6B02286 Философия-Дінтану в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Философия және дінтану саласында терең білімді меңгерген, әлеуметтік-коммуникативті дағдылары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты іске асыра алатын, дүнинетанымдық-құндылықтық, ақпараттық және сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыру үшін кәсіби құзыреттілікке ие білікті мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 260
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B032 Философия және этика
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Діндер тарихы
Пән дiндердiң пайда болуын, даму кезеңдерiн, адамзат тарихындағы дiни құбылыстардың заңдылықтарын, ерекшеліктері мен сенім жүйелерінің өзіндік болмыстарын, діндердің жіктелуі мен зерттеу әдіснамасын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент тарихта болған дiндердiң қазiргі таңда кездесу жағдаяттары мен формаларын, әртүрлі діндердің сенімі мен құлшылық ерекшеліктерін меңгеріп, әртүрлі діндер мен мәдениеттерге төзімділік таныту дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Практикалық араб тілі І
Пән араб тілінің фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерін білу арқылы, ауызша және жазбаша түрде қарапайым тұрмыстық сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студент араб тілінің ережелеріне сай жазуды, оқуды меңгеріп, қарапайым мәтіндерді оқып түсінеді. Араб тілінде жазылған мәтіндерді оқып аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Философияға кіріспе
Пән білім алушылардың философияның тарихы және негізгі бөлімдері туралы білімін қалыптастырады. Пәнді оқу барысында философияның функционалдық тұтастығы мен мәселелер ауқымы туралы түсінік қалыптастырады; философияның дамуының жалпы логикасын айту мен философиялық мәтіндермен жұмыс істеуді үйренеді, студенттерді жаңа философиялық пәндерді игеруге дайындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дін негіздері
Пән дінтанудың мазмұны, объектісі, тақырыбы және әдіснамасы туралы білім қалыптастырады. Пәннің міндеттері: дінтану туралы түсінік беру, оның ғылыми білім жүйесіндегі орнын талдау; дінтану жүйесі және негізгі пәндер туралы түсінік беру; дінтану ғылымы мен дінтану білімінің тарихына қысқаша шолу жасау; әлемдегі және Қазақстандағы дінтану ғылымының қазіргі жай-күйіне қатысты білімін қолданады. Пәннің әдіснамалық негізін суреттеу және салыстыру тәсілдері құрайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Философия тарихы
Пән философия ғылымының пайда болуы, қалыптасуы және дамуы жайында мағлұмат береді. Пәннің мақсаты - болашақ маманның рационалды ойлауын қалыптастыру, философия ғылымының кезеңдері туралы білімдерді игеру, негізгі мәселелері, бағыттары, мектептері туралы нақты ойшылдар еңбектерімен танысу. Сонымен қатар Аристотельден бастап қазіргі заманға дейінгі ұлы философтардың еңбектері мен философиялық ой-толғауларына талдау жасай алу қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Практикалық араб тілі ІІ
Пән араб тілінің морфологиясы мен лексикалық ережелерін білу арқылы діни мәтіндерді оқып түсінуге және арабша қарапайым сөйлемдермен өз ойын жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушы сөздікті қолдана отырып діни мәтіндерді оқып, түсінеді. Арабша етістіктердің осы шақ, өткен шақ және келер шақта қолдану ерекшеліктерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Онтология және гносеология
«Онтология және гносеология» курсы арқылы студенттер таным теориясы және онтологияның негізгі қағидалары мен маңызды категорияларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады; болмыс пен танымды талдауда әр түрлі тұрғыларды жан-жақты сараптауды үйренеді. Курс студенттердің бойында әлем, бүкіл жалпы танымның обьектісі мен құрылымы және танымның жалпы субьектісі – адам туралы тұтас жүйелі түсінік қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Икемді дағдылар
Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ислам философиясының мектептері
Пән студенттерге ислам философиясының кезеңдерін, философтардың шығармаларын танытады; сонымен қатар антика философиясымен салыстыруды, философтардың географиялық-климаттық тұрғыда жіктелулерін қарастырады. Ислам философиясы ауқымында мазхаб ұғымы мен діни ағымдар ерекшеліктері, суннилік пен шиилік түсіндірмелерін, философиялық мәселелерде миф пен діни даналықтың, философия мен сенім, мәдени практиканың мәселелері танытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақстан мәдениеті тарихындағы дін және философия
Пәннің мақсаты - Қазақстан мәдениеті тарихындағы дін мен философия туралы білімді қалыптастыру. Білімгерлер діннің тарихи формаларының пайда болуы мен қалыптасуын, болмыс, адам және қоғам проблемаларын түсінудің ұғымдық аппараты мен философиялық тәсілдерін білетін болады. Білім алушылар философиялық және діни мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларына ие болады, діни-философиялық дағды арқылы діни өмір мен діни тәжірибенің алуан түрлілігіне бағдарланады, алған білімдерін дін саласында болып жатқан құбылыстарды, оқиғаларды, процестерді талдау үшін қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Диалектика және ғылыми таным теориясы
Пән танымның тарихи шығуын және дамуын қарастырады. Диалектика - шындықтың тұтастай дамуының ең жалпы, әмбебап заңдары, көне ғылымдардың бірі. Диалектика адамзат қоғамының тарихында ғылыми білімдер мен әлеуметтік практикасын қорыту нәтижесі болып табылады, әдістемелік негізі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар пән жеке және жалпылық, себеп және салдар, мүмкіндік және шындық секілді тақырыптарды қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының философиясы
Пән Түркі тілдес халықтар философиясының қалыптасуының алғы шартын және философиясының өзіндік ерекшеліктерін салыстырады. Ежелгі түркі мәдениеті мен қазіргі түркі халықтарының материалдық және рухани ұқсастығы арасында байланыс қалыптастырады. Түркі әлемі ойшылдарының көзқарастарындағы «Адам-Әлем» қатынасын зерттейді. Сонымен қатар түркі дүниесінен шыққан ұлы ойшылдардың философиялық ой-толғауларын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар
Пән мемлекеттегі конфессияаралық қатынастарда туындайтын мәселелерді заңнамалық тұрғыдан шешу жолдарын қарастырады. Курс барысында студенттер дін және адам құқығы, ар-ұждан және діни сенім бостандығы, діни бірлестіктер әрекетінің конституциялық-құқықтық негіздері, мемлекет және діни бірлестіктер, ҚР-ғы және шет елдердегі мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар, шет елдердің дін туралы заңнамалары, зайырлық қағидаты, конфессияаралық келісімді сақтау мәселелерін меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі заман философиясы
Пән қазіргі заманғы Европа және Азия өлкелерінде дүниеге келген философтар мен олардың философиялық ойларының мәні жайында білім береді. Философиялық-антропологиялық бағыт, философия ғылымының қазіргі таңдағы қарастыратын мәселелері, шығыс және батыс ойшылдарының тұжырымдарын салыстырмалы түрде қарастырады. Көне заман, орта ғасыр ойшылдарының философиялық ой-толғаулары жайында қазіргі заман ойшылдарының көзқарастарын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Этика және эстетика
Пән этика және эстетика ұғымдарын түсіндіреді. Пән мазмұнында эстетикалық қызмет, негізгі эстетикалық санаттар мен нысандарын талдау және сана, өнер нысандары мен жанрлары, философия, қарым-қатынас, ғылым, олардың тарихи дамуы, бүкіл мораль, дін, өнер техникасы және стильдер қарастырылады. Этиканың дамыған тұжырымдамасы, мейірімділік, әділдік, достық, ынтымақтастық және әлеуметтік мекемелер мен қатынастар, тікелей моральдық даму процестері қамтылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік компаративистика
Пәнде Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогы аясында салыстырмалы талдаудың негізгі мәселелері, олардың психикалық тәжірибесінің байланысы, қарым-қатынас пен өзара түсіністік тәжірибесінің дамуы, Шығыс пен Батыстың философиялық жүйелерін бағалаудағы трансформациялар қарастырылады. Пәнде мәдени саладағы салыстырмалы зерттеулердің қолданылу шегі, сондай-ақ олардың келешегі туралы білімдер қамтылады. Пәннің мақсаты ғылымның әдістік негіздерін ғылымның объектісін теориялық тану және тәжірибелік игеру әдістері мен прицниптер жүйесін, негізгі заңдылықтар, олардың ерекшеліктерін талдау қабілетін қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Философиялық антропология
Пән адам ғылыми білімнің объектісі ретінде, адам проблемалары, антропосоциогенез мәні, адамның өмір мәні туралы түсініктерді қалыптастырады. Философиялық антропология кең мағынасында - адам табиғаты туралы философиялық ілім; тар мағынасында - XX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс философиясының бағыты, әр түрлі ғылыми деректерді пайдалану және түсіндіру арқылы адам дамуындағы психология, биология, этология, әлеуметтану және сенімді қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дін психологиясы
Пән дін психологиясының қалыптасуы мен оның негізгі ерекшеліктерін, жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен мәнін және психологиямен тығыз байланысты тақырыптар мен салаларды қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент сопылық психологиясын, дін ауыстырудың психологиялық аспектілерін, жеке адамдағы жас ерекшелігіне қарай діни сезімдердің өзгеру сипатын меңгере отырып, қазақ халқының діни танымы мен психологиялық ерекшеліктерін зерттеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дін феноменологиясы
Пән студенттерге дінтану пәндерінің негізгі проблематикасын түсіндіреді; оның қалыптасу және даму тарихымен, негізгі теорияларындағы жетістіктері және кемшіліктерімен таныстырады; феноменологиялық тұжырымдамаларды сыни талдау әдістемесін үйретеді; діни фактілерді дербес феноменологиялық талдау дағдысын қалыптастырады. Студенттер дін феноменологиясы тұрғысынан діни мәтіндерді талдау дағдыларын қолданады және кәсіби-тұлғалық қабілеттерін көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дін социологиясы
Пән дiн мен қоғамның өзара әрекеттесу формалары мен әдісерін және діни секталардың пайда болуының әлеуметтік-саяси себептерін зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент дін социологиясындағы негізгі ұғымдарды меңгере отырып, әртүрлі діни топтар мен ағымдардың қоғамдағы орны мен роліне әлеуметтік тұрғыдан талдау жасайды. Қоғамдағы дінаралық, этносаралық және конфессияаралық қақтығыстар бойынша алдын-алу шараларын ұсынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діни антропология
Пән діни антропологияның негізгі ұғымдарын игеру қабілетін қалыптастырады. Пән мазмұны діни антропологияның проблематикасы, әдістері және идеяларымен танысу, дін ерекшелігін ескере отырып, әлемдік діндердегі адам бейнесі туралы түсінік береді. Білім алушылар философиялық көзқарастың мәнін, философиялық-антропологиялық ілімдердің тарихын, ұғымдық аппаратын; адам болмысының ерекшелігін меңгереді. Философиялық-антропологиялық мәтіндерді талдай отырып, өз ұстанымын логикалық түрде ұсыну, оны дәлелдеу және қорғауды қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Курстың мақсаты - білімгерлерді көшбасшылық табиғатымен, көшбасшылықтың негізгі теорияларымен, елдің жаңғыртуының қазіргі кезеңіндегі көшбасшылық рөлімен; көшбасшылықтың психологиялық аспектілерімен, көшбасшының саяси мінез-құлқын анықтайтын, көшбасшылық имиджін қалыптастыру және насихаттау технологияларымен, маркетинг негіздерімен таныстыру, көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі дамыту дағдыларын үйрету, әрі қарай кәсіби және жеке өсуде, көшбасшылықты дамытудың негізгі үрдістерін оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәдениет философиясы және теориялары
Пән мәдениет ұғымының мән мағынасын, философиясы мен теорияларын оқытады. Пәнде мәдениет философиясының төрт бағыты қарастырылады: бірінші бағыт ақыл-ойды жетілдіру мәселесі тұрғысынан мәдениетті қарау, екінші бағыт ұжымдық қоғамдық өнім түрін көрсету, үшіншісі - тарих философиясында әзірленген тұжырымдамалар, төртіншісі - бір жақты және жеке тәсілдердің алуан түрлілігін біртұтас құрылымда синтездеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Теософия және мистика
Пән Құдайды тануды зерттейтін ілім саласы теософия ғылымы туралы түсіндіреді. Теософия адам мен табиғатқа жат, тән емес мистикалық және қияли–армани түсініктердің жиынтығы болып саналады. Ал мистика дүниеге діни – идеалистік көзқарасты қалыптастырады. Мистика, рухани әлемді жеке психологиялық тәжірибе арқылы тануға ұмтылу, осыдан туындайтын амал - әрекеттер, жан мен тәннің жаттығулары болып табылады. Нәтижесінде адамға даналық, ғажайып қабілеттер дариды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Діни ағымдар
Пән ерте және қазіргі заманғы діни ағымдардың тарихы мен ілімдері туралы түсінігін қалыптастырады. Пәнде діни ағымдардың әртүрлілігі мен жалпы ерекшеліктері туралы білім беру міндеті шешіледі. Қазіргі қоғамдағы ағымдардың дәстүрлі діннің конфессиясына, жалпы қоғамға әсері мен қауіптілігін түсіну және талдау арқылы сабақтарды әзірлеп, өткізу, діни ағымдар мәселелеріне қатысты "діни ағымдар мен топтар" феноменін анықтау мен салыстыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ахмет Ясауидегі рух психотехникасы
Пән сопылық философияның негізгі принциптері мен идеяларын қалыптастырады. Курс барысында Қожа Ахмет Ясауидің философиялық дәстүрі, оның қалыптасуындағы сопылық мәдениеттің орны және сопылық танымның теориялық негізі түсіндіріледі. «Диуани хикмет», «Хәл» ілімінің болмысы және негізгі тұжырымдары, Ясауидің гносеологиясы, «Болмыстың бірлігі» ілімі, Ясауи философиясындағы адам, әлем және Алла жайлы, адамгершілік, рухани еркіндік және адам бостандығы туралы ілімі мен Ясауи ілімінің түркі және қазақ дүниетанымдағы орны қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Сопылық тарихы және негіздері
Пән сопылықтың пайда болу, даму тарихы және философиясы туралы білімді қалыптастырады. Сабақта сопылықтың қазақ халқының тарихындағы, сондай-ақ араб-мұсылман философиясындағы және жалпы тарихтағы рөлі мен орнын объективті бағалау үйретіледі. Сопылықтың дінтану саласындағы орнына қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы, ислам тарихындағы рөлін неғұрлым толық және объективті түсіндіріледі. Студенттер сопылық ғұрыптар мен ілімдердің қалыптасуы мен дамуына қатысты зерттеу дағдыларын көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
-
Батыс және Шығыстағы дін және философия қатынастары
Пән Батыс пен Шығыс философиясындағы суфизм, кемел адам концепциясы; Әл-Фарабидің діни-философиялық тұжырымдары, Ибн Синаның құдай түсінігі, табиғат және адамның мәні туралы ілімдер; ибн-Араби мен Ахмет Ясауидің құдай және адамның өзін-өзі тануы туралы ілімдері туралы түсінік береді. Батыс философиясы мен діндегі негізгі қатынастарды таныту: апологетика, патристика және схоластикадағы адам бейнесі; адамның антикалық концепциясының христиандық сыны; Аврелий Августин, Фома Аквинскийдің антропологиялық ілімдері; Эриугена, Экхарттың адам туралы ілімдері секілді тақырыптар пән мазмұнында қамтылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Техника философиясы
Пән техника саласының мән-мағынасын қарастырады. Пәнде "техника философиясының негізгі бағыттарын" жазған Эрнст Капп тұжырымдамалары оқытылады. Бұл ғылым тек ХХ ғасырда жүйелі зерттеу пәні болды. Техника философиясының әртүрлі аспектілері марксизмде, трансгуманизмде және басқа да бірқатар бағыттарда қарастырылады. Техника философиясының негізгі мәселелері: жасанды және табиғи интеллектінің айырмашылығы, техниканы бағалау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әл-Фараби шығармалары және ойлау жүйесі
Пән антикалық және ислам мәдениетінің синтезі, мәдениетаралық қарым–қатынас пен диалогты жүзеге асыру, бірлік пен жаһандық синтез идеяларын теориялық тұрғыдан өрістету секілді мәселелердің Әл-Фараби мұрасындағы көрінісін қарастырады. Сонымен қатар әл-Фараби шығармашылығындағы философиялық ой-толғаулар, түрлі философтардың дүниетанымдық ұстанымдарының Фараби тұжырымдарымен салыстырмалы түрде қарастыру пәннің негізгі мақсаты болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дінтануды оқыту әдістемесі
Пән дінтану саласына қатысты тақырыптарды түсіндіру мен оқыту әдістерін қамтиды. Пәнді оқу барысында дінтануды оқыту әдістемесі саласында заманауи білімді, әдістерді, дағдыларды меңгереді. Пәнді оқытудың міндеттері: дінтанулық білімді нақты педагогикалық міндеттерде қолдану тұрғысынан тереңдету және бекіту; ерекше кәсіби-педагогикалық біліктерді қалыптастыру. Курста көпшілік алдында сөйлеу, дәлелді пікірталас және полемика жүргізу; дінтанулық зерттеулерді пайдалану сынды практикалық дағдылар қалыптасады. Пәннің әдіснамалық негізін дінтану проблемаларын түсіну, баяндау және сыни талдау құрайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дінтанулық сараптама, талдау және мониторинг негіздері
Пән дінтану саласындағы сараптамалық зерттеулердің ерекшеліктерін зерттеу және сараптамалық бағалау мен мониторинг жүргізу әдістерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент дінтану саласында жүзеге асырылатын ұйымдар жүйесін анықтауды және олардың ерекшеліктеріне қатысты дінтанулық мәселелерді шешуді меңгереді. Студент сараптама мен мониторинг жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құжаттармен танысып, меңгерген дағдыларын құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл барысында аналитикалық, сараптамалық зерттеулерде қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дін және заңнама
Пән қоғамның екі негізгі әлеуметтік институты ретінде құқық пен діннің өзара іс-қимылы саласындағы негізгі ережелер, дін-мемлекеттік және діни-құқықтық қатынастар туралы түсінік қалыптастырады. Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі саласындағы қолданыстағы халықаралық және отандық заңнамалар туралы түсінік пен талдау дағдылары қалыптасады. Студенттер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес талдау жүргізу мен нормативтік-құқықтық актілерді қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діни этика
Пәнді оқу барысында этика мен аксиология, діни ілімдердің моральдық этимологиясы туралы білім қалыптасады. Этикадағы негізгі теориялық категориялар мен бағыттармен танысады, діни этика мен моральдың мазмұны мен мақсаттарын ұғынады. Пән алған білімді адамгершілік тұрғыдан өзін жетілдіру мақсатында қолдану қабілетін қалыптастырады. Болашақ маман кәсіби қызмет саласында діни мәдениеттегі базалық этикалық ұстанымдар мен олардың моральдық сана мен мінез-құлықтағы орнын көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Философия және діндегі таным теориялары
Пән мазмұнында танымның мәні, танымның қалыптасу негіздері, философиялық және діни танымның ерекшеліктері, ғылыми таным, танымға қол жеткізудің, философия тарихында гносеологиялық философияның ойлаудың даму негіздемесі, діни, мистикалық танымның мәні танытылады. Сонымен қатар әлемдік және ұлттық діндердегі таным мәселесі, Жаратушы, адам және әлем мәселесі турасында философтардың көзқарастары салыстырмалы түрде оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Логика және сыни ойлау
Пән логика заңдары, дұрыс ойлау негіздері, логика және риторика ұғымдары секілді тақырыптарды қамтиды. Курс барысында логостың басты ережесі, тепе теңдік заңы, қарама-қайшылықсыздық заңы, үшіншісі жоқ заң, жеткілікті негіз заңы секілді заңдылықтарды үйренеді. Сын теориясы – жаңа заман қоғамының ғылыми теориялық дискуртың тәсілдері, үрдістері мен қоғам мен түрлі мәдениетті зерделеп сынайтын және тереңінен қарастыратын әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар білімі екендігін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Діни құқық негіздері
Пәнде ислам құқығының қалыптасуының тарихи кезеңдерінде орын алған дәстүрлі және классикалық әдістер, фиқх және усул ұғымдары мен әдістемесін (фиқх усулі) танытады. Пайғамбар, сахаба және табиин дәуіріндегі ислам құқығы әдістері, мужтахид, имамдар дәуірі және фиқх мазхабтарының пайда болуы, Ислам құқығында негізгі және қосымша дереккөздер, шариғат үкімдері және тақлифи үкімдер, ислам құқығы қағидаттары мен қазіргі құқық нормаларымен салыстыра қолдану оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Философияны оқыту әдістемесі
Пән философиялық бiлiмнің мазмұнын қарастырады. Яғни қазiргi замандағы философиялық бiлiмнiң контекстiнен жаңа бiлiм беру парагдималары мен стратегиялары мәселелерiнен тұратын оқыту әдістерін қамтиды. Сабақ беру, бiлiм, тәрбие және дүниетанымдық мәдениеттi қалыптастыру секілді мақсаттарды алға қояды. «Философиялық мазмұн», «адам және қоғам», «әлемдiк бейнелеу мәдениетi» секілді тақырыптарды қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дін философиясы
Пән дін философиясының анықтамасы, оның басқа ғылымдармен байланысы, дін мен философия арақатынасы және құдай, әлем, адам байланысы туралы білім беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент құдай болмысына қатысты дәлелдерді, атеизм, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық категорияларын, теодиция түсінігін және дін, ғылым, ахлақ және қоршаған орта байланысын философиялық тұрғыдан зерделеуді меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғазали философиясы
Пән Ғазалидің өмір жолы мен шығармашылығы, ислам ойлау жүйесіндегі орны, Ғазали ілімінде таным мәселесі, күнәншілдік, этикалық философиясы, философтарға жасаған сындарын таныту секілді тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар Ғазалидің теологиялық философиясының, діни құқықтық ілімінің, діни ағымдар туралы көзқарастарының мәнін ашу пәннің негізгі мақсаты болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Саяси аксиология
Пән өмір мен мәдениеттің әлеуметтік-эстетикалық құндылықтарының табиғатын, сонымен қатар құндылықтардың жалпы теориясын қарстырады. Сонымен қатар аксиология ұғымының мәні мен мағынасын, термин ретінде ғылым саласына енуі мен қолданылуын түсіндіреді. Пәннің мақсаты адам өмірінің негізгі санаттарын, жақсылық пен жамандықтың, әділдік пен әділетсіздік, бостандық пен еркіндік, теңдік және теңсіздіктің болмауымен байланысты саяси құндылықтарды зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Діни өнер
Пән әлемдік діндердегі әдебиет, музыка, театр және сәндік-қолданбалы өнер синтезінде діни кескіндеме, сәулет, мүсін және олармен байланысты негіздер туралы түсінік қалыптастырады; өнердің негізгі қағидаттарын зерделеуді үйретеді. Әлемдік діндердің эстетикалық тұжырымдамаларын, негізгі шығармаларды, әр түрлі конфессияларға жататын өнердің өзара әсерленуін түсіндіру, тұлғааралық қарым-қатынас жасау және ұжымда жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Студенттер діннің көркем негіздерін салыстыру әдістерін меңгеру дағдыларын көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Христиан дінінің тарихы
Пән христиан дінінің шығу тарихы мен даму кезеңдерін, Інжіл кітабы және қасиетті мәтіндерді зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент христиандықтағы сенім негіздерін, сакраменттерді, құрылтайлар мен ондағы қабылданған діни үкімдерді, католик, православ және протестанттық бағыттар арасындағы ерекшеліктерді меңгереді, христиан дінінің тарихи дамуына талдау жасай отырып, бұл діннің қазіргі жаһандану жағдайындағы орнын анықтайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Абай философиясы
Пәнде Абайдың руханилық, әлеуметтік-тарихи және мәдени дамудың барлық қиындықтарына қарамастан, қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін сақтап қалған тұжырымдары қарастырылады. Ұлттық философиялық сананың рухани бағдарлануы жиырмасыншы ғасырдың басында да, ең алдымен, Абай Құнанбаев сияқты қазақ философиялық-этикалық ойының белгілі тұлғасы шығармашылығында да сақталуда. Абай шығармаларының басты тақырыбы-адам, оның рухани әлемі және адамгершілік.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Христиан теологиясы
Пән христиан дініндегі құдай, пайғамбар және ақырет туралы қалыптасқан теологиялық мәселелерді қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент христиандық дереккөздерді пайдалана отырып, христиан дініндегі әртүрлі ағымдардың сенімдерімен байланысты көзқарастарды ислам теологиясымен салыстыра отырып үйренеді. Қазіргі таңдағы конфессияаралық қатынастар саласында толеранттылық пен зайырлылық ұстанымдарын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дәстүр философиясы
Пән белгілі бір мәдени жетістіктердің мұрагерлік үдерістерін жаңартумен ұштастыруды, соның ішінде түбегейлі жаңасын құруды қарастырады. Сонымен қатар пәнде дәстүр ұғымы, қазақ хаолқының мәдени дәстүрлері, қазақ ойшылдарының философиялық тұжырымдары оқытылады. Пән мақсаты дәстүрдің қоғамның кеңістіктік-уақыттық тұрғыдағы ұйымдасуы мен әрекетін біріктіретін, кез-келген іс-әрекет пен тәжірибенің өткені, бүгіні және келешегі арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ететін өзара ықпалдастық құралы екендігін көрсету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- - Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
- - Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
- - Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
- - Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
- - Философия және дінтану ғылымдары салаларының негізгі қағидалары туралы білімдері мен түсініктерін кәсіби міндеттерді шешуде қолданады
- - Дін және философия ғылымының діни-моральдық құндылықтары мен ерекшеліктерін анықтай отырып, діни-философиялық шығармаларды талдайды
- -Діни-құқықтық нормаларды қолданып, діни мәселелер төңірегінде сараптамалық бағалау жүргізеді
- - Дінтанудан алған білімдерін қоғамдағы философиялық - аксеологиялық, әлеуметтік-мәдени, діни – рухани мәселелерді шешуде көрсетеді
- - Батыс және Шығыс философиясындағы діни көрсеткіштерді, процестерді және қатынастарады оңтайландыру, бағалау, айқындау бойынша зерттеу (дербес немесе ұжым құрамында) жұмыстарын жүргізеді