6B01619 Тарих в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік оқу орындарында сабақ беруге, педагогикалық процесті, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілетті жоғары білікті тарих мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Музейтану және архивтану негіздері
Пәннің мақсаты- студенттерге мұражайлар мен мұрағаттардың мақсаттары мен міндеттері, олардың түрлері туралы, сондай-ақ олардың материалдарын ғылыми және оқу жұмыстарында пайдалану туралы білімнің қажетті көлемін беру болып табылады. Мұражайтану тарихымен және олардың қалыптасу ерекшеліктерімен танысу, музей теориясын меңгерту және белгілі бір тақырыптарды толық меңгеру үшін көрме материалдарын дайындау үдерісін қалыптастыру. Мұрағат материалдарын сараптау және сақтау, мұрағат материалдарын ғылыми- зерттеу жұмыстарында пайдалану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ежелгі Тұран этногеографиясы
Пәннің мақсаты - Тұран ойпатының табиғи-климаттық ерекшеліктерін, осы аймақты мекендеген тұрғындардың этникалық қалыптасуы мен географиялық орналасуы мәселелерін таныстыру. Курс барысында білім алушылар ежелгі Тұран аймағында өмір сүрген халықтардың қоныстану тарихын біледі; олардың дәстүрлі шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктерін анықтайды; ежелгі тарихи-этникалық процестерді археологиялық зерттеу нәтижелері негізіндеталдайды; ежелгі Тұран территориясындағы археологиялық мәдениеттер мен ежелгі тайпалардың миграциясын, шаруашылығы мен мәдени-экономикалық дамуын сараптайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы
Пәннің мақсаты -тарихилыққа дейінгі адамның пайда болуы, адамзат эволюциясы, адам қоғамның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері мен мәселелері қарастырылады. Тарихилыққа дейінгі адамзаттың қоныс аударуы және құрлықтарға таралып орналасу үдерістері, діни нанымдары мен мәдениеті, тілдің шығуының негізі аспектілері, өркениет пайда болуыны алғышарттарымен танысады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тұрақты даму
Пәнінің мақсаты: Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және қоғамның әлеуметтік, экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты даму принциптерін түсіндіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ежелгі дүние тарихы (Батыс, Шығыс)
Пәннің мақсаты- батыс және шығыс өркениетінің пайда болу тарихы, хронологиясы, даму кезеңдері, ежелгі батыс және шығыс мемлекеттерінің қалыптасуы, мемлекеттік басқару жүйесі, шаруашылық, саяси, мәдени, әлеуметтік құрылым ерекшеліктері, ежелгі шығыс халықтарының әлемдік мәдениетке, саясатқа қосқан үлесі қарастырылады, тарихи процестің күрделі сипатына Батыстың Шығысқа дәстүрлі қарсы тұруының шарттылығы түсіндіріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің себептері, алғы шарттары, негізгі әдістері мен формалары қарастырылады. Курс барысында қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық әдістері мен нысандары талданады Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: -Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен түрлерін, оның қоғамға тигізетін әлеуметтік және экономикалық зиянын түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі әдістері мен формаларын меңгерген. Бұл білім оларды құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікке баулиды. -Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдарын біледі және бұл құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіре алады. Мұғалім оқушылардың әділдік, адалдық, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерін дамытады. -Сыни тұрғыдан ойлай отырып, сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты құқықтық, моральдық және әлеуметтік мәселелерді талдай алады, оқушыларды заңға бағыну мен парасатты азамат болуға тәрбиелейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Пәнді оқытудың мақсаты — студенттерді еңбек қауіпсіздігі және қорғаныс шараларының негізгі принциптері мен әдістері туралы біліммен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жұмыс орнында қауіптерді болдырмау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардан қорғауды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Пән еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыс орнында жарақаттарды азайту және қоршаған орта мен тіршілік қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті теориялық және практикалық білімдерді игеруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пәннің мақсаты- адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын, индивидуалды дамудың әр түрлі кезеңдеріндегі мүшелер жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеру. Курс балалар мен жасөспірімдер денесінің анатомиялық-физиологиялық сипаттамаларын, олардың қоршаған орта саласындағы дамуының негізгі заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Курс онтогенетикалық даму кезеңінен бастап баланың даму ерекшеліктерін қамтиды
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Археология
Пәннің мақсаты: археологиялық деректер негізінде ежелгі қоғамдардың пайда болуы, дамуы туралы білім беру. Курс студенттерге археологиялық қазбалардың әдістерін, далалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелік амалдарын игеруге көмектеседі; ежелгі адамдардың даму эволюциясы, діни нанымдардың қалыптасуы, адамзат мәдениетінің, материалдық өндірістің, идеология мен дүниетанымның, қоғамдық қатынастардың даму кезеңдері туралы мәлімет береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Этнология
Пәннің мақсаты- этнология ғылымының терминдік-анықтамалық аппаратын, этнографиялық деректер мен зерттеу әдістерін, этнология ғылымының қалыптасу тарихын, этнологиялық мектептерімен әлем халықтарын классификациялау принциптерін, этнос теориясын, этногенезін және этникалық тарихтың теориялық аспектілерін, мәдениет және этникалық психология негіздерін, этника аралық коммуникация, этникалық жанжал оны шешу және болдырмау жолдарының концепцияларын оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Славян халықтарының тарихы
Пәннің мақсаты - Славян халықтарының тарихы курсы славян халықтарының этногенезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын қамтиды. Соның ішінде олардың рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық өмірі, мемлекеттіліктің пайда болуы, көршілес славян және славян емес тайпалар мен мемлекеттермен байланысы. Дүниежүзілік тарихтағы орны мен рөлі. Қазіргі тарихын, халықаралық қатынастарың және славян халықтарының геосаясатқа әсері қарастырылады. Славян халықтарының өзара халықаралық және экономикалық қатынастары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәннің мақсаты - студенттерде қаржылық сауаттылық саласында іргелі білім мен дағдыларды қалыптастыру, жеке қаржыре сурстарын тиімді басқару, қаржылық мәселелерде негізделе ншешімдер қабылдау және өзінің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы
Пәннің мақсаты-Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні курсы алғашқы қауымдық қоғам кезінен бастап ХVІІІ ғасыр басына дейінгі Қазақстан жеріндегі ең маңызды тарихи мәселелерді оқытады. Курста Қазақстанның ежелгі тарихы, өңір аумағындағы түрлі этникалық құрылымдардың құрылуы, ерте орта ғасырдағы түркі тілдес тайпалық одақтар мемлекеттерінің тарихы, моңғол дәуіріндегі Қазақстан тарихы, қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы, көшпелі қоғамның мәдени құндылықтары туралы тарихи мәліметтер ұсынылған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері
Құқық негіздері курсы құқықтың негізгі ұғымдары мен принциптерін түсінуге бағытталған. Бұл курс құқықтық білім мен қоғамдағы құқықтық реттеудің негіздерін түсіндіре отырып, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ресей тарихы
Пәннің мақсаты- Ресей мемлекеті мен орыс халқының ежелгі заманнан 1917 жылға дейінгі тарихының негізгі оқиғалары мен үдерістері, кезеңдері, саяси жүйесінің эволюциясы, даму ерекшеліктері қарастырылады. Киев Русі, Мәскеулік кезең, Алтын Орда құрамындағы кезеңі және империялық кезеңдегі Ресей тарихы, І-Петр реформаларының тарихи маңыздылығы мен ІІ-Екатерина реформаларының ерекшелігі көрсетіледі. капитализмнің дамуы, Ресейдің ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы халықаралық жағдайға араласуы, Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы және 1917 жылғы Орыс революцияларының тарихы оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Түркі халықтарының өркениеті
Пәннің мақсаты- Түркі өркениетін қалыптасу мәселелері, әлемдік тарихтың, мәдениет пен өркениеттің Түркі өркениетіне әсері және Түркі өркениетінің оларға әсері қарастырылады. Бұған қоса қазіргі Түркі өркениетінің даму барысына, қазіргі кезеңдегі түркі халықтарының рухани мұрасын қайта жаңғыртудың нақты бағдарламасын құру қажеттілігіне үлкен әсер еткен тарихи факторлар қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогика
Пәннің мақсаты - студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерімен таныстыру, педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру, адамның жеке ерекшеліктері туралы оның оқу және кәсіби қызметін табысты игеру және жүзеге асыру факторы ретінде тұтас түсінігін қалыптастыру, оқудың, ақыл-ой еңбегінің мәдениетінің және өзін-өзі білім берудің біліктерін және педагогикалық білім негізінде тиімді шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Мақсаты: Бұл курс студенттерге болашақ кәсіби қызметіне байланысты экономикалық білім беруге, талдау дағдыларын және негізделген экономикалық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған. Курстың бір бөлігі ретінде студенттер өздерінің қызмет салаларында қолданылатын экономика мен кәсіпкерліктің негізгі принциптерін меңгереді. Негізгі экономикалық түсініктер, экономикалық ақпаратты талдау әдістері, экономикалық шешімдерді қабылдау принциптері және бизнес стратегиялары қарастырылады. Нәтиже: Курсты аяқтағаннан кейін студенттер табысты кәсіптік қызметке қажетті экономикалық білімге ие болады. Олар сондай-ақ экономикалық жағдайларда негізделген және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін аналитикалық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихқа қосымша пәндер
Пәннің мақсаты- тарихқа қосымша пәндер оқытылады. Білім алушылар генеология, геральдика, нумизматика т.б пәндер туралы ақпарат алады; олардың тарихи зерттеулердегі тарихи-деректік маңызын түсінеді; тарихқа қосалқы пәндердің құжаттық, деректік ролін анықтайды. Қосалқы тарихи пәндер нәтижелері археологиялық және этнологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізуде маңыздылығын ескеріп, өз бетінше зерттеулер жүргізе алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мамандыққа кіріспе.
Пәнннің мақсаты- педагогикалық қызметтің ұйымдастыру негіздерімен, мектепте тарихты оқытудың ерекшеліктерімен таныстырады, тарихты оқытудың негізгі әдістері туралы түсінік береді, тарихты оқытудың ерекшеліктерін көрсетеді, білім алушылардың білімін, болашақ мұғалімнің кәсіби мәдениетінің негіздерін және студенттерді педагогикалық мамандыққа бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ежелгі Грек және Рим мифологиясы (Coursera)
Пәннің мақсаты-Греция мен Рим тарихындағы миф мәселесін зерттеу. "Миф" ұғымын қалай анықтауға болады? Миф қалай жұмыс істейді? Ежелгі және қазіргі теоретиктер, философтар және басқа ойшылдар миф туралы не айтты? - бұл сұрақтарға жауаптар беріледі. Гомердің "Одиссея" эпикалық поэмасы Ежелгі Рим мен Грецияның мифтерін егжей-тегжейлі зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлем мұражайлары
Пәннің мақсаты-студенттерге әлем мұражайларының Ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі белгілі бір әлеуметтік-мәдени институт ретінде қалыптасу және даму тарихы туралы қажетті білім беру, мұражай түрлерінің алуан түрлілігімен таныстыру, мұражайдың әртүрлі ғылыми пәндермен және мәдени құбылыстармен, эстетикалық идеялармен және әлеуметтік сұраулармен көпжақты байланысын көрсету. Мұражайдың белгілі бір әлеуметтік-мәдени институт ретінде эволюция кезеңдерін қарастыру, мұражайдың мақсаты және оның әртүрлі дәуірдегі қызметі туралы идеялардың дамуын көрсету, студенттерді әлемдегі ең маңызды мұражай коллекцияларының тарихымен таныстыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Көшпенділер өркениеті
Пәннің мақсаты көшпенділер өркениетінің пайда болуы қалыптасуы мен оның отырықшылық мәдениеттен ерекшеліктері жайлы ақпарат беру болып табылады. Курс барысында білім алушылар көшпенділер өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері жайлы біледі; көшпенділер тарихына талдау жасайды; көшпенді шаруашылық пен мәдениеттің қалалық, егіншілік отырықшы шаруашылық пен мәдениеттен ерекшелігін анықтайды; көшпенділер өркениетінің әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін бағамдайды
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ халқының этнографиясы
Пәннің мақсаты - қазақ халқының этнографиясын оқыту. Курс барысында білім алушылар Қазақстанда этнографияның ғылым ретінде қалыптасу мәселелерімен танысады; қазақ этнографиясының даму тарихын, Қазақстанның этнография ғылымына ресейлік және басқа да ғалымдардың қосқан үлесін біледі; қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін талдайды; қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі жайлы білімдерін жинақтайды; қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін бағамдайды
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру
Пәннің мақсаты - білім алушыларға инклюзивті білім беру ерекшеліктері мен отандық және шетелдік арнайы білім беру жүйесінің қалыптасу кезеңдерін түсіндіру, олардың тәжірибелеріне талдау жасай отырып, дамуында әр түрлі ауытқулары бар балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу ерекшелігін меңгерту, инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясат туралы түсінік қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Орта ғасырлар тарихы (Батыс,Шығыс)
Пәннің мақсаты- орта ғасырлардағы Батыс және Орталық Еуропа елдерінің V ғасыр соңынан XVII ғасырдың ортасына дейінгі тарихы қамтылады. Орта ғасырлар тарихы курсында феодалдық және христиандық өркениеттің қалыптасуы, мемлекеттердің гүлденуі және құлдырауы, орта ғасырлардағы Крест жорықтары, Батыс және Орталық Еуропа елдеріндегі капитализмнің шығу генезисі мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тарих теориясы мен ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты-Тарих теориясы мен ғылыми зерттеу әдістері пәні тарих ғылымының теориялық негіздерін, методологиясын оқытады. Білім алушылар тарихи танымдық принциптерді біледі; ұстаным талаптарын түсінеді; адамзат дамуының тарихи заңдылықтарын сараптайды; дүниежүзілік тарихтың даму заңдылықтарын, бағыттарын талдайды; тарихи мектептер мен тарихи ойдың дамуын бағалайды, тарихи мектептер өкілдерінің негізгі зерттеулерімен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық ахуал
Пәннің мақсаты- тәуелсіз Қазақстанның демографиялық ахуалы, пәннің мақсаттары, курстың терминологиясы, тәуелсіздік жылдарында орын алған демографиялық процестердің тарихы, төмендеу себептері, халық санының өсуі, көші-қон процестері, республиканың ұлттық құрамы, жұмыспен қамту, болжамдар, қазіргі Қазақстандағы демографиялық проблемалар, статистикалық мәліметтерді талдау және зерттеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақстанның жаңа заман тарихы.
Пәннің мақсаты-соғыстан кейінгі жылдардағы және қайта құру қарсаңындағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдеріндегі материалдары мен білім алушыларды таныстыру тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихының негізгі белестері мен жетістері жайлы мағлұмат беру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихты оқыту әдістемесі және жасанды интеллект
Пәннің мақсаты-тарих саласындағы білікті мамандарды даярлау бойынша жоғары білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға арналған, оларды білім беру саласында шешуге қабілетті көптеген мәселелерге бағытталған. Жасанды интеллекті оқу процесін жақсарту және білім беру мүмкіндіктерін арттыру және мәтіндер мен үлкен ауқымды деректерді талдау, мәтінді, кескінді тануда қосымшалар жасау т.б. арқылы адамдардың өмір сүру іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне студенттердің зейінін аудару, педагогикалық процестегі тұлғаның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ диаспорасының тарихы
Пәннің мақсаты-шетелдегі қазақ диаспорасының қалыптасуы, кезеңдері, қазіргі жағдай қарастырылады. Курста шетелдегі Қазақ диаспорасы екі топқа бөліп қарастырылады, біріншісі бұрынғы КСРО териториясындағы елдердегі қазақ диаспоралары, оның ішінде қазақ иридентасыда бар және алыс шетел мемлекеттеріндегі қазақ диаспоралары. Хронологиялық шеңбері негізінен жаңа заманнан басталып қазіргі кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Ал негізгі қоныстану кезеңдері есебінде, Патшалық Ресей. КСРО және егемен Қазақстан кезеңдері қарастырылады.Бұл пәнді оқу барысында студенттер бойында шетелдегі қандас бауырлар, олардың шетелге кету себептері мен жолдары, қазіргі кезеңдегі жағдайы және бұл процестің кенеюі мен азаю мүмкіндігі туралы түсініктер қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Аймақтағы тарихи-мәдени ескерткіштер және туризм маршруттары (minor)
Пәннің мақсаты- студенттердің аймақтардағы туристік әлеуеті туралы білім алуы болып табылады. Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін өлкенің қасиетті жерлерінің тарихын зерттеу, кіші отан тарихының отандық тарихпен ара қатынасы мен өзара байланысы, тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштері, көрнекті тарихи, діни қайраткерлер, ақындар, жыраулар, ишандарың білу. Мәдени-тарихи нысандарға туристтік маршруттарын белгілеп, туризмнің неғұрлым перспективалы түрлерін, олардың тартымдылық өлшемдері негізінде анықтау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық қатынастар тарихы
Пәннің мақсаты-Қазіргі әлемдегі халықаралық қатынастардың тарихы қарастырылады, осы кезеңдегі негізгі сыртқы саяси оқиғалар мен процестер, олардың себеп-салдарлық байланыстары көрсетіледі. Соңғы зерттеулердің материалдары негізінде тақырып халықаралық қатынастардың жекелеген жүйелерінің қалыптасу кезеңдерін, жұмыс істеу ерекшеліктерін және ыдырау себептерін көрсетеді, атап айтқанда: Версаль-Вашингтон, Ялта-Потсдам және қазіргі жүйелер. Бұл пән студенттердің Халықаралық қатынастар тарихы пәні бойынша білімдерін және сыртқы саяси процестерді өз бетінше талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еуропа, Америка елдерінің жаңа заман тарихы
Пәннің мақсаты- жаңа заман тарихының маңызды оқиғалары мен проблемалары қарастырылады, батыс қоғамының көрсетілген кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-құқықтық дамуының негізгі тенденциялары, осы елдердің әлеуметтік ой-пікірінің эволюциясы және мәдениетінің дамуы талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
Пәннің мақсаты - білім алушылардың педагогикалық дизайн құралдары мен әдістері туралы түсінігін қалыптастыру. Курс барысында: педагогикалық дизайнның негіздері, принциптері, ұйымдастырушылық схемалары мен сценарийлері, педагогикалық дизайн схемаларын көрсетудің мәтіндік және көрнекі тілдері қолданылуын зерделенеді; дизайн және мета-дизайн кейстері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазіргі әлем, бірінші бөлім: 1760 жылдан 1910 жылға дейінгі жаһандық тарих (Coursera)
Пәннің мақсаты- әлем тарихындағы 1970 жылдан 1910 жылға дейінгі ең маңызды мәселелер қарастырылады. Дәстүрлі және заманауи тарихтағы зерттеулер мен нәтижелері, 1760 жылғы әлемдегі бейбітшілік, коммерциялық революция, әскери революция, әлеуметтік-экономикалық жағдай, Батыс Еуропа, Азия елдері, Үндістан мен Солтүстік Американың тағдыры және тағы басқа жаhандық тарих оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дүниежүзілік өркениет тарихы
Пәннің мақсаты-дүние жүзілік өркениет тарихы пәнінде мәдениет пен өркениетті зерттеудің әдістемелік-философиялық мәселелері, мәдениет пен өркениеттегі дәстүр мен жаңашылдық үрдістері, ежелгі, орта ғасырлық, Батыс-Шығыс өркениеттері және оларды заманауи жағдайы, жаһандасу үдерісінің теориялық және практикалық мәселелері қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының тарихы
Пәннің мақсаты - түркі тілдес халықтардың ежелгі және орта ғасырлардағы ортақ тарихын оқыту. Курс барысында білім алушылар түркі халықтарының ортақ арғы тегі саналатын сақтардың, ғұндардың, көк түріктердің және одан тараған этностар мен мемлекеттердің саяси және мәдени тарихын біледі; түркі тілдес халықтардың өткенін, бүгінін және болашақ интеграциясын түсінеді; түркітілдес этностар мен ұлыстардың шаруашылығы, мәдениеті, саяси өмірі, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы туралы білімдерін жинақтайды және бағалайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Конструктивті оқыту әдістемесі
Мақсаты: Конструктивті оқыту әдістерін меңгеру, тиімді оқытуды қамтамасыз ету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және студенттердің өздігінен білім алуын ынталандыру. Міндеттері: Конструктивті оқытудың негіздерін зерттеу: Конструктивті оқытудың негізгі принциптерін түсіну, мысалы, белсенді оқыту және іс-әрекет арқылы оқыту. Оқу бағдарламалары мен материалдарын әзірлеу: Белсенді және өздігінен білім алуды ынталандыратын курстар мен материалдарды жасау. Конструктивті әдістерді тәжірибеде қолдану: Мәселеге негізделген оқыту, жобалар және зерттеулер сияқты әдістерді оқу процесінде қолдану. Әдістерді бағалау және бейімдеу: Конструктивті әдістердің тиімділігін талдау және оларды әртүрлі білім беру жағдайларына бейімдеу. Кәсіби құзыреттіліктерді дамыту: Конструктивті оқытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру дағдыларын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Қытай Халық Республикасының тарихы
Пәннің мақсаты- Кытай халық республикасы тарихындағы негізгі даму тенденциялары мен оқиғалары, мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен қызметі, әлемдегі қазіргі геосаяси орны, халықаралық байланысы, халқының демографиялық ахуалы, әлемдік нарықтағы алатын орны, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарастырылады. Кытай халық республикасы ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктері оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы этнотуризмді ұйымдастыру (minor)
Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің этнографиялық туризм саласында, оның мүмкіндіктері, туристердің қызығушылығы, халықтардың шынайы өмірі,мәдениетке, салт-дәстүрге және шығармашылыққа баулу, қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдет-ғұрпын Қазақстан Республикасында туризмді дамыту себептерінің бірі ретінде зерттеу болып табылады. Студенттердің аймақтық тарих пен мәдени дәстүрлер туралы білімдерін, жергілікті табиғаттың ерекшеліктерін, бүкіл аймақты тұтастай зерделеуді, аймақтағы тарихи-мәдени байланыстарды, саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірді, сондай-ақ ұлттық құндылық пен этникалық ерекшелікті сақтау үшін оған тән ерекшеліктерді, оның жай-күйі мен даму деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991 жылдан осы кезеңге дейін)
Пәннің мақсаты- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы сыртқы саясатының негізгі оқиғалары, Қазақстанның дербес сыртқы саяси қызметінің қалыптасуы, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елдің сыртқы саясатындағы рөлі мен қызметі, Қазақстанның таяу және алыс шетелдермен қарым-қатынастар тарихы,ҚР сыртқы саяси курсының негізгі принциптері мен бағыттары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Пәннің мақсаты-Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы, Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары, Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі, әлеуметтік жаңғыру және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған, жаңа тарихи сана мен дүниетанымды қалыптастыру саясаты туралы білімдерді береді. Тарихи өткенге сыни қарап, дәлелді мағлұматтардың негізінде қазіргі қоғамдық мәселелерді шешу жолын түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тарихи демография
Пәннің мақсаты- адамзаттың ерте заманнан қазіргі кезеңге дейінгі дамуы, кемуі оған әсер етуші факторлары ашып көрсетіледі. Түрлі елдердегі адам санынын өсуі, оған ішкі және сыртқы саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың әсері, соғыстар мен эпидемиялардың адам санынын даму процесіне әсері айтылады. Қалалардың дамуынын адамзаттың көбеюіне әкелген пайдасы нақты фактілер тұрғысынан берілген. Қазіргі кезеңге байланысты демографиялық серпін, түрлі қоғамдық ұйымдардың жасаған кестелері арқылы кең көлемде беріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Шағын комплектілі мектептерде тарихты оқыту әдістемесі
Пәннің мақсаты- қазіргі заманға озық технологияларды шағын комплекті мектеп тәжірбиесінде тиімді қолдана алу, студенттердің білімін, іскерлік, дағдысын қалыптастырып, оқытудағы тұлғалық бағдарлы және жеке оқыту тұрғыларының мәні жайында түсінік беру. Қазіргі педагогикалық жаңа технологиялармен таныстыру және жаңа типті білім беру жүйесін құрудың басты тұрғыларының мәнін ашуды көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Азия, Африка елдерінің жаңа заман тарихы
Пәннің мақсаты- Ұлы географиялық ашылулардан бастап Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі Шығыс елдерінің тарихы жүйелі түрде баяндалған. Курс отандық және шетелдік тарихнаманың жетістіктерін ескере отырып, тарих ғылымының заманауи әдіснамасы негізінде оқытылады, онда проблемалық және жүйелі тәсілдер үйлеседі, тұлғаның тарихтағы рөліне назар аударылады. Отарлау кезеңіндегі Шығыс елдерінің идеологиясы мен саясатына маңызды орын берілген.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экскурсовод (minor)
Пәннің мақсаты- негізгі мақсаты-студенттерді экскурсияның әдістемесі мен техникасымен таныстыру,экскурсияның негізгі функцияларын сипаттау, экскурсия жетекшісінің қызметін қалыптастыру, жеке адамның, отбасы мен қоғамның әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру. Студенттерді экскурсиялық мәтіндерді құрастыру әдістемесімен таныстыру түрлі экскурсияларды өткізу; әдістемелік, өлкетану, тарихи және т.б. әдебиетті пайдалану. Студент: экскурсиялық мәтіндерді құрастыру әдістемесін; экскурсиялардың әр түрін өткізу әдістемесін; экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін білуі, жеке мәтіндерді құрастыра білуі, экскурсиялық объектілерді іріктеп, зерделей білуі, туристік-экскурсиялық кәсіпорында гид-экскурсовод қызметін атқара білуі тиіс.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еуропа, Америка елдерінің қәзіргі заман тарихы.
Пәннің мақсаты-Еуропа, Америка елдерінің 1917 жылғы Қазан төңкерісінен бүгінгі күнге дейінгі дамуының негізгі процестері мен оқиғалары, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі КСРО мен АҚШ арасындағы "қырғи қабақ соғыс" жылдарындағы капиталистік және социалистік елдер арасындағы халықаралық қатынастар, 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейінгі әлемдік геосаяси күштердің трансформациясы, жаңадан пайда болған бұрынғы Кеңес елдерінің трансформациясы 2014 жылдан кейін Ресей мен АҚШ пен Еуропалық Одақ елдері арасындағы шиеленісті қалпына келтіру, жүзінші қауымдастыққа кірудің негізгі аспектілері қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
КСРО және ТМД елдерінің тарихы
Пәннің мақсаты-КСРО және ТМД елдерінің тарихы курсында КСРО-ның құрылған кезінен ыдырағанына дейінгі және одан кейін пайда болған ТМД-ның қазіргі кезеңіне дейінгі отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдар әзірлеген қазіргі заманғы әдіснамалық және ғылыми тәсілдер негізінде Кеңес мемлекетінің және ТМД-ның қалыптасуы мен даму үдерісі зерттеледі, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін посткеңестік, кеңістіктегі интеграциялық және дезинтеграциялық үрдістердің геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени факторларына талдау жасалады, курс бойынша тарихнамалық зерттеулерге шолу жасалады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Деректану
Пәннің мақсаты- тарихшы студенттерді даярлау жүйесінде негізгі орындардың бірін алатын басты пәндердің бірі. Бұл пәнді оқыту - білім алушының негізгі кәсіби дағдыларын қалыптастыруды, әрбір тарихи кезеңдердегі және әр түрлі сипаттағы және мазмұндағы алуан түрлі деректермен жұмыс істеудің әдістері мен тұжырымдамаларын қамтиды. Тарихи деректер туралы түсінік, деректердің түрлері, оларды сыныптау, пайдалану, талдау мәселелерін түсіндіріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы
Пәннің мақсаты- Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғғ. ұлт - азаттық қозғалыстардың себептері, барысы, тарихи маңызы және ондағы қазақтың тарихи тұлғалары мен Алаш қайраткерлерінің рөлі баяандалады. ХХ ғасырдағы орын алған 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс,1929-1932жж. және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайлы жаңа мәліметтер негізінде ашылып көрсетіледі. Жоғарда көрсетілген ұлт-азаттық қозғалыстарының Қазақстан тарихында алатын орны,қазақ халқының ұлтық рухының шыңдалуы тарихи фактілер негізінде көрсетіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлихантану
Пәннің мақсаты- ХХ ғасыр басындағы ұлт көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ халқының еркіндігі үшін күрес жолында болған, өшпейтің терең із қалдырған қазақ зиялылыларының бірі, Алаш Орда үкіметінің өкілі, маңызды жазба мұралар қалдырған – Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ресей тарихының тарихнамасы
Пәннің мақсат- ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Ресейдегі тарих ғылымының және тарихнамасының өзекті мәселелері баяндалады. Әсіресе ХХ ғасырдағы Ресей тарихнамасына ерекше назар аударылады. Ресейдің жаңа дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарих ғылымының ең көрнекті өкілдерінің еңбектері мен мұраларына тарихнамалық талдау жүргізіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазіргі әлем, екінші бөлім: 1910 жылдан бастап жаһандық тарих (Coursera)
Пәннің мақсаты 1910 жылдан бастап әлемдік тарихтың өзекті мәселелерін қарастыру болып табылады. 1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстың барысы, Әлем халықтарының соғыс жағдайына деген қабылдауы мен дайындығы, соғыстың әлемдік тарихқа әсері, соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай, сондай-ақ соғыс нәтижелерінің мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері зерттеледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақстан тарихының тарихнамасы
Пәннің мақсаты- оқыту барысында студенттерге Қазақстан тарихының тарихнамасы туралы мәселелерді оқыту көзделеді. Әртүрлі кезеңдердегі Отандық тарих ғылымының дамуының басты бағыттары айқындалады. Тарихнамалық зерттеу жұмыстарының әдістерімен танысады. Қазақстан тарихы ғылымының қазіргі кезеңдегі даму деңгейі жаңаша зерделенеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Азия, Африка елдерінің қәзіргі заман тарихы.
Пәннің мақсаты-Азия және Африка елдерінің қазіргі замандағы тарихы курсында ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бүгіні күнге дейінгі Азия, Африка елдері мен халықтарының ұлт азаттық күресінің нәтижелері, тәуелсіздіктің кейінгі дамуындағы қиыншылықтары мен қайшылықтары, азаматтық соғыстары және қазіргі даму ерекшеліктері, жаһандасу үдерісіндегі олардың ролі қарастырылады. ...
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шығыс өркениетінің тарихы
Пәннің мақсаты- шығыс өркениетінің тарихы мен дамуы, шығыс мідениеттері, оның ішінде ежелгі Египет, Месопотамия, Қытай, Үнді өркениеті, көшпенділер өркениеттерінің ерекшеліктері, шығыс және батыс өркениетінің өзара ықпалдастық мәселелері, шығыс өркениеті тарихының заманауи тұжырымдамалары, көрнекті Шығыс ғалымдардың тарихтағы еңбектері, өркениет бағыттың негізгі тарихи көздері қарастырылған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлем тарихының тарихнамасы
Пәннің мақсаты- студенттер тарихи білім мен тарих ғылымының дамуы, тарихнамадағы бағыттар мен мектептердің қалыптасуы мен эволюциясы, олардың идеологиялық және саяси ағымдармен байланысы туралы тұтас идеяларды зерттейді. Олардың көрнекті өкілдерінің өмірі және шығармашылық қызметімен танысады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мұстафатану
Пәннің басты міндеті Мұстафа Шоқайдың баға жетпес мұраларын саралап, әсіресе қос революция тұсындағы Түркістан халықтарының дербестігі, тәуелсіздігі жолында атқарған іс-әрекеттерін мұғажырлық жағдайда жүргізген идеялық күресін ғылыми тұрғыда көрсету және оны Қазақстан тарихының тарихнамасына, әлемдік тарихтың тарихнамасына қосқан мұраларын зерделеу. Кеңестік тарих ғылымындағы М.Шоқайдың өмірі мен қызметіне байланысты деректерді зерттеп, оның салиқалы жаңа тарихи портретін студенттерге оқытып үйрету пәннің міндеттерінің бірі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Тарихи өлкетану
Пәннің мақсаты -оқыту барысында білім алушыларға Сыр өңірінің тарихына қатысты ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі мағлұматтар беріледі. Бұлардың қатарында Сыр елінің археологиялық ескерткіштері, Сырдария өзені бойындағы қоныстары, Сыр еліндегі тарихи оқиғалары, зиялы қауымы, ауыл шаруашылығының, мал шаруашылығының, өндірістің дамуы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан тарихы шетел деректерінде
Пәннің мақсаты- шетел зерттеушілерінің Қазақстаннын ежелгі дәуірінен қазіргі кезеңіне дейінгі тарихына қатысты енбектерін қамтиды. Білім алушылар шетелдік тарихшылыардың Қазақстан туралы енбектерінің жазылу обьективтілігі туралы біледі; тарихнама базасын түсінеді; шетелдердегі Қазақстанды зерттеуші орталықтар туралы, олардың қазақ тарихына қатысты ой-пікірлерін талдайды; салыстырмалы талдау жасайды
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі, іргелі, арнайы тарихи пәндердің теориялық және практикалық білімін, мемлекеттік қорытынды аттестацияны дайындау және өту үшін тарихты оқыту әдістемесін, әрі қарай оларды кәсіби қызметте қолдануды меңгерген.
- Гуманитарлық, қоғамдық-саяси ғылымдардың, тілдердің, Қазақстан Республикасының заңнамаларының, патриотизмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың және Қазақстан дамуының қоғамдық-саяси тұжырымдамаларының әлеуметтік басымдықтарының негіздерін біледі.
- Педагогикалық қызметте тарихты оқыту әдістерін және оқытудың жаңа технологияларын меңгерген жоғары кәсіби педагогтардың тәжірибесін зерделеу, жинақтау, тарату және қолдану бойынша іскерліктер мен құзыреттерді пайдаланады.
- Ғылыми-инновациялық пәндердің негізгі мәселелерін түсіндіреді.
- Археология, этнология, түркі халықтарының тарихы, Шығыс өркениетінің тарихы, Ресей және ҚСРО мен ТМД елдерінің тарихы бойынша негізгі бөлімдерге талдау жасайды, сонымен қатар геосаяси, қазіргі заманғы тарихты зерттеудегі тарихи мәселелерді нақтылайды.
- Тарих ғылымының тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның ғылымдар мен құндылықтардың жалпы жүйесіндегі орнын, тарихи даму мен қазіргі жағдайды біледі; теория мен методологияның негіздерін, дәуірлеуді, хронологияны, Қазақстан және Дүниежүзі тарихының барлық кезеңдердегі ғылыми тұжырымдамаларын: алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, ежелгі дәуір, орта ғасырлар, жаңа, қазіргі заманға және бүгінгі кезеңге дейінгі, дайындалған курстарды ғылыми-танымдық мәліметтер негізінде меңгереді.Жасанды интеллект технологиялары мен ғылыми зерттеу әдістерін тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастырады.
- Арнайы тарихи пәндердің негізгі ұғымдарын, терминологиясын, хронологиясын, тарихи өлкетанудың, музейтанудың, мұрағаттанудың мазмұнын игереді және ғылыми зерттеулер жүргізеді, демографиялық процестерді түсінеді және талдайды.