Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01401 Бастапқы әскери дайындық педагогін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • БӘТД оқытудың теориясы мен әдістемесін зерттеу әдіснамасы

    БӘТД пәнінің мұғалімін дайындау жүйесін, пәнді жоғары дәрежеде оқытуды қамтамасыз ету, сабақты оқушылардың дүниетану, ынта-ықыласын қызығушылығын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру тәсілдерін, қысқа мерзімді жоспарларды озық технологияларды қолдана отырып құру жолдарын қарастырады, одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялайды. Білім алушыға ғылыми ойларды дамыта отырып, түсінігі мен шығармашылық қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы және философиясы

    Курс барысында магистранттар неоклассикалық ғылымның пайда болуынан қазіргі кезеңіне дейінгі ғылым тарихын, қазіргі ғылым философиясының эволюциясы мен негізгі тұжырымдамаларын, сондай-ақ ғылымның негізгі ішкі жүйелерінің философиялық мәселелерін зерттейді. Магистранттар ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады және өздерінің аналитикалық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері (ағылшын тілінде)

    Пәнде ғылыми зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы, мақсаттар мен міндеттерді нақты әрі анық баяндау дағдылары, ғылыми зерттеу саласында кәсіби шет тілі құзыреттерін қалыптастыру қарастырылады. Педагогикалық зерттеудің ерекшеліктері және академиялық адалдық принциптерін сақтау мәселелері талданады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері: сандық және сапалық зерттеу түрлері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазіргі кездегі БӘТД өзекті мәселелері

    Магистрлерге қазіргі заманғы қауіп, террорлық актілер бойынша, ықтимал қауіп-қатерге төтеп беруге, проблеманы шешуде, сауатты білімін, шығармашылық қабілетін пайдаланады, мысалы, жасанды интеллект, сымсыз технология, әскери робототехника, жасырын бақылау жүйесі, навигациялық және технологиялық дайындықтың әскери негізділігін қарастырады. STEM бағдарламасын қолдана отырып, пәнді игеру барысында білім алушы кибер білімі қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Саптық дайындығының таңдаулы тараулары

    Саптық дайындық талаптары мен ережелерін, негізгі бөлімдері бойынша білімді түсіну, сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау, ҚР заңдарының талаптарының нақты өмірдегі, ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін дәйектей біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жоғары мектептегі оқыту стратегиялары

    Оқыту стратегиялары, цифрлық және интерактивті технологиялар, бағалау әдістері, педагогикалық дизайн, инклюзивті және жекешелендірілген оқыту тәсілдері, оқу белсенділігін арттыру әдістері, сыни ойлау мен рефлексияны дамыту жолдары. Оқыту үдерісін ұйымдастыру, заманауи педагогикалық модельдерді қолдану, магистранттардың дербестігін дамыту арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • БӘТД оқытудың ғылыми әдістемелік теориясы

    БӘТД оқыту курсын ғылыми-әдістемелік талдау, әскери іс негіздері мен төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік әрекетті тарауларын жаңартылған бағдарлама бойынша оқып білім алушыларға үйрету әдістері, әрбір бөлімнің ғылыми-әдістемелік талдауы және зерттеу әдістері, одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялайды, ғылыми ойларды ескере отырып, түсінігі мен шығармашылық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР ҚК Жалпы әскери жарғыларының таңдаулы тараулары

    ҚР ҚК жалпы әскери жарғыларының құқықтық негізін, олардың әскери антты жарғы баптарының талаптары мен ережелерін, негізгі бөлімдері бойынша білімді түсіну, сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау, ҚР заңдарының талаптарының нақты өмірдегі, ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін дәйектей біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жеке тұлғалық әлеуметтік және кәсіби табыстылық психологиясы

    Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы, функциялары, деңгейлері мен мақсаттары сипатталады. Қарым-қатынас субъектілері мен олардың өзара әрекеті, жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас барысындағы қақтығыстар мен шиеленістерді оңтайлы шешу жолдарын, тайм менеджмент, келіссөздер мен іскерлік қарым-қатынас техникалары және жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас құрудағы этикалық принциптер мен нормалар мәселелері қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • БӘТД оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері

    Білім алушылар БӘТД оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін, білімдер мен түсініктерді және эксперименталды деректерді өңдеуде туындаған проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады, компьютерде оңтайлы енгізу әдістерімен, есептеулер нәтижелерін бағалау, практикада қолдануды, пәнаралық білімдерін интеграциялауды қалыптастыру кезінде қолданылатын негізгі дағдылары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • БӘТД жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту проблемалары

    Жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың мазмұнының күрделігінің өсу ретін және зерттеу әдістерін қарастырады. Зерттеу қорытындылары мен проблема шешімдерін көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады. Болашақ мұғалімдердің білім беру мазмұнын жаңартылған бағдарламаны іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптастырады. Жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін, ақпараттық мәдениетін меңгеруін көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Технологиялық дайындықтың таңдаулы тараулары

    Технологиялық дайындықты оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана отырып, білім алушыларға дамытылатын білімдер мен түсініктерді, яғни технологияларды қолдану мен дағдыларды, ұкыптылыкты, түсінігі мен шығармашылық қабілетін қалыптастыру қарастырылған. Көлік құралдарын басқару негіздері және жүргізу қауіпсіздігін, күрделі жол жағдайында көлiк құралын басқару тұжырымдарын талдау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • БӘТД ғылыми негіздері

    Оқыту процесінің құрылымындағы әскери технология мән компьютерлік білімдерін жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, БӘТД зерттеу әдістерін жүргізуге мүмкіндіктер береді. Қазіргі заманғы ұрысты заманауи үлгідегі көрсетілімдерінің, заманауи ұрыстық процестің симуляциялық үлгісін моделдеуді үйренеді. Мектеп БӘТД курсының ғылыми негіздерін зерттеулерде пайдалану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдері

    Пәнді оқу барысында жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін, шығармашылық тапсырмаларды шешуін, магистранттардың әскери ғылымында интеллектуалды қабілеттерін көрсетеді, зерттеу әдістерін игеруді дамытады, ақпараттық мәдениетін меңгеруін қарастырады, тактикалық есептерді құрастыру тәсілдерін үйреніп, проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлау қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат (ағылшын тілінде)

    Пән ағылшын тіліндегі академиялық жазу дағдыларын, сыни ойлауды, ғылыми идеяларды құрылымдап жеткізуді дамыту, сондай-ақ ағылшын тіліндегі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздермен жұмыс істеу біліктері арқылы кәсіби шет тілін меңгеру құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Ерекше назар магистранттардың академиялық дискурс ерекшеліктерін ескере отырып кәсіби құзыреттерін дамытуға және жазбаша ғылыми тілін жетілдіруге аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Атыс дайындығының таңдаулы тараулары

    Атыс қарулары, жарықшақты қол гранаталарының тағайындалуы мен ұрыстық қасиетін, олардың ұрыстық қасиетін толық пайдаланумен тиімді қолданудың зерттеу әдістерін игеру дағдыларын қарастырылады. Оқ- дәрілердің түрлері, құрылысы, ұрыстық қасиеттері мен арналуын, атыс кезіндегі жұмыс принциптерін, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау проблемаларын шешу, оларды ұрыста тиімді қолдану мен үнемі ұрыстық әзірлікте ұстау сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әскери робот техникасын оқыту әдістемесі

    Әскери роботты техникалардың негіздерін оқып үйренуге, қолданбалы программалық білімдер мен түсініктерді қолдана алу, роботтық техникалардың және қарапайым роботтық механизмдердің жасалу технологиясын және роботтарды басқару алгоритмін, роботтарға арналған міндеттер, функционалдық, тактикалық міндеттерді қою, жергілікті жерді бағдарлау, сондай-ақ роботтың төтенше жағдайлардағы ұтымды іс-әрекетін тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Лаңкестік қауіп-катер жағдайында халықты қорғау таңдаулы тараулары

    Террорлық актілер бойынша қауіп-қатер төнген және террор болған кездегі азаматтардың атқаратын әрекеттері, түрлі деңгейдегі қауіп-қатер төнген кезде проблеманы шешу жолдарын қарастырады. Экстермизм және терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер, олардың сипаттамалық белгілерін. Қазіргі әлемдегі террористік қатердің өсу себептерін зерттеу әдістерін игеруді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • БӘТД процесстерді компьютерде модельдеу

    Студенттерге әскери іс негіздерін компьютерде модельдеуді қолдануда, ұрыс даласында қажетті іс-әрекеттерді моделдеудің компьютерде оңтайлы енгізу әдістерімен, есептеулер нәтижелерін бағалауды, қазіргі заманғы бағдарлану құралдары, GPS (Global Positional System), ГЛОНАСС, Galileo ғылыми ойларды ескере отырып, өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Өмір қауіпсіздігінің негіздері және ақпараттық технология арнайы тараулары

    Төтенше жағдайларда, АҚ ұйымының іс-әрекетін, атомдық, химиялық, биологиялық және күшті әсер ететін улы заттармен улану ошақтарының адам организміне әсер ету ерекшеліктермен, террорлық актілер бойынша қауіп-қатер төнген және террор болған кездегі дағдыларды зерттеу әдістерін игеруді қарастырады. Лаңкестік қауіпінің проблемалардың шешімін табуда өз пікірін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • БӘТД оқытудағы критериалды бағалау технологиясы

    БӘТД пәнін оқыту саласында критериалды бағалау- оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыру мақсатында, зерттеу идеяларын әзірлеп, шығармашылық қабілетін, пәнаралық білімдерін интеграциялауға пайдаланады. Процесстің барлық қатысушыларына білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері, бағалау жүйесі дайындалады: - формативті; - суммативті; - модерацияны жүргізу; - оқушының жетістігі туралы есеп беру рет-тәртібімен танысады және меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • БӘТД оқытуда цифрлық білім ресурстарын пайдалану

    Бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен, компьютерлік білімдерін жаңа ақпараттық технологияларды қолданып әскери іс-негіздері сабақтарын жүргізуге мүмкіндіктер береді. Заманауи үлгідегі казіргі заманғы ұрыс жүргізу процестің симуляциялық үлгісін моделдеуді меңгереді, өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • БӘТД оқытудағы ақпараттық технологиялар және жасанды интелектіні қолдану негіздері

    Білім алушының бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту саласында дамытылатын білімдерді, АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана отырып ақпараттық мәдениетін, көрсете білуді қарастырады. Ақпараттық технологиялар мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және кең ауқымын пайдалану арқылы инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін, кәсіби деңгейін көтеруде пәнаралық білімдерін интеграциялауды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Тактикалық дайындықтың арнайы тараулары

    Бөлімшелердің ұрыстың әр-түріндегі іс- әрекетінің жүргізу тактикасы бойынша білімді түсіну және интеграциялауды көрсету, жаңа қарудың дамуы және жалпы әскери ұрыс жүргізу тактикасы талаптарын, тәсілдерін, әскери әрекеттер жүргізу тактикасы дағдыларын зерттеу әдістерін игеруді қарастырады, тиімді жұмыс істеуде өз пікірін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • Идеяны, қорытындылары мен проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады;
  • Барынша кең пәнаралық контексте стандартты емес жағдайларда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдаланады;
  • Бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялайды;
  • Әлеуметтік-этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсете біледі;
  • Зерттеулер контекстінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту саласында дамытылатын білімдер мен түсініктерді, сондай-ақ зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді;
Top