Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01406 Кәсіптік оқыту мұғалімін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Сәндік қолданбалы өнер негіздері (сала бойынша)

    Пәнде сәндік қолданбалы өнерінің (киіз басу, ши, алаша, бау-басқұр тоқу құрақ, кестелеу) түрлеріне қолданылатын шикізаттары, материалдары, ұлттық нақыштары, өрнектері, композиция құрастырудың тәрбиелік мәні, ағаштан және қолда бар материалдардан жасалатын кәдесый бұйымдары, бесік, домбыра, кебеже, жүкаяқ, сыбызғы, асатаяқ, тұрмыстық заттар мен аспаптарды дайындау қарастырылады.Ұлттық өнердің концепцияларын практикада жоба жұмыстарын орындаумен сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Салалық материалтану (қыздар) / Металдар мен конструкциялық материалдар технологиясы (ұлдар)

    Пәнде тоқыма өндірісінде талшық түрлерінен негізгі маталарды, бейматериалдарды өндіру технологиясы, тоқылуы, құрылысы, қасиеттері, сәндеу материалдары, фурнитуралар, металдар мен конструкциялық материалдар технологиясы, қасиеттері, физикалық құбылыстары, ассортименті, металл және металл емес материалдардың негізгі топтарын қысыммен құю әдістері қарастырылады. Ақпараттарды меңгеруде компьютерлік технологияны, зерттеу құралдарын қолдану, бағалау, пәнаралық білімді интеграциялау білігімен сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бұйымның композициялық негіздері (сала бойынша)

    Пәнді оқытуда сәннің бағытына сәйкес бұйымның стилі, силуэті, сәнді сызықтары, пропорциясы, ырғағы, түстер үйлесімділігі, көз бояушылық және оптикалық әсерлері, алтын зерлі, жапсырмалы, зергерлік заттар жасау формасының құрылымы, композиция заңдылықтары, категориялары, құрылымдық типологиясы, көпфигуралы композициясы композиция қарастырылады. Теориялық білімдері практикада шығармашылық жоба жұмыстарын орындаумен, командада жұмыс істеу дағдыларымен сипатталады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Костюм тарихы (қыздар) /Техника тарихы (ұлдар)

    Пәнде әлем халықтарының костюмдерінің тарихы, даму кезеңдері, стильдері, түстері, әшекейлерінің сән бағытына қарай тасымалдану ерекшеліктері, техника тарихы, өндіріс, тау-кен ісі, әскери және энергетика саласы, егін шаруашылығы, ғарыш техникаларының тарихы, даму кезеңдері кәсіптік оқыту саласы бойынша қарастырылады. Тарихи ақпараттарды практикада қолдану, костюм мен техниканың адам өміріндегі рөлін дәйектеумен сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кілем және гобелен тоқу технологиясы (қыздар) / Халықтық зергерлік бұйымдары (ұлдар)

    Пәнді оқытуда кілемдердің түрлері мен гобелен тоқуға қажетті шикізаттары, түр жіптерінің бояуларының даярлауны, құрал-жабдықтары, композициялық шешімдері, түстік үйлесімділігі, көркемдік ерекшеліктері, зергерлік бұйымдардың түрлі материалдардан жасалу ерекшелігі, өрнектік нақыштары, асыл тастармен сәндеу технологиясы қарастырылады. Кілем, гобелен тоқуда, зергерлік бұйымдарды көркемдеп сәндеуде компьютерлік технологияны пайдалану арқылы дизайнерлік қабілеттерін арттыру, бағалау сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тоқыма материалдары және былғарымен жұмыс жасау (сала бойынша)

    Пәнді оқытуда инновациялық тоқыма материалдары мен былғарыдан киімдік бұйым әзірлеудің технологиялық ерекшеліктері, былғарыны химиялық және механикалық әдістері, өңдеу құрал- жабдықтары, тоқыма материалдардан және экобылғарыны сәндік, сыйлықтық, тұрмысқа қажетті заттар жасау технологиясы қарастырылады. Тоқыма материалдары мен былғарынының адам өміріндегі маңыздылығы әртүрлі салалардағы адам қызметінде қолданылуы арқылы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту

    Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқытуда сала бойынша кәсіби-өндірістік оқытудың нақты өмірдегі орны мен рөлі, инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолдану, АКТ-ны пайдалану тиімділігі, критериалды бағалауқарастырылады. Пәнаралық білімдерді интеграциялауды білуі, оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру, өмір бойы білім алуда модернизациялау қажеттілігі, инклюзивті білім беру тәжірибесі сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Материалдарды өңдеу технологиясы (сала бойынша)

    Пәнде тігін маталарынан тұрмыстық бұйымдар әзірлеуде өндірістік, арнайы тігін машиналарын қолдану, біріктіруші, шеттік, көркем-сәнді тігіс түрлері арқылы түрлі бұйымдар жасау технологиясы, ағаш және металды қолмен және механикалық өңдеу құралдары, технологиясы, өлшегіш, икемдегіш құрал – саймандар, токарь станогының құрылысы, электр аспаптары және құралдары қарастырылады. Түрлі технологиялық операцияларды практикада қолдану сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тігін бұйымдарының жеке бөліктерін өңдеу әдістері (қыздар)/ Ағаш пен темірді қолмен өңдеу (ұлдар)

    Пәнде иықты, белдікті бұйымдардың негізгі және сәнді бөліктерін пішіп- өңдеудің технологиялық ерекшеліктері, құрал-жабдықтарымен, үтікпен жұмыс жасау, ағашты және темірді қол аспаптармен өңдеу тәсілдері (сүргілеу, егеу), қауіпсіздік ережелері, ағаш пен темірдің қасиеттері, құрамы және құрылысы қарастырылады. Технологиялық өңдеу операцияларының сапасын бағалау, компьютерде диагностикалау, командада жұмыс істеу дағдысы, ақпараттық мәдениеті сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент

    Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджменттің мақсаты, міндеттері, менеджменттің ғылым тарихы, дамуы, ғылыми менеджмент мектебі, білім беру мекемесінің имиджі, оларды басу қағидалары, құрылымы, заңдылықтары, нарықтық экономика жағдайындағы оқу орнының даму стратегиясы, педагогикалық менеджменттегі білім сапасын басқару және ақпараттық қамтамасыз ету, тұлғааралық қатынастар, педагогикалық ұжымда басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жалпы электротехника және электроника негіздері

    Жалпы электротехникадағы электр тізбектері, электрлік өлшеулер ережелері, синусоидалық және тұрақты ток табиғаты, электр машиналарының автоматтандырылған басқару аппараттары, электрондық күшейткіштердің, генераторлардың, түзеткіштер мен стабилизаторлардың, сандық құрылғылары мен өлшеу аспаптарының құрылыстары қарастырылады. Электр құралдарын және электрониканы практикада қолдану, бағалау, диагностикалау, кәсіптік саласы бойынша өмір бойы білім алу қажеттілігі сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Өндірістік электроника және автоматика

    Пәнде автоматтандырылған электрондық, өндірістік, арнайы тігін (түйме қадайтын, торлау т.б.) машиналарының жұмыс жасау принциптері механизмдері, кіші механизация бөлшектері, майлау жүйелері, орындайтын тігістерінің бұйымды дайындауда қолданылуы, электрлік автоматты жабдықтары арқылы робот құрастыру, көлік моделін жасау, нобай құрастыру қарастырылдады. Бұйымдарды көзбен қабылдау мәселесін шешуге ЦБР-ды пайдалану, КТ негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жасерекшелік психологиясы

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Кәсіптік оқыту әдістемесі

    Кәсіптік оқыту әдістемесінде өндірісте оқыту жүйесі, ұстанымдары, әдістері, бағдарлама мазмұны, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, білімін практикада қолдану мәселелері, критериалды бағалау қарастырылады. Сабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету, инклюзивті білім беруде инновациялық әдістерді қолдану жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сырт киімдерді тігу технологиясы (қыздар)/ Ағаш пен темірді механикалық өңдеу (ұлдар)

    Пәнде сырт киімдерді әртүрлі тоқыма материалдардан әзірлеу, жеке және сәнді бөліктерін пішіп тігудің технологиялық ерекшеліктері, киімнің ыңғайлылығы, денеге қонымдылығы, сапалылығы, технологиялық ақауларды жою тәсілдері, ағаш және темірді мехникалық өндеу тәсілдері, жабдықтардың құрылысы, жұмыс істеу принципі, ағаштан, сымтемірден, жұқа қаңылтырдан сәнді бұйымдар жасау технологиясы қарастырылады. Технологиялық өңдеулерді бағалау компьютерде диагностикалаумен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби бағдарлау теориясы және практикасы

    Кәсіптік бағдарлауда ұйымның негіздері, мақсаттары, міндеттері және кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары, кәсіптік ақпарат, кәсіптік диагностика, кәсіптік консультациялар, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімдеу қарастырылады. Ол мәселені шешуді талдаумен, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін негіздеумен, пәнаралық білімді интеграциялау қабілетімен, ақпараттық мәдениеттің көріну тәсілдерімен, инклюзивті білім берудегі шығармашылықты бағалаумен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Пән педагогикалық ғылымның метапәндік идеялары негізінде оқу-тәрбие үдерісінің білімі мен түсінігін, тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін, құралдарын тәжірибеде қолдануды зерттейді. Кәсіби міндеттерді шешу жолдары, оқу-тәрбие процесінің ғылыми әдістерін меңгеру, пәнаралық білімдерді кіріктіру, Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар

    Кәсіби оқытудағы, жобалау және зерттеу қызметіндегі инновациялық технологиялар, сараланған, дамытушылық оқыту, деңгейлік оқыту; ойын технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; сыни ойлауды дамыту; кезеңдік кешенді талдау; интегративті оқыту технологиясы; белсенді және интерактивті оқыту технологиясы; дуальды оқыту; модульдік-рейтингтік; контекстік; SMART –технологиялар; КТ; тұлғаға бағытталған; портфолио; бірыңғай оқыту технологиясы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың заманауи технологиялары

    Пән бағалау саласында қолданылатын соңғы әдістер мен тәсілдерді зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ білім беру, психология, әлеуметтік педагогика сияқты әртүрлі салалардағы бағалауға қатысты аспектілерді қамтиды. Бағалау қағидалары мен теорияларын, бағалау әдістері мен құралдарын, бағалау деректерін талдауды және әділдікті қамтамасыз ету, біржақтылыққа жол бермеу, тест тапсырушының құпиялығын қорғау және бағалау әдістерінде адалдықты сақтау сияқты бағалауға қатысты этикалық мәселелер мен нұсқауларды зерттеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар

    Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, пәнаралық білімді интеграциялай білу, инклюзивті білім беру жағдайында, оқу-тәрбие процесінде баланы әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, диагностикалау, коррекциялаудың әдістері қарастырылады, инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалай білу сипатталады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіптік оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану

    Пәнді оқытуда КТ-ның жетістіктерін қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері, электронды білім беру орталары, ЦБР түрлерін оқыту үдерісінде ұтымды қолдану жолдары, түрлі қолданбалы бағдарламасының мүмкіндіктерімен шетел тілін меңгерудегі рөлі қарастырылады. КТ-ны кәсіптік оқытуда қолдану дағдыларын меңгеру арқылы ақпараттық мәдениетін көрсету, пәндік және пәнаралық білімдерін интеграциялау жолдарын жалғастыру сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік және бизнес негіздеріне оқыту

    Пәнде кәсіпкерлік саласының негізгі түсініктері мен заңдылықтарын зерделеу, пәннің бағдарламасы арқылы бизнес-ойлауды қалыптастыру,кәсіпкерлік ортаға ену,команданы ұйымдастыру, өз өнімін ілгерілету, тұтынушылар мен серіктестерді анықтау, бизнесмендердің үздік тәжірибесін талқылау,салық салу, қала және ауыл жағдайында бизнесті ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Өз компанияларын құру, бизнесті бастауға мүмкіндік беретін біліммен дағдылар сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сән және стиль

    Сән - киім – стиль түсінігі, силуэт, имидж, түстердің гармониялық үйлесімділігі, қиялдан туындайтын сән әлемі, кәсіптік саласы бойынша өмір бойы білім алу қажеттілігі қарастырылады. Сәннің қайта оралу циклін, үлгі эскизін әртүрлі техникалық тәсілде шығармашылық жоба жұмысы ретінде практикада қолдану, бағалау, диагностикалау сипатталады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Автомобиль бөліктерін модельдеу

    Автомобиль бөліктерін модельдеудің кезеңдері, қарапайым және күрделі конфигурациядағы жазықтық, көлемі аз габаритті бөлшектер сызба тұрғызу және модельдеу әдістері кәсіби білімді түсіну және интеграциялауды көрсете білу негізінде қарастырылады. Берілген ақпаратқа сыни тұрғыдан қарау және техникалық білімін практикада бөліктерді модельдеуде қолдану, АКТ-ны пайдалану арқылы жаңа модель құрастыру, командада жұмыс істеу дағдыларын арттыру негізінде ипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Кәсіптік оқыту әдістемесінің практикумы

    Пәнде зертханалық-практикалық сабақтардың сипаттамасы, оларды өткізудің әдістемесі, негізгі ұғымдардың мазмұны, тақырыпқа мақсат қою әдістері, сабақты жоспарлау, әдістемелік құзыреттілік құрылымына кіретін кең дағдыларды қалыптастыруға бағытталған әдістемелік тапсырмалар жүйесі, шығармашылық жұмысты орындау арқылы ғылыми зерттеу әдістемесімен танысу, педагогикалық тәжірибені терең үйрену, мәселелері қарастырылады. Ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Автомобильдердің электрондық жабдықтары

    Автомобильдердің электрлі және электроникалық жабдықтар жүйесі, аккумулятор батареялары, генераторлар, стартерлер, оталу жүйесі, жарықтандыру мен дабыл жабдықтары, реле ретгіштің жұмыс істеу принциптері, ақаулардың пайда болуы және жойылуы қарастырылады. КТ негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Білім алушыларда экономика және бизнес саласындағы құзыреттілікті, құқық негіздері туралы білімдері мен түсініктерін дамытады, ҚР Мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін, кәсіпкерлік дағдыларын, көшбасшылықты, т.б. білім алушының тұлғалық дамуын қалыптастыруға бағытталған пәнаралық білімді интеграциялау жолдарын сипаттайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Киімді конструкциялау және модельдеу

    Тігін бұйымдарын конструкциялаудың түйреу, есептеу-графикалық, Muller & Sohn, Лин Жак, Отандық сән, халықаралық жүйе, модельдеу әдістері, пәнаралық байланыс идеяларына негізделген кәсіби білімді түсіну және интеграциялауды көрсете білу, критериалды бағалау қарастырылады. Тігін бұйымдарын конструкциялауда және модельдеуде КТ-ны пайдалану, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану жолдарымен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға, мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тігін өндірісінің технологиясы

    Пәнде тігін өндірісіндегі технологиялық процестер материалдардың сапасы мен шығынын есептеу, иықты және белдікті тігін бұйымдарын ұсақ және әрлеу бөлшектерін өңдеу мен қосудың негізгі тәсілдерімен және кезеңдерімен танысу, бұйымдарды заманауи жабдықтарда жүйелілікпен технологиялық өңдеу тәсілдері қарастырылады. Берілген ақпараттарды практикада қолдану, тігін өндірісінің өмірдегі рөлін дәйектеу, КТ-ны пайдаланумен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Радиоэлектроника негіздері

    Радиоэлектрониканың резисторлар, конденсаторлар, индуктивті катушкалар қасиеттері мен параметрлері, шалаөткізгіштер (диод, тразистор, тиристор, приборлар), интегральдық микросхемалар, тербеліс жүйесі кәсіптік оқыту саласы бойынша қарастырылады. Күшейіткіштерді, тербеліс генераторының сұлбаларын құрастырудаКТ-ны пайдалану, критериалды бағалау, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану жолдарымен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Киімді жобалаудың импрессивті тәсілі

    Заманауи көркемдік және инженерлік жобалау көлеміндегі киімді жобалаудың импрессивті тәсілі, жобалаудың әсерлі тәсілдерінің концепциясы, модельдің сыртқы түрін анықтайтын көркем-конструктивті белгілер, стильдік шешімдер қарастырылады. КТ негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Автоматты жобалау жүйесінің (АЖЖ) элементтерімен тігін бұйымдарын конструкциялау

    Автоматты жобалау жүйесінің элементтері негізінде бұйымды конструкциялау, үлгілерді Auto cad, Комtense бағдарламалар аясында құрастыру қарастырылады. Бұйымның базалық конструкциясын құрастыруды көзбен қабылдау мәселесін шешуге ЦБР-ды пайдалану, АКТ негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қаржылық сауаттылық

    «Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сән психологиясы

    Сән психологиясының киімге, аяқ киімге, аксессуарға тән қолданылуы, психологиялық заңдылықтары, болжам мен теорияның кең спектрі, елестету эволюциясы, кәсіптік саласы бойынша өмір бойы білім алу қажеттілігі қарастырылады. Сәннің элеуметтік-психологиялық қызметтерін, сәншілдер мен сәншіл еместер парадоксін, сәннің адам психологиясына әсерін шығармашылық жоба жұмысы ретінде практикада қолдану, бағалау, диагностикалау сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

    Автокөлікке техникалық қызмет көрсету жүйесінің сипаттамалары, қызмет көрсетудің іске қосу, техникалық, апта сайынғы, бірінші ТО1, екінші ТО2 және үшінші ТО3, маусымдық түрлері қарастырылады. Капиталды және ағымдағы жөндеу жұмыстарын практикада қолдану, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ауыл шаруашылығы техникасы және технологиясы

    Ауыл шаруашылығында қолданылатын техникалардың қолданылу мақсаттарына байланысты топқа бөлінуі (мақта, қызылша, картоп, көкөніс, мал шаруашылығы), дәнді дақылдарды себуге, өсіруге және жинауға арналған түрлері қарастырылады. Ауылшаруашылық техникасының түрлерін практикада қолдану, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Автомобильдерді модельдеу және макеттеу

    Модель, макет ұғымдары, автомобильдерді модельдеу және макеттеу әдістері, композициялық ережелер, принциптер кәсіби білімді түсіну және интеграциялауды көрсете білу негізінде қарастырылады. Берілген ақпаратқа сыни тұрғыдан қарау және конструктивті-техникалық білімін практикада әртүрлі модельдері мен макеттерін құрастыруда қолдану, АКТ-ны пайдалану арқылы жаңа модель құрастыру, командада жұмыс істеу дағдыларын арттыру негізінде сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • берілген ақпаратқа сүйене отырып кәсіптік оқытуда компьютерлік технологияларды пайдаланып оларға сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолданады
  • кәсіпкерлік және бизнес негіздерін оқытуда, тігін бұйымдарын конструкциялау, модельдеу, технологиясында және бұйымдарды этникалық стильге жобалауда оқушының дизайнерлік қабілеттерін арттыру мақсатында КТ-ны пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырады
  • кәсіптік оқытуда практикалық, зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың инновациялық технологияларды, әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастықты, оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес және командада жұмыс жасау дағдысын қолданады
  • танымдық іс-әрекет, тұлға бойындағы қабілеттілік, ізденіс, кәсіпқойлық, жобалық менеджмент, шығармашылық идеялар және жалпы мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдайды.
  • оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, оларға кәсіби бағдар беруде, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай біледі
  • кәсіптік оқыту мазмұнындағы негізгі ақпараттық идеяларды көрсетеді;
  • кәсіптік оқыту тәжірибесінде, қолөнер бағытында сәндік, композициялық үйлесімді дизайндық ойлауда ұлттық құндылықтардан туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды.
  • тұлғааралық қарым-қатынаста саналалық ұстанымдары, әдістемелік сауаттылық, мұғалімнің өмірге көзқарасы, идеялық нанымы, педагогикалық әдеп, такт, педагогикалық техника, педагогикалық мәдениет, адамдарды танып-білу дағдысын көрсетеді;
  • критериалды бағалау, диагностикалау, сабақ жоспарын жасау технологияларын пайдаланады.
  • кәсіптік оқытуда өндіріс электроникасын, автомобильдердің электрондық жабдықтарын, жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқытуды құрылымдайды
Top