6B01582 Физика мұғалімдерін даярлау в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан Республикасының Білім беру мекемелерінде білім беру қызметін жүзеге асыруға бағытталған, терең теориялық білімді көрсететін, жаңартылған білім беру жүйесі жағдайында оқытудың инновациялық әдістерін меңгерген бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие жоғары білімді мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B010 Физика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Физикадағы зерттеу әдістері
Пәнді оқытудың мақсаты студенттерге физиканы зерттеу әдістерінің ерекшеліктері мен маңыздылығын түсіндіру және осы әдістерді қолдануға үйретуге бағытталған. Пәннің мазмұнына сәйкес курста физикадағы зерттеудің теориялық, бақылау, эксперименттік әдістерінің ерекшеліктерімен танысады. Білім алушыларда физикалық нысандар, физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеу әдістері туралы жүйелі білім қалыптасады. Пәнді меңгерген білім алушының қоршаған материалдық әлем туралы қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстанымдық көзқарасы, ғылыми түсініктері қалыптасады, логикалық ойлау қабілеті дамып, мәселе туындаған жағдайда оны тез шеше алады, зерттеу кезінде ақпараттар арасынан маңыздысын іріктей алады, эксперимент нәтижелерін талдап, қорытынды жасау қабілеті артады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пəннің мақсаты - мектеп жасындағы балалардың анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері, əртүрлі жастағы өсу жəне даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру. Бұл пән педагогикалық мамандықтарға арналып дайындалған жəне болашақ мұғалімдер мен тəрбиешілерді кəсіби тұрғыдан дайындауға бағытталған. Бағдарлама онтогенездің əр түрлі кезеңдерінде организм тіршілігінің, өсу жəне даму барысында ағзалардың жəне ағзалар жүйелерінің қызмет етуінің ерекшеліктерінің заманауи мəселелерін қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мамандыққа кіріспе
Курстың мақсаты –физика мұғалімі мамандығын таңдалған білім алушылардың мамандыққа қызығушылығын ыңталандыру, оқутыға сонымен қатар кәсіби білімді алудың заманауи әдістеріне саналы қатынасқа ықпал ететін дүниетанымын қалыптастыру. Курс мазмұны бойынша ҚР-дағы педагогикалық білім беру жүйесі, жоо-да оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, формалары, кредиттік технология бойынша оқыту процесін ұйымдастыру, педагогтың жалпы сипаттамасы, сөйлеу мәдениеті, коллабарациялық ортадағы қатынасы, оның кәсіби маман болып қалыптасу кезеңдері қарастырылады. Курсты оқып-үйрену студенттерді болашақ мамандығымен таныстыруға, таңдаған мамандық туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға және қажетті білім мен дағдыларды игеруге ынталандыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Механика
Пәнді оқытудың мақсаты жалпы физиканы оқып-үйренуде қоршаған ортада болып жатқан процестерді терең түсіну үшін қажетті механиканың негізгі қадидаларын меңгертуге бағытталған. Курс мазмұны бойынша материалдық нүктенің кинематикасы мен динамикасы, сақталу заңдары, қатты дененің механикасы, серпімділік күші, үйкеліс күші ықпал ететін жүйедегі қозғалыс, бүкіләлемдік тартылыс күші, инерциялы емес санақ жүйесіндегі қозғалыс, арнайы салыстырмалы теория элементтері, сұйықтар мен газдар механикасы, тербелістер мен толқындар, акустика мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгеру барысында білім алушы физикалық құбылыстар мен олардың өту ерекшеліктерін білуі, физикалық шамалар арасындағы байланысты математикалық түрде өрнектей алуы, оның физикалық мағынасын терең түсінуі, оны физикадан есеп шығаруда және физикалық заңдарды талдау үшін қолдана алуы, өлшеу жүргізу және одан алынған нәтижелерді өңдеу, бағалай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәнді оқудың мақсаты студенттерді күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қаржылық ресурстарын тиімді басқаруға дайындау болып табылады. Курс отбасылық бюджеттің кірістері мен шығыстары, салық салу, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласында сауатты қаржылық шешімдер қабылдау үшін базалық білімді зерделеуді, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында бизнес-жоспарлауды, қаржы нарығын, оның негізгі сегменттерін реттеу және жұмыс істеу механизмін оқытуды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік
Мақсаты: Бұл курс студенттерге болашақ кәсіби қызметіне байланысты экономикалық білім беруге, талдау дағдыларын және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Курстың бір бөлігі ретінде студенттер өздерінің қызмет салаларында қолданылатын экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптерін меңгереді. Негізгі экономикалық түсініктер, экономикалық ақпаратты талдау әдістері, экономикалық шешімдерді қабылдау принциптері және бизнес стратегиялары қарастырылады. Нәтиже: Курсты аяқтағаннан кейін студенттер табысты кәсіптік қызметке қажетті экономикалық білімге ие болады. Олар сондай-ақ экономикалық жағдайларда негізделген және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін аналитикалық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Молекулалық физика және термодинамика
Пәнді оқытудың мақсаты молекулалық физика және термодинамика саласындағы білімін теориялық және эксперименттік зерттеулердің негізінде оқып-үйрету, болашақ кәсіби қызметінде, зерттеу жұмыстарында қолдануға бағыттауға негізделген. Курста газдардың МКТ негізгі мәселелері, статистикалық әдіс мен ықтималдықтар теориясының элементтері, Максвелл және Больцман таралулары, термодинамика бастамалары, тасымалдау процестері, нақты газдар мен сұйықтар, қатты денелер, фазалық түрленулер қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар миркобөлшектерден тұратын жүйенің күйін физикалық және математикалық тұрғыда сипаттай алатын болады және молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдары мен принциптерін меңгереді, практикалық есептер шығара алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Мақсаты – құқықтық білімнің негіздерін түсіндіру, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қоғамда саналы түрде құқықтық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі мен оларды дұрыс қолдана алуы үшін базалық білім беру. Азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыратын, мемлекет пен құқықтың мәнін, құрылымын түсіндіретін пән. Бұл пән арқылы студенттер өз құқықтары мен міндеттерін, заңның рөлін, құқық салаларын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және т.б.) және заң бұзушылық үшін жауапкершілікті үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физикалық құралдар және өлшеу нәтижелерін өңдеу
Пәнді оқытудың мақсаты білім алушыларды өлшеу приборларымен және оның жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, физикалық шамаларды өлшеудің әдістерін, оның нәтижелерін өңдеудің күрделі тәсілдерін үйретуге бағытталған. Курстың мазмұнына сәйкес физикалық өлшеу құралдары мен олардың классификациясы; физикалық шамалар және олардың түрлері; физикалық шамаларды өлшеу әдістері; өлшеу қателіктері және олардың түрлері; өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері (статистикалық, графиктік және ең аз квадраттар); өлшеу нәтижелерін бағалау критерийлері қарастырылады. Пәнді меңгерген білім алушы кез-келген физикалық экспериментті жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарды орынымен қолдана отырып, физикалық процестерге бақылау жүргізе алады, өлшеу нәтижелерін толық өңдей алады, болашақта кәсіби қызметінде де пайдалана алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Электр және магнетизм
Курсты оқытудың негізгі мақсаты – электр және магнетизм саладағы физикалық теорияны ғылымның осы кезге дейінгі теориялық және эксперименттік зерттеулердің жемісі ретінде көрсету. Курстың мазмұны бойынша электр және магниттік құбылыстардың табиғаты туралы ғылыми көзқарастардың қалыптасуы, электростатика, электр өрісіндегі өткізгіштер, диэлектриктердегі өлектр өрісі, электростатикалық өрістің энергиясы, тұрақты ток, әр түрлі ортадағы (қатты денелердегі, электролиттердегі, газдардағы) электр тогы, магнит өрісі мен заттың магниттік қасиеттері, элетрмагниттік индукция, электрмагниттік өріс, электрмагниттік тербелістер мен толқындар қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар негізгі физикалық құбылыстар мен заңдарды, үрдістерді айқын түсініп, физикалық құбылыстар мен шамаларды математикалық әдістердің көмегімен өрнектеп, физиканың негізгі заңдарын теорияларын қолданып, практикалық есептерді шығара алуы, анықтамалық әдебиеттер мен қажетті ғылыми-техникалық мағлұматтарды ізденіп, қолдана білуге үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Математикалық талдау
Математикалық талдау пәнін игерудің мақсаты болашақ мамандардың физикалық құбылыстар мен процестерді талдау кезінде математикалық аппаратты және математикалық әдістерді қолдана білуін қалыптастыру болып табылады. Сандық тізбектің шегі. Функцияның шегі, үздіксіздігі, бірқалыпты үздіксіздігі. Дифференциалдық есептеу негіздері. Интегралдаудың негізгі әдістері. Белгілі интеграл және оның физикалық қосымшалары. Қолдану меншіксіз интегралдар. Көп айнымалылардың функциялары. Еселік интегралдар. физикалық есептерді шешу үшін математикалық әдістерді қолдану.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пәннің мақсаты – білім алушыларды еңбек қызметі мен күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындау. Бұл еңбек қауіпсіздігі негіздерін, жұмыс орнында жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ әртүрлі төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар жағдайында адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуді қамтиды. Білім алушылар өндірістік және тіршілік әрекеті жағдайларында өмірді, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экология және тұрақты даму
Пәннің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру. Экология мен тұрақты даму арасындағы байланыс пен айырмашылықтарды түсіндіру; табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық проблемаларға шешім табу жолдарын үйрету. Пәннің мазмұнында экологияның негізгі заңдылықтары, табиғат ресурстарының сарқылуы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, қалдықтар мәселесі және басқа экологиялық мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Бұл курстың мақсаты әлеуметтік, мәдени және азаматтық даму үшін жалпы білім беру құзыреттерін дамыту болып табылады. Бұл курс болашақ мұғалімдерге теориялық білім береді: Жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі, құрылымы, міндеттері мен функциялары. Жемқорлыққа қарсы сана және жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі және функциялары. Шет мемлекеттерде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жемқорлыққа қарсы мәдениет: даму тетіктері мен институттары. Жеке тұлғаның жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытудағы отбасының рөлі. Жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері. Қоғамдық бақылау жемқорлыққа қарсы күрес тетігі ретінде. Жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие беру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Педагогика
Пәннің мақсаты болашақ мамандарға педагогика ғылымдарының теориялық негіздерін, тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын меңгерту, тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білімдер және іскерліктер жүйесін қалыптастыру болып табылады. Негізгі тақырыптар: Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны. Педагогика əдіснамасы мен əдістері. Педагогикадағы тұлға дамуына байланысты мәселелер. Білім мəні мен маңызы. Оқу процесінің мəн-мағынасы. Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Астрономия
Пәннің мақсаты білім алушыларға ғарыш кеңістігіндегі аспан денелері мен аспан денелерінен құралған жүйелерді, олардың құрылымы мен пайда болуы, дамуы, оларда болып жатқан құбылыстар, заманауи ғарыштық зерттеулер туралы базалық білім беруге бағытталған. Пәннің мазмұны бойынша практикалық астрономия негіздері, аспан денелерінің қозғалыс заңдылықтары, Күн жүйесіндегі ғаламшарлар табиғаты, Күн және жұлдыздар, Құс жолы, Әлемнің құрылымы мен эволюциясы, ғарыштық зерттеудің жетістіктері қарастырылады. Курсты оқыған білім алушы астрономиядағы зерттеудің негізгі әдістерімен танысады, астрономиядағы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды қолдана отырып, ғылым мен техниканың байланысын көрсете алады, Әлемнің заманауи ғылыми бейнесін сипаттай алады, болашақта кәсіби қызметінде пайдалана алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Астрофизика негіздері
Курстың мақсаты- аспан денелерінің физикалық табиғатын, онда өтетін құбылыстарды физика заңдарының негізінде оқып-үйрену. Курстың мазмұнына қарастырылатын мәселелер: сәйкес жұлдыздар, галактикалар, экзопланеталар және т.б. да астрономиялық нысандардың жүйесін, құрылымын, оны сипаттайтын параметрлерді, олардың араларындағы кеңістікті физика және химиялық принциптер негізінде анықтау әдістері. Курсты оқу барысында білім алушылар теориялық материалдарды меңгереді, сфералық координаталарға байланысты есептерді шығара алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Оптика
Пәнді оқытудың мақсаты- болашақ маманның негізгі оптикадағы заңдар мен процестерді теориялық және эксперименттік тәжірибелер арқылы айқын түсінуге оларды математикалық әдістермен өрнектей білуге, практикалық есептер шығара білуге үйретуге негізделген. Курстың мазмұнына сәйкес фотометрия, жарық дифракциясы, оптикалық голография әдісі, геометриялық оптика негіздері, жарықтың изотропты және анизатропты орталарда таралуы, жасанды анизотропия, жарықтың дисперсиясы, сәуле шығару түрлері, жарықтың әсері, жарықтың ортада таралуы қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар жарық құбылыстары мен заңдарды, үрдістерді айқын түсініп, оны математикалық әдістердің көмегімен өрнектеп, есеп шығаруда қоллданады, өз беттерінше анықтамалық әдебиеттер мен қажетті ғылыми-техникалық мағлұматтарды ізденіп, қолдана білуге үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
Пәннің мақсаты анықтауыштар теориясы, матрицалық талдау, сызықты теңдеулер жүйесін шешу әдістері туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады. Жиындар теориясының элементтері. Сызықты теңдеулер жүйесі. Анықтауыштар. Кешенді сандар. Векторлардың скаляр, векторлық және аралас көбейтіндісі және олардың қосымшалары. Жазықтықтағы координаталар әдісі. Жазықтықтағы екінші ретті қисықтар. Кеңістіктегі беттер мен сызықтардың теңдеулері. Екінші ретті беттер және олардың канондық теңдеулері. Болашақ ғылыми жұмыс процесінде одан әрі қолдану үшін сызықтық алгебра математикалық аппаратын меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Классикалық механика
Пәнді оқытудың мақсаты білім алушыларды классикалық динамикалық жүйелерді зерттеудің жалпы әдістеріне рналған теориялық физика бөлімімен таныстыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушылар механиканың негізгі модельдерімен танысады, ондағы іргелі физикалық идеялар мен математикалық әдістер туралы түсінік қалыптасып, механика есептерін шешу әдістерін меңгереді. Классикалық механиканың мазмұнына сәйкес курстың мазмұнында бүкіл физикаға ортақ маңызды физикалық ұғымдар: кеңістік пен уақыт туралы түсінік, салыстырмалылық принципі, себептілік принципі, сақталу заңдары, сақталу заңдары және олардың кеңістік-уақыттық симмитриялық қасиеттерімен байланысы, вариация принципі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру
Бұл курстың мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Менеджмент (минор 1)
Пәннің мақсаты ұйымдар мен ресурстарды тиімді басқару үшін қажетті принциптерді, әдістер мен құралдарды зерттеу болып табылады. Қазіргі заманғы басқару ғылымы Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздерін қамтиды. Курста ұйымдардың түрлері, қасиеттері мен сипаттамалары, ұйымның ішкі және сыртқы ортасы, басқару әдістерінің жіктелуі, қазіргі заманғы компаниялардың қызметін жоспарлау, негізгі, пессимистік және оптимистік даму сценарийлері оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қатты дене механикасы
Курстың мақсаты механика бөлімінің бір тарауы болып саналатын қатты дененің механикасын тереңдетіп оқытуға бағытталған. Курста қатты дененің кинематикасы мен динамикасын зерттеу, қатты дененің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысы, гираскоптардың қозғалыс заңдылықтары тереңдетіп оқытылады. Курсты меңгерту барысында білім алушыларға бақылауға, эксперимент жүргізе отырып, ой қорытындылауға, алған теориялық білімін практикада қолдана білуге үйретеді. Курсты меңгеру барысында білім алушы қатты дененің қозғалыс заңдылықтарын, негізгі физикалық ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық өрнектерін түсініп, есеп шығаруда қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Физиканы оқытудың технологиясы мен әдістемесінің жалпы мәселелері
Пәннің мақсаты -болашақ физика пәні мұғалімдерінің кәсіби-педагоикалық қызметіне қажетті меңгеруі тиіс теориялық білімдер мен дағдыларды, икемділіктерді үйрету. Физиканы оқыту үдерісінде негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыру, іргелі физикалық заңдарды түсіндіру, оны практикада қолдана білуге үйрету пән мұғалімінің теориялық және кәсіби дайындығын қажет етеді. Курста ҚР білім беру жүйесіне сай физиканы оқытудағы технологиялар мен әдістемелер қарастырылады: орта мектепте физиканы оқытудың міндеттері, қазіргі кездегі оқыту үдерісіндегі оқыту тұжырымдамасы, физикадан ұйымдастырылатын сабақ формалары, оқыту әдістері (ауызша баяндау, демонстрациялық эксперимент, есеп шығару), оқушының білімін бағалау, сыныптан тыс жұмыстар), проблемалық оқыту, жаңа педагогикалық технологиялар қарастырылады. Курсты меңгеру нәтижесінде білім алушылар оқытудың прициптері мен міндеттеріне сәйкес дүниенің біртұтас ғылыми-жаратылыстанымдық бейнесін танытатын оқу жоспарларын (ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ) жасай алуы, оқыту технологияларын, оқушылардың білімін бағалау әдістерін меңгеруі, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізе білуі керек.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп физика эксперименті техникасы 1
Пәннің мақсаты - негізгі мектеп физикасы курсында оқытылатын физикалық құбылыстар туралы білімді бекіту, оқушыларға физикалық эксперимент арқылы олардың өту ерекшеліктерін түсіндіру және физика кабинетінде жабдықтармен жұмыс істеу техникасын меңгеру. Курс негізгі мектептің физика курсының бағдарламасына сәйкес көрсетілген барлық физикалық эксперименттердің әдістемесі мен техникасын, мектептегі физика кабинетінің құрылымын, мектептегі физикалық экспериментке қойылатын дидактикалық талаптарды қамтиды. Курсты бітірген білім алушы негізгі мектепте физика пәнін оқыту процесінде оқу эксперименттерін қою техникасы мен әдістемесін меңгереді, тәжірибелік дағдысы мен шеберлігі дамиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Атом және атом ядросы физикасы
Пәнді оқытудың мақсаты- білім алушыларға атом және ядролық физиканың терминологиясын, заңдары мен эксперименттік техникасын үйрету, элементар бөлшектер мен ядроның құрылымының қасиеттері негізінде жаңашыл ғылыми-жаратылыстанымдық көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Курстың мазмұны бойынша атом туралы кванттық тұрғыдағы түсініктер, жарықтың толқындық және корпускулалық дуализмі мен кванттық механикадағы негізгі ұғымдар мен қатты денелердің кванттық физикасы, атом ядросының физикасы мен ядролық физиканың тәжірибелік әдістері, ядролық реакциялар мен қарапайым бөлшектер физикасы, қолданбалы ядролық физика туралы мәселелермен қоса физиканың осы зерттеу саласындағы қол жеткізген ғылыми жаңалықтары мен оған Қазақстандық ғалымдардың үлесі қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар теориялық материалдарды меңгереді, есеп шығара алады, эксперименттерді жүргізу әдістері мен нәтижелерді өңдеуді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп физика есептерін шығару әдістемесі
«Мектеп физика есептерін шығару әдістемесі» курсының мақсаты- мектептегі физика есептерін шығару жолдары мен әдістемесін үйрету. Бұл курс -болашақ физика пәні мұғалімінің теориялық және практикалық дайындығын нығайтуда ең маңызды пәндердің бірі. Физика пәні мұғалімінің кәсіби біліміне, сипаттамасына қойылатын негізгі әдістемелік талаптардың бірі - мектеп бағдарламасындағы әр түрлі қиындықтағы есептерді шығару әдістерін меңгеруі, есептерді іріктей және құрастыра білуі. Курсты толық аяқтаған білім алушы мектепете физика есептерінің түрлерін, шығару тәсілдері мен алгоритмін, физика есептеріне қойылатын дидактикалық талаптарды біледі және оны физиканы оқытуда қолдана алады. Курста физика есептері туралы жалпы мағлұмат, физика есебінің түрлері, ерекшелігі, классификациясы, есеп шығарудың жалпы әдістері мен тәсілдері, оқушыларды есеп шығаруға үйрету әдістемесі қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Пәнінің мақсаты - студенттерді жобалаудың педагогикалық технологияларын қолдана отырып, жоғары өнімді электронды оқыту үшін оқу материалдарын жасауға үйрету, білім беру ортасында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Пән таңдалған мамандық бойынша студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыратын теориялық курс ретінде әрекет етеді. Басқа педагогикалық және әдістемелік пәндермен бірге бұл курс қашықтықтан оқыту, электронды оқыту, электронды оқытудың теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері контекстінде дизайнер-мұғалімнің мәні туралы білімді қалыптастырады, олардың мағынасын, білім беруде қолдану механизмін тереңірек түсінуді қамтамасыз етеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Физиканы оқытудағы цифрлық білім беру және жасанды интеллект
Пәннің мақсаты білім алушылардың физика саласында цифрлық және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдана отырып, теориялық және практикалық білім алуға жағдай жасау. Студенттер цифрлық технологиялар мен құралдарды қолдану дағдыларын меңгереді, жаңа әдістер мен құралдарды пайдалануға мүмкіндік алады. Физикалық эксперименттерде деректерді жинау және талдау үшін жасанды интеллектті қолданып, физикалық модельдер құрады. Цифрлық білім беру технологиялары арқылы білім берудің сапасы артады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Электродинамика
Курстың мақсаты-білім алушыларға электромагниттік құбылыстарды зерттеу мен сипаттаудың негізгі теориялық әдістерін оқыту, алған білімі мен дағдысын классикалық электродинамикадағы есептерді шешуге қолдану дағдысын қалыптастыру. Электродинамика курсында білім алушылардың электродинамиканың негізгі идеяларымен танысып, іргелі заңдарын оқып үйренуі олардың ғылыми-жаратылыстанымдық дүниетанымның қалыптасуына зор ықпал етеді. Курсты оқыту барысында оның электрдинамикадағы іргелі тәжірибелер негізінде қалыптасқан, жалпылама заңдарға негізделіп, кейін өріс теориясы ретінде дамығаны сипатталады. Курста вакуумдағы электромагниттік өріс теориясын және ортаның электрдинамикасын қарастыру ұсынылған, электрлік заряд және ваккумдағы электромагнитік өріс, электродинамиканың эксперименттік негіздері, электромагниттік өрістің теңдеулері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Электродинамика және арнайы салыстырмалық теориясы
Пәннің мақсаты - электродинамика және арнайы салыстырмалылық заңдары негізінде физикалық ұғымдар мен принциптердің қолданылуын, ғылым мен техниканың өзара байланысын көрсету, әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыру. Курста релятивистік кинематика мен динамиканың негіздері, кейбір физикалық шамалардың инварианттылығы, Эйнштейн мен Лоренцтің постулаттары, Гамильтон функциялары, бөлшектердің ыдырауы және олардың серпімді, серпімді емес соқтығысуы қарастырылады. Электродинамиканың негізгі әдістері мен арнайы салыстырмалылықтың көмегімен әдіснамалық жалпылау жолдарын, физикалық ұғымдар мен принциптерді қолдануды, олардың қазіргі ғылым және техникамен байланысын көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
HR менеджмент (минор 2)
Курстың мақсаты студенттердің адами ресурстарды басқару саласындағы ұйымдастырушылық-басқару қызметінің білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру (АРБ). Компания қызметкерлері. АРБ саласындағы тиімді технологиялар. "Ассесмент-орталық" қызметкерлерді іріктеу және бағалау жүйесінде. Персоналды бағалаудың диагностикалық жүйесі. Кадрлық консалтинг. Мотивация жүйесін қалыптастыру және жетілдіру технологиясы. Кадрлық резервті құру принциптері. Персоналды диагностикалау құралдары. Бейімделудің заманауи әдістерін салыстыру: тәлімгерлік; баддинг; кураторлық және job shadowing. Диагностикалық картаны әзірлеу және модельдеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Конструктивті оқыту әдістемесі
Курстың мақсаты сындарлы оқытуда іскерлік дағдыларды қалыптастыру, студенттерді кәсіби қызметінде констуктивті оқыту әдістерін қолдана білуге үйрету, студенттердің жалпы әдістемелік білім деңгейін жетілдіру, пән бойынша жүйелі білімді қалыптастыру, оқыту әдістерін зерделеу, талдау кезінде болашақ мамандардың шығармашылық ойлау деңгейін дамыту болып табылады. Курстың негізі оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері болып табылады, онда мұғалімнің табысты оқудағы рөлі мен ұстанымы және кәсіби құзыреттілігі қарастырылады. Математика бойынша білім нəтижелерін қазіргі бағалаудың өлшемдік технологиялары саласында студенттерді теориялық дайындау жəне мектепте саралап оқыту жағдайында математикадан оқыту нəтижелерін бағалауда қазіргі уақыттағы құралдарды пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Физика есептерін шығару практикумы
Пәннің мақсаты- теориялық білімінің қолданысын қамтамасыз ету мақсатында жалпы физика курсынан алған теориялық білімін негіздеуге, жалпылауға арналған күрделі есептер шығарту арқылы практикалық дағдыларды қалыптастыру. Пәннің мазмұнына сәйкес курста күрделі эксперименттік, графиктік, сандық және сапалық есептер беріледі. Курсты меңгерген білім алушы практикалық есептерді шешуде сәйкес физикалық әдістерді таңдап, қолдана біледі, практикалық есептерді шешуде теориялық және эксперименттік нәтижелерін талдап, оның дәлдігін бағалай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ХХ ғасырдағы физиканың дамуы
Пәннің мақсаты- физикадағы іргелі құбылыстар мен заңдылықтардың ашылу тарихы және де физика ғылымының пайда болуы туралы негізгі мәліметтермен танысу. Пәнді оқу барысында электр және магнетизм идеяларының дамуы, электромагниттік индукция, Максвельдің электромагниттік өріске арналған теориясы, Герц тәжірибелері, электротехника ғылымының пайда болу мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Дифференциал теңдеулер
Пәннің мақсаты дифференциалдық теңдеулерді және олардың жүйелерін шешу әдістерін зерттеу, сондай-ақ олардың ғылым мен техникадағы әртүрлі үдерістерді модельдеу және талдау үшін қолданылуын түсіну. Курста айнымалылары ажыратылатын және оларға келтірілген теңдеулер қарастырылады. Біртекті, сызықтық теңдеулерді, Бернулли, Лагранж, Клеро, Риккати теңдеулерін толық дифференциалдарда шешу әдістері көрсетілген. Екінші және жоғары ретті тұрақты коэффициенттері бар сызықтық біртекті, біртекті емес теңдеулер және ретін төмендетуге әкелетін теңдеулер қарастырылады. Дифференциалдық теңдеулер жүйесін шешу. Әр түрлі салаларда дифференциалдық теңдеулерді қолдану.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физика тарихы
Пәннің мақсаты-болашақ мамандарды физикадағы іргелі құбылыстар мен заңдылықтардың ашылу тарихы және де физика ғылымының пайда болуы туралы негізгі мәліметтермен танысу. Курста мына мәселелер қарастырылады: физиканың даму тарихы пәнінің мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, физика ғылымының даму тарихының негізгі этаптары;17-18 ғғ. классикалық механиканың жетістіктері; термометрия; электромагниттік өріс теориясы және электромагниттік толқындардың ашылуы; Антика ғылымы, орта ғасырдағы Шығыс және Европа ғылымының жетістіктері; Ғылым және қоғам. Курста алған білімдерін физика сабағында, сыныптан тыс жұмыстарда қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Физиканы оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялар
Пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарға физиканы оқытуда озық педагогикалық технологияларды қолданып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, білім сапасын арттыруға дайындау. Курстың мазмұнына сәйкес тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы, оқушы қызметіндегі белсенділікті арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар, оқу процесін тиімді ұйымдастыру және басқару негізінде педагогикалық технологиялар, дидактикалық білім беру және материалдық педагогикалық технологиялар, тұлғалық-пәндік педагогикалық технологиялар, баламалы педагогикалық технологиялар, дамыта оқыту технологиялары сияқты білім берудегі заманауи инновациялық технологияларды физиканы оқытуда қолдану әдістемесі қарастырылады. Курсты меңгерген білім алушы оқыту процесінде заманауи педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану жолдарн үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көшбасшылық және жауапкершілік (минор 3)
Пәннің мақсаты студенттердің көшбасшылық, коммуникация, уақытты басқару, дағдыларын дамыту және олар үшін кәсіби және жеке өмір контекстінде шешім қабылдау мен жауапкершілікті дамыту болып табылады. Пән көшбасшылық пен жауапкершіліктің әртүрлі аспектілерін зерттейді, олар көшбасшылықтың негізгі теорияларын, мотивация мен әсер ету әдістерін, команда мен қақтығыстарды басқаруды, қарым-қатынас пен шешім қабылдау дағдыларын дамытуды қамтиды. Сондай-ақ этика, әлеуметтік жауапкершілік және көшбасшылық мінез-құлықтың әртүрлі үлгілері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектеп эксперименті техникасы 2
Пәннің мақсаты - орта мектеп физикасы курсында оқытылатын негізгі физикалық құбылыстар туралы білімді бекіту, оқушыларға физикалық эксперимент арқылы олардың өту ерекшеліктерін түсіндіру және физика кабинетінде жабдықтармен жұмыс істеу техникасын меңгеру. Курс орта мектептің физика курсының бағдарламасына сәйкес көрсетілген барлық физикалық эксперименттердің әдістемесі мен техникасын, мектептегі физика кабинетінің құрылымын, мектептегі физикалық экспериментке қойылатын дидактикалық талаптарды қамтиды. Курсты бітірген білім алушы орта мектепте физика пәнін оқыту процесінде оқу эксперименттерін қою техникасы мен әдістемесін меңгереді, тәжірибелік дағдысы мен шеберлігі дамиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Радиоэлектроника
Пәннің басты мақсаты түрлі электронды құрылғылар мен қондырғылардың негізінде, сигналдарды өндіру, тасымалдау, өңдеу, түрлендіруге байланысты іргелі физикалық заңдылықтарды баяндау және талдауға бағытталған. Курстың мазмұнына сәйкес радиотехникалық тізбектер мен сигналдар, жартылай өткізгіштік приборлардың жұмыс істеу принципі, интегралды микротізбектер және олардың жұмыс істеу принципі, аналогты микроэлектроника, сызықты емес электронды тізбектер, импульстық құрылымдар, сандық микроэлектроника, радиоэлектроникалық қондырғыларды қоректендіру көздері және электроника саласындағы жаңа зерттеулер қарастырылады. Пәнді игерген білім алушы электрондық қондырғылардың жұмыс істеу принципін және олардың тізбектеріндегі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар туралы толық түсінік алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикны оқытудағы STEAM технология
Курстың мақсаты- болашақ педагогтарды STEAM технологиясын меңгерту арқылы оқушыларды оқуға ынталандыру және олардың сыни ойлау, проблеманы шешуде ынтымақтастық, шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру жолдарын үйрету. Курста STEAM технологиясының көмегімен физиканы оқытуда оқушыларға ақпаратты талдауды, мәселелердің шешімін іздеуді, өз идеяларын дәлелдеуді және топта жұмыс істеуді үйретеу жолдары, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын және заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту жолдарын қарастырылады. Курсты меңгерген білім алушы оқушыларды физикадан алған білімін шынайы практикалық мәселелерді шешуде қолдануға үйретудің әдістемесін біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Кванттық механиканың физикалық негіздері
Пәнді оқытудың басты мақсаты-білім алушылардың теориялық физиканың бөлімдерін (кванттық теорияны) терең түсінуі, зерттей алуы үшін іргелі негіз боларлық физикалық және математикалық, жаратылыстану-ғылыми білімі мен дағдыларымен қамтамассыз ету болып табылады. Курста кванттық механиканың физикалық негіздері, кванттық теориядағы жуықталған әдістер, орталық өрістегі қозғалыс, кванттық механикадағы заманауи әдістер оқытылады; сонымен қатар студенттерде кванттық жүйелерді сипаттауға амалдар туралы білім, сонымен қатар нақты кванттық-механикалық есептерді шешу дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Статистикалық физика
Пәннің негізгі мақсаты статистикалық теориялардың мәнін түсіндіретін, макроскопиялық жүйелердің статистикалық заңдылықтарын терең зерттеуге негізделген түрлі әдістерді жан-жақты зерттеуге бағытталған. Курс мазмұнына сәйкес қарастырылатын мәселелер: статистикалық физиканың негіздері, статистикалық термодинамика, термостатта орналасқан жүйелердің статистикалық үлестірілуі, идеал және нақты газдардың қасиеттері, фазалық тепе-теңдіктер және фазалық ауысулар, идеал газдың кванттық статистикасы, флуктуация теориясының элементтері. Сонымен қатар статистикалық физиканың практикалық есептерін шығару дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикадан сыныптан тыс жұмыстар
Пәнді оқытудың мақсаты болашақ физика мұғалімдерін сыныптан тыс іс-әрекеттерді ұйымдастыруға дайындау, сыныптан тыс іс-әрекеттің мәнін түсіндіру, сабақтан тыс іс-шаралар әдістемесін игерту болып табылады. Курсттың мазмұны физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерінің әлеуметтік, тәрбиелік, білім беру аспектілері, мәні; орта мектепте сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу кезіндегі негізгі мемлекеттік құжаттар мен оқу –әдістемелік, ғылыми және т. б. әдебиеттер, физика пәнін адамзат өмірінде, техниканы дамытуда қолданудың маңызын ашу; физикалық пікірталастарды, пікірталастарды, конференцияларды, апталар мен онкүндіктерді, және басқа да сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудағы жаңашыл мұғалімдердің жұмыс тәжірибесімен таныстыруды қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физиканы оқытудың технологиясы мен әдістемесінің дербес мәселелері
Курстың мақсаты- білім алушыларға оқытудың прициптері мен міндеттеріне сәйкес дүниенің біртұтас ғылыми-жаратылыстанымдық бейнесін қалыптастыратын оқыту технологияларын, оқушылардың білімін бағалау әдістерін меңгерту және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізе білуге үйрету. Курс мазмұнына сәйкес мына мәселелер қарастырылады: физиканы оқыту процесінде негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыру жолдары, іргелі физикалық заңдарды түсіндіру, оны практикада қолдана білу тәсілдер, пән мұғалімінің теориялық және кәсіби дайындығын қамтамасыз ету жолдары. Сондай-ақ курста физиканы оқытудағы жекелеген бөлімдерін оқытудың әдістемелік мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгерген болашақ физика мұғалімдерінде педагогикалық тәжірибені талдау дағдылары, пелагогикалық зерттеудің әдістерін өз бетінше қолдану тәжірибесі, кәсіби-әдістемелік білімдерін жүйелеу, физиканы оқыту тәжірибесінде инновациялық тәжірибені қолдану тәжірибесі қалыптасады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі жаратылыстанудағы ғылыми-зерттеу
Пәннің мақсаты-білім алушыларды жаратылыстану ғылымдарының негізгі қағидаларымен және заманауи ғылыми зерттеулердің бағыттарымен таныстыру. Пәннің мазмұнына сәйкес курста жаратылыстану ғылымдарындағы қазіргі заманғы зерттеу бағыттары, ғылымның дамуы, мегадүниені зерттеу, Әлемнің пайда болуы, құрылымы, микродүние, вакуум, атом, кванттық механика, Әлемнің кванттық-өрістік бейнесі, Дүниенің ғылыми көрінісіндегі кеңістік пен уақыт және оған заманауи көзқарастар, химиялық және биологиялық зерттеулердің болашағы, гендік инженерияның жетістіктері, экология және т.б. қарастырылады. Курсты меңгерген білім алушы жаратылыстану салаларының жалпы негізгі идеяларын біледі және оны кәсіби қызметінде қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикадан олимпиада есептерін шығару
Пәннің мақсаты: Болашақ физика мұғалімдерінің пәндік-теориялық білімдерін тереңдету, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, олимпиадалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін меңгерту арқылы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру. Қысқаша сипаттама: курста олимпиада есептерінің түрлері, ерекшеліктері мен оны шығару жолдары, эксперименттік есептерді шығару арқылы өлшеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ядролық реакциялар және қолданбалы ядролық физика
Пәннің мақсаты: ядролық физикадағы негізгі зерттеу әдістері мен ядролық физиканың техникамен өзара байланысын, осы зерттеулердің әлемнің физикалық бейнесін қалыптастырудағы рөлін көрсету. Курста қамтылған мәселелер: ядролық реакциялар, олардың жіктелуі. Тікелей реакция және құрамдас ядролар, резонанстық құбылыстар арқылы пайда болатын күтпеген реакциялар. Ядролардың еріксіз және күтпеген бөлінуі. Басқару мәселесі, перспективалар, термоядролық энергияны практикалық қолдану. Пәнді игеру барысында білім алушы ядролық реакциялар мен қолданбалы ядролық физика бойынша негізгі бөлімдерді терең меңгереді, ядролық физиканы қолдану туралы білімдерін толықтырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикалық кинетиканың негіздері
Курстың мақсаты- физикалық кинетиканың негіздерін оқып үйрену. Курстың мазмұны бойынша физикалық кинетиканың элементтері, Больцманның кинетикалық теңдеуі, Больцманның Н – теоремасы, Фоккер – Планк теңдеуі, бір компонентті жүйелердегі тепе – теңдіктегі емес процестер, көп компонентті жүйелердегі тепе – теңдіктегі емес процестер, релаксация уақытын жуықтау, тасымалдау теңдеуі қарастырылады. Курсты меңгерген білім алушы тепе-теңдікте болмайтын жүйелердегі (ортадағы) микроскопиялық теорияларды оқып үйренеді, яғни кванттық немесе классикалық статистикалық физика әдістерін қолдана отырып, түрлі физикалық жүйелердегі (газдар, плазма, сұйықтықтар, қатты заттар) энергияның, импульстің, зарядтың және затты тасымалдау процестерін үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кванттық механика
Пәнді оқытудың мақсаты кванттық механика заңдылықтары арқылы әлемнің физикалық бейнесін түсіндіру, кванттық механиканың негізгі ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Курста кванттық физиканың эксперименттік негіздері, Де- Бройль толқыны және оның экспериментте тексерілуі, Гейзенбергтің анықталмаушылық қатыстары, Шредингердің теңдеуі және сақталу заңдары, негізгі динамикалық айнымалылар-операторлар, кванттық гармониялық осциллятор, кванттық механиканың дамуы және қолдану шекаралары қарастырылады. Пәнді оқыған білім алушы кванттық механиканың даму тармихын, концептуалды және теориялық негіздерін, қазіргі кездегі даму бағыттарын біледі және ақпараттарды талдай алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Курстың мақсаты: білім алушыларды «ғылым», «ғылыми зерттеу» ұғымдарымен таныстырып, ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерту. Білім алушыларға педагогика ғылымының зерттеу нысаны, заңдылықтары туралы білім беру, ғылыми зерттеу әдістерін практикалық түрде қолдана білуін дамыту; ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру. Өзін қызықтыратын мәселені теориялық материалдармен толықтырып, практикалық тұрғыда тәжірибе жинауға үйрету. Өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығын қамтамасыз ету, зерттеудің әдіснамасын меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Экономика, менеджмент, маркетинг, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық және құқықтық аспектілердің негіздерін меңгерген. Экономика және басқару саласындағы заманауи басқару технологияларының рөлін және маңыздылығын түсінеді. Қолданбалы ғылымдардың негіздерін, экологияның негізгі заңдары мен қағидаттарын, еңбекті ғылыми ұйымдастыру қағидаттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы біледі.
- Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері, формалары мен тәсілдерін меңгерген; инклюзивті және экологиялық білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын түсінеді. Баланың дамуы мен өсу зандылықтарын, оқыту мен тәрбиелеу процесін, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдауды жүйелі ұйымдастыру әдістерін меңгерген, педагогикалық қызметтегі жүйелі ойлау және оны тұтастай қабылдай алады. Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект технологияларын білім беруде қолдануға қабілетті.
- Практикалық есептерді шешуде сәйкес физикалық әдістерді таңдап, қолдана біледі. Практикалық есептерді шешуде теориялық және эксперименттік нәтижелерін талдап, оның дәлдігін бағалай алады.
- Ұлттық саясаттың және түрлі мәдениеттердің көзқарастары мен дәстүрлері арасындағы өзара қарым-қатынастардың мақсаттарын және өзінің ұлттық мәдени мұрасын түсінеді.
- Графиктер мен диаграммалар түрінде берілген есептерді шешу барысында статистикалық сипаттағы ақпараттарды талдайды.
- Мектептегі физика курсын дамытудың ғылыми принциптері мен логикасын түсінеді және оқу процесінде ақпараттық ортаның мүмкіндігін пайдалана алады. Физиканы оқытудың қазіргі білім беру, соның ішінде STEАM және CLIL оқыту технологияларын меңгереді. Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыра алады және оны кәсіби қызметінде қолданады.
- Физиканың концептуалды және теориялық негіздерін біледі, физиканың құндылықтарын, физиканың даму тарихы мен қазіргі жағдайын талдайды.
- Физикалық экспериментті жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарды орнымен қолдана отырып, физикалық процестерге бақылау жүргізе алады.