7M01535 Химия в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Оқытудың инновациялық технологияларын меңгерген, теориялық және эксперименттік химия саласында жүйеленген білімі, іскерліктері мен дағдылары бар, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті химик-педагогтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M013 Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Физикалық химияның теориясы мен мәселелері
Пәннің мақсаты статистикалық, тепе-теңдіксіз термодинамиканың заңдылықтарын, электрохимиялық процестер мен химиялық кинетиканың теориялары мен мәселелерін қарастыру арқылы физикалық химияның күрделі есептерін шығару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс физикалық химия саласындағы заманауи ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүргізуді үйретеді. Пәнді оқу барысында химия саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердің дұрыстығы мен құндылығына талдау және түсіндіру жүргізеді, оларды статистикалық әдістермен өңдейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заманауи аналитикалық химияның қолданбалы аспектілері
Аналитикалық химияның қазіргі даму ерекшеліктері, іргелі және қолданбалы аспектілерінің үйлесімділігі, пәнаралық сипаты мен алатын орны, өмір ғылымдарымен байланысты жүргізетін зерттеулері туралы білімді меңгертеді, жетілдірілген заманауи қондырғыларда жұмыс істей білуге және анализ нәтижесін дұрыс сараптауды, статистикалық өңдеуді үйретеді. Курстың мазмұны химиялық анализді заманауи аналитикалық әдістерді қолданумен байланыстыра оқытуға және заманауи зерттеулерді дербес жүзеге асыру құзыретін қалыптастыруға бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қолданбалы химияның замануи аспектілері
Пән қолданбалы химия ғылымның негізгі мәселелерін, даму бағыттары мен тенденцияларын қарастыруға, талдауға, өнеркәсіптің қазіргі заманғы салаларының қажеттіліктеріне сәйкес маңызды материалдарына шолу жасау қабілетін қалыптастырады. Курстың мазмұны химиялық процестердің объектілерін, құрамын, құрылымы мен қасиеттерін заманауи зерттеу әдістері арқылы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде құндылығын негіздеу үшін оларға талдау жүргізуге, статистикалық әдістер арқылы жүргізілген зерттеулердің тәжірибелік деректерін өңдеуге қажетті іргелі білімдерді игертуге бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңа бейорганикалық материалдарды синтездеу және зерттеу
Жаңа бейорганикалық материалдарды синтездеу әдістері арқылы олардың құрылысын, химиялық түрленуін және қасиеттерін заманауи әдістермен зерттеу дағдысын қалыптастырады. Пәннің мазмұны жаңа материалдардың қасиеттеріне құрамның, синтездеу жағдайларының әсерін анықтау арқылы жаңа қасиеттер кешенімен ерекшеленетін, тиімділігі жоғары материалдарды әзірлеу қабілетін дамытады. Заманауи ғылыми-зерттеу әдістерін командамен орындауды, жаңа шешімдерді қорытындылауда өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастырып, нәтижелерін статистикалық әдістер арқылы өңдеуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аналитикалық химияның таңдаулы тараулары
Білім алушыларды күрделі химиялық анализ әдістерінің теориялық негіздерімен таныстыру, оны тәжірибе жүзінде қолдануды, анализдеудің жаңа әдістемесін жасауға үйретеді. Химиялық анализдің теориялық негізін құрайтын әрекеттесуші массалар заңын тереңірек қарастырып, гомогенді және гетерогенді жүйелерден заттың сапалық, сандық химиялық құрамын анықтаудың тәсілдері туралы білімді игереді. Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерінің дұрыстығы мен құндылығын талдайды, статистикалық әдістермен тәжірибелік деректерді өңдейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары
Бейорганикалық химияның қазіргі заманғы күйін, тенденциясын және оның даму болашағын, бейорганикалық заттарды қолданудың қолданбалы аспектілерін және қазіргі технологиялық мәселелерімен таныстыру. Курстың мазмұны бейорганикалық химияның негізгі тарауларын тереңірек қарастыруға, химия саласындағы заманауи тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердің дұрыстығы мен құндылығын талдауға және түсіндіруге бағытталады. Заманауи әдістер арқылы дербес жүргізілген зерттеулердің тәжірибелік деректерін статистикалық әдістер арқылы өңдеуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектепте химия курсының есептері
Пән күрделі есептерді шешудің жолдарын үйретеді, білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау дәрежесін дамытады, пән бойынша кәсіби химиялық білімін тереңдетеді. Курсты оқытуда тақырыптар бойынша химия есептерін шешуде топпен жұмыс жасау, өз ойын командада нақты жеткізу, қорытындылау арқылы әртүрлі есептер шешіледі, педагогикалық инновацияларды меңгереді. Курс мазмұны мотивациялану мен еңбекқорлық арқылы педагогикалық шеберлікті жетілдіреді, педагогикалық технологияларды іске асыру құзыреттерін игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пән магистранттарға ғылыми зерттеудің әдістемелік негіздерін меңгертуді, эмпирикалық және қолданбалы зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Курста зерттеу жоспарын әзірлеу, гипотеза құру, әдістерді негіздеу, деректерді талдау және интерпретациялау қарастырылады. Сонымен қатар, ғылыми ақпаратты өңдеу және талдау үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жолдары меңгеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты ғылыми ойлау тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми білімнің генезисі мен мәні, өсуі мен перспективалары туралы білімді қалыптастыру. Қолданылатын проблемалық оқыту, тақырыптық талқылаулар, жобалық әдіс сияқты оқытудың белсенді әдістері магистранттарда заманауи ғылыми жетістіктерді сыни бағалау, қазіргі кезеңнің өзекті мәселелеріне қатысты өзінің этикалық ұстанымын қалыптастыру және пікір-таластарда өзінің көзқарасын негіздеп, дәлелдей алу дағдыларын меңгертуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Элементтердің жалпы қасиеттері
Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнымен, құрылымымен, атомның электрондық құрылысымен жете таныстырады, кез-келген элементтің және олардың қосылыстарының жалпы қасиеттерін периодтық жүйе тұрғысында оқытады. Курстың мазмұны элементтердің химиясының қазіргі жағдайы мен даму жолдары туралы түсініктерді дамытуға, эксперименттік зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерін меңгере отырып,қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердіңдұрыстығы мен құндылығын талдауға, түсіндіруге, нәтижені статистикалық әдістер арқылы өңдеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электрохимиядағы заманауи зерттеу әдістері
Электрохимиялық объектілерді заманауи әдістер арқылы зерттеуді жүзеге асыру қабілетін қалыптастырады. Курс электрохимиялық әдістердің теориялық негіздері мен практикалық мүмкіндіктерін қарастырады, зерттеудің ғылыми нәтижелерінің дұрыстығы мен құндылығын талдауды, қондырғылардың жұмыс істеу принциптерімен, экспериментті жүргізудің әдістері мен шарттарын дұрыс бағалауды үйретеді. Химияның негізгі теориялық заңдылықтары мен заманауи зерттеу әдістері арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүргізуге, зерттеулердің тәжірибелік деректерін статистикалық әдістер арқылы өңдеуге үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары молекулалы қосылыстардың заманауи мәселелері
Полимерлердің химиялық құрылысы, қасиеттері, синтезі, радикалды полимерлерді иницирлеу әдістері, иондық полимерлену, поликонденсация туралы білім қалыптастыру. Курстың мазмұны полимерлерді химиялық түрлендірулерді жүзеге асыра білуге, полимерлердің структурасы мен қасиеттерін анықтай білуге бағыттап оқытады. Білімгер топпен жұмыс істеуде өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастыра отырып, химия саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердің дұрыстығы мен құндылығын негіздеу үшін оларға талдайды және түсіндіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бейорганикалық реакциялардың механизмдері
Химиялық реакциялардың механизмі туралы ғылымның негіздерін, химияның негізгі заңдылықтарын тереңірек қарастыра отырып, реакциялардың жүру механизмі туралы білімді меңгерту. Оқыту нәтижелері электронды теорияларды қолдана отырып, реакцияларды жүйелеуге және түсіндіруге, маңызды реакциялардың сәтті өту жағдайларын болжауға мүмкіндік берді. Білімгер химиялық реакцияларды жіктеуді, заттардың құрылым-қасиеттерінің өзара байланысын көрсетуді, эксперименттік зерттеулер жүргізуді, статистикалық әдістер арқылы жүргізілген зерттеулердің тәжірибелік деректерін өңдеуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық ғылыми жазба.
Пән академиялық жазылым талаптарын меңгеру, ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау негізінде ғылыми мақалалар дайындау тәсілдерін игеруге бағытталады. Мәтін құрастыру әдістері, академиялық жазбалардың түрлері, халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану жолдары және ғылыми журналдардың құрылымдық әрі мазмұндық талаптарына сай мақала рәсімдеу дағдылары қалыптастырылады. Мақаланы журналдардың онлайн жүйелері арқылы ұсыну тәртібі үйретіледі. Ғылыми деректерді талдау мен библиографиялық ақпаратты өңдеу үдерісінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ЖОО оқытудағы инновациялық технологиялар
Білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын инновациялық педагогикалық технологияларды меңгертеді. Курс мазмұны Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың тәсілдерін, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға негізделген. Білімгер инновациялық технологияларды жүзеге асыру ерекшеліктерін, топпен жұмыс істеуді үйренеді, өзінің мотивациясы мен еңбекқорлығы арқылы педагогикалық шеберлігін жетілдіру құзыретін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың әдістемесі мен заманауи технологиялары
Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың тұжырымдамалық және теориялық негіздері, оның химиялық білім беру жүйесіндегі орны мен құндылығы, химияны оқыту әдістерінің қазіргі жағдайы туралы білімді қалыптастырады. Білімгерлер химияның негізгі теориялық заңдылықтары мен заманауи білім беру әдістемесін педагогикалық инновациялық технологиялармен үйлесімді жүзеге асыруға үйренеді, заманауи зерттеу әдістері арқылы ғылыми-зерттеу қызметін дербес жүзеге асыруды меңгереді, статистикалық әдістер арқылы тәжірибелік деректерін өңдейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Органикалық химияның таңдаулы тараулары
Курс органикалық реакциялардың механизмдері, ауыспалы күйлер, қайта топтасулар, органикалық синтездің негізгі әдістері, функционалды топты қорғау әдістері, селективтілік мәселесі жөнінде білімдер қалыптастырады. Курс мазмұны органикалық химия саласындағы заманауи тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердің дұрыстығы мен құндылығын негіздеу үшін эксперименттік зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерін меңгеруге бағытталған. Оқыту нәтижесінде өзінің мотивациясы мен еңбекқорлығы арқылы органикалық қосылыстардың синтезін құруды түсінеді, педагогикалық шеберлігін жетілдіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Физикалық және коллоидтық химияны оқытудың заманауи методологиялық негіздері
Химиялық процестердің теориялық негіздерін тереңірек қарастыру, заттың құрылысын, химиялық процестердің жүйедегі тепе-теңдік жағдайы мен оның бір күйден екінші күйге ауысу мүмкіндігі, химиялық реакция жылдамдығының өзгеруі, ерітінділердің түзілуі және қасиеттері туралы білім қалыптастыра отырып, өзінің мотивациясы мен еңбекқорлығы арқылы педагогикалық шеберлігін жетілдіреді. Кәсіби қызметінде заманауи зерттеу әдістері арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады, статистикалық әдістер арқылы жүргізілген зерттеулердің тәжірибелік деректерін өңдейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
- Заманауи аналитикалық әдістер мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін кешенді түрде талдайды
- Халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін және жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми этика талаптары мен академиялық адалдық қағидаттарына сай рәсімдеп, ғылыми еңбектерді әзірлейді
- Мәселені шешуде өз ойын командада нақты жеткізе отырып, қақтығыстарды шешуде мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінуге, жаңа шешімдерді қорытындылауда, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастырады
- Білім беру қызметінде педагогикалық инновацияларды меңгере отырып, өзінің мотивациясы мен еңбекқорлығы арқылы педагогикалық шеберлігін жетілдіре отырып, педагогикалық технологияларды іске асырады
- Жоғары және орта кәсіби білім бағдарламалары шеңберінде педагогикалық қызметті және білім беру процесін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыруда химия саласындағы қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен теориялар шеңберінде алынған деректердің (процесті бақылау, зерттеудің ғылыми нәтижелері) дұрыстығы мен құндылығын негіздеу үшін оларға талдау және түсіндіру жүргізеді
- Химияның негізгі теориялық заңдылықтары мен заманауи білім беру әдістемесін үйлесімді қолдана отырып, кәсіби қызметінде заманауи зерттеу әдістері арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады, статистикалық әдістер арқылы жүргізілген зерттеулердің тәжірибелік деректерін өңдейді