Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01512 Физика в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Дифференциалдық теңдеулер және оның физика мен техникада қолданысы

    Пәннің мақсаты-магистранттарға дифференциалдық теңдеулердің түрлері мен олардың физикадағы, техникадағы түрлі қолданылыстары жайлы негізгі ақпарат беру. Дифференциалдық теңдеулердің физика есептерін шешу барысында қолданылатын математикалық модельдерін құруға үйрету. Оны жүзеге асыру барысында дифференциалдық теңдеулердің түрлері жайлы жалпы мәліметтер беру, жалпы және дербес, күрделі дифференциалдық теңдеулердің шешімдерін табуға үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кванттық физиканың таңдаулы тараулары

    Пәннің мақсаты- білім алушыларды әлемнің қазіргі физикалық бейнесін қалыптастырудағы кванттық физиканың орнымен кванттық механикадағы жаңа зерттеу бағыттарымен таныстыру. Бұл курста кванттық механикадағы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсіндіру, кванттық механикада қолданылатын математикалық аппараттарды магистранттың ары қарай теориялық білімін арттыруда, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде, оны практикада қолдана білуі үшін базалық білімін қалыптастырады. Курста кванттық физиканың эксперименттік негіздері, бөлшектердің толқындық қасиеті, Шредингер теңдеуі, кванттық механиканың математикалық аппараты тереңірек қарастырылады. Курсты меңгерген білім алушыкванттық механикада кездесетін кейбір күрделі ұғымдардың мағынасын терең түсінеді, кванттық механикадағы кейбір күрделі есептерді шығарады, орта мектепте, жоғары оқу орындарында сабақ беру барысында теориялық білімін қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары оқу орындарында жалпы физика курсын оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты- жоғары кәсіптік білім беруде білім алушыларға жоғарғы оқу орындарында жалпы физика курстарын оқыту әдістемесін меңгерту және олардың кәсіби шеберліктерін дамыту.Курста мына мәселелер қрастырылады:ЖОО-дағы оқытудың кредиттік жүйесі. Кредиттік технология негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшелігі. Физиканың дамуындағы философияның методологиялық рөлі. Жалпы физика курсын оқыту процесінде қарастырылатын дүниетанымдық мәселелер. Дәріс, практика, зертхана сабақтарын өткізу әдістемесі. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Пәнді меңгерген білім алушы жоо-да жалпы физика курсын оқытудың әдістемесін теориялық тұрғыда меңгереді, оны нақты практикада қолдану үшін қажетті нормативтік құжаттарға талдау жүргізуді игереді, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану іскерліктері мен дағдылары қалыптасады, кредиттік жүйеде оқытудың ерекшеліктерін біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты - басқару іс-әрекетіндегі қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін анықтау, басқарудың ғылыми психологиялық құрылымын талдау, басқару стильдері, басқару үдерісінде шешім қабылдау психологиясының мазмұнын меңгерту. Басқарудың психологиялық құрылымы, механизмдері мен оның тиімділігінің психологиялық факторлары қарастырылады. Басқару стильдеріндегі мінез-құлық пен қарым-қатынас психологиясының ролі сипатталады. Басқару психологиясының тұжырымдарына талдау жасалады. Сондай-ақ, білім беру және басқару қызметінде инклюзивтілікті қамтамасыз етудің психологиялық аспектілеріне ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Пәннің мақсаты - жоғары білім туралы білімдер жүйесін, оның мазмұнын, құрылымын, білім беру процесін басқару принциптерін және білім беру процесін басқару, ұйымдастыру саласындағы заманауи технологияларды игеру. Магистранттар педагогикалық талдау дағдылары мен тәсілдерін, кәсіби әрекет процесінде білімді жаңарту жүйесін, оқу үдерісін ұйымдастырудың нақты әдісін таңдау дағдыларын, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін, жоғары білімнің үздіксіз білім беру жүйесіндегі рөлін, оың даму стратегиясын, жоғары мектепте білім берудің әдістерін, лекциялық, практикалық сабақ формаларын, педагогикальқ бақылау, оны ұйымдастыру принциптерін, жоғары мектептегі тәрбие жұмысының ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Астрономияның таңдаулы тараулары

    Пәннің мақсаты - болашақ физик педагогтарды «Астрофизика» курсындағы кейбір маңызды мәселелерді тереңдете оқыту. Курста мына мәселелер қамтылады: Астрономияның теориялық және танымдық мәні. Ғалам құрылымы. Аспан сферасы. Жердің Күнді айнала қозғалысы. Қазіргі көзқарас бойынша Күн жүйесінің құрылымы. Күн жүйесі. Фотосфера, Күн дақтары. Жер туралы жалпы түсінік. Күн жүйесіндегі үлкен ғаламшарлар. Күн жүйесінің космогониясы. Білім алушылар астрономиядан алған білімдерін пайдалана отырып,Астрономия ғылымының қазіргі заманғы зерттеу бағыттарын біледі, астрономиядан ғылымын зерттеуде қолданылатын нысандарды орта мектепте пәнді оқытуда қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты – ғылым тарихын оқып-үйрену негізінде ғылыми ойлау жүйесі мен стилін дамыту. Магистранттар ғылым ұғымы мен мәнін біледі, құрылымын, тәсілдерін көрсете алады, ғылымдағы басты парадигмалық теорияларды, ғылыми болжамдарды, аксиомалар мен теориялардың қалыптасу заңдылықтарын айтып түсіндіреді, ғылымның даму тарихы мен заңдылықтарын талдай алады, ғылым дамуының негізгі кезеңдері туралы түсініктер мен білімдерді жинақтайды, мағлұматтар жүйесін қалыптастырып қорыта алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шетел тілі /кәсіби

    Пәннің мақсаты - білім алушының шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім мен дағды қалыптастыру. Шетел тілінде коммуникативтік іс-әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру. Пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру. Курс барысында шет тілінде кәсіби сөйлеу дағдыларын игеруді, мамандық бойынша мәтіндерді аудару дағдыларын дамытуды қамтиды. Грамматиканы, оқу әдістемесін және жазбаша жұмысқа дайындықты, эссе жазуды, тыңдау және сөйлеу әдістерін үйрену.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Электр және оптиканың іргелі сұрақтары

    Курстың мақсаты-электр және оптика маңызды тарауларын, осы бағыттар бойынша алынған жетістіктерді ғылыми-зерттеу және білім беру жұмыстарын жүргізуде қолдана білуге үйрету. Курста мына мәселелер қарастырылады: электр және оптиканың теориялары; электр және оптиканың физикалық процестерде пайдаланылуы. Осы курсты оқыған магистрант электр және оптиканың негізгі физикалық қасеттері және құбылыстары туралы білімді игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физиканы оқытудағы физика-техникалық модельдеу

    Пәннің мақсаты -физиканы оқыту үдерісінде физика- техникалық модельдерді тиімді қолданудың, оны оқытудың барлық түрлерінде жүйелі пайдаланудың жолдарын меңгеру болып табылады. Курста қарастырылатын мәселелер: физика-техникалық модельдеудіоқыту үдерісінде қолданудың маңызы, қажеттілігі, тиімділігі мен әдістемелік ерекшелігі; физиканы оқытудағы модельдеу мен аналогия; физика-техникалық модельдеудіоқу экспериментінде қолданудың педагогикалық негізі мен физиканы оқыту барысында әдістемесіне үйретудің жолдары, оларға қойылатын дидактикалық талаптар; физиканы оқытуда физика-техникалық модельдерді танымдық әдіс ретінде қолдану мәселесі. Білім алушы пәнді игеру барысында физиканы оқытудағы физика техникалық модельдердің түрлерін біледі және оны физиканы оқытуда тиімді қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Физикадан техникалық есептер шығару әдістемесі

    Пәннің мақсаты-болашақ мамандарды орта және бейінді мектептерде техникалық есептерді құрастыру, шығару жолдарына үйрету. Курста орта мектептің физика курсы бойынша техникалық сипаттағы сапалық, сандық, графиктік, эксперименттік есептерді іріктеу және оны шығару әдістемесін қарастырады. Курсты меңгеру барысында білім алушы техникалық сипаттағы есептердің түрлері мен оны құрастыру, шығару жолдарын біледі және оқушыларды техникалық сипаттағы есептерді шығартуға үйретудің әдістемесін меңгереді. Орта мектепте оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындауда, Ұлттық біріңғай тестлеуде есептерді шығаруға, оқушының ғылыми зерттеу жұмысында (жоба) есептеулер жүргізуде қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелері

    Пәннің мақсаты-болашақ педагогтарға заманауи физика ғылымының жетістіктерін насихаттай отырып, әлемнің біртұтастығы, әлемнің ғылыми-жаратылыстанымдық көрінісі туралы нақты түсінік қалыптастыру болып табылады. Ұсынылып отырған курста физиканың заманауи ғылымның дамуындағы физиканың маңызы, зерттеу бағыттары мен қол жеткізген табыстары, қолданбалы физиканың таңғажайып мүмкіндіктері қарастырылады. Жаратылыстану ғылымдарының, физиканың заманауи бағыттарындағы жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеулермен таныса отырып, білім алушылар физиканың дамуындағы заманауи зерттеулердің бағыттарын біліп, оны өзінің кәсіби қызметінде (орта мектепте, жоо-да физиканы оқытуда) тиімді пайдалана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физикадан элективті курстарды өткізудің әдістемесі

    Пәннің мақсаты-болашақ мамандарды физикадан элективті курстарда қарастырылатын негізгі тақырыптарды меңгертудің жалпы мәселелерін үйрету. Курста треңдетіп оқытудың мақсаты мен принциптері, элективті курстардағы сабақтың түрлері мен әдістері (элективті курстарда зертхана жұмыстарын жүргізу, физика-техникалық молелдерді тиімді қолдану мен физикалық есептер шығару, құрастырушылық тапсырамлар және т.б.) қарастырылады. Сонымен қатар, элективті курста қарастырылатын негізгі тақырыптар («Кинематикадағы салыстырмалылық пен инвариантты шамалар», «МКТ эксперименттік негіздері», «физикалық процестерді термодинамикалық әдіспен зерттеу», «Жартылай өткізгіштер мен олардың қолданысы», «Сызықсыз оптика» және т.б.) да қарастырылады. Курсты меңгерген білім алушы бейінді мектепте тереңдетіп оқытудың жалпы мәселелерін біледі, физиканың тарауларына сәйкес элективті курста қандай тақырыптарды оқыту қажеттілігін талдап, оқушыларға ұсына алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Механика және молекулалық физиканың іргелі мәселелері

    Пәннің мақсаты - механика мен молекулалық физикадағы іргелі мәселелерді тереңдетіп оқыту. Курс барысында жалпы физикада тереңдетіп қарастырылмаған тақырыптар ашылып, кинематика, статика, динамика, мкт негіздері, термодинамика бойынша күрделі есептер шығарылады. Механика және молекулалық физиканың салаларындағы жетістіктерді ғылыми-зерттеу және білім беру жұмыстарын жүргізуде қолдана білуді, оның техника мен ғылымның басқа салаларына ықпалы және қолданысы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электродинамика және арнайы салыстармалық теориясының таңдаулы тараулары

    Пәннің мақсаты- электродинамика және арнаулы салыстырмалы теорияның негізгі әдістері арқылы физикалық ұғымдар мен принциптерінің қолданылуын, ғылым мен техниканың байланыстылығын көрсету, әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыру болып табылады. Курста қарастырылатын мәселелер: электрлік заряд және ваккумдағы электромагнитік өріс, электродинамиканың эксперименттік негіздері, электромагниттік өрістің теңдеулері, электромагниттік толқындар, салыстырмалылық арнайы теориясының негіздері, релятивистік кинетматика және динамика. Курсты игерген білім алушы электродинамика және арнаулы салыстырмалы теорияның негізгі әдістері арқылы есептер шығарып үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Техникалық және кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты- магистранттардытехникалық және кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында физиканы оқыту үрдісмен таныстыру және оқыту әдістемесін меңгерту. Курста физиканы оқыту мақсаты мен міндеттеріне сәйкес оқу жоспарлары, оқыту әдістері мен түрлері, бақылау, өзіндік жұмыс және жеке жұмыстарды жүргізу үшін дидактикалық материалдарды іріктеу, техникалық және кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында жаңа технологиялар негізінде білім берудің тиімді тәсілдері қарастырылады.Курсты игергеннен соң білім алушы техникалық және кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында жаңа педагогикалық технология негізінде физика курсынан сабақ берудің әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қиындығы жоғары және олимпиада есептерін шығару әдістемесі

    Курстың мақсаты:мектепте дарынды балалармен жұмыс жасай отырып, олардың ерекше қабілетін дамытуға, физикадан олимпиада есептерін тиімді жолдармен шығарудың әдістемесін меңгерту. Курста физиканың барлық бөлімдері бойынша күрделі есептерді деңгейлік тапсырмалармен шығару қарастырылады. Сонымен қатар, оқушыларды физикадан пәндік олимпиада кездесетін теориялық және экспериментік есептерді қою және оны шығаруда, талдауға, олимпиадаға дайындық барысында қажетті әдістемелік ақпарат көздерін іздеуге, ғаламтор желісіндегі ресми сайттардағы білім сайысына қатысу жолдары қарастырылған. Білім алушылар стандартты емес және олимпиада есептерін шығару барысында оқушыларға теориялық және практикалық білімдерін шыңдаудың жолдарын, олимпиада есептерін құрастыру, шығару және оны бағалаудың жолдарын көрсете алады. Курсты меңгерген білім алушы теориялық және практикалық білімдерін оқушыларды олимпиадаға дайындауда, мектептерде пәндік олимпиадалар ұйымдастыруда қолдана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әлемнің физикалық көрінісі

    Пәннің негізгі мақсаты- білімді кеңейту, тереңдету және жалпылау негізінде физика идеясын әлем бейнесінің тұтастығын анықтайтын ғылым ретінде қарастыру.Курстың міндеттері: қазіргі жаратылыстану ғылымдарының, оның ішінде космологтардың физикалық түсініктерін кеңейту, тереңдету және жалпылау; физикалық ойлардың дамуын, физикалық эксперименттерді және физикалық фундаменталды теорияларды қалыптастыру жолдарын талдау арқылы физикалық ойлауды дамыту; болашақ физика мұғалімінің негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру; жобалық іс-әрекеттің заманауи білім беру технологиясын меңгеру. Курсты игергеннен білім алушы қоршаған әлемдегі физикалық заңдылықтардың көрінісін, әр түрлі құрылымдық деңгейдегі әлемнің физикалық көрінісінің бірлігін, материяның әр түрлі құрылымдық деңгейлеріндегі заңдылықтардың, іргелі өзара әрекеттің көріну ерекшеліктерін біледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Молекулалық физика курсын оқытуда термодинамикалық талдау әдістері

    Пәннің мақсаты- физиканы оқытуда молекулалық физика теорияларын қолдана білу және молекулалық процестерді талдау болып табылады. Пәннің қысқаша мазмұны: молекулалық физика процестерін талдау және синтездеу, қазіргі молекулалық физиканың жетістіктері. Пәнді игеру барысында магистрант молекулалық физиканың негізгі бөлімдерін, молекулалық физика теориясының негізгі заңдылықтарын талдай білу үшін физикадан теориялық білімі болу керек.Пәнді меңгерген магистрант білімін орта мектепте кәсіби қызметінде қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейінді мектептерде физикадан экскурсия ұйымдастыру

    Бейінді мектептерде физиканы оқытудың өндіріспен, табиғатпен байланысын көрсету мақсатында қолданылатын оқу құралдың бірі- экскурсия. Физиканы оқытуда педагогтың экскурсия өткізуі аса жауапкершілік пен дайындықты қажет етеді. Осы курстың мақсаты- әр түрлі нысандарға физикадан экскурсия жасау тәжірибелерімен танысып, экскурсияны жоспарлау мен өткізудің әдістемесін меңгерту.Курста физикадан экскурсияның қажеттілігі, оның түрлері мен өткізудің жалпы әдістемесі қарастырылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысы физикадан түрлі экскурсияларды жоспарлау, өткізуге дайындық,өткізу әдістемелері қарастырылады. Сонымен бірге әр сыныптағы материалдарға сәйкес автомобиль жөндеу, қалалық су қоймасы, құрылыс алаңдарына, электр станцияларына және басқа да нысандарға экскурсия ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісіп, таныстырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Арнаулы оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі

    Пәннің мақсаты -магистранттарды арнаулы орта оқу орындарында (АОО) физиканы оқыту үрдісмен таныстыру және оқыту әдістемесін меңгерту. Курста физиканы оқыту мақсаты мен міндеттеріне сәйкес оқу жоспарлары, оқыту әдістері мен түрлері, бақылау, өзіндік жұмыс және жеке жұмыстарды жүргізу үшін дидактикалық материалдарды іріктеу, арнаулы оқу орындарында жаңа технологиялар негізінде білім берудің тиімді тәсілдері қарасырылады. Курсты игергеннен соң білім алушы арнаулы оқу орындарында жаңа педагогикалық технология негізінде физика курсынан сабақ берудің әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физиканы оқытудағы ғылыми-танымдық әдістер

    Пәннің мақсаты бойынша болашақ маманға физиканы оқытудағы ғылыми-танымдық әдістерді тиімді пайдалана отырып, әлемнің ғылыми-жаратылыстанымдық, заманауи физикалық бейнесін дұрыс қалыптастыру жолдарын меңгерту болып табылады. Курста мына мәселелер қарастырылады: таным; білім; ойлау формалары; ғылыми танымның жалпы принциптері (ұстанымдары) мен әдістері; физиканы оқытуда қолданылатын ғылыми танымның әдістері; оқу экспериментінің ғылыми танымдық әдіс ретіндегі маңызы; идеалдандыру; модельдеу; ұқсастық; физиканы оқытудағы эксперименттік тәжірибелердің танымдық маңызы. Болашақ маман алған білімін физиканы оқытуда ғылыми-танымдық әдістердіфизикалық процестерді түсіндіруде тиімді қолдана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физика сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру

    Курстың мақсаты-болашақ физика пәні мұғалімдерін физиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдарын меңгерту. Курста физика пәнінен оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тәсілдері, физиканы оқытудағы оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшелігі, оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу, дамыту жолдары мен Оқушылардың танымдық қызығушылығының дүниенің біртұтастығы туралы көзқарастарына тигізетін ықпалықарастырылады. Курсты меңгеру барысында болашақ мамандар физика сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдарын біледі және оны педагогикалық қызметте тиімді пайдалану жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физикада ғылыми-педагогикалық экспериментте жасанды интеллектті қолдану

    Пәннің мақсаты: Магистранттарды физикадағы ғылыми-педагогикалық экспериментте жасанды интеллектті (ЖИ) қолданудың заманауи талаптарымен таныстыра отырып, оларды жоғары оқу орындарында ғылыми-әдістемелік тұрғыдан даярлау, болашақ оқытушылардың іздену-зерттеу қабілеттерін дамыту, педагогикалық процестің міндеттерін шығармашылықпен шешуге бейімдеу, ЖИ-дің әдіснамалық негіздерін игеру, түрлі ақпараттық көздермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, зерттеу нәтижелерін талдау, жинақтау және ғылыми ұсыныстар жасауға үйрету. Пәннің міндеттері: Магистранттарға физикадағы ғылыми-педагогикалық экспериментте ЖИ құралдарын қолданудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерту; ЖИ көмегімен эксперименттік деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістерін үйрету; ЖИ-дің статистикалық талдау және математикалық модельдеу мүмкіндіктерін көрсету; эксперимент нәтижелерін визуализациялау және интерпретациялау әдістерін жетілдіру; ЖИ технологияларын білім беру мен ғылыми зерттеулерде тиімді қолдану тәсілдерін қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бейінді мектептердегі физиканы оқытудағы пәнаралық байланыс

    Пәнді оқытудың басты мақсаты бейінді мектепте пәнаралық интеграция негізінде физиканың басқа пәндермен байланысын тағайындау арқылы тиімді оқыту әдістемесін меңгеру.Курста физиканы оқытудағы пәнаралық байланыстың мақсаты мен міндеттері, оқытудағы пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру мәселесі қарастырылады. Пәнаралық байланыс негізінде физикалық ұғымдардың терең мағынасын ашу, ғылыми көзқарас қалыптастыру жолдары, физиканы басқа пәндермен байланыстыра оқыту (математика, биофизика, информатика) мәселелері қамтылады. Білім алушы пәнді меңгергеннен соң пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қалыптасатын дағдыларды меңгереді.Физиканы оқытуда оның басқа пәндермен байланыстыра отырып интеграциялық (басқа пәндермен кіріктірілген) сабақтарды өткізеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физикадан студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері

    Пәннің негізгі мақсаты- болашақ маманарға жоо жалпы физика курсын меңгеруде студенттердің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастырудың жолдарын меңгерту. Курста мына мәселелер қамтылады: жоо да физиканы оқытудағы студенттердің өзіндік жұмысының маңызы, түрлері мен ерекшеліктері; студенттердің өзіндік жұмыстаны орындау барысында ғылыми, әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету, түрлі білім порталдарымен жұмыс жасау, өз бетімен есеп шығару барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдары; кредиттік технология бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың артықшылықтары. Курсты игергеннен соң білім алушы жоо студенттердің физикадан өзіндік жұмысының түрлерін біледі және оны ұйымдастырудың әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Физиканың іргелі саласындағы қазіргі даму тенденциялары мен тұжырымдамаларды білетінін,терең түсінетінін көрсетеді және оны ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында, кәсіби қызметте пайдаланады.
  • Физиканы зерттеудің заманауи әдістерін, олардың мүмкіндіктерін, теория мен практиканың байланысын біледі.
  • Математикалық білімі мен әдістерді физикалық процестердің математикалық модельделдерін жасауда, зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты ақпараттарды талдау, өңдеу, жүйелеу үшін тиімді қолдана біледі
  • Білім беру ортасын қалыптастырады және өзінің қабілеттерін инновациялық білім беру саясатының міндеттерін іске асыруда пайдаланады; физика-математикалық білім беру саласындағы инновациялық білім беру саясатының міндеттерін жүзеге асырады, оқыту технологияларын жүзеге асыруда жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін қолданады.
  • Білім беру және кәсіби міндеттерді шешу кезінде ғылым мен білім берудің қазіргі заманғы мәселелер туралы білімдерін көрсетеді.
  • Психология-педагогика ғылымы саласындағы мәселелерді шешеді, қазақ және шетел тілдеріндегі ақпаратты жинақтау мен таратуды жүзеге асырады, сондай-ақ инклюзивті білім беруді қамтамасыз етеді.
  • Ғылым философиясы мен тарихы саласындағы білімін пайдалана отырып, ғылыми дүниетанымның тұтастығының негізінде кешенді, соның ішінде пәнішілік зерттеулерді жүзеге асырады және жоспарлайды.
Top