6B01505 География в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, озық ойлы, замануи педагогикалық кәсіби құзіреттілікті меңгерген, білім беру саласында сапалы жұмыс атқаратын, толерантты географ-педагогтарды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B014 География мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Географиялық зерттеу әдістері
Курс шеңберінде болашақ мұғалімдер географиялық зерттеулер үшін қажетті географиялық ақпараттың негізгі әдістері мен көздерін зерттейді. Олар географиялық зерттеу әдістері туралы қажетті білімдерін және алынған мәліметтерді өңдеу қабілеттерін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Географияны оқытудың жаңа технологиялары
Географияны оқытудың жаңа технологиялары пəні - орта мектептегі географияны оқыту мақсаттары мен міндеттерін жəне мектеп биология курсының мазмұнын, заманауи технологияларды қолдануын, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын анықтайды. «Географияны оқытудың жаңа технологиялары» пəні студенттерді оқушыларға білім мен тəрбие беру теориясы мен əдістемесі бойынша білім-біліктермен қаруландыру болып табылады.Сол себепті лекциямен қоса, негізгі табиғатпен танысу үшін лабораториялық, практикалық сабақтар жүргізіледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Жалпы жертану
«Жалпы жертану» пəні – жер ғаламшарының географиялық қабығы, оның геологиялық уақыт аралығындағы дамуы мен өзгеруі, географиялық қабықты құрайтын компоненттердің өзара байланысуы мен əрекеттесу заңдылықтарын қарастырады. Осы пəннен алған білімін білім алушылар географиялық қабықтағы өзара байланысты жəне табиғи процестер мен құбылыстардың толассыз дамуы нəтижесінде қалыптасқан материалдық жүйеге, табиғатқа деген көзқарастарын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Геология ,геоморфология негіздерімен
Мақсаты болашақ мұғалімдердің Жердің ішкі құрылысы туралы білімдер мен қатты жер қабығының құрылысы – литосфера және оның жоғарғы шекарасы – жер бетінің бедері туралы жан-жақты білім алуы болып табылады. Болашақ мұғалімдер геология негіздерімен геоморфология, биогеография, топырақтану негіздерімен топырақ географиясы, ландшафттану, әлеуметтік-экономикалық география негіздерімен базалық теориялық білімге ие. Олар өз білімдерін тәжірибеде көрсету үшін де (өз бетінше және топтық тапсырмаларды орындау кезінде) әртүрлі мүмкіндіктерді пайдаланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Мектеп жасындағы балалардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері, әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым – қатынасы, мектеп оқушыларының денсауығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігін жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру.Қазіргі кезеңде оқушы баланың даму физиологиясы заман талабына лайық, бәсекелестікке қабілетті педагогикалық мамандар дайындауда рөлі мен маңызы едәуір өсіп отыр.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Картография топография негіздерімен
Студенттердi географиялық карталарды пайдалану әдiстерiмен және географиялық карталарды жасау жолдарымен таныстыру. Білім алушы осы пәнді игеру нәтижесінде Картографиялық басылымдардың жүйесін құруды және карталарды пайдалануды үйрену.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Экономика және құқық
• Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін сақтау, қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму үрдістерін білу. Білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгеру. Қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйрену. Экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды қалыптастыру. Өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну; басқа адамдарға қатысты толеранттылықты көрсету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Топонимика
Қоршаған орта жағдайына климат үлкен әсерін тигізеді. Атмосфералық ауаның түрлі табиғи және антропогендік факторлар әсерінен ластануының экологиялық маңызы зор. Климат - жер беті, жер асты суларына, өсімдік, топыраққа және табиғи-антропогендік ландшафт-тарға күшті әсерін тигізетін маңызды экологиялық фактор.Қоршаған ортаның экологиялық бұзылуының көптеген процестерін климат не күшейтеді, не тежейді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогика
Пәннің мақсаты: орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру. Пәннің міндеттері: Білім алушыларды болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің мәні мен өзгешелігі және кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Геоэкология және табиғатты қорғау
Геоморфология ғылымының бір бағыты.Ол экологиялық жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғары иерархиялық деңгейдегі географиялық жүйелердің экологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Екінші бір қырынан геоэкология-бұл экология саласына да жатады. Өйткені, географиялық процесстерді қосымша экологиялық заңдылықтарға негіздеп зерттейді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикалық географиялық аудандастыру
Физикалық географияжердің географиялық қабығы, оның құрамы структурасы аумағының бөлінуі оның қалыптасуын және де дамуы турасындағы пән. Осы курс студенттердің арнайы білімдерін кеңейтетін және тереңдетуі мен бірге олардың физикалық географияға мамандануына көңіл аудару керек. Физикалық география жердің географиялық қабығы, оның құрамы структурасы аумағының бөлінуін оның қалыптасуын аудандарға бөлу
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі. Білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады. Білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Метеорология және климатология
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның жұмысын, уақыт туралы негізгі түсініктерді, атмосфералық қысым, оларды өлшейтін приборлар мен құралдарды, күн радиациясын, ауа ылғалдылығын, топырақтың су сіңіруін және атмосфераның жылу режимдерін, жауын-шашын түрлері, бұлттылық, атмосфера құрылымы, су айналымы, атмосфераның қазіргі жағдайдағы проблемалары, жел, оның түрлері, атмосфера үйлестіруші факторлар, климат туралы мәліметтер беру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Білім берудегі менеджмент
«Білім беру менеджмент» пәнін меңгеру барысында алынған теориялық білім мен практи калық дағдылар студенттерді өз бетінше және жоғары деңгейде нақты басқару міндеттерін шешу, тұтас педагогтік үдеріс субъектілерін оқу-тәрбие, оқу танымдық және өз бетімен білім алу әрекетіндегі төмен нәтиже көрсету себептерін анықтау біліктерімен қаматамасыз етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Географиялық қабық және табиғат компоненттері
Геосистема ұғымы. Географиялық қабық. Атмосфера, гидросфера,литосфера, биосфера. Дүниежүзілік су айналымы процесінің географиялық қабыққа әсері. Табиғат компоненттері, олардың өзара қарым-қатынасы мен байланысы. Әр компоненттің өзіндік ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пəннің мақсаты- тəрбие үдерісінің негіздерін жəне тəрбиелік іс-əрекеттің əдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыру. Пәннің міндеті: тəрбиенің дəстүрлі əдістемесі жəне қазіргі заманғы технологиясын пайдалану мен сынып жетекшісі іс-əрекетін іске асыру үшін болашақ мұғалімдер де жалпы педагогикалық, əлеуметтік-тұлғалық жəне пəндік құзыреттіліктерді қалыптастыру жəне дамыту; болашақ мұғалімдердің оқушылар мен жүргізілетін тəрбие жұмыстарында үздіксіз кəсіби жетілуіне жəне креативтілігін дамытуға ұстанымын қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Бағалаудың критериалды технологиялары
Білім берудің əдіснамалық қағидаларын ескеріп, оқытудың нəтижесін кретериалды бағалауды Қазақстандық жүйеде үйрену, мектептегі білімнің сапасын көтеруде оқушылардың функциональдық сауаттылығын, оқу жетістігінің денгейлерін қалыптастыру стратегиясын оқу. Пəннің мақсаты: «Бағалау», «Бағалау жүйесі», «Бағалау өлшемдері» ұғымдарымен таныстыру, өзгерген білім беру тұғырнамасының қалыптасуы, құзыреттілік тəсілге негізделген жаңа білім беру стандартының жасалуы, оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға əсер ететін пəнаралық жəне жүйелі сипатқа ие оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясын іздеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Географияны оқытуда жасанды интеллектті қолдану негіздері
Бұл пәннің мақсаты-студенттерге жасанды интеллект (AI) туралы негізгі білім мен түсінік беру. Пән студенттердің жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарын түсінуін дамытуға бағытталған. Пәннің міндеті-студенттерге интеллектуалды жүйелерді таңдауға, конфигурациялауға және пайдалануға, оларды жобалауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, lағдылар мен қабілеттерді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология)
Инклюзивті білім балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделген қағидаттарды меңгертеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі дағдыларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығын дамыту мақсатында оқытылады. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, этикалық нормаларды дамыту. Қазақстандық құқық негіздерін, білім беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамалық актілерін, нормалардың негіздерін, нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдық негіздерінің түрлерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет түсінігі мен құрылымын зерделейді. Пән тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер мен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттар мен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Географияны оқыту әдістемесі
Географияны оқыту əдістемесі пəні - орта мектептегі географияны оқыту мақсаттары мен міндеттерін жəне мектеп биология курсының мазмұнын, заманауи технологияларды қолдануын, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын анықтайды. «Географияны оқыту əдістемесі» пəні студенттерді оқушыларға білім мен тəрбие беру теориясы мен əдістемесі бойынша білім-біліктермен қаруландыру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаратылыстану
Ғылыми жаратылыстану мазмұнындағы заманауи ғылыми түсініктерді, Жер туралы негізгі ғылымдарды және олардың жалпы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, танымның ғылыми жаратылыстану әдістері мен оның құрамдас бөліктерін, ғаламдағы табиғаттың заңдардарының бірлігін, ғылыми ашылулар мен техника мен технологиялардың өзара байланыстарын, әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ұлы ғалымдардың рөлін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орта мектептегі географиялық кешен
Қазақстандағы білімнің дамуы. Қазақстандағы география-ны оқытудың психологиялық негіздері. Қазақстандағы географияны оқытудың-педагогикалық негіздері. Қазақстандағы география білімін жетілдіру концеп-циясы. Қазақстандағы география-ның қазіргі жағдайы мен болашағы. География сабағындағы өзіндік жұмыстарын жетілдіру жолдары. География сабағындағы практикалық жұмыстарын жетілдіру жолдары. Қазақстандағы 12 жылдық білімнің жағдайы. Қазақстандағы білім беру стандарты туралы түсінік. Қазақстандағы неографиялық білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар. «Қазақстанның табиғатына, жеке тақырыптарына жалпы сипаттама.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы гидрология
Пән су нысандарының жалпы жағдайын, су ресурстары қорларының таралуы мен бөлінуін, адамның шаруашылық әрекетінің олардың режимі мен сапасына тигізетін антропогендік әсерін оқытады. Сондай-ақ, суағарлар мен су қоймаларының негізгі гидрологиялық сипаттамаларын, өлшеу және анықтау тәсілдері мен техникалық құралдары, су шаруашылығы жүйелерін жобалау мен пайдалану кезінде гидрологиялық әдістерді қолдануды қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Табиғатты пайдалануды басқару
Табиғатты қорғауды басқару қызметін кешенді түрде іске асырады; өңдеу және де табиғатты қорғау облысында ғылыми- техникалық саясаттың орындалуын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды меңгереді; жерді қорғау, жер асты, жер үстіңгі суларды, атмосфералық ауаны, өсімдік, жануарлар әлемін, сонымен қатар барлық табиғи қорларды тиімді пайдаланады, оларды мемлекеттік бақылай алады; мемлекеттік экологиялық сараптаманың басты жүйелерін жетілдіріп, өндіргіш күштерді, халық шаруашылығының саласын орналастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Геоглобалистика және табиғатты пайдалану негіздері
Курс ғылым ретіндегі геоглоболистиканың ерекшеліктерін, жалпы ғаламшарлық үрдістер мен құбылыстардың кеңістіктік көрністерін, ғаламдық экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық-түліктіктік, демографиялық міселелерді, адамзаттың басқада келелі мәселелерінің туу себептерін мен шешу жолдарын, қоғам мен табиғаттың дамуының басқада астарларын, адамзаттың ғаламдық келелі мәселелерін шешудегі халықаралық конвенциялардың маңызын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару және тұрақты дамудың географиялық негіздері
Табиғат кешені туралы, әр түрлі территориялық өлшемде заңды түрде үйлесім тауып, бір-бірімен күрделі әрекеттесу нәтижесінде тұтасып, географиялық қабықтан фацияға дейін түрліше болатын табиғи құрамдас бөліктерінің жалпы табиғат кешенін құрайтынын оқыту.Ландшафт және ландшафт құрылымы туралы түсінік. Ландшафттық жіктеудің деңгейі: табиғи-аумақтық кешендер. Ландшафттық класстар, типтер және одан төмен бірліктер. Қоныс және фация туралы түсінік Биіктік белдеулер және ендік зоналылық. Қазақстан ландшафтары және оларды қорғау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ландшафттану
Студенттердi географиялық карталарды пайдалану әдiстерiмен және географиялық карталарды жасау жолдарымен таныстыру. Білім алушы осы пәнді игеру нәтижесінде Картографиялық басылымдардың жүйесін құруды және карталарды пайдалануды үйрену
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның физикалық географиясы
Қазақстанның физикалық географиясы-табиғи жағдайлардың ерекшеліктері мен заңдылықтарын және экономикалық-аумақтық кешендерді зерттейтін негізгі курстардың бірі. Курс Қазақстан Республикасының табиғи жағдайларын зерттеу тарихын; геологиялық даму тарихын; рельефтің морфоқұрылымдық элементтерін; климаттың сипаттамалық ерекшеліктерін; гидрографияны; топырақ жамылғысының ерекшеліктерін; негізгі табиғи аймақтарды және физикалық-географиялық аудандастыруды қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геоинформатика
Пәннің мақсаты: геоақпараттық жүйелерді талдау, ұйымдастыру, қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән географиялық ақпараттық жүйелердің (ГАЖ) функционалдық мүмкіндіктерін, ГАЖ-да мәліметтерді ұйымдастыруды, ГАЖ-да деректерді талдау әдістерін, геометриялық және тақырыптық ақпаратты іріктеу, дайындау және енгізу ерекшеліктерін, қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және пайдалану әдістерін зерделеуге бағытталған, қолданбалы ГАЖ қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Материктер мен мұхиттар ірі табиғи-аумақтық кешендер ретінде; олардың қалыптасуы мен дамуының географиялық заңдылықтары; кешенді сипаттама берудің принциптері. Мұхиттар мен материктерді физикалық-географиялық аудандастырудың принциптері. Мұхиттардың физикалық географиясы. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхиттарға аймақтық-географиялық сипаттама беру. Мұхит түбі жер бедерінің негізгі ерекшеліктері. Климаты. Сулардың физикалық-химиялық қасиеттері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Топырақ географиясы
Топырақ және оның түзілу туралы түсінік. Топырақ түзуші факторлар.Топырақ жамылғысы және генетикалық типтері.Қазақстанның топырақ географиясы. Топырақ экологиясы және оны қорғау. Топырақ географиясының басқа ғылым салаларымен байланысын ашып көрсету .Табиғат жағдайлары мен қорлары даму факторы ретінде. Геоэкологиялық ахуал және экосаясат: басқару проблемалары және тәуекелділік факторлары. .Геодемография және таралып қоныстану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Саяси география геосаясат негіздерімен
Мемлекеттердің саяси -әкімшілік территориясының орналасуының елдердің бір-бірімен шекаралас жатуының саяси негіздерімен таныстыру. Саяси география – экономикалық мәселелерді географиялық тұрғыда қарастыру барысында осы заманғы әлемдік өмірмен өте тығыз байланыстағы, әрі география пәндерін тәмамдайтын курс болуы себепті – «Саяси география» бүкіл осы ғылым жүйесінің негізгі желісі және қорытындылаушы бөлігі болып табылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ауыл шаруашылығын дамыту географиясы: жаһандық үрдістер, аймақтық контрасттар
Пәннің мақсаты-әлемнің агроөнеркәсіп секторының географиясы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және оның анықтайтын факторларын ұғыну. Пән агроөнеркәсіп секторының қалыптасуын, әртүрлі елдердегі аграрлық саясаттағы айырмашылықтарды, ауыл шаруашылығының әлемдік типтерін, агроөнеркәсіптік сектордағы әлеуметтік-экономикалық және технологиялық формаларды және коммуникацияларды саралауды зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ТМД -ның физикалық географиясы
Пәннің мақсаты- ТМД елдерінің физикалық географиялық жағдайы туралы білімдер қарастырылады. Сонымен қатар бұл мемлекетердің экологиялық жағдайына және оларды шешу жолдарына да тоқталып өтіледі. ТМД елдеріндегі рекреациялық ресурстарды және оларды тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геоэкономика және елтану негіздері
Пән теориялық және қолданбалы геоэкономиканың зерттеу әдістері мен негізгі белгілерін, геоэкономикалық аймақтар мен орталықтарды, дүниежүзінің ғаламдық моделін, елдердің шаруашылық салаларын, Қазақстанның геоэкономикалық мәселелері мен оның сыртқы экономикалық даму бағыттарын оқытады. Сонымен қатар, әлемнің геосаяси кеңістігінің қалыптасу факторларын, демография, сыртқы саясат мәселелерін, экономикалық, саяси және мәдени даму ерекшеліктерін, әлемнің саяси картасындағы өзгерістерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биогеография
Биогеография - жер шарындағы тірі организмдер мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы; өсімдіктер мен жануарлардың және олардың бірлестіктерінің жер шарында таралуы мен олардың бөлектеніп мекендеу сипатын зерттейтін ғылым.Биогеография ғаламдық экожүйе ретінде. Ареалдар жөніндегі түсінік. Жер шарындағы құрлықтың флоралық аймақтары. Жер шарындағы құрлықтың фауналық аймақтары Мұхитты биогеографиялық аудандастыру. Түрлердің жойылуы, адамның әрекетінен флора, фаунаның өзгеруі. Жалпы жертану, Топырақтану негіздерімен топырақ географиясы, Ландшафттану, Картография, Геология.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ТМД-ның әлеуметтік - экономикалық географиясы
ТМД елдерінің экономикалық - әлеуметтік географиясына жалпы шолу. ТМД елдерінің географиялық орны, шекарасы, басқару фомасы мен құрылымы, табиғи ресурстық әлеуеті және әкімшілік-аумақтық бөлінуі; халқы және оның құрамы, еңбек ресурстарын, шаруашылық кешендерінің құрылымы, ерекшелігі және оның салалары, экономикалық аудандарына сипаттама. ТМД елдерінің экономикалық байланыстары мен интеграциялық процестерін, экологиялық ахуалын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның өндірістік географиясы
Қазақстанның өндірістік даму жағдайындағы Қазақстанның өндіріс орындарының географиялық орнының өнеркәсіптің дамуына әсері мен маңызы. Табиғаттың заңдылығын білген студент табиғат зоналарының ерекшеліктерін ажыратады, яғни табиғатты жүйе ретінде зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Республиканың шаруашылық міндеттерін шешудегі оның орны. ҚР экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан Республикасының ролі және орны. ҚР әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Табиғи-ресурстық әлеуеті. Халқы және ұлттық құрамы. Қазақстан Республикасының шаруашылық кешенінің құрылымы. ҚР халықаралық байланыстары. Қазақстанның экономикалық аудандары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықтар географиясы
Курс барысында болашақ мұғалімдер қазіргі әлемде орын алып отырған демографиялық үдерістердің теориялық және практикалық негіздерін зерттейді. Олар сонымен қатар демографиялық үдерістердің жиынтығын қамтитын, халық географиясының негізгі ұғымдары мен терминдерін, халық туралы ақпарат көздерін және әлемдегі демографиялық зерттеу тарихын зерттейді. Болашақ мұғалімдер дүние жүзіндегі халық санының өзгеруінің ағымдағы тенденцияларын бағдарлай алады, әртүрлі иерархиялық деңгейдегі аймақтардың дамуына әлеуметтік мониторинг жүргізе алады, демографиялық көрсеткіштерді талдау және болжау дағдыларына ие
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дүниежүзінің экономикалық,әлеуметтік және саяси географиясы
Пәннің мақсаты экономикалық аудандастыру негізінде қоғамның өндірістік күштерін тиімді аумақтық ұйымдастыру мәселелерін кешенді зерттеу қабілетін қалыптастыру. Пән: біртұтас, әр түрлі және динамикалық өзгеретін әлем туралы географиялық білім жүйесін, табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың барлық аумақтық деңгейлердегі өзара байланысын, адамзаттың жаһандық мәселелерін және оларды шешу жолдарын меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлемдік шаруашылық және дүниежүзі елдерінің бәсекеге қабілеттілігі
Курс барысында болашақ мұғалімдер әлемдік экономикадағы дамыған елдердің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін негізгі факторларды зерттейді. Олар дүниежүзілік экономика және оның негізгі субъектілері, дүниежүзі экономикасы дамуының ресурстық әлеуеті туралы біледі. Олар өздерінің осы тақырып бойынша өздерінің түсініктерін қалыптастырады және дүниежүзі экономикасы құрылымының негізгі мәселелерін ажыратуды үйренеді, сондай-ақ елдер арасындағы бәсекеге қабілеттілікті салыстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның туризм географиясы
Дүние жүзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік географиясы бүкіл географиялық ғылымдар жүйесінің өзегі ретінде. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Мемлекеттік құрылыс: басқару формалары және әкімшілік бөлінісі. Дүние жүзі елдерінің алуан түрлілігі. Саяси география және геосаясат. Халықаралық ұйымдар және ҚР. Елдердің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы, Дүние жүзінің табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстары
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Табиғат ресурстарының географиясы
Табиғат ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы түсінік. Табиғат дамуының эвалюциясы және қоғам арасындағы байланыстар. Табиғат ресурстары, оның адам өміріндегі маңызы, классификациясы, қалпына келтіру, қорғау жолдары. Табиғат қорғау және оның ғылыми жолдары, табиғатты пайдаланудың жаңа технологиясы, оны практикада жүзеге асыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Туризм және өлкетану негіздері
Пәннің мақсаты- туризмді дамытудың географиялық заңдылықтары қарастырылады. Туризмді дамытуда өлкетану материалдарының орны көрсетіледі. Қазақстанда туризмді дамытудың өзіне тән географиялық және экономикалық көз қарастар туралы білімдер қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ГАЖ-карталау
Пән карталарды жасау және пайдалану үшін ГАЖ-дың нақты функциялары мен әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған. Пәннің міндеттері:студенттерге геоақпараттық картографиялау саласында жүйелі білім қалыптастыру; картографиялық ақпаратты алудың және ұйымдастырудың негізгі тәсілдері туралы түсінік беру; геоақпараттық картографиялау әдістерін зерттеу. Пәннің бағдарламалық қамтамасыз етілуі: ArcGIS, MapInfo, ERDAS IMAGINE.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның киелі жерлер және туризм географиясы
Қазақстан туризмінің географиясы, туризм географиясының негізгі категориялары мен тұжырымдамалары, туристік ресурстар, аумақтың рекреациялық ерекшеліктерін және оның туристік тартымдылығын бағалау критерийлері, туристік әлеует ұғымдары, туристік инфрақұрылым, оның құрамдас бөліктері, Қазақстанда туризмді дамыту мәселелері зерттеледі. Қазақстанның киелі жерлер географиясының объектілері, олардың түрлері, орналасқан жері, шығу тарихы, зерттеу және пәнаралық байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Рекреациялық география
Пәннің мақсаты- аймақтардың рекреациялық ресурстары және олардың географиялық таралу заңдылықтары туралы пікірлер қарастырылады. Рекреациялық ресурстарға әсер ететін физикалық географиялық факторларға жан-жақты тоқталып өтіледі. үйренуге үлкен мән беру. Сонымен қатар ҚР-ның рекреациялық ресурстары және оларды тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) - кеңістіктік (географиялық) деректер мен нысандарды ақпаратты графикалық визуализация жүйесі, географиялық мәліметтерді жинап, деректерді бағдарламалық – техникалық кешенде сақтап, өңдеп, қайта қолдану, тұжырым жасау, ақпараттарды шығару үшін қолданылады. Қоршаған ортада табиғи құбылыстармен қатар антропогендік процестерді зерттеуде автоматтандырылған программалық өнімдер арқылы зерттеп, болжам жасап, алдын алуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халықаралық туризм географиясы
Туризм саласында, өзінің қызметі үшін қажетті квалификация алуды мақсат еткен студенттер туризмді басқару, ұйымдастыру, оның құрылымын жетік білу, оның тарихын, дайындық кезеңін, саяхаттарды ұйымдастырып өткізуді оқып үйрену, туған өлкенің флорасы мен фаунасы туралы қажетті білімді азаматтар болу өте қажет.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Оқытылатын салада одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қолдану; өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту; заманауи білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаңа білімді өз бетінше қолдану
- Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияның базалық білімі негізінде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалау; әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, білімді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру; білім алушының тәрбиелік және жеке рухани-адами міндеттерін дамыту
- Кәсіби қызметте әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану: интернет-ресурстар, жасанды интеллект, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді сервистер; әріптестермен, ата-аналармен диалогты қолдау, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық, командада жұмыс істей білу; география саласында дәлелдер қалыптастыру және мәселелерді шешу
- Интеграциялық процестердің заманауи өнімі ретінде география бойынша білімді синтездеу; нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерделеуге ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдану; зерттеу нәтижелері мен жаңа білімді жинақтай білу; білім беру процесінің ерекшелігін, тәрбиелік міндеттерді және тұлғаның дамуын ескере отырып, заманауи педагогикалық технологияларды интеграциялау
- Табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми және философиялық таным әдістерімен ғылыми түсінуді және зерттеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындықты бағалау; мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұны мен ерекшеліктерін түсіндіру; ұлттық мәдениеттің құндылығын түсіну, тарихи мұра мен мәдени дәстүрлерді құрметтеу және сақтау
- Қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдалану; өзінің жеке даму мақсаттарын қалыптастыру және шынайы бағалау, сондай-ақ білім алушылардың зияткерлік даму деңгейін кеңейту
- Әлемде танылған әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнді практикада қолдану; білім алушылардың әлеуметтену және кәсіби өзін-өзі анықтау процесінде талдау әдіснамасын, педагогикалық сүйемелдеуді таңдау
- Географиялық білім беру саласында өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану; дене шынықтыру әдістері мен құралдарының көмегімен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету; тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлеуді меңгеру; проблемаларды шешу үшін логикалық және сыни ойлауды қолдану
- Грамматикалық білім жүйесін, белгілі бір тілде тиісті ниеттерді білдірудің прагматикалық құралдарын барабар түсіну негізінде лингвистикалық және сөйлеу ресурстарын пайдалану; гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық білім берудің кәсіби дағдылары негізінде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникативтік жағдайларда туындайтын мәселелерді шешу
- Зерттелетін саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді меңгеру; фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді түсіну; оқу-тәрбие процесінде, сабақтан тыс қызметте білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге дайындау
- Оқытылатын салада ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолдану; білімді практикалық қолдану, олардың жұмыс істеу тиімділігін талдау дағдыларына ие болу; география саласындағы озық білімге негізделген мектептерде, техникалық және кәсіптік оқу орындарында сабақтар өткізу; зерттелетін салада кәсіптік білім мен ұғымдарды қолдану; сұрақтар мен дәлелдерді қалыптастыру, шешімдер қабылдау; 2леуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты талдау
- Қазақстанның географиялық тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсету; география саласындағы озық білімге сүйене отырып, зерттелетін саладағы білім мен түсініктерді пайдалану
- География саласындағы фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді түсіндіру, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну
- Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін білу; әлеуметтік теңдік қағидаттарына негізделген кәсіби қызметте қарым-қатынас стратегияларын қалыптастыру; тұрақты даму мақсатында жаһандық әріптестік шеңберінде құралдарды нығайтуға және жұмысты жандандыру