Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Шымкент университеті

Пәндер

  • Қазақ диалектологиясы

    Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект – деген термин тілдегі жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тіл біліміне кіріспе

    Тілдердің шығу тарихы олардың өзара қарым –қатынасы, құрылымы және жүйесі қамтылған. Тіл білімінің салаларына, тілдің қоғамдық мәніне және қызметі, қажетті ұғымдық-терминологиялық жүйені қалыстастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің фонетика және лексикологиясын оқыту әдістемесі

    Сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылыктарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстык жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, казақ тілінің дыбыстық кұрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен катар қазақ тілінің фонетикалык даму заңылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Латын графикасына көшу мәселелері

    Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Латын графикасына көшу мәселелеріне талдау жасайды. Қазіргі кезде латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты айтылып жатқан пікірлерді, ғалымдардың тұжырымдары мен ұсыныстарын негізге ала отырып, қиындықтар мен кедергілерден шығу жолдарын қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір әдебиетінің тарихы

    Қазақ әдебиеті тарихының бастауларымен таныстырады. Тасқа жазылған әдеби жәдігерліктерден бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге дейінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ бай мұраны оқиды. Орхан Енесей жазбалары, көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік мәнін қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қарахан дәуір әдебиеті

    Әдебиет — қоғам тарихы, адамзат тарихы. Қазақ мәдениетінің, әдебиетінің топырағы бір бастау арнасы -ежелгі түркі дәуіріндегі өркениет мұралары. Ол дәуірді қанша алыстатып, перделегенмен дүние жүзіне әйгілі түркітанушы ғалымдар, мамандар, қазақ зиялылары әркез тиісті дәрежеде көңіл қойып, зерттеп, тұтас бір рухани даму өзегін үзбей жалғастырып отырды. Бір кезде, «пантүркілік бағыт» деген желеумен тежеліп қалған бұл ғылыми сала соңғы жиырма-отыз жылда қайта жаңғырып соны өріске шықты. Заманында, сол бір саяси астармен жүргізілген «пантүркілікке» қарсылық күллі әдеби, мәдени, ғылыми даму жолына көлеңкесін түсіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Халық ауыз әдебиеті

    Қазақ халқының ауыз әдебиеті- халықтың сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтиды. Халық ауыз әдебиетінің мұраларын тақырыптық , көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыда жан жақты түсіндіреледі. Бай ауыз әдебиеті үлгілерінің рухани құндылықтары, жанрлық ерекшеліктері, қоғамдық мәні, тағылымдық ерекшелігі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ өсіп келе жатқан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және дене процесстерін жақсарту. Студенттерге қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторлар әсері туралы ғылыми деректер негізінде жағдай мен өз денсаулығының қиындығын бағалауға мүмкіндік беру. Курста балалар мен жасөспірімдердің организміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері қарастырылады. Бұл пәннің негізгі міндеті өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекетері процестерінің қалыпты өтуін қамтамасыз ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау. Сонымен қатар зиянды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірету және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері

    Рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі-еліміздің әлеуметтік, саяси мен экономикалық жаңғыртуды қолға алып күн санап өзгеріп жатқан озық технологиялардың дамуы мен дүниетанымның өсуі негізінде заман ағымына қарай икемделуі.Білім алушы рухани жаңғырудың бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы сияқты бағыттарын меңгере алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экономика және құқық

    Білім алушыларда қазіргі заманғы кәсіпкерлік үрдістер аясында, талап етілетін ақпаратты қалыптастырады. Білім алушыларды құқық және экономика саласында алған білімін кәсіби қызметінде қолдануды, экономика және құқық саласындағы оқиғалар мен зерттеулер нәтижелерін талдауды меңгертеді. Қоғамдағы экономикалық және заңдық тұрғыда байқалатын фактілерді дәлелдеуді және бағалауды үйренеді. Экономика және құқық саласында басқарушылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытады. Заманауи экономикалық-құқықтық қатынастар жағдайында стандартты емес және баламалы міндеттерді шешуде инновациялық идеяларды шоғырландырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Әдебиет тарихы мен фольклорды одан әрі тереңдеп тану үшін қажетті терминдер мен түсініктер жүйесін қамту, көркем шығармашылықты талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда пайымдауды үйрету. Әдебиеттің қоғамдық сана мен өнер түрі ретіндегі ерекшелігін, әдебиеттану ғылымының басты мәселелерін, көркем шығарманың құрылысы және оны талдаудың әдіс-тәсілдері мен ұстанымдарын, көркемдік даму заңдылықтарын, әдеби мектептер,әдеби бағыт пен әдеби ағым, әдеби үдеріс пен әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің лексикологиясы және оны оқыту әдістемесі

    Студенттерге сөзді, сөздердің жиынтығын, сөздердің мағынасын, сөздіктің түрлерін, диалектілерді, сөз байлығын, сөздік құрамын, сөздердің шығу тегін, тұрақты сөз тіркестерін жан-жақты зерттеп үйретеді. Лексикология тіліміздегі сөз байлығын зерттейтін ғылым саласы. Лексикологияны оқытудағы қойылатын талаптар - студентті дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп айта білуге үйретеді .Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, оның ішінде ауыспалы мағыналы сөздердің мағыныысын түсіне білуге үйретеді. Сонымен қатар қазақ тілінің лексикологиясы пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық

    Оқыту үдерісінде білім алушыларға бизнесті жүргізу идеялары және кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білім беріледі. Білім алушыларға кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шаралары туралы ақпарат беріледі. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың заманауи теорияларымен таныстырады. Білім алушылар капиталды бюджеттеу, айналым капиталын басқару, біріктіру және корпоративтік қайта ұйымдастыру сияқты корпоративтік қаржылық шешімдерді бағалауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сөздік құрамды зерттеу

    Білім алушылар бұл пәнде сөздік құрам және сөздердің жиынтығымен танысады. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Студенттер сөздік құрамға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздерді, терминдерді, кәсіби сөздерді, диалектілерді, жаргондарды, әдеби және ауызекі тіл лексикаларын меңгереді. Сонымен қатар сөздік құрамда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздерді, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдерді, көнерген сөздерді, диалектілерді, жаңа сөздерді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект

    Жасанды интеллектіні зерттеудің негізгі бағыттарын қарастырады. Жасанды интеллектіні зерттеуді тәжірибеде қолданады. Жасанды интеллектуалдық жүйелерін дамытудың перспективалық бағыттарын ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Білім берудегі менеджмент

    Білім беру саласында стратегиялық тұрғыдан ойлай алатын, басқарудың заманауи технологияларымен құралдарын меңгерген жаңабуынның менеджер-практиктерін дайындау. Тыңдаушылардың бойына кәсіби және басқарушылық құзыретін қалыптастыру, сонымен қатар тиімді ойлау мен оңтайлы шешім қабылдау дағдыларын оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ тілінің морфологиясы және оны оқыту әдістемесі

    Пән негізгі грамматикалық ұғымдарды, сөздердің морфологиялық құрылымын, сөз таптары, олардың жіктелуі, есім сөз таптарының грамматикалық сипаты, мағыналық топтары, етістіктің семантикалық, морфологиялық сипаты, үстеудің мағыналық түрлері, еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты, шылаулардың грамматикалық қызметі, сөзжасамдық ұғымдар мен тәсілдерді, сөз таптарының сөзжасамын , практикада қолдана алатындай білімін арттырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Қазіргі білім беру мекемелерінде ұрпақ тәрбиелеудің міндеттерін тәрбиелік жүйенің жаңа моделін дайындаудан, жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасаудан; баланың ана тілін, ұлттық салт - дәстүрлерді сақтауынан, тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асырудан көрінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Бағалаудың кретериалды технологиялары

    Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Морфология практикумы

    Пәнде сөз тұлғаларының түрлену, түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесі қарастырылады. Қзіргі қазақ тілінің грамматика саласы бойынша кейбір өзекті мәселелерді қамтиды. Морфологияның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстырылады. Сөз формаларының жасалу тәсілдерін , морфологиялық талдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тіліндегі оқытпайтын мектептердегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінде қазақ әдебиетінің тарихын, ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік өнер негіздерін оқытудағы тиміді әдістер мен тәсілдерін үйренеді. Қазақ әдебиетінің мол мұрасын таныту, оқыту барысындағы жаңашылдық және жаңа әдіс-тәсілдерді меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әдеби тіл нормалары

    Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырады, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазады, эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Салыстырмалы грамматика

    Жалпы қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің шығу, қалыптасу кезеңдерін, зерттелу тарихын студенттерге түсіндіру. Қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің зерттеу нысанын,қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасы-ның шығу тарихын, қазақ халқының құрылу процесіндегі басты кезеңдер және ол процеске тікелей қатысы бар тайпалар, тілдік ерекшеліктері ,тарихи ерекшеліктері жайында зерттеулерді оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем әдебиет стилистикасы

    Білім алушы бұл пәнді оқу барысында әдеби жанрда жазылған көркем шығармалардың стильдерімен танысады. Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни стилін зерттейді. Әр шығармашалық иесінің сөзді қолдану ерекшелігі, сөз маржанын теруі, оны көркем қолдана білу ерекшелігін стильдік тұрғыдан талдауға үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология).

    Инклюзивті мәдениеттің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін меңгереді, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданауды қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа саналы және адамгершілікпен қарсы тұру қабілетін меңгереді. Өзінің құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптері мен жұмыс әдістерін сыни тұрғыдан бағалайды. Өзінің педагогикалық тұрақты дамуын (экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі), ұйымшылдығы мен кәсіби әл-ауқатының дамуы үшін жаңа мақсаттар қоя алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ-орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

    Қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы бойынша оқу-білім процесін жетілдіруге, кәсіби және педагогикалық дағдыларды дамытуға, тілдік және әдеби үдерістерді талдау мен саралау саласындағы құзыреттіліктерді игеруге, заманауи концепциялар мен әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен дәйектей білетін креативті тұлғалы маманды қалыптастыру; тіл және әдебиеттің заманауи тұжырымдамалары мен жетістіктерін, сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық тәсілдерін терең меңгеру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стилистика

    Тілдің қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық ерекшелігін үйретеді. Стилистика ғылыми стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін тірек ете отырып, теориялық мәселелерді қарастырады. Қазіргі стилистика ғылымы тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдерін әрі коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінде –пәннің зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Бұл пәнде студенттер оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін үйренеді. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар,салыстыра оқыту, жаңа әдістемелік негіздер оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Сөздіктің түрлері

    Сөздіктердің түрлері өте көп, шартты түрде оларды жүйелеу, анықтама сипатындағы энциклопедиялық сөздіктер деп қарастырады. Белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталса, лингвистикалық сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлерін, сөздіктерді қолдану ерекшілігін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркітануға кіріспе

    Түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін, тілі мен мәдениетін зерттейтін кешенді ғылымдардың бірі. Студенттерге түркі тілдері мен халықтарының зерттелу тарихынан, түркі тілдерінің топтастырылуы мен өзіндік ерекшеліктерінен, сондай-ақ, түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдерінен мағлұмат береді .Түркі тілдерінің топтастырылуы мен жіктелуін және түркі тілінің өзіндік ерекшеліктерін танытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

    Жалпы қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің шығу, қалыптасу кезеңдерін, зерттелу тарихын студенттерге түсіндіру. Қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің зерттеу нысанын, қазіргі қазақ тілінің тарихи грамматикасының шығу тарихын, қазақ халқының құрылу процесіндегі басты кезеңдер және ол процеске тікелей қатысы бар тайпалар, тілдік ерекшеліктері ,тарихи ерекшеліктері жайында зерттеулерді оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіл білімінің тарихы

    Тіл білімі туралы түсінік, дамуы, қалыптасуы. Тіл біліміндегі өзекті мәселелер. Тіл білімінің (лингвистиканың) салалары: лексикология, фонетика, грамматика (морфология және синтаксис).Тіл білімін зерттеуші ғалымдар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің фразеологиясы

    Бұл пәнді оқу барысында студент тұрақты сөз тіркестерін жан-жақты зерттейді. Фразеология деген грамматикалық термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім)-деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған. Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркестері деген ұғымды береді. Сондықтан фразеология деудің орнына кейде грамматикада тұрақты сөз тіркестері деп те қолданылатыны ескеріліп, талдау жасалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Практикалық қазақ тілі

    Қазақ тілінің оқу бағдарламасы өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың соңғы лингвистикалық және әдістемелік жетістіктеріне сүйенеді. Практикалық сабақта әр студенттің белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл студенттің қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар студенттің білімін практика жүзінде нақтылаудй үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бодандық дәуіріндегі әдебиеті

    Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғылыми көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн ұғынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Аударма теориясы мен әдістемесі

    Аударма теориясы туралы түсінік. Аударма теориясы мен практикасын оқыту. Аударма теориясы туралы түсінік. Аударма теориясы мен практикасын оқыту.Аударма ісінің қыр-сырлары мен техникасын меңгерту. Аударманың өзіндік ерекшеліктері мен жұмыс жасауда кездесетін қиындықтарды шешудің методикасын үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі

    Пәнде тіл дамыту үшін сөздіктің маңызын ұғындырады. Оқушының тілін дамытуға сөздіктің маңызы зор. Сөздік жүмысы-тіл дамыту жұмысының бастапқы негіізі болып саналады. Сөздікпен жұмыс арқылы сөздерді,сөйлемдерді дұрыс жазуына,сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптасуына ықпал ететіндігі ұғындырылып, сөздікпен жұмыста жаттығулар орындалып, сөздікпен жұмыстың маңыздылығы үйретіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

    Қазақ хандығы дербес хандық құрған кездегі әдебиет, яғни ақын-жыраулар поэзиясынан халықтың салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғаруға болады. Жыраулар толғауларында елдің елдік мұраты, халықтың мұң-мұқтажы,күйініш-сүйініші, қайғы-қасіреті айқын көрініс тапты. Қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерін Асан қайғы, Доспамбет, Қазтуған, Бұқар жырау толғаулары арқылы таниды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ-орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

    Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы бойынша оқу-білім процесін жетілдіруге, кәсіби және педагогикалық дағдыларды дамытуға, тілдік және әдеби үдерістерді талдау мен саралау саласындағы құзыреттіліктерді игеруге, заманауи концепциялар мен әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен дәйектей білетін креативті тұлғалы маманды қалыптастыру;тіл және әдебиеттің заманауи тұжырымдамалары мен жетістіктерін, сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық тәсілдерін терең меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ кеңестік өнердің дамуы

    Соғыс жылдарындағы әдебиеттің жанрлық дамуы, сол кезеңдегі ақын-жазушылар шығармаларын оқытады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақын-жазушылар шығармашылығын идеялық-көркемдік тұрғыда талдау. Отан соғысына қатысқан ақын, жазушылар шығармашылығы, жауынгердің жан сезімі, елге, жерге деген сағынышын бейнелеген махаббат пен адал достық күйлерін суреттейтін жырлар мен көркем туындыларды оқыту, талдау. Әдеби процесте дамыған әдеби жанрлар, даму жолдары, заңдылықтары, өмір мен өлім арпаласын суреттеген туындылардың маңызы қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің синтаксисі және оны оқыту әдістемесі

    Қазақ тілі синтаксисінің зерттелу тарихы, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, сөйлем мүшелерінің сипаты, сөйлем және оның құрамы, құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары, жасалу жолдары, мәселелерін қарастырып, студенттің әдеби тіл нормаларын игеруіне көмектеседі. Пән негізінде тілдік зерттеушілік құзыреттіліктерге ие тұлға қалыптасып, түрлі ғылыми көзқарастарды талдап, тануға үйренеді, оларды оқу үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын машықтандырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХІХ-ХХ ғасыр басындағы әдебиеті

    Қазақ әдебиетінің мазмұнға бай ХIХ ғасыр шығармаларын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруды ұсынған. Бірінші кезең ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиеттің даму ерекшеліктерін,тақырыптық және жанрлық ерекшеліктерінің дамуын,діни-ағартушылық бағыт, халық көтерілісі Махамбет, Шернияз, Алмажан жырлары және түрлі тарихи оқиғаларды жырлаған дастандардағы дәуір көрінісі, ұлттық рухы қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кеңес дәуіріндегі әдебиет

    Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің негізгі тақырыптары, қазақ әдебиетінің идеялық мұраттары, көркемдік-эстетикалық нысаналары, негізгі жанрлық формалары қарастырылады. Кеңес дәуіріндегі таптық көзқарас, көп жырланған тақырыптар, шектеулер мен сол кезеңдегі әдеби процестің даму ерекшелігі, көркем туындылары оқытылады, талданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіз қазақ әдебиеті

    ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті Ыбырай, Абайлар негізін салған демократиялық ағартушылық бағытта дамыған жаңашыл әдебиетіміздің жалғасы ретінде қарастырылады. Ағартушылық демократтық бағыт өкілдерінің бай мұрасы, жастарды ғылым-білім, өнерге шақырған туындылары оқытылады. Ағартушылық, адамгершілік идеяларды уағыздаған жырлар, ақындардың бар ілімі жайлы түсініктері қамтылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту

    Бұл пәнде білім алушылар синтаксистік талдау жасауға үйренеді. Сөйлем мүшерін меңгере отырып сатылай комплексті талдаудың түрлерін меңгереді. Оқу және ғылыми мақсатында сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді анықтайды. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын толық қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қайта өрлеу дəуіріндегі əдебиет

    Қайта өрлеу дәуірі басталған ХІІІ ғасырда байлар мен кедейлер арасындағы күрес күшейе бастайды. Халық қозғалысынан қорыққан буржуазия кейбір қалаларда республикалық биліктің орнына монархия орнатады. Солай болса да, мемлекет мәдениеті қала коммуналарымен тығыз байланыста болатын. Мұның өзі Проторенессанс кезеңіне демократиялық сипат береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Абайтану

    Ұлы Абайдың мол мұрасын , ақындық әлемін, өлең өнеріндегі көркемдік шеберлігін, қарасөздегі рухани құндылықтарын үйретеді. Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туынды және ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын қарастырады. Абай мұрасын зерттеушілер, Абайтану ғылымының дамуы жүйелі түрде қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдау

    Көркем дүние тілін танудың басты міндеті ˗ шығарма тілі автордың айтпақ идеясына сай келе ме дегенді анықтау, жазушы өрнегін, қолтаңбасын айқындау.Қаламгер, сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тілден алатындығы ақиқат. Жазушының сөз өрнегін келісті сала білуі, қаламгердің даралық стилін, тіл өзгешелігін, шеберлігін танытады. Көркем тіл стилі оқырманға эмоционалды, бейнелі, яғни эстетикалық әсер ету функциясын атқарады. Жазушылар өз шығармаларында троптың түрлерін құбылта қолдану және семантикалық категориялардың мағыналық реңктерін орнымен жұмсау, фразеологизмдерді тақырыптық мағыналық жағынан сұрыптап суреттеу тәсіліне енгізу ˗ міне, мұның барлығы суреткер үшін әрі шеберлік, әрі азаматтық міндет.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі әдеби процесс

    Қазақ прозасындағы көркем туындылар кеңестік жүйенің ыдырауы адамдардың тоқырау кезеңіндегі психологиялық күйзелістері, адам сезімімен қоғамдық өзгерістердің айқын қөрінуі туралы көркем шығармаларды оқу жаңа модернизм, постмодернистік ағымдағы туындылардағы көркемдік ізденісті оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шəкəрімтану

    Қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ойшыл философ, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердиевтің шығрамаларын оқыту, көркемдік ерекшелігін ұғындыру,ақын жырдарындағы жан мен тән ұғымы,поэмаларындағы философиялық тереңдікті,еңбектеріндегі ойшылдықты үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орхон Енисей жазулары

    Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерiнiң тілдік тұрғыдан зерттелу деңгейiн саралайды. ҮII-ІХ ғасыр түркi жазба ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiн моносиллабтық деңгейде салыстыра зерттеудiң тарихи-лингвистикалық негiзiн көрсетеді. Зерттеушілердің көбі қазақ халқының өзге түркі халық- тарымен ортақ тарихының басы VI-IX ғасырларда өмір сүрген Түрік қағанаты дәуірінен, яғни VI ғасырдың ортасында гун державасының қираған жұртында қалған ру-тайпалардың дербес мемлекет құрған кезеңінен басталады деп санайды. Ал Түрік қағанатында, жоғарыда көрсетілгендей, жазба әдебиет, поэтикалық сөз үлгісі, яғни әдеби тілі болған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Тәуелсіз жылдардағы қазақ әдебиеті

    Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жарық көрген көркем шығарманың ұлттық әдебиетке қосқан үлесі жөнінде, тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығына қарастырады. Тәуелсіздік жылдар әдебиетінің даму арналары, шет елден оралған қазақ жазушылардың шығармашылығымен толығу ерекшелігі де қарастырылады. Жаңа туындылар және әдебиеттің сыны, әдеби процесстің дамуы жөнінде қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шетел әдебиетінің тарихы

    Шетел әдебиетінің тарихы пәні әлем халықтарының сөз өнері шығармаларын оқыту, салыстыру дүниежүзілік әдебиетінің даму аясында қарастырады. Антикалық әдебиет кезеңіндегі тарихи нақты талдау тұңғыш әдеби жанрлардың қалыптасуы дамуы жайлы көрнекті авторлар шығармаларының көркемдік қайта өрлеу дәуіріндегі әлем әдебиеті XIII-XIX ғасырдағы әлем әдебиеті дамуы XIX-XX ғасырдағы қазіргі шетел әдебиетінің классикалық шығармаларын мазмұнын, қалыптасуын дамуындағы жанрлық ерекшеліктері туралы мағлұмат алу және көркем шығармаларды оқу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденциялары, ақындардың жырларын талдау туындылардың идеялық эстетикалық мазмұнын ашу, поэзия прозаны драматургияны талдау, стильдік формалық ізденістерді, нақтылау шығармаларды талдау, кейіпкерлер әлемін қарастырады.. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлттық сөз өнерін еңселі еткен туындыларды оқиды , мазмұны мен тәрбиелік мәнін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Көркемдік сөз жəне стилистика

    Қазіргі әдеби процесс бүгінгі проза поэзия драматургия, сынның дамуы көркемдік ізденістері, көркемдік әдістері қарастырылады. Тәуелсіздік жылдардағы ең көп жырланған тақырыптар екшеленеді, елдің тарихын жырлаған поэзиялық туындылар, ұлттық рухты көтеретін көркем туындыларды оқыту және талдау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мәтін синтаксисі

    Мәтін синтаксисі – тіл білімінің бір саласы. Мәтін синтаксисі пәнінде студенттер мәтіннің қалыптасып дамуын, мәтінмен жұмыс жасауды, мәтін түрлерін жан-жақты зерттеп үйренеді. Білім алушылар мәтін синтаксисі пәнінде сөздердің байланысын, сөздердің тіркесу амал-тәсілдерін, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жалпы тіл білімі

    «Жалпы тіл білімі» пәні студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдетеді, тіл теориясының өзекті мәселелері бойынша білімдерін жинақтайды; студенттер тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, лингвистикалық мектептердің қалыптасуы жолдарын, лингвистикалық бағыттардың мәнін ұғынады, сонымен қатар лингвистикалық талдаудың әдістерін меңгереді. Пәнді оқып, аяқтағаннан кейін студенттер лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінеді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда түсінеді. Философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындыққа баға береді. Мифологиялық, діни, ғылыми дүниетанымның мазмұнын, ерекшеліктерін интерпретациялайды. Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын, өзіндік ерекшелігін терең түсінеді.
  • Экономика және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша білімдерін көрсетеді, жеке адам мен қоғамның экономикалық қызметіндегі этикалық нормалар мен моральдық құндылықтардың мәнін түсінеді. Қаржылық және бизнесті жоспарлау және ұйымдастырудағы бастапқы дағдыларын қалыптастырады, қоғамның экономикалық өміріндегі көзқарастарын дамытады
  • Қазақстанның қазіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттау әдістері мен тәсілдерін қолданады. Оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын үйренеді. Пәнді оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім ресурстарын пайдаланады. Дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік, кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстанады.
  • Тұлғааралық, мәдениетаралық, өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша, жазбаша түрде қарым-қатынас жасайды. Грамматикалық білімдер жүйесін, белгілі бір тілде тиісті ниет білдірудің прагматикалық құралдарын жеткілікті көлемде түсінеді. Әлеуметтік, этикалық, ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды,түсіндіруді жүзеге асырады.
  • Тұрақты даму мақсатындағы жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру, инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық мәселелерін түсіну, ғылымның біртұтастығы идеясын түсіндіру үшін адам өмірінде болып жатқан құбылыстар мен процестер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды жалпылау және талдау.
  • зерттеудің нәтижелерін жинақтай білу; әдебиет саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету; кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану; дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу; этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру;
  • Әлеуметтік-саяси кластерді зерттеуге арналған ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолданды. Ғылымдардағы білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде синтездейді. Зерттеудің нәтижелерін жинақтайды. Жаңа білімді, ғылыми зерттеулердің әдістерін, академиялық хаттарын оқытылатын салада қолданады.
  • Педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін, күтілетін нәтижелерін оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Өзінің моральдық, азаматтық ұстанымын дамытады. Тіл білімінің теориялық негіздерін, жазба әдеби тілдің тарихи даму кезеңдерін, стильдерін меңгереді. Оқытылатын салада оқу-практикалық, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық, практикалық білімді қолданады
  • Этикалық, ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқытудың озық әдістемелік тәсілдерін меңгереді. Білімдерін практикада қолданады. Тіл білімінің теориялық және практикалық негіздерін меңгереді. Тіл білімі ғылымындағы концепция, теория мен бағыттарға, құбылыстар мен үдерістерге сыни тұрғыдан талдау жасайды. Тіл білімінің теориялық негіздерін, жазба әдеби тілдің тарихи даму кезеңдерін, стильдерін, латын графикасына негізделген әліпбиді меңгереді.
  • Осы ғылымдардағы білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде синтездейді. Нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерттеуге арналған ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолданады. Талдаудың әдіснамасын таңдайды. Әдебиеттану ғылымының теориясы мен қазақ әдебиеті тарихының даму кезеңдерін жетік меңгереді. Фольклорлық үлгілер мен көркем шығарманы талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Тіл білімі, ұлттық, әлем әдебиеті саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Top