Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01201 Мектепке дейінгі білім беру (IP) в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

  • Мұхтартану

    Мақсаты: М.Әуезовтің әдеби-тарихи шығармашылығы туралы әдебиет тарихымен патриоттық және мәдени-рухани ұстаным негізінде түсінік қалыптастыру. Шығармашылық ойлауын, өзіндік зерттеу дағдысын дамыту. Мазмұны. М.Әуезовтің Семей, Ташкент, Санкт-Петербург кезеңіндегі өмірі мен шығармашылық жолы. «Шолпан», «Абай» журналдарындағы М.Әуезовтің қызметі. М. Әуезовтің публицистикасы. «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Оқыған азамат», «Көксерек» әңгімелеріне, «Еңлік-Кебек» пьесасына, «Қилы заман», «Қараш-қараш» оқиғасы» повестеріне, «Абай Құнанбаев» монографиясына, «Абай жолы» роман-эпопеясына шолу жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жасанды интеллект негіздері

    Мақсаты: Жасанды интеллекттің (ЖИ) теориялық негіздерін, әдістері мен қолдану салаларын үйрету. Студенттер ЖИ алгоритмдерінің логикасын, модельдерін, және оларды практикалық мәселелерді шешуде қолдану жолдарын меңгереді. Мазмұны. Жасанды интеллект ұғымы және даму тарихы, ақпаратты өңдеу және білімді ұсыну тәсілдері, логикалық ойлау және білім базалары, шешім қабылдау және сараптамалық жүйелер, іздеу алгоритмдері және ойын теориясы, машиналық оқытуға кіріспе, нейрондық желілердің негіздері, табиғи тілді өңдеу негіздері

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мектепке дейінгі білім берудегі кәсіпкерлік әрекет

    Болашақ педагогтар жоғары сапалы мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен өзгермелілігін қамтамасыз ету және баланың дене, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту бойынша ата-аналардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әртүрлі сипаттағы қосымша білім беру қызметтерін көрсету мақсатында қажетті білім мен дағдыларды алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мектепке дейінгі білім берудегі көшбасшылық

    Курс болашақ педагогтар арасында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға және көшбасшылық әлеуетті дамытуға бағытталған. Алынған құзыреттер болашақ педагогтарге көшбасшының стратегиясын саналы түрде таңдауға және кәсіби қызметінде көшбасшылықтың жеке стилін дамытуға мүмкіндік береді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, тұлғаның берік адамгершілік негіздерін, азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Құқықтық нигилизмді еңсеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында білім алушылардың құқықтық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа саналы көзқарасты қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан, сыбайлас жемқорлық моралінен, этикасынан адамгершілік тұрғыдан бас тарту.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды игеру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау, заңдылық, заңға құрмет идеяларын тарату. Жасанды интеллектті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолдану. Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын түсінуге, оның көріністерінен әлеуметтік шығындарды сезінуге, өз ұстанымын дәлелді қорғай білуге, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін еңсеру жолдарын іздеуге бағытталған қызмет.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Абайтану

    Абай дәуірінің тарихи-мәдени және әдеби контекстін, Абайдың өмірбаяны мен шығармашылық мұрасын сипаттайды. Қазіргі әдеби мәтіндердің көркемдік ерекшелігін зерттеу арқылы эстетикалық талғамды қалыптастырады. Тарих пен мәдениет контекстінде және негізгі әдіснамалық бағыттарды ескере отырып, әлемдік әдеби үдерісті талдау дағдыларын, түпнұсқа мен аударманы салыстырмалы талдау дағдыларын әзірлейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ерте балалық шақ педагогикасы және психологиясы

    Курстың мазмұны болашақ педагогтардың ерте балалық шақтағы баланың психикалық және тән дамуы арасындағы байланыс заңдылықтарын меңгеруге бағытталған. Болашақ педагогтар ерте балалық шақта баланы табысты әлеуметтендіру бойынша практикалық іс-әрекет дағдыларын, ерте жастағы балаларды күтуде, тәрбиелеуде, дамытуда және оқытуда психологиялық-педагогикалық көмек пен қолдау көрсету қабілетін игереді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары

    Болашақ педагогтар оқытудың әртүрлі теориялары мен педагогикалық үлгілеріне жетелейтін тұлғаның тұжырымдамалық бейнелері сияқты педагогика ғылымының негіздерін меңгереді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ педагогтар әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық-математикалық дамуы

    Болашақ педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру және қарапайым логикалық операцияларды орындау барысында танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған құзыреттерді дамытады. Алынған білім мектеп жасына дейінгі баланы балабақшада математика және логика негіздерімен таныстыру және бастауыш мектепте нақты ғылымдарды меңгеру кезеңдері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге үйренеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Үйдегі білім беру және мектеп жасына дейінгі балалардың отбасылық тәрбиесі

    Болашақ педагогтар отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету дағдыларын меңгереді; мектеп жасына дейінгі балаларды үйде оқыту мәселелері бойынша кеңес беру көмегін көрсетуді пен әдістемелік қолдау көрсетуде тұлғалық-бағдарлы және сараланған тәсілдерді меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері

    Болашақ педагогтар психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ педагогтар білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ педагогтар әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Авторлық жүйелер және даму мен тәрбиелеу әдістері

    Болалшақ педагогтар Р.Штайнер, З.Дьенеш, М.Монтессори, Дж.Дьюи, Ф.Фребель және т.б. ерте дамыту және оқытудың дәстүрлі және инновациялық авторлық жүйелерін және әдістерін, амалдары мен тәсілдерін игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі психология бойынша практикум

    Болашақ педагогтар бала психологиясының ғылыми зерттеу әдістері туралы білім алады және тұлғаның негізгі салаларын (эмоциялар мен сезімдер және т.б., мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін (қабылдау, зейін, есте сақтау, қиял, т.б.), олардың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасының ерекшеліктері (бейімделу, ұялшақтық және т.б.) ойын және басқа да әрекеттер түрінде зерттеудің әртүрлі әдістерін меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі мектепке дейінгі балалардың ойындары және ойын әрекеттері

    Болашақ педагогтар баланың дамуы үшін ойынның құндылығын түсінетінін көрсетеді және баланың ойынға құқығын қамтамасыз етеді; мектепке дейінгі білім беру ұйымында, отбасында, қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі балалардың бос уақытында ойын қызметін ұйымдастыруға педагогикалық қолдау көрсетеді; мектеп жасына дейінгі балаларға өзін-өзі таныту және шығармашылық белсенділігі үшін ойын түрін таңдау мүмкіндігін береді; балалардың ойын бастамасына жағдай жасайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Нейропедагогика негіздері

    Болашақ педагогтардың игерген құзіреттілігі баланың оқу қабілетін арттыру және баланың мінез-құлқын реттеуге қажет оның сезім мүшелеріне (көру, есту, сипап сезу және т.б.) әсер ету арқылы және тәрбие мен оқыту үдерісіндегі эмоционалдық күйін реттеу үшін мектепке дейінгі білім беруде тұлғалық-бағдарланған тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дене тәрбиесі және баланың қауіпсіздігі мәдениеті

    Болашақ педагогтар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеті болып табылатын дене бітімі дамыған баланы тәрбиелеу және салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру арқылы мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің өмірін қорғау және денсаулығын жақсартуды жүзеге асыруға бағытталған біліктіліктер мен дағдыларды меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесі

    Болашақ педагогтар музыкалық-ырғақтық іс-әрекетке қолайлы жағдай жасау, күнделікті өмірде музыканы тыңдау және қабылдау, ұйымдастырылған іс-әрекетте балалардың музыкалық аспаптарында ойнауына және ән айтуына үйрету арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесі мен музыкалық қабілеттерін дамыту дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың оқырмандық мәдениетін дамыту

    Болашақ педагогтар әдеби білім берудің әдістері мен тәсілдерін қолдануда және мектеп жасына дейінгі балалардың оқармандық мәдениетін дамытуда өз дағдыларын дамытады. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша халық шығармашылығы мен көркем әдебиетті оқуы мен қабылдауын дамытуды үйренеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы мониторинг

    Болашақ педагогтар баланың жеке дамуына педагогикалық қолдау көрсету және алынған нәтижелер негізінде оның дағдыларын түзету үшін әртүрлі кезеңдердегі балалардың дағдылары мен қабілеттерінің дамуын қадағалау бойынша мониторингті жүргізу дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық

    Мақсаты: Қаржылық әл ауқатқа жету үшін маңызы бар жеке және отбасылық қаржылық ресурстарды басқаруды, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды дағдыларын оқыту. Мазмұны: Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны қалыптасу шарттары. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық түрлері. Кәсіпкерліктегі тәукелділік. Кәсіпкерліктегі бизнес-жоспарлау. Кәсіпкерлік келісімдерді ұйымдастыру. Кәсіпкерліктегі мәдениет және этика. Кәсіпкерлік қызметің қаржыландыру. Қаржылық сауаттылық түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.Ақша,есеп айырысу және төлемдер. Жеке қаржы: кіріс,шығыс, бюджет. Салықтар және жеке тұлғаларға салық салу. Зейнетақылар және сақтандыру. Халыққа банктік қызмет көрсету. Жеке тұлғалардың банкроттығы және қаржылық тәуекелдер. Қаржылық пирамида және жеке қаржылық қауіпсіздік.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесі

    Болашақ педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың тұрмыста, демалыста, серуенде, түрлі іс-әрекеттерде экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру дағдыларын игеруді үйренеді; өнегелік, көркем-эстетикалық және еңбек тәрбиесі арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруге кіріктірілген тәсіл енгізе алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті-сөйлеу қабілеттерін дамыту

    Болашақ педагогтар мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәжірибесінде қолданылатын интерактивті оқыту әдістерінің, ойын технологияларының және заманауи онлайн құралдары мен қызметтерінің көмегімен мектепке дейінгі ұйымдағы және отбасындағы ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас және сөйлеу дағдыларын дамыту мен түзетудің озық педагогикалық тәжірибелері мен инновациялық әдістері мен тәсілдерін меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі психология, өзара әрекеттесу және байланыс

    Болашақ педагогтар заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мәнмәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ педагогтар білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесуді және қарым-қатынасты дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экожүйе және құқық

    Экосистема и право Мақсаты: Қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізу үшін экономика, құқық, экология және тіршілік қауіпсіздігі, ғылыми зерттеу әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Мазмұны: Адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара іс-қимылының, экожүйелер мен биосфераның өнімділігінің негіздері. Қазақстанның тұрақты даму мақсаттары шеңберінде ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы қоғамның кәсіпкерлік қызметі, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экологиялық мәселелер мен тұрақты даму принциптерін жүйелі түсіну. Қазақстандық құқықты, субъектілердің міндеттері мен кепілдіктерін білу, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуді білу және сақтау. Инклюзия-халықаралық заңнаманың стратегиясы. Жасанды интеллекттің құқықтық негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем-эстетикалық тәрбиесі

    Курстың мазмұны болашақ педагогтардың мектеп жасына дейінгі балаларды көркемдік-эстетикалық тәрбиелеу құралдары және балалар бейнелеу өнерінің ерекшеліктері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Болашақ педагогтар ерте және мектеп жасына дейінгі балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттері мен дағдыларын дамытудың заманауи арт-технологияларын, әдістерін, техникалары мен тәсілдерін меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Нутрициология негіздері

    Болашақ педагогтар балабақшада және үйде дұрыс тамақтанбауды және өмір салты қаупін болдырмау үшін тамақтану мен тамақтану әдеттерін түзетуге, мектеп жасына дейінгі балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесу құзыреттілігін дамыту үшін дұрыс тамақтану қағидаттарын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бағалау және дамыту

    Болашақ педагогтар оқу үдерісінде бағалаудың мәнін терең түсінеді және оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық түрде конструктивті бағалауды қамтамасыз ете алады және білімалушыларды бағалауға тарта алады. Болашақ педагогтар бағалаудың әртүрлі технологияларын, принциптерін, кезеңдерін, өз білім саласын бағалау құралдарын (қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды және т.б. қоса алғанда) анықтайды, саралайды және қолданады. Олар бағалауға қатысты өздерінің түсініктері мен тәжірибелерін сыни тұрғыдан бағалауға, талдауға және оларды әрі қарай дамытуға қабілетті

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Геймификация негіздері

    Болашақ педагогтар іс-әрекетті ұйымдастырудың интерактивті нысандарын, ақпараттық, коммуникациялық және мультимедиялық ресурстарды пайдалана отырып, мектепке дейінгі дайындық кезеңінде балалардың ойын және танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі емес әдістерін, тәсілдері мен технологияларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру ортасы

    Болашақ педагогтардың оқу үрдісінде білімалушылардың жан-жақтылығын ескеріп, олардың жеке қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндіктері бар. Болашақ педагогтар сәйкес АКТ, оқыту және көмекші технологияларды қолдана отырып, білімалушылардың оқуын және білім беру үдерісіне қосылуын қолдайды. Болашақ педагогтар білімалушылардың өмір сүру оқу мәнмәтінін ескере отырып, қауымдастықпен (педагогтармен, білімалушылармен, ата-аналармен/қамқоршылармен) бірлесе ынтымақтастықта психологиялық және этикалық тұрғыдан олардың әл-ауқатын қолдайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың бастамасын қолдау

    Курс болашақ педагогтардың бойында балалардың ойындағы бастамасын қолдауға, баланың іс-әрекет түрін өз бетінше таңдауына, оқушының өзін-өзі бағалауын (парасатты мақтаныш) дамытуға бағытталған құзыреттерін қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі педагогика

    Болашақ педагогтар 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу және бастауыш білім беру заңдылықтарын зерделейді және баланың білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оның дербестігін дамыту үшін қолайлы орта құруға бағытталған тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының негізгі мәдениетін қалыптастыру құзыреттерін меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың киберқауіпсіздігі негіздерімен балалық шақты цифрландыру

    Болашақ педагогтар мектепке дейінгі ұйым мен отбасының білім беру кеңістігінде баланың өмірінің қауіпсіздігін ескере отырып, қазіргі заманғы мектеп жасына дейінгі балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру идеяларын іс жүзінде жүзеге асыру дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ерте және мектепке дейінгі балалық шақтың әлеуметтік-құқықтық қорғанысы

    Болашақ педагогтар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; нашар және деструктивті отбасылардан шыққан балаларға; қарулы қақтығыстардың, экологиялық және техногендік апаттардың құрбандары болған балаларға; босқындар мен мигранттар отбасыларының балаларына және т.б. әлеуметтік қорғау және құқықтық және ерікті көмек көрсету дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқытуды жоспарлау және оқытуды дербестендіру

    Болашақ педагогтар өздерінің оқыту саласындағы білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ кәсіпкерлік пен тұрақты даму сияқты білім берудің белгілі бір деңгейін дамытудың ортақ тақырыптарымен, сол сияқты жетекші педагогикалық қағидаларымен таныс. Болашақ педагогтарда педагогикалық және өз бетінше ізденістерге негізделген оқыту технологияларын қолдану және оқыту үдерісіне білімалушылардың жан-жақтылығын және инклюзия қағидаларын ескере отырып, дербес оқыту дағдылары бар

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасының әлеуметтік серіктестігі

    Болашақ педагогтар мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушілердің әртүрлі типтегі отбасылары арасындағы өзара әрекеттестіктің әртүрлі траекторияларын әзірлеу үшін және құрмет, сенім және теңдік негізінде отбасын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың инновациялық нысандарын қолдану құзыреттерін меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мектепке дейінгі шағын орталықтың әртүрлі жастағы топтардағы білім беру үдерісі

    Болашақ педагогтар ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшада бірге болулары және олардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, барлық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқыту әдістері мен технологиялары

    Болашақ педагогтар оқытудың стратегиялары мен әдіснамаларын жан-жақты түсінеді және оларды нақты педагогикалық жағдайларға, мектептің нақты шарттарына және білімалушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін инновациялық тәсілдермен жоспарлауда, оқытуда және бағалауда қолдана алады. Болашақ педагогтар білім беру үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде қолайлы инклюзивті, физикалық және онлайн оқыту ортасын құра алады. Болашақ педагогтар оқу материалдарын жоспарлау кезінде авторлық құқық пен деректерді қорғау ережелерін түсінеді және қолдана алады. Болашақ педагогтар білімалушыларға қажетті педагогикалық көмек көрсете алу жағдайында бола отырып, дидактика, оқыту технологиялары және білімалушыларды ынталандыру әдістерін игерген

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім берудегі менеджмент

    Болашақ педагогтар мектепке дейінгі ұйымның тұрақты дамуы және білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында әдістемелік, қаржылық, шаруашылық мәселелерді шешу үшін басқарушылық мәдениет пен басқарушылық қызмет дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымында бос уақытты ұйымдастыру

    Болашақ педагогтар оқу жылы ішінде және жазғы сауықтыру кезеңінде мектепке дейінгі ұйымның ішінде және одан тыс жерде тәрбиеленушілердің ересектермен және құрдастарымен бос уақытындағы өзара әрекеттесу үдерісіндегі әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін меңгереді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымының дамыту ортасының дизайны

    Бұл курс барысында болашақ педагогтар мектепке дейінгі ұйымдағы пәндік-кеңістіктік даму ортасының функцияларын зерттейді. Олар, мысалы, санитарлық-гигиеналық немесе эпидемиологиялық жағдайларға байланысты нормативтік талаптар туралы біледі. Олар сондай-ақ балалармен және ата-аналармен бірлесе отырып, ойын кеңістігін жас пен қызмет түріне және кедергісіз ойын кеңістігін жобалауды үйренеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Action Research

    Мақсаты: болашақ маманның кәсіптік мүдделер саласындағы ғылыми-зерттеу компонентін дамыту. Болашақ психологтардың Action Research педагогикалық тәсілдерінің теориялық негіздерін меңгеруіне және өз ғылыми зерттеулері негізінде психологияны оқыту процестерін жоспарлауға ықпал ету. Мазмұны: Қазіргі заманғы педагогтың кәсіби даму стратегиясы. Мұғалім рефлексиясының заманауи түрі. Білім берудегі ғылыми әдіс. Әрекеттегі зерттеу. Өз идеяларының нәтижелерін рефлексиялау. SMART мақсаттар. Оқытушыға өзінің педагогикалық практикасын жақсартуға мүмкіндік беретін рефлексиялық тәсіл. Оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру. Педагогтің құндылық бағдарын зерттеу. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ерте және мектеп жасына дейінгі әлеуметтік-эмоционалдық даму

    Болашақ педагогтардың ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы саласындағы құзыреттері сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық, ересектермен және құрдастарымен жағымды қарым-қатынас жасау, балалардың эмоционалдық интеллектін көрсету және топта жұмыс істеу дағдыларын дамытудың кәсіби тәсілдеріне негізделетін болады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын субмәдениетін зерттеу бойынша семинар-практикум

    Болашақ педагогтар әртүрлі эмпирикалық әдістерді қолдана отырып, кәсіби іс-әрекетте балалар субмәдениетінің түрлерін және олардың мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтенуі үшін маңызын игеруге қажетті зерттеу дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім беру сапасын кешенді бағалау құралдары

    Болашақ педагогтар мектепке дейінгі ұйымның тұрақты дамуы мүддесінде мектепке дейінгі білім беру сапасын кешенді бағалау құралдарын, оның ішінде «Ерте балалық шақтағы қоршаған ортаны бағалау шәкілін» - ECERS пайдалана отырып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында сапаны өзін-өзі бағалау бойынша деректерді жинай алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Lesson Study

    Мақсаты: Педагогикалық зерттеу жұмыстарының теориялық негіздерін меңгерту және оларды ғылыми тұрғыда жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында студенттер білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді анықтап, ғылыми әдістер арқылы зерттеу жүргізуді үйрену .Мазмұны: Педагогикалық зерттеулердің мәні мен құрылымы, ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері, зерттеу тақырыбын таңдау және мақсат қою, зерттеудің әдістері мен әдістемелік негіздері, сандық және сапалық зерттеу тәсілдері, зерттеу жоспарын құру және деректер жинау, нәтижелерді талдау және интерпретациялау, ғылыми жоба, мақала және есеп жазу, этикалық нормалар мен академиялық адалдық, білім беру жүйесінде зерттеу нәтижелерін қолдану

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогикалық зертеулер

    Мақсаты: Педагогикалық зерттеу жұмыстарының теориялық негіздерін меңгерту және оларды ғылыми тұрғыда жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында студенттер білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді анықтап, ғылыми әдістер арқылы зерттеу жүргізуді үйрену .Мазмұны: Педагогикалық зерттеулердің мәні мен құрылымы, ғылыми-зерттеу жұмысының кезеңдері, зерттеу тақырыбын таңдау және мақсат қою, зерттеудің әдістері мен әдістемелік негіздері, сандық және сапалық зерттеу тәсілдері, зерттеу жоспарын құру және деректер жинау, нәтижелерді талдау және интерпретациялау, ғылыми жоба, мақала және есеп жазу, этикалық нормалар мен академиялық адалдық, білім беру жүйесінде зерттеу нәтижелерін қолдану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы жобалық қызмет

    Курс болашақ педагогтардың бойында тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен және/немесе мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік серіктестерімен бірлескен іс-әрекетте шығармашылық немесе ақпараттық өнімді құру үшін мектепке дейінгі ұйымның білім мберу үдерісінде жобалық іс-әрекеттерді әзірлеу және енгізу дағдыларын дамытуды көздейді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ерте жастағы сенсорлық тәрбие

    Курс баланың қоршаған әлем туралы сезімдік тануын дамытудағы педагогикалық тәжірибені жалпылау арқылы ерте жастағы балалардың сенсорлық тәрбиесінің міндеттерін шешудің практикалық-бағдарлы тәсілдерін болашақ педагогтардың игеруін қарастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепке дейінгі білім берудегі педагогикалық зерттеу этикасы

    Курсты меңгерген болашақ педагогтар мектепке дейінгі білім беруде зерттеу әдістері мен құралдарын дұрыс таңдау және этикалық қолдану бойынша ұсыныстар бере алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зерттеулер, даму және инновациялар

    Мақсаты: Зерттеу қызметінің негіздерін, инновациялық ойлауды және білім беру жүйесіндегі даму стратегияларын меңгерту. Мазмұны: Ғылыми зерттеу әдістері мен кезеңдері. Инновацияның түрлері мен білім беру саласындағы рөлі. Зерттеу жобаларын жоспарлау және басқару. Ақпарат жинау, талдау және интерпретациялау. Инновациялық идеяларды іздеу және іске асыру. Шығармашылық ойлау және дизайн-ойлау негіздері. Стартаптар және білім беру технологиялары. Даму стратегиялары және білім беру жүйесіндегі өзгерістер. Зерттеу нәтижелерін презентациялау және қорғау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Балалық шақтың материалдық мәдениетін (ойыншықтар) зерттеу бойынша семинар-практикум

    Болашақ педагогтар әртүрлі эмпирикалық әдістерді қолдана отырып, ойыншықтарды балалық шақтың маңызды атрибуты және баланың тұлғасын ерте және мектепке дейінгі жаста дамыту және тәрбиелеу құралы ретінде зерделеуге қажетті зерттеу дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық стандарттарына сәйкес дүниетанымдық, тарихи және адамгершілікте даму үшін пәнаралық білім мен тәжірибені қолданады
  • Тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті деңгейінде қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде конструктивті қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттесуге қабілетті болады
  • Жұмыс ортасын ұйымдастыра алады, саналы түрде халықаралық және ұлттық құжаттарға, ұлттық білім беру жүйесінің қағидаларына, заңдарына және ережелеріне сәйкес өз ұйымының қызметімен және көпсалалы ынтымақтастықпен өзара байланыста жұмыс жасауға қабілетті болады
  • Кәсіби дамуға және өмір бойы білім алуға; өз құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптерін, жұмыс әдістерін көрсетуге, ойластыруға және сыни тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ тұрақты даму мүддесінде мектепке дейінгі білім беруді, өз ұйымының және кәсіби әл-ауқатының дамуын жетілдірудің жаңа мақсаттарын қоюға қабілетті болады.
  • Педагогика мен психологиядан алған білімдерін тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту, өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қолдана алады
  • Барлық балалар, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қауіпсіз, кедергісіз заттық-кеңістіктік ортаны жобалауға қабілетті болады
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару дағдыларын, мектепке дейінгі тәрбиені дамытудағы менеджмент негіздері мен кәсіпкерлік дағдыларды меңгеріп ие болады
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үдерісін жақсарту үшін мониторингті жүргізіп, нәтижелерін талдауға қабілетті болады
  • Сандық, инновациялық озық тәжірибелер мен мектепке дейінгі білім беру технологияларын қоса алғанда, әртүрлі ресурстарды пайдалана отырып, балалардың ұйымдастырылған іс-әрекетін жүзеге асыруға, бағалауға және дамытуға қабілетті болады
  • Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру туралы негізгі білімдері мен түсініктерін қолданады және олардың өмірлік мазмұнын ескере отырып, олардың психологиялық әл-ауқатына этикалық қолдау көрсете алады
  • Педагогикалық әдеп нормалары мен академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, жергілікті, облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейде мектепке дейінгі білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетінше және ұжымда жүргізуге қабілетті болады
  • Ата-аналармен және педагогикалық қауымдастықпен ынтымақтастықта бірлесіп жасалатын жұмыс аясында жағымды ортаны құру үшін эмоционалдық интеллект пен көшбасшылық дағдыларды дамытуға қабілетті болады
Top