6B03204 Журналистика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бұқаралық және арнайы коммуникациялар мен жаңа медиа және мультимедиа технологиялары саласында теориялық, практикалық дағдыларды меңгерген медиакоммуникация бакалаврларын кәсіби даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B042 Журналистика және репортер ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі
Мақсаты: тұрақты даму қағидаттары, тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негіздері, ESG-принциптері, декарбонизация бойынша білім беру, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың өзара байланысын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және ғаламдық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлермен олардың салдары, су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, ауа бассейні, жер ресурстарының тозуы, азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ антропогендік қызметке байланысты табиғи және техногендік апаттармен олардан қорғау тәсілдерінің тұрақты стратегияларын әзірлеуге үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистикаға кіріспе
Пәннің мақсаты – журналистиканың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ типологиясы, журналистік кәсіптің ерекшеліктері, журналистік шығармашылықтың спецификасы мен журналист жұмысының әдістерін оқыту. Сондай-ақ, журналистиканың қалыптасу үрдісі, журналистиканың басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктерін үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Заманауи қоғамдағы инклюзивті мәдениет
Пәннің мақсаты студенттерде қоғамның инклюзивті мәдениетінің негіздерін, инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптерін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық аспектілерін білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттердің әлеуметтік және кәсіби салаларда инклюзия принциптерін қолдану қабілеті, көпмәдениетті қоғамда коммуникативтік стратегияларды таңдау қабілеті қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ баспасөзінің тарихы
Пәннің мақсаты қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен даму жолдарын, газет, журналдардың шығу тарихы мен сол кезеңдегі қоғамдық-саяси оқиғалардың баспасөзде жазылуы, редакция мен авторлар, басылымның бағыт-бағдары мен мазмұны туралы білім беру. Қазақ баспасөзі тарихын біледі, әр жылдардағы баспасөздің көтерген мәселелері мен өзекті тақырыптарына талдау жасайды. Белгілі публицистер мен жетекші тұлғалардың шығармашылық шеберліктері туралы біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Кәсіпкерлік және бизнес
Пән кәсіпкерлік қызмет пен бизнесті ұйымдастырудың теориялық, ғылыми-практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұнында нақты бизнес-міндеттерді тиімді талдауға және шешуге, сондай-ақ серпінді іскерлік ортаға бейімделуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлік ойлауды қалыптастырудың нормативтік-құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық негіздері қарастырылады. Пән мазмұнын меңгеру барысында алынған білім студенттерді бизнесті жүргізу және кәсіпкерлік жобаларды дамыту процесінде негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті құзыреттермен қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Пәннің мақсаты: мемлекет және құқық сияқты категорияларды ашып көрсету, құқықтың ұлттық салалары туралы студенттерге қажетті жалпы ұсыныстар беру, Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық нормаларымен, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық салалардағы және Қазақстан құқығының басқа салаларындағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Мақсаты: білім алушыларда жеке қаржыға қатысты шешімдер қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты, сондай-ақ қазіргі заманғы қаржылық қызметтер мен цифрлық технологияларды пайдалану процестерін сыни бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс шеңберінде білім алушылар қаржы құралдарын тәжірибеде пайдалануды, меншікті жинақтарды сақтауды және көбейтуді, жеке бюджетті жоспарлауды, салықтарды есептеуді, қаржылық есептілікті талдауды және инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу негіздері
Пәннің мақсаты әлеуметтік зерттеу әдістерін, ғылыми мақала, ғылыми жоба, жұмыс жазудың талаптары мен негіздерін үйрету. Ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін, олардың ерекшеліктерін, зерттеу нысанына қарай пайдалануды үйрету. Эксперимент жасау, сауалнама құрастыру, сауаланаманың қорытындысын шығару, зерттеу жұмысында түрлі талдау әдістерін пайдалана отырып, интернет платоформалар көмегімен қорыту, ғылыми ақпараттық базалармен, халықаралық ғылыми басылымдар базаларымен жұмыс істеуге дағдылану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жазу және редакциялау технологиясы
Пәннің мақсаты – білім алушыларды жазу өнері мен редакциялауға үйрету. Ақпаратты баяндау, деректер мен сандарды қолдану, тақырып қою, маңызды ақпаратты таңдау, тұжырым жасау, мақаланың композициясын құру секілді шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы мақала жазуға және дайын мәтіндерді редакциялауды оқыту. Автордың ойын ұтымды жеткізудің теориялық мәселелері мен қоса редакциялаудың түрлерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Телевизиялық жаңалықтар қызметі
Пәннің мақсаты – телевизиядағы жаңалықтар қызметі жайлы білім беру. Телевизияда жаңалықтарды дайындаудың негізгі принциптері мен арнайы айдарлар бойынша ақпарат дайындауға үйрету, жаңалықтар қызметіне сюжет түсірудің технологиясын меңгерту. Ақпараттық сюжет әзірлеуге үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Радиохабар дайындау
Пәннің мақсаты – радиохабар дайындау технологиясы жайлы білім беру. Радиохабар дайындаудағы акустикалық табиғат, микрофонмен жұмыс, әртүрлі жанрдағы хабарды әуенмен әрлеу және хабардың хронометражын сақтай отырып, сценарий жазу өнеріне үйрету. Радиохабардың жанрларын меңгере отырып, хабар дайындауға дағдыландыру, тікелей эфирдегі хабардың ерекшеліктерін меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ телерадиожурналистика тарихы
Пәннің мақсаты – қазақ телерадиожурналистиканың қалыптасуы мен даму жолдары туралы білім беру. Ұлттық телевизия тарихындағы хабарлар мен тележүргізушілердің шығармашылық мектебін оқыту. Телевизияның ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бағыттағы қызметін айқындайтын хабарлардың ерекшеліктерін, техникалық мүмкіндіктері мен шығармашылық ізденістерін біледі. Білім алушылар пән барысында телевизия тарихымен ғана емес, тәжірибесін үйренеді, ақпарат дайындайды, түрлі тақырыпта видеосюжет түсіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мерзімді баспасөз жанрлары
Пәннің мақсаты – журналистиканың жанрлары мен пішіндері, түрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін оқыту. Түрлі жанрларда материалдарды дайындау тәсілдері мен шынайылықты көрсету әдісін меңгеру. Жанрлар мен пішіндердің заман талабына сай транформациялануын үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Масс-медиа теориясы
Пәннің мақсаты – медиа теориялары туралы білім беру, медиа теорияларының туу себептері, медиа теориялардың қоғамдық санаға, саяси билікке әсерін айқындау, сондай-ақ ақпараттың түрлі әсерлерін тудырудағы медиа теорияларын оқыту, медиа теорияның салалары туралы зерттеулермен танысу, оның ақпарат кеңістігінде жүзеге асырылуын талдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Web сайт конструкторлары
Пәннің мақсаты сайт құрастыру платформаларын оқыту, сайттың контентін жасау, аритехтурасын ойластыру, дизайнын құру және т.б. шығармашылық және техникалық құзыреттіліктерді оқыту. Сайттың құрылымы, мазмұны мен түрлеріне қарай жаңашыл идеяларды жүзеге асыруды меңгеру, газет, журнал, ақпарат агенттігі және басқа ақпарат порталдарының бағыт-бағдарына қарай ақпарат жариялауды меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бильд-редактор
Пәннің мақсаты – мерзімді баспасөз, ақпараттық сайт, бұқаралық ақпарат құралында жаңалықты немесе оқиғаны суретпен беру туралы білім беру. Өңдеу, тазалау, мазмұнға сәйкес орналастыру, ақпарат құралының бағыт-бағдарын, деңгейін көтеретін суреттер мен оның өңдейтін компьютерлік бағдарламаларды үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің тарихы
Пәннің мақсаты қазақ әдебиетінің тарихы мен әр кезеңдегі ақын-жазушылардың көркем шығармаларын талдауды оқыту. Қазақ әдебиетінің даму бағыттары мен салалары, қоғамдық саяси ахуалға әдебиеттің әсері, резонанс тудырған шығармалардың жазылу тарихы мен қаламгердің шығармашылық шеберханасын оқып, үйрету. Қазақ әдебиетінің озық үлгілерін талдауды меңгерту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Телерадиожурналистика жанрлары
Пәннің мақсаты – телевизия мен радио жанрларының құрылымы туралы білім беру. Телевизия мен радиожанраларына қойылатын талаптарды үйрету, сондай-ақ жанрлар трансформациясына қатысты ғылыми тұжырымдарды талдау, аталған жанрларда сюжет, хабар түсіру шеберлігін меңгеру. Жанрлардың түрленуі мен жаңа пішіндерін аңғара отырып, жанр құраушы элементтерді білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект және медиа
Пәннің мақсаты - жасанды интеллект технологияларының негізгі ұғымдары мен медиа саласында қолдану тәсілдерін оқыту, этикалық және құқықтық аспектілерін білу, АІ құралдарын пайдаланып мәтін, бейне және аудиоконтентті талдау және өңдеу. Медиажоба жасауда жасанды интеллект көмегімен шығармашылық және инновациялық шешімдер ұсынады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ақпаратты визуализациялау
Пәннің мақсаты - үлкен деректерді бағалау әдістерін және деректер каталогын оқыту. Оларды журналистік мәтіндерде қолдану ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін үйрету; ақпаратты визуализациялау түрлерін білу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Іскерлік журналистика
Пәннің мақсаты - іскерлік журналистиканың даму барысы, соңғы нәтижелер мен бизнеске қатысты мәліметтер, Қазақстан мен әлемдегі бизнестің журналистикада көрініс табуын оқыту. Іскерлік журналистика өкілдері ұсынған мәліметтер мен ақпараттар билік басындағыларға, бизнес өкілдеріне жоспар құруға, жалпы аймақтық және халықаралық жағдайларды бағамдауға мүмкіндік беретінін үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазіргі шетел журналистикасы
Пәннің мақсаты - қазіргі шетел журналистикасының тәжірибесі туралы білім беру. Ақпарат тарату әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктерін оқыту. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болуы мен олардың дамуын меңгерту. Отандық және шетелдік журналистиканы салыстыра отырып, озық тәжірибелерін үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Талдамалы журналистика
Пәннің мақсаты – талдамалы журналистика жанрларының теориясы мен тәжірибесі туралы білім беру. Саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерді сараптау, сандар мен фактілерге назар аударуға үйрену. Аналитикалық материалдарға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медиақұқық
Пәннің мақсаты медиадағы құқықтық мәселелер туралы білім беру, медиатұтынушының құқығын сақтауға үйрету. Медиадағы өз құқығын сақтаудың жолдарын меңгерту. Медиаға қатысты заңнамалық құжаттармен таныстыра отырып, нақты кейстерді талдау арқылы болашақ мамандарға құқықтық тәрбие беру. Ақпарат тарату мен ақпаратты тұтыну, талдау, құқықтық проблемалардың туындауына әсер ететін жағдаяттарды түсіндіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Имиджелогия
Пәннің мақсаты – имидждің қалыптасуындағы мазмұны мен ерекшеліктерін оқыту. Имидж тиімділігін зерттеу, тиімділігін жоғарылату тәсілдерін өңдеу, адам бойындағы шығармашылық ерекшеліктер мен мүмкіншілікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сондай-ақ имиджге қойылатын негізгі талаптар мен міндеттерді, саяси, экономикалық, тұлғалық имидж жасауға үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тіл мәдениеті мен сөйлеу техникасы
Пәннің мақсаты - дауыс қою, ақпаратты аудиторияға дұрыс жеткізе білу әдіс-тәсілдері жайлы білім беру. Тіл жаттығуларын жасау арқылы тілдегі кемістікті түзеу, көпшілік алдында іркілмей, шешен сөйлеуге үйрету. Сонымен қатар, орфоэпиялық норманы сақтай отырып, диалекті сөздерден тілді тазалау арқылы сөйлеу мәдениетін оқыту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі
Пәннің мақсаты - бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі жайлы білім беру. Теледидар, радио, баспасөз бетінде жарияланатын журналистік материалдың мәтінімен жұмыс жасау кезіндегі редакторлық кәсіптің теориялық, практикалық әдіс-тәсілдерін оқыту. Мәтінмен жұмыс жасаудың белгілі теориялық негіздемелері мен практикалық әдіс-тәсілдері, сонымен қатар редактордың қызметтік міндеттерін үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сторителлинг
Пәннің мақсаты - трансмедиалық баяндауға қойылатын негізгі талаптарды оқыту. Баяндау арқылы аудиторияға таралу мәселелерін зерттеуді үйрету. Медиа платформалардың теледидар, кітаптар, веб-сайттар, әлеуметтік желілердегі хабарламалар, афишалар, плакаттар, презентациялар, компьютерлік ойындар және тағы да басқа әдістері арқылы таралған ақпарат жақсы есте қалатындығын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
SMM журналистика
Пәннің мақсаты әлеуметтік медиа маркетингі туралы білім беру. Ақпаратты беру пішіні әрі жанр ретінде қалыптасуы мен негізгі элементтерін оқыту. Әлеуметтік медиадағы дәстүрлі жанрлардың бүгінгі үлгілері мен пішіндеріне талдау жасауға үйрету. Ақпарат ұсынудың түрлі пішіндерін салыстыра отырып, әлеуметтік медиа маркетингінің басты ерекшеліктерін меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
БАҚ-тағы ақпараттық қауіпсіздік
Пәннің мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік теориясы мен практикасы жайлы білім беру. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үйрету, ақпараттық шабуылға қарсы иммунитет қалыптастыруға үйрету, ақпараттық соғыс жағдайында қорғанудың және алдын алудың әдістерін меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Digital журналистика
Пәннің мақсаты - Digital журналистиканың технологиялық, мультимедиалық құралдары көмегімен ақпарат тарату, оны безендіру, түрлі пішінде инфографика, сурет, видео, подкаст жасау туралы білім беру. Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі цифрландыру саясатының маңызын үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Телерадиожурналист шеберлігі
Пәннің мақсаты - телерадиожурналистикада ақпарат жинаудың, бағдарлама дайындаудың әдіс-тәсілдері жайлы білім беру. Телерадиожурналистика шеберлерінің шығарма мазмұнын ашудағы, ақпаратты жедел әрі толық алу, қоғамдық маңызды проблемаларды танып, көтеру, журналистік зерттеуді жүргізе білудегі шығармашылығын үйрету. Шығарманы өңдеу, тілдік, стильдік тұрғыдан сауаттылық, сапалы мәтін жазу, бағдарламаларға сценарий жазу ерекшелігі, журналистік этика мәселелерін, тікелей эфирде жұмыс істеу, кадр сыртында жұмыс істеуді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Big Data және әлеуметтік талдау
Пәннің мақсаты – үлкен деректермен жұмыс істеуге, деректерді пайдаланудың, талдаудың әдістері жайлы білім беру. Болашақ медиамамандардың әлеуметтік зерттеу әдістерін пайдалану арқылы үлкен деректерді талдау нәтижесінде қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуына, қоғамдық пікірге ықпал етуге үйрету. Әлеуметтік талдау әдістері мен платформалар көмегімен қоғамдағы қауіп төндіретін және тәуекел ететін оқиғалардың алдын ала болжауды меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиапсихология
Пәннің мақсаты - әлемдік мәдениеттің қарқынды дамып келе жатқан саласы ретінде медиапсихология туралы білім беру. Сондай-ақ тұлға мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының психологиялық аспектілерін оқыту. Медиаөнімді қабылдау және оның әсері үйрету. Ақпараттың берілу, қабылдау, пайдалану түрін игереді. Медианы қолданудың әлеуметтік мәселелерін талқылайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Медиаменеджмент және маркетинг
Пәннің мақсаты - медиаменеджменті мен маркетингі тарихымен, теориясы, әлемдік медиадағы озық тәжірибелері жайлы білім беру. Интерактивті тәсілді меңгерту, менеджмент аясында проблемаларды шешу және жобалау-сараптамалық дағдыларын үйрену. Ұжымды басқарудың негізгі принциптерін, басқару түрлерін, әріптестермен байланыс жасау, бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырудың тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мультимедиалық журналистика
Пәннің мақсаты - мультимедиялық журналистика туралы білім беру. Түрлі компьютерлік қосымшалар мен бағдарламаларды меңгерту. Мақалаларды өңдеп, сюжеттерді бір-бірімен байланыстырып, тың интерфейс пен дизайнды қолдануға үйрету. Цифрлы журналистиканы ғасырлар тоғысында қалыптасқан, жетілдірілген және кіріктірілген әлеуметтік ғылымның саласына айналдыруды меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Публицистика өнері
Пәннің мақсаты - публицистика өнерінің теориясы мен тәжірибесі жайлы білім беру. Дәстүрлі журналистикада жарияланып жүрген публицистикалық жазбалардың жанрлық ерекшеліктерін меңгерту, жаңа медиада публицистикалық стильді жазуға үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Подкастинг
Пәннің мақсаты подкаст туралы білім беру; аудио және видео подкасттардың негізгі жанрларымен таныстыру; әртүрлі тілдердегі қолданыстағы подкасттарды зерттеу; подкасттарды жазу, орнату және жобалау дағдыларын дамыту; подкасттар аудиториясының ерекшеліктерін түсінуді қалыптастыру, подкасттың әлеуетті аудиториясын анықтай білу; подкасттарды монетизациялау тәсілдерімен таныстыру және жергілікті жарнама жасау дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиасауаттылық
Пәннің мақсаты ақпаратты дұрыс тұтыну жайлы білім беру. БАҚ-тың рөлі мен функцияларын, БАҚ өз функцияларын орындайтын жағдайларды түсінуге, медиаконтентті сыни бағалауға үйрету; өзін-өзі көрсету және сапалы контентті тұтыну үшін түрлі медиамен өзара іс-қимыл жасауға баулу; кез келген медиаконтентті құру үшін дағдыларды меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телевизия мен радиодағы режиссура
Пәннің мақсаты телевизиядағы режиссура жайлы білім беру. Телевизиялық режиссураның практикалық негіздерін, техника мен әдістерін меңгерту. Теледидар өнімін дайындау контексінде режиссер шығармашылығының ерекшелігін түсіндіру. Телевизиялық драмалық конструкциялармен жұмыс істеу әдістерін үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
VR/AR медиа және иммерсивті журналистика
Пәннің мақсаты - цифрлық медиамен жұмыс істеуге үйрету, инновациялық технологияларды қолдану, креативті және сыни ойлау дағдысын дамыту. Студенттер VR/AR технологияларының жұмыс принциптерін және медиа саласындағы қолдану жолдарын біледі, иммерсивті журналистика жанрларын, форматтарын түсініп, виртуалды және толықтырылған шындықты қолдана отырып, медиаконтент жасауды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұқаралық коммуникация және аймақтық қақтығыс
Пәннің мақсаты – бұқаралық коммуникациядағы геосаяси жағдайлар мен аймақтық қақтығыс мәселелерінің жазылуына талдау жасай отырып, аталған тақырыпта жазу туралы білім беру. Аймақтық қақтығыс, этносаралық қақтығыс мәселелеріне қатысты құқықтық нормалар мен этикалық талаптарды нақты мысалдарды қарастыра отырып үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейнеконтент шығару өндірісі
Пәннің мақсаты - бейне түсіру және монтаждау өнері жайлы білім беру. Цифрлық ортада заманауи телевизиялық бейнеконтенттерді шығару дағдыларын үйрету. Теледидар мен интернет жобаларына қажетті шығармашылық және техникалық дағдыларды игерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Телевизиядағы деректі фильм
Пәннің мақсаты – телевизиядағы деректі фильм дайындау технологиясы жайлы білім беру. Деректі фильм жасауда қолданылатын жаңа технология мүмкіндіктері мен журналистің шығармашылық ізденісі мен режиссерлік шешімдерге талдау жасай отырып, деректі фильм сценарийін жазудың ерекшеліктерін меңгерту. Деректі фильмдегі бейнеэффектілер мен цифрлық технологияның заманауи әдістерін үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Журналистика социологиясы
Пәннің мақсаты әлеуметтік журналистиканың жұмыс істеу принциптері туралы білім беру. Кәсіби қызметте әлеуметтік медианың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану біліктері мен дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Медиаэтика
Пәннің мақсаты - медиа саласындағы этикалық мәселелер мен оларды шешудің жолдарын үйрену. Жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында кездесетін түрлі қиындықтар мен кедергілерді талқылау. Моральдық тұрғыдан кемелденген кәсіби медиа маманының құзыреттіліктері жайлы түсінік қалыптастыру. Сақтық және әлеуметтік желі, иммерсивті журналистикадағы этика, жеке бас құпиясын сақтау әдебі, қоғамдық құқық, сөз бостандығы, этикалық нормалардың қақтығысына қатысты мысалдардан тәжірибе жинақтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
UX-жазу және микроконтент
Пәннің мақсаты - мәтін жазу прициптерін, интерфейс мәтіндерінің құрылымын және микроконтент жасау тәсілдерін оқыту. Студенттер әртүрлі цифрлық платформаларда қолданушыға түсінікті, ықшам әрі тиімді мәтіндер құрастыруды үйренеді, UX-контентті тестілеу және жетілдіру әдістерін қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
- Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана біледі, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдайды, ғылыми зерттеу әдістерін меңгереді.
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
- Қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың, алаяқтықтың әсерін бағалау негізінде меншікті ақша бюджетін басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын қолдану бойынша талдамалық қабілеттерін дамыту; қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін қазіргі заманғы қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру; салықтарды есептей және оңтайландыра білу, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді есептеу дағдыларын қолдану, сақтандыру өнімдерін пайдалану.
- Инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
- Отандық және шетелдік баспасөз тарихын білу, журналистиканың функциясы мен қоғамдағы ролін анықтау, медиа теорияларын меңгеру, телерадиожурналистика негіздерін талдау, жанрлық ерекшеліктерін білу, сондай-ақ журналистиканың әртүрлі жанрларында жазуды үйрену.
- Бұқаралық коммуникация технологиясын, медиаға мәтін жазу мен редакциялауды үйрену, публицистика тарихы мен тәжірибесін білу, шетел журналистикасының тәжірибесін, тілдік, стильдік ерекшеліктерді меңгеру, сөйлеу техникасы мен мәдениетін дамыту, телерадиожурналистикада ақпарат тарату және шығармашылық шеберлікке үйрену.
- Материалдарды дайын ақпараттық өнімге айналдырудың стратегиялық нұсқаларын білу, анықтау және талдау, жаңа технологиялар мен цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану.
- Жаңа медианың мультимедиалық құралдарын біледі, медиаға қатысты заңнама мен этика талаптарын үйренеді, іскерлік журналистиканың тәжірибесін, медиаөнімдерді безендіру мен редакторлық түзетуді дамытады.
- Телевизиядағы интервью технологиясы мен сценарий жазу, журналистік шеберлік талаптарын біледі, медиапсихология мәселелерін анықтайды, ақпараттық қауіпсіздік сақтаудың, медиалық және ақпараттық сауаттың маңызын түсінеді, имидж қалыптастыру, мәтін жазу, талдау, зерттеуді үйренеді.
- Шығармашылық шеберлікке үйренеді, редакция жұмысын ұйымдастыру мен басқаруды меңгереді, бұқаралық коммуникация және гоесаяси жағдайлар мен аймақтық қақтығыс мәселелерін талдайды, жарнама технологиясын біледі, телерадиожурналистің шығармашылық шеберханасын үйреніп, мәтін жазу мен сыни тұрғыдан сараптауды дамытады.
- Жасанды интеллект көмегімен медиаөнім әзірлеу, ақпараттың өзектілігін анықтай білуі, материалды өңдеу мен даярлауда шынайылықты ұстану, логикалық қисынын және цифрлық журналистиканың мәнін біледі, әр түрлі салалық мәселелерге қатысты деректерді талдау, журналистика социологиясын, сондай-ақ әлеуметтік зерттеу әдістерді пайдалану дағдысын қалыптастырады.
- Телевизия мен радиодағы режиссураны біледі, деректі фильм жасаудың маңызын түсінеді, сондай-ақ заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, телевизия мен радиохабарларының дыбыс, әуен, бейне, сюжет пен композиция үйлесімділігін сақтауға үйренеді, ақпараттық технология мүмкіндіктерін меңгеру арқылы сайт құрастыруға, онда медиаөнімдерді жариялауды, таратуды меңгереді.
- Көркем ойлау мен сыни талдауды меңгеру, әдебиеттің теориясы мен тарихын қарастыру, болашақ медиамаманның ойын еркін жеткізуі мен көпшілік алдында дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, кейіпкердің портретін жасау, характерін ашу ерекшеліктерін білу.