны, пәні, негізгі міндеттері. Картография ғылымының қалыптасу тарихы. Карта туралы түсінік. Карта түрлері. Карталардың шығу тарихы. Географиялық картаның негізгі шартты белгілері, тілі. Глобус. Картографиялық проекция. Топографиялық карта. Карта құрастыру және редакциялау әдістері. Математикалық есептеулер. Масштаб

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дүние тарихы (Батыс, Шығыс)

    Курста Батыс және шығыс өркениетінің пайда болу тарихы, хронологиясы, даму кезеңдері, ежелгі батыс және шығыс мемлекеттерінің қалыптасуы, мемлекеттік басқару жүйесі, шаруашылық, саяси, мәдени, әлеуметтік құрылым ерекшеліктері, ежелгі шығыс халықтарының әлемдік мәдениетке, саясатқа қосқан үлесі қарастырылады, тарихи процестің күрделі сипатына Батыстың Шығысқа дәстүрлі қарсы тұруының шарттылығы түсіндіріледі

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

    Пәнді оқытудың мақсаты — студенттерді еңбек қауіпсіздігі және қорғаныс шараларының негізгі принциптері мен әдістері туралы біліммен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жұмыс орнында қауіптерді болдырмау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Пән еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыс орнында жарақаттарды азайту және қоршаған орта мен тіршілік қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті теориялық және практикалық білімдерді игеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ өркениеті

    Қазақ өркениеті курсында қазақ өркениетінің арий-сақ, ежелгі түрік өркениеттерінің мұрагері ретіндегі қалыптасу мәселелері, қазақ өркениетін зерттеу әдістемесінің пайда болу себептері, кезеңдері, оқшаулануы, әлемдік қоғамдастықпен өзара қарым-қатынас және ықпал етуі, қазақ өркениетінің мәдени аспектілері, дүниетанымы, діні, рухани әлемі, қазақ өркениетінің Қазақстанға айналуының қазіргі тенденциялары оқытылады, тарихнамасына шолу жасалады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Экология және тұрақты даму

    Пәннің мақсаты: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Археология

    «Археология» пәні білім алушыларға археология ғылымының негіздерін,оның ғылыми-зерттеу әдістерін, археология ғылымының негізгі зерттеу объектілері болып табылатын археологиялық ескерткіштердің түрлерін таныстыруға арналған. Курсты оқу барысында білім алушылар Европаның, Азия, Африка, Америка, Австралияның ежелгі және ортағасырлық археологиялық мәдениеттерімен, олардың қалыптасу кезеңдерімен танысып, олардың ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, еңбек құралдарының эволюциясы, ежелгі діни наным-сенімдер мен жерлеу ғұрыптары туралы білімдерін жинақтап, ежелгі қалалар мен олардың құрылымдарына, жерлек құрылыстарының ерекшеліктеріне сараптама жасайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері курсы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен салдарын түсіну, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Курста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық және отандық тәжірибесіне, азаматтық қоғам өкілдерінің, жастардың және жалпы жұртшылықтың ролі туралы ақпараттарға талдау жасалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Педагогика

    Курс педагогика ғылымының әртүрлі аспектілерін, соның ішінде білім беру тарихын, заманауи білім беру тенденцияларын, оқыту және даму теорияларын, оқыту әдістемелерін, даму және тәрбие психологиясын қамтиды. Білім беру процестерін жобалауды, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуді, сондай-ақ әртүрлі оқу аудиториясымен тиімді жұмыс істеуді үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға, білім беру тәжірибесін талдауға және оқу үдерісіне инновациялар енгізуге ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Топырақтану негіздері

    Топырақтану ғылымы туралы түсінік. Топырақтану ғылымының негізін салушы В.В.Докучаев. Топырақ генезисі. Топырақ түрлері: сазды топырақ, шымды топырақ, қумайт топырақ, олардың қалыптасу шарттары, сипаттамалары. Топырақтың құрамы: минералдық, химиялық. Топырақты өңдеу технологиясы: ауыспалы айналым жүйесі, егін егу жүйесі. Топырақтың механикалық сипаттамасы. Агрономиялық заңдылықтар

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Бұл курс ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: - ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларын, әдістері мен технологияларын сипаттайды; -оқыту үдерісінде оқушылар арасында ынтамақтастық орната алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы

    Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні курсы алғашқы қауымдық қоғам кезінен бастап ХVІІІ ғасыр басына дейінгі Қазақстан жеріндегі ең маңызды тарихи мәселелерді оқытады. Курста Қазақстанның ежелгі тарихы, өңір аумағындағы түрлі этникалық құрылымдардың құрылуы, ерте орта ғасырдағы түркі тілдес тайпалық одақтар мемлекеттерінің тарихы, моңғол дәуіріндегі Қазақстан тарихы, қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы, көшпелі қоғамның мәдени құндылықтары туралы тарихи мәліметтер ұсынылған

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Топырақ географиясы

    Топырақ географиясы курсының мақсаты, міндеттері. Топырақ географиясы ғылымының тарихы. Топырақтың зона бойынша таралу заңдылықтары. Топырақтың түзілуі. Топырақтың механикалық құрылымы. Топырақ экологиясы. Топыраққа әсер етуші факторлар. Топырақтың қасиеттері. Топырақты қорғаудың маңызы мен мақсаты

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Көшпенділер өркениеті

    Курста номадтық өркениеттің мәселелері, себептері, пайда болуы, оның қалыптасу кезеңдері, номадизм тарихының негізгі тарихи оқиғаларын, көшпенді өркениеттің Батыс өркениетінен ерекшелігі, Қазақстанның ежелгі аумағында қала мәдениетінің дамуы туралы соңғы археологиялық деректерді талдау, көшпенділер өркениетінің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі қарастырылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Дүние жүзілік өркениет тарихы

    Пән дүниежүзілік өркениет тарихын оқытады. Білім алушылар мәдениет пен өркениетті зерттеудің әдістемелік-философиялық мәселелерін біледі; мәдениет пен өркениеттегі дәстүр мен жаңашылдық үрдістерін түсінеді; ежелгі, ортағасырлық, Батыс және Шығыс өркениеттерін талдайды; жаһандану үдерісінің дүниежүзілік мәдениет пен өркениетке қатысты теориялық және практикалық мәселелерін сараптайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем мұражайлары (Траектория №2)

    Курста Ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі әлемдік мұражай ісінің қалыптасуы, дамуы, ерте заманғы өркениеттер мәдениеттердің тарихы, адамзат баласының мәдени-рухани, материалдық тарихы туралы теориялық білім беріледі, мұражай экспозициялары негізінде ұлттық мұра-мұрағаттарды, рухани және материалдық байлықтарды халыққа насихаттау негізінде отансүйгіштік, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Географияны оқыту әдістемесі

    Студенттер мектептерде географияны оқытудың тарихы, әдістері, құралдары, оқушыларды бағалаудың тәсілдері, география пәні бойынша оқу тәрбие үдерісінің ерекшеліктері жөніндегі түсініктерді меңгереді. Білім беру бағдарламасының жаңартылған мазмұнымен танысады. Сыныптан тыс оқыту формаларымен танысады. . Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамыту. Баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларға инклюзивті оқытуда мүмкіндігі шектелген, кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту. Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Тарихты оқыту әдістемесі (Траектория №1)

    Тарих пәнін оқытудың әдістерімен білім алушыларды таныстыру. Студенттерді мектептерде тарихты оқытудың әдістемесі мен теориясын игереді.Тарихи ұғымдар мен заңдылықтарды меңгереді.Тарихты оқытудың заманауи ақпараттық әдістер мен тәсілдерінен игереді.Тарих пәніні ң сабақтарын ұйымдастыруын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Кіші комплектілі мектептерде тарихты оқыту әдістемесі (Траектория №1)

    Кіші комплектілі мектептердегі педагогикалық проблемалар және оларды шешу жолдары; шағын комплектілі мектепте тарих пәндерін сынып және сынып-комплект жағдайында оқытудың тиімділігі мен қиыншылығы; шағын комплектілі мектепте оқыту және тәрбие процестерін ұйымдастыру жолдары; пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға негізделген оқу пәндерін интеграциялау. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға мұғалімдер мен оқушы арасында сапалы қарым-қатынас орнату. Балалар құқығын кемсітпеу, теңдік қатынас қамтамассыз ету және арнайы жағдай қалыптастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны және жасанды интелект негіздері

    Пәннің мақсаты- кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялары түрлері. «Технология» және «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдары. Оқытудың техникалық жүйелері. Тұлғалық бағытталған білім технологиясы. Ынтымақтастық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту. Модульдік оқыту технологиясы. Жобалау технологиясын қолдану әдістері. Этнопедагогикалық технологиялар. Бұл технологиялар оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Жасанды интеллектті білім беруде қолдану мүмкіндігі. Интеллектуальды жүйелер. География сабағында және сабақтан тыс жұмыстарда сандық білім беру ресурстарын қолданудың өзектілігі. Сандық білім беру ресурстары туралы жалпы түсінік. Сандық білім беру ресурстарын жіктеу. Cандық білім беру технологиялары. Сандық контент. Электронды оқыту құралдары. Оларды оқу үдерісінде қолдану эргономикасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Орта ғасырлар тарихы

    Құл иеленушілік құрылыстың ыдырауы, Батыс Европада феодалдық қатынастардың қалыптасуы, Антикалық өркениеттен христиандық өркениетке өтудегі франктердің ролі, Батыс және Шығыс елдеріндегі феодализмнің ерекшеліктері, қайта өрлеу мәдениеті, реформация және жаңа заман қарсаңындағы әлемдік үдеріс мәселелері түсіндіріледі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи информатика (Траектория №2)

    Курста қоғамды жаппай ақпараттандыру жағдайындағы тарих ғылымы дамуының негізгі үрдістері мен заңдылықтары; тарих ғылымы мен тарихи білім беруде заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық және қолданбалы аспектілері; тарих, деректану және қолданбалы математиканың тоғысында пайда болған квантитативті тарихтың Қазақстанда және шетелде қалыптасуы мен даму мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Азия, Африка елдерінің жаңа және қәзіргі заман тарихы

    Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі замандағы тарихы курсында ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бүгіні күнге дейінгі Азия, Африка елдері мен халықтарының ұлт азаттық күресінің нәтижелері, тәуелсіздіктің кейінгі дамуындағы қиыншылықтары мен қайшылықтары, азаматтық соғыстары және қазіргі даму ерекшеліктері, жаһандасу үдерісіндегі олардың ролі қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қызылорда облысы туризмінің биологиялық ресурстары (Minor)

    Туризм түрлері. Туризм факторлары. Туризмнің биологиялық ресурстары: өсімдіктер, жануарлар дүиесі. Қызылорда облысы туризмнің биологиялық ресурстарын бағалау әдістері мен тәсілдері.. Қызылорда облысы туризмінің биологиялық ресурстары: биологиялық ресурс түрлері, өсмдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесі. Табиғи кешендері. Қызылорда облысын биологиялық ресурстар бойынша жіктеу. Қызылорда облысы туризмінің биологиялық ресурстарын қорғау

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Конструктивті оқыту әдістемесі

    Оқу үрдісінде заманауи компьютерлік технологиялардың тиімді әдістері мен тәсілдерін игеру және іске асыру. Білім беру процесінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Тиімді және өз бетінше шешім қабылдауға, құзыретті болуға және цифрлық технологиялар саласында өзін іске асыруға қабілетті бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Географиядағы сыныптан, мектептен тыс жұмыстар (Траектория №1)

    Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыс түрлері. Географиядан сыныптан және мектептен тыс жұмыстың оқу үдерісіндегі орны. Сыныптан және мектептен жұмыс түрлерінің формалдары: жалпы, жеке. Географиялық алаң. Географиялық танымжорық, географиялық кеш, географиялық мереке. Географиялық зерттеу жұмыстары

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Еуропа, Америка елдерінің жаңа және қәзіргі заман тарихы

    Бұл курста жаңа заман тарихының маңызды оқиғалары мен проблемалары қарастырылады, батыс қоғамының көрсетілген кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-құқықтық дамуының негізгі тенденциялары, осы елдердің әлеуметтік ой-пікірінің эволюциясы және мәдениетінің дамуы талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

    Материктер: Евразия материгі, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия, Антарактида. Олардың қалыптастыру кезеңдерінің сипаттамасы. Олардың жер бедері мен климаттық жағдайға сəйкес таралу заңдылығы. Географиялық орндары, жер көлемі. Табиғатының жалпы ерекшеліктері. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, топырағы. Әлемдік мұхиттар. Мұхиттар гидросфераның бір құрама бөлігі ретінде. Тынық мұхитының географиялық орны, экологиясы, жануарлар дүниесі. Атлант мұхитының географиялық орны, экологиясы, жануарлар дүниесі. Үнді мұхитының географиялық орны, экологиясы, жануарлар дүниесі. Солтүстік мұзды мұхитының географиялық орны, экологиясы, жануарлар дүниесі. Мұхиттардың зерттелуі, игерілуі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Географиядағы ғылыми таным әдістемесі (Траектория №2)

    Ғылым теориясы мен әдіснамасы. География ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. География құрылымы және оның ғылым жүйесіндегі орны. Географиялық таным негізі. Ғылыми зерттеу әдістерін жіктеу: бақылау әдісі, картографиялық әдіс, статистикалық әдіс, аудандастыру әдісі, географиялық болжау әдісі. Географиялық ашылулар. Географиялық зерттеу объектісін жүйелеу және жіктеу. Географияның ғылыми тілі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құрлық гидрологиясы

    Құрлық гидрологиясының физикалық және химиялық қасиеттерін, өзендердің, көлдер мен су қоймаларының гидрологиясындағы негізгі жіктелуді; су объектілерінің гидрологиялық режимінің басты заңдылықтарын, құрлықтағы судың шығындары мен деңгейін, ағу жылдамдығы мен тереңдігін өлшеу әдістерінің мәнін анықтауды меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Географиялық ақпарат көздері (Траектория №2)

    Географиялық ақпарат туралы түсінік. Географиялық ақпарат көздерінің алуан түрлілігі. Географиялық ақпаратқа қойылатын негізгі талаптар: ақпараттың жаңашылдығы, нақты бағыттылығы, динамикалғы, алынған ақпараттың зерттеу тақырыбына сәйкестігі, демек, қойылған мақсат, ақпараттың объективтілігі (сенімділігі), тексерілуі. Карталар.Топонимикалық атаулар. Ғылыми әдебиеттер. Статистикалық материалдар. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері. Фенологиялық бақылаулар. Геоақпараттық жүйелер.Далалық зерттеулер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аз комплектілі мектептерде географияны оқыту әдістемесі

    Аз комплектілі мектептердегі білім беруді ұйымдастырудың негізгі нормативтік құжаттарын, базалық географиялық білім беру ұйымының мазмұны мен құрылымын, оқытудың жаңа технологияларының негізгі принциптерін, шағын комплектілі мектептегі білімді бақылау жүйесін біледі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақстанның физикалық географиясы (Траектория №1)

    Физикалық географияның зерттеу нысаны, пәні, негізгі міндеттері. ҚР географиялық орны. Жер көлемі. Шеткі нүктелері. Тектоникалық-геологиялық құрылымы. Шекаралары, жер бедері, гидрографиясы, орографиясы. Табиғи ландшафтары, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Климаты. Экологиялық проблемалары

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гидрология

    Гидрология ғылымы, зерттеу пәні, негізгі міндеттері. Гидрология ғылымының салалары. Зерттеу әдістері. Ғылымның қалыптасу тарихы. Су көздерінің түрлері: өзендер, көлдер, теңіздер. Гидрометрия. Гидрометриялық зерттеулерді ұйымдастыру ережелері. Гидрологиялық заңдылықтар. Гидрологиялық болжамдар. Гидрологиялық есептеулер. Су көздерін бақылау

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гид-экскурсовод (Minor)

    Табиғатқа экскурсиялардың түрлері, мазмұны және олардың құрылымы. Өндіріс орындарына танымжорық мазмұны. Экскурсияны ұйымдастыру және өткізу кезеңдері. Экскурсия кезінде білім алушылардың бақылаулары мен практикалық жұмыстарының негізгі түрлері. Экскурсия тақырыбын анықтау және жоспарлау. Экологиялық соқпақ-оқу-тәрбие процесінің бір түрі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Біздің Жер: климаты, тарихы және даму барысы (Каусера)

    Курс жердің климаттық жүйесінің кейбір компоненттерін және климаттың өзгергіштік факторларын қарастыруға, "тұрақты даму" тұжырымдамасының негізгі принциптерін және мемлекеттердің "жасыл экономикаға"көшуін сипаттауға арналған. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі халықаралық келісімдер талданатын болады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы

    Курста қазақ қоғамының ХVIII ғ. - ХХ ғ. басына дейінгі отандық тарихтың негізгі оқиғалары, кезеңдері, ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, Қазақстанның Ресейге қосылу үдерісі, отарлық жағдайы, патшалық Ресейдің басқару реформалары, өмірге жаңа көзқарасы қалыптасқан қазақ зиялыларының қызметі мен Алаш қозғалысының барысы қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақстан табиғатының зерттелу тарихы (Траектория №1)

    XIX –XX ғасырлардың аяғында Қазақстанның физикалық – географиялық зерттелуі. Қазақстанның таулы және жазық аймақтары үшін геологиялық қима құру. Қазақстанның таулы және жазық аймақтары үшін гипсометриялық қима құру. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар картасын құру. Қазақстан табиғи ортасының климаттық көрсеткіштері. Қазақстанның топырақ жамылғысы. Казакстанның табиғат зоналары

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әлем тарихының тарихнамасы

    «Әлем тарихның тарихнамасы» курсында студенттер тарихи білім мен тарих ғылымының дамуы, тарихнамадағы бағыттар мен мектептердің қалыптасуы мен эволюциясы, олардың идеологиялық және саяси ағымдармен байланысы туралы тұтас идеяларды зерттейді. Олардың көрнекті өкілдерінің өмірі және шығармашылық қызметімен танысады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық ахуал (Траектория №2)

    Курс тәуелсіз Қазақстанның демографиялық ахуалы, пәннің мақсаттары, курстың терминологиясы, тәуелсіздік жылдарында орын алған демографиялық процестердің тарихы, төмендеу себептері, халық санының өсуі, көші-қон процестері, республиканың ұлттық құрамы, жұмыспен қамту, болжамдар, қазіргі Қазақстандағы демографиялық проблемалар, статистикалық мәліметтерді талдау және зерттеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ресей тарихының тарихнамасы

    Курста ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Ресейдегі тарих ғылымының және тарихнамасының өзекті мәселелері баяндалады. Әсіресе ХХ ғасырдағы Ресей тарихнамасына ерекше назар аударылады. Ресейдің жаңа дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарих ғылымының ең көрнекті өкілдерінің еңбектері мен мұраларына тарихнамалық талдау жүргізіледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы (Траектория №1)

    Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы курысының мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні, әдістері. Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясының өзекті проблемалары. Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы курсының даму тарихы. Әлеуметтік-экономикалық географияның жаңа бағыттары. Әлеуметтік-экономикалық аудандастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Халықтар географиясы

    Халықтар географиясы курсының зерттеу пәні, мақсаты. Жер шары халықтарының нәсілдік, діни құрамы,демографиялық саясат. Ұлттық құрамы. Халық саны, оның өзгеру себептері, халықтың құрамы мен құрылымы, олардың орналасу ерекшелігін, география ғылымының жер беті тұрғындарының әлеуметтік жағдайын зерттеу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Саяси география геосаясат негіздерімен

    Саяси география геосаясат негіздерімен курсының мақсаты, міндеттері. Саяси география зерттеу нысаны, пәні. Дүниежүзілік саяси қарым-қатынастар түрі. Территория және кеңстік ұғымы. Мемлекеттік шекаралар. Дүниежүзілік саяси карта. Дүниежүзілік саяси картаның пайдалау таихы, кезеңдері. Мемлекет формалары. Мемлекеттік басқару формалары. Дүние жүзі елдерінің типологиясы. Мемлекеттік аралық саясат

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

    Қазақстаның оның жеке аймақтары мен халық шаруашылығының орналасу және даму заңдылықтарын, әлеуметтік-экономикалық факторларды географиялық тұрғыда қарастыру барысында осы заманғы әлемдік өмірмен байланысын меңгереді. Жеке экономикалық аудандың географиялық орналасу мен шикізат көздерінің, өнідірстерді орналастыру ерекшеліктерін қарастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Түркі халықтарының тарихы

    Курста түркі тілдес халықтардың ежелгі және орта ғасырлардағы ортақ тарихы қарастырылады. Білім алушылар түркі халықтарының ортақ арғы тегі саналатын сақтардың, ғұндардың, көк түріктердің және одан тараған этностар мен мемлекеттердің саяси және мәдени тарихын біледі; түркі тілдес халықтардың өткенін, бүгінін және болашақ интеграциясын түсінеді; түркітілдес этностар мен ұлыстардың шаруашылығы, мәдениеті, саяси өмірі, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы туралы білімдерін жинақтайды және бағалайды

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепте географиялық-биологиялық мұражай ұйымдастыру (Minor)

    Географиялық –биологиялық мұражайды мектепте ұйымдастырудың өзектілігі. Ботаника, зоология, жалпы биология бойынша биологиялық экспонаттарды дайындау тәсілдері және оларды сақтауға қойылатын талаптар. Географиялық –биологиялық мұражай экспонаттарын география және биология сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда қолдану

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ диаспорасының тарихы мен мәдениеті (Траектория №2)

    Қазақ диаспорасының тарихы курсының мақсаты, міндеттері, курстың терминологиясы, себептері, қазақтардың көші-қон сипаты, диаспораның қалыптасуы мен дамуы, әртүрлі тарихи жағдайлармен байланысты диаспораның қалыптасу кезеңдері, бір уақытта немесе басқа, қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайы, талдау, т.б. қазақ диаспорасының тарихы мен қазіргі дамуы мәселелері бойынша отандық және шетелдік тарихнамалық шығармаларға шолу

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақстан тарихы шетел деректерінде (Траектория №1)

    Курста шетел зерттеушілерінің Қазақстанның ежелгі дәуірінен қазіргі кезеніне дейінгі тарихына қатысты шығарған енбектерімен танысады және шетелдегі қазақ елін зерттеуші орталықтар туралы олардың қазақ тарихына қатысты ой-пікірлерін біледі бұл енбектердің жазылу обьективтілігі, тарихнама базасы қарастырылады және Білім алушы деректерге сын тұрғысынан қарап, оларға салыстырмалы талдау жасап, түрлі деректермен жұмыс icтей білуге дағдыланады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Географиядағы зерттеу жұмыстары (Траектория №2)

    Географиядағы зерттеу жұмыстары: бақылау әдісі, жербедерін зерттеу, климатты зерттеу, топырақты зерттеу, эксперимент, геобиотест тест әдісі, биохимиялық әдіс. Зертеу жұмыстарының негізгі кезендері. Эксперименттік мәліметтерді алу. Нәтижелерді статистикалық өңдеу, графикалық бейнелеу. Жұмыс нәтижесін жариялау

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Деректану (Траектория №1)

    Деректану пәні тарихшы-студенттерді даярлау жүйесінде негізгі орындардың бірін алады. Бұл пәнді оқыту - олардың негізгі кәсіби дағдыларын қалыптастыруды, әрбір тарихи кезеңдердегі және әр түрлі сипаттағы және мазмұндағы алуан түрлі деректермен жұмыс істеудің әдістері мен тұжырымдамаларын қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ежелгі Египетпен және оның өркениетімен танысу (Каусера)

    Ұсынылған курс Ежелгі Египеттің тарихы мен өркениетіне арналған. Пән Ежелгі Египеттің тарихын оның ежелгі мемлекеттілігінің қалыптасуынан ( (б. з. д. IV мың) және б. з. д. IV ғасырдағы Александр Македонский державасының құрамына кіргенге дейін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу негіздері (Траектория 2)

    Пәнді оқытудың мақсаты-студенттің байыту кешенінің техникасы мен технологиялары саласындағы дербес ғылыми зерттеулерді орындау, эксперименттерді жоспарлау және жүргізу, тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық өңдеу және бағалау, өндіріске ғылыми негізделген қорытындылар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • География және тарих саласындағы білім мен дағдыларды, терминдер мен құбылыстарды көрсете отырып, негізгі заңдылықтар мен ерекшеліктерге ғылыми талдау жасау қағидаларын біледі.
  • Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық және қаржылық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсетеді.
  • Кәсіби саладағы географиялық-тарихи мәселелер мен қорытындыларды шешуде білім беру тұжырымдамалары мен әртүрлі ғылыми зерттеу әдістерін жүйелейді.
  • Оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес сындарлы және инклюзивті оқытуда, критериалды бағалауда оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін педагтың кәсіби қызметінде қолдану біліктері мен дағдыларын көрсетеді.
  • География және тарих пәндері бойынша іргелі, қолданбалы және пәнаралық білімді кәсіби қызметте интерпретациялайды.
  • Тарихтың алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, ежелгі дәуір, орта ғасырлар, жаңа, қазіргі заманғы және бүгінгі кезеңге дейінгі ғылыми-танымдық мәліметтерін меңгереді.
  • География және тарих пәндері бойынша, оның ішінде физикалық, экологиялық, экономикалық, саяси, тарихи ғылымдар саласындағы білім мен түсінікті меңгереді. Алған білімдерін жалпы және кәсіптік білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу қызметінде, оқушылармен пәндік және қосымша жұмыс түрлерін ұйымдастыруда жүзеге асырады.
  • Географиялық және тарихи дерек көздерімен жұмыс жасауда ақпараттық жүйелер мен технологияларды жобалаудың заманауи әдістері мен құралдары бойынша білімді қолданады.
  • Педагогтің кәсіби міндеттерін шешу үшін алған теориялық және практикалық білімін талдайды, командада жұмыс істеуді, тиімді басқарушылық коммуникация жүйесін жолға қоюдың әдістері мен тәсілдерін меңгереді.
  • Археологияға, этнологияға, түркі халықтарының тарихы мен географиясына, Шығыс өркениетінің пайда болуы мен дамуына, қазақ диаспорасының тарихына, елдерді тануына және олардың саяси жағдайына салыстырмалы талдау және бағалау жүргізеді.
Top